Әлем
Сенат Қазақстанның орнықты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификациялады 19.03.2026
Сенаторлар «Бір тараптан ҚР Үкіметі және екінші тараптан ХҚДБ, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігі көпжақты агенттігі арасындағы ҚР орнықты дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын қарастырып, мақұлдады. Әңгіме шығындарды неғұрлым шұғыл және әлеуметтік бағдарланған жобаларға қайта бөлу арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту туралы.Құжат қарыздар мен гранттық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен іске асыру кезінде ұлттық заңнамадан өзгеше нормаларды қолдануды көздейді. Атап айтқанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық, әлеуметтік, еңбек, гендерлік стандарттарды және Дүниежүзілік банк тобының ақпаратты ашу нормаларын пайдалану ұсынылады.Келісім жобаларды қаржыландыру құралын кеңейтуге және оларды іске асыру кезіндегі рәсімді оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекеттің шығыстарын басым жобаларға қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1185447?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен кездесті 19.03.2026
2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен кездесуі өтті.Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Өзбекстан Республикасына алдағы ресми сапарына, Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық мәселелері, сондай-ақ қазақстан-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.Тараптар экология және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуде өңірлік өзара іс-қимылды нығайту үшін Өңірлік экологиялық саммиттің маңыздылығын атап өтіп, оның бірыңғай өңірлік күн тәртібін қалыптастырудағы және нақты жобаларды іске асырудағы рөлін жоғары бағалады.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды.Елші Б.Атамқұлов өзбек тарабына аталған ұйымның су ресурстары саласындағы мемлекетаралық үйлестіруді күшейтуге бағытталған артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одақтастық және стратегиялық әріптестік рухында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1185439?lang=kk
Ahlers пен Azurite Орта дәліздегі позицияларын күшейтуде 19.03.2026
Антверпен және Алматы, 2026 жылғы 13 наурыз – Ahlers Logistics бельгиялық компаниясы Алматы қаласында Azurite Group қазақстандық компаниясымен Еуропа, Орталық Азия және Кавказ өңірлеріндегі бірлескен қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен рәсімделді.Бұл серіктестік екі компанияның да Орта дәліз бойындағы қатысуын кеңейтуге және қарқынды дамып келе жатқан осы сауда бағыты бойынша сапалы логистикалық қызметтер ұсынуға деген ұмтылысын көрсетеді. Келісімге Ahlers Logistics директорлар кеңесінің төрағасы Йохан Вандерплаэтсе және Azurite Group бас директоры Даниял Сәрсембенов қол қойды.Ынтымақтастық екі ұйым арасындағы синергияны пайдалануға, жаңа нарық мүмкіндіктерін ашуға және өңірлердегі өзара өсімді қолдауға бағытталған. Өздерінің тәжірибесі, өңірлік желілері мен операциялық мүмкіндіктерін біріктіре отырып, тараптар қызмет аясын кеңейтіп, еуразиялық жеткізу тізбектерінде жұмыс істейтін клиенттерге икемділікті арттыруды көздейді. Сондай-ақ, бұл серіктестік Еуропаны Орталық Азия және Кавказбен байланыстыратын маңызды көлік-сауда бағыты – Орта дәліз бойындағы мүмкіндіктерді нығайтуға мүмкіндік береді.Ahlers Logistics бас директоры Дейв ван ден Бос:«Azurite Group-пен күш біріктіру арқылы біз өңірлік тәжірибе мен халықаралық үздік практикаларды үйлестіріп, осы нарықта бірге дамуға ұмтыламыз. Бұл серіктестік Орта дәліздегі қатысуымызды күшейтіп, клиенттер мен серіктестер үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді.Azurite Group бас директоры Даниял Сәрсембенов:«Біз Орта дәліз бойындағы күшті жергілікті қатысуымызды мақтан тұтамыз. Бұл бізге логистиканы сенімді және дәл басқаруға мүмкіндік береді. Ahlers Logistics сияқты сенімді еуропалық серіктеспен жұмыс істеу біз үшін үлкен мүмкіндік. Бірлесе отырып, жеткізу тізбектерін тиімді әрі үйлесімді етеміз», – деп атап өтті.Екі компания да бұл келісімді Еуразиядағы логистикалық экожүйені нығайтуға және сенімді әрі әртараптандырылған көлік бағыттарына деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырады.Анықтама: 1909 жылы құрылған және Бельгияның Антверпен портында орналасқан Ahlers — қауіпсіз тасымалдау, жобалық логистика, қоймалау, өндірістік логистика және жеткізу тізбектерін басқару бойынша қызмет көрсететін халықаралық компания. Компания 15-тен астам елде жұмыс істейді.Он жыл бұрын Қазақстанның Алматы қаласында негізі қаланған Azurite Group Компаниясы Еуропа, Орталық Азия, Каспий маңы аймағы, Түркия және Қытай бойынша Орта Дәліз бойымен жұмыс істейді. Компания маршрут бойынша жетекші көлік-логистикалық операторлардың бірі болып табылады. Аймақтық хабардарлық пен жаһандық амбицияларға негізделген Azurite 8 елде 12 кеңседен тұратын желіні әзірледі және жергілікті тәжірибе мен стратегиялық көрегендікті нығайта отырып, өзінің қатысуын кеңейтуді жалғастыруда. Фотосурет©️ Johan Vanderplaetse меншігі болып табыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1185393?lang=kk
Елші эфиопиялық кофені Қазақстанға жеткізу мүмкіндіктерін талқылады 19.03.2026
Аддис-Абеба, 2026 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Ж.Әділбаев әлемдік нарыққа кофе экспорттау бойынша Эфиопиядағы жетекші компаниялардың бірі - «Хадид Трейдинг» басшылығымен кездесу өткізді.Сұхбар барысында тараптар Қазақстанға кофе экспортын дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.Қазақстандық дипломат соңғы жылдары Қазақстанда кофе индустриясының белсенді дамып келе жатқанына сұхбаттасушылардың назарын аударды. Осыған байланысты сапалы кофе жеткізетін жаңа серіктестерге, соның ішінде Эфиопиядан келетін өнімдерге деген сұраныс артып отыр.Сонымен қатар, Елші Қазақстан тек кофені тұтынушы ғана емес, сонымен бірге эфиопиялық кофені көршілес Орталық Азия елдеріне, Ресей мен Батыс Қытайға экспорттауға арналған хабқа айнала алатынын атап өтті.Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық алғышарттардың бар екенін айтты. Бұл, ең алдымен, елдегі тұрақты саяси жағдай және барлық көршілес мемлекеттермен бейбіт әрі тату көршілік қарым-қатынас. Оған қоса, ол Қазақстанның ішкі саяси жаңғыру мен экономикалық дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатқанын, оның аясында негізгі басымдық цифрлық трансформацияға және Қазақстан азаматтары қызметінің барлық салаларына жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталғанын атап өтті.Келіссөздердің жалғасында компания Бас директорының орынбасары А.Халифа Елшіге компанияның қызметі туралы ақпарат беріп, Қазақстанға кофе экспортын дамытуға мүдделілік танытты.Кездесу соңында Қазақстан Елшісі компания өнімімен және халықаралық нарықтарға экспорттау үшін сапалы кофені іріктейтін зертханалық сараптама инфрақұрылымымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1185314?lang=kk
💼 Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты басты назарда! 19.03.2026
«Karaganda Komir» ЖШС өндірістік кеңесінің отырысы профсоюз «Қорғау» өкілдерінің қатысуымен өтті.Кеңеске қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы И.Д. Сартбаев қатысты.Кездесу барысында профсоюз өкілдері қызметкерлерге қажетті құрал-жабдықтармен және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.Отырыс жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы конструктивті диалог алаңына айналып, еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1185326?lang=kk
ҚҚС, тіркеу есебі 19.03.2026
Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:1)Салық төлеушілер базасында ҚР-да қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлғалар;2)ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес ҚР –ның аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою мынадай түрлерде жүзеге асырылады:1.ерікті тіркеу есебіне қою (ҚҚС бойынша тіркеуге жатпайтындардан басқа барлық тұлғалар үшін);2.міндетті тіркеу есебіне қою (күнтізбелік жыл ішінде айналымның шекті мөлшерінен асып кеткен жағдайда, соның ішінде сенімгерлік басқарушы үшін);1.шартты тіркеу есебіне қою (шетелдік компаниялар үшін).ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:2.жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне өткен кезде;3.қызметін тоқтатқанда немесе заңды тұлға таратылғанда.Айналымның шекті мөлшеріне жетпеген жағдайда тіркеуден шығару көзделмеген.ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюға жатпайтындар:1.мемлекеттік мекеме;2.резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;3.жеке тәжірибемен айналысатын тұлға;4.арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;5.жеке тұлға.Айналымның шекті мөлшері 10 000 АЕК (43 250 000 тенгені) құрайды.Міндетті тіркеу үшін өтініш айналымның шекті мөлшерінен асқан күнненбастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.Егер мәміле шекті айналым мөлшерінен асатын болса, салық төлеушімұндай мәміле жасалғанға дейін салықтық өтініш береді.Тіркеу есебіне қоюға дейінгі кезеңде айналымның шекті мөлшеріненасқан және жасалған айналым тіркеу есебіне қойылмаған кезең үшін салық салынатын айналым болып танылады және жауапкершілікке әкеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1185330?lang=kk
Үкімет пен бизнес арасындағы диалог 19.03.2026
«АМАНАТ» партиясы Ақмола облыстық филиалының мәжіліс залында Кәсіпкерлік жөніндегі үйлестіру кеңесі мен Экономика, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторы жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті. Іс-шараға бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен сарапшылар жиналып, өңір экономикасы мен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланды:Аграрлық секторда инновациялық технологияларды дамыту. Қатысушылар ауыл шаруашылығына цифрлық және технологиялық шешімдерді енгізудің заманауи тәсілдерін, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін талқылады. Жол картасының 51-бөлімін жүзеге асыру аясында Ақмола облысында қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта бөлуге және пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қоюға ерекше назар аударылды.Салық органдарының цифрлық инфрақұрылымының жұмыс істеуі. Сарапшылар мен кәсіпкерлер салық жүйесінің техникалық аспектілерін және олардың бизнес-процестерге әсерін талқылады. Кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасау үшін цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыру қажеттігі баса айтылды.«Таза парақ» механизмі. Бұл механизмді қолдану шарттары мен оның кәсіпкерлерге әсері, оның ішінде салық жүктемесін азайту және жаңа және жұмыс істеп тұрған бизнес үшін рәсімдерді жеңілдету мүмкіндіктері талқыланды.«АМАНАТ» партиясы облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов атап өткендей, өңір экономикасының тұрақты дамуының басты факторы – билік пен бизнестің тиімді ынтымақтастығы.Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыруға, цифрлық қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1185347?lang=kk
Қазақстан мен Грузия инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады 19.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесті.Келіссөздер барысында агроөнеркәсіптік кешен, логистика және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін, әсіресе өзара қатысу арқылы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) логистикалық инфрақұрылым жобаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кооперация жобаларын талқылауға ерекше назар аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1185376?lang=kk
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «Ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру» тақырыбына тікелей эфирі 19.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 19 наурызында сағат 17:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: Ірі салық төлеушілер басқармасының басшысы Саят Асғатоллаұлы Жұматаев сөз сөйлейді.Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Білялұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1185263?lang=kk
Қарағанды облысында өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. 19.03.2026
Кездесудің негізгі тақырыптары өндірістік жарақаттануды төмендету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды күшейту, кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ 2024–2026 жылдарға арналған облыстық және қалалық келісімдердің іске асырылуы болды. Отырысқа мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылап, бірлескен жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.Сондай-ақ, жұмысшылардың құқықтарын күшейтетін, оларды қорғау тетіктерін кеңейтетін және цифрландыру жағдайында қосымша кепілдіктерді айқындайтын жаңа Конституция аясындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің денсаулығын нығайту және лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғаны атап өтілді.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мен халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1185274?lang=kk
Ағымдағы жылдың 19 наурызында облыстың мемлекеттік органдары басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті 19.03.2026
Күн тәртібінде ұлттық экстремизмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар және кәмелетке толмағандар арасында және дене шынықтыру және спорт саласында 2024 – 2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол карталарын іске асырудың аралық нәтижелері туралы мәселелер талқыланды.Өткізілген іс-шаралар бойынша облыс әкімдігінің мемлекеттік органдары мен басқармаларының басшылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185300?lang=kk
Қарағанды облысында әлеуметтік әріптестік пен ұжымдық шарттардың рөлі талқыланды 19.03.2026
Қарағанды облысында мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен еңбек қатынастарын реттеудің өзекті мәселелері талқыланды.Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекова, білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы, сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының өкілдері қатысты.Кездесу барысында еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің маңызы және еңбек қатынастарын реттеудегі ұжымдық шарттардың рөлі қарастырылды.Саягүл Еркебекова өз сөзінде жұмыс беруші, жұмыскер және мемлекет арасындағы тиімді өзара іс-қимыл еңбек тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұжымдық шарт қызметкерлердің құқықтарын қорғау мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің маңызды құралы екені айтылды.Кәсіподақ өкілдері — Марал Кашенова мен Элеонора Омарбекова — өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұжымдық шарттардың орындалуын бақылау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың маңызды рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайту және еңбек құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1185304?lang=kk
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінде міндеттерді пысықтады 19.03.2026
Қазақстанның Каспий теңізіндегі секторында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері кемелерінің қатысуымен оқу-жаттығу өтті.Әскери-теңіз күштерінің күш-құралдары жедел режимді қамтамасыз ету шараларын орындау аудандарына жіберілді.– Теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын қорғау және бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелеріне жіті назар аударылды, – деді оқу-жаттығу жетекшісі – Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-ші дәрежелі капитаны Қанат Ниязбеков.Теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальоны мен суасты диверсиялық күштеріне қарсы күрес ротасының жеке құрамы шартты түрде террористер басып алған азаматтық кемені босату тапсырмасын орындады.Аталмыш оқу-жаттығу командирлердің күш-құралдарды басқарудағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Маневрлер барысында бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, қойылған міндеттерді орындауға толық әзір екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185199?lang=kk
20 наурызда салық есептілігі нысанын ұсыну және жанама салықтарды төлеу мерзімі аяқталады 19.03.2026
20 наурызда салық есептілігі нысанын ұсыну және жанама салықтарды төлеу мерзімі аяқталады2026 жылғы 20 наурыздан кешіктірмей:- салық есептілігінің мынадай нысандарын ұсыну:ф. 328.00-2026 жылғы ақпандағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;ф. 851.00-2026 жылғы 21-28 ақпан аралығында жасалған шарттар бойынша - жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша ағымдағы төлемдердің сомаларын есептеу;ф. 870.00 - 2026 жылғы 20 наурыздан кешіктірмей рұқсат алған кезде 100 АЕК дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін 2026 жылғы төлемақы бойынша Декларация;- 2026 жылдың ақпан айына төлеу:ЕАЭО-дағы ҚҚС;акциз, оның ішінде ЕАЭО-дан тауарлар импорты бойынша;2026 жылға 100 АЕК дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1185201?lang=kk
Қызмет тоқтатылған кезде Ф. 200.00 тапсыру керек пе? 19.03.2026
Қызмет тоқтатылған кезде Ф. 200.00 тапсыру керек пе?Қысқаша: иә, бірақ әрдайым емес ҚР Салық кодексіне сәйкес:сіздің құқығыңыз бар— есептілікті тапсыруды тоқтатуға— және оны мерзімінен бұрын қайта бастауғаНені білу маңызды:Қызметті тоқтатпас бұрын:— салық органына өтініш беру керек— есептілікті салық кезеңінің басынан бастап тоқтату күніне дейін тапсыру қажетЕгер қызметкерлер болса:МІНДЕТТІ түрде тапсырасыз:— Ф. 200.00— + 200.05 қосымшасытоқтату күніне дейінгі кезең үшінЕгер қызметкерлер мен төлемдер болмаса:Тоқтатудан кейін Ф. 200.00 тапсыру ҚАЖЕТ ЕМЕСҚорытынды:Ең бастысы — тоқтатуға дейінгі кезеңді дұрыс «жабу»Одан кейін бәрі қызметкерлердің бар-жоғына байланыстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1185211?lang=kk
Бизнесті мәжбүрлі түрде жабу: 2026 жылы кімдерге қауіп бар? 19.03.2026
Бизнесті мәжбүрлі түрде жабу: 2026 жылы кімдерге қауіп бар?Егер компания «ұйқы режимінде» болса — оны сіздің қатысуыңызсыз жауып тастауы мүмкін Салық органдары мәжбүрлі түрде қызметті тоқтата алады, егер сіз әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде болып, бір уақытта:— салық есептілігін тапсырмайсыз— шоттар бойынша қозғалыс жоқ— экспорт/импорт операциялары жоқ— ҚҚС бойынша тіркеуде тұрмайсыз— басқа компанияларда құрылтайшы/басшы емессіз— есептілікті ресми тоқтатпағансыз— мүлік жоқ (жер/көлік/мүлік салығы)— әлеуметтік төлемдер бойынша қарыз жоқ— 6 АЕК-тен жоғары салық қарызы жоқМаңызды:Мәжбүрлі жабылатындар тізімі жыл сайын 1 шілдеге дейін жасаладыСот шешімінен кейін:компания салық есебінен автоматты түрде шығарыладыҚорытынды:Егер бизнес жүргізбесеңіз — өз еркіңізбен жапқаныңыз дұрысӘйтпесе, салық органдары өздері жабадыСақтап қойыңыз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1185220?lang=kk
Кения Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Кения ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды 19.03.2026
Найроби, 2026 жылғы 18 наурыз – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Республикасының Сыртқы істер және диаспора министрлігінің басшылығы, соның ішінде Саяси мәселелер жөніндегі Бас директор Джосфат Майкара, Президент Кеңсесі және Сыртқы істер министрлігі Протоколының басшысы Северин Люяли, сондай-ақ Еуропа және Достастық елдер, Экономикалық істер және коммерциялық дипломатия, Құқықтық істер, Көпжақты ынтымақтастық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат кениялық тарапты 2026 жылғы 15 наурызда орын алған жалпыұлттық референдум аясындағы конституциялық өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданғаны туралы хабардар етіп, жаңа конституция Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуды және мемлекеттік басқарудың тиімдірек және теңгерімді моделін қалыптастыруды көздейтіні, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтуға және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге ықпал ететінін мәлімдеді.Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, жоғары және ең жоғары деңгейдегі алдағы сапарларды, екіжақты шарттық-құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмаслыып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа дайындығы расталды.Екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде сауда және инвестициялық даму, транзиттік және көлік бағыттары, оның ішінде Кения порттарын пайдалану мәселесі, ақпараттық және қаржылық технологиялар, ғарыш, тау-кен өндірісі, медицина, спорт, ауыл шаруашылығы, туризм, ғылыми және мәдени алмасулар салаларындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.Кения Сыртқы істер министрлігі және диаспора істері жөніндегі Бас директоры Д.Майкара Қазақстан мен Кения арасындағы жылы қарым-қатынасты атап, Қазақстанның елеулі дамуын жоғары бағалап, Найробидің Астанамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуіне және оны одан әрі дамытуға деген терең қызығушылығына назар аударды.Сонымен қатар, Д.Майқара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтап, ел Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар халықтың сеніміне ие екенін атады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызуғышылық танытатын мәселелер бойынша іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен шараларды, соның ішінде сауда және инвестиция, көлік, ақпараттық технологиялар және туризм салалары бойынша Қазақстан мен Кения арасындағы сарапшылар тобының шеңберіндегі жұмысты жандандыруға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1185119?lang=kk
Көктемгі шақыру: Астанада және өңірлерде мерзімді әскери қызметке алынғандардың алғашқы лектері жіберілді 19.03.2026
Республикалық маңызы бар қалалардың және елдің облыс орталықтарының жинау пункттерінен әскерге шақырылушылардың бірінші легі ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелеріне жөнелтілді.Астана қаласының қорғаныс істері жөнініндегі департаментінде өткен салтанатты шығарып салу рәсіміне жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскер қатарына алынғандардың туған-туыстары қатысты.Елордалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров маусым айының соңына дейін елорда 1 400-ден астам астаналықты мерзімді әскери қызметке жіберуді жоспарлап отырғанын атап өтті.Алматыда Шекара қызметі бөлімшелеріне 46 азаматты салтанатты түрде шығарып салды. Аталмыш рәсімге тоғыз баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Айжан Шанашова қатысты.– Әскерде ұлым шыңдалып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен орындап келеріне күмәнім жоқ. Ол саналы түрде және еш ойланбастан әскерге баратынын айтты, – деді көп балалы ана.Шығыс Қазақстан облысында да әскерге шақыру науқаны қарқын алуда. Биыл өңір мерзімді әскери қызметке 650-ге жуық азаматты жібермек. Армияда олар әскери істің негіздерін үйреніп, әскери-есептік мамандық меңгереді. Тәртіп пен жауапкершілікке қалыптасады.Маңғыстау облысында бірінші болып 22 әскерге шақырылушы әскерге аттанды. Алдымен олар Алматы облысындағы шекара қызметінің оқу-жаттығу орталығында алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Көктемгі науқан аясында облыстан барлығы 800-ге жуық азаматты әскер сапына алу жоспарланып отыр.– Әскердегі қызмет – мен үшін шымыр, тәртіпті болуға және Отанды қорғауға өз үлесімді қосуға берілген мүмкіндік. Бұл қызметті мақтанышпен әрі абыроймен атқаруға тырысамын, – деп атап өтті Маңғыстау облысынан әскерге шақырылушы Бекзат Әбілханұлы.Ақтөбе облысында да Алматы облысына қарайтын Шекара қызметінің әскери бөлімшелеріне алғашқы 23 әскерге шақырылушыны жөнелту рәсімі өтті. Алдағы уақытта бұл өңір 1000-нан аса адамды әскерге шақырады.Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде, сондай-ақ запасқа шығарылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс қолданылады. Бұдан өзге жауынгерлік даярлықтан үздік сарбаздар мемлекеттік грант бойынша ҰБТ тапсырусыз еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185057?lang=kk
«Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» тақырыбында брифинг 19.03.2026
Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» тақырыбы бойынша брифинг өтті.Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Назгүл Аюпова көлік құралдары салығын төлеушілер салық салу объектілері бар жеке тұлғалар болып табылады хабарлады. Салық кодексіне сәйкес мыналар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденiнің және "Отан" орденiнің иегерлері, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша; Меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектігі бар адамдар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.Жоғарыда аталған санаттардың меншігінде қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобиль болса, оларға қатысты уәкілетті мемлекеттік орган 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін көлік құралының иесін ауыстыруға байланысты тіркеу әрекеттерін жүргізген болса, салық жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеледі.2025 жылдың кезеңіне есептеу 01.01.2026 жылға дейін қолданыста болған Салық кодексінің нормаларына сәйкес жүргізіледі, өйткені осы кезеңде 171 мың жеке тұлға 4 миллиард теңгеден астам көлік құралдары салығын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс.2026 жылдың өткен кезеңінде көлік құралдары салығынан бюджетке 159,8 млн. түсті. Салық сомасын келесі тәсілдер арқылы есептеуге болады:- Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталындағы «Көлік салығын есептеу» электрондық сервисі арқылы;- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Калькуляторлар» бөлімінде.Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде. «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Жыл басынан бері 600 астам консультациялық көмек көрсетілді.Бұл кәсіпкерлердің акцияға қызығушылықпен жауап бергенін көрсетеді.Сонымен қатар қабылдау уақытында аудандық және қалалық басқармалар арасында бейнебайланыс пен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі көзделген«Халық бухгалтері» акциясы салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Шара барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1185039?lang=kk
Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі жарияланды 19.03.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі ағымдағы аптадан бастап бейнеконференцбайланыс режимінде Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына қатысуға ниет білдірген кандидаттармен әңгімелесу өткізілетінін хабарлайды.Әңгімелесуді өткізу уақыты мен күні кандидаттарға қосымша хабарланатын болады.Әңгімелесу барысында кандидаттардың кәсіби деңгейі және олардың Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі – Сауда және интеграция министрі 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларының» 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланатын боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185029?lang=kk