Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан Республикасындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) өкілімен жұмыс кездесу 21.05.2025
Астанада Қазақстан Республикасындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) өкілі Фуат Ердоғмуш мырза мен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің өкілдері — Кеңес мүшесі Ернар Бегалиев және Кеңес аппараты бөлімінің меңгерушісі Аида Қайжақпарова арасындағы жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында TIKA өкілдері Жоғары Сот Кеңесі мен сот төрелігі Академиясы қызметінің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен іске асырылатын судья кадрларын даярлау мен іріктеу сапасын арттыруға бағытталған бастамалармен танысты.Кездесу барысында тараптар судья кадрларын даярлау және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Сот төрелігі академиясы бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруды, сондай-ақ судьялар мен судья лауазымына кандидаттардың кәсіби дайындығының деңгейін арттыруға бағытталған өзара сапарлар, тағылымдамалар мен іс-шараларды ұйымдастыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеу және қол қою туралы шешім қабылданды.Судья кадрларын даярлау саласында тәжірибе алмасу мен үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар бұл бағытта белсенді және жүйелі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.Мұндай кездесулер ұлттық судья кадрларын даярлау тәсілдерін жетілдіруге және халықаралық үздік тәжірибені ескеруге ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/998199?lang=kk
Есепті кездесулер Бесарық, Қоғалыкөл, және Шіркейлі ауылдарында жалғасты 21.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулері Бесарық, Қоғалыкөл және Шіркейлі ауылдарында жалғасты. Кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.Аудан басшысы кездесу барысында облыс көлемінде жүзеге асып жатқан жобалар мен аудандағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда. Облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Биыл облыс аумағындағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында құны 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Президентіміздің Катар еліндегі іс-сапарда үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынатын болады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Бүгінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Аудан орталығында құны 1,5 млрд. теңге болатын «Руханият» орталығының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудан халқы 100 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Соңғы 3 жылда 670 млн. теңгеге Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді елді мекендерінде ауыз су желілері жаңартылды. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында құны 241,1 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді елді мекеніндегі медициналық нысандар күрделі жөндеуден өтті. 2024 жылы құны 185,4 млн. теңгеге Бесарық ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтсе, биыл 389,2 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Есепті кездесулерде тұрғындар елді мекеннің өзекті мәселелерін жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/998209?lang=kk
Абай ауданында заманауи ет өңдеу комбинаты салынуда 21.05.2025
Абай ауданында жылына 2100 тонна шикізат өңдейтін жаңа ет комбинаты салынуда. Өндірісте 20 жұмыс орны құрылады, бірақ болашақта штат кеңейеді.Alisha Group ет өңдеу комбинатында ет сою, ет өңдеу және консервіленген өнім шығару цехтары қарастырылған. Жақын арада жабдықтарды жеткізілуі тиіс.Жоба бастамашысы Рустам Қалиевтің айтуынша, комбинат күн сайын 300 бас ұсақ мал мен 50 бас ірі қара малды өңдеуге арналған.– Өнімдер – салқындатылған және мұздатылған ет, ет консервілері, вакуумдық және термоқаптамалар, сондай-ақ тұтынушылар үстеліне әртүрлі етіп ұсынудың жаңа форматтары. Өндiрiс халал-стандарттарды және халықаралық тамақ қауiпсiздiгi сертификаттарын қоса алғанда, қазiргi заманғы талаптарға сай келедi. Одан әрі – жүн мен теріні қайта өңдеу желілерін іске қосуды көздеп отырмыз, – дейді Рустам Қалиев. – Негізгі өткізу нарықтары - Қазақстан, Парсы шығанағы елдері, Қытай, Түркия, Еуропа.Шикізатты жергілікті фермерлерден сатып алатын болады. Тиісті сатып алу бағасының арқасында ауыл шаруашылығы өндірушілері серіктестікке қызығушылық танытуда. Болашақта компания мал өсіруге көшпекші.Комбинат құрылысы үшін Абай ауданы кездейсоқ таңдалмаған: мұнда логистикалық артықшылықтар да, ауыл шаруашылығы өндірушілері де бар.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ет комбинатының құрылысымен танысты.– Мұндай кәсіпорындар жұмыс орындарын ашып қана қоймай, сол жерде қосымша құнды қамтамасыз етіп, ауыл экономикасын нығайтып, өңірді инвесторлар үшін тартымды етеді. Қарағанды облысы аграрлық өңдеу саласын дамыту үшін барлық ресурстарға ие, – деп атап өтті өңір басшысы.Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданына жұмыс сапары барысында ірі шаруа қожалықтарында болды, оның ішінде «Шанс» ШҚ және «Астра-Агро LTD» ЖШС бар. Қазір онда картоп пен басқа да дақылдар отырғызылып,суару жобалары іске асырылуда.Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әнуар Төлібековтың айтуынша, өңірде егіс алқаптарын жоспарлы түрде әртараптандыру жүріп жатыр.– Биыл майлы дақылдардың үлесі ұлғаюда, соның есебінен қайта өңдеу де ұлғаяды. Мысалы, «КарМельКомбинат» майлы дақылдарды өңдеуге арналған жаңа желілерді іске қосуды жоспарлап отыр, – дейді басқарма басшысы. – Осакаров ауданының Жансары ауылында 6000 басқа және Нұра ауданының Байтуған ауылында 1200 басқа арналған әлемдік стандарттарға жауап беретін екі ірі сүт-тауар фермасын ашу жоспарда бар.Абай ауданында көктемгі дала жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде, 172 ауыл шаруашылығы құралымдары жұмылдырылды. Дәнді дақылдар себу жоспарының 74,9% орындалды. Бидай мен сұлы бойынша жоспар асыра орындалды, арпа, майлы дақылдар, картоп пен көкөніс егу жалғасуда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін техника жеткілікті. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 603 трактор, 10 өнімділігі жоғары егіс кешені, 139 тұқым сепкіш және басқа да ауыл шаруашылығы техникасы бар. Жұмыстарға арзандатылған дизель отыны бөлінді.– Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту - стратегиялық бағыт. Біз бұдан әрі де субсидиялау желісі бойынша да, қаржыландыру және инфрақұрылымдық сүйемелдеу құралдары арқылы да қажетті қолдау көрсететін боламыз. Негізгі мақсат – өндіріс, қайта өңдеу және экспорт, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін тұрақты әрі тиімді болатын жағдайлар жасау, – дейді Ермағанбет Бөлекпаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/998190?lang=kk
Ақмола облысының Алғабас ауылында қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш мемориалы ашылды 21.05.2025
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға Қорғаныс министрлігінің, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен жергілікті тұрғындар келді. Жиналғандар жеңіс жолында өз өмірлерін қиып, құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.  – Біз ата-бабаларымыздың, әкелеріміздің, тыл еңбеккерлерінің ерлігінің арқасында бүгінде тәуелсіз елде бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Майдангерлердің ерлігінің құрметіне қойылған ескерткіш мемориалы біздің жастарымызға үлгі болсын. Біз жарқын болашағымыз үшін қан төккендердің есімдерін жадымызда сақтауға міндеттіміз, – деп атап өтті "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов.Мемориалдық кешеннің орталық тақтасында қаза тапқан жауынгерлердің есімдері жазылған. Басқа тақталарда тыл еңбеккерлерінің есімдері қашалған.– Мемориалды қою бастамасын ауыл тұрғындары зор ықыласпен қолдады. Жергілікті мектеп түлектері, жастар бірлесіп, игі бастаманы соңына дейін жеткізді. Алғабас ауылының майданға кеткен тұрғындары біздің жадымызда мәңгі сақталады, – деді жергілікті тұрғын білім саласының үздігі Хадиша Өмірбаева.Іс-шара Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен өтті. Мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін концерт қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/998154?lang=kk
Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығына орай «Әлемге әйгілі Әнуар» атты мерейтойлық іс-шара өтті 21.05.2025
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен қазақ халқының аса көрнекті жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Әлемге әйгілі Әнуар» атты мерейтойлық іс-шара ұйымдастырылды.Еске алу кеші қаламгердің туған өлкесі Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде өтті.Аталмыш әдеби шараға арнайы шықырылған зиялы қауым өкілдері мен құрметті қонақтар және халқымыздың өнерін бағалайтын көрермендер қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/998135?lang=kk
Үздік дене шынықтыру оқытушысы 21.05.2025
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Нұрқас Мирас Айдынұлы спорт саласы бойынша Қостанай облысында өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпазы атанды.Мирас Айдынұлын құттықтай отырып, кәсіби және шығармашылық табыстар тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/998124?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары британдық әріптесімен кездесті 21.05.2025
Астанада мемлекеттік министр лорд Вернон Коакердің басшылығымен Ұлыбританияның әскери делегациясы Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне келді.Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың лорд Вернон Коакермен келіссөздерінде екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бітімгерлік, тілдік дайындық және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы ведомстволардың өзара іс-әрекеті төңірегінде сөз болды.Бір күн бұрын Алматыда Ұлыбритания делегациясы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығына барды. Мекемеде шетелдік қонақтарға арнап брифинг ұйымдастырылды.Келушілер БӘКОТ (Британдық әскери консультативтік және оқу тобы) курсының тыңдаушыларымен кездесті. Оқу курсын аяқтаған әскери қызметшілерге сертификаттар тапсыру рәсімі өтті.Британдық тарап жыл сайын қазақстандық бітімгерлерге ағылшын тілін және ҚР Ұлттық қорғаныс университеті мен Бітімгерлік дайындық орталығының лингвист-оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыратынын айта кеткен жөн. Ұлыбритания қорғаныс ведомствосының «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасы аясында 2020 жылдан 2025 жылға дейін ҚР Қарулы күштерінің 300-ден астам әскери қызметшісі оқудан өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/998101?lang=kk
Сенімсіздік қандай критерийлер бойынша танылады? 21.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келіп түскен сұраққа жауап береді. СҰРАҚ: Мен сенімсіздер тізімінде екенімді білдім. Сенімсіздік қандай критерийлер бойынша танылады? ЖАУАП: Салық міндеттемелерін уақтылы және адал орындамайтын салық төлеушілер сенімсіздер тізімге енуі мүмкін:- пайда болған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген және ЖК үшін 10 АЕК-тен астам, ЗТ үшін 150 АЕК-тен астам берешегі бар;- әрекетсіз деп танылған, яғни белгіленген мерзімнен кейін 1 жыл ішінде декларация (есептілік) ұсынбаған;- жалған кәсіпорындар деп танылған;- банкрот деп танылған;- заңды мекен-жайы бойынша жоқ;- тіркелуі жарамсыз деп танылған. Егер ЖК мен ЖШС сенімсіз тізімге енген жағдайда, салық міндеттемелерін толық көлемде орындау қажет: есептілікті тапсыру, салықтарды төлеу және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 272-бабы бойынша хаттама жасау үшін орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну. Сенімсіз салық төлеушілердің тізімі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміндегі «Электрондық қызметтер» мәзірінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/998078?lang=kk
Қазақстанда қолма-қол есеп айырысу қалай жүргізіледі? 21.05.2025
Қазақстанда қолма-қол есеп айырысу қалай жүргізіледі?Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол есеп айырысу келесідей жүзеге асырылады:Кассалық аппараттар арқылы: сауда қызметін жүзеге асыратын немесе халыққа қызмет көрсететін барлық кәсіпорындар мен кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалануға міндетті. Бұл әрбір қолма-қол есеп айырысу фактісін тіркеуге және клиентке кассалық чек беруге мүмкіндік береді.Банктердің есеп айырысу кассалары арқылы: қолма-қол ақша банк кассалары арқылы есепшотқа салынады немесе есепшоттан алынады. Мұндай операциялар әдетте кіріс және шығыс кассалық ордерлер сияқты банк құжаттарымен расталады.Төлем терминалдарын пайдалану: сауда нүктелері мен кәсіпорындарда клиенттердің қолма-қол ақшамен төлем жасауына мүмкіндік беретін төлем терминалдары орнатылады. Терминалдар тиісті чек немесе түбіртек береді.Квитанциялар мен тауарлық чектер: кейбір жағдайларда, ұсақ сатып алулар немесе қызметтер үшін қолма-қол төлемдер сатушы немесе қызмет көрсетуші берген тауарлық чектермен немесе квитанциялармен расталуы мүмкін.Сома шектеулері: заңмен қолма-қол есеп айырысу бойынша ең жоғары сомаға шектеулер белгіленген. Мысалы, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін бір жолғы қолма-қол есеп айырысу сомасына лимит орнатылуы мүмкін.Салық заңнамасының сақталуы: барлық қолма-қол операциялар кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрініс табуы және салық декларацияларына енгізілуі тиіс. Салық салу мақсатында қолма-қол есеп айырысулар құжатпен расталуы қажет.Бұл шаралар қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, салықтан жалтарудың алдын алуға және Қазақстандағы қаржылық тәртіптің сақталуына бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1006550?lang=kk
Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы ҚР ҚМ МКК Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды 21.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2025 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен Тасқын Тұрағалдыұлы Ақбаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/998063?lang=kk
Ұландық семсершілер Колумбиядағы Халықаралық Гран-приде жүлдегер атанды 21.05.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері дене шынықтыру дайындығы мен жауынгерлік рух тек қызметте ғана емес, сонымен қатар үлкен спортта да жоғары жетістіктердің кепілі екенін тағы да дәлелдеді. Қазақстандық семсерші, дене шынықтыру және спорт бойынша аға маман ефрейтор Руслан Құрбанов Боготада (Колумбия) өткен қылышпен семсерлесуден беделді Гран-придің күміс жүлдесін иеленді.Жартылай финалдық жекпе-жекте Руслан Құрбанов Өзбекстан елінің өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңіп, жекпе-жектегі шеберлігін көрсетті. Ақтық сында ол жапондық🇯🇵 Акира Коматамен кездесіп, 10:15 есебімен жеңілді. Десек те, жоғары көрсеткіштері арқылы тұғырлы екінші орынға тұрақтады. Қола жүлдені Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон өзара бөлісті.Дене шынықтыру бойынша аға маман ефрейтор Ерлік Сертай да кәсіби қабілетін танытып, Гран-придің ең мықты он спортшысының қатарына енді. Дода нәтижесінде ол сегізінші орыннан табылды.Ұландықтардың халықаралық аренадағы жетістіктері — Ұлттық ұлан қатарында спортты дамытуға бағытталған қажырлы жаттығулардың, нұсқаушылардың кәсібилігінің және жүйелі жұмыстың нәтижесі. Осы деңгейдегі жарыстарға қатысу жауынгерлік рухты нығайтады, сондай-ақ әскери қызметтің беделін арттырады және жас ұрпақты Отан қорғау ісін таңдауға шабыттандырады.Ұландықтар Қазақстанды тек сапта ғана емес, сонымен қатар спорттық аренада да сенімді қорғап, ел намысы мен құқықтық тәртіп әскерлерін лайықты таныстырып келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/998066?lang=kk
АҚИҰ Бас директорының Мароккоға сапары өтті 21.05.2025
Рабат, 2025 жылғы 15 мамыр – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Б.Арын Марокко Корольдігінде  жұмыс сапармен болды.Сапар аясында Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Р.Әл Талби, Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар министрі Н.Бурита, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бас хатшысы Р.Арраш, Ауыл шаруашығын зерттеу жөніндегі ұлттық институтының директоры Л.Ғаути және Құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICARDA) Бас директоры А.Абусаббамен кездесті.Кездесулерде марокколық тарап Қазақстанның АҚИҰ шеңберінде белсенділігін ерекше атап, Марокко Ұйымның түрлі жобаларына, әсіресе Африка құрлығына көзделген жобаларға қатысуы, атап айтқанда фосфатқа бай ел ретінде ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш жеткізу саласында ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/998068?lang=kk
Астанада елордалық бригаданың сарбаздары Отанға адал болуға ант берді 21.05.2025
Әскери ант қабылдау рәсімі «Отан қорғаушылар» мемориалының жанында өтті. Іс-шараға Құрлық әскерлері бас қолбасшылығының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, Қарулы күштер ардагерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты.Ант қабылдауға дейін жас сарбаздар бастапқы жас жауынгер курсын өтіп, саптық, тактикалық, атыс, дене және инженерлік дайындықтың негіздерін меңгерді.– Салтанатты антта терең адамгершілік және рухани мән жатыр. Әскери ант – бұл әскери борышты адал орындау, жоғары жауапкершілік және алғашқы бұйрықпен-ақ Отанды қорғауға дайын болу, – деді 68665 әскери бөлімінің командирі полковник Абай Әлібеков.Бұл шақыруда арнайы мақсаттағы бригадада Түркістан облысынан әскерге алынған Сүндетхан және Медетхан Жолдас есімді егіздер қызмет ететін болады.– Біз өмірде әрдайым бірге жүрдік – мектепте де, спортта да, енді міне, армияда да. Бұл кезеңді де абыроймен және сенімді түрде өтеміз деп ойлаймын, – деді Сүндетхан Жолдас.Рәсім барысында әскери қызметшілер қатысушыларға қоян-қолтық ұрыстың әдістері мен құрмет қарауыл ротасының көрсетілімін ұсынды. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды. Әсет Әлиханның армия жайлы өз әнін домбырамен орындауы шараға ерекше реңк берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997947?lang=kk
Ұландықтар мини-футболдан мықтыны анықтады 21.05.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының спорт залында мини-футболдан командалық чемпионат өтті.Турнирге құқықтық тәртіп әскерлерінің басқармалары, қызметтері мен орталықтарынан құралған 15 команданың 120 әскери қызметшісі қатысты.Жарыстың басты мақсаты — әскери ұжым арасында командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.Турнир қорытындысы бойынша:I орын — Әскерлерді басқару орталығының командасы;II орын — Автоматтандыру басқармасының командасы;III орын —Жауынгерлік даярлық бас басқармасы, Әскер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі бөлімі командасы иеленді Жеке номинациялар бойынша:Үздік ойыншы — серверлік жабдықтар бойынша техникалық көмек тобының маманы (технигі) қатардағы Әділ Жандәулет;Үздік қорғаушы — ақпараттық-баспа бөлімі бейнестудия бөлімшесінің бастығы капитан Ұлан Борамбаев;Үздік қақпашы — Әскерлерді басқару орталығы қызметі бастығының көмекшісі сержант Еркін Қабылов;Ең үздік гол авторы — ИТЖ орталығы техникалық күзет құралдары тобының маманы (технигі) аға сержант Сәбит Жақсыбаев үздік деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.Спартакиада — Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында бірлік, кәсібилік пен спорттық шеберлікті нығайтуда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/997882?lang=kk
Қазақстан мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым климат және су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 21.05.2025
Женева, 2025 жылғы 16 мамыр – Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев пен ДМҰ Бас хатшысы Селеста Сауло ханымның кездесуі өтті. Тараптар гидрометеорология, табиғи апаттар туралы ерте ескерту жүйелері және су ресурстарын орнықты басқару салаларындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.Қазақстан CARFFGS жобасына – Орталық Азиядағы жылдам дамитын сел тасқындарын болжау жөніндегі өңірлік жүйеге қатысуды жалғастыруға мүдделілік білдірді. Сыртқы қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты жоба тоқтап қалу қаупіне тап болды. Осыған орай, Қазақстан бұл жүйені 2016 жылдан бері Орталық Азия өңірлік орталығы ретінде қабылдап отырған Қазгидромет базасында жалғастыру тетіктерін қарастыруда ДМҰ-ның қолдауын сұрады.Сонымен қатар, өңірде көпқатерлі ерте ескерту жүйелерін дамытуға қолдау білдірілді. Ерекше назар жүйелерді цифрландыруға, кадрлар даярлауға және ескерту тетіктерін өңірлік ерекшеліктерге бейімдеуге аударылды.Кездесу барысында су ресурстары мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан трансшекаралық мәселелерді қоса алғанда, гидрологиялық мониторинг пен су ресурстарын орнықты басқару бағытындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін білдірді.Кездесу соңында Қазақстан тарапы 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік климаттық саммитке ДМҰ-ны қатысуға шақырып, ұйымның саммит күн тәртібін және ұсыныстарын қалыптастыруда сараптамалық қолдау көрсетуіне үміт білдірді.Өз кезегінде, ДМҰ Қазақстанның орнықты даму мәселелеріне бейілділігін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/997849?lang=kk
Қазақстан мен Чехия кітапхана-мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 21.05.2025
Прага, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасының Ұлттық кітапханасының Бас директоры Томаш Фолтынмен кездесу өткізді.Кездесу барысында қазақ және чех мәдениеттерін ілгерілетуге, сондай-ақ екіжақты гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Чех Республикасының Ұлттық кітапханасы арасында институционалдық әріптестік орнатуға өзара қызығушылық білдірілді. Ынтымақтастық аясында бірлескен көрмелер ұйымдастыру, баспа өнімдерімен алмасу, кітапхана қорларын цифрландыру және кітапхана-ақпараттық технологиялар саласында кәсіби өзара іс-қимылды дамыту көзделуде.Томаш Фолтын чех тарапының ынтымақтастықты кеңейтуге және тиісті меморандумға қол қоюға дайын екендігін растады. Сонымен қатар, ол 2025 жылғы 18–22 тамыз аралығында Астанада өтетін Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресіне чех делегациясының қатысу жоспарлары туралы хабарлап, қазақстандық әріптестермен мазмұнды диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.Кездесу аясында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өту аясындағы мәдени алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Елші Елшіліктің чех тілінде Абайдың «Қара сөздерінің» арнайы басылымын жарыққа шығаруды жоспарлап отырғанын және оны Чех Ұлттық кітапханасының ғимаратында таныстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Кездесу Қазақстан мен Чехия арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейтуге өзара қызығушылықты растап, екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы тұрақты әріптестіктің негізін қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/997852?lang=kk
Қазақстан СІМ-де мектептегі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 21.05.2025
Астана, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев Қазақстан халықаралық мектебі (Kazakhstan International School – KIS) директорлар кеңесінің төрағасы Ханс Деваелемен кездесу өткізді.Сұхбаттастар халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдениетаралық түсіністікті кеңейту және Қазақстан балаларына сапалы білім беру мүмкіндіктерін арттыру мәселелерін талқылады.Мектеп өкілдері шетелдік және отандық оқытушылардың бірлескен еңбегі арқылы оқу орны жоғары халықаралық стандарттарға сай білім беріп келе жатқанын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, білім беру саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.KIS – халықаралық стандарттар бойынша оқытатын жеке халықаралық мектеп. 2024 жылы Астанада мектептің жаңа кампусы ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/997859?lang=kk
Қазақстанның стратегиялық рөлі Испаниядағы академиялық пікірталастың өзегінде 21.05.2025
Мадрид – Кадис, 2025 ж. 15 мамыр – Кадис университетінде Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша халықаралық зерттеулер орталығы ұйымдастырған «Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі» тақырыбындағы конференция өтті.Іс-шара барысында Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев сөз сөйлеп, Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарын, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен орнықты дамуға қолдау көрсету бағытындағы халықаралық сахнадағы бастамаларын таныстырды.Елші өз сөзінде Қазақстанның көпжақты ынтымақтастық қағидаттарына бейілділігін айқындайтын «Астана халықаралық форумы» (AIF2025) мен БҰҰ аясында Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру бастамаларына ерекше назар аударды.Өңірлік күн тәртібі туралы айта келіп, қазақстандық дипломат Орталық Азияның жаһандық үдерістердегі өсіп келе жатқан маңыздылығын және Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұмтылысын атап өтті. Осы тұрғыда Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды кеңейтудің перспективалық бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКМ) дамытудағы рөліне айрықша мән берілді.Конференцияға қатысушылар Қазақстанның өңірдегі сындарлы рөліне тоқталып, елдің ЕО-ның негізгі серіктесі ретіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ пікірталас аясында Қазақстанның өңірлік тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі мен халықаралық қатынастар жүйесіндегі «орта держава» ретінде орнығуы оң бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/997860?lang=kk
Премьер-Министр Олжас Бектенов Қостанай облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты 21.05.2025
Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Арқалық қаласына барып, Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысын тексерді.Сапар барысында Үкімет басшысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге қаладағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, көлік, энергетика, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыстардың жүзеге асырылу барысымен танысты.⸻Көлік инфрақұрылымын дамытуАрқалықта орналасқан әуежайды қайта жаңғырту жобасы таныстырылды. Жобада жаңа жолаушылар терминалын салу, ұшу-қону жолағын, перрон мен рульдік жолақты қайта жаңарту көзделген. Жоба аяқталғаннан кейін әуежай АН-24, Q400 және CRJ 200 сияқты әуе кемелерін қабылдай алады. Сағатына 70 жолаушыға дейін қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған.Сондай-ақ, Арқалық арқылы өтетін «Орталық – Батыс» автомагистралінің құрылысы өңірдің көлік байланысын жақсартып, елорданы Транскаспий халықаралық дәлізімен тікелей байланыстырады. Бұл жоба қаланың логистикалық әлеуетін күшейтіп, экономикалық дамуға серпін береді.⸻Энергетика және жылумен қамтуАрқалық қаласында жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соңғы екі жылда 17 шақырым жылу желісі ауыстырылды, ағымдағы жылы тағы 9,9 шақырым жаңартылады. Сонымен қатар, мазуттан көмірге көшу арқылы кәсіпорын 2,2 млрд теңге көлемінде үнемге қол жеткізді. Бұл 2024–2025 жылғы жылыту маусымын апатсыз өткізуге мүмкіндік берді.⸻Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуҰлттық «Комфортты мектеп» жобасы аясында Арқалық қаласында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқу орнында STEM зертханасы, цифрлық кітапхана, робототехника кабинеті және шығармашылық студиялар жұмыс істейді.Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің инфрақұрылымы да кеңейтілуде. Университеттің бір ғимараты қайта жаңғыртылып, заманауи оқу-зертханалық кешенге айналмақ. Жоба іске асқаннан кейін білім алушылар саны 2,6 мыңнан 5,2 мыңға дейін өседі, жаңа білім беру бағыттары ашылады.Қалалық аурухананың құрамындағы перзентхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде. Шатыр, жылыту, су және кәріз жүйелері жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда жұмыстардың 70%-ы аяқталған. Жөндеу аяқталғаннан кейін нысан заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.⸻Арқалық – даму әлеуеті жоғары өңірлік орталықАрқалық қаласы стратегиялық маңызға ие өңірлік орталық ретінде жаңаша дамып келеді. Мемлекеттік қолдаудың және жоспарлы жұмыстың арқасында қалада инфрақұрылым жаңартылып, халықтың өмір сапасы жақсарып келеді. Жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/997838?lang=kk