Әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ 18.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазалы ауданында «Руханият орталығы» ашылды. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Өздеріңізге белгілі, өңірімізде барлық 7 ауданда «Руханият орталықтары» салынды. Бұл жерде ұлтымыздың құндылықтары дәріптеліп, салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталады. Бүгін өздеріңізбен бірге Қазалы ауданындағы «Руханият орталығын» ел игілігіне табыстаудамыз. Жаңа ғимараттағы бастамалар рухани қазынамызды толықтырып, халқымыздың өміріне қуаныш сыйласын!», – деді Н. Нәлібаев.Айта кетейік, «Руханият орталығының» ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-saulet/press/news/details/993587?lang=kk
Әйет ауылдық округінің Денисов ауданы әкімінің кездесуі 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-aiet/press/news/details/993608?lang=kk
Үржар ауданы азаматтарын қабылдау мерзімі 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/993625?lang=kk
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ 18.05.2025
Түркияда 20 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен “VICTORY CUP” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар қатарында Түркістан облысының өрендері де ерекше көзге түсіп, ел қоржынына үш бірдей медаль салды.Атап айтқанда, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Махдия Усманова тамаша шеберлік пен табандылық танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал 76 келі салмақта бозкілемге шыққан Меруерт Назарбаева күміс жүлдеге қол жеткізсе, 59 келіде сынға түскен Балнұр Нұрлан қола жүлдені еншіледі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/993647?lang=kk
11 мамыр – Аналар күніне орай «Қызылорда қаласының тарихы» музейінде елге еңбегі сіңген ардақты аналарға арналған жылы жүздесу ұйымдастырылды 18.05.2025
Кештің басты кейіпкерлері – ардақты аналарымыз. Олардың бірі 14 құрсақ көтеріп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған батыр ана Сара Нұрабайқызы жуырда ғана Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы медалімен марапатталды. Кездесуде батыр ана соғыс жылдарындағы қиындықтарды еске алып, қазіргі ұрпақ тек бейбіт өмір сүрсе екен деген тілегін жеткізді.Есімі елге белгілі, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың анасы Жұмагүл Оңғарбаева, ел мерейін асқақтатып жүрген белді балуан, 2022 жылғы «Қазақстан барысы», «Сыр барысы», «Алтын белбеу» иегері Мақсат Исағабыловтың анасы Роза Қуаңбаева ел мерейі үстем бола берсін деп тілек білдірді.Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі, ақын, Қазақстанның Құрметті жазушысы атағының иегері Қаршыға Есімсейітова сұрапыл соғыста қаза болған майдангерлердің жесір әйелдер мен аналардың ерліктерін сөз етті. Еңбек ардагері, көпбалалы батыр ана, Социалистік Еңбек Ері Салима Жұмабекованың келіні Айжан Қалманова Салима анасының 11 баланы өзі өсіріп, тәрбиелегенін, егін егіп, ерен еңбек еткенін сөз етті. Осындай батыр ананың келіні болғанын мақтан етті.Сыр өңірінің белгілі ақыны, «Жан азабындағы Бақыт» атты жыр жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанған Елубай Әуезовтың жары Гаухар Сүлейменова, күміс алқа иегері Қаншай Әбдіраман барлық аналарға құттықтау лебіздерін білдірді.Ақ бата, жүрекжарды лебіздер мен ән-шашуға толы күн аналарға деген құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі болды. Ардақты аналарға алғыс айтылып, қала әкімінің атынан сый-сияпат көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/993690?lang=kk
9 мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңістің 80 жылдығы 18.05.2025
9 мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңістің 80 жылдығына орай, соғыста қаза тапқан жауынгерлерімізді минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Игілік ауылдық округінің әкімі Ж. Жанайдаров Ұлы Жеңіске 80 жыл толуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-igilik/press/news/details/993714?lang=kk
АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ ЖҮЗДЕГЕН ТҰРҒЫН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ 18.05.2025
12 сәуір күні сағат 08:00-13:00 аралығында аймағымыздағы барлық емханалар мен стационарлардың кеңес беру бөлімдерінде тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында "Ашық есік" күні жалғасын тапты. "Ашық есік" күнінде тұрғындар скринингтiк, профилактикалық, флюорографиялық тексерулерден өтiп, көрсетілім бойынша күндiзгi және тәуліктік стационарға жолданды. Сонымен қатар мiндеттi профилактикалық екпе жұмыстары да жүргізілдi.Сондай-ақ, алыс-шалғай елді мекендердегі сақтандырылмаған мәртебесi бар тұрғындарға да жылжымалы медициналық кешен қызметiмен қамтылды, яғни маммографиялық, ультрадыбыстық зерттеу түрлерінен тегін өтуге мүмкіндік берiлдi.Атап айтсақ, "Ашық есік" күнiнде 1134 тұрғын дәрігерге дейінгi және 603 адам скринингтiк тексеруден өтсе, 750 пациент тар буынды мамандармен қаралды. Сонымен қатар, 434 лабораториялық анализдер тексеруден өтсе, 942 диагностикалық тексерулер жасалынып, 94 тұрғын диспансерлiк бақылауға алынған. Одан бөлек 58 адам дәрi-дәрмекпен қамтылып, 4 адам стационарлық көмекке жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/993795?lang=kk
⚜️blрғыз ауданы тұрғындары назарына! Ағымдағы жылдың 21-30 мамыр аралығында Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантқа << 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz-irgiz/press/news/details/993808?lang=kk
11 мамыр - Аналар күні 18.05.2025
11 мамыр - Аналар күні. Бұл мереке 2023 жылдан бастап мамырдың екінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекені насихаттау мақсатында Семей қаласының мектептерінде бірқатар іс-шаралар өткізілді, онда қатысушылар әлеуметтік желілерде аналары туралы әңгімелеп, ең жақын,қымбат адаммен байланысты жылы естеліктермен бөлісті. Сурет байқаулары, сынып сағаттары, сыныптан тыс іс — шаралар өткізілді, балалар өлең оқып, ән айтып, би биледі, естеліктерімен және алғыс сөздерімен бөлісті-балалардың әрбір жұмысы шынайы махаббатқа толы болды. Аналар күні-әлемнің көптеген елдерінде ана болуды құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін а лғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке. Аналар күнін мерекелеу - аналар мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы аналардың рөлін арттыруға, қазақ халқының тарихындағы аналардың рөлін дәріптеуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/993812?lang=kk
🔹ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ🔹 18.05.2025
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/993857?lang=kk
2025 жылдың 24 сәуір күні ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Маңғыстау облысы бойынша департаментінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында семинар өткізілді. Жиында, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ауқымды жұмыстар туралы ақпараттандырып, 2022-2026 жыла арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатынын Тұжырымдамасы туралы талқыланды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілердегі езгерістер мен толықтырулар, жемқорлық, құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі маселелері айтылды. 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/993912?lang=kk
Шағын футболдан турнир ұйымдастырылды 18.05.2025
Ағымдағы жылғы 3 мамыр күні Алматы облысының діни бірлестіктері арасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған шағын футбол бойынша турнир ұйымдастырылды.Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында өткен спорттық іс-шара исламдық, православтық, католиктік, баптистік және пресвитериандық діни сенімді ұстанушылардың басын қосты. Сайысқа әртүрлі дін өкілдерінен құралған жалпы саны 8 команда қатысты.Дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған тартысты ойын барысында қатысушылар достықтың ерекше үлгісін көрсете білді.Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен турнир нәтижесі бойынша өзгелерден басып озған жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар, ал өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.Бұдан бөлек, іс-шара соңында турнир қатысушылары мерекелік дастарханда бас қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-din/press/news/details/993959?lang=kk
Ғибратты кездесу 18.05.2025
2025 жылғы 29 сәуірде Қостанай облысында тіл саясаты мен ғылым-білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мазмұнды кездесу өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл мамандары мен өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушылары қатысты.Кездесуді Қостанай облысының мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов жүргізіп, құрметті қонақ ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова қатысып, тіл саласындағы маңызды ғылыми тұжырымдарымен бөлісті. Кездесуде қазақ тілінің ғылым, білім және БАҚ-тағы орны туралы кеңінен талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993997?lang=kk
Алматыда жылумен жабдықтау нысандарында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде 18.05.2025
Жылыту маусымының аяқталуымен Алматыда қазандықтарды жоспарлы жөндеу басталады. Бұл шаралар келесі қыста жабдықты дайындау үшін қажет және нормативтік талаптарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.Жалпы, мамандардың айтуынша, Алматыда 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы жылу шаруашылығын уақтылы дайындау және жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында тұрақты өтті.«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес бекітілген кесте бойынша жөндеу жұмыстарына кіріседі. Осыған байланысты кейбір учаскелерде ыстық сумен жабдықтауды мәжбүрлі түрде ажырату жүргізіледі. Қазандықтарды тоқтату жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады. Ірі нысандарда – «Орбита», «оңтүстік-шығыс», «оңтүстік» және «Ақкент» - басқа жылу желілеріне ауысу мүмкіндігі бар, бұл өшіруді болдырмайды. Алайда кейбір қазандықтарда ыстық су беруді уақытша тоқтату қажет:· «№2 емхана» қазандығы (Медеу ауданы): 12-16 мамыр· «Тех.лицей № 71» қазандығы (Түрксіб ауданы): 12-16 мамыр· «№85 мектеп» қазандығы (Түрксіб ауданы): 12-16 мамыр· «13-ші әскери қалашық» қазандығы (Түрксіб ауданы): 12 мамырдан 16 мамырға дейін· «Волочаевская, 381» қазандығы (Түрксіб ауданы): 19 мамырдан 23 мамырға дейін· «Сейфуллин №68Б» қазандығы (Түрксіб ауданы): 19 мамырдан 23 мамырға дейін· «Беспакова» қазандығы (Жетісу ауданы): 19 мамырдан 23 мамырға дейін· «Премьера» қазандығы (Наурызбай ауданы): 9-16 маусым· «Жас-Қанат» қазандығы (Түрксіб ауданы): 9-23 маусым· «Әуежай» қазандығы (Түрксіб ауданы): 9 маусымнан 3 шілдеге дейін· «Көкжиек» қазандығы (Жетісу ауданы): 21 шілдеден 8 тамызға дейінАйта кету керек, ағымдағы жылы 43 шағын қазандықты жөндеу жоспарланған, онда ыстық суды өшіру бір аптадан аспайды.Жөндеудің толық кестесімен atke.kz ресми сайттан танысуға болады«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/994011?lang=kk
Бас консул Бірінші халықаралық парапланеризм фестиваліне қатысты 13.05.2025
2025 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасының Самарқанд қ. Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд облысының Үргіт ауданының тауларында өткен Қазақстан, Ресей, Беларусь, Франция, Ұлыбритания, Түркия және Тәжікстанды қоса алғанда 10 елден 70-тен астам спортшының қатысуымен өткен Бірінші халықаралық парапланеризм фестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Қазақстандық тарапн «Самұрық» жазғы мектебінің тәжірибелі парапланерлерімен таныстырылды. Мектеп қатысушылары парапланеризмде өз дағдыларын көрсетіп қана қоймай, мәдени бағдарламаға белсенді қатысып, шетелдік спортшылармен тәжірибе алмастыІс-шара Андак махалласында, парапланеризмге өте қолайлы, табиғаты әсем аймақта өтті. Фестиваль барысында 25 метрлік кәуап дайындалып, ұлттық ойындар, халық өнері көрмелері, концерттер және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Бұл бастама өңірде экстремалды және оқиғалық туризмді дамытуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/993978?lang=kk
Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижесі 13.05.2025
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижелерін талқылау мақсатында семинар-кеңес өткізді.Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 27-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 8-бабына сәйкес жүргізілді.Мониторинг барысында 48 мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы тексеріліп, 77 кемшілік анықталды. Соның ішінде:36 жағдайда – мемлекеттік тілдегі құжаттар мен ресми ақпарат толық жарияланбаған;37 жағдайда - мекеменің қызметі туралы ақпараттың толық болмауына қатысты.Семинар-кеңес барысында осы кемшіліктер талқыланып, оларды жою бойынша мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар берілді. Мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру бағытында тиісті шаралар жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993987?lang=kk
Қазақстан халқының этностық тілдерін үйретуге арналған «Ана тілі» оқулығының тұсаукесері өтті 13.05.2025
2025 жылдың 25 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Халықаралық ана тілдері күніне орай Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен этностық тілдерді үйретуге арналған «Ана тілі» оқулығының салтанатты тұсаукесері өтті. Оқулық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің, «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тапсырысы бойынша әзірленген.Іс-шараға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары оқу орындары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.Жиын барысында облыстағы тіл саясатының жүзеге асырылуы, этностардың ана тілдерін оқыту бағытындағы жұмыстар талқыланып, жаңа оқулықтың құрылымы мен ерекшеліктері таныстырылды.Этномәдени бірлестіктердің өкілдері ана тілдерін оқытуға қолдау көрсетіп отырған жергілікті атқарушы органдарға алғыс білдіріп, қазақ тілінің ел бірлігін нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.Армян, башқұрт, кәріс тілдерін үйретуге арналған «Ана тілі» оқулығы оқу үдерісінде қолдануға ұсынылды.Оқулық авторларына алғыс жарияланып, шара соңында Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртістері концерттік бағдарлама ұсынды.Тіл – ұлттың рухани байлығы! Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен этностардың ана тілдерін қолдау – еліміздегі ұлттар бірлігінің кепілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993989?lang=kk
Қостанай облысында «Тіл мен дәстүр» облыстық байқауы өтті 13.05.2025
2025 жылғы 13 наурызда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында халық ауыз әдебиетін дәріптеу мақсатында «Тіл мен дәстүр» атты облыстық байқау өтті.Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, журналистер, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлер қатысты.Байқаудың ерекшелігі – командалар әртүрлі сала мамандарынан жасақталып, қатысушылар шешендік өнер мен халық даналығына негізделген сындардан өтті. Байқау төрт кезеңнен тұрды:«Білгенге – маржан, білмегенге – арзан» – шешендік сөз үлгілерін көрсету;«Сөз мәйегі – мақал» – берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер айту;«Ойлы болсаң, тауып көр» – жасанды интеллект көмегімен жұмбақ шешу;«Кім жаңылыспайды?!» – жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айту.Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының дипломдары мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған командалар:«Тапқырлық тарланы» номинациясы – «Наурыз»1-орын – «Қазыбек би»2-орын – «Асыл мұра»3-орын – «Қазына»Бұл байқау ұлттық құндылықтарды насихаттауға, атадан қалған асыл мұраны жаңғыртуға арналған маңызды бастама болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993990?lang=kk
Тілдік кемсітушіліктің алдын алу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды 13.05.2025
Бүгін тілдік негізде кемсітушілікке жол бермеу және этносаралық даулардың алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға құзырлы органдар, халыққа қызмет көрсететін ірі кәсіпорындардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты.Кездесу барысында тіл заңнамасының сақталуы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қызмет көрсету саласында заң нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға заңнама талаптары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері өздерінің қызмет барысында кездесетін проблемаларымен бөлісіп, оларды шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында пікір алмасты.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993991?lang=kk