Әлем
«Тіл заңнамасының сақталуы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау» 13.05.2025
2025 жылғы 10 сәуір күні Қостанай облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл заңнамасының сақталуы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбында жиын өтті.Жиынға облыстық Мәдениет басқармасы мен Қоғамдық даму басқармасының басшылығы, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Қостанай облыстық филиалы, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ «MART», «KOSTANAYPLAZA», «Астықжан», «Солнечный», «ЦУМ», «Апельсин» секілді ірі сауда және ойын-сауық орталықтары мен супермаркеттердің өкілдері қатысты.Жиын барысында мемлекеттік тілдегі қызмет көрсету сапасы, көрнекі ақпарат пен фискалдық чектердің заң талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ тілдік себептермен туындайтын құқықтық және этносаралық шиеленістердің алдын алу мәселелері талқыланды.Спикерлер тарапынан заңнамалық өзгерістер, оның ішінде Кәсіпкерлік субъектілерінің көрнекі ақпаратты орналастыру тәртібі, екі тілдегі чектерді беру міндеті мен Әкімшілік кодекстегі жаңа толықтырулар бойынша нақты ақпарат берілді.Қатысушылар өзара пікір алмасып, тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушының заңды құқығын қорғау және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993992?lang=kk
Қостанай облысында қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлеріне арналған семинар өтті 13.05.2025
«IQOSTANAY» оқушылар сарайының кітапханасында өткен іс-шарада мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылды.Семинарға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжанова арнайы шақырылып, өзекті мәселелер бойынша мазмұнды баяндама жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993993?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Польша Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 13.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 9 мамыр Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев сенім грамоталарының көшірмелерін Польша Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Владислав Теофил Бартошевскийге табыс етті. Кездесу барысында қазақстан-поляк қарым-қатынастарын дамыту перспективалары туралы жан-жақты пікір алмасты. Әңгімелесушілер алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін егжей-тегжейлі қарастырды.Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ халықаралық ұйымдар алаңдарындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Польша арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективалары қозғалды.Поляк дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси және экономикалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі хабардар болды.Т.Бартошевский Варшава Қазақстанды Орталық Азиядағы өзінің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын және Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық өзекті мәселелері бойынша жұмыс байланыстарын қолдау туралы келісімге келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/993958?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Қайта құру және даму қорының Атқарушы директоры Шухрат Вафаевпен кездесті 13.05.2025
2025 жылғы 12 мамыр, Ташкент – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Қайта құру және даму қорының Атқарушы директоры Шухрат Вафаевпен кездесуі өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері басшыларының жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.Ерекше назар бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге аударылды. Атап айтқанда, геологиялық барлау, көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология салаларындағы ынтымақтастық, металлургия секторындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ екіжақты сауданы ынталандыру бойынша бастамалар қаралды.Тараптар қолданыстағы және келешектегі жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында бейінді институттар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы үйлестіруді тереңдету қажеттігін атап өтті және Қазақстан–Өзбекстан ынтымақтастығының күн тәртібін одан әрі практикалық мазмұнмен толықтыру тәсілдерін келісті.Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді байланыстарды дамытуға бейілділік және экономиканың стратегиялық маңызды салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге дайындық расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/993951?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ-нің кеден органдары стратегиялық әріптестікті арттыру және жаңа бастамаларды іске қосу жөнінде келісімге келді: цифрландыру, ашықтық және сенімге негізделген басымдық 13.05.2025
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Абу-Даби кеден басқармасының бас директоры Рашед Лахедж Аль-Мансури мырзаның екіжақты кездесуі өтті. Кездесу цифрлық кедендік әкімшілендіру саласындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту және өңірлік логистикалық интеграцияны нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Қазақстандық тарап БАӘ кеден органдарының автоматтандыру, тәуекелдерді басқару және бизнес-процестерді трансформациялау саласындағы прогрессивті тәжірибесін жоғары бағалады. Келіссөздер барысында Қазақстан Ұлттық реформалар шеңберінде Әмірліктердің үздік тәжірибелерін енгізуге және өңірлік цифрлық логистиканы ілгерілетуде сенімді серіктес болуға дайын екендігі атап өтілді. Негізгі уағдаластықтар мен ынтымақтастық бағыттары кедендік деректердің электрондық алмасуын пилоттық режимде іске асыруды, басым тауар санаттары бойынша тәуекелдер профильдерін әзірлеуді және болжамды талдау технологияларын қолдануды қамтиды. Тараптар Қазақстанның логистикалық тораптарын БАӘ порттарымен байланыстыратын цифрлық транзиттік маршрутты құру жөніндегі қадамдарды талқылады. Абу-Даби кеден басқармасы Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандарына арналған жасанды интеллект жүйелері мен байланыссыз кедендік бақылау бойынша сараптамалық воркшоптар мен тағылымдамаларды қамтитын бірқатар іс-шаралар өткізуді ұсынды. Халықаралық цифрлық стандарттарға (бақылаудан кейінгі, үлкен деректерді талдау) бағытталған мамандарды даярлау мақсатында алмасу бағдарламаларын іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. «Біздің ынтымақтастығымыз тек үздік тәжірибелермен алмасу ғана емес, сонымен қатар жаңа шешімдерді бірлесіп әзірлеу. Бүгінгі кездесу біздің кеден қызметтеріміз арасындағы жоғары сенім деңгейін және нақты нәтижелерге қол жеткізуге деген екіжақты ұмтылысты көрсетті», — деп атап өтті Жандос Дүйсембиев. Тараптар цифрлық сауда және шекарааралық рәсімдерді жеңілдету саласындағы ортақ мүдделерді ілгерілету үшін БСҰ және басқа халықаралық платформалар аясында үйлестіруді күшейтуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл жүктерді бақылау мен жеделдетіп ресімдеуді өзара тануға, сондай-ақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымның әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.19:31Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/993952?lang=kk
Қазақстан Республикасының Бас консулдығы қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті 13.05.2025
Страсбург, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Ұлы Отан соғысы кезінде Францияда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етіп, кеңес өкіметінің жауынгерлері жерленген орынға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.Страсбург қаласындағы Ресейдің Бас консулдығы ұйымдастырған бұл шара Оңтүстік қалалық зиратта өтті. Оған дипломатиялық корпус өкілдері, қала әкімшілігінің ресми тұлғалары, мемориал басшылығы және Францияның бостандығы үшін күрескен жауынгерлердің ерлігінің маңыздылығын атап өткен жергілікті белсенді тұрғындар қатысты.Атап өткен жайт, Жеңістің 80-жылдық мерейтойы қарсаңында Францияның Үлкен Шығыс өңіріне белгілі қазақстандық зерттеуші, тарихшы, профессор Г.Мендіқұлова жұмыс сапармен келіп, жергілікті билік, архив және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үлкен Шығыс өңірінде қаза тапқан кеңес одағының қазақстандық жауынгерлері жерленген орындарын анықтау жұмыстары жүргізді.1971 жылы Валлеруа коммунасының зиратында (Мёрт және Мозель департаменті) орнатылған Кеңес жауынгерлеріне арналған мемориал аумағында қазақстандық жауынгерлері – Зейнолла Әлімғазиев, Қоныспек Жақиянов, Мысахан (Нишан) Тұрғамбаев және Исин (Есен) Жұмағұлов жерленгендері белгілі. Олар 2018 жылы профессор Г.Меңдіқұлованың еңбегінің арқасында ҚР Франциядағы Елшілігінің қолдауымен табылғаны мәлім. Кейінірек қазақ жауынгерлері – Шығыс Қазақстан облысынан Николай Михайлович Щеглов пен Солтүстік Қазақстан облысынан Александр Иванович Кособковтың жерленгендері анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/993954?lang=kk
🔸Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. 13.05.2025
🔸Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалдыБүгін ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы – Төлеген Сәрсембаевты таныстырды.Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы қаржы бақылау органдарында 1993 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Алматы қаласының салық органдарында түрлі лауазымдарды атқарған. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.2023 жылғы шілде мен 2024 жылғы мамыр аралығында ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы лауазымын атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/993848?lang=kk
Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру: ДКҰ сарапшыларының қатысуымен семинар 13.05.2025
2025 жылғы 12-14 мамыр аралығында кедендік бақылауда тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге арналған семинар өтіп жатыр. Іс-шараға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сондай-ақ кеден қызметтерінің мамандары қатысты. Семинар ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі мен Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) қолдауымен өткізіліп жатыр. Іс-шараның мақсаты – қолданыстағы тәжірибелерді талдау, проблемалық аймақтарды анықтау және аналитиканың заманауи әдістерін, халықаралық тәжірибені және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы кедендік әкімшілендірудегі тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру. Құттықтау сөзімен: - Абилова Ботагоз – ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының басшысы; - Нұраддин Муршудлу – Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің экономикалық-экологиялық бөлімінің меңгерушісі сөйледі. Сарапшылар ретінде ДКҰ-ның аккредиттелген сарапшылары шақырылды: Альпстен Андерс, Мохан Кумар, Срея Хонг. Семинар шеңберінде жасанды интеллектті қолдану мысалдары, жолаушылардың тәуекелдерін талдау, тәуекелдерді басқаруда сауда қатысушыларын санаттарға бөлу, сондай-ақ халықаралық пошта ағындарын, ішкі қатерлерді қоса алғанда, тәуекелдерді басқарудың басқа да өзекті мәселелері қаралыстырып жатыр. Дүниежүзілік кеден ұйымының тәуекелдерді басқару саласындағы соңғы әзірлемелеріне ерекше назар аударылады. Семинар белсенді түрде және пікірталаста өтуде. Бұл іс-шара тәуекелдерді басқару, тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді енгізу саласындағы өзекті трендтерді талқылау алаң болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/994735?lang=kk
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды бастау туралы 13.05.2025
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 2025 жылғы 01.05-07.05 аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Гүлназ Қаныбекқызы Айтымға 2025 жылғы 27 сәуірге дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8(7162)72-28-01, 8(7162)72-28-06 (қабылдау бөлмесі). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/993770?lang=kk
Судың қысымы уақытша төмендейтіні туралы 13.05.2025
"Қостанай-Су" МКК 2025 жылғы 13 мамыр сағат 06:00-ден 14 мамыр сағат 06:00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты қалалық су жүйесінде қысым төмендейтінін хабарлайды. Қажетті су қорын алдын ала дайындап алуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/993773?lang=kk
Жаңақайма ауылдық округінде халықпен тұрақты кездесуді кейінге қалдыру туралы 13.05.2025
Жақсы ауданы әкімінің Көкшетау қаласына іссапарға жол жүруіне байланысты, а.ж. 13 мамырына жоспарланған Жаңақайма ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуі а.ж. сәрсенбісі 14 мамырына сағат 15:00-ге ауыстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/993755?lang=kk
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басқармада анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды. 13.05.2025
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басқармада анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды. Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы сәуірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша ұйымдастыру – құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Гүлназ Қаныбекқызы Айтымға 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8(7162)72-28-01, 8(7162)72-28-06 (қабылдау бөлмесі).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/993764?lang=kk
Жаңа Салық кодексі бизнесті қолдауға бағытталған: енді аз мөлшердегі салық берешегі үшін банктік шоттар бұғатталмайды 13.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің қолданыстағы нормасына сəйкес салықтық берешегі болған жағдайда мəжбүрлеп өндіріп алу тəсілдері мен шаралары банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды қоспағанда, тəуекелдерді басқару жүйесінің нəтижелерін ескере отырып, 1 теңге және одан да жоғары сомаға қолданылады, мұнда салықтық берешегі 6 АЕК-тен жоғары болған кезде шоттарға ауыртпалық салынады деп хабарлайды.Мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен шараларын қолдану басталғанға дейін орта және жоғары тәуекел деңгейіндегі салық төлеушіге салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі (салық берешегі пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей).Жаңа Салық кодексінің жобасында салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолдану кезінде тәуекел дәрежесіне байланыстыруды алып тастай отырып, сараланған тәсілді енгізу ұсынылуда:- салықтық берешегі 20 АЕК-тен кем болған жағдайда - салық берешегінің бар екендігі туралы ескертпе жіберіледі жəне өсімпұл есептеледі, басқа шаралар қолданылмайды;- салықтық берешегі 20-дан 45 АЕК-ке дейін болған жағдайда - салық төлеушінің атына өсімпұл есептеле отырып, салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі, банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады, инкассалық өкімдер қойылады;- салықтық берешегі 45 АЕК-тен астам болған жағдайда - мүліктің тізімдемесі мен сатылуын, дебиторлар есебінен өндіріп алуды, жеке кəсіпкер мен заңды тұлғаның лауазымды тұлғасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын шектеуді (сот санкциясы негізінде 3 ай ішінде берешек өтелмеген жағдайда), банкроттықты қоса алғанда, барлық шаралар қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/993736?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. 13.05.2025
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Алматы қаласы Әкімдігі ұйымдастырған жалпықалалық сенбілік аясында Өкілдік басшылығы мен ұжымы «Астана» алаңы саябағының аумағын тазалады. Мұндай шараға қатысу – ұжымның жоғары азаматтық жауапкершілігі мен экологиялық санасының көрінісі. Осындай акциялар қалалық экожүйені жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, әрбір тұрғынның таза әрі жайлы қала қалыптастыруға қосатын үлесінің маңыздылығын айқындай түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/993711?lang=kk
Тамаша нәтиже 13.05.2025
Қазақстандық спортшылар байдаркада және каноэде ескек есуден өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Қарағандылық спортшылардың есебінде екі медаль бар.Құрлықтық біріншілік Қытайдың Наньчан қаласында өтті. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алып, жарыс иелеріне ғана жол берді. Біздің активте - 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар. Қытай командасы турнирдің басынан аяғына дейін сенімді түрде көш бастады. Үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.Жүлдегерлер қатарындағы Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілдері, Теміртау қаласының олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің тәрбиеленушілері-Виктор Степанов күміс медаль (каноэ, 200 ш) және Кирилл Тубаев «қола» (байдарка, mix 4×500 ш) жеңіп алды.«Біз үшін 12 медаль – өте тамаша нәтиже. Күткеніміздей, негізгі қарсыластар қытайлықтар болды. Төрт алтын медальдың екеуін олимпиадалық қашықтықтан жеңіп алдық», - деп, атап өтті Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов.Айта кетейік, Наньчанда өткен XX Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының барлық 26 спортшысы финалға шықты. Биылғы жылы жарысқа 20 елден 340 ескекші қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/993721?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына гүл шоқтарын қою рәсімі 13.05.2025
2025 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Ұлы Отан соғысындағы фашизмге қарсы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараға Алматы қаласының Әкімі Ерболат Досаев, ардагерлер ұйымдары, Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/993725?lang=kk
Аудан әкімінің округ тұрғындарымен кездесуі 13.05.2025
Халықпен ашық диалог – дамуға бағыт!2025 жылғы 12 мамырда Ново-Хайрузовка ауылында аудан әкімі Е. Байрахметовтың ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі өтті.Кездесуге Ново-Хайрузовка, Алыбай және Приморское ауылдарының тұрғындары қатысты.Кездесу барысында ауылды абаттандыру, ФАП пен мектепті жөндеу, балалар алаңын және мал көміндісін салу мәселелері көтерілді.Әрбір сұрақ тыңдалып, нақты жауаптар мен жоспарланған мерзімдер берілді.Бірге – жайлы округ құраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/993651?lang=kk
Жеңіс Күні 13.05.2025
Округте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/993632?lang=kk
Абайлаңыз: мемлекеттік органдар қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтар азаматтарды алдайды 13.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары туындағанын, онда қаскүнемдерді мемлекеттік органдардың қызметкерлері ұсына алатынын және азаматтардың жеке деректері мен қаржы құралдарына қол жеткізу үшін түрлі схемаларды пайдалана алатынын хабарлайды.Схемалардың бірі – бұғатталған шот немесе ішкі кірістер қызметінен хаттың болуы сияқты салықтық проблемалардың болмауын сылтауратып, азаматқа ведомствоға шұғыл жазылу ұсынылады. Ол үшін алаяқтар кезекті онлайн брондауға көмектеседі және SMS-ке келетін кодты жазуды сұрайды. Шын мәнінде, бұл код банктік операцияны растау болып табылады және оны хабарлау арқылы адамның өзі өз шоттарына қол жеткізе алады. Нәтижесінде алаяқтар қаражатты ұрлауға мүмкіндік алады.Алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарға кеңес беріледі:- егер әңгімелесуші мемлекеттік органдардың қызметкері болып көрінсе де, күдікті хабарламалар мен қоңырауларға сенбеу;- хабарламалардан күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз;- ешқандай жағдайда СМС арқылы алынған кодтарды, карта деректемелерін немесе басқа да дербес деректерді хабарлауға болмайды;- белгісіз адамдардың өтініші бойынша ақша аудармаңыз;- мемлекеттік органдардың ресми сайттары немесе байланыс орталықтары арқылы келіп түсетін ақпараттың дұрыстығын тексеру міндетті;- кішкене күдік туындаған жағдайда дереу банкке және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.Есте сақтау маңызды: мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің азаматтардан жеке деректерді, банктік шоттардың, карталардың нөмірлерін және өзге де деректемелерді телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұратуға құқығы жоқ.Деректер мен қаржыға қамқорлық жасаңыз. Сақ болыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/994528?lang=kk
Kozybayev University мен Ионосфера институты арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою 13.05.2025
2023 жылғы 6 мамырда Ионосфера институтының өкілдері Kozybayev University базасында ұйымдастырылған "ТМД елдерінің аэроғарыш саласы үшін орнықты даму, ғылыми зерттеулер және кадрлар даярлау" халықаралық ғылыми-практикалық семинарына қатысты. Іс-шара Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресейден келген жетекші ғалымдар мен сарапшыларды біріктіріп, астрофизика, спутниктік технологияларды қолдану, сондай-ақ ғарыш индустриясы үшін білім беру бағдарламаларын жетілдіру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаң құрды.Ионосфера институты тарапынан ғарыштық ауа-райын зерттеу, атмосфера физикасы, ғарыштық деректерді талдау және төтенше жағдайлардың спутниктік мониторингі жүйелерін әзірлеу саласындағы ғылыми нәтижелер ұсынылды.Семинардың басты оқиғасы Kozybayev University мен Ионосфера институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Құжат декарбонизация, парниктік газдардың мониторингі, студенттерге арналған білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ жоғарғы атмосфера мен жерге жақын ғарыш физикасын зерттеу бойынша зерттеулер жүргізу саласында бірлескен жұмысты көздейді.Профессор Андрей Андреевич Солодовник бастаған Kozybayev University астрофизикалық зерттеулер орталығының жетістіктері қатысушылардың назарын аударды. Орталық ұжымы метеорологиялық процестердің күміс бұлт динамикасымен байланысын дәлелдеуді қоса алғанда, ұзақ мерзімді айнымалы жұлдыздарды зерттеуде инновациялық нәтижелерді ұсынды — бұл әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ жаңалық.Іс-шараның қорытынды бөлімінде тараптар бірлескен ғылыми жобалардың перспективаларын, Ионосфера институты базасында студенттік практикаларды ұйымдастыруды, сондай-ақ халықаралық ғылыми әріптестік шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazcosmos/press/news/details/993611?lang=kk