Әлем
ПРЕЗИДЕНТ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 17.10.2025
Мемлекет басшысы бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін атап өтті.– Конституциямыздың алғашқы бабында «Адам және адамның өмірі – мемлекеттің ең қымбат қазынасы» екені анық көрсетілген. Азаматтық қорғау саласының әр қызметкері ел қауіпсіздігі және азаматтарымыздың амандығы үшін қажырлы еңбек етуде. Шын мәнінде, құтқарушы болу – кез келген төтенше жағдайға дайын тұру, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан адам өміріне араша түсу деген сөз. Бұл – әрине, өте абыройлы іс, жауапты қызмет. Халқымыз өздеріңіз сияқты батыл, ержүрек және ең бастысы, нағыз отаншыл азаматтарды әрдайым мақтан тұтады. Сіздердің адал қызметтеріңіз – өскелең ұрпақ үшін өте жақсы үлгі-өнеге, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент соңғы жылдары еліміз бастан өткерген табиғи апаттардың ең ауыр салмағы құтқарушыларға түскенін айтты.– Былтыр алапат су тасқыны кезінде сіздер жұртты қауіпсіз жерге көшіріп, апаттан аман алып қалдыңыздар. Қостанайда, Семейде және басқа да аймақтарда болған орман өртіне қарсы тұрып, тілсіз жаумен күрестіңіздер. Төтенше жағдай болған аймақтарға өзім де арнайы бардым. Ерлікке бергісіз нағыз еңбекті өз көзіммен көрдім. Сондықтан азаматтық қорғау саласы мамандарының кәсіби шеберлігі және табанды еңбегінің арқасында біз бір ел болып барлық қиындықты еңсердік деп толық сеніммен айтуға болады. Жалпы, құтқарушыларымыз соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалды. Сондай-ақ шетелдегі гуманитарлық миссияларға қатысып, кәсіби деңгейі жоғары озық маман екенін дәлелдеді. Сол арқылы еліміздің халықаралық беделін арттыруға атсалысты. Осы орайда бүгін мен еліміздегі барлық құтқарушыларға тағы да зор алғысымды айтамын, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар, «Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс»- деп атап өткен Мемлекет басшысы мемлекет азаматтық қорғау саласын күшейте түсуге баса мән беретінін айтты.– Осыдан бесжыл бұрын Төтенше жағдайлар министров құрылды, ал осы салаға республикалық бюджетен бөлинетин қаржы екі жарым есе көбейді. Бір сөзбен, нақты және тиімді шаралар қабылдана бастады. Атап айтқанда, 1700-ден астам арнайы техника алинды. 42 өрт сөндіру депосы және құтқару станции салынды. Аудандық төтенше жағдай бөлімшелері заман талабына сай жаңғыртыла бастады. Құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмысы да басты назарда. Соңғы екі жыл ишінде сала мамандарының еңбекақысы 77 пайызға өсті, энди оларға арнайы үстемеақы теленетін болды. Сондай-ақ тұрғын үй төлемдері мен әлеуметтік жеңілдіктер беріле бастады. Жалпы, бұл жұмыс миндетті түрде өз жалғасын табады. Осындай шаралардың арқасында азаматтық қорғау саласының кадрлық әлеуеті артып келеді, – деді Президент.Мемлекет басшысы жер жүзінде түрлі самптерге байланысты табиғи жэне техногендік апаттар көбейіп кеткеніне тоқталып, кәсіби тұрғыдан білікти, мықты мамандарды, яғни жаңа заман құтқарушыларын даярлауға ерекше назар аудару қажет екенин тілге тиек етті.– Осы мақсатпен Көкшетау техническиелық институты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғауясы академии болып қайта құрылды. Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс. Мемлекеттік органдар құтқарушыларға қоғамда лайықты баға берілуі үшін барынша шара қабылдауға міндетті. Өте қиын, қауіпті, бір емес, бірнеше бахытта дайындықты қажет ететин осынау мамандықты насихаттауға бұқаралық ақт пара құралдары, өнер адамдары үлес қоса алады. Нағыз құтқарушылар әскери іс, экономика, құрылыс және басқа да көптеген саладағы арнайы білімді мегагерген. Олардың арасында спортшылар да аз емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
KazGASA Мадрид политехникалық университетімен академиялық ынтымақтастықты нығайтуда 17.10.2025
Мадрид, 2025 жылғы 16 қазан – Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) ректоры Б.Сабденалиев Испанияға сапары аясында Мадрид политехникалық университетінің Жолдар, арналар және порттар инженерлері жоғары мектебінің директоры Х.М. Атьенсамен кездесті.Кездесу барысында ректор KazGASA университетінің қызметі, білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулері және халықаралық жобалары туралы ақпарат берді. Б.Сабденалиев студенттердің шетелдік университеттерде білім алуына, халықаралық тәжірибе жинақтауына және кәсіби құзыреттерін дамытуына мүмкіндік беретін «Қос диплом» және «Академиялық ұтқырлық» бағдарламаларының табысты жүзеге асып жатқанын атап өтті.Өз кезегінде Х.М. Атьенса испандық университеттің тарихы мен қазіргі жетістіктері туралы хабарлады. Ол университеттің студенттер мен оқытушылар алмасуын, сондай-ақ бірлескен зерттеу бастамаларын қамтитын халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келе жатқанын ерекше атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша KazGASA мен UPM арасында академиялық серіктестікті нығайтуға, білім беру және ғылыми жобаларды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Тараптар инженерлік және сәулет білімі, орнықты даму жобалары және студенттер мен оқытушыларға арналған алмасу мен тағылымдамалар бағдарламалары салаларында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1088602?lang=kk
Қорғаныс министрі тұрғын үй заңнамасын жетілдіру қажеттігін атап өтті 17.10.2025
Астанада авиация генерал-лейтенанты Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың төрағалығымен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты ведомствоаралық кеңес өтті. Қорғаныс министрлігі ұсынған түзетулер әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін жеңілдетуге және оның ашықтығын арттыруға бағытталған.Талқылауға барлық күштік құрылымдардың, Әділет, Ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің, Бас прокуратураның, Қаржы мониторингі агенттігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.– Бүгінгі кездесу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген өзгерістерден туындаған өзекті мәселелер бойынша бірыңғай шешім қабылдау қажеттілігіне байланысты ұйымдастырылды. Бұл мәселе тек Қарулы күштерге ғана емес, барлық мемлекеттік органдарға қатысты, – деп атап өтті Қорғаныс министрі өз сөзінде.Министрдің айтуынша, бүгінде Қорғаныс министрлігі қызметкерлер мен әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын үй алу немесе тұрғын үй төлемдерін иелену құқықтарын сақтайтын түзетулер тетігін әзірлеген. Бұл тетіктер ережелерде нақты көрсетілмек.– Біз тек қолданыстағы тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін сақтап қана қоймай, оны барынша түсінікті әрі әділ етуді мақсат етудеміз. Артық бюрократияны жоямыз, даулы тұстарды нақтылаймыз, сонда әр әскери қызметші өз құқығын және төлем алу тәртібін анық біледі. Бұл тек әлеуметтік емес, моральдық мәселе, адам ертеңіне сенімді болса, ол қызметін жан-тәнімен атқарады, – деді министр.Бұдан өзге түзетулер күшіне енгенге дейін барлық төлемдер мен тұрғын үй беру қолданыстағы ережелерге сай жүзеге асырылады.Әлеуметтік шиеленісті азайту мақсатында министрлік ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Гарнизондарда ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, әскери бөлімдерде кездесулер өткізіп, әскери қызметшілердің сұрақтарына онлайн түрде жауап беруде және жаңа өзгерістерді түсіндіруде.Әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына жедел қолдау көрсету үшін қауырт желі мен InInstagram-дағы Kz_Army_Shanyraq аккаунты ашылды, онда ең өзекті сұрақтарға жауаптар жарияланып тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1088561?lang=kk
Талдықорған төрінде ұлттық өнер салтанат құрды! 17.10.2025
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында ұлттық өнерімізді ұлықтаған, рухани мазмұны терең мәдени кеш өтті. Бұл ерекше концерт көрермендерге өнер мен шеберліктің, дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімді көрінісін тарту етті.Сахна төрінде Қазақстанның халық әртісі, дәстүрлі әннің дарабозы Рамазан Стамғазының орындауындағы ұлттық туындылар көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.Сонымен қатар сахна төріне көтерілген – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұржан Жанпейісов. Ол қазақ ән өнерінің бай мұрасын, дәстүрлі мектептің терең иірімдерін бүгінгі тыңдарманға жаңа леппен жеткізе білді.Кештің музыкалық көркемдік деңгейін көтеріп, әуезді үнмен тербеткен – Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі. Оркестр әрбір шығарманы кәсіби шеберлікпен, үйлесімді орындап, ұлттық саз өнерінің шынайы бейнесін ашып көрсетті.Бұл кеш – Жетісу жұртшылығы үшін ұмытылмас әсер қалдырған рухани оқиғаға айналды. Ұлттық өнеріміздің мәртебесін көтеріп, дәстүр мен тарихқа тағзым еткен бұл шара, тыңдарман жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1088527?lang=kk
Қазақстан Варшавадағы ЕҚЫҰ отырысында адам саудасымен күрес және босқындарды қолдау тәжірибесімен бөлісті. 17.10.2025
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (БДИПЧ) адам өлшемі жөніндегі конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі. Отырыс адам саудасымен күрес пен босқындар және мәжбүрлі қоныс аударушылар мәселелеріне арналды.Омбудсмен атап өткендей, Қазақстан заманауи құлдықтың түрлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі халықаралық құжаттарды ратификациялаған. Өткен жылы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» арнайы заң қабылданды. Бұл санаттағы қылмыстар үшін ең қатаң жаза – 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.Адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі, сондай-ақ дағдарыс орталықтары мен баспаналар жұмыс істейді.Босқындар мәселесіне тоқтала келе, Артур Ластаев 2009 жылы тиісті заң қабылданып, онда қорғаныс іздеу құқығы мен елден шығармау қағидаты бекітілгенін айтты.Бұл санаттағы адамдарға медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етілген, ал балалардың азаматтығына немесе ата-аналарының құқықтық мәртебесіне қарамастан білім алуға құқығы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1088510?lang=kk
Астанада Қылмыстық-атқару жүйесінің мұражайы ашылды: «Тарихтың сақтаушысы, рухтың тәрбиешісі» 17.10.2025
Астанада Қылмыстық-атқару жүйесінің мұражайы ашылды: «Тарихтың сақтаушысы, рухтың тәрбиешісі»Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде қылмыстық-атқару жүйесінің жаңа мұражайының салтанатты ашылуы өтті. Бұл мұражай тарихи жадымызды сақтау, ағарту және қоғаммен ашық диалог орнатуға арналған алаңға айналды.Экспозицияда қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу кезеңдері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызметкерлердің ерлігі, сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде ерлік көрсеткен азаматтардың есімдері бейнеленген. Мұражайда ҚАЖ-нің адамгершілік қырына, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және тәрбиелік мақсаттарға ерекше назар аударылған.Ашылу рәсіміне ҚР ІІМ өкілдері, ардагерлер және Департамент қызметкерлері қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерімен бірге қылқан жапырақты ағаштар отырғызды. Бұл ағаштар - төзімділік пен тұрақтылықтың, жаңару мен адалдықтың символы, құқық қорғау саласының қызметкерлеріне тән қасиеттердің көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1088470?lang=kk
ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ 17.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің аграрлық секторын жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басты міндеті – озық агроэкономикаға көшу, бұл үкіметтің нақты және жүйелі жоспары болуы тиіс екенін айтты.Президенттің пікірінше, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында технологиялық жаңғырту аса қажет. Ауыл шаруашылығында заманауи цифрлық шешімдерді, интеллектуалды жүйелерді және инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы өнімділікті арттыру мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейеді.Сондай-ақ Мемлекет басшысы жер қойнауын зерделеу және ауыл шаруашылығымен байланысты табиғи ресурстарды басқару ісін жаңғырту қажеттігін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде жүргізілген аэро-геофизикалық зерттеулер ескірген, сондықтан бұл бағытты түбегейлі жаңарту қажет.«Жер қойнауына қатысты мәліметтердің барлығын, ең алдымен, жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет», – деді Президент.Бұл тапсырма еліміздің ресурстық әлеуетін тиімді пайдалануға, аграрлық саладағы ғылыми негізделген шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Цифрландыру мен жасанды интеллектті пайдалану геологиялық және агроөнеркәсіптік деректердің дәлдігі мен қолжетімділігін арттырып, саланың тұрақты дамуына жол ашады.Осылайша, озық агроэкономикаға көшу – тек ауыл шаруашылығының емес, бүкіл ұлттық экономиканың инновациялық бағыттағы дамуының негізі болмақ.#ПрезидентЖолдауы #Жолдау #Жолдау2025
Қазақстан мен Кипр СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 17.10.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қазан – Кипр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен телефон арқылы сөйлесті.Келіссөздер барысында К.Комбос қазақ әріптесін тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Кипр сыртқы саяси ведомстволар басшылығының арасындағы тұрақты және сындарлы диалогтың сақталуына үміт білдірді.ҚР СІМ басшысы көлік, логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, туризм және білім беру сияқты салалардағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін назарға алып, Қазақстанның Кипрмен серіктестік қатынастарды үдемелі түрде нығайтуға мүдделілігін атап өтті.Осы тұрғыда тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кипр ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылап, халықаралық күн тәртібі және халықаралық пен өңірлік ұйымдар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Өз кезегінде К.Комбос Кипр тарапының саяси диалогты тереңдетуге, іскерлік байланыстар мен алмасуларды кеңейтуге дайындығын растады, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы Кипрдің негізгі серіктесі ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.Сұхбат қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары сындарлы диалогты жалғастыруға және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген өзара көзқарасты растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1088423?lang=kk
Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты 881 млн долларға жетті 17.10.2025
Қазақстан Дубайда өтіп жатқан GITEX GLOBAL 2025 ірі әлемдік технологиялық көрмесіне цифрлық шешімдері мен стартаптардың басын біріктірген ұлттық павильонын ұсынды. Бастаманы ҚР сауда және интеграция министрлігі QazTrade-мен бірлесіп жүзеге асыруда. Павильонда жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді көрсететін 20 компания бар. Қатысушылар арасында жасанды интеллектті қолдана инсультті анықтау үшін дәрігерлерге көмектесетін Cerebra.ai және үшін, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында бейне-аналитика жүйесін дамытуға бағытталған BEST vision Technologie, қазақстандық білім беру сервистерін ілгерілететін BilimApp, аэроғарыштық технологиялармен жұмыс істейтін Ghalam және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін цифрлық шешімдер жасайтын Alaqan жобалары бар. Бұл компаниялардың барлығы әлемдік нарыққа шығуға ықпал ететін QazTrade "Экспорттық акселерация" бағдарламасына қатысушылар. Қазақстандық IT-командалар БАӘ, Сауд Арабиясы және Катардан келген инвесторлармен және технологиялық компаниялармен кездесулер өткізіп жатыр. Мемлекеттік сервистер мен корпоративтік платформаларға отандық шешімдерді енгізу талқылануда. Көрме аясында қазақстандық TrustMe компаниясы Дубайдағы Sogdians Venture Studio компаниясымен келісімге қол қойды. Олар қазір БАӘ мен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) нарығындағы TrustMe ресми өкілдері болып табылады. Сонымен қатар, Blackstone AI компаниясы Family Eight Holdings Limited (БАӘ) компаниясымен Меморандумға қол қойды. Тараптар жасанды интеллект технологияларын интеграциялау, жаңа өнімдерді бірлесіп әзірлеу және шетелдік нарыққа шығуды кеңейту саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты. "GITEX мемлекеттік делегациялар мен технологиялық корпорацияларды қоса алғанда, 170-тен астам елдің қатысушыларын біріктіреді. Көрмеге қатысу қазақстандық IT-компанияларды халықаралық нарықтарға ілгерілету үшін стратегиялық қадам болып отыр. Қазақстан шикізатты ғана емес, зияткерлік өнімдерді де экспорттайтын ел ретіндегі орнын нығайтуда. 2024 жылы Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты 20,3% - ға ұлғайып, 881 млн долларға жетті", - деп атап өтті Qaztrade басқарушы директоры Айнұр Әмірбекова. Қазақстанның GITEX-ке қатысуы мемлекет Басшысының 2025 жылғы Жолдауында белгіленген басымдықтарды көрсетеді, онда ол "жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар елдің экономикалық өсуі мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің жаңа драйвері болуға тиіс" деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1088399?lang=kk
Қытай және Қазақстанның кеден қызметтері арасындағы достық кездесу Нұркент қаласында өтті 17.10.2025
2025 жылғы 15 қазанда Нұркент қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының кеден қызметтері арасында жолдастық спорттық кездесу өтті.. Іс-шара екі елдің кеден әкімшіліктерін көп жылдан бері байланыстырып келе жатқан өзара түсіністік пен әріптестік рухында ұйымдастырылды. Ойынға Қазақстан мен Қытайдың өңірлік кеден бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Кездесу достық ахуалда өтіп, ведомствоаралық ынтымақтастықты, өзара құрмет пен командалық рухты нығайтудың символына айналды. Спорттық бөлімнен кейін қатысушылар естелік сыйлықтармен алмасты және екі ел арасындағы кәсіби, мәдени және спорттық бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді. Осындай іс-шаралар өзара сенімді арттыруға, ынтымақтастықтың тиімділігін күшейтуге және Қазақстан мен Қытайдың кеден қызметкерлері арасындағы берік байланыстарды қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1088365?lang=kk
Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады 17.10.2025
Алматы облысының егіншілері мен фермерлері мегаполис тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелеріне ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бал, күріш, жұмыртқа және аймақтан өндірілген өзге де тауарлар шығарылады.Ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қазанның 18–19 күндері Алматы қаласында, Қазыбек би көшесінде (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін, КБТУ төменгі жағында) өтеді. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы әрі табиғи өнімдерді нарық бағасынан 15%-ға арзан сатып алуға тамаша мүмкіндік болмақ.Жәрмеңкеге жалпы 16 тонна ет, 1,6 тонна сүт өнімдері, 18,6 тонна картоп, 19,5 тонна пияз, 36,2 тонна түрлі көкөніс, 6 тонна күріш, 3,3 тонна бал, 26 тонна алма мен жеміс-жидек, сондай-ақ 50,5 тонна басқа да өнім жеткізіледі.Іс-шара Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкенің басты мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау, ішкі нарықты дамыту және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1088339?lang=kk
«Нан- дастархан байлығы» 17.10.2025
Ағымдағы жылдың 16 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында әлемдік мәдениеттегі ең қасиетті тағамдардың бірі - нанға арналған керемет «Нан-дастархан байлығы» фестивалі өтті.Фестивальдің ашылуы түрлі елдердің «наубайханаларына» саяхат жасайтын гастрономиялық сапарға шақырудан басталды.Француз наубайханасы «Қытырлақ круассан» жеңіл әрі үлпілдек круассан пісірудің құпияларымен бөлісті, ал итальяндық «Күншуақ пицца» қытырлақ фокачча дайындаудың сырларын ашты. «Алтын бауырсақ» ұлттық тағам пісірудің көне өнерімен таныстырды, ал ағылшын наубайханасы «Жаңа піскен кекс» дәстүрлі шай ішу мәдениетінің атмосферасына бөледі. Өзбек шеберханасы «Көңілді самса» дәмі тіл үйірер тамаша тағамды әзірлеуді көрсетті. Ал ағылшын наубайханасы «Жаңа піскен маффин» дәстүрлі шай ішу атмосферасына бөледі. «Қызарған құймақ» ұсынған орыс асханасымен танысып, онда балалар әйгілі орыс құймағын пісіруді үйренді.Жас оқырмандар әр түрлі халықтардың «нанға қатысты» дәстүрлерімен танысып қана қоймай, өздері де осы ғажайып аспаздық өнердің қыр-сырын меңгерді. Әрқайсысы өзін нағыз наубайшы рөлінде сынап көруге мүмкіндік алды.«Нан - дастархан байлығы» фестивалі дәмнің, мәдениеттің және достықтың нағыз мерекесіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1088316?lang=kk
Тұран шағын ауданында инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылу кезеңі 17.10.2025
Тұран шағын ауданында инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылу кезеңі«Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «As Orda Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Тұран шағын ауданындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына қатысты мемлекеттік сатып алу шарты 2018 жылғы 11 наурызда жасалған. Аталған жоба Тұран шағын ауданының инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыруға және жаңа тұрғын үйлерді инженерлік желілермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының шамамен 85 пайызы аяқталып, нысанда абаттандыру кезеңі жүргізілуде. Бүгінгі күні аяқжол мен веложол төсеу, жол жиектерін ретке келтіру, жер қазу және тегістеу жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар инженерлік желілердің қауіпсіздігі мен сапасына бақылау күшейтілген. Жоба аясында барлық жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан қажетті шаралар қабылдануда. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында қазба және соңғы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1096125?lang=kk
Астана 2026 жылы Бесінші дүниежүзілік кадеттер ойынын өткізеді 17.10.2025
2026 жылы Қазақстанның бас қаласы – Астана Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) Бесінші дүниежүзілік кадеттер ойындары өтетін алаңға айналады. Мұндай шешім ұйым президенті Ролим Гоместің төрағалығымен Абу-Дабиде өткен Әскери спорт кеңесінің әлемдік симпозиумында қабылданды.Қазақстанның ауқымды жарысты қабылдауға дайын екені туралы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов CISM Директорлар кеңесіне мүше елдерінің 15 өкілі алдында мәлімдеді. CISM басшылығы еліміздің спорттық инфрақұрылымының деңгейін, ұйымдастырушылық әлеуетін және ойындарға жүйелі дайындықты жоғары бағалады.Кадет ойындарының бағдарламасына бес спорт түрі енеді: бокс, қазақ күресі, жеңіл атлетика, жүзу және шағын футбол. Бұл жарыстарға әлемнің түкпір-түкпірінен үздік курсанттар мен әскери оқу орындарының өкілдері қатысады деп күтілуде.Алдағы ойындар болашақ офицерлер арасындағы достықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және патриоттық әрі спорттық құндылықтарды дәріптеуге арналған маңызды алаң болмақ.Қазақстан үшін мұндай халықаралық жастар турнирін өткізу – ұлттық әскери-спорттық жүйенің жоғары деңгейде дамығанының айғағы. Бүгінде елімізде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі және Шекара қызметінің қарамағындағы алты әскери жоғары оқу орны мен Қорғаныс министрлігінің әскери-спорт колледжі жұмыс істейді.Бұған дейін Дүниежүзілік кадеттер ойындары Анкарада (Түркия, 2010), Салинаста/Китода (Эквадор, 2014), Санкт-Петербургте (Ресей, 2022) және Каракаста (Венесуэла, 2024) өткен болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1088258?lang=kk
МКБ Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіруді жалғастыруда. 17.10.2025
2025 жылғы 30 қазанда Қарағанды облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салық төлеушілер үшін Ашық есік күндері өткізілді, олардың мақсаты салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді ақпараттандыру және түсіндіру болып табылады.Іс-шаралар шеңберінде салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық кодексіндегі инновациялар бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді.Кездесулер барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістермен танысуға, бұл инновациялардың олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ өз сұрақтарын қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды.Іс-шаралар жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін салық төлеушілермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1096265?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты 17.10.2025
Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Қаланың барлық ауданын қамтыған сенбілікке қала тұрғындары, жастар, еріктілер, коммуналдық қызмет өкілдері мен білім беру мекемелерінің оқушылары белсене атсалысты.Абай ауданы: Қызылжар аумағы мен Сарыкөл көшесі тазартылдыТұрғыны тығыз шоғырланған Қызылжар шағын ауданында «Таза мекен» акциясы ұйымдастырылып, көшелердің бойы, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыкөл көшесінің бойы инертті қалдықтардан тазартылып, ретке келтірілді.Акцияға «Amanat» партиясының Шымкент қалалық филиалынан 50 адам, 100-ден астам тұрғын және 40 коммуналдық қызметкер жұмылдырылып, нәтижесінде 5 жүк көлігімен 12 тонна қоқыс шығарылды.Қоғам белсендісі Бастархан Байжановтың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы тек сенбілікпен шектелмейді. Бұл бастама қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, сондай-ақ жас ұрпаққа үлгі көрсетуге бағытталған кешенді шара болып табылады.Әл-Фараби ауданы: №16 шағын аудан мен тұрғын үй аулалары тазартылды№16 шағын аудандағы №3 және №4 көп қабатты үйлердің ауласында сенбілік жұмыстары өтті. Қураған бұталар кесіліп, ирригациялық жүйелер тазартылды. Бұл шараға Әл-Фараби ауданының тұрғындары қатысып, арнайы 4 техника көмегімен 30 тоннадай қоқыс шығарылды.Еңбекші ауданы: Қалмырзаев көшесі тазартылып, көше сумен жуылдыҚалмырзаев көшесінде өткен тазалық жұмыстары барысында жол жиегі шөптен, қоқыстан тазартылып, асфальт беті сумен жуылды. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырады. Сенбілікке 100-ге жуық адам қатысып, 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды. 4 арнайы техника жұмылдырылды.Қаратау ауданы: Мирас шағынауданы мен Шым Сая шатқалында сенбілікМирас шағын ауданындағы Ғұн елі, Кеме қалған, Алтын адам көшелері мен Шым Сая шатқалында сенбілік өтіп, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолы қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника мен шағын аудан тұрғындары және түрлі мекемелердің қызметкерлері қатысты.Тұран ауданы: Жаңаталапта ауқымды тазалық жұмысы жүргізілдіҚаланың шетінде орналасқан Жаңаталап шағын ауданындағы іс-шараға тұрғындар, ардагерлер және коммуналдық мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Көшелер мен арықтар тазаланып, қураған ағаштар кесілді. Жұмысқа бір тиегіш техника, екі жүк көлігі және үш ағаш кесу құрылғысы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам азамат атсалысты.Қала жастары: «Таза Шым» акциясы Абай саябағында өттіШымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Абай саябағында «Таза Шым» атты тазалық акциясы өтті. Оған 50-ге жуық ерікті жас қатысып, саябақ аумағын қоқыстан тазалап, 112 кг қалдық жиналды. Бұл шара жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған қаланың тазалығына үлес қосуға бағытталды.Мектептерде экологиялық тәрбие күшейтілдіҚаланың барлық білім беру ұйымдарында «Таза қала» тақырыбында экологиялық сынып сағаттары мен дәрістер өтті. Мысалы, №5, №15 және №45 мектептерде ашық сабақтар ұйымдастырылып, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау туралы жан-жақты ақпарат берілді.Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже«Таза Қазақстан» акциясы – бұл тек бір реттік сенбілік емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған тұрақты жоба. Қала тұрғындары бұл бастаманың елдің экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттырудағы маңызын жақсы түсіне бастады.Мұндай кең ауқымды тазалық шаралары қала аумағын таза ұстау ғана емес, тұрғындар арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға да өз үлесін қосып отыр. «Таза қала – таза қоғамның айнасы» қағидасын ұстанған шымкенттіктер бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті.
«Таза Қазақстан»: Шымкенттіктер мен жастар ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты 17.10.2025
Шымкентте «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Қаланың барлық аудандарын қамтыған сенбілікке жергілікті тұрғындар, еріктілер, жастар, коммуналдық қызметкерлер, студенттер қосылды. Абай ауданы: Қызылжар шағын ауданы мен Сарыкөл көшесі тазартылды Халық тығыз орналасқан Қызылжар ықшам ауданында «Таза мекен» акциясы өтті. Қатысушылар көшелерді, арықтарды, суару жүйелерін қоқыстан тазартып, ағаштарды кесіп, аумақты абаттандырды. Сарыкөл көшесінде инертті толтыру алынып, аумақ ретке келтірілді. Шараға «Аманат» партиясының өкілдері, жергілікті тұрғындар, коммуналдық сала қызметкерлері, барлығы 190-ға жуық адам қатысты. Операция барысында бес жүк көлігінің көмегімен 12 тонна қалдық шығарылды. Қоғам қайраткері Бастархан Байжанов «Таза Қазақстан» бағдарламасы жай сенбілік емес, жастардың экологиялық санасы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді бастама екенін атап өтті. Әл-Фараби ауданы: 16-шағын ауданды абаттандыру No3 және No4 көпқабатты үйлердің аулаларында сенбіліктер өткізілді: суару арналары тазартылып, қураған бұтақтар қырқылды. Тұрғындар мен арнайы техниканың атсалысуының арқасында 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Еңбекші ауданы: Қалмырзаев көшесі тазартылды Қалмырзаев көшесінде жол жиегін тазалау және жолды жуу жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмысына 100-ге жуық қатысушы жиналды, төрт техника тартылды және шамамен екі тонна қоқыс жиналды. Қаратау ауданы: «Мирас» шағын ауданы мен Шым Сая шатқалында тазалық «Гүн елі», «Кеме қалған», «Алтын адам» көшелері мен «Шым сая» демалыс аймағындағы қоғамдық аумақтар, тротуарлар, жасыл желектер тазартылды. Оған аудан тұрғындары, түрлі мекеме қызметкерлері, 12 арнайы техника жұмылдырылды. Тұран ауданы: «Жаңа талап» шағын ауданында ауқымды сенбілік Жергілікті тұрғындардың, ардагерлердің, коммуналдық қызметтердің көмегімен көшелер мен арықтар тазартылып, қураған ағаштар кесілді. Жұмысқа 100-ден астам адам мен алты техника, соның ішінде жүк көліктері мен ағаш кескіштер жұмылдырылды. Жастар: Абай саябағында «Таза шым» акциясы Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы «Қалаға жайлы орта» бөлімімен бірлесе отырып, Абай саябағында «Таза шым» акциясын өткізді. 50-ге жуық ерікті аумақты тазалап, 112 келі қоқыс жинады. Акцияның мақсаты – жастардың экологиялық сана-сезімі мен жауапкершілігін арттыру. Мектептерде экологиялық тәрбие беру Барлық қала мектептерінде «Таза қала» тақырыбында тақырыптық сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізілді. Нақтырақ айтсақ, No5, No15, No45 мектептерде оқушылар қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптау, табиғатты аялаудың маңыздылығын білді. Жүйелі көзқарас және нақты нәтиже «Таза Қазақстан» бағдарламасы Шымкентте тұрақты түрде жүзеге асырылуда және экологиялық сананы, жауапкершілік сезімін және қалаға деген қамқорлықты тәрбиелеуге бағытталған. Ауқымды науқандар экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдастықтың бірлігі мен азаматтық белсенділігін нығайтады. «Таза қала – таза қоғамның айнасы» деген қағиданы ұстанған шымкенттіктер алдағы уақытта да өз қалаларын абаттандыруға белсене атсалысуға дайын.
«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции 17.10.2025
В Шымкенте в рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» прошла масштабная экологическая акция. К субботнику, охватившему все районы города, присоединились местные жители, волонтёры, молодежь, коммунальные службы и учащиеся учебных заведений.Абайский район: очищены микрорайон Кызылжар и улица СарыкөлВ плотно заселённом микрорайоне Кызылжар прошла акция «Таза мекен», в ходе которой участники очистили улицы, арыки и ирригационные системы от мусора, провели обрезку деревьев и благоустройство территории. На улице Сарыкөл была устранена инертная засыпка и наведён порядок.В акции приняли участие представители партии «Amanat», местные жители и коммунальщики — всего около 190 человек. В ходе работ было вывезено 12 тонн мусора с помощью 5 грузовиков.Общественный деятель Бастархан Байжанов отметил, что программа «Таза Қазақстан» — это не просто субботник, а комплексная инициатива, направленная на формирование экологического сознания и воспитание ответственности у молодёжи.Аль-Фарабийский район: благоустройство 16-го микрорайонаВо дворах многоэтажных домов №3 и №4 были проведены субботники: очищены ирригационные каналы, обрезаны сухие ветки. Благодаря участию жителей и спецтехники было вывезено около 30 тонн мусора.Енбекшинский район: очищена улица КалмырзаеваНа улице Калмырзаева проведены работы по очистке обочин и мойке дорожного покрытия. Субботник собрал около 100 участников, использовано 4 единицы техники, собрано около 2 тонн мусора.Каратауский район: уборка в микрорайоне Мирас и ущелье Шым СаяНа улицах Гун елі, Кеме калган, Алтын адам и в зоне отдыха Шым Сая проведена очистка общественных территорий, тротуаров и зеленых зон. Привлечены жители микрорайона, сотрудники различных учреждений и 12 единиц спецтехники.Туранский район: масштабный субботник в микрорайоне Жаңа талапС участием местных жителей, ветеранов и коммунальных служб очищены улицы, арыки, обрезаны сухие деревья. В работах было задействовано более 100 человек, 6 единиц техники, в том числе грузовые автомобили и деревообрезные установки.Молодёжь: акция «Таза Шым» в парке АбаяМолодежный ресурсный центр города Шымкент совместно с Управлением комфортной городской среды провели акцию «Таза Шым» в парке Абая. Около 50 добровольцев очистили территорию и собрали 112 кг мусора. Акция направлена на воспитание экологической культуры и ответственности среди молодежи.Экологическое воспитание в школахВо всех школах города прошли тематические классные часы и открытые уроки по теме «Таза қала». В частности, в школах №5, №15 и №45 учащимся рассказали о важности охраны окружающей среды, сортировки бытовых отходов и бережного отношения к природе.Системный подход и реальный результатПрограмма «Таза Қазақстан» в Шымкенте реализуется на постоянной основе и направлена на формирование экологической культуры, развитие чувства ответственности и заботы о родном городе.Масштабные акции способствуют не только улучшению экологической ситуации, но и укреплению сплочённости и гражданской активности. Шымкентцы, придерживаясь принципа «Чистый город — зеркало чистого общества», готовы и впредь активно участвовать в благоустройстве своего города.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі "Жолаушылардың кедендік декларациясын қабылдау" 17.10.2025
Жолаушылардың кедендік декларациясын қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші кедендік операцияларды жеке пайдалану үшін тауарларды шығаруға уәкілетті мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамына пассажирская таможенная декларация жолаушының кедендік декларациясын қағаз жеткізгіште ұсыну жолымен немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы (мысалы, E-Salyq Azamat) жүзеге асырады."Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 30-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 176-бабына сәйкес ӨТҚ ұсынады. ШҚО бойынша МКД «Әуежай Өскемен» кеден бекетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1088122?lang=kk
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту жобасы талқыланды 17.10.2025
Бүгін Байқоңыр қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылып жатқан сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау жобасы бойынша алда атқарылатын жұмыстарды пысықтау үшін жұмыс кеңесі өтті.Кеңеске Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жан Шайхысламұлы, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Павлович, сондай-ақ жауапты сала басшылары қатысты.Жиын барысында жобаның екінші кезеңі бойынша іске асырылатын жұмыстар мен оның жүзеге асу барысы талқыланды. Алдағы уақыттағы Байқоңыр қаласы аумағында іске асырылатын техникалық және инфрақұрылымдық шешімдер де нақтыланды.Айта кету керек, қазіргі таңда реконструкциялау жобасының екінші кезеңінің құрылыс жұмыстары басталуда. Бұл кезеңде негізгі инженерлік желілер жаңартылып, су жүйесінің сапасы жақсартылатын болады.Аталған жоба — қала мен аудан халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды заманауи талаптарға сай жетілдіруге бағытталған маңызды бастама болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1088128?lang=kk