Enbekshi QazaQ

Әлем

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ 26.02.2026
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ2025 жылы қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Азық-түлік тауарларының тізімі 31 атауға дейін кеңейтіліп, олардың баға өсімін болдырмау үшін сауда желілері мен өндірушілермен келісімшарттар жасалды.Халыққа қолжетімділікті арттыру мақсатында 16 «Бақша» әлеуметтік павильоны ашылып, қаланың әртүрлі аудандарында апта сайын тұрақты азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды. 2025 жылы 353 жәрмеңке өткізілсе, 2026 жылдың басынан бері 55 жәрмеңке өткізілді.Бағаны қадағалау шаралары аясында кәсіпкерлік субъектілердің қызметі талданып, шекті сауда үстемесін асыра пайдалану фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, нарықтағы делдалдық әрекеттер анықталып, шектелді.Ветеринариялық іс-шаралар да белсенді жүргізілді: 10 түрлі жұқпалы ауруға қарсы 1,19 млн вакцина егілді, 227 776 қан сынамасы алынып, зерттелді. Энзоотиялық ауруларға қарсы көктем және күз айларында малдарға өңдеу жүргізілді, сондай-ақ парктер, гүлзарлар, өзен жағалаулары мен қоқыс алаңдары залалсыздандырылды.Қала аумағында 48 мыңға жуық қаңғыбас ит пен мысық ауланып, стерилизация жүргізілді. Жыл басынан бері 7 мың бас ит ауланған.Аталған шаралар тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге, санитарлық тұрақтылықты сақтауға және мал шаруашылығының эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары – Тоғай Жәнібек мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1170274?lang=kk
Самар ауданында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті 26.02.2026
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісoв азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Кездесу барысында тұрғындар аудандағы өмір сапасын арттыру және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қатысты өзекті тақырыптарды көтерді.Әлі күнге дейін ең өзекті мәселе – тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету болып отыр. Бұл бағытта «Отбасы банк»пен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізілуде. Келесі бірнеше жыл ішінде ауданда кең көлемде тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр, бұл әлеуметтік қысымды кезең-кезеңімен азайтуға және тұрғын үй мәселесін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, тұрғындардан жеке шаруашылық жүргізу, мал бағу және кәсіпкерлікті дамыту үшін жер учаскелерін жалға алу туралы өтініштер жиі түсіп отыр. Аудан әкімі атап өткендей, бұл халықтың ауданды дамытуға, экономикалық белсенділікке және тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді. Мұндай бастамалар заң шеңберінде қолдау табады.Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер жеке бақылауға алынды. Оларды шешу және тиісті шешімдерді іске асыру тиісті органдардың қатысуымен заңға сәйкес жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1170279?lang=kk
Қазақстан мен Марокко арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үлкен потенциалы бар 26.02.2026
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Саулекүл Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар министрлігінің Экономикалық дипломатия департаментінің директоры Мохаммед Бельхажбен кездесті.С. Сайлауқызы М. Бельхажды департамент директоры болып тағайындалуымен құттықтап, алдағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі және Қазақстанда өтіп жақтан ауқымды конституциялық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Мароккалық дипломат Қазақстанның жетістіктері туралы көп естім жүргенін айтып, елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.Тараптар «сағат теңестіру» ретінде Қазақстан Сыртқы істер министрі мен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасының 2025 жылы Рабатқа жасаған ресми сапарлары барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын, сондай-ақ цифрландыру, туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларында  бірлескен  жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1170291?lang=kk
ШҚО-да тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған азамат усталды 26.02.2026
ШҚО-да тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған азамат усталдыӨскеменде 22 жастағы азамат смартфонды тергеу изоляторына жеке мақсатта пайдалану үшін тергеудегі досына кіргізуге тырысқан. Алайда әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Нанның ортасында жасырылған смартфонды қызметкерлер сәлемдемені тексерген кезде тапты. Мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі.– Аталған факті бойынша мекеме қызметкерлері құқық бұзған азаматқа қатысты тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге және беруге жол бермеу туралы әімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, – деп түсіндірді Салтанат Дәулетбек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1170168?lang=kk
Аустриялық компаниялар денсаулық сақтау саласында Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда 26.02.2026
Вена, 2026 жылғы 25 ақпан – Аустрияның Грац қаласында қазақстанның «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» мен «Sunlas Holding» денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы жетекші аустриялық кәсіпорны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Тараптар медициналық көмектің сапасын арттыруға, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға келісті.Меморандумға қол қою халықаралық медициналық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және емдеудің заманауи стандарттарын енгізуге, мамандар даярлауға және денсаулық сақтау жүйесін ең үздік еуропалық тәжірибелер негізінде дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1170183?lang=kk
Астана мен Любляна консулдық-құқықтық өзара іс-қимылды күшейтуде 26.02.2026
Любляна, 2026 жылғы 24 ақпан – Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту шеңберінде Елші Алтай Әбибуллаев Словения сыртқы және еуропалық істер министрлігі Халықаралық құқық және мүдделерді қорғау Директоратының Бас директоры Марко Раковецпен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар консулдық өзара іс-қимыл және шарттық-құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Екі ел азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тұрақты үйлестіру тетігі болуға арналған алғашқы екіжақты консулдық консультацияларды өткізуге дайындыққа ерекше назар аударылды.Тараптар сондай-ақ реадмиссия туралы, экстрадициялау туралы және азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімдер жасасу перспективаларын қарады. Словениялық тарап кейіннен қазақстандық тараптың қарауы үшін үлгілік келісімдердің жобаларын ұсынуға дайын екендігін білдірді.Словения Шенген кеңістігінің қатысушысы болып табылады және Еуропалық Одақтың бірыңғай визалық саясатын қалыптастыруға қатысады, бұл консулдық саладағы екіжақты диалогқа қосымша мән береді.Сонымен қатар, Слатина Рогашка, Ново-Место және Копер сияқты қалаларда Қазақстан Республикасының Құрметті консулдарының желісін кеңейту мәселелері қаралды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар консулдық-құқықтық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1170205?lang=kk
Алматыда «Қалқан» қысқы спартакиадасы жалауын көтерді 26.02.2026
 Дүбірлі доданы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, Армия орталық спорт клубы және «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы ұйымдастырып отыр.Дәстүрлі жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 17 команда құрамындағы 72 жас спортшы қатысып жатыр.Қысқы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Жақсылық Айтбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары – Алматы қаласындағы оқу-жаттығу орталығының бастығы полковник Атахан Нуриддинов және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев қатысты.Жарыс бағдарламасына президенттік көпсайыс жаттығулары, атап айтқанда жасөсіпірімдер үшін белтемірге тартылу, қыздар үшін шалқалап жатып денені көтеру, сондай-ақ үш шақырымдық шаңғы жарысы және пневматикалық мылтықтан оқ ату кіреді. Командалық есепте жеңімпаздар спортшылардың жинаған ұпай саны бойынша анықталады.Жарысқа қатысушылар үшін Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсия, «Қалқан жалыны» кешкі алауы, патриоттық фильмдер көрсетілімі, жоғары әскери оқу орындарымен таныстыру секілді мәдени-демалыс бағдарламасы да қарастырылған.«Қалқан» қысқы спартакиадасы биыл бесінші рет өткізіліп отырғанын айта кету керек. 2022 жылғы сайыста Қостанай облысының командасы жеңімпаз атанса, 2024 жылы Ақмола облысының құрамасы топ жарды. Ал 2023 және 2025 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының командасы екі мәрте чемпион атанған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1170051?lang=kk
Науырзым ауданында "Қарлы десант" акциясы өтті 26.02.2026
Науырзым ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясы өтті. Іс-шара Еріктілер жылының ресми ашылуына арналды.Акция барысында 2026 жылдың Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы тарапынан Тұрақты даму мүддесіндегі Халықаралық еріктілер жылы (IVY 2026) болып жарияланғаны және аталған бастаманың авторы – Қазақстан екені ресми түрде хабарланды. Бұл шешім еріктілік қызметтің қоғамдағы рөлін арттыруға, азаматтық белсенділікті дамытуға және ел игілігі жолындағы игі бастамаларды қолдауға бағытталған.Еріктілер жылының ресми ашылуынан кейін жастар нақты іспен өз үлестерін қосты. Акция аясында жалғыз тұратын Добровольский отбасына және Жұмашева Ж. апайдың шаңырағына барып, әлеуметтік көмек көрсетті. Атап айтқанда, ауладағы қарды тазалады, отынға ағаш жарып берді, көмір кіргізіп, қысқы отынды реттеуге жәрдемдесті.«Қарлы десант» акциясы – бір күндік шара ғана емес. Бұл – аға буынға құрмет көрсетудің, жанашырлық пен жауапкершіліктің нақты көрінісі. Мұндай бастамалар қоғамда өзара қолдау мәдениетін қалыптастырып, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.Науырзым ауданының жастары алдағы уақытта да қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы іс-шараларды тұрақты түрде жалғастырып, қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етуді мақсат етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1170039?lang=kk
«Іскер аймақ» — өңірлер мен ауылдық жерлердегі микро, шағын бизнесті қолдау 26.02.2026
 бағдарламасы. Кәсіпкерлер 200 млн теңгеге дейін несие алып, қарыз мөлшерлемесінің 40%-ына дейін субсидиялап, «Даму» Қорының 85%-ға дейінгі кепілдігін пайдалана алады. Сондай-ақ бағдарлама аясында тегін оқу, консультация, инфраструктураға жеңілдік те қарастырылған.📞 Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Қостанай облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, «СТИ Қостанай» бизнес орталығы, 2-қабат, 209-кабинет. Тел. 8 (7142) 990-305, 1408 қысқа нөмірі арқылы ала аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1170019?lang=kk
Алматыда «Чуньцзе» және «Шамдар» мерекелері аталып өтілді 26.02.2026
2026 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы ұйымдастырған Қытай Жаңа жылын - «Чуньцзе» көктем мерекесін мерекелеу аясында «Шамдар» мерекесіне орай мәдени іс-шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достық пен кең ауқымды өзара іс-қимылға негізделген көпқырлы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сөз соңында Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, Қытай халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1170021?lang=kk
Семейдегі стоматологияда салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану фактісі анықталды 26.02.2026
Семей қаласындағы стоматологиялық клиникалардың бірінде Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Аталған бұзушылықтар медициналық қызмет көрсету кезінде міндетті талаптардың сақталуына жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша белгілі болды. Бақылау іс-шараларын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Абай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы прокуратура органдарымен бірлесіп жүргізілді. Тексеру нәтижесінде пациенттерді диагностикалау және емдеу кезінде белгіленген тәртіпте міндетті салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарының қолданылғаны анықталды. Салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын бұзуы болып табылады. Денсаулық сақтау саласында салыстырып тексеруден өткен өлшем құралдарын қолдану міндетті, өйткені олардың дәлдігі пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. «Медициналық практикада өлшеулердің дәлдігі пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Өлшем құралдары дәрілік препараттар мен анестезия дозаларын есептеу кезінде, пациенттің жағдайын бақылауда және медициналық жабдықтың жұмысын қамтамасыз етуде қолданылады. Салыстырып тексеруден өтпеген аспаптарды пайдалану дұрыс емес нәтижелерге әкеліп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін», – деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсету кезінде қолайсыз салдарлармен аяқталған жағдайлар, оның ішінде Астана қаласында да, тіркелген. Бұл аталған салада тексеру іс-шараларын жүргізуге және бақылауды күшейтуге негіз болды. Тексеру материалдарын қарау қорытындысы бойынша ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Субъектіге 696 325 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1169990?lang=kk
Тегеранда Қазақстандағы конституциялық реформалар мен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды 26.02.2026
Тегеран, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстанның Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары – ИИР СІМ Саяси және халықаралық зерттеу орталығының басшысы Саеид Хатибзадемен кездесті.Кездесу барысында тараптар Иран Президенті Масуд Пезешкианның 2025 жылғы 10-11 желтоқсанда Астана қаласына жасаған ресми сапары аясында мемлекеттер басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады. Атап айтқанда, тарихи құжаттар мен қолжазбалар көрмесін ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.Қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 15 наурызға жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум белгілеу туралы шешімі жөнінде хабардар етті. Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері таныстырылып, конституциялық реформаның елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.Өз кезегінде Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары – ИИР СІМ Саяси және халықаралық зерттеу орталығының басшысы Саеид Хатибзаде Қазақстанда Президент Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен табысты жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени реформаларды елдің орнықты әрі серпінді дамуын қамтамасыз ететін маңызды үдеріс ретінде жоғары бағалайтынын атап өтті.Сонымен қатар, ол Қазақстан қоғамында жүргізіліп жатқан ауқымды әрі мазмұнды өзгерістердің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және Қазақстан–Иран серіктестігін жаңа деңгейге көтеруге тың серпін беретініне сенім білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tehran/press/news/details/1169894?lang=kk
Аймақ басшысы «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасымен кездесті 26.02.2026
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті.Онда инвестиция тарту мен кәсіпкерлік саласындағы жұмыстар жайы талқыланды.«Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беріп, Үкімет қолдау көрсетуде. Бүгінде өңірімізде кәсіпкерліктің даму қарқыны белсенді, экономикадағы үлесі 20,5 пайыз.Өткен жылы өңір экономикасындағы бұл сектордың өнім шығару көлемі 30,5 пайызға артып, облыс өңірлер арасынан 3-орынды иеленді.Салық түсімдері алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе ұлғайды.Кәсіпкерліктің тұрақты дамуына жүйелі әрі тиімді мемлекеттік қолдау оң ықпал етті.Өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында 2026-2029 жылдары 1 трлн. 900 млрд. теңгенің 48 инвестициялық жобасын жүзеге асырып, 10 308 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Биыл 100 млрд. теңгеге 21 жобаны іске қосу жоспарлануда.Атап өту қажет, Өзіңіздің тікелей көмегіңізбен испандық «Рока групп» компаниясымен жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық бұйым шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жөнінде инвестициялық келісімге қол қойылды. Биыл құрылысы басталады.Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға бюджеттен 22 млрд. 700 млн. теңге қарастырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл микро және шағын бизнес үшін «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды.Бүгінгі кездесу жаңа жобалар мен бастамаларға жол ашады деп сенеміз», - деді Н.Нәлібаев.Былтыр жеке кәсіпкерліктің 2 929 жобасы барлық қаржы көзі есебінен 61 млрд. 100 млн. теңгеге қаржыландырылды.Мемлекеттік қолдау шаралары өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа өндірістер ашуға, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Сонымен бірге 300 млрд. теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Түрік инвесторы жаңа жылу электр орталығын салды. Нан өнімдері кешені, кірпіш, айна шығару, күріш және ас тұзын өндіру зауыттары, шағын өнеркәсіптік аймақ және қуаттылығы 40 мегаваттық күн электр станциясы іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1169919?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы мәдени-өнер саласындағы өзара ықпалдастық 26.02.2026
Манама, 2026 жылғы 24 ақпан –  Қазақстан Республикасының Манама қаласындағы Бас консулы Б. Дәуренбек Бахрейн Корольдігінің Ұлттық өнер кеңесінің төрағасы Шейх Рашид Әл Халифамен кездесті.Кездесу барысында тараптар өнер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.Тараптар бірлескен көрме жобаларын ұйымдастыру, екі елдің шығармашылық қауымдастықтары арасында тәжірибе алмасу және мәдени байланыстарды нығайту мүмкіндіктеріне ерекше назар аудардыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-manama/press/news/details/1169933?lang=kk
Астана мен Прага ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады 26.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Чехия Республикасының Елшісі Павел Шепелякпен кездесу өткізді.Қазақ дипломаты чех әріптесін парламенттік сайлаудың табысты өтуімен және жаңа Министрлер кабинетінің жасақталуымен құттықтап, біздің елдердің қазақ-чех қатынастарын одан әрі нығайту мен дамыту мақсатында қарқынды және сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыра беретініне сенім білдірді.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ортақ мүдделілік танытып, өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылады. «Астана энергетика, көлік, машина жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда чех компанияларымен өзара іс-қимылды арттыруға мүдделі. Біздің мақсатымыз – осы салаларда өсу мен инновацияларды қамтамасыз ететін өзара тиімді серіктестікті қалыптастыру», – деп атап өтті А.Исетов. Осы тұрғыда ол 2025 жылғы сәуірде Қазатомөнеркәсіп пен чехиялық «ČEZ» компаниясы арасында Чехия атом электр станцияларына қазақстандық уран концентратын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Бұл екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың іс жүзіндегі маңызды қадамы болды.Тараптар өзара сауда мен инвестицияларды ұлғайту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін де растады. Осыған байланысты Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-чех үкіметаралық комиссиясы жұмысының маңыздылығы атап өтіліп, оның 2025 жылы өткен 12-отырысының қорытындыларына оң баға берілді.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар бірлескен бастамаларды іске асыру арқылы өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге жәрдемдесу туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1169938?lang=kk
Kia Qazaqstan зауытының ұжымы Жаңа Конституция жобасын қолдайды 26.02.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Kia Qazaqstan зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңартылған Конституция жобасы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланды.Диалогқа сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сергей Карплюк пен Бибігүл Аққожина, Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов және «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов қатысты.Kia Qazaqstan зауыты Қостанайдың индустриялық аймағында орналасқан және өңірдегі автомобиль өндірісінің флагманына айналды. Шамамен 63 гектар аумақта жылына 70 000 автокөлік шығаруға мүмкіндік беретін заманауи өндіріс орны. Еңбек ұжымының едәуір бөлігін жас мамандар құрайды.Өңір басшысы Жаңа Конституция жобасын талқылау аясында еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, құжатта жұмысшылар үшін негізгі әлеуметтік кепілдіктер бекітілген.«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек етуге, ешқандай кемсітусіз еңбегі үшін сыйақы алуға, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтік қорғауға құқық кепілдендірілген», – деді облыс әкімі.Кәсіпорынның жас маманы Амир Караев өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция жобасында жастардың рөліне ерекше мән берілген.«Жас буын өкілі ретінде мен үшін бұл құжаттың сапалы білім алуға, кәсіби өсуге және өзін-өзі жүзеге асыруға нақты жағдай жасайтыны маңызды. Жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуының маңыздылығы атап өтілгені – біздің пікіріміз ескерілетінін білдіреді», – деді ол.Отбасы институтына қатысты мәселелерге де ерекше назар аударылды. Некенің ер мен әйелдің одағы ретінде айқындалуы, мемлекеттің неке мен отбасын қорғауы, сондай-ақ ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.Бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын кәсіпорын қызметкері Фирдавс Аманмуратов білдірді.«Жаңа Конституция жобасында негізгі отбасылық құндылықтардың нақты бекітілуі мен үшін маңызды. Мемлекет неке мен отбасын қорғайды, ата-аналарды бала тәрбиесінде қолдайды», – деді ол.Кездесу барысында жұмысшылар әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер, өндірістік секторды қолдау және өңірді дамыту перспективалары жөнінде бірқатар сұрақтар қойды. Коалиция өкілдері жан-жақты жауап беріп, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Kia Qazaqstan еңбек ұжымы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасын толық қолдайтынын және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды дамытуға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1169958?lang=kk
Лондонда Орталық Азия елдері СІМ басшыларының Ұлыбритания Парламенті депутаттарымен бірлескен кездесуі өтті 26.02.2026
Лондон, 2026 жылғы 25 ақпан – Лондонға сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев британ бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен дөңгелек үстелге қатысты. Британ тарапынан іс-шараға Бизнес және сауда жөніндегі министрінің міндетін атқарушы, Қазақстан-Ұлыбритания Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының британдық бөлігінің тең төрағасы Крис Брайант, Британ-қазақ қоғамдастығының төрағасы Руперт Гудман, сондай-ақ бірқатар британдық «Maritime House», «Weir Group», «Perry Engineering», «Car Park Transformer», «British Petroleum», «Standard Chartered Bank», «UK Export Finance», «London Stock Exchange Group», «Gleeds», «Better Earth», «Eutelsat OneWeb» компанияларының басшылығы мен «Coventry University» мен «Cardiff University» өкілдері қатысты.Қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылады. Маңызды минералдар мен сирек жер металдары саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.«Жүргізіліп жатқан институционалдық реформалар аясында Қазақстан инвесторларды қорғауды одан әрі нығайтып, нысаналы салықтық жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуды жалғастыруда. Біз бұрынғыдай инвестицияларыңыздың ұзақ мерзімді қайтарымын қамтамасыз етуге берік бейілдіміз. Бұған саяси тұрақтылық, қолайлы бизнес-орта және экономикамызда жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған тұрақты күш-жігеріміз жәрдемдеседі», – деп Е.Көшербаев өз сөзінде атап өтті.Қазақ дипломаты Ұлыбританияның бизнес-қоғамдастығы өкілдерін Қазақстанның соңғы 25 жылдағы жетістіктері туралы хабардар етті.«Қазақстан айтарлықтай экономикалық өсімге қол жеткізді, оның орташа нақты жылдық көрсеткіші 5,7%-ды құрайды. Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес еліміздің номиналды жалпы ішкі өнімі 300 млрд АҚШ долларынан асады, бұл бізді әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына қосады. Қазіргі уақытта Орталық Азияға тартылатын тікелей шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы Қазақстанға тиесілі, бұл еліміздің өңірдің экономикалық орталығы ретіндегі позициясын нығайтады», – деді Е.Кошербаев.Өз кезегінде К.Брайант Қазақстандағы британ инвесторларының жетістіктерін және екіжақты ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ол жасыл экономика, сирек жер металдары, көлік және транзит, білім беру және жасанды интеллект салаларында бірлескен жұмысқа дайын екенін білдірді. Ол бұл жобалардың орнықты инвестициялық мүмкіндіктер қалыптастырып, ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтатынын және маңызды материалдардың халықаралық нарықтарға жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінін атап өтті.Форум қатысушылары экономикалық ынтымақтастықты күшейту өңірдің орнықты дамуына және жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінімен келісті. Сондай-ақ олар қазақ-британ серіктестігін диалог деңгейінен Қазақстан экономикасының жаңа басым бағыттарында нақты жобаларды іске асыру кезеңіне көшірудің маңыздылығын атап өтті.Іс-шара қорытындысы бойынша мыналарға қол қойылды:- 2027 жылға дейінгі Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы стратегиялық серіктестіктің жол картасы;- «Coventry University» мен «Coventry University Kazakhstan» арасындағы серіктестікті кеңейту және Алматы қаласында лицензиялық кампус ашу туралы меморандум.Бұдан бөлек, Қазақстандағы британдық білім беру мекемелерінің қатысуын кеңейту, оның ішінде Алматы қаласында «Charterhouse School» мектебін ашу, «Cardiff University» жасанды интеллект орталығын іске қосу, сондай-ақ Ақтөбе қаласында «Heriot-Watt University» жаңа кампусын ашу туралы жарияланды.Ұлыбритания Қазақстан экономикасындағы он ірі инвестордың қатарына кіреді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша британ инвестицияларының көлемі 723,7 млн АҚШ долл. құрады, ал 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 471,5 млн АҚШ долларына жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1171587?lang=kk
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті! 26.02.2026
 Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармониясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев-тың 95 жылдық мерейтойына арналған «Тағы бір ақ таң, ақпанда» атты ән‑сазды концерт өткізілді.Кеш барысында ақынның танымал өлеңдері әуезді музыкалық сүйемелмен орындалды. Бағдарламада: «Саржайлау», «Мен нағыз махаббатты армандаймын», «Сенің көзің», «Мен деп ойла», «Құмған алған», «Қазағымай», және тағы басқа әңдер орындалды. Концертке мәдениет және өнер саласының өкілдері, ақынның құрметті жанашырлары және өнер сүйер қауым қатысты.Сахнада филармонияның талантты әншілері өнер көрсетті, ал кештің сәнін Жетісу би ансамблі өз билерімен келтірді.Шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаев шығармашылығын дәріптеу, ұлттық әдеби мұраны насихаттау, жас ұрпақты поэзия мен өнерге тарту, сондай-ақ қазақ әдебиеті мен мәдени мұраны насихаттау болды.Концерт көрермендерге ерекше әсер қалдырды, ақынның өлеңдері әуезді музыкалық сүйемелмен орындалғандықтан, кештің мәдени және эстетикалық мәні айқын көрінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1169815?lang=kk
Жеке шот 26.02.2026
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің» Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін «Жеке шот» бөлімінде Жеке шоттар бойынша сальдо, Жеке шот және Жеке шоттан үзінді көшірмесі қарау және алу үшін қолжетімді екенін хабарлайды.«Қызметтер» бөлімінде Берешек туралы мәліметтерді ала аласыз.Көрсетілген қызметтердегі ақпарат СӘИЖ анықтамалық жеке шоттарынан автоматты түрде алынатынын ескеріңіз.СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда СӘИЖ қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайына және FinQoldau_bot Telegram-ботына хабарласа аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1169735?lang=kk
Ұлттық ұлан сарбазы әскери қызметшілерге арналған цифрлық портал әзірледі 26.02.2026
Мемлекет басшысы айқындаған цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту бағыты аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланында заманауи технологиялық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілуде. Осы бағыттағы кезекті жоба 5573 әскери бөлімінде жүзеге асырылды. Мұнда мерзімді әскери қызметтің сарбазы Ким Хён У ақпараттық портал әзірледі.Жаңа цифрлық ресурс әскери бөлімнің қызметін оңтайландыруға бағытталған. Бүгінде ол бірқатар қызметтік үдерістерді автоматтандырып, уақыт шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.Жоба авторы – Алматы қаласының тумасы, қатардағы Ким Хён У. Ол «Ақпараттық технологиялар» мамандығын меңгеріп,  алған білімін әскери қызмет барысында тиімді қолдануда. Алдағы уақытта «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында білім беру грантын иеленіп, кәсіби біліктілігін жетілдіруді жоспарлап отыр.Цифрлық шешімдерді енгізуге деген қызығушылығы оған әскери бөлімнің ішкі үдерістерін жетілдіру жұмысына белсенді араласуға мүмкіндік берді. Аға офицерлердің жетекшілігімен ұландық әскери бөлім қызметіне талдау жүргізіп, цифрлық шешімдерді қажет ететін бағыттарды айқындады. Зерттеу нәтижесінде ақпарат алмасу жүйесін дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі анықталды.Нәтижесінде бұған дейін негізінен саптық алаңда жеткізілетін маңызды мәліметтер енді портал арқылы жедел жарияланатын болды. Бұл құжат айналымын жеңілдетіп, бұйрықтардың уақтылы жаңартылуын және деректердің өзектендірілуін қамтамасыз етті.Психологиялық қызметтің жұмысына да ерекше көңіл бөлінді. Ким Хён У-дың қатысуымен мерзімді әскери қызметшілерді тестілеу нәтижелерін автоматты түрде өңдейтін алгоритм әзірленді. Әскери психологтардың айтуынша, енгізілген шешім жарты жылдың ішінде шамамен 500 жұмыс сағатын үнемдеуге мүмкіндік берген.– Әскер мен үшін нағыз шыңдалу мектебіне айналды. 5573 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілер үшін барлық жағдай жасалған. Тәртіп пен жоғары талаптардың арқасында өзін-өзі дамытуға көп мүмкіндіктер бар. Мерзімді әскери қызметтің бір жылын барынша тиімді пайдаланып, жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруді көздеп отырмын, – деді ұландық.Сарбаз Ким алдағы уақытта да бөлімнің жауынгерлік қызметін ұйымдастыру үдерістерін жеңілдетуге бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр. Басты мақсат – қызметтің жеделдігін арттырып, әскери қызметшілер мен сарбаздарға қолайлы орта қалыптастыру. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1169765?lang=kk