Әлем
Рудный индустриялық университеті Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үшін кадрлар даярлайтын шебер болып табылады. 08.05.2025
Тау-кен өнеркәсібі – адам қызметінің ең көне түрлерінің бірі және бүгінгі таңда ең сұранысқа ие. Еліміздің тау-кен металлургия кешені экономиканың локомотиві бола отырып, инвестиция мен технологияларды ғана емес, сонымен қатар жоғары білікті мамандарды да қажет етеді. Міне, Рудный индустриялық университеті тау-кен ісі және металлургия саласындағы жетекші жоғары оқу орны мәртебесін растап, таңғаларлық нәтижелер көрсетуде.РИУ студенттерінің Республикалық олимпиадада жеңіске жетуі – кадрлар дайындығының жоғары деңгейінің дәлелі. 2025 жылдың сәуір айында Рудный индустриялық университетінің металлургия және тау-кен ісі жоғары мектебінің студенттері Сәтбаев университеті (Алматы) ұйымдастырған «Тау-кен инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада тамаша өнер көрсетті. Нәтижелери:- 1 орын – Шарковский Данил (100 000 теңге ақшалай сыйлық),- 3 орын – Сүйінбек Арыстан (ақшалай сыйлық 50 000 теңге).Дәстүр бойынша 2026 жылы Рудный қаласында тау-кен ісі мамандықтары бойынша кезекті республикалық олимпиада өтеді. Кеншілердің жеңісі кездейсоқ емес,ол- заңдылық: «Пайдалы қазбаларды өңдіру» білім беру бағдарламасы төрт жылдан бері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингінде көш бастап келеді.Қазіргі уақытта РИУ түлектерді 100% жұмысқа орналастыру, тау-кен өнеркәсібіндегі жетекші компаниялармен ынтымақтастық және таланттарды дамыту үшін құрылған экожүйе арқасында болашақ тау-кен инженерлері үшін ең жақсы таңдау болды.РИУ студенттерінің жеңістері Казақстандық университеттердің әлемдік деңгейдегі мамандарды дайындайтынын растайды. Тау-кен өнеркәсібінің өсуі және оның технологиялық трансформациясы жағдайында мұндай кадрлар ел болашағының негізгі ресурсы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/988861?lang=kk
«Creative Open space - 2025» 08.05.2025
Дүниежүзілік шығармашылық пен инновациялық қызмет күні аясында Көкшетау қаласының орталық саябағында «Creative Open space - 2025» оpen space өтті.Іс-шараға өңірдің креативті индустрия өкілдері қатысып көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды.Сондай-ақ, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынылды.Конценттік бағдарламада «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/988863?lang=kk
Қазақстандық офицерлер 312-ші атқыштар дивизиясы ұрыс жүргізген орындарға барды 08.05.2025
Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясында оқитын қазақстандық тыңдаушылар, адъюнкттер мен докторанттар соғыс жылдарында Ақтөбеде жасақталған 312-ші атқыштар дивизиясы шайқасқан орындарға барды.Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Калуга облысы Малоярославец ауданы Детчино ауылында болды. Александр Кусков басқаратын "Красная гвоздика" патриоттық клубының мүшелерімен бірге олар "Балалар мәдениет үйі" мұражай-көрме экспозициясына барды. Ауыл маңында 312-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлікпен шайқасқан Детчинск секторы қорғаныс шебінің шегінде әскери жерлеу орындары бар.1941 жылдың қазан айында Можай қорғаныс шебінің Детчинск секторында Ақтөбеде құрылған көпұлтты 312-ші атқыштар дивизиясы Мәскеуді қорғауға қатысты. Қазақстандықтар Боровск, Малоярославецк және Детчинск бағыттарында шайқасқа кірді. Қазақстандық құрама үлкен шығынға ұшырай отырып, жаудың моторлы күштерінің алға жылжуын кешіктірді. Жоғары тұрған қолбасшылықтың бұйрығымен өзінің жауынгерлік позициясын сақтап қалды. 312 атқыштар дивизиясының 10867 жауынгерінен 147 ғана адам тірі қалды.– Тарихтың Ұлы Отан соғысы туралы баяндайтын беттері тым алыс және шынайы емес сияқты көрінеді, - деп бөлісті әскери академияның докторанты полковник Әсет Аққозинов. - Бірақ бостандық пен тәуелсіздікті қорғаған жерлестеріміздің ерлігі ешқашан өшпейді.312-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен Подольск жаяу әскер училищесінің курсанттары жерленген бауырластар зиратында қазақстандық әскери қызметшілерді "Д. Березовка" ауылдық елді мекенінің әкімшілік басшысы Елена Андреева қарсы алды. Мұнда салтанатты митинг өтіп, шайқаста қаза тапқан қазақстандықтарды еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988866?lang=kk
Қарағанды облысында Qaisar әскери-патриоттық ойындары өтіп жатыр 08.05.2025
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған іс-шараға 300-ден аса жеткіншек қатысты. Олардың қатарында бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәндерінің және әскери кафедралардың оқытушылары, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» қозғалысының қатысушылары және еліміздің барлық өңірлерінен келген жоғары сынып оқушылары бар. Ойынның ұйымдастырушысы – Amanat партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты бұл шараны Отан қорғаушы күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырды. Ойынның ашылу салтанатына Мәжіліс спикері, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Парламент депутаттары, Қорғаныс министрлігінің, «Астана» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері мен қоғам өкілдері қатысты.– Qaisar ойыны пайда болғаннан бері бес мыңнан аса ұл-қызды бір арнаға тоғыстырған нағыз батылдықтың, отансүйгіштіктің, жауапкершілік пен тәртіптің ордасына айналды. Аталған қасиеттердің бәрі әр адамға өмірдің кез-келген саласында қажет. Бұндай шара адамның мінезін шыңдап, алға қойған мақсаттарға жетуге жөн сілтейді, борыштың не екенін ұқтырады, – деді партия төрағасы Еран Қошанов. Бұдан өзге ол мемлекет бүгінде қатысушыларға әскери қызметшілерді қолдауға және әскери қызметтің беделін көтеру мәселелеріне ерекше назар аударатынын да айта кетті. – Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін жастар ақысыз жоғары білім ала алады. Қазірдің өзінде 4500-ден аса жас осы мүмкіндікті пайдаланды, – деп нақтылай түсті Е. Қошанов.Qaisar ойын бағдарламасында ату, автоматты бөлшектеп, құрастыру, әскерилендірілген эстафета, зерделі жарыс пен тактикалық тапсырмалар бар. Биыл бағдарламаға алғаш рет ұлттық спорт түрлері мен заманауи технологиялармен байланысты пәндер енгізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай оқу-жаттығу орталығының аумағында ұйымдастырылған көрмені тамашалаған жастар қазақстандық жауынгерлердің соғыстағы ерлігін еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988776?lang=kk
Ақтау гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты 08.05.2025
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Іс-шараға өткен жылдың көктемінде еліміздің жеті өңірінен шақырылған 120-дан астам әскери қызметші қатысты. Қонақтардың қатарында Қарулы күштердің ардагері отставкадағы полковник Сабыр Нәжекенов, Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы бойынша "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаева және әскери бөлімдердің командирлері бар.- Сіздер бригадада лайықты қызмет еттіңіздер. Бір жыл ішінде өмірлік тәжірибе жинап, нағыз ерлер мен патриоттарға тән қасиеттерді дамыта алдыңыздар. Болашақта өздеріңе пайдалы болатынына сенімдімін. Сіздерге сәттілік тілеймін, - деді бригада командирі полковник Марат Құдабаев.Әскери қызметке адалдығы және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны үшін сарбаздарға грамоталар, естелік сыйлықтар мен фотоальбомдар табыс етілді.Алғыс сөздер әскери қызметшілердің өздерінен де айтылды.- Әскери бөлім командирі полковник Марат Рашитұлы Құдабаевқа, бөлімше командирлері мен сержанттар құрамына біздің қалыптасу жолындағы білімі мен қолдауы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бүгін үйге оралғанда көпшілігіміз келісімшарт бойынша қызметін жалғастырып, тағдырымызды Қарулы күштермен байланыстыру туралы шешім қабылдадық, - деді Ержанат Болатбайұлы.Айта кетейік, көктемгі науқан қорытындысы бойынша Ақтау гарнизонынан 1500-ге жуық әскери қызметші запасқа шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988780?lang=kk
Арқалық стратегиялық рөлін қайта қайтарып жатыр: көлік, білім, инфрақұрылым 08.05.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары аясында Арқалық қаласына барып, көлік, білім, мәдениет, экология және кәсіпкерлікті қолдау салаларындағы негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арқалықта маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі — әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында терминал салынып, ұшу-қону жолағы, рулеж жолы мен перрон қайта жаңғыртылуда. Жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайды. Костанай – Арқалық – Қостанай, Астана – Арқалық – Астана, Алматы – Арқалық – Алматы бағыттарында әуе рейстерін ашу жоспарланған. Бұл өңірдің көлік байланысын едәуір арттырып, төтенше жағдайларда логистикалық дайындықты күшейтеді. Қостанай облысы аумағы арқылы өтетін Жезқазған – Петропавл стратегиялық автожолының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ақмола облысының шекарасынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі учаске биыл толықтай нормативтік жағдайға келтіріледі. Ұлттық маңызы бар бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінен Астанаға дейінгі жолды 600 км-ге, ал Қостанай мен Петропавлға дейінгі жолды 450 км-ге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы байланысты жылдам әрі қауіпсіз етеді. Бұдан бөлек, биыл Арқалық қаласында және жақын орналасқан елді мекендерде 42 шақырым автожол мен 51 көше жөнделеді. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге бөлінді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Арқалықта 300 оқушыға арналған заманауи мектеп салынып, пайдалануға берілді. Мектеп STEM-зертханамен, робототехника кабинетімен, спорт алаңымен және демалыс аймағымен жабдықталған. Жобаның жалпы құны — 2,6 млрд теңге. 61 жұмыс орны ашылды, оның 39-ы — педагогикалық. Мектеп қаладағы оқушы орындарының тапшылығын толық жапты. Биыл 540 адамға дейін күнделікті қызмет көрсетуге арналған Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаға 1,2 млрд теңге бөлінді. Нысанды мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңартылған Мәдениет үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің маңызды орталығына айналады. Экологиялық тәрбие мен көгалдандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылы Арқалықта 5000-нан астам ағаш пен 10 000 гүл көшеті отырғызу жоспарланған. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қаланың экологиясы мен тазалығы — баршаға ортақ жауапкершілік, бұл бағытта белсенді жастар маңызды рөл атқарады. Қоршаған ортаға деген қамқорлық олар үшін өмір салтына айналып келеді. Сапар аясында Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесінің берілуі де маңызды оқиға болды. Жаңа мәртебе магистратура, болашақта докторантура бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Журналистика, ақпараттық технологиялар, экономика, ауыл шаруашылығы сияқты жаңа білім беру бағыттарын ашу жоспарланған. Студенттер саны 5000 адамға дейін өседі деп күтілуде. Бұл қаланың ғылыми және білім беру әлеуетін айтарлықтай арттырады. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Арқалықта 1% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беретін «Бизнес-Көмек» өңірлік бағдарламасы табысты жұмыс істеуде. Бүгінге дейін жалпы сомасы 506 млн теңге болатын 11 жоба мақұлданды, оның ішінде 425 млн теңгеге 9 несие берілді. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында асфальтбетон зауытының іске қосылуы және ұсақтау кешенінің орнатылуы бар. Бұл нысандар жол құрылысын арзандатып, инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сапар барысында Құмар Ақсақалов: «Арқалық – бұл енді жай ғана картадағы нүкте емес, болашақ өсімнің, ғылымның, өндіріс пен мәдениеттің орталығы. Біз қаланың дамуына жаңа негіз қалыптастырып жатырмыз. Бұл – нақты әрі сезілетін жаңғыру», — деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988753?lang=kk
Азық – түлік қауіпсіздігі - ұлттық әл-ауқаттың негізгі құрамдас бөлігі» мақаласы 08.05.2025
1. 2025 жылғы егіс науқаны. Ағымдағы жылы облыста көктемгі егіс алқабы 5,1 млн. га құрайды.Дәнді дақылдарды 4,2 млн. гектарға, майлы дақылдарды 755 мың гектарға егу жоспарлануда.Халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқаптарының қажетті көлемі, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы картоп - 5,5 мың га, қарақұмық – 21 мың га көзделген.Ағымдағы жылы егуге 818,8 мың га өңделген парлар бар. Күзгі топырақты өңдеу 1 млн. 342 мың гектар алқапта жүргізілді, қар ұстау 843,5 мың гектарға жүргізілді.Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқыммен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Егіс техникасы жұмысқа дайын. 514,2 мың тонна тұқым бар. Облыста көктемгі дала жұмыстарына 72,8 мың тонна дизель отыны бөлінді.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге отын 1 литрі 254 теңгеден сатылады (2024 жылы – 79,6 мың тонна, 1 литрі 250 теңгеден).Егіс науқанына 19,2 мың трактор, 22,2 мың сепкіш, 1,3 мың егіс кешені қатысады.Аграрлық несие корпорациясы арқылы жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары бойынша облысқа 84,1 млрд. теңге («Кең Дала», «Кең Дала 2» бағдарламалары), Азық – түлік келісім шарт корпорациясы бойынша - 7 млрд. 350 млн. теңге (форвардтық сатып алу) бөлінді.Техниканың, агрегаттардың болуы және тұқыммен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі және жеңілдікті қаржыландыру егіс науқанын оңтайлы мерзімде, 15-16 күн ішінде жүргізуге мүмкіндік береді.2. Ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету.Облыстың ішкі нарығы өз өндірісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерімен толығымен дерлік қамтамасыз етілген.Жергілікті өндіріс есебінен 10 атау бойынша қажеттілік толығымен жабылады: ұн, макарон өнімдері, нан, сиыр еті, сүт, жұмыртқа (тауық еті), картоп, күнбағыс майы, құс еті, қарақұмық жармасы.6 атау бойынша ішінара жергілікті өндіріс және сырттан әкелу есебінен - сары май, ашытылған сүт өнімдері, ірімшіктер мен сүзбе, сәбіз, қырыққабат, пияз. 3 атау бойынша тұз, қант және күріш басқа облыстардан әкелінеді немесе импортталады.2024 жылы 429 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімі өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда жарма бойынша өнім өндірісінің өсуі 6,4 есеге (6,9 –дан 44,3 мың тоннаға дейін), қатты ірімшік өндірісінде – 34,6%–ға (107-ден 144 тоннаға дейін), ет консервілерінде - 27%-ға (744-тен 945 тоннаға дейін), өсімдік майында - 17,1%-ға (30,2-ден 35,4 мың тоннаға дейін), қоюландырылған сүт 5,7%-ға (2 106-дан 2 226 тоннаға дейін) байқалады.Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары 104,9 млрд. теңге сомасына азық-түлік өндірді (өсім 19,4%-ға). Азық-түліктің нақты көлем индексі 110,3% құрады.Ұн бойынша өндірістің 4,8%-ға (252,2 мың тоннадан 264,3 мың тоннаға дейін), өсімдік майы 49,6%-ға (7,6 мың тоннадан 11,4 мың тоннаға дейін), консервілер 14,4%-ға (278 мың тоннадан 318 тоннаға дейін), йогурттар 3,2%-ға (7,7 мың тоннадан 8 мың тоннаға дейін) балмұздақ 7,8% (410 тоннадан 442 тоннаға дейін) өсуі тіркелді.2024 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімінің импорты 397 млн. АҚШ долларын құрады (оның ішінде азық-түлік импорты 242 млн. АҚШ құрады).Сүт өнімдерін импорттық жеткізу 34%-ға, ет өнімдері 9%-ға, өсімдік майы 3%-ға, қант 6%-ға, дәнді дақылдар 29%-ға, жұмыртқа 80%-ға қысқарды.Статистика деректері бойынша 2024 жылы 645,7 млн. АҚШ долларынан астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды (оның ішінде 417,7 млн. АҚШ доллары өңдеу кәсіпорындарының өнімдері).Ауыл шаруашылығы өнімі экспортының негізгі үлесі бидай ұны 813,5 мың тоннаны, сүт өнімі 9,7 мың тоннаны, картоп 9,2 мың тоннаны, жарма 5,1 мың тоннаны, күнбағыс майы 7,5 мың тоннаны, ет 2,2 мың тоннаны, макарон өнімдері 3,2 мың тоннаны құрайды.Ағымдағы жылдың басынан бастап 56,1 млн. АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 40%-ға артық (оның ішінде 32,4 млн. АҚШ долларына азық-түлік өнімі жөнелтілді).Агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімі 23,2 млн. АҚШ доллар сомасына импортталды. Сүт өнімдерін жеткізу 22%- а, ет өнімдері 6%-ға, дәнді дақылдар 95%-ға, жұмыртқа 75%-ға қысқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988755?lang=kk
АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН қарағайлар жаңартылды 08.05.2025
Бүгін Baitursynuly University ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдап сенбілікке шықты.⠀Студенттер, оқытушылар, декандар, проректорлар мен университет ректоры Сейтбек Қуанышбаев Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті бас корпусының алдында қарағай көшеттерін отырғызды.Бас корпустың алдындағы қылқан жапырақты алыптар бұрыннан-ақ Қостанайдың визиттік карточкасына айналған. Биыл көктемде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында оларды тағы да жаңарту туралы шешім қабылданды. Студенттер мен оқытушылар өз көшеттерінің орнын есте сақтап қалуға тырысып, “болашақта немерелерімізді өз ағашымызға алып келерміз” деп әзілдесті.Сонымен қатар бұл шара арқылы университетіміз Қазақстан бойынша өткізіліп жатқан экочелленджді қолдады. ҚӨУ студенттері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тарапынан жіберілген экологиялық шақыруды қабыл алды. Енді біз де С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне өз экошақыруымызды жолдаймыз.Еліміздің көркеюіне бәріміз бірге атсалысайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/988759?lang=kk
«Достық керуені» этнофестивалі өтті. 08.05.2025
Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында кең ауқымдағы «Достық керуені» этнофестивалі өтті. Бұл күні Достық үйінің алдында мерекеге жиналған қала тұрғындарына арналған бірнеше алаңда:- облыстық ҚХА шығармашылық ұжымдары қатысқан концерттік бағдарлама;- ойындар мен шеберлік сабақтары бар балалар алаңы;- ұлттық тағамдар ұсынылған фуд-корт;- фото аймақ ретінде қызмет еткен жарқын безендірілген винтажды автокөлік және ұлттық нақыштағы киіз үй;- жұмысшы мамандық өкілдеріне, жастарға арналған квест;- реабилитацияға мұқтаж балаға көмек көрсету мақсатында өткізілген қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ғылыми-сараптамалық алаң аясында көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Қатысушылар бейбітшілік, достық және отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларды жүрекпен оқып, көрермендердің ықыласына бөленді.Сонымен қатар, этнофестиваль аясында облыстық ҚХА шығармашылық ұжымдары қаланың бірнеше аудандарында тұрғындар үшін мерекелік бағдарламамен өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/988760?lang=kk
Қостанайда бірқатар мемлекеттік қызметтерді онлайн-форматқа көшіруге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады 08.05.2025
Бұл бастаманы облыстың цифрландыру басқармасы алға тартты.Ведомство басшысы Азамат Кашиев қазіргі уақытта электрондық қызметтерге және цифрлық коммуникацияның оңайлатылған тәсілдеріне сұраныс жоғары екенін атап өтті.- Олардың сапасын жақсарту үшін ағымдағы жылы пилоттық жобалар іске қосылады — "еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру" және "тұрғын үй көмегін тағайындау"сияқты мемлекеттік қызметтер бойынша қағаздан онлайн-форматқа көшу. Ұшқыштың аумағы Қостанай қаласы болып белгіленді, - деді басқарма басшысы.ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірлескен бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2025 жылғы 12 мамырға дейін талқылануда.– Мысалы, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қостанай қаласында «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша 252 өтініш қағаз түрінде қабылданды. Алайда, оның 82-сі (32,5%) ұсынылған құжаттардың толық болмауына, ескі мәліметтердің берілуіне, өтініш нысанын дұрыс толтырмауға және басқа да себептерге байланысты кері қайтарылды. Пилоттық жобаны енгізу арқылы осындай техникалық себептермен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту азаяды деп күтілуде, – деді Азамат Кашиев.Сол секілді, «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру» қызметінен де оң нәтиже күтілуде. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында осы қызмет бойынша 457 өтініш қабылданған, оның ішінде 184-і түрлі себептермен мақұлданбаған.Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Бұл азаматтарға «eGov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ қызмет алуға мүмкіндік береді.Порталда мемлекеттік қызметтер өмірлік жағдайлар мен түрлі салалар бойынша топтастырылған: «Отбасын құру», «Бала туу», «Пәтер сатып алу», «Бизнесті тіркеу», «Баланы балабақшаға немесе мектепке орналастыру», «Ауырып қалдыңыз», «Жұмысқа орналасу», «Зейнетке шығу» және тағы басқалар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988761?lang=kk
23-24 сәуір күндері Қостанай облысының делегациясының құрамындағы ҚХА мүшелері Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған XXXIV сессиясына қатысты. 08.05.2025
Сессияның алғашқы күнінде Қостанай облысының «Ассамблея жастары» өкілдері «Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын» атты жастар отырысына қатысып, жас ұрпақтың азаматтық бірлік пен ұлттық келісімді нығайтудағы рөлі туралы өзекті мәселелерді талқылады. Сессияның екінші күні Қостанай облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры Қалқаман Жақып «Құрмет» орденін, сондай-ақ «Возрождение» Қостанай неміс мәдени орталығының мүшесі Киколенко Ольга «Ел бірлігі» орденімен марапатталды. Сессия барысында этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселелері, сондай-ақ ҚХА-ның болашақтағы міндеттері талқыланды. ҚХА сессиясы — бұл Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайтудың маңызды алаңы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/988762?lang=kk
Терроризмге қарсы комиссияның отырысы 08.05.2025
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының өкілдері Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысына қатысты. Жиынға құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қатысты.Кездесу барысында терроризм тұрғысынан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге қатысты салалық нұсқаулықтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/988764?lang=kk
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Көктем. Жеңіс. Естелік» атты Қостанай суретшілерінің көрмесі 08.05.2025
2025 жылдың 30 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Көктем. Жеңіс. Естелік» атты Қостанай суретшілерінің көрмесі ашылды.Көрмеге түрлі техника мен жанрда жасалған картиналар мен графикалық жұмыстардың авторлары: Н.Торшин,С.Луговой, В.Быков, О.Кусков, Л.Дмитриева, Г.Надеина, Н.Яковлва, А.Чернушка, С.Ли, А.Воткал, И.Шипулина, А.Фигол, С.Казанцева, О.Тренин және тағы басқада суретшілердің жұмыстары қойылды..«Көктем. Жеңіс. Жад» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/988767?lang=kk
Әбиба Әбужақынова Душанбедегі Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды 08.05.2025
Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының көшбасшысы, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ефрейторы Әбиба Әбужақынова Душанбеде (Тәжікстан) өткен Grand Slam сериясының беделді халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша ол ел құрамасының қоржынына 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль әкелді.Турнирді сенімді бастаған ефрейтор Әбужақынова жартылай финалға жетіп, онда Қытай өкілі Вэньне Чжуанмен кездесті. Шиеленісті жекпе-жекте қазақстандық спортшы жеңіліс тапқанмен, үшінші орын үшін бәсекелесу мүмкіндігін қолдан бермеді.Қола үшін жекпе-жекте оған Өзбекстан спортшысы Улбусин Хакимова қарсылас болды. Бұл додада жерлесіміз басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.3-ші дан (IJF) иегері Әбиба Әбужақынова — халықаралық аренада Қазақстанды лайықты таныстырып жүрген, еліміздің атақты дзюдошыларының бірі. Оның Душанбедегі жетістігі — жас спортшыларды шабыттандыратын кәсіпқойлықтың, ауыр жаттығулардың және жауынгерлік рухтың жемісі.Ұлттық ұлан әлемдік аренада Қазақстанның және құқықтық тәртіп әскерінің абыройын қорғап жүрген өз спортшысын мақтан тұтады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/988770?lang=kk
Заречный кентіндегі мекеме қызметкерлері су тасқыны жағдайында тәулік бойы кезекшілік етуді жалғастыруда. 08.05.2025
Су басу қаупіне байланысты мекеме әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдады.Инженерлік құрылыстарға, коммуникациялар мен қоршауларға бақылау күшейтілді.Жеке құрам казарма тәртібіне ауыстырылды.Күзет қызметінен бөлек, қызметкерлер су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысуда: суды сорып шығару, құм салынған қаптардан уақытша бөгеттер салу, сорғы жабдықтарының жұмысын бақылау.Уақытылы әрекет ету жағдайды бақылауда ұстап, төтенше оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.🇰🇿 Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері кез келген ауа райында — күндіз де, түнде де — қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қызмет атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/988736?lang=kk
Ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті 08.05.2025
Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагер Фёдор Щегловты арнайы құттықтады.Бұл игі шараға бастамашы болған – курсанттар мен сарбаздардың өздері. Ардагерге құрмет көрсету идеясын Академия басшылығы мен әскери бөлім қолдады.98 жастағы майдангердің үйінің алдында есептік топ саптық шерумен жүріп өтті. Оларды әскери оркестр сүйемелдеді. Майданда танкист болған қария жастарға соғыс жылдарының сұрапыл тұстарын айтып берді.– Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне елеп-ескергендері үшін алғыс білдіремін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Ең бастысы – соғыс атаулы болмасын, – деді майдангер.Фёдор Щеглов ұрысқа Кёнигсберг қаласында қосылған. Ал Палауда өткен қанды қырғында қаруластарынан айырылудың қандай екенін бастан кешті. Оның жауынгерлік жорықтағы ерліктері де елеусіз қалмады. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскері «Жеңіске жүз күн қалғанда» акциясы аясында сарбаздардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/988744?lang=kk
Мысыр Қазақстанның конфессияаралық диалог саласындағы бастамаларын қолдайтынын растады 08.05.2025
Каир, 2025 жылғы 30 сәуір – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Әл-Азхардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті.Кездесу барысында ү.ж. 19 ақпанда Бахрейн астанасы Манамада халықаралық конференция аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIIІ Съезіне шақыру хаты табысталғаны аталып өтті.Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Қазақстан басшысының «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында өтетін Съезге шақыруын зор қошеметпен қабыл алғандығын мәлім етті. Еліміздің жаһандық дінаралық диалогты ілгерілету және нығайту бағытындағы маңызды рөліне назар аударды. Сондай-ақ теологиялық білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі бірлесіп дамытуға дайын екенін жеткізді.А. Жеңіс Қазақстанда ислам әлемінің негізгі білім, ғылым және рухани орталықтарының бірі саналатын және әртүрлі діндер өкілдерінің өзара түсіністігі мен бір-біріне төзімділікпен қарауды дәріптейтін Әл-Азһар университетіне үлкен құрметпен қарайтынын айтты. Сондай-ақ Жоғарғы имамға конфессияаралық диалогты нығайтуға қосқан үлесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің идеяларын қолдап келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар VIIІ Съезге шейх А. ат-Тайеб бастаған мысырлық делегацияның сапарын ұйымдастырудың протоколдық шараларын бірлесіп атқаруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/988750?lang=kk
Алмалы ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні тойланды 08.05.2025
Алмалы ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні тойландыҚазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/988710?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИСТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ 08.05.2025
Қала аумағында экологиялық туризмді дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жоба – «OMIR SHYMKENT» кешені жүзеге асырылады. Жоба туралы «OMIR Glamping» компаниясының басшылығымен өткен кездесуде таныстырылды.Кешен құрамында глэмпинг орындары, капсула түріндегі қонақүй нөмірлері, жазғы террасалар, мейрамхана, ашық аспан астында концерт, кино көрсетілімдері мен іс-шараларға арналған алаңдар, сондай-ақ SPA-аймақ, монша мен бассейн қарастырылған.Аталған жоба қаламыздың туристік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылымды орнықты дамытуға зор мүмкіндік береді.Мұндай бастамалар қаламызда туристік кластерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жобаның табысты жүзеге асуына қажетті барлық қолдау көрсетілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/988654?lang=kk
Қазақстан мен Грекия порттық және логистикалық салалардағы ынтымақтастықты күшейтуде 08.05.2025
Афина, 2025 жылғы 2 мамыр. — Пирей портты қаласының мэриясында Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин мен Пирейдің сыртқы саясат, еуропалық бағдарламалар және туризм жөніндегі Мэрінің орынбасары Андриана Заракелимен жұмыс кездесу өткізді. Келіссөздер көлік-логистика саласындағы қазақстан-грек ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және Пирей мен Ақтау қалалары арасындағы муниципаларалық байланыстарды нығайтуға бағытталды.Тараптар «Каспий теңізі — Жерорта теңізі» дәлізі бойынша басты логистикалық тораптар саналатын Ақтау мен Пирей порттарының стратегиялық маңызын атап өтті. Дамыған порт инфрақұрылымы порттарды басқару тәжірибесімен алмасу және логистикалық маршруттарды дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашатыны айтылды. Осыған байланысты Ақтау мен Пирей қалалары арасында серіктестікті кеңейтуге институционалдық негіз болатын Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға болашақта қол қою мүмкіндігі талқыланды.Кездесуде екі елдің көлік министрліктері мен іскер топтарының алдағы байланыстары, логистика және халықаралық сауда саласындағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.Мәдени алмасу және туризм салаларына ерекше көңіл бөлінді. Елші Т. Сұлтанғожин қазақстандық тараптың Пирей муниципалитеті аумағында қазақстандық қатысумен ортақ мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға дайын екенін растады. Өз кезегінде А. Заракели екі елдің мәдени-тарихи мұрасын дәріптеуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.Тараптар гуманитарлық және іскерлік байланыстарды дамыту экономикалық ынтымақтастық пен өңіраралық серіктестікті тереңдете түсетінін атап өтті. Кездесу соңында тұрақты диалогты жалғастыруға ниет білдіріліп, қол жеткізілген уағдаластықтардың Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашатынына сенім білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/988660?lang=kk