Әлем
Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді? 12.12.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан күшіне енетін Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарына, 18), 21) және 24) тармақшаларын жүзеге асыру мақсатында «Банк ұйымдарының мемлекеттік кірістер органына жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осындай шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын, сондай-ақ Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар жеке тұлғаның банктік шотына түскен ақшаның жиынтық сомасы бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен тізбесін және осындай операцияларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бұйрық)Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығы қабылданды. Бұйрықтағы жаңашылдық өзгеріс – жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу үшін шекті мәннің енгізілуі болып табылады. Бұған дейінгі өлшемшарт түсімдердің санына – күнтізбелік үш ай қатарынан 100 және одан көп әртүрлі тұлғадан ақша түсуіне – негізделсе, жаңа редакция оған қосымша келесі талапты енгізеді: дәл сол кезеңдегі барлық түсімдердің жиынтық сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып түсуі қажет. Осылайша, өлшемшарттарқа 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік әрбір 3 (үш) ай ішінде 100 (жүз) және одан да көп әр түрлі тұлғалардан жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына (шоттарына) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған жиынтық кезеңдегі жиынтық сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын ақша алуы жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1124807?lang=kk
Иран президентінің Қазақстанға алғашқы сапары: Иран саясаттанушысының Иран-қазақстандық өзара қарым-қатынасының маңыздылығын бағалауы 12.12.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1124812?lang=kk
16 желтоқсан ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді 12.12.2025
16 желтоқсан ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне байланысты 2025 жылдың 16 желтоқсанында, сейсенбі күні, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды.Еске сала кетейік, жұмыс күндері ХҚКО-лар, сондай-ақ мамандандырылған орталықтар, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Ал сенбі күні өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.Мемлекеттік корпорация барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды және мықты денсаулық пен табыс тілейді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1126078?lang=kk
📋 Салық төлеушінің төлқұжатын жасау ережелері мен мерзімдері 12.12.2025
📌ҚР ҚМ МКК «Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесін, оны қалыптастыру және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдерін белгілеу туралы» ҚМ 2025 жылғы 17 қазандағы № 917 Бұйрығының бекітілгені туралы хабарлайды. Құжат ҚР Салық кодексінің 36-бабы4-тармағын іске асыру мақсатында қабылданды. 📄Бұйрық салық құпиясына жатпайтын салық төлеушілер туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай деректерді жария орналастыру тетігін енгізу азаматтарға, сатып алушыларға және қызмет пайдаланушыларға оның тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде өтініштер мен шағымдарды кейіннен жіберу үшін салық төлеушіні сәйкестендіруге мүмкіндік береді. 📌Қабылданған нормалар қоғамдық бақылаудың тиімді құралын құра отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттырады. Мәліметтердің ашықтығы салық жүйесіне деген сенімді нығайтуға және салық заңнамасын сақтау деңгейін арттыруға ықпал етеді. ✔️Бұдан басқа, қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші халықты хабардар ету үшін салық төлеушінің паспортын тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және жалпыға бірдей қолжетімді жерлерге орналастыруға міндетті.🔗Салық төлеушінің паспорты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1124765?lang=kk
12 желтоқсан – Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылған күні 12.12.2025
Қазақстандық кеден қызметі өз тарихын 1991 жылғы 12 желтоқсаннан – тәуелсіз мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға арналған жүйе құрылған күннен бастап жүргізеді.Өткен жылдар ішінде елдің кеден органдары айтарлықтай даму жолынан өтті. Бұл ведомствоның негізгі міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік берді: контрабандалық және тыйым салынған тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне жол бермеу, шетел валютасының қозғалысын бақылау, кедендік баждарға электрондық төлем жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.Бүгінгі таңда кеден қызметі – бұл кәсібилік, жауапкершілік және абырой. Бұл күнделікті шекараның қауіпсіздігін, сауданың ашықтығын және адал бизнесті қолдауды қамтамасыз ететін адамдар.Барлық әріптестерді кәсіби мерекемен – бүгін мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылған күнімен құттықтаймыз!Іске берілгендіктеріңіз, табандылықтарыңыз, адалдықтарыңыз және назар аударуды, күш пен адамның үлкен жүрегін қажет ететін қызметтеріңіз үшін рахмет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1124739?lang=kk
12025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша деректерді талдау, KPI орындалуы және әкімшілік құқық бұзушылықтарды талдау 12.12.2025
11 желтоқсан күні Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылғы жұмыс бағыттарына арналған техникалық оқу өткізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша деректерді талдау Қызметкерлер мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлық жағдайының динамикасын, негізгі тәуекел факторларын және олардың алдын алу шараларын талқылады. KPI көрсеткіштерінің орындалуы Бөлімшелердің жылдық тиімділік көрсеткіштері қарастырылып, сапаны арттыруға және процестердің ашықтығын күшейтуге бағытталған шаралар атап өтілді. Этикалық кодекс нормаларын сақтау Қызметтік міндеттерді адал, бейтарап және корректілі орындау — әр қызметкердің жеке жауапкершілігі екені еске салынды. Қоғамның мемлекеттік кірістер органдарына деген сенімін нығайту маңызды бағыт ретінде белгіленді. Әкімшілік құқықбұзушылықтарды талдау Әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша жылдық қорытындылар шығарылып, жиі кездесетін қателіктер талданды және олардың алдын алу шаралары қарастырылды. Қызметтік тәртіпті нығайту, кәсібилікті арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету — Департамент жұмысының басым бағыттары. Мұндай техникалық оқулар жүйені жетілдіруге және азаматтар мен бизнеске сапалы қызмет көрсетуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1124744?lang=kk
"Павлодар-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті – "Қоғамдық жобаларға қосқан үлесі үшін" номинациясының жеңімпазы 12.12.2025
Клиентке бағдарланған кедендік әкімшілендіруді дамыту, бақылау тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызмет стандарттарын нығайту мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайынғы "Үздік кеден бекеті"акциясын қорытындылады. Бағалау МКК 2025 жылғы 28 қазандағы №1059 бұйрығымен бекітілген критерийлерге сәйкес жүргізілді. Жеңімпаздарды анықтау кезінде қызметтің негізгі көрсеткіштері ескерілді: кедендік бақылау мерзімдерін сақтау, декларацияларды ресімдеудің орташа уақыты, орташа кедендік құн динамикасы және қызметтің сапасын, ашықтығы мен нәтижелілігін көрсететін басқа да параметрлер."Павлодар – кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті "Қоғамдық жобаларға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.Толық емес 2025 жылы кеден бекетінде тауарларға сегіз мыңға жуық декларация ресімделді. Мемлекет кірісіне қосымша 300 миллион теңге сомасына резервтер өндірілді, кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі бойынша болжамды жоспар орындалды.Тиімді кәсіби қызметтен басқа, кеден бекетінің қызметкерлері Департаменттің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады. Жыл сайын балаларды қорғау күніне орай олар балаларға арналған конкурстар мен мерекелік бағдарламалар ұйымдастырады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында қызметкерлер өз бастамаларымен батырларға тағзым және құрмет көрсете отырып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.Әріптестерімізді лайықты жеңіспен құттықтаймыз!Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1124752?lang=kk
Астанада Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің қатысуымен "1С" XV форумы өтті 12.12.2025
Бүгін Астанада Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин "1С" XV форумында сөз сөйледі. Оған бизнес, бухгалтерлік қоғамдастық, мемлекеттік органдардан 650-ден астам өкіл жиналды. Ол форумның кәсіби диалог пен жаңа Салық кодексіне көшуге дайындықтың негізгі алаңына айналғанын атап өтті.Азамат Әмриннің айтуынша, форум тәжірибе алмасуға, практикалық шешімдерді талқылауға және қаржы-шаруашылық процесінің ашықтығы мен тиімділігін нығайтуға мүмкіндік береді.Бірінші вице-министр Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін ұсынды. Құжат салық есептілігін 30%-ға, салықтың санын 20%-ға азайтуды, жеңілдіктерді оңтайландыруды, сараланған ставкаларды енгізуді, сондай-ақ инвестицияны ынталандыру жөніндегі шараларды көздейді.Корпоративтік табыс салығы бойынша негізгі өзгерістің ішінде 20% базалық мөлшерлеме сақталады. Банктер мен ойын бизнесі үшін 20% мөлшерлеме белгіленген. Ал ШОБ субъектілерін кредиттеуде 25% деңгейінде. Әлеуметтік сала ұйымдарында 2026 жылы 5% және 2027 жылдан бастап 10% мөлшерлеме енгізіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3% мөлшерлемені сақтайды.Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, Азамат Әмрин қатысушыларды толғандырған тақырыптарға жан-жақты түсіндірме берді. Негізгі мәселе салықтық әкімшілендіруге, атап айтқанда салық шегерімін қолдану тәртібіне қатысты. Бұған түсіндірме бере келіп, бірінші вице-министр практикалық шешімдер келесі жылы деректерді талдағаннан кейін қабылданатынын атап өтті."Жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрейік. Декларацияларды зерттеп, талдағаннан кейін келесі қадам анықталады", - деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1124756?lang=kk
Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді 12.12.2025
Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді 2026 жылғы 1 қаңтардан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енеді. Не өзгеруде? Бұрын тек аударымдар саны ескерілетін — 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен жағдайда. Енді қосымша талап енгізіледі: дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек. Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды? Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда: • 100 әртүрлі адамнан ақша түссе, және • жалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса, онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар ретінде есептеледі. #ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1124749?lang=kk
Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды алу 12.12.2025
Энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтағы тұтынушылар арасында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледi.2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрi — Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес, электр желiлерiне қосылу үшiн еркiн нысандағы өтiнiш пен сауалнаманың негiзiнде тұтынушыларға электр желiлерiне қосылуға арналған техникалық шарттар берiледi.Жаңадан қосылған немесе қалпына келтiруге болатын электр қондырғыларға энергия өндiрушi немесе энергия берушi ұйымдар техникалық шартты тұтынушыдан өтiнiштi алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнi (техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін) және 10 (он) жұмыс күні (техникалық жағынан күрделі объектілер үшін) iшiнде бередi.Сонымен бiрге Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2020 жылғы 6 ақпандағы №43 бұйрығымен бекiтiлген Қағидаларға түзетулер енгiзiлуiне байланысты энергетикалық кәсiпорындар техникалық шартпен бiрге тұтынушыларға электр желiлерiнiң балансы шекарасын анықтау мен тараптардың қол қойған пайдалану жауапкершiлiгi актiсiн қосылу схемасымен қоса бередi. Құрылыс мерзiмiнде салынып жатқан объектiлердi электрмен жабдықтау үшiн тұтынушыларға уақытша техникалық шарттар берiледi.Техникалық шарттарды беру энергия берушi ұйымның электр желiлерiне немесе энергия өндiрушi ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкiндiгi болған жағдайда жүзеге асырылады.Техникалық шарттарды беру және қайта ресiмдеу үшiн ақы алынбайды.Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптармен келiспеген жағдайда тұтынушы тәуелсiз энергетикалық сараптама жүргiзу үшiн сараптама ұйымымен байланыса алады. Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптардың негiзсiздiгi туралы энергетикалық сараптаманың қорытындысы негiзiнде тұтынушы энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымға еркiн нысандағы өтiнiштi қайта жiбередi.Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптарды өзгертуден екiншi рет бас тартқан жағдайда тұтынушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымның әрекеттерiне шағымданады.Тұтынушылардың электр желiлерiне қосылуды жоспарлап отырған қосалқы тұтынушылар техникалық шарттарды тұтынушылардан (электр желiлерiнiң иелерiнен) алады және оларды тұтынушыға техникалық шарттар берген энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйыммен келiседi. Тұтынушымен (электр желiлерiнiң иелерiмен) келiсiм бойынша энергия тұтынушы немесе энергия өндiрушi ұйым қосалқы тұтынушыларға техникалық шарттар беруге рұқсат етiледi.Барлық мәселелер бойынша тұтынушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментiне, Қостанай қаласы, Гоголь көшесi, 75 ғимарат, №320 кабинеті мекен-жайы бойынша, 8(7142) 50-02-60 телефонына немесе «Е-otinish» АЖ арқылы жүгiнуге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1124727?lang=kk
Зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды 12.12.2025
Зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды БЖЗҚ Әлеуметтік кодекстің талаптарына сәйкес жыл сайын келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) орналастыру туралы міндетін орындай отырып, 2026 жылға арналған ТЖШ туралы хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, ТЖШ – бұл салымшыны ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған). Бұл ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептелетін зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі – салымшы зейнеткерлік жасқа жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш. ТЖШ есептеу зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) (ҚР Үкіметінің 30.06.2023 №521 қаулысымен (бұдан әрі – №521 қаулы) бекітілген) сәйкес жүргізіледі.Әдістемеге сәйкес, 2026 жылғы ТЖШ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:1) ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;2) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге. Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді. ТЖШ қатысты бейне түсініктеме – БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасында. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1140229?lang=kk
Рабатта Қазақстанның жылдық қорытынды іс-шарасы өтті 12.12.2025
2025 жылғы 9 желтоқсан, Рабат – Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Марокко Корольдігінің Ұлттық кітапханасында Елші Сәулекүл Сайлауқызының дәстүрге айналған жылдың қорытындысына арналған іс-шара өткізді.Достық кездесуге Марокко Парламентінің, Сыртқы істер министрлігінің, Рабат қаласы мэриясының, азаматтық қоғам, іскерлік топ өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері және қазақстандық студенттер қатысты. Ісшара аясында жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг жасалды.Елші Қазақстанның ішкі саяси реформалары мен жетістіктері, сыртқы саяси алаңдағы бастамалары мен экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы батыл қадамдары туралы ақпарат беріп, жылды қорытындылады.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу мен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е.Қошановтың биылғы Мароккоға тарихи ресми сапарларының нәтижелеріне көңіл аударылды.Марокколық танымал кәсіпкер, саяхатшы Абделғани Абуфираз Мароккодан Қазақстанға мотоциклмен жасаған сапарынан алған әсерлерімен бөлісіп, оның Қазақстан туралы түсірген фильмі көрсетілді.Іс-шара Рабат қаласындағы «Le Printemps Montessori» мектебі оқушыларының қазақ және Марокко ұлттық киімдерін киіп, Қазақстан мен Марокко арасындағы берік достықты дәріптейтін ән, қойылым және би өнер көрсетуімен аяқталды.2025 жылғы 9 ай ішінде Қазақстан мен Марокко арасындағы тауар айналымы 67% ұлғайып, 324 млн. долл. асты. Екіжақты сауда-экономикалық байланысты белсендіру мақсатында Қазақстан – Марокко Іскерлік кеңесі құрылды. Ү.ж. 19 наурыздан бастап Қазақстан мен Марокко визалық талаптардан босату туралы келісімге күшіне еніп, екі ел азаматтарының сапараларын жеңілдетті, экономикалық және туристік салалардың дамуына серпін берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1124651?lang=kk
Ауыл әкімінің жеке қабылдауы 12.12.2025
Мариногорка ауылының тұрғыны Ақан Кенчеліков ауылдық округ әкімімен жеке кездесуге келіп, ауыз су мәселесін айтты. Ол бір серпіліс туралы айтып, мәселені шешуге көмектесуді сұрады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкері мен әкімдік қызметкері мәселені шешті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1124662?lang=kk
Алматы облысының колониясында екі жаңа өндіріс іске қосылып, 100 жұмыс орны ашылды 12.12.2025
Алматы облысында ҚАЖ жүйесіне қарасты №10 мекемеде «INFINITEL» және «БроМарт» атты екі жаңа өндірістік нысан ашылды. Жобалар сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды.Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, мемлекеттік органдардың өкілдері және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.Облыс әкімдігінің мәліметінше, соңғы уақыттарда сотталғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 41 пайыздан 65 пайызға дейін өсіп отыр. Бұл нәтижеге жаңа өндірістердің ашылуы мен оқыту бағдарламаларының енгізілуі ықпал еткен. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тегін курстардың нәтижесінде 250 сертификат табысталып, 78 адам жұмысқа орналасқан.- «Бүгін іске қосылып отырған екі кәсіпорын шамамен 100 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бұл сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуге және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға қосылған нақты үлес. Мемлекет басшысы атап өткендей, еңбек қалыпты өмірге оралудың ең тиімді жолы. Бірлік пен адал еңбектің арқасында ғана жаңа нәтижелерге қол жеткіземіз», — деді өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев.Қараша айының қорытындысы бойынша ҚАЖ жүйесінің №10, 12, 14 және 57 мекемелерінде барлығы 251 жаңа жұмыс орны ашылған. Өңір басшылығы өндірістік секторды кеңейтуді жалғастыруды жоспарлап отыр.2026 жылдың басынан бастап ҚАЖ мекемелерінде 400-ден астам қосымша жұмыс орнын ашу көзделуде. Жобаға «Алматы Сквер», «ГосСнаб», «Акуа Холдинг» және «Еңбек» кәсіпорындары сияқты серіктестер тартылып жатыр.INFINITEL және «БроМарт» кәсіпорындарының іске қосылуы қайта әлеуметтендіру бағдарламасының дамуына және мекемелер ішінде тұрақты өндірістік ортаны қалыптастыруға жасалған маңызды қадам. Бұл жобалар сотталғандардың еңбек дағдыларын жақсартып, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға тиімді бейімделуіне мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1124620?lang=kk
Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бағытталған жобалар жалғасуда 12.12.2025
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесуі жалғасуда. Аудан әкімінің бастамасымен ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Биылғы жылы шалғайда орналасқан Тәйімбет Көмекбаев және Қуаңдария ауылдық округтерінде бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткізілді.Т.Көмекбаев ауылында тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен және бақша өнімдерін егумен айналысады. Бұл бағытта бүгінде 5 шаруа қожалығы жұмыс жасап, ауыл экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Ауыл халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету «ОДСП Арал» мекемесінің өндірістік бөлімшесі арқылы жүргізіліп, қазіргі уақытта ауыз су мәселесі толық шешілген.Инфрақұрылым мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Биыл Жаңақала және Балқы Базар көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 10,3 шақырымды құрайтын 11 көшенің барлығы толық жарықтандырылды. Сонымен қатар, Тәуелсіздік және Балқы Базар көшелерін орташа жөндеуден өткізуге арналған жобалық-сметалық құжаттамалар демеушілік қолдауымен әзірленіп, сараптамадан өтуде. Жыл соңына дейін жобалар бюджетке ұсынылатын болады.Ауыл тұрғындары мәдениет саласында да жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. «Аламан құрақ» жобасы аясында әлемдік рекордтар кітабына енсе, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында елді мекен азаматтары облыстық кезеңде бірінші орынды жеңіп алды.Қуаңдария ауылдық округінде де мал шаруашылығы мен бақша өнімдерін өсіру негізгі бағыт болып табылады. Сондай-ақ жастар мен тұрғындардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында ауылдағы спорт алаңының жанынан воркаут алаңы орнатылды.2023 жылдан бері облыс көлемінде өткізіліп келе жатқан елді мекендерді абаттандыруға бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсында Қуаңдария ауылдық округі биыл үздік деп танылып, 15 млн теңге көлемінде сертификат табысталды. Сонымен қатар Қуаңдария және Жеңістің 40 жылдығы көшелеріне арналған жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, сараптамадан өтсе, Гагарин көшесіне арналып әзірленген жоба да жыл соңына дейін сараптамаға енгізіледі.Ауыл маңындағы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын Таңатар каналы 27 млн теңгеге тазартылып, су жеткізу мүмкіндігі жақсарды.Кездесуде Жандос Еркінбек әр тұрғынның көтерген мәселесіне заңға сәйкес жауап беріп өтті. Сондай-ақ жеке қабылдау да өткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Аудан бойынша ауылдық округтерді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындардың ұсыныстары негізінде жаңа жобалар іске асырыла бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1124573?lang=kk
«Қазығұрт» және «Темір баба» заманауи технологиялық өткізу пункттері ашылды 12.12.2025
Жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түркіменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» пункті. Аталған нысандардың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өткенін айта кетейік.«Қазығұрт» өткізу пунктінің ресми ашылуына ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.Мәди Төкешұлы айтқандай, жаңғырту бағдарламасы Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен арадағы шекараларда орналасқан барлығы 9 өткізу пунктін қамтиды. «Қапланбек», «Атамекен», «Қалжат» және «Алакөл» сияқты бірқатар нысандағы жұмыстар аяқталған. Ал жыл соңына дейін «Тәжен», «Майқапшағай» және «Бақты» пункттерін жаңғыртудан өткізу көзделген.Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысы мен жүк өткізу процесіне кедергі келтірмей іске асырылды. Осы мақсатта уақытша қозғалыс схемасы ұйымдастырылып, бұл кептелістің алдын алып, жүк және жолаушылар тасымалы үздіксіз жүргізілді.Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін азайып, көліктерді өткізу қабілеті тәулігіне 1 000 дейін ұлғайтылды. Қазір жаңартылған өткізу пункттері арқылы көлік ағыны 2,5 есе артты. Мәселен, 2022 жылы шекараны 640 мың автомобиль кесіп өтсе, бүгінде бұл көрсеткіш 1,5 млн-ға көбейді.«Қазығұрт» өткізу пункті халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи технологиялық кешен. Мұнда көлікті тіркеудің автоматтандырылған жүйесі, озық сканерлеу жабдықтары, салмақ габаритті жүйелер, сондай-ақ рентген-телевизиялық қондырғылар, «тепловизорлар» және радиациялық бақылау құралдары енгізілді. Қозғалыс ағындары жаяу жүргіншілерге, жеңіл және жүк көліктері үшін бөлінген. Бұл қауіпсіздік пен жайлы қозғалысты арттырады. Жүк көліктері үшін техникалық бақылаудан тоқтаусыз өтуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған дәліздер қарастырылған.Инфрақұрылымды жаңартумен қатар министрлік кеден рәсімдерін цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Айталық, Keden ақпарат жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, бұл толық интеграцияланған цифрлы кеден жүйесіне көшуді қарастырады. Жүйе экспресс-жүктермен жұмысты, тауарларды есепке алуды және виртуалды қоймаларды автоматтандырды. Қазір жасанды интеллект негізінде тауарлар мен қызметтерді декларациялау модулін іске қосу қолға алынған. Мақсат – электронды декларацияның толық циклін аяқтап, 2026 жылдан бастап тиімділікті бақылау, сараптау және бағалау үшін жаңа модульдерді енгізу болып саналады. Бұл бизнес үшін жұмысты айтарлықтай жеңілдетіп, қызмет жеделдігін нығайтады.Бұдан бөлек сәуірде Өзбекстанмен шекарадағы «Жібек жолы» өткізу пунктін ауқымды жаңғырту басталған болатын. Жаңа кешен жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді алып жатқан екі заманауи жолаушылар терминалын және автокөлікке арналған бірыңғай шатырды қамтиды. Тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін 2026 жылы шілдеде өткізу пунктінің қабілеті тәулігіне 70 мың адамға дейін және 2 мың жеңіл автомобильге дейін өседі деп көзделген.Тағы бір инновациялық бағыттардың бірі – Қытаймен бірлесіп қолға алынған «Бақты-Покиту» жобасы саналады. Қытай тарапы екі аумақта да толық автоматтандырылған логистикалық орталықтар құруға шамамен 50 млн доллар көлемінде инвестиция жұмсамақ. Жоба аясында жүктерді тасымалдауға ұшқышсыз басқарылатын электр шаттлдарын пайдалану, «ақылды» логистиканы, AGV-терминалдарды, зарядтау стансаларын енгізу және бүкіл өңірдегі ең технологиялық көлік дәліздерінің бірін құрып, екі мемлекеттік цифрлы жүйелерінің толық интеграциясын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.«Жаңа өткізу пункттерін іске қосу – мемлекеттік органдардың, мамандардың, инженерлердің, құрылысшылардың және шекара қызметтерінің бірлескен жұмысының жемісі. Біз экономиканы дамытуға әсер етіп, Қазақстанды ашық, сенімді және бәсекеге қабілетті транзитті хаб ретінде айқындайтын заманауи, технологиялық және жайлы инфрақұрылымды құруға мән беріп келеміз. Бұдан басқа өткізу пункттерін жаңғырту – Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру жөніндегі жүйелі қадам. Біз сауданы арттырып, бизнестің жұмысын жеңілдететін және Қазақстанды аймақтың негізгі логистикалық торабына айналдыратын заманауи инфрақұрылым құрып жатырмыз», деді М. Такиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1124825?lang=kk
Жасалған жұмыстар - ауыл дамуының негізі 12.12.2025
Ауыл – елдің берекесі. Сол себепті де аудан басшысы шалғай елді мекендердің дамуын назардан тыс қалдырмай, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жұмысты жүйелі жалғастырып келеді. Бүгін Алдашбай Ахун және Дауылкөл ауылдық округтерінде өткен кездесулер осы сөздің айғағы. Аудан әкімі Жандос Еркінбек ауыл халқымен кездесіп, атқарылған істер мен алдағы жоспарларды жан-жақты баяндады.Алдашбай Ахун ауылында биыл инфрақұрылымды жақсарту бағытында бірқатар маңызды жұмыс жасалды. Ынтымақ және Түпбөгет көшелерін жарықтандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 42,6 млн теңге жұмсалып, жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар Ш.Шегебаев көшесіне 10 жарық бағанасы орнатылып, бүгінде ауыл көшелерінің 100 пайызы жарықпен қамтылды. Ауыз су мәселесі толық шешімін тауып отыр. Сонымен қатар аяқ су жеткізу жүйесін жақсарту үшін аудандық бюджеттен 3 млн теңге бөлініп, тиісті шаралар атқарылды.Ауылдың мәдени және спорт нысандары да назардан тыс қалған жоқ. Ауылдық клуб үйінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 4 млн теңгеге ЛЭД экран алынып, орнатылды. Сонымен қатар спорт алаңының жанына воркаут алаңын салу үшін мердігермен келісім-шарт жасалды. Құны 1,2 млн теңгені құрайтын нысан жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі.Дауылкөл ауылдық округінде де оң өзгерістер бар. 2025 жылдың салық түсімдерінің межесі 105,2 пайызға артығымен орындалды. Ауыл ішіндегі жарықтандыру жұмыстары да жалғасын тауып, аудандық бюджеттен бөлінген 14,5 млн теңгеге Н.Жанаев көшесі толық жарықтандырылды. Ауыл шаруашылығы бағытында 2925 гектар жерге егін егіліп, мал шаруашылығымен 3 шаруа қожалығы тұрақты айналысып, округтің негізгі табыс көзін қалыптастырып отыр.Абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері ауылда 100-ге жуық жарық шамы жаңартылып, 20-ға тарта жаңа жол белгісі орнатылды. Сонымен қатар округте 250 орындық құрайтын жаңа мектеп құрылысына қажетті жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, қаржыландыру күтілуде.Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, әр мәселенің назарда болатынын айтып өтті. Екі ауылда атқарылған жұмыстар – елді мекендердің жаңарып, халық тұрмысының жақсарып келе жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1124579?lang=kk
Мақсатқа жетудің, табандылық пен өз ісіне берілгендіктің мысалы 12.12.2025
Мемлекеттік кірістер органдарында бірегей қасиеттері бар, міндеттердің стандартты емес шешімдерін таба алатын және ұзақ жылдар бойы өз ісіне берілген адамдар жұмыс істейді. Бүгін біздің ұжымдағы осындай адам құттықтауларға, жылы лебіздер мен шексіз құрметке ие болуда.Ғалия Шаяхметқызы Нұрсиханова – әріптес, тәлімгер, дос, өз ісінің нағыз кәсіпқойы, салық қызметінің үздігі, өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде.Ғалия Шаяхметқызы еңбек жолын шамамен 30 жыл бұрын Баянауыл ауданының "Құндыкөл" өндірістік кооперативінде экономист болып бастаған. Ал салық қызметіне ол 1999 жылы келді, мансабын салық инспекторы қызметінен бастады. Еңбекқорлығы мен жеке қасиеттерінің арқасында ол дәйекті түрде өсті, өзінің дағдылары мен білімін дамытты және бүгінде стратегиялық маңызды басқармалардың бірі – талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы лауазымын атқарады.Еңбек жылдары ішінде Ғалия Шаяхметқызы өзін әрқашан сенім артуға болатын парасатты және сенімді қызметкер ретінде көрсетті. Оның шешім қабылдаудағы бірбеткейлігі мен беріктігі әріптестерінің құрметіне және бағыныштылардың сеніміне ие болды.Ғалия Шаяхметқызының басшылығымен талдау және тәуекелдер басқармасы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді: жұмыс процестері оңтайландырылды, заманауи тәсілдер енгізілді, мамандардың жаңа буындары дайындалды және тәлім берілді. Оның еңбекқорлығы, білімі мен даналығы ұжымға күрделі міндеттерді шешуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.Кәсіби қасиеттерден басқа, Ғалия Шаяхметқызы талапшылдықты адамдарға назар аударумен және қамқорлықпен үйлестіре алады, жаңа жетістіктерге шабыттандырады, ұжымда сенім мен құрмет атмосферасын қалыптастырады. Әрбір қызметкерге назары және көмектесуге дайын болуы оны қатаң басшы ғана емес, сонымен қатар сүйікті тәлімгер етеді.Құрметті Ғалия Шаяхметқызы, Сіз – біздің ұжымның мақтанышы және өз ісіне берілгендіктің үлгісісіз. Бұл мерейтой сәттілікке, бақытты сәттерге және лайықты тануға толы жаңа жарқын кезеңнің басталуы болсын!Осы айтулы күні Ғалия Шаяхметқызына зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық, сарқылмас қуат пен жаңа жеңістер тілейміз. Әр күн қуанышқа, әріптестердің құрметіне және Сізге жақын жандардың ризашылығына толы болсын. Ісіңізге берілгендігіңіз және қолдауыңыз үшін рахмет! Мерейтойыңыз құтты болсын!Құрметпен, ұжым Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1124585?lang=kk
Ауылдардың өркендеуі – жүйелі жұмыстың нәтижесі 12.12.2025
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің тұрғындармен кездесулері тұрақты түрде жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін аудандағы 12 ауылдық округ пен 2 кенттің жетеуінде өткізілген кездесу Ақжар, Ақтөбе және ІІІ Интернационал ауылдық округтерінде жалғасты. Соңғы уақытта бұл елді мекендерде ауыл инфрақұрылымын жаңғырту және әлеуметтік нысандарды жақсарту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды.Ақжар ауылында Абай, Ш.Уәлиханов, Р.Жиенбаев және С.Сейфуллин көшелеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, жалпы құны 389 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, Ораз ахун көшесінің жанындағы спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтіп, 10,3 млн теңге қаражатына ауыл тұрғындарының пайдалануына берілді. Ауылдың көркеюіне қосқан үлесі үшін Ақжар ауылдық округі облыс көлемінде өткізілген «Үлгілі елді мекен» конкурсында биыл III орын алып, арнайы техникамен марапатталды.Ақтөбе ауылында да әлеуметтік мүмкіндіктер кеңейіп, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Ы.Сейтенов, Т.Салқынбайұлы және Н.Сералиев көшелері толықтай жарықтандырылды. Ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп, аяқ су мәселесі де оң шешімін тапты. А.Иманов және Кеңсе көшелеріне жарық бағаналарын орнату үшін 16 млн теңге бөлінген. Мәдениет саласын дамыту мақсатында ауылдық клуб үйіне 5 млн теңгеге LED экран және арнайы құрал-жабдықтар сатып алынды.Интернационал ауылдық округінде Цай Ден Хак, Наурыз және Сахи Жарылқасынов көшелеріне 11,4 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал Қорқыт ата, Бәйтерек, Тәуелсіздік, Пак Чен Ир, Амангелді, Қазақ және Цай Ден Хак көшелерін жарықтандыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Сонымен қатар 7,8 млн теңгеге Урман каналына су айдайтын электронасостарын қосуға қажетті КТПН сатып алынып, электр желілері мен бағаналары орнатылды.Жиынды қорытындылай келе, Жандос Еркінбек ауылдардың әлеуеті жыл сайын артып келе жатқанын, биылғы көрсеткіштер де алдағы жұмыстарға зор серпін беретінін айтып, жаңа жобалардың іске асатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1124586?lang=kk
Аудан басшысының тұрғындармен кездесуі Төретам кентінде жалғасты 12.12.2025
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің халықпен кездесуі Төретам кентінде жалғасуда. Кездесуде Төретам кентінде биыл атқарылып жатқан бірқатар өзекті жұмыстар мен жаңа жобалар баяндалды.Аудан әкімінің қолдауымен жастардың және кент тұрғындарының мәдени демалысын арттыру мақсатында грант бөлініп, «Жылжымалы кинотеатр» сатып алынды. Бүгінде бұл жоба тұрғындар үшін мәдени шараларды ұйымдастыруға пайдаланылып келеді.Жанқожа батыр көшесіне футбол алаңы орнатылды. Жастар спортын дамыту мақсатында аудандық бюджеттен 28 млн теңге бөлініп, заманауи футбол ойын алаңы салынып, тұрғындардың пайдалануына берілді.Сонымен қатар Төретам теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырғаны белгілі. Қазір вокзал аумағын абаттандыру мен ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып, жөндеу жұмыстары басталды.Кент көшелеріндегі жарықтандыру жүйесі де назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда 963 дана жарық шамдары тұрақты жұмыс істеп тұр. Осы жүйеге техникалық қызмет көрсету үшін 2 млн теңгеге жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасалып, жарықтандыру желілері бойынша жоспарлы жұмыстар уақытылы жүргізілуде.Аудандық маңызы бар «Төретам–Ақай» (ұзындығы 5,3 км) автомобиль жолының жөндеу жұмыстары да басты назарда. Қазір мұндағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.Сондай-ақ аудан басшысы кездесу соңында тұрғындарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1124553?lang=kk