Әлем
Сауда және интеграция министрлігі 26 қарашада өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) елдерінің коммерция және сыртқы сауда министрлерінің 5-ші кеңесіне қатысты 28.11.2025
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі 26 қарашада өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) елдерінің коммерция және сыртқы сауда министрлерінің 5-ші кеңесіне, сондай-ақ 24–25 қарашада Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында өткен сауда, инвестициялар және өзара байланысты бағыттар жөніндегі Жоғары деңгейдегі сарапшылар тобының (HLEG) 5-ші отырысына қатысты.Отырыс ЭЫҰ шеңберінде өңірлік сауданы дамыту және экономикалық интеграцияны тереңдетудің негізгі бағыттарына арналды. Талқылауда сауда және кедендік рәсімдерді жеңілдету шаралары, жеке сектордың қатысуын кеңейту жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ ЭЫҰ-ның «Vision 2025 and Beyond» Стратегиясын іске асыруға бағытталған практикалық қадамдар болды. Қатысушылар ерекше назарды арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға, қағазсыз сауданы ілгерілетуге және электрондық сауданы одан әрі кеңейтуге бөлді. Аталған бағыттар бүгінде өңір ішіндегі тұрақты экономикалық өзара іс-қимылдың маңызды қозғаушы күштеріне айналып отыр.Ресми бағдарламамен қатар Ыстанбұлда Halal Expo 2025 халықаралық көрмесі өтті, онда 10 қазақстандық компания өз өнімдерін ұсынды. Отандық өндірушілердің қатысуы Қазақстанның халал өнімдер сегментіндегі өсіп келе жатқан әлеуетін айқын көрсетуге мүмкіндік берді. Көрмеде таныстырылған тауарлар шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырып, қазақстандық экспортты ЭЫҰ елдері нарықтарында да, одан тысқары өңірлерде де кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашты.Анықтама үшін: Қазақстан мен ЭЫҰ елдері арасындағы өзара сауда оң динамиканы сақтап, әрі қарай өсуге жоғары әлеует көрсетуде. 2025 жылдың 9 айында Қазақстан мен ЭЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы $11,2 млрд.-ты құрады (2024 жылғы қаңтар–қыркүйек — $10,2 млрд.), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5% өсімді көрсетеді. Экспорт 17,9%-ға артып, $8,3 млрд.-қа жетті, импорт $2,9 млрд. болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115361?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: 28.11.2025
Eң өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2025 жылғы 4 желтоқсан күні онлайн форматта дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді. «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылдың 9 айында Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 781 мыңнан астам адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді.Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылытүскен 395 мыңнан астам өтініш өңделді.Салымшылар мен алушылардың талқысына жиі түсетін ең маңызды тақырыптарды таңдап алған Қор мамандары сұрақ-жауап сессиясын өткізуді ұйғарды. 4 желтоқсанға межеленіп отырған іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектеседі.Кездесу интерактивті онлайн-форматта өткізілетін болғандықтан, оған ниет білдірген әрбір адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болатынына үміттіміз.Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m936a8b127950318fa6eaceccb1172d70Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 996 4210Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 1234 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). «День открытых дверей» в АО «ЕНПФ» - изучаем возможности инвестирования своих пенсионных накопленийВ рамках информационно-разъяснительной работы среди населения 11 и 13 декабря 2024 года АО «ЕНПФ» проведет «День открытых дверей» на тему: «Инвестиционные стратегии УИП. Рассмотрение актуальных вопросов вкладчиков». Во время проведения Дня открытых дверейвкладчикам ЕНПФ представится уникальная возможность получить информацию об управлении пенсионными активами непосредственно от представителей управляющих инвестиционным портфелем (УИП). Каждый УИП презентует свою стратегию инвестирования и ответит на вопросы участников мероприятия. Специалисты ЕНПФ подскажут, где найти информацию об УИП и как перевести им накопления, если вкладчик сделал свой выбор.Как известно, с января 2021 года вкладчики ЕНПФ получили возможность передавать свои пенсионные накопления частным инвестиционным компаниям – УИП. Изначально можно было передать только накопления, превышающие порог минимальной достаточности или оставшиеся на пенсионном счете после заключения договора пенсионного аннуитета со страховой компанией. Однако с 1 июля 2023 года инвестиционные возможности расширились: теперь вкладчики ЕНПФ могут передать до 50% своих сбережений за счет обязательных и обязательных профессиональных пенсионных взносов, а также 100% добровольных взносов в доверительное управление частным компаниям. Встреча пройдет в онлайн-формате, что позволит принять участие в ней всем желающим. Надеемся, она будет полезна всем – как вкладчикам, так и журналистам, задействованным в освещении тем, касающихся накопительной пенсионной системы Казахстана.Для участия в мероприятии необходима регистрация.Просим Вас пройти по ссылке (вписать ссылку каждому филиалу отдельно).Номер event-совещания: (вписывает сам филиал)Пароль event-совещания: (вписывает сам филиал) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1115285?lang=kk
Баспасөз хабарлама «Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің iPhone онлайн ұрлануда» 28.11.2025
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алужөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдыққауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатыстыинтернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lost-iphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-itwas-found / https://itc.ua/news/moshennyky-obmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymysoobshhenyyamy-apple-find-my/)ақпаратына сәйкес құқықбұзушылар адамдарға Apple атынан жалған SMSнемесе iMessage жолдайды, хатта табылған iPhone-ның моделі, түсі жәнежадының көлемі көрсетіледі, осылайша хабарламаның түпнұсқалығынкөрсету әсерін қолданады.Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find Myсервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині менпаролін алаяқтарға жолдайды.Бұл құқықбұзушыларға iPhone белсендіру блоктауын айналып өтуге,құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескереотырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстану ұсынылады:- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;- жоғалған құрылғының блоктау экранында байланыс ақпаратынкөрсету үшін бөлек электронды пошта мекенжайын пайдалануды;- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;- құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеруді.Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1115309?lang=kk
Жоғары гастрономия қазақ дипломатиясы қызметінде 28.11.2025
Лиссабон, 2025 жылғы 27 қараша - Қазақстанның Португалиядағы Елшілігі ҚР Португалияның солтүстік өңірлеріндегі құрметті консулы Жиль Фернанду Виейраның және MPL Culture компаниясының демеушілік қолдауымен «Дала мен мұхит» тақырыбында халқымыздың бай асханалық мұрасын португал халқының таңдаулы гастрономиялық дәстүрлерімен тоғыстырған бірегей жоғары дәрежелі мәдени-гастрономиялық кеш ұйымдастырды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай өткізілген салтанатты шара 27 қараша күні Лиссабон қаласының тарихи жүрегінде орналасқан EPUR мейрамханасында өтті. Michelin жұлдызының иегері әрі еуропалық гастрономия кеңістігінде кеңінен танылған шеф-аспаз Вэнсан Фарж Қазақстанның ең үздік аспаздық шеберлерінің бірі, Qazaq Gourmet мейрамханасының жетекші шефі және La Liste-2026 Францияның беделді гастрономиялық рейтингіне енген Артем Канцевті арнайы қонақ ретінде қабылдады.Екі жоғары деңгейдегі шебердің «төрт қолмен» әзірлеген кешкі асы кеш қонақтары тарапынан айрықша жоғары бағаланды. Шараға Португалия Гастрономия академиясының президенті Карлуш Фонтау Карвалью, Лиссабон муниципалдық палатасының Бас хатшысы әрі Еуропалық гастрономиялық мәдениет қауымдастығының президенті Алберту Лаплейн Гимарайнш, Оэйраш қаласы мэрінің орынбасары Франсишку Роша Гонсалвеш, Еуропадағы жетекші ғылыми-технологиялық парктердің бірі - Taguspark-тың Бас директоры Эдуарду Баптишта Коррейа, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың, іскер топтардың және ұлттық БАҚ өкілдері қатысты.Қонақтарға арнаған сөзінде Қазақстанның Елшісі Жан Ғалиев ұлттық тағам мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасқан, терең мағыналы әрі ұлт руханиятымен тамырлас құндылық екенін атап өтті: «Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас тарихында алғаш рет гастрономиялық көпір Еуразия кеңістігінің екі шетін - шексіз дала мен тұңғиық мұхитты - табыстырып отыр», – деді ол. Сонымен қатар, ол бұл мәдени кеш Елшілік бастамашы болған «Қазақстанды бес сезім арқылы таны» атты мәдени дипломатия жобасына ресми түрде жол ашқанын жеткізді. Алдағы уақытта қазақстандық асхананың тәмін танытатын бұл игі бастама Португалияның түрлі қалаларында ұйымдастырылатын сурет, мүсін және ұлттық кілемдер көрмелерімен, дәстүрлі музыка мен ән өнерін дәріптейтін концерттермен жалғасын таппақ.Кеш соңында Елші қонақтарға екі халық арасындағы рухани үндестік пен мәдени сабақтастықтың символы ретінде португалдық дәстүрлі «Азулежу» стилімен әзірленген Қазақстан Республикасының Елтаңбасын тарту етті.Португал жұртшылығының Қазақстанмен жаңа қырынан тереңірек танысуы екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі бекемдеп, мәдени, гуманитарлық және іскерлік байланыстардың жаңа көкжиегін ашуға қызмет етеді.Анықтама: Азулежу (порт. azulejo - «көгілдір») — португал халқының сәулет-қолданбалы өнерінде кеңінен пайдаланылатын дәстүрлі өрнекті керамикалық қаптама. Ол Португалияның ұлттық мәдени мұрасының айрықша белгісі ретінде танылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1115314?lang=kk
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «ҮЗДІК САЛЫҚ ТӨЛЕУШІСІ» ЖӘНЕ «СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҮЗДІК ҚАТЫСУШЫСЫ» САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІНЕ ШАҚЫРУ! 28.11.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыс тұрғындарын 2024 жылдың қорытындысы бойынша түрлі номинациялар бойынша Жетісу облысының «Үздік салық төлеушісі» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға шақырады.Жетісу облысы жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты іс-шарасы 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 11:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 113, 5 қабат, конференц-зал.Жетісу облысы мен Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып жатқан бизнес көшбасшыларын қолдауға келіңіздер. Біздің мақсатымыз – адал және ашық бизнесті дәріптеу!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1115327?lang=kk
Бақбақты ауылындағы көшелерге шұңқырларды жамау жұмыстары 28.11.2025
Бақбақты ауылында Абай, И.Панфилов, Т.Рысқұлов, А.Оспанов, М.Мақатаев, Р.Топатаев көшелеріне шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1115332?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының уақытша комиссиясы 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобаларын қарады 28.11.2025
Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау жөніндегі уақытша комиссияның отырысы өтті.Комиссия жұмысы барысында бөлім басшысы тыңдалып, ұсынылған материалдар зерделенді. Қарау нәтижелері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынымдар берілді: Орталықтағы адамдардың нақты санын ескере отырып, Қайта әлеуметтендіру орталығындағы шығындарды оңтайландыру, оларды қала аумағының тазалығын сақтау бойынша коммуналдық ұйымдардағы жұмыстарға тарту мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ инватакси қызметтеріне бюджеттік өтінімді нақты қажеттілікке дейін ұлғайту. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1115272?lang=kk
«Зейнетақы навигаторы»:Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат 28.11.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) мен Business FM іскерлік радиостанциясының бірлескен жобасы іске асырылды. Бағдарлама жүргізушілері Рустам Мақсұтов пен Ерланби Дәулетияр БЖЗҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сарапшыларымен бірге елдің зейнетақы жүйесіне қатысты ең өзекті тақырыптарды аудио және бейне подкаст форматында талқылады. Радио тыңдаушылар мен көрермендерге осы саладағы әлемдік үрдістер туралы баяндап, күрделі нәрселерді қарапайым және түсінікті тілде түсіндірді. Сұхбат барысында жаһандық демографиялық трендтер, әлем бойынша жинақтаушы құрамдас бөлікке көшу, зейнетақыны ұзақ мерзімді жоспарлау, қызметкерлерді жинақтарды қалыптастыруға ынталандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, зейнетақы активтерін басқару тақырыптары, жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мүмкіндіктері, инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың жаңа ережелерін енгізу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің түрлері және зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістер қозғалды. Жоба қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі саласындағы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама кәсіпкерлерге, бизнесмендерге, сондай-ақ өздерінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және тиімді басқаруға мүдделі барлық адамдарға арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне "Зейнетақы навигаторы" бағдарламасының бейне подкасттарын көріп шығуға кеңес береміз. Бұл – Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы шынайы, объективті және кәсіби материалдар дайындауға қажетті өзекті ақпаратты қайнар көзден алудың таптырмас тәсілі. Төмендегі тақырыптар бойынша түсірілген 2025 жылғы бейнеподкасттарды тиісті сілтемелерден табасыздар:Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Сәуле Егеубаева, "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=FdqbJ0_3fnM Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Мұрат Шәріпов, "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=vw24C2CQTMA&t=64s Инвестициялық қызмет (Нұржан Нұрғазин, ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=IYo6Yh2Pmog Зейнетақыны жоспарлау және оны ұлғайту жөніндегі шаралар (Айжан Темірлан, "БЖЗҚ" АҚ Стратегиялық даму департаменті Стратегия және талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=EyRFcdyWXlk Зейнетақы капиталын басқару мүмкіндіктері (Ләззат Әмірғалиева, "БЖЗҚ" АҚ Инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=9-Jc4pG5iAo БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері (Гүлнұр Ағайдарова, "БЖЗҚ" АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті Төлем әдістемесі басқармасының бастығы) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=Eq_wL_G-02M "Зейнетақы навигаторы" бағдарламалары Business FM және БЖЗҚ YouTube арналарында, сондай-ақ Google, Yandex және iTunes подкасттарында қолжетімді. Қазақстанның зейнетақы жүйесін қалыптастыру және дамыту туралы диалогтар БЖЗҚ YouTube-каналында дәстүрге айналды. Мұнда Григорий Марченко, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова және т.б. сияқты танымал қазақстандық қаржыгерлер, сондай-ақ белгілі халықаралық мамандар өз пікірлерімен бөліседі. Жаңалықтарды бірінші болып білу және сарапшылардан эксклюзивті ақпарат алу үшін БЖЗҚ-ның YouTube-арнасына жазылыңыздар. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1115275?lang=kk
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейқор орталығы 28.11.2025
27 қараша 2025 жылы Федоров ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК және Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейқор орталығы» бірлесіп, Мүмкіндігі шектеулі талантты адамдарға арналған "Шекіз шығармашылдық - 2025" І-ші облыстық шығармашылық байқау-фестивалін дайындап, өткізді. Үш жыл қатарынан бұл іс-шара Өңірлік фестиваль форматында өткізіліп келді, алайда 2025 жылы форматын өзгертіп, байқау-фестивальге айналды. Бұл өз кезегінде қатысушыларға кең мүмкіндіктер берді.Байқау- фестивальға 5 ауданнан (Федоров, Қостанай, Қарабалық, Меңдіқара және Бейімбет Майлин аудандары), сондай-ақ Қостанай облысының 3 қаласынан (Қостанай, Рудный, Лисаковск) барлығы 40 қатысушы қатысты. Фестиваль қорытындысы:III орын және ақшалай сертификат иегерлері: хореография номинациясы бойынша: Иванова Юлия және Гульваков Кирилл — Рудный қ., Көркем оқу номинациясы бойынша: Козенко Роман — Қостанай қ., Аспаптық орындау номинациясы бойынша: «Весёлые ложкари» ансамблі — Рудный қ., Вокал номинациясы бойынша: Назаренко Татьяна — Бейімбет Майлин ауданы.II орын және ақшалай сертификат иегерлері: хореография номинациясы бойынша: Стисло Артём және Бурдюг Елена — Қостанай ауданы., Көркем оқу номинациясы бойынша: Харитонова Марина — Федоров ауданы, Федоров ауылы., Аспаптық орындау номинациясы бойынша: «Сантана» тобы — Лисаковск қ., Вокал номинациясы бойынша: Нұрғалиев Сенбай-Рудный қ. I орын және «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының атынан ақшалай сертификат иегерлері: хореография номинациясы бойынша: «Конфетти» би ұжымы — Федоров ауданы, Пешков ауылы, Көркем оқу номинациясы бойынша: Даутбаев Өтеген — Қостанай қ., Аспаптық орындау номинациясы бойынша: «Ладушки» фольклорлық ансамблі — Федоров ауданы, Федоров ауылы, Вокал номинациясы бойынша: Маркелов Семён — Меңдіқара ауданы. Жүлделі орынға ие болмаған қатысушылар да фестивальге белсенді қатысқаны үшін дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1115263?lang=kk
Мәжілісте әскери кафедралардағы оқыту сапасы талқыланды 28.11.2025
Айгүл Құспанның төрағалығымен өткен Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында азаматтық жоғары оқу орындарының әскери кафедралары мен факультеттеріндегі дайындық сапасының мәселелері қаралды. Оған депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.Отырыста Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев қазіргі уақытта еліміздің 41 әскери кафедрасында 17 мыңнан аса студент білім алып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қоса дайындық сапасы біркелкі емес: кафедралардың жасақталу деңгейі орта есеппен 69% десек, жоғары оқу орындары бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің көрсеткіші – 94%-дан асады, ал Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 42%-ды құрайды.Вице-адмирал Серік Борамбаев отырысқа қатысушыларды жоғары оқу орындарындағы әскери даярлық жүйесін елеулі жаңартуға бағытталған реформалар кешенімен таныстырды. Әскери-патриоттық тәрбие жайлы заңға енгізілген түзетулер әскери кафедраларды құруға және олардың қызметіне қойылатын нақты талаптарды айқындайды. Оқу бағдарламаларын біріздендіру маңызды қосымша болды. Одан бөлек, оқу процесін ұйымдастыру, оқытушылардың жұмысы және әскери-оқу практикасын өткізу ережелері алғаш рет заң жүзінде бекітілді. Вице-адмирал С. Борамбаев айтқандай, мұндай шаралар оқытуды стандарттауға және олқылықтарды заңды жоюға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, әскери факультеттер құрылып, әскери даярлық сапасына мониторингтің бірыңғай жүйесі енгізілетін болады. Оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін қызмет етіп жүрген әскерилер тартылатын болады. Студенттерді оқыту кезінде сондай-ақ, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және бірлесіп пайдалану көзделген.– Осы шаралар кешенін іске асыру әскери-оқытылған резервті дайындаудың заманауи, тиімді және стандартталған жүйесін құруға, азаматтық және әскери білім берудің өзара іс-әрекетін нығайтуға, жастарға патриоттық тәрбие беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті вице-адмирал С. Борамбаев.Отырыста депутаттар мемлекеттік органдардың өкілдеріне білім беру бағдарламаларын жаңартуға, кафедралардың оқытушылармен жасақталуын арттыруға, заманауи оқыту құралдарымен жарақтандыруға және студенттердің практикалық даярлығын нығайтуға қатысты бірқатар нақты сұрақтар қойды.Талқылау қорытындысы бойынша заманауи технологияларды, нақты жауынгерлік тәжірибені ескере отырып, оқу бағдарламаларын кешенді жаңарту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және оқытудың практикалық құрамдас бөлігін күшейту қажеттігі атап өтілді. Қатысушылардың барлық мәлімдемелері комитеттің ұсынымдарында ескеріліп, Үкіметке жіберілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1115264?lang=kk
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Алтынбай Сәтбаев атындағы саябаққа ағаш көшеттерін отырғызу 28.11.2025
Бақбақты ауылдық округінде "Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру мақсатында ауыл орталығында орналасқан Ұлы Отан соғысының ардагері мен Еңбек ардагері Алтынбай Сәтбаев атындағы саябаққа 100 түп шырша, 100 түп қайың және 100 түп әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1115226?lang=kk
Адал азамат – мемлекеттік қызметші мен қоғам үшін жаңа идеал 28.11.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық құрылтайда атап өтті:Мемлекеттік қызметші жұмысқа мәртебе үшін емес, халық пен елге қызмет ету үшін келуі тиіс.«Менің ұстанымым – министрлер, әкімдер және өзге де мемлекеттік қызметшілер кәсібилік пен патриотизмді қатар ұстануы қажет», – деді Президент.«Адал азамат» тұжырымдамасы мына құндылықтарды біріктіреді:Тәуелсіздік, патриотизм, бірлік пен ынтымақЗаң мен тәртіпЕңбексүйгіштік пен кәсібилікЖасампаздық пен жаңашылдықНегізгі өзекте – мінсіз бедел институты. Ол мемлекеттік қызметшілерге деген сенімді нығайтып, олардың адалдығы мен жауапкершілігін қалыптастырады.Бұл құндылықтар үштік ұстанымға бірігеді:«Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт».Егер әрқайсымыз «Адал азамат» идеалдарын ұстансақ, онда«Жауапты адам – адал еңбек – лайықты табыс»біздің өміріміздің қалыпты нормасына айналады.Шақыру:«Адал азаматтың» үлгісі болыңыз!Халыққа қызмет етіңіз, заңды сақтаңыз, өзіңізді дамытыңыз және әділдікті нығайтыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1115227?lang=kk
Азаматтарды қабылдау өткізілді 28.11.2025
№ 1 Үлкен Нарын сайлау округінің депутаты Т. Қамбаров «АMANAT»партиясының қоғамдық қабылдау ғимаратында азаматтарды қабылдауды жүзеге асырды. Қабылдау барысында бос жүрген иесіз иттерге, көшелерді қардан тазартуға, сондай-ақ Үлкен Нарын ауылындағы тұрғын үй аумағындағы қоқыстарды шығаруға қатысты сұрақтар болды. Тұрғындар көтерген барлық мәселелер мұқият тыңдалды, тіркелді және кейіннен қарау және шешу үшін бақылауға алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1115187?lang=kk
Мемлекет басшысы ауылдағы оң өзгерістерге тоқталды 28.11.2025
«Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022 жылы халықтың табысын арттыруға арналған кешенді жоспар қабылданды. Биыл Үкімет алдағы бес жылға арналған Өңірлерді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ауылға қомақты инвестиция тартылды.2021 жылдан бері ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 864 нысан салынды. Сондай-ақ 388 жаңа мектеп ашылды. Былтыр 2 мыңға жуық ауыл мектебіне сапалы интернет берілді.Жыл өткен сайын ауылдың әлеуеті артып келеді. Өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі жоғары ауылдардың саны көбейе түсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі алты жылда 1,5 еседен астам өсіп, 8,3 триллион теңгеге жетті.Биыл ауылдағы шаруаларға 1 триллион теңге көлемінде қолдау көрсеттік. Дәл осындай мемлекеттік қолдау көрсеткен елдер көп емес, тіпті, бұл көптеген ел қол жеткізе алмайтын қаржылай көмек деуге болады.Алайда алдымызда биік мақсаттар тұр: біз ауылдағы жағдайды жақсартып, жұмысты күшейтуіміз керек».
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауылдағы сайлау саяси партиялардың аймақтардағы жұмысына тың серпін берді» 28.11.2025
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралауды тапсырды.«Ал аудан әкімдерін сайлауға қатысты әртүрлі көзқарас бар. Бірқатар қоғам қайраткері мен белсенді азаматтар «аудан әкімдерін сайлау қажет пе, жоқ па» деген мәселені қайта қарауды ұсынуда. Бұл мәселені Ерлан Саиров, Альберт Рау, Мархабат Жайымбетов бастаған депутаттар да көтерді.Олар елде сайлау тым көбейіп бара жатқанын, жұрт саяси науқандардан мезі бола бастағанын айтуда. Бұл пікірді ауыл және аудан тұрғындары да қолдап жатыр. Сайлау науқандары жергілікті жерде жүргізілуге тиіс нақты жұмыстарға кедергі келтіруі мүмкін деген пайымдар да бар. Бұл пікірлерді ескерген жөн.Осыған дейін аудан әкімдерін сайлау тәсілі арқылы 52 әкім сайланды. Енді олардың қалай жұмыс істейтінін қарап көру қажет. Аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау керек. Мәселе – аудан әкімдерінің сайлауын міндетті түрде өткізу емес, басты мақсат: біз оң нәтижелерге қол жеткізуіміз керек.Үкімет және Парламент депутаттары бірлесіп, осы мәселені жан-жақты қарап, әділетті, дұрыс шешім қабылдауы қажет. Ең бастысы, әрбір реформа салмақты көзқараспен, байыппен жасалуы керек».«Олар өз үміткерлерін ұсынып, сайлауға белсене араласты. Саяси ұйымдардың 1500-ден астам өкілі әкім болып сайланды. Жаңа басшылардың қатарында алты партияның мүшелері бар. Ал 700-ден астам азамат өзін-өзі ұсынып, сайлауда жеңіске жетті.Сайланған әкімдер жұмысқа кірісіп кетті, жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Ең бастысы, олар жергілікті жұрттың мұң-мұқтажын, шешімін таппай жатқан түйткілдерді жақсы біледі.Ауыл-аймақтың дамуына бөлінген бюджет қаражаты да тиімді игеріле бастады. Ауылдардың кірісі көбейді, мемлекет тарапынан берілетін қаржыға, яғни дотацияға тәуелділік азайып келеді.Жақында жүргізілген сауалнамаға сәйкес ауыл тұрғындарының 84 пайызы өз әкімдеріне сенетіні анықталды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау үдерісі алдағы уақытта да жалғасын табады».
Президент: «Еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды» 28.11.2025
«2020 жылы халыққа Жолдауымда ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды. Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады.Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық.Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар».
Мемлекет басшысы: «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші» 28.11.2025
«Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз.Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше.Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек.Жаңа ғана бірнеше әкімнің сөзін тыңдадық. Айтылған ой-пікірлерді және ұсыныстарды мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеру қажет».
Аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы Бақбақты ауылдық округі тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. 28.11.2025
Бақбақты ауылында аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлының халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Ауыл тұрғындары денсаулық сақтау саласының халыққа көрсеткен қызметіне көңілі толмайтындықтарын алға тартты және ауыз су құбыры жүргізілмеген көшелер алдағы уақытта толық қамтылса деген өтініштерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1115146?lang=kk
Сауда министрлігі мерекелік кезеңде азық-түлік бағасының тұрақты ұстауға басымдық береді 28.11.2025
26 қарашада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен 80 ірі сауда желісінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысқауымен жиын өтті. Кездесуде жыл сайын жаңа жыл қарсаңында маусымдық сұраныс артқанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды. Министр азаматтардың әл-ауқаты мен нарықтың тұрақты дамуы үшін бағаның тұрақтылығын сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Азық-түлік тауарларының үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа өнімдерді жедел кіргізуге мүмкіндік беретін «жасыл дәліз» іске қосылған. Сонымен қатар, қорларды уақтылы толықтыруға бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктері де жұмыс істеп тұр. Кездесуде мереке қарсаңында «Береке Fest» акциясының жаңа кезеңі басталатыны жарияланды. Бұл акция бұған дейін бірқатар өнімдердің бағасын төмендетіп, олардың қолжетімділігін арттыруға ықпал еткен. Жаңа кезеңнің мақсаты – нарықтағы баға тұрақтылығын қолдау және тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасау. Сауда желілері аталмыш бастамаға қатысуға дайын екенін білдіріп, қызмет көрсету сапасын жақсарту және тауарлардың қолжетімділігін арттыру бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін жеткізді. Жергілікті атқарушы органдар халыққа қолжетімді бағамен өнім ұсынылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруды жалғастырады. Мұндай жәрмеңкелер сатып алушылардың таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, нарықтағы тұрақтылықты сақтауға қосымша үлес қосады. Сауда және интеграция министрлігі бизнес өкілдерін серіктестікті нығайтуға, маусымдық акцияларға белсенді қатысуға және мерекелік кезеңде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115163?lang=kk
«Діндер арасындағы диалог: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 8-ші съезінің қорытындылары» атты дөңгелек үстел 28.11.2025
Исламабад, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігі Аймақтық зерттеулер институты (IRS) және Исламабад Халықаралық ислам университетімен (IIUI) бірлесе отырып, 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өткен Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 8-ші съезінің қорытындыларына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға Пәкістанның мемлекеттік органдары, академиялық мекемелері, дін өкілдері және студенттік жастар қатысты.Іс-шараның құрметті қонағы ретінде соңғы 8-ші Съезде Пәкістан делегациясын басқарған Дін істері және конфессияаралық келісім бойынша Федералды министр Сардар Мұхаммад Юсуф қатысты.Спикерлер ретінде Дін істері және конфессияаралық келісім бойынша Мемлекеттік министр Кесу Мал Хеал Дас, Пенджаб провинциясының Азшылық істері министрі Сардар Рамеш Сингх Арора, Ислам зерттеу институтының бас директоры профессор Мухаммад Зия-уль-Хак, Иса Мәсіх шіркеуінің өкілі Келли Джонсон, сондай-ақ онлайн форматта – Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы төрағасының орынбасары Марат Қалижанов қатысты.IRS Президенті, Елші Ж.Сәлім өз сөзінде Қазақстанның бастамасының өзектілігін ерекше атап өтіп, әртүрлі конфессиялар арасындағы диалогты қолдаудың және нығайтудың маңыздылығын жеткізді.Елші Е.Қыстафин форумның құрылу тарихы, мақсаты мен міндеттері туралы қатысушыларға айтып беріп, Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 8-ші съезінің негізгі қорытындылары мен қабылданған Қорытынды декларацияны таныстырды.Федералды министр С.Юсуф өткен 8-ші Съезд туралы өз әсерлерімен бөлісіп, дін саммитінің қорытындысы бойынша ұсынылған бастамаларды атады.Оның сөзінше, Астаналық декларация формальдылық емес, мемлекеттердің бейбітшілік пен өзара құрметке ұмтылуына негізделген жаһандық үйлесімділікті нығайтуға арналған толыққанды бағдар болып табылады. Ол Пәкістан бұл қағидаларды ел ішінде де, халықаралық аренада да тұрақты түрде ұстанатынын айтты.Министр сондай-ақ Пәкістан Қазақстанды тек стратегиялық серіктес ретінде ғана емес, сонымен бірге рухани дипломатиядағы маңызды қатысушы ретінде қарастыратынын атап өтті және ғылыми, дін, жастар және гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.Секретариат мүшесі, соңғы Съезде Ізгі ниет елшісі мәртебесін алған доктор М.Зия-уль-Хак секретариаттың қызметі туралы хабарлап, Қазақстанның конфессияаралық диалогты дамыту және нығайтудағы ізгі мақсаттарын атап өтті.Өз тарапынан М.Қалижанов алдыңғы спикерлердің тезистерін қолдап, қатысушыларға 8-ші Съезге дайындық аясында Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығының жұмысын таныстырды.Жалпы алғанда, дөңгелек үстелдің спикерлері мен қатысушылары Қазақстан бастамасын жоғары бағалап, Пәкістан тарапынан одан әрі қолдау мен белсенді қатысудың қажеттілігін, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен бірлескен ынтымақтастықты атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1115177?lang=kk