Enbekshi QazaQ

Әлем

ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ 23.09.2026
Ақтөбе сервис колледжінде жастар арасында лудоманияның алдын алу, құмар ойындардың кері әсері туралы түсіндіру және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық кездесу өтті.Кездесу барысында жастарға құмар ойындарға тәуелділіктің салдары, оның жеке тұлғаға, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы маңызды ақпараттар айтылды. Сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік және жауапты шешім қабылдау мәселелері талқыланды.🔹 Кездесуге спикер ретінде Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының басшысы Бисенбин Жадан Амирханович қатысып, лудоманияның алдын алу және құмар ойындарға тәуелділіктің құқықтық әрі әлеуметтік салдары жөнінде түсіндірме берді.🔹 Жоба амбассадоры Асанұлы Жоламан жастармен ашық форматта пікір алмасып, лудоманияның алдын алу бағытында өз ойлары мен пайдалы кеңестерімен бөлісті.Іс-шара жастардың саналы таңдау жасауына, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.📌 Іс-шара Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1297086?lang=ru
Жаңа мектеп – жайлы білім ордасы 23.09.2026
Мәслихат депутаттары А.Агаев, Б.Гадельшиевв, Е.Мергалиев, А.Елеусинова, Б.Дюсенов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Тржанова жаңа оқу жылында есігін ашқан №9  жайлы мектепке, мұндағы білім беру ортасымен танысты. Мектеп 1 қыркүйектен бастап оқушыларды қабылдап, бүгінде 760 бала білім алуда. Сапар кезінде заманауи оқу кабинеттері, спорттық нысандар, асхана, кітапхана және оқушыларға арналған басқа да мүмкіндіктер назарға алынды. Мектептің материалдық-техникалық базасы қазіргі талаптарға сай жабдықталған. Деуптаттар мектеп ұжымымен кездесіп оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы жөнінде пікір алмасты. Оқушыларға сапала білім алып, өз қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасалғаны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1297056?lang=ru
Балаларды тасымалдайтын көлік құралдарына мониторинг жүргізілді 23.09.2026
2026 жылғы 18 қыркүйекте 2026–2027 оқу жылына дайындық аясында Осакаров ауданының білім беру ұйымдарында балаларды күнделікті тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарына мониторинг жүргізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалар арасындағы жарақаттану деңгейін төмендету.Мониторинг барысында көлік құралдарының техникалық жағдайына, қажетті жабдықтар мен қауіпсіздік құралдарының болуына, сондай-ақ тиісті құжаттардың рәсімделуіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар оқушыларды қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдауға мектеп көлігінің дайындығы тексерілді.Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті ұсынымдар берілді. Балаларды мектеп көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Білім бөлімінің тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1297004?lang=ru
Ардагерлер қасиетті мекен түркістанға жолға шықты 23.09.2026
Аудан әкімінің қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданымыздың ардагерлері Түркістан қаласына танымдық әрі рухани сапарға аттанды.Аудан басшысы Жандос Еркінбек ардагерлерді арнайы шығарып салып, ақжолтай тілегін білдірді:«Сіздердің өмір жолдарыңыз кейінгі буынға үлгі. Осындай тағылымды сапарлар арқылы ардагерлеріміздің тарихи-мәдени мұраларымызбен танысып, қасиетті орындарға зиярат етуіне мүмкіндік жасалуда. Түркістан халқымыздың тарихы мен руханиятында айрықша орны бар қасиетті мекен. Сапарларыңыз сәтті өтсін», – деді.Айта кетсек «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аудан әкімінің қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – аудан ардагерлерінің тағылымды орындарға барып, тарихи мұралармен танысуына мүмкіндік жасау.Өткен жылы жоба аясында ауданымыздың 100-ге жуық ардагері Түркістан қаласына және Байқоңыр ғарыш айлағына, сондай-ақ киелі мекендерге барып, бабалар рухына Құран бағыштады. Биыл да игі бастама жалғасын тауып, 40 ардагерге танымдық сапар ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта жоба аясында еліміздің өзге де тарихи-мәдени және киелі орындарына сапар жасау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1296975?lang=ru
Алматыда көлік саласының болашағын талқылау үшін 24 елден ғалымдар мен инженерлер бас қосты 23.09.2026
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университетінде «Көлік, механика және материалтанудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті. Ғылыми форумға 24 елден ғалымдар мен сала мамандары жиналды. Конференция Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Көлік ғылымдары және технологиялары институтының директоры Бағдат Телтаевтың 60 жылдығына арналды.  Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, көлік саласының мамандары, оқытушылар мен зерттеушілер қатысты. Форум барысында көлік саласын дамыту, инфрақұрылымның сенімділігі, заманауи материалдар мен инженерлік технологияларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Конференцияның ғылыми бағдарламасы пленарлық отырысты, 16 негізгі баяндаманы және жеті бейінді секцияның жұмысын қамтыды. Жиын барысында Қазақстанмен қатар Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Ресей және басқа да елдердің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарының ғалымдары мен сарапшылары баяндама жасады.Секциялық отырыстар автомобиль және теміржол көлігі, әуе, теңіз және құбыр көлігі, метро, транзит пен логистика, деформацияланатын қатты дене механикасы, геомеханика және геотехника, машиналар мен механизмдер теориясы, робототехника, сұйықтықтар мен газдар механикасы, сондай-ақ материалтану бағыттарын қамтыды.Конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстан үшін көлік инфрақұрылымының стратегиялық маңызына тоқталып, жолдар мен транзиттік дәліздерді дамыту ауқымды ғылыми және технологиялық негізбен қатар жүруі қажет екенін атап өтті.Өз сөзінде ол академик Бағдат Телтаевтың көпжылдық ғылыми еңбегіне және өзі қалыптастырған ғылыми мектепке ерекше тоқталды. Ғалымның маңызды нәтижелерінің қатарында автомобиль жолдарын жобалау мен пайдалану саласындағы отандық тәсілдерді дамыту, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінің климаттық ерекшеліктері мен көлік жүктемелерін ескеретін KazPave жүйесін әзірлеу бар.«Бұл – іргелі білімнің, инженерлік ойдың және табанды еңбектің еліміздің технологиялық тәуелділігін төмендететін қолданбалы өнімге айналуының айқын мысалы», – деді Ақылбек Күрішбаев.Конференция барысында ҰҒА президенті алдағы бірлескен жұмыстың төрт бағытын ұсынды. Олар – жолдардың жай-күйін тұрақты бақылау негізінде болжамдық талдау әдістерін енгізу, бірлескен валидациялық полигон құру, KazPave жүйесін ауқымдау сияқты толық технологиялық тізбекті қамтитын пилоттық жобаларды іске қосу, сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен университеттердің кадрлық және есептеу ресурстарын біріктіру.ALT Университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Меруерт Жармагамбетова конференцияның университет үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Биыл ALT өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтуде.Оның айтуынша, ALT инженерлік және көлік мектебінің қалыптасқан дәстүрлерін заманауи ғылыммен, практикаға бағдарланған мамандар даярлаумен және сала кәсіпорындарымен өзара іс-қимылмен ұштастыра отырып дамытып келеді. Ректор университеттің Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен ынтымақтастығына да ерекше тоқталды.«ALT Университеті үшін Бағдат Бұрханбайұлы Телтаевтың кәсіби және ғылыми жолының дәл осы білім ордасында басталуының мәні зор. Ол осында инженерлік білім алып, мамандыққа алғашқы қадамын жасады. Бүгінде, араға ондаған жылдар салып, біз оның еңбегін академик, отандық көлік ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым ретінде атап өтіп отырмыз», – деді Меруерт Жармагамбетова.Конференция аясында ғалымдар өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, заманауи материалдардың қасиеттері мен мінез-құлқынан бастап, көлік инфрақұрылымының сенімділігі, инженерлік технологияларды дамыту және жаңа буын мамандарын даярлау мәселелеріне дейінгі кең ауқымды тақырыптарды талқылады.Қатысушылар көлік саласындағы цифрлық және зияткерлік шешімдерге де ерекше назар аударды. Конференция бағдарламасында жасанды интеллект арқылы автомобиль жолдарын мониторингілеу, жол инфрақұрылымының цифрлық егіздері, жол конструкцияларындағы температуралық режимді машиналық әдістермен болжау, асфальтбетонға арналған жаңа материалдар және жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған технологиялар бойынша зерттеулер ұсынылды.Конференция ғылыми қауымдастық, жоғары оқу орындары мен сала мамандары арасында кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген ауқымды алаңға айналды. 24 елдің өкілдерін біріктірген форумда көлік саласының өзекті міндеттері, заманауи технологиялар мен инженерлік шешімдер талқыланды. Академик Бағдат Телтаевтың 60 жылдығы ғалымның отандық көлік ғылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтуге ғана емес, саланың алдағы ғылыми және технологиялық даму перспективаларын талқылауға да мүмкіндік берді.
«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді 23.09.2026
📌Мемлекет басшысының Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту бойынша шаралар қабылдауда.Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу жобалары жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау нысанына – 10 млрд теңге, ал екінші ұшу-қону жолағына 23,5 млрд теңге бағытталды.Ақжайық шағынауданында 200 төсек-орынға арналған жаңа перинаталдық орталық салынуда. Медициналық мекеме жылына 7 мың босануға арналған және ана мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді. Акушерлік, гинекология және неонатология бөлімдерімен қатар, мұнда күрделі патологиялары бар жаңа туған нәрестелерге ем жүргізуге арналған неонаталдық хирургия қызметі ұйымдастырылады. Сондай-ақ диагностикалық зертхана, генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған база, консультациялық және оңалту бөлімшелері қарастырылған.📱 @KZgovernment
Жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды 23.09.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Жиында облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелермен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің орындалуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – жол жүрісі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағытта аудандық полиция бөлімі тарапынан жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар айтылып, аудан бойынша ахуалға талдау жасалды.Жалпы биыл апатты оқиғалардың саны мен зардап шеккендердің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеп отыр. Осыған байланысты Жандос Еркінбек: «Жол қауіпсіздігі – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Сондықтан алдын алу жұмыстарын күшейтіп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылауды арттыру қажет», – деп адам өмірінің қауіпсіздігіне қатысты бұл бағытты әлсіретуге болмайтынын атап өтті. Сондай-ақ аудандық полиция бөліміне рейдтік іс-шараларды күшейту тапсырылды.Күн тәртібіндегі келесі мәселе ретінде ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалуы және бюджеттің атқарылуы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла саладағы жұмыс барысы және бюджет қаражатын игеру мәселесі жайында баяндап өтті. Бұдан бөлек аудан бойынша бірқатар ауылдық округтердің өз кірістері жоспарының орындалуы талқыланды. Осы бағытта елді мекен әкімдеріне 9 айдың қорытындысымен өз кірістері жоспарының толық орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.Жиында бюджет қаражатын тиімді әрі толық игеру мәселесіне де аса мән берген аудан басшысы бюджет қаражатының уақытылы және сапалы игерілуі - жауапты міндет екенін, сондай-ақ әрбір бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті. Осы ретте кент, ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар беріп, олардың сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды ескертті.Сонымен қатар қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Аудан бойынша жылу маусымына дайындық барысы, тұрғындардың қатты отынға қажеттілігін қамтамасыз ету және отын қорын қалыптастыру бағытында тиісті жұмыс атқарылуда. Жауапты басшыларға бұл шараларда ешқандай мәселе болмауын және тұрақты қадағалап отыру қажеттігі айтылды. Мәжілісте көтерілген барлық мәселелер бойынша жұмыстың жүйелі жүргізілуі мен белгіленген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету жауапты бөлімдерге тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1296970?lang=ru
🏙️ Шымкент: қалаға жаңа қуаттар қажет 23.09.2026
📌Неліктен бұл маңыздыШымкент қаласы қарқынды өсіп келеді. Халық саны артқан сайын әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымға түсетін жүктеме де көбейіп отыр.📊 Көрсеткіштер🟦 Шымкентте жыл сайын 30 мыңнан астам сәби дүниеге келеді.🟦 Қазіргі таңда босандыру қызметін 4 медициналық ұйым көрсетеді.🟦Жаңа перинаталдық орталық 200 төсек-орынға есептелген.🟦Орталық жылына 7 мыңға дейін ананың босануына жағдай жасай алады.🟦 Шамамен 800-1000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.🏥 Жаңа перинаталдық орталық Ақжайық шағын ауданында бой көтеруде.Оның іске қосылуы төсек-орын қорын арттыруға, қолданыстағы медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені азайтуға және ана мен балаға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.🔎 Жалпы көрінісӘлеуметтік инфрақұрылымды дамыту Шымкенттің ауқымы мен өсу қарқынына сай болуы тиіс.📱 @KZgovernment
Көтерілген мәселелер заң аясында шешіледі 23.09.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев азаматтарды кезектілік тәртібімен жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 19 адам жазылып, оның үшеуі онлайн форматта қатысты. Негізгі көтерілген мәселелер – әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмыспен қамту.Тасбөгет кентінің тұрғыны Ә.Молдағұлова көшесі бойынан балалар ойын алаңын салу туралы ұсынысын жеткізді. Бүгінде Тасбөгет кентінде 14 балалар ойын алаңы, 1 стритбол және 1 жаттығу алаңы бар. Өткен жылы қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, Қ.Баймағанбетов және З.Шүкіров көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі үйлер ауласына балалар ойын алаңы салынды.Қазір кенттің басқа да аумақтарына ойын алаңдарын салу жолы қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, Ә.Молдағұлова көшесі бойынан бос жер учаскесі анықталды, осыған орай ұсыныс енгізіледі. Бюджеттен қаржы бөлінген соң, кезең-кезеңімен салу жоспарланған.Қармақшы ауданының тұрғыны Төретам және Жосалы кенттеріндегі автобекеттердің жұмысына қатысты мәселе көтерді. Бұған дейін Жосалы кентіндегі «Шынар-Ана» және Төретам кентіндегі автостансалар жолаушыларға қызмет көрсеткен. Алайда ғимаратты осы мақсатта пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғандықтан, жұмысын тоқтатқан. Жосалы кенті арқылы өтетін бағыттарда жолаушыларға қызмет көрсету үшін бұрынғы «Самара–Шымкент» автодәлізі бойындағы «Айым» кафесінің жанынан диспетчерлік пункт ашылды. Пункт 15 шілдеден бастап жұмыс істеп келеді, 15 автобус және 5 «Спринтер» автокөлігі жолаушы тасымалдайды.Қабылдауға келген азаматтар көтерген мәселелерді жан-жақты саралап, заң аясында шешу жауапты басшыларға жүктелді.Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін тұрғындар eGov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы немесе әкімдікке жазбаша өтініш қалдыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1296961?lang=ru
🛫 Шымкентте екінші ҰҚЖ салынып жатыр 23.09.2026
📌 Басты жаңалық Шымкент әуежайының екінші ұшу-қону жолағының құрылысын жалғастыруға қосымша 23,5 млрд теңге бөлінді.📊 Нақты көрсеткіштер• жаңа ҰҚЖ ұзындығы — 3 900 м• ені — 75 м• құрылыс 2025 жылғы қазан айынан бері жүргізіліп келеді🎯 Бұл неліктен маңыздыЖаңа жолақ әуежайға инфрақұрылымын одан әрі дамыту кезінде жұмысын тоқтатпауға және жолаушылар мен жүк ұшақтарын қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.⚠️ Екінші ҰҚЖ не үшін қажетМәселеҚолданыстағы жолақ күрделі жөндеуден 2007 жылы өткен. Кезекті жөндеуді 2027 жылы жүргізу қажет. Жөндеу жұмыстары әуежай жұмысын ұзақ уақытқа шектеуі мүмкін.Тағы бір фактор: қолданыстағы ҰҚЖ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің нұсқамасына сәйкес ұзартылуы қажет.🛬 Әуежай жұмысы тоқтамайдыНе өзгереді:Екінші ҰҚЖ инфрақұрылымды одан әрі дамыту кезінде әуежайдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни бір жолақтағы жұмыстар бүкіл әуежайдың жұмысын тоқтатпауға тиіс.🌫 Күрделі метеожағдайларда қонуЖаңа ҰҚЖ заманауи жарық-сигналдық жабдықпен жарақтандырылып, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес болады.✅ НәтижеӘуежай әуе кемелерін:• күрделі метеорологиялық жағдайларда• көру мүмкіндігі шектеулі кезде қабылдай алады.🌍 Шымкент үшін күтілетін нәтижеЖаңа ҰҚЖ әуежай мүмкіндіктерін бірнеше бағыт бойынша кеңейтеді.✈️ Ауыр әуе кемелеріЖолаушылар және ауыр жүк әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігі кеңейеді.📦 Жүк тасымалыХалықаралық жүк тасымалдарын кеңейту.🌐 ТранзитШымкенттің транзиттік әлеуетін арттыру.🔎 Жалпы көрініс23,5 млрд теңге тек қосымша ұшу-қону жолағын салуға бағытталып отырған жоқ. Екінші ҰҚЖ әуежайдың резервтік қуатын арттыруға, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және жолаушылар, жүк және транзиттік авиация үшін мүмкіндіктерді кеңейтуі тиіс.📱 @KZgovernment
Шымкентте заманауи AI-кеңсе іске қосылды 23.09.2026
Шымкентте мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға және цифрлық сервистерді пайдалануға арналған еліміздегі бесінші жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды. Кеңістік мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың қолайлылығы мен қолжетімділігіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып жасақталған.AI-кеңседе жедел қызмет көрсету, цифрлық, сараптамалық және оқыту аймақтарымен қоса демалуға арналған арнайы орын қарастырылған. Кеңсе моноблоктармен, жоғары жылдамдықты сканерлермен және eGov GPT сервисі орнатылған ақпараттық экрандармен жабдықталған.Жаңа кеңсенің басты жаңашылдықтарының бірі - құжаттандыру терминалы. Оның көмегімен азаматтар жеке куәлік немесе паспортты өз бетінше бірнеше минуттың ішінде рәсімдей алады.«Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру - күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Біз Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттер аясында қызметтерді автоматтандырып, азаматтарға барынша қолайлы әрі қолжетімді жағдай жасауға басымдық беріп келеміз. AI-кеңселер - осы бағыттағы нақты қадам», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.Мұнда цифрлық сервистермен қатар, азаматтар цифрлық дағдыларын жетілдіріп, электрондық сервистерді пайдалануды тегін үйретуге арналған арнайы оқыту аймақтары да қарастырылған.Бұған дейін осындай AI-кеңселер Астана қаласында, сондай-ақ Түркістан және Ұлытау облыстарында ашылған болатын. Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта заманауи цифрлық кеңселер желісін еліміздің басқа өңірлерінде де дамытуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1297977?lang=ru
Алматы облысында отбасын қолдау орталықтарының жұмысы қайта қаралады 23.09.2026
Алматы облысында отбасын қолдау орталықтарының қызметіне кешенді талдау жүргізіліп, олардың жұмысының тиімділігі мен халыққа қолжетімділігі қайта қаралады. Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралды.Жиында отбасын қолдау орталықтарының халыққа көрсететін әлеуметтік қызметтерінің сапасы, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс, ана мен баланы қорғау, репродуктивті денсаулық және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттыру мәселелері талқыланды.Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асыл Ваисовтың мәліметінше, жыл басынан бері отбасын қолдау орталықтары мен әлеуметтік мекемелерге 8 306 азамат жүгінген. Оның ішінде 264 отбасы өмірлік қиын жағдайға тап болып, көмек алғандар. Одан бөлек, орталықтың көмегімен 63 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 47 адам жеке басын куәландыратын құжаттарын қалпына келтірген. Комиссия төрағасы жұмысты тек сандық көрсеткіштермен бағалауға болмайтынын ескертті. «Әрбір отбасының мәселесі жеке қаралып, жағдайын тұрақтандыруға бағытталған нақты іс-қимыл жоспары әзірленуі тиіс. Бұл бағытта барлық мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және құқық қорғау салаларындағы басқармалар жұмусты күшейтуі қажет. Барлық аудан мен қалада «Бір отбасы – бір жоспар – бір жауапты маман» ведомствоаралық жұмыс алгоритмін енгізуді тапсырамын», - деп атап өтті комиссия төрағасы. Отбасын қолдау орталықтары азаматтарға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық кеңес береді. Тұрғындар бұл орталықтарға жұмыссыздық, қаржылық қиындық, отбасылық жанжал, тұрмыстық зорлық-зомбылық, құжаттарды жоғалту, бала тәрбиесі, баспана, денсаулық немесе құқықтық мәселелер туындаған жағдайда жүгіне алады. Қажет болған жағдайда орталық мамандары азаматтарды жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер және өзге де тиісті мемлекеттік органдарға бағыттап, қажетті қызметтерге қол жеткізуіне ықпал етеді.Комиссия отырысында орталықтардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығы мен тұрғындарға түсінікті болу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әрбір азамат қайда, қандай жағдайда және қандай көмек алу үшін жүгінуге болатынын білуі қажет. Осыған байланысты аудандар мен қалаларда кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, орталықтардың байланыс деректері мен қызмет түрлері туралы ақпаратты тұрақты жариялау тапсырылды.Сонымен қатар мобильді кабинеттердің шалғай елді мекендерді қамтуын кеңейту, қызмет көрсету сапасын бағалаудың нақты көрсеткіштерін әзірлеу және орталықтардың жұмысындағы әлсіз тұстарды анықтау жөнінде міндеттер қойылды.Комиссия отырысында ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың репродуктивті денсаулығын нығайту және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері де қаралды. Жауапты мемлекеттік органдарға профилактикалық жұмысты күшейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою тапсырылды.Бұдан бөлек, әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттыру және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытында Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Олардың тәжірибесін зерделеп, тиімді тұстарын облыс көлемінде таратуға арналған практикалық кейстер жинағын әзірлеу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1296909?lang=ru
Қазақстан ИСЕСКО конференциясының сессиясына қатысты 23.09.2026
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі және Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) жанындағы Тұрақты өкілі Сәулекүл Сайлауқызы ИСЕСКО Бас конференциясының 4-ші кезектен тыс сессиясына қатысты.Іс-шараға 40 мүше мемлекеттің министрлік деңгейдегі өкілдері, сондай-ақ елшілер мен ұлттық комиссиялардың бас хатшылары қатысты.Сессия барысында мүше мемлекеттер Ұйымның қаржылық тұрақтылығын одан әрі нығайту, оның бағдарламалары мен қызметін тиімді іске асыру, сондай-ақ ИСЕСКО-ның қаржылық дербестігін сақтай отырып, жарналардың тұрақты төленуін қамтамасыз ету тетіктері жөніндегі мәселелерді талқылады.Талқылаулардың қорытындысы бойынша қатысушылар Бас хатшылықтың қаржылық және әкімшілік шаралар туралы баяндамасын қабылдап, Ұйым қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жедел жоспарда көзделген уақытша шараларды бекітті, оның басты бағыты мүше мемлекеттердің жарналары мен берешектерін реттеу болып табылады.Сессияда сөз сөйлеген қазақ делегациясының басшысы С.Сайлауқызы Қазақстанның ИСЕСКО-ға мүшелік еткен жылдар бойы міндетті мүшелік жарналарын үздіксіз әрі толық көлемде төлеп келе жатқанын, сондай-ақ Ұйым қызметіне тұрақты түрде ерікті қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Қазақстандық дипломат барлық мүше мемлекеттерді өз қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырып, Ұйымның тұрақтылығы оның мүшелерінің ұжымдық тәртібі мен ынтымақтастығына тікелей байланысты екенін алға тартты.Сонымен қатар, қазақ тарапы сессияда ұсынылған жобалық қарарлардың қабылдануын қолдап, ИСЕСКО-мен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру арқылы практикалық ынтымақтастықты жалғастыру және кеңейту дайындығын растады.Қазақстанның Бас конференцияның кезектен тыс сессиясына қатысуы елдің ИСЕСКО-ның институционалдық және қаржылық тұрақтылығын қолдаудағы дәйекті ұстанымын және ислам әлеміндегі білім, ғылым және мәдениет саласындағы көпжақты ынтымақтастыққа деген берік ұстанымын растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1296877?lang=ru
«Ұлттық қор - балаларға»: бұл не және төлемді қалай алу керек? 23.09.2026
Мемлекет басшысы 2022 жылғы Жолдауында іске асыру бағыттарының бірі «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы болып табылатын ұлттық байлықты әділ бөлу бағдарламасын құру туралы идеяны айтты. Осы жоба шеңберінде Қазақстанның азаматтарына туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін 2024 жылдан бастап жыл сайын Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің 50% есебінен қаражат есептеледі.Осы бастама шеңберінде 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Қазақстанның Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызы есептелетін болады.2026 жылы әр балаға 130,71 АҚШ доллары аударылды.Үш жылдан бері бағдарламаға қатысатын балалардың жинақтарының жалпы сомасы алынған инвестициялық табысты ескергенде 370,56 АҚШ долларын құрады.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) ақпаратына сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру төлеміне арналған нысаналы жинақ төлемдері 76 142,45 мың АҚШ долларды құрады. (365 967 алушы), оның ішінде:- тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 50 433,4 мың АҚШ доллар (241 284 алушы);- білім алуға – 25 709,05 мың АҚШ доллар (124 683 алушы).Бұл қаражатпен қашан пайдалануға болады?18 жасқа толғаннан кейін жинақтау БЖЗҚ-дағы дербес шоттарға аударылады және азаматтар оларды:-Қазақстан Республикасында ғана тұрғын үй жағдайларын жақсартуға.-білімге ақы төлеуге (Қазақстан Республикасында да, шетелде де) пайдалана алады.Жинақталған соманы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ)  шотынан таңдаған мақсатқа уәкілетті операторлар - Отбасы банкі және Халық банкі арқылы аударуға болады.Баланың бағдарламаға қатысу фактісі туралы ақпаратты баланың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша kids.enpf.kz сайтында, egov.kz порталындағы жеке кабинетте, Halyk және Kaspi.kz қосымшаларында білуге болады.Егер нысаналы жинақтар бала кәмелетке толғаннан кейін 10 жыл ішінде талап етілмесе, олар оның жеке зейнетақы шотына түседі.Есептеулер келесі жағдайларды тоқтатылады:-қайтыс болған жағдайда-жобаға қатысушыны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде-азаматтықтан айырылған жағдайдаҚайтыс болған жағдайда мақсатты жинақтарды алу үшін мұрагерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) заңда белгіленген тәртіппен жүгіне алады.Ұлттық қор қаражатын қазақстандықтардың жас буынын қолдау үшін пайдалану - бұл елдің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық шешім болып табылады.«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы - бұл еліміздің болашағына салынатын инвестиция!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1296878?lang=ru
KazAID пен JICA: 2026 жылға арналған Жол картасы мен бірлескен жобалар 23.09.2026
2026 жылғы 21 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен JICA-ның Қырғыз Республикасындағы Тұрақты өкілі Нишигата Котаромен кездесті.Кездесу барысында тараптар екі агенттік арасындағы іс-қимыл жоспары шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ KazAID мен JICA арасындағы 2026 жылға арналған Жол картасының жобасын қарастырды. Тараптар табиғи апаттар қаупін азайту бойынша бірлескен семинар ұйымдастыру мүмкіндігіне ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1296879?lang=ru
KazAID пен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты талқылады 23.09.2026
2026 жылғы 22 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (ИОПБ) Бас директоры Берік Арынмен кездесу өткізді. Кездесу барысында олар ынтымақтастық перспективалары мен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және ИЫҰ-ға мүше елдерде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін бірлескен бастамаларды кеңейтуге өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1296882?lang=ru
Қаржы министрлігі e-Qazyna платформасында мемлекеттік мүліктің бірыңғай цифрлы есебін енгізуді қолға алды 23.09.2026
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігінің өкілдері мемлекеттік мүлікті басқарудың цифрлы трансформациясы мен e-Qazyna.kz платформасын дамыту бағытындағы жұмыс жөнінде айтып берді.Қолға алынған жұмыстар туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков пен «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов тізбектеп берді. Ведомство өкілдері айтқандай, биылғы Цифрландыру және жасанды интеллект жылында мемлекеттік активтерді басқару саласында цифрлы құралдарды одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғастырылып келеді.Мәселе, e-Qazyna платформасында бүгінде 40 цифрлы сервис қамтылған. Олардың қатарында мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды есепке алу, электронды сауда-саттық, жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті жалға және сенімгерлік басқаруға беру, мемлекеттік меншікті мониторингтеу және басқа да процестер бар.Негізгі міндеттердің бірі – мемлекеттік активтерді бытыраңқы есепке алудан e-Qazyna.kz базасындағы біртұтас цифрлы жүйеге көшіру. Бұл бағыттағы жұмыс 2029 жылға дейінгі жол картасы аясында атқарылады. Осы жұмысқа сәйкес мемлекеттік мүлік нысандары мен басқару субъектілерінің цифрлы бейіндері қалыптастырылып жатыр. Олар активтердің бүкіл өмірлік циклін бақылап, нысандардың өзекті фотосуреттері мен географиялық координаттарын, сондай-ақ болашақта ғарыштық мониторинг деректерін пайдалануға мүмкіндік береді.Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы мүлікті цифрлы есеп-қисабына да ерекше мән беріліп келеді. Аталған бағытта «бұлтты» бухгалтерияны енгізу, e-Qazyna-ны «е-Қаржымині» жүйесімен интеграциялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүлкін ішкі корпоративті есепке алуды автоматтандыру жоспарланған.Ұлттық және стратегиялық ресурстарды есепке алуды цифрландыру жұмыстары да нығайып жатыр. Перспективада Мемлекеттік тізімнің бірыңғай цифрлы базасында жер және су ресурстары, орман қоры, жерасты сулары, көмірсутек және қатты пайдалы қазбалар кен орындары туралы мәліметтерді автоматты түрде есепке алу көзделіп отыр.Жүйені дамытудың келесі кезеңі жасанды интеллект және Big Data технологияларын енгізумен байланысты. Оларды қолдану тиісті нысандардың тозғанын болжауға, мүлікті тиімсіз пайдалану белгілерін анықтауға, сондай-ақ мемлекеттік активтерді күтіп-ұстау мен жаңғыртуға арналған шығыстарды неғұрлым дәл жоспарлауға предиктивті аналитиканы пайдалануға жол ашады.Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 79 функциясының 36-сы цифрландыруға әлеуеті зор. Бүгінде олардың 26-сы, яғни 72 пайызы автоматтандырылған. Биыл III тоқсанда тағы 8 функцияны қанатқақты режімде автоматтандыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің басқару органдарында электронды дауыс беру, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылары мен баланстарын бекіту бар.Баланс ұстаушының цифрлы бейіні де кезең-кезеңмен енгізіледі. 2026 жылы оған ғимараттар мен құрылыстар, 2027 жылы жер учаскелері, ал 2028–2029 жылдары көлік, жабдықтар және басқа да актив түрлері енгізіледі.Жоғарыда аталған платформаны дамыту мемлекеттік мүлікті басқарудың бірізді цифрлы экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттырып, оларды басқарудан түсетін кірістерді ұлғайтуға және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға оң әсер етеді.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1296866?lang=ru
ЕТДҚ қатысушылары жаңа стратегияны талқылады 23.09.2026
Мәскеудегі қазақстандық делегацияның жұмыс бағдарламасының жалғасы аясында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының стратегиялық сессиясына қатысты. Оның барысында қордың қызметіндегі негізгі бағыттар, орта және ұзақмерзімді перспективадағы басымдықтарды айқындайтын 2027-2031 жылдарға арналған ЕТДҚ стратегиялық жобасы талқылнады. «Стратегиядағы маңызды элементтердің бірі — ауқымды талдау, оның негізінде экономикалардың орнықты өсімін қамтамасыз ету мақсатында уақтылы превентивті шаралар қабылдануы тиіс», деп атап өтті Дәурен Маратұлы. ЕТДҚ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше. Бұл ұйымның мүше мемлекеттер арасындағы макроэкономикалық тұрақтылық пен қаржылық ынтымақтастықты нығайтуда маңызы жоғарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1296867?lang=ru
Ақмола облысында киберқылмыстың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 23.09.2026
Цифрлық қауіпсіздік күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды, әсіресе жеке деректер мен банктік шоттарды қорғау мәселесі туындағанда. Ақмола облысында киберқылмыстың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Дропперлік дегеніміз не және ол неге қауіпті?Дропперлік — бұл өзінің банктік карталарын, шоттарын, төлем құралдарын және сәйкестендіру құралдарын басқа тұлғаларға беру немесе оларға қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну. Осындай күмәнді схемалар аясында ақша аударымдарын немесе төлемдерді жүргізгені үшін де жауапкершілік туындайды. Алаяқтар сіздің банктік құралдарыңызды пайдаланғаны үшін жиі «оңай ақша» ұсынады, бірақ мұндай схемаларға қатысу елеулі құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін.Цифрлық қауіпсіздіктің басты ережелеріАлаяқтық схеманың сыбайласы болмау үшін негізгі ережелерді есте сақтаңыз: Ешқашан ешкімге өзіңіздің банктік карталарыңызды, PIN-кодтарыңызды, SMS-тен алынған құпия сөздерді және банктік қосымшаларға кіру деректерін бермеңіз. Бөгде адамдарға өз шоттарыңызға және сәйкестендіру құралдарына қол жеткізуге рұқсат етпеңіз. Егер ол үшін жеке шоттарыңызды немесе карталарыңызды пайдалануды талап етсе, тез ақша табудың кез келген ұсыныстарын елемеңіз.Балалар мен жастарды қалай қорғайды?Ақмола облысының цифрландыру және мұрағаттар басқармасы жас ұрпақпен ағарту жұмыстарына ерекше назар аударады: 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап өңірдің 523 мектебі мен 27 колледжінде жеке қауіпсіздік бойынша тұрақты сабақтар өтуде. Оқытумен 160 000-ға жуық оқушы мен студент қамтылған. Сабақтарда дропперлік, интернет-алаяқтық, жеке деректерді қорғау және желідегі қауіпсіз мінез-құлық тақырыптары егжей-тегжейлі талданады.  «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық марафоны және Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы аясында 155 000-нан астам бала қамтылды, ал 117 000-нан астам ата-ана пайдалы ақпарат алды. Ересектер үшін 2 600-ден астам бейінді іс-шара өткізілді.Цифрлық ортадағы қауіпсіздік әркімнің жеке жауапкершілігінен басталады. Деректеріңізді сақтаңыз және құқық бұзушыларға сізді бөтен схемаларда пайдалануға жол бермеңіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1296858?lang=ru
Шекарасыз диалог: Қазақстан мен Alma Mater Europaea университеті академиялық және өркениетаралық ынтымақтастық кеңістігін кеңейтуде 23.09.2026
2026 жылғы 22 қыркүйек, Любляна – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Елшілікте Alma Mater Europaea университетінің ректоры, Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясының мүшесі, Global Peace Offensive Center директоры, профессор Людвик Топлакпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту, бейбітшілік мәдениетін нығайту, сондай-ақ Қазақстан мен Словения арасындағы академиялық және сараптамалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.Профессор Людвик Топлак Қазақстандағы саяси жаңғыру үдерісіне және елдің даму қарқынына жоғары баға беріп, Қазақстанның бейбітшілікті, диалогты және орнықты дамуды ілгерілетуге бағытталған халықаралық бастамаларына ерекше тоқталды. Тараптар тұрақты сараптамалық және академиялық өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, ғалымдар, сарапшылар және конфессияаралық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен бірлескен конференциялар, дөңгелек үстелдер мен тақырыптық пікірталастар өткізу жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.Кездесу барысында Қазақстанның дінаралық диалог саласындағы тәжірибесіне, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметіне, Қазақстанның Киелі Тақпен өзара іс-қимылына, сондай-ақ Астанада өтетін Съезд Хатшылығының XXIV отырысына ерекше назар аударылды. Тараптар мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты ілгерілету, адам қадір-қасиетін қорғау, жастарды тәрбиелеу және қазіргі жаһандық сын-қатерлерге бірлескен жауаптар іздеу мақсатында Қазақстан мен Словенияның зияткерлік және сараптамалық әлеуетін одан әрі біріктіруге мүдделілік білдірді.Анықтама: Alma Mater Europaea университеті 2025 жылғы 6 тамызда Любляна қаласында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат бірлескен білім беру, ғылыми-зерттеу және мәдени жобаларды іске асыруды, студенттер мен оқытушылар алмасуын, конференциялар, семинарлар және басқа да академиялық іс-шаралар өткізуді көздейді.2026 жылғы 30 сәуірде Астанадағы Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы мен Словенияның Global Peace Offensive Center ұйымы дінаралық, мәдениетаралық және ұрпақаралық диалогты дамыту, сондай-ақ бірлескен білім беру, ғылыми-зерттеу және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру салаларында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығының Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1296863?lang=ru