Enbekshi QazaQ

Әлем

Брестте ТМД елдерінің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 83-отырысы өтті 24.09.2026
       2026 жылғы 22 қыркүйекте Брест қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің (КҚБК ТМД) 83-отырысы өтті.      Кеңес – ТМД кеңістігінде кедендік әкімшілендіруді дамыту, кедендік бақылауды жетілдіру және экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеуді қамтамасыз ететін негізгі мемлекетаралық үйлестіруші орган.     Отырысқа Достастық мемлекеттерінің кеден қызметтерінің басшылары мен өкілдері қатысты.     Кездесу барысында ТМД кеңістігіндегі сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайтуға, транзиттік рәсімдерді жеңілдетуге және кедендік бақылау жүйелерін жаңғыртуға бағытталған мәселелердің кең ауқымы қаралды.     Отырыс қорытындысы бойынша мынадай бағыттар бойынша шешімдер қабылданды:     - кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында ақпараттық технологиялар мен перспективалы бағдарламалық құралдарды пайдалану тәжірибесімен алмасу;    - инспекциялық-тексеру кешендерін, оның ішінде рентгендік кескіндерді талдау кезінде қолданудың озық тәжірибелерін енгізу;    - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден органдарының трансшекаралық электрондық сауданы реттеу саласындағы тәжірибесін зерделеу;     - жаңа технологияларды пайдалана отырып өндірілген тауарларды сыныптау тәсілдерін келісу;    - жеке тұлғалардың жекелеген санаттағы тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде өткізу қағидалары туралы ақпараттандыру және өткізу пункттеріндегі бақылауды жетілдіру.     Отырыс барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов Кеңес аясында сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылар үшін әкімшілік кедергілерді барынша азайту жөніндегі негізгі міндеттің табысты іске асырылып жатқанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1297434?lang=ru
Нөлдік салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру. 24.09.2026
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық есептілігін ұсынудың жаңа тәртібі қолданылатынын еске салады.Салық кодексінің нормаларына сәйкес, белгіленген тапсыру мерзімі өткеннен кейін салық органының ақпараттық жүйесі тиісті салық кезеңі үшін нөлдік көрсеткіштері бар есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.Осыған байланысты, салық төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында ұсынылуға тиіс салық есептілігі нысандарын (СЕН) алдын ала белгілеуі қажет.Іс-қимыл алгоритмі:«Салық төлеушінің кабинеті» (СӘИЖ) веб-қосымшасына кіру;«Ұсынылатын СЕН» бөліміне өту;Қолданылатын салық режимі мен қызмет түріне сәйкес қажетті салық есептілігі нысандарын қосу;Әрбір СЕН бойынша тапсыру басталған «жыл мен салық кезеңін» көрсету;Енгізілген мәліметтерді сақтау.Бұл ретте нөлдік көрсеткіштері бар есептіліктің автоматты түрде қалыптасуы салық төлеушіні іс жүзіндегі салық міндеттемелерін көрсету міндетінен босайтпайды.Егер есептілік автоматты түрде қалыптасқаннан кейін салық төлеушіде есептілікте көрсетілуге тиіс салық салу объектілері нақты тіркелген болса, ол тиісті салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін тапсыруға міндетті.Аталған тәртіп жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлікке қатысы жоқ қызметі бойынша салық есептілігін ұсынуына қолданылмайды.Осылайша, есептілікті нөлдік көрсеткіштермен автоматты түрде қалыптастыру салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.Салықтар туралы толығырақ 1414 телефоны арқылы немесе Instagram-дағы @astana_mkd_dgd_astana парақшасынан білуге болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1297425?lang=ru
Астанада Coventry University Kazakhstan университетінің жаңа кампусының құрылысы басталды 24.09.2026
Астанада Coventry University Kazakhstan Халықаралық университетінің жаңа кампусының құрылысына орай, уақыт капсуласын салу рәсімі өтті.Жаңа кампус британдық академиялық стандарттар мен халықаралық тәжірибені ұштастыра отырып, қазақстандық жастарға әлемдік деңгейдегі жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол елорданың заманауи білім беру инфрақұрылымының маңызды нысандарының біріне айналмақ.Салтанатты рәсімге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, қала әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді, ҚР Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Бақаев, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Салли Джейн Аксуорси, Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның Әзербайжан мен Орталық Азия елдеріндегі сауда жөніндегі өкілі Лорд Джон Олдердайс, сондай-ақ Coventry University және Coventry University Kazakhstan басшылығының өкілдері қатысты.Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба қазақстандық студенттердің халықаралық білім беру бағдарламаларына қолжетімділігін арттырып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.Сонымен қатар, жаңа кампустың ашылуы елорданың білім беру инфрақұрылымын дамытуға және Астананың халықаралық білім берудің өңірлік орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға үлес қосады. https://www.instagram.com/p/Ddl18p6Mnop/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1297429?lang=ru
Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың белгілі дизайнері Иман Бельмкаддеммен кездеcті 24.09.2026
2026 жылғы 21 қыркүйекте Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың белгілі дизайнері Иман Бельмкаддеммен кездесіп, оның «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының атсалысуымен 2026 жылғы 23-26 қазан аралығында Астанада өтетін халықаралық World Designers Fasion Weel Astana 2026 (WDFW Astana 2026) ісшарасына қатысу мәселесін талқылады. И.Бельмкаддем 2019 жылдан бастап Стокгольм халықаралық сән жәрмеңкесінің (STOIFF) ұйымдастырушысы және Швеция мен Солтүстік Африканың Еуропалық сән кеңесіндегі өкілі болып келеді. Соңғы жылдары ол Марокко мен Швеция арасындағы мәдени жобалар және Мароккода халықаралық сән іс-шарасын өткізуге ат салысып келеді. Оның мақсаты - африкалық таланттарды алға шығару және Еуропа, Азияда жаңа көкжиектер мен тәжірибе алмасуларға есік ашу. И.Бельмкаддем WDFW Astana 2026 көрсетілімінде марокколық дәстүрлі ұлттық киім – әйгілі кафтандарды паш етуді көздеп отыр. Қазақстанның белгілі дизайнерлерімен орнатылған байланыстарды пайдаланып, болашақта бірлескен жобаларды іске асыру оның жоспарында тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1297416?lang=ru
Ал, бізде бірінші медаль бар! 24.09.2026
Қарағандылық ММА жауынгері Санжар Әділов Азиаданың тарихи медалін жеңіп алды.30 жасар спортшы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спорттық кимономен «Traditional» санатында өнер көрсетті. Ширек финалда Әділов жеңіске жетті, бірақ жартылай финалда төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңілді. Регламент бойынша жекпе-жектен үшінші орын  қарастырылмаған. Осылайша, Әділов, басқа жартылай финалда жеңілген адам сияқты, қола жүлдеге ие болады.Бұл Қазақстан құрамасының Азиада-2026-дағы жетінші медалі және ММА-дағы тарихи маңызы ерекше алғашқы медалі. Аралас жекпе-жек жазғы ойындар бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА Азия ойындарында марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді. Құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1297364?lang=ru
Қызылорда қаласын аяқсумен қамту мәселелері қаралды 24.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда Қызылорда қаласын аяқсумен қамтудың және суару жүйесінің қазіргі жағдайы, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.«Су ресурстарына толық талдау жүргізіп, қалаға қажетті көлемді нақтылап, келесі жылға су беру мүмкіндігін қарастыру маңызды. Әуежай маңы мен Белкөл кентіне кіреберіс аумақтардағы жасыл белдеуге аяқсу тұрақты берілуі және тал отырғызылуы керек.Арық жүйелерін толық түгендеп, су жетпейтін учаскелерге қатысты нақты жобалық және қаржылық ұсыныс енгізіңіздер. Аяқсумен қамтылған аумақтарды кезең-кезеңімен ұлғайту үшін нақты жоспар әзірлеңіздер. Көшет отырғызу және оларды суаруды ұйымдастырыңыздар», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Бүгінде қала аумағына аяқсу 15 нүктедегі 22 насос қондырғысы арқылы беріледі. Оның 4-еуі биыл орнатылған. Арық жүйелерінің жалпы ұзындығы 98,8 шақырым, 68 көшені қамтиды. «Жібек жолы», «Сарқырама» және «Қызылжарма» каналдары арқылы 14,4 шақырымдық үлкен лоток жүйесі, 39 көшеде 68,6 шақырым болатын кіші лотоктар, ал 26 көшеде 15,8 шақырымдық лотоксыз арық жүйесі бар. Қала ішіндегі арықтарға су 6 аумақтағы насос қондырғылары арқылы таратылады.Алдағы уақытта №217 мектеп ауласындағы су ұңғымасы жөнделіп, қайта іске қосылады. Бұл Қорқыт ата көшесінің бір бөлігіне аяқ су жеткізуге мүмкіндік туғызады. Аяқсу жеткізілген аумақтарды көгалдандыру мақсатында М.Шоқай, Қожа Ахмет Яссауи және Д. Қонаев көшелерінің бойына көшет отырғызылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1297356?lang=ru
Қазақстанның 17 өңірінен 279 жас спортшы үстел теннисінен ел чемпионатының медальдары үшін күресуде. Республикалық біріншілік Қарағандыда басталды 24.09.2026
Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков, облыстық мәслихат төрағасы Нүркен Қобжанов, ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Жаннұр Қалиғожин және ДШжСБ басшысы Нүркен Нұратов қатысты.Үстел теннисі Қазақстанда өте танымал. Онымен балалар да, ересектер де, мүмкіндігі шектеулі адамдар да қуана айналысады. Тек біздің облыстың өзінде 13 мыңнан астам адам осы спорт түріне құмар, оның 4000 - ге жуығы ауылдық жерлерде.   Қарағанды үстел теннисі мектебі республикадағы үздік мектептердің бірі, оның тәрбиеленушілері көптеген жылдар бойы басқа өңірлердің спортшыларына айтарлықтай  бәсеке туғызып келеді.  Біздің чемпиондарымызды тек туған өңіріміз ғана емес, бүкіл Қазақстан мақтан тұтады. Қазір Жапонияда Азия ойындары өтіп жатыр. Жеңіс үшін Құрманғалиев Алан, Акашева Зәуреш, Кошкумбаева Жанерке және Жақсылықова Альбина сияқты теннисшілеріміз күресуде. Спортшыларымыз үшін жанкүйер болайық!  Ал, жас таланттарға қонақжай Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында сәттілік пен жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1297343?lang=ru
ҚР СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 81- сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді 24.09.2026
БҰҰ Бас Ассамблеясының 81- сессиясының жоғары деңгейлі аптасының бірінші күнінде ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, көпжақты іс-шараларға қатысты.Сессия барысында Венгрия Сыртқы істер министрі Анита Орбан, Молдова Сыртқы істер министрі Михай Попшой, Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский, Словения Сыртқы істер министрі Тоне Кайзер, Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига және Эль-Сальвадор Сыртқы істер министрі Александра Хилл Тинокомен келіссөздер өткізілді. Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері, саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту перспективалары талқыланды, сондай-ақ негізгі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.БҰҰ Сауда және даму жөніндегі комиссиясының (ЮНКТАД) Бас хатшысы, БҰҰ Бас хатшысы лауазымына кандидат Ребекка Гринспан мен ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Ананимен жеке кездесулер өтті.Тараптар көпжақты ынтымақтастықты нығайту, халықаралық институттардың тиімділігін арттыру және Қазақстанның БҰҰ құрылымдарымен өзара іс-қимылын жалғастыру мәселелерін талқылады.Көпжақты бағдарлама аясында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы БҰҰ-ның даму перспективаларына және оның қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге бейімделуіне арналған «Renewal and Focus: The UN We Need 5 Years from Now» атты министрлік кездесуге қатысты.Бірінші күннің маңызды нәтижесі Қазақстан Республикасы мен Орталық Африка Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы болды. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты байланыстарды дамытуға және халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылға деген өзара мүдделерін растайтын тиісті Бірлескен коммюникеге қол қойды.Бірінші күннің тығыз  бағдарламасы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге, көпжақты дипломатияны нығайтуға және БҰҰ шеңберіндегі  өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарын іс жүзінде жүзеге асыруды жалғастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297313?lang=ru
Абай мұрасы және оның қазіргі Қазақстан үшін маңызы Мадридте талқыланды 24.09.2026
Мадрид, 2026 жылғы 22 қыркүйек – Мадридтегі «Casa Asia» орталығында Қазақстан Елшілігі «Casa Asia» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған «Абай Құнанбайұлы: қазіргі Қазақстандағы әдебиет, ой-пікір және мұра» атты мәдени-ағартушылық іс-шара өтті. Кездесу ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысының шығармашылық әрі философиялық мұрасына, сондай-ақ оның идеяларының XXI ғасырдағы өзектілігіне арналды.Іс-шараға Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев, Испания Дипломатия академиясының толық мүшесі әрі «Дипломатия және азаматтық қоғам» форумының директоры Хосе Луис Изагирре, сондай-ақ испандық академиялық, мәдени және қоғамдық ортаның өкілдері мен әдебиет және мәдениетаралық байланыстар саласындағы сарапшылар қатысты.Өз сөзінде Д. Мұсаев Абай мұрасы қазақстандық қоғам үшін өнегелік әрі интеллектуалды бағдар болып қала беретінін атап өтті. «Біз үшін Абай өткен шақта қалып қойған жоқ. Ол – біздің рухани бағдарымыз бен сұхбаттасымыз, оның идеялары бүгінде бұрынғыдан да өзекті», – деп атап өтті Елші.Абайдың адам табиғаты, адамгершілік пен қоғам алдындағы жауапкершілік туралы толғанған «Қара сөздеріне» ерекше назар аударылды. Ағартушының білім мен адал еңбекті қоғамдық прогрестің негізі ретінде көргені баса айтылды.Д. Мұсаев Абай идеяларын Қазақстан дамуының қазіргі кезеңімен байланыстырып, саяси және экономикалық қайта құрулар берік моральдық негіздерге сүйенуі тиіс екенін атап өтті. Осы контекстте жеке жауапкершілікке, заңға деген құрметке және білімге ұмтылысқа негізделген «Адал азамат» және «Толық адам» тұжырымдамалары таныстырылды. Сонымен қатар табиғатқа және қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарау мәдениетін дамытатын «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы атап өтілді.Пікірталас барысында қатысушылар Абайдың қазақ әдебиеті мен қоғамдық ой-пікірінің дамуына қосқан үлесі, оның гуманистік идеяларының әмбебап сипаты және мәдениетаралық диалогтың маңызы туралы пікір алмасты.Іс-шара Қазақстан Елшілігі мен «Casa Asia» ұйымының Испанияда қазақстандық мәдениетті танымал ету және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту бойынша бірлескен жұмысының жалғасы болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1297290?lang=ru
Қазақстан мен «MOL Group» стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады 24.09.2026
Будапешт, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі А.Бақытбекқызының «MOL Group» компаниялар тобының барлау және өндіру жөніндегі Атқарушы вице-президенті Ж.Мартонмен кездесуінде Қазақстан Республикасы мен «MOL Group» арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту перспективалары талқыланып, сондай-ақ тараптардың өзара қызығушылығын тудыратын және екі тарап үшін де практикалық маңызы бар бағыттар бойынша пікір алмасылды.Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «MOL Group» арасындағы стратегиялық ынтымақтастыққа, оның ішінде мұнай-газ саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелеріне және қазақстандық энергетикалық ресурстарды Мажарстанға жеткізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Тараптар энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың және энергетикалық ресурстар жеткізу көздерін әртараптандырудың маңыздылығын атап өтіп, өзара тиімді бағыттар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға қызығушылықтарын білдірді.Сондай-ақ, кездесу барысында «MOL Group» компаниясының Қазақстандағы ірі энергетикалық жобаларға қатысу перспективалары және екі компания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға және энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіліктерін растады.«MOL Group» компаниялар тобы Еуропадағы жетекші мұнай-газ концерндерінің бірі болып табылады және көптеген жылдар бойы Қазақстандағы өз қатысуын дәйекті түрде дамытып келеді. Компания еліміздегі мұнай-газ жобаларын іске асыруға, оның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы Рожковское кен орнын игеруге қатысады. Бұл қазақстандық-мажар энергетикалық ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және қазақстандық және мажарлық әріптестер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге негіз қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1297254?lang=ru
Армия спортшысы Әсем Орынбай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының жүлдегері атанды 24.09.2026
Азиада-2026 аясында Айти префектурасы мен Нагоя қаласында стенд атудан әйелдер арасындағы жарыстар аяқталды.«Скит» жаттығуында Қазақстан намысын армиялық спортшы сержант Әсем Орынбай, сондай-ақ ұлттық құрама мүшелері Зоя Пискун мен Адель Садақбаева қорғады.Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 274 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Алтын медальді 287 ұпай еншілеген Қытай спортшылары жеңіп алса, 266 ұпай жинаған Үндістан құрамасы қола жүлдеге ие болды.Сонымен қатар жеке есептегі «скит» жаттығуында ұлттық құраманың көшбасшысы Әсем Орынбай финалда 28 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Бұл сында Қытай спортшысы жеңімпаз атанса, Таиланд өкілі күміс медальді иеленді.Армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі сержант Әсем Орынбайдың бұл жетістігі жоғары шеберлігі, табандылығы мен мақсатқа ұмтылысының нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1297225?lang=ru
ЖК САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБІ: НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ 24.09.2026
Құрметті жеке кәсіпкерлер!Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізбейтін және қаржылық есептілікті жасамайтын жеке кәсіпкерлердің салықтық есеп жүргізу ерекшеліктерін еске саламыз.🔹 Бастапқы есепке алу құжаттарыСалықтық есеп операцияның немесе оқиғаның жасалғанын растайтын қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі бастапқы есепке алу құжаттары негізінде жүргізіледі.Салықтық тіркелімдердегі жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.Жеке кәсіпкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, бастапқы есепке алу құжаттарын электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде де рәсімдеуге құқылы.🔹 Шетел валютасындағы операцияларШетел валютасында жасалған операциялар операция жасалған күнгі валютаның ресми бағамы бойынша теңгеге қайта есептеледі.Бұл ретте бағамдық айырма салық салу мақсатында есепке алынбайды.🔹 Қорлар қалай есепке алынады?Салықтық есеп мақсатында қорлар өзіндік құны бойынша танылады.Өзіндік құнға мыналар кіруі мүмкін:▪️ сатып алуға жұмсалған шығындар;▪️ импорттық баждар және өтелмейтін салықтар;▪️ тасымалдау және өңдеу шығындары;▪️ сатып алуға тікелей байланысты шығыстар;▪️ қайта өңдеу шығындары;▪️ еңбекақы төлеуге арналған тікелей шығындар;▪️ өндірістік үстеме шығыстар;▪️ қорларды ағымдағы жағдайына және орналасқан жеріне дейін жеткізуге қажетті өзге де шығындар.Өзіндік құнды айқындау кезінде өнім берушілер ұсынған жеңілдіктер, төлемдерді қайтару және осыған ұқсас сомалар ескеріледі.🔹 Орташа өлшемді құн әдісіЖеке кәсіпкер қорлар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн әдісі бойынша айқындауға құқылы.Бұл әдісті таңдау салықтық есеп саясатына енгізілуі тиіс.Тауар өндірумен айналысатын, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған жеке кәсіпкерлер қорлардың келіп түсуі мен шығуын дербес әзірлейтін нысандардағы салықтық тіркелімдерде есепке алады.🔹 Қорлардың шығуы болып не саналмайды?Мыналар қорлардың шығуы болып танылмайды:▪️ бір жеке кәсіпкердің материалдық жауапты тұлғалары арасында қорларды ішкі ауыстыру;▪️ қорларды сақтауға беру;▪️ қорларды давальдік шикізат ретінде беру.Сақтауға алынған қорлардың құны жеке кәсіпкердің кірісі болып табылмайды.🔹 Қорлардың шығуы қашан болып есептеледі?Қорлардың шығуы оларды актив ретінде танудың тоқтатылуы болып табылады, оның ішінде:➡️ өткізу кезінде;➡️ өтеусіз беру кезінде;➡️ өндірісте, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде пайдалану;➡️ жарғылық капиталға салым ретінде беру;➡️ айырбастау кезінде;➡️ түгендеу барысында жетіспеушіліктің анықталуы;➡️ мүліктің ұрлануы немесе бүлінуі;➡️ сақтау мерзімінің аяқталуы;➡️ моральдық тұрғыдан ескіруі;➡️ тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы кезінде.Сондай-ақ активті қайта жіктеу, мысалы, қорларды негізгі құралдар немесе өзге де активтер құрамына ауыстыру да олардың шығуы болып танылады.📌 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: бастапқы құжаттарды дұрыс рәсімдеу және салықтық тіркелімдерді жүргізу шаруашылық операцияларын салықтық есепте дұрыс көрсетуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1297216?lang=ru
KazAID пен «BI Group» корпоративтік қоры тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты талқылады 24.09.2026
2026 жылғы 21 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов «BI Group»-тың «BI Juldyzai» Корпоративтік қорының Директордың орынбасары Құралай Карменовамен кездесу өткізді.Кездесу шеңберінде Агенттіктің қызметі және серіктес елдерде іске асырылып жатқан жобалар туралы хабардар етті. Өз кезегінде, Қор өкілдері ұйымның инклюзивті қоғамды дамытуға, еліміздегі балаларды қолдауға бағытталған жұмысының негізгі бағыттарымен және қызмет географиясын кеңейту жоспарларымен таныстырды.Тараптар өңірдегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін және орнықты даму мақсаттарына жеткізу үшін бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1297221?lang=ru
Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен ынтымақтастықты кеңейтеді 23.09.2026
Құрылтай «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады.Құжатқа сәйкес, Банк қаржыландыратын жобалар енді оның қағидалары негізінде іске асырылады. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, банк тәжірибесі, қаражат бөлу, қаржылық бақылауды жүзеге асыру, ақпаратты ашу, сатып алуды жүргізу, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік стандарттарға қатысты талаптар сақталуға тиіс.Осылайша, Негіздемелік келісім Қазақстанда Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің болашақ жобалары үшін бірыңғай құқықтық нормалар қалыптастырады. Бұл әрбір жаңа жоба бойынша бірдей талаптарды жеке-жеке белгілемеуге және болашақта сын-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді.Құжаттың негізгі міндеттері – инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту, қаржыландырудың басым секторларын айқындау және жобаларды іске асыру рәсімдерін оңтайландыру.Келісімді ратификациялау Қазақстанға көлік, энергетика, цифрлық байланыс және экономиканың басқа да секторларындағы жобаларды қаржыландыру үшін инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1297196?lang=ru
Қазақстан мен Польша ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды 23.09.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Польша Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Войцех Зайончковский мен Климат және қоршаған орта министрінің орынбасары Кшиштоф Галоспен жетекшілігіндегі поляк делегациясымен кездесті.Тараптар екіжақты саяси, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.Өзара тиімді әріптестікті одан әрі тереңдету үшін елеулі әлеуетке ие перспективалы бағыттардағы іс-қимылды кеңейтуге және нығайтуға, атап айтқанда геология және минералдық-шикізат ресурстары саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Астана мен Варшава арасындағы өзара тиімді диалогты одан әрі тереңдету жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға  уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297146?lang=ru
Қорғаныс министрінің орынбасары Павлодарда алғашқы әскери даярлық сыныптарын ашты 23.09.2026
 Павлодар қаласында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырған «Біртұтас ел – біртұтас жер» патриоттық акциясы аясында № 48 және № 7 орта мектептерде алғашқы әскери дайындық сыныптарының ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков, облыс әкімдігі мен қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары, педагогтер, мектеп оқушылары, студенттер және қоғам өкілдері қатысты.Жаңа мамандандырылған сыныптар заманауи құрал-жабдықтармен, оның ішінде робототехникалық кешендермен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықталған. Олар оқушылардың әскери қызмет туралы білімдерін кеңейтуге, практикалық дағдыларын жетілдіруге, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға арналған.Оқушыларға арнаған сөзінде генерал-майор Асқар Мұстабеков өмір жолын саналы түрде таңдаудың және жастарға ерте кәсіби бағдар берудің маңыздылығын атап өтті.– Мамандандырылған сыныптар сіздердің Қарулы күштер мен әскери қызмет туралы білімдеріңізді кеңейтіп қана қоймай, бойларыңызда тәртіптілік, жауапкершілік, командалық рух пен алға қойған мақсаттарға жетуге деген ұмтылысты қалыптастыруға көмектеседі. Мектеп қабырғасынан бастап ел мен қоғамға пайдалы болуды үйрену маңызды, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.Естай атындағы Мәдениет үйінде қала тұрғындары үшін атыс қаруы мен қару-жарақ үлгілері қойылған әскери-тарихи экспозиция да ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігінің офицерлері жастарға әскерге шақыру және мерзімді әскери қызметті өткеру тәртібі, әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ әскери қызметін өткерген азаматтарға заңнамада көзделген жеңілдіктер туралы айтып берді.Әскери қызметшілер № 48 және № 25 мектептерде «Ерлік сабақтарын» өткізді. Оқушылар әскери қызметшілердің күнделікті қызметі, әскери мамандықтар және Қарулы күштердегі кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Павлодар қаласындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде жалғасты. Қала тұрғындарына келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру, бос жұмыс орындары, үміткерлерге қойылатын талаптар және әскери қызметшілерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат ұсынылды.Алдағы күндері Қорғаныс министрлігінің өкілдері осындай іс-шараларды Ақсу және Екібастұз қалаларында да өткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1297151?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тікелей эфирі Тақырыбы: «Әкелуге/әкетуге тыйым салынған тауарларды, ерекше тауарларды және қосарланған мақсаттағы тауарларды орнынан ауыстыру» 23.09.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Әкелуге/әкетуге тыйым салынған тауарларды, ерекше тауарларды және қосарланған мақсаттағы тауарларды орнынан ауыстыру» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасының Кеден одағы шеңберіндегі әкімшілендіру бөлімінің басшысы Ермошин Николай Николаевич.Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1297135?lang=ru
22 қыркүйек күні аудандық мәслихатының депутаттарынан құрылған жұмыс тобы, білім беру бөлімінің басшысы А.Тржанова Ақсай қаласының №1 бөбекжайына барып, балабақшаның тыныс-тіршілігімен танысты 23.09.2026
22 қыркүйек күні аудандық мәслихатының депутаттарынан құрылған жұмыс тобы, білім беру бөлімінің басшысы А.Тржанова Ақсай қаласының №1 бөбекжайына барып, балабақшаның тыныс-тіршілігімен  танысты.Жұмыс барысында балалардың қауіпсіздігі, тамақтану жағдайы, оқу-тәрбие процесі қаралды. Депутаттар балабақша ұжымымен пікір алмасып, көтерілген мәселелермен ұсыныстарды назарға алды. Балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бірінші кезекте.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1297136?lang=ru
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды 23.09.2026
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял         ық портфельді таңдауға құқылы.Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді.Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы пассивті рөл атқаратын модельден адамның өзінің ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауға белсендірек қатысуына жағдай жасайды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1297123?lang=ru
Мектеп жанындағы интернаттағы жағдаймен танысу 23.09.2026
Мәслихат депутаттары№5 мектеп жанындағы интернатқа барып, білім алушыларға жасалған жағдаймен танысты. Сапар барысында интернаттың жұмысы, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырылуы, және тәрбиелік бағыттағы жұмыстары көрсетілді. Интернатта 19 бала білім алып, тәрбиелінуде. Балаларға қажетті жағдай жасалып, күніне бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылған.Ерекше назар интернаттың аумағындағы балалардың еңбекке баулуға арналаған жеке учаскесіне аударылды. Оқушылар көктемгі егіс жұмыстарынан бастап, көкөністер мен басқа да дақылдарды өздері егіп суарып, күтіп баптайды. Бұл-балалардың еңбекке қызығушылығын арттырып, жауапкершілікке және табиғатты бағалауға тәрбиелейтін маңызды тәжірибе. Депутаттар оқушылардың, интернат ұжымының ұсыныстары мен көтерген мәселелерін тыңдады. Сонымен қатар депутаттар интернатқа материалдық қолдау көрсетуге ниет білдіріп, балаларға жасалып отырған жағдайды жақсартуға өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1297082?lang=ru