Enbekshi QazaQ

Әлем

«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті? 23.09.2026
2026 жылғы қыркүйектің 16-сы күні «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) ұйымдастырған кезекті Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын invest.enpf.kz порталы» тақырыбына арналды.Кездесу қатысушыларына 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару бойынша стратегиялар мен портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер туралы толық ақпарат ұсынылды.Осы өзгерістерге сәйкес салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Жаңа мүмкіндіктердің жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыруға бағытталғаны, бұл ретте ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен кірістілік тарихы бар ИПБ-ны таңдау мүмкіндігі берілетіні түсіндірілді.Қатысушыларға міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өз жинақтарының сенімгерлік басқаруға берілетін көлемін өз бетінше айқындай алатыны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны, бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдай алатыны айтылды.БЖЗҚ мамандары салымшыларға ыңғайлы болу үшін іске қосылған, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасымен де таныстырды. Платформа кірістілік туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы деректерді динамикада салыстыруға, барлық сенімгерлік басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ) басқаруындағы портфельдер бойынша түрлі көрсеткіштерді салыстырып, зерделеуге мүмкіндік береді. Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүдделерін ескере отырып басқарушы мен оның инвестициялау стратегияларын өз бетінше таңдай алады.Сондай-ақ ИПБ басқаруына берілген зейнетақы жинақтарын қорғау тетіктеріне қатысты сұрақтарға жауаптар берілді.Кездесу барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары жаңашылдықты енгізу талаптарын түсіндіріп қана қоймай, ИПБ-ны қалай дұрыс таңдау және зейнетақы жинақтарын қалай аудару керектігін айтып, қатысушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің отандық зейнетақы жүйесіне қатысты басқа да сұрақтарына жауап берді.«Ашық есік күніне» қатысушылардың пікірінше, кездесу жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қызу пікірталастармен ерекшеленді. «БЖЗҚ» АҚ өкілдері Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістердің барлық ерекшеліктерін түсінікті әрі қолжетімді түрде түсіндірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1296850?lang=ru
Павлодар облысы «Сарбаз жолы» жаңа армиялық дәстүрін қолдады 23.09.2026
Павлодар қаласының Мемлекеттік рәміздер алаңында Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Жас азаматтарды әскер қатарына шығарып салып, ізгі тілектерін айтуға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков келді.Павлодар облысы – «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып жатқан «Сарбаз жолы» дәстүрін қолдаған үшінші өңір.Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков, Қорғаныс істері департаментінің өкілдері, әскери-техникалық мектептің курсанттары, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туған-туыстары қатысты.Өңір басшысы Асайын Байханов жастарға ақжолтай тілегін білдірді. Ол әскери қызметтің тұлға қалыптастырудағы, жауапкершілік, тәртіп пен азаматтық қасиеттерді тәрбиелеудегі маңызын атап өтіп, әскерге шақырылушыларға әскери борышын абыроймен өтеуді тіледі.«Сарбаз жолы» дәстүрін қолдау нақты іспен де көрініс тапты. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының Қорғаныс істері басқармасына қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті. Жаңа көлік басқарманың күнделікті жұмысын жүргізуге, әскери-патриоттық тәрбие беру және жастарды әскери қызметке шақыру бағытындағы міндеттерді орындауға елеулі көмек көрсетеді.Өз кезегінде Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков облыс әкіміне «Сарбаз жолы» жобасын іске асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, облыс әкімдігімен өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі – әскери қызметін аяқтаған жастарды өңірдегі ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.Сонымен қатар ол әскерде әскери қызметшілерге қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті. Әскери қызметшілерді тұрмыстық қамтамасыз етуге, тамақтандыруға, медициналық қызмет көрсетуге, қауіпсіздікке және ата-аналарымен тұрақты байланысын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.– Павлодар – еңбекқор әрі мақсатшыл адамдардың өлкесі. Сіздер де білімді, тәртіпті, мықты әрі еліне пайдасы тиетін азамат болуға ұмтылыңыздар. Осы тұрғыдан алғанда, армия сіздер үшін өмірдің, тәртіп пен жауапкершіліктің мектебіне айналады, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары жас сарбаздарға арнап сөйлеген сөзінде.Іс-шара барысында ардагерлер, қоғам өкілдері мен ата-аналар да жас сарбаздарға жылы лебіздерін білдіріп, әскери қызметтен аман-есен оралуларын тіледі.Іс-шара жас ұрпақты тәрбиелеуде мемлекет, қоғам және отбасының бірлескен жұмысының маңызды үлгісіне айналды. Сонымен қатар жастардың ел алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастырудың маңызын айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1296846?lang=ru
Астана «ДЗМҰ Инновациялар қаласы» халықаралық сыйлығының финалистері қатарына енді 23.09.2026
Астана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) тағайындаған     «ДЗМҰ -ның Инновациялар қаласы – 2026» халықаралық сыйлығының 15 финалисті қатарына енді.Премия инновациялық және креативті экожүйені дамытып отырған қалаларды қолдауға бағытталған. Іріктеуді халықаралық тәуелсіз қазылар алқасы қалалар ұсынған бастамалар мен оларды іске асыру жоспарлары негізінде жүргізді.Конкурсқа әлемнің әртүрлі елдерінен түрлі ауқымдағы қалалар өтінім берді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Астанамен қатар финалистер қатарына Бельгия, Қытай, Үндістан, Иордания, Марокко, Филиппин, Португалия, Ресей Федерациясы, Таиланд және Ұлыбритания қалалары енді.Жеңімпаздар 2026 жылғы 12 қазанда Женева қаласындағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде өтетін салтанатты рәсімде жарияланады. Іс-шара БҰҰ-ның мэрлер форумының алтыншы отырысы аясында өтеді.Дереккөз: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) ресми сайты https://www.wipo.int/ru/web/awards/city-of-innovationАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1296831?lang=ru
«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады 23.09.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин фронт-офистің ашылуына қатысып, бизнесті қолдаудың жаңа форматымен танысты.Бірыңғай фронт-офис «Бәйтерек» тобы ұйымдарының қолдау құралдарын «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Мұнда кәсіпкерлер кеңес алып, қолайлы қолдау құралын таңдай алады. Өтінім беріліп, қаржыландыру қарастырылуға дейін жоба сүйемелденеді.Фронт-офистер Қазақстанның барлық өңірінде «Даму» қорының филиалдары базасында жұмыс істейді. Шалғай жатқан аудандар мен ауылдардағы кәсіпкерлер үшін мамандардың аудандарға баруына арналған мобильді кеңселер – автобустар қарастырылған. Осылайша, өз өкілдіктері жоқ кейбір даму институттарының қажетті кеңесі мен қолдауын облыс орталығына бармай-ақ алуға болады.Фронт-офис консультанттары «Бәйтерек» тобының ұйымдарға көрсететін қолдау құралдары бойынша ақпарат береді:«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры – шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру және қолдаудың қаржылық емес шаралары;Қазақстанның Даму банкі – ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру;Qazaqstan Investment Corporation – тікелей инвестициялар және венчурлық қаржыландыру құралдары;Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі – экспорттық несиелерді сақтандыру;Өнеркәсіпті дамыту қоры – кәсіпорындарды жаңғыртуға арналған жеңілдікті және лизингтік қаржыландыру.«Бүгінгі таңда біздің мамандарымыз тек Қордың құралдарымен жұмыс істеп қоймай, “Бәйтерек” холдингінің басқа да ұйымдары ұсынатын шешімдерді таңдауға көмектеседі. Шын мәнінде, “Даму” қорының өңірлік желісі жеңілдікпен несиелендіру мен кепілдіктерден бастап, инвестициялық қаржыландыруға, экспортты сақтандыру мен лизингке дейінгі қаржылық және қаржылық емес құралдардың кең ауқымына қол жеткізудің бірыңғай терезесіне айналып келеді», — деді «Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев.Бірыңғай фронт-офистің техникалық іске қосылуы осы жылғы ақпанда өтті. Осы уақыт ішінде консультанттар кәсіпкерлердің 30 мыңға жуық өтінішін қабылдаған. Фронт-офис арқылы 1 250 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды.Бірыңғай фронт-офис базасында Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары да пилоттық режимде жұмыс істеуде. Олардың міндеті – кәсіпкерлерге мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды талап ететін нақты мәселелерді шешуге жәрдемдесу.Орталық мамандары мәселені бастапқы талдаудан өткізіп, оны шешудің ықтимал жолын анықтайды. Қажет болған жағдайда жұмысқа салалық мемлекеттік органдар, қаржы институттары, әкімдіктер мен «Бәйтерек» тобының ұйымдары тартылады. Пилоттық жоба Астана, Алматы, Шымкент қалаларын, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарын қамтуда.«Мұндай қолдаудың барлық өңірде болуы маңызды. Біз кәсіпкерлерді қолдау тәсілін неғұрлым тиімді ете отырып, “Іскер аймақ” бағдарламасын ауылдарға таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте “Даму” қорының өңірлік филиалдары мен мобильді фронт-офистері үлкен рөл атқаруы тиіс. Консультанттардың міндеті – бизнестің қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңін сүйемелдеу. Тағы бір маңызды бағыт – бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары. Кәсіпкерлер проблемалармен жиі бетпе-бет келеді. Бірақ қайда жүгінуді, қалай шешуді білмей жатады. Орталықтар осыны жолға қою үшін құрылуда. Әзірге олар еліміздің бес өңірінде пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1296836?lang=ru
ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ AI-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ 23.09.2026
Шымкентте еліміздегі бесінші жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды. Ол мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға, цифрлық сервистерді пайдалану және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған.AI-кеңсенің салтанатты ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев қатысты.AI-кеңседе экспресс-қызмет көрсету, цифрлық, сараптамалық және оқыту аймақтары, сондай-ақ, демалыс орны қарастырылған. Келушілер моноблоктар, жоғары жылдамдықты сканерлер және eGov GPT сервисі бар ақпараттық экрандарды пайдалана алады. Мұндай AI-кеңселер мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта алуды жеңілдетуге бағытталған.Мегаполис әкімі мемлекеттік корпорация басшылығына жобаны жүзеге асырғаны үшін алғысын білдіріп, цифрлық технологиялар заманауи ғана емес, тұрғындарға шын мәнінде ыңғайлы әрі қолжетімді болуы маңызды екенін атап өтті.Кеңседегі жаңалықтардың бірі – құжаттандыру терминалы. Оның көмегімен азаматтар жеке куәлік немесе паспортты бірнеше минут ішінде өз бетінше рәсімдей алады.«Мемлекеттік процестерді цифрландыру күнделікті жұмысымыздың қалыпты бөлігіне айналды. Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық басымдықтар аясында біз қызметтерді автоматтандыруға, азаматтардың барлық санатына қолжетімді әрі қолайлы орта қалыптастыруға басымдық беріп отырмыз. Адамдарға бағдарланған дәл осы тәсілді біз AI-кеңселерімізде жүзеге асырдық», – деді Арман Кенжеғалиев.Кеңседе оқытуға да ерекше көңіл бөлінген. Мұнда тұрғындар цифрлық дағдыларын тегін жетілдіріп, электрондық сервистерді меңгере алатын арнайы аймақтар жұмыс істейді.Жоба «Shymkent City Mall» сауда–ойын-сауық орталығының қолдауымен жүзеге асырылды. Бұған дейін осындай AI-кеңселер Астана қаласында, Түркістан және Ұлытау облыстарында ашылған. Мемлекеттік корпорация мұндай кеңістіктер желісін еліміздің барлық өңірінде дамытуды жоспарлап отыр.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Конституция-2026: основные направления реформ 23.09.2026
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде өз күшіне енді. Бұл тарихи қадам билік тармақтарының тепе-теңдігін түбегейлі өзгертіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтті және Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық принциптерінің негізін қалады. Ата Заңның жаңартылуын референдумға қатысқан азаматтардың 87,15%-ы қолдады. Сарапшылар жаңа редакцияның халық үшін құқықтық кепілдіктерді нығайта түсетінін және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыратынын атап өтуде. Жаңғырту ауқымы бұрын-соңды болмаған деңгейде – реформа негізгі заңның бұрынғы редакциясы мәтінінің шамамен 84%-ын қамтыды.Ең елеулі институционалдық өзгеріс – қос палаталы Парламенттің таратылуы. Сенат пен Мәжіліс өз жұмысын тоқтатты. Олардың орнына жаңартылған бір палаталы Парламент – Құрылтай келеді.Құрылтай құрамына пропорционалды жүйе бойынша (партиялық тізіммен) 5 жыл мерзімге сайланатын 45 депутат кіреді. Депутат 25 жастан асқан, соңғы 10 жыл бойы елде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Депутаттар толық тиіспеушілік құқығына ие болады.Құрылтай заңдар қабылдайды, үкіметтің жұмысын бақылайды (тіпті оған сенімсіздік білдіруге дейін), Премьер-министр мен Вице-президенттің тағайындалуын келіседі, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларын тағайындайды. Президент Бас прокурорды, ҰҚК, Ұлттық банк, Конституциялық және Жоғарғы соттардың басшыларын тағайындау құқығын сақтап қалады – Парламент бұл тағайындаулар туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана құлағдар етіледі.Қазақстанның саяси жүйесіне Вице-президент лауазымы оралады (бұл лауазым бұрын 1991-1996 жылдары болған). Президент оны Құрылтайдың келісімімен тағайындайды. Егер Парламент келісім беруден екі рет бас тартса, мемлекет басшысы Құрылтайды таратуға құқылы. Вице-президент Президентке Парламентпен және үкіметпен өзара іс-қимыл жасауға көмектеседі. Бұл лауазымның пайда болуы мемлекет басшысы қызметінен мерзімінен бұрын кеткен жағдайда өкілеттіктерді беру схемасын өзгертеді. Өкілеттіктер бірінші кезекте Вице-президентке, екінші кезекте – Құрылтай төрағасына, үшінші кезекте – Премьер-министрге өтеді. Осыдан кейін Президенттің жаңа сайлауы 7 күн ішінде жарияланып, 2 ай ішінде өткізілуі тиіс.Бұрынғы Парламенттің өкілеттігі ресми түрде тоқтатылды. Жаңа Құрылтайға сайлау 2026 жылдың тамыз айына жоспарланып қойған. Сонымен қатар елдегі барлық заңдарды жаңартылған Конституцияға сәйкес келтіру үшін жаңа Құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдау басталады.Ең басты жаңалықтардың бірі – Халық Кеңесінің құрылуы. Бұл – құрамына Қазақстанның қарапайым азаматтары кіретін жоғары консультативтік-кеңесші орган. Халық Кеңесі ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған, бірақ оның басты ерекшелігі – нақты заңды тетіктерге ие болуында. Кеңес заң жобаларын тікелей Құрылтайдың қарауына енгізуге және жалпыұлттық референдумдар өткізуді ұсынуға құқық алды.Конституция-2026 жасанды интеллект пен цифрландыру шынайылығына бейімделген. Ата Заңда алғаш рет цифрлық кеңістікте дербес деректерді қатаң қорғау нормасы бекітілді. Бұл – Қазақстанның цифрлық құқықтың өңірлік орталығы ретінде қалыптасуына жасалған қадам.Күштік ведомстволар өкілдерінің ұсталған адамдарға олардың құқықтарын бірден оқып беру міндетін жүктейтін әйгілі «Миранда ережесінің» баламасы енгізілуде. Заңгерлер ұсталған адамның не нәрсеге үміт арта алатынын нақты білу құқығы туралы, сондай-ақ заңсыз жауапқа тартқан жағдайда зиянды міндетті түрде өтеу туралы нормалардың маңыздылығын атап өтеді.Саяси партиялар мен саяси қызметпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) шетелден қаржыландыруға толық тыйым салынды. Табиғатқа ұқыпты қарау және экологияны қорғау енді конституциялық міндет дәрежесіне көтерілді.Жаңа Конституцияда экономикалық және әлеуметтік қатынастарды қайта пайымдау аясында азаматтардың құқықтары ғана емес, сонымен бірге олардың мемлекет алдындағы өзара міндеттері де нақты белгіленген. Осылайша, ел бюджетін қалыптастырудың жаңартылған тәсілі фискалдық әділдіктің маңызды кезеңі болып табылады, оның негізі Ата Заңда бекітілген:ҚР Конституциясының 35-бабында былай делінген: «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады». Бұл норма кез келген фискалдық міндеттемелер тек жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай қабылдаған құқықтық шеңберде ғана жүктелуі мүмкін екендігіне кепілдік бере отырып, салық салудың жалпыға бірдейлік принципін бекітеді.Жаңартылған құжаттың кіріспесінде Қазақстанның мызғымас принциптері: егемендік, тәуелсіздік, біртұтастық, заң үстемдігі және шекараның қолсұғылмаушылығы бекітілген. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядокПавлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1296777?lang=ru
Павлодар облысында тұрғындардың 73%-ы табыс декларациясын тапсырды: ереже бұзғандарға ескерту жасалып, айыппұл салынады 23.09.2026
Павлодар облысында тұрғындардың 73%-ы табыс декларациясын тапсырды: ереже бұзғандарға ескерту жасалып, айыппұл салынадыПавлодар облысында Табыстар мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыру науқанының аралық нәтижелері шығарылды. Заңмен белгіленген мерзімге – 15 қыркүйекке дейін есептілікті 36 439 адам жіберді, бұл декларация тапсыруға міндетті азаматтардың жалпы санының 73%-ын құрайды.Өңір бойынша 2025 жыл үшін барлығы 50 мыңға жуық азамат (49 768 адам) есеп беруі тиіс. Құжаттарды әлі тапсырмаған 13 мың тұрғынның басым бөлігін компания басшылары, заңды тұлғалардың құрылтайшылары және олардың жубайлары құрайды.Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: есепті өз уақытында тапсырып үлгермеген азаматтар мұны жақын арада жүзеге асыруы қажет.Декларацияны қалай тапсыруға болады? 270.00 нысанын келесі онлайн сервистер арқылы тапсыруға болады:- «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.kgd.gov.kz);- «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz);- e-Salyq Azamat және eGov Mobile мобильді қосымшалары;- Halyk Bank және Kaspi Bank мобильді қосымшалары.Декларацияны тапсыру мерзімін бірінші рет бұзғаны үшін заң бойынша ескерту жасау көзделген. Биыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Құжатта шынайы емес мәліметтерді ұсынғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.Жеке тұлғаның табыстары мен мүлігі туралы декларацияны (270.00 СӘН) келесі азаматтар санаты ұсынуға міндетті:Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары.Жарғылық капиталындағы үлесі 10%-дан асатын (немесе АҚ акциялары бар) заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың резидент-жұбайлары (коммерциялық емес ұйымдардың қатысушыларын қоспағанда).Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, жеке сот орындаушылары).Салық салуға жататын дербес табыс алған азаматтар (жеке кәсіпкерліктен түсетін табысты қоспағанда, мүліктік табыс).Есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шетелдік банк шоттарындағы ақшасының жиынтық қалдығы 1 000 АЕК-тен (3 932 000 теңге) асатын шетелдік банк шоттарының иелері.Құқықтары немесе мәмілелері мемлекеттік тіркеуге жататын шетелдегі жылжымайтын мүлік пен мүліктің иелері.Цифрлық активтердің (криптовалюталардың, цифрлық ақшалардың, цифрландырылған активтердің) иелері.Есепті жыл ішінде 20 000 АЕК-тен (78 640 000 теңге) асып кететін сомаға ірі сатып алулар жасаған тұлғалар.270.00 нысанында мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару, мәмілелерді қаржыландыру көздері, ҚР шегінен тыс жерлердегі активтер, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәліметтер шағылысады. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядокПавлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1296765?lang=ru
Жылыту маусымы тұрақты, апаттар мен іркіліссіз өту керек 23.09.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өңіріміздің жылыту маусымына әзірлігі тақырыбына арналған аймақ әкімдігінің отырысы өтті. Жиында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаков қалалары мен Жітіқара ауданының әкімдері баяндама жасады.Мемлекет басшысы жылыту маусымы өзекті мәселелердің бірі екенін бірнеше рет атап өтіп, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға, халықты үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге ерекше мән беріп келеді.«1 қазаннан бастап облыста жылыту маусымы басталады. Мен өткен отырыста 15 қыркүйекке дейін жылыту маусымына дайын болуды тапсырған едім. Бүгінде барлық 118 жылу көзі, оның ішінде 4 жылу электр орталығы мен 114 қазандық, сондай-ақ 698 автономды жылыту жүйесі толық дайындалды. Барлық көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың дайындығы қамтамасыз етілді. Ұзындығы 30,7 шақырым жылу желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу жұмыстары аяқталды», – деді аймақ басшысы.Бүгінде қала және аудан әкімдіктері тарапынан шамамен 384,1 мың тонна көмір дайындалды. Бұл жоспардың 94,3%-ін құрайды. Қостанай, Лисаковск және Арқалық қалаларында жылу желілерін реконструкциялау бойынша 8 ірі жоба жүзеге асырылуда. 2026 жылға 14,7 шақырым желіні жаңарту жоспарланған болатын. Бұл көлем толық орындалды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 42,8 пайызға дейін төмендеді.«Өткен жылыту маусымында апаттар санын айтарлықтай азайта алдық – 254-тен 134 жағдайға дейін. Тұрғындардан түскен шағымдар саны да 96-дан 20-ға дейін төмендеді. Алдағы маусымдағы міндетіміз – жылыту маусымын тұрақты, апаттар мен іркіліссіз өткізу», – деді Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1296750?lang=ru
Темекі өнімдеріне салықтық акциз ставкалары 23.09.2026
ҚР Салық кодексінің 536-бабында белгіленген акцизделетін тауарларға акциз ставкалары заттай мәндегі өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. ҚР Салық кодексіне сәйкес, Қазақстан аумағында өндірілген немесе елге импортталатын темекі өнімдеріне келесі ставкалар бойынша акциз салынады:- Сүзгілі, сүзгісіз сигареттер және сигариллалар: 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 000 дана үшін 18 051 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 000 дана үшін 21 163 теңге.- Сигаралар: 1 данасы үшін 825 теңге.- Тұтынушылық ыдысқа құйылған (оралған) және түпкілікті тұтынуға арналған шорт табак, шегуге арналған, қорқор табағы және басқа да табак (құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда): 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 килограмм үшін 15 863 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 килограмм үшін 18 835 теңге.- Қыздырылатын табағы бар бұйымдар (қыздырылатын табақ таяқшасы, табағы бар қыздырылатын капсула және басқалары): 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 000 дана үшін 11 230 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 000 дана үшін 11 330 теңге.- Кедендік құнынан 10,0 мың теңгеден асатын сигареттерді (сигараларды) импорттау (жеке тұтынуға арналған импортты қоспағанда) – құнының 10%-ы.Егер ҚР Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, акциз салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1296728?lang=ru
Облыс әкімдігі жанындағы "Заң және тәртіп" Конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті 23.09.2026
Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен Облыс әкімдігінің жанындағы «Заң және Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мас күйінде жасалатын қылмыстардың профилактикасы туралы мәселелер қаралды.Сегіз айдың қорытындысы бойынша облыста тіркелген ЖКО саны 3,4% төмендеді – 854-тен 825-ке дейін. Жараланғандар саны 6,4% азайды – 1 184-тен 1 108-ге дейін, қаза тапқандар саны 4% азайды – 50-ден 48-ге дейін.Сондай-ақ, 2ГИС-те ескертулерді орналастыру оң нәтиже көрсетті: белгіленген 12 авариялық-қауіпті учаскелерде жеті ай ішінде ЖКО саны 37% төмендеді – 27-ден 17-ге дейін.Қалалар мен аудандардың әкімдеріне полициямен бірлесіп жекелеген аумақтарда аварияға әкелетін себептердің өсуін талдау, неғұрлым қауіпті учаскелерді анықтау, жаяу жүргіншілер өткелдерінің орналасу қауіпсіздігін бағалау, автобустар мен шұғыл қызметтердің автомобильдерін жылдамдықты бақылау жүйелерімен жарақтандыруды қарау және жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдау тапсырылды.Екінші мәселе бойынша сегіз айдың ішінде мас күйінде жасалған қылмыстардың саны 18,3% төмендегені атап өтілді.Сонымен қатар, уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына қайта орналастырылған азаматтарды медициналық сүйемелдеуді күшейту, сондай-ақ аудандарда психиатр-дәрігерлер мен наркологтардың болуы жөнінде шараларды қабылдау тапсырылды.Заңда көзделген шараларды қабылдай отырып, алкоголь өнімін сату ережелерін қайталап бұзатын сауда объектілеріне ерекше назар аудару тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1296720?lang=ru
Астана « ДЗМҰ-ның Инновациялар қаласы » халықаралық сыйлығының финалистері қатарына енді 23.09.2026
Астана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) тағайындаған     «ДЗМҰ-ның Инновациялар қаласы – 2026» халықаралық сыйлығының                              15 финалисті қатарына енді.Премия инновациялық және креативті экожүйені дамытып отырған қалаларды қолдауға бағытталған. Іріктеуді халықаралық тәуелсіз қазылар алқасы қалалар ұсынған бастамалар мен оларды іске асыру жоспарлары негізінде жүргізді.Конкурсқа әлемнің әртүрлі елдерінен түрлі ауқымдағы қалалар өтінім берді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Астанамен қатар финалистер қатарына Бельгия, Қытай, Үндістан, Иордания, Марокко, Филиппин, Португалия, Ресей Федерациясы, Таиланд және Ұлыбритания қалалары енді.Жеңімпаздар 2026 жылғы 12 қазанда Женева қаласындағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде өтетін салтанатты рәсімде жарияланады. Іс-шара БҰҰ-ның мэрлер форумының алтыншы отырысы аясында өтеді.Дереккөз: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) ресми сайты https://www.wipo.int/ru/web/awards/city-of-innovationАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1296649?lang=ru
Астанада бизнеске қойылатын міндетті талаптар бойынша AI-навигатор таныстырылды 23.09.2026
   Астанада Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан" атты Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімінің пилоттық жобасы таныстырылды.Жобаның тұсаукесері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында өтті. Жобаны Ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков таныстырды.Жасанды интеллект жүйесі нормативтік құқықтық актілердегі бизнеске қойылатын талаптарды бір жерге жинап, олардың қайсысы қай қызмет түріне жататынын анықтауға көмектеседі.Бүгінгі таңда бизнеске қойылатын талаптар заң, кодекс, қаулылар және ведомстволық бұйрықтар тәрізді мыңдаған нормативтік құқықтық актілерде бар. Бір міндет бірнеше құжатта болуы мүмкін. Ал норма үнемі өзгеріп отырады. Нәтижесінде кәсіпкер қай кезде қандай талапты сақтау керектігін анықтай алмай қиналады."Кәсіпкер көп заңнамадағы өз қызметіне қатысты талапты табу үшін көп уақыт кетіреді. Біздің міндетіміз — бұл процесті жеңілдетіп, ұғынықты ету. Жасанды интеллект көмегімен тізілім қажетті талапты бір жерде жинап, оның кімге қатысты екенін, не істеу керектігін, мерзімін және орындалғанын растауды көрсетеді. Бұл бизнеске заңнаманы тез түсініп, өзінің негізгі қызметімен айналысуына мүмкіндік береді", - деп атап өтті Бекболат Молдабеков.Жасанды интеллект нормативтік құқықтық актілердің мәтінін талдап, міндеттемелерді анықтайды. Орындаушыны, міндеттеменің мәнісін, мерзімін, орындалғанын растауды, бақылаушы органды, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершілікті талдап көрсетеді.Бұл ретте әрбір талап бойынша түпкілікті шешімді адам қабылдайды. Ешқандай норма автоматты растау мәртебесіне ие болмайды. Уәкілетті мемлекеттік орган әрбір талапты тексеріп, редакциялайды немесе қабылдамайды. Барлық әрекет жүйеде жазылғандықтан, бұл өзгерістер кезеңін бақылауға мүмкіндік береді.Бизнесте қалай жұмыс істейдіТізілім кәсіпкер үшін заңнама талаптары бойынша навигатор болады. Пайдаланушының ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрін таңдап, БСН, саланы немесе тиісті сценарийді көрсетіп, бірнеше сұраққа жауап беруі жеткілікті.Осыдан кейін жүйе нақты қызмет аясында жеке профиль қалыптастырады. Онда eGov.kz және eLicense.kz.сілтемесі арқылы қажетті рұқсат құжаттары, бизнес жұмысының түрлі кезеңіндегі талаптар, сондай-ақ тиісті реттеу саласындағы жалпы міндеттер көрсетіледі.Қалыптасқан профиль негізінде кәсіпкер PDF форматында анықтамалық қорытынды ала алады. Ол тілдік модельді қолдана отырып, тек профильге енгізілген нормалар негізінде, қосымша болжамдарсыз дайындалады. Құжат ақпараттық сипатта болып, қолданыстағы ережелерді тезірек парақтауға көмектеседі.Осылайша, бизнес қажетті ақпарат табу уақытын қысқарта алады. Талаптарды бұзу қаупі азайып, жобаны бастау немесе дамыту үшін қажетті рұқсаттар мен міндеттемелер тезірек анықталмақ.Тізілім заңнамадағы өзгерістерді қадағалайдыЖүйе заңнамадағы өзгерісті де қадағалап отырады. Нормативтік құқықтық актінің жаңа редакциясы пайда болған кезде ол оны алдыңғы нұсқамен салыстырып, қандай норма қосылғанын, өзгергенін немесе алынып тасталғанын көрсетеді.Күші жойылған актілер қолданыстағы тізілімнен алынып тасталады. Бұл ретте өзгерістер тарихы сақталады.Бірыңғай жүйе реттеушілік жүктемені азайтадыМемлекет үшін тізілім бизнеске реттеуші жүктемені талдау құралына айналады. Жүйе әртүрлі нормативтік құқықтық актілерде қайталанатын талаптарды, сондай-ақ олардың арасындағы ықтимал қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.Талдау кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі нормалардың мазмұны, сандық параметрлер, субъектінің санаты және құжаттың заңды күші ескеріледі.Байланысты актілердегі өзгерістер немесе ықтимал қайталанулар мен қайшылықтар анықталған кезде жүйе норманы қосымша қайта қарау туралы ұсыныс қалыптастырады. Түпкілікті шешімді жауапты мемлекеттік орган қабылдайды.Бұл реттеуші жүктемені дәйекті түрде төмендетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар талаптардың қай жерде артық екенін, қай сала неғұрлым егжей-тегжейлі реттелетінін және қандай норма қайта қарауды талап ететінін көре алады.Сондай-ақ, жүйе нормативтік актілерді қайта қарау мерзімін қадағалап, жауапты органдарға тиісті жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туралы алдын ала хабарлайтын болады.Алдағы уақытта Тізілімді басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және цифрлық сервистермен біріктіру жоспарлануда. Бұл бірыңғай цифрлық экожүйеде міндетті талаптар туралы дәлелденген деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1296636?lang=ru
Салықтық тексеру кезінде құжаттарды талап етудің заңдылығы мен толықтығы. 23.09.2026
026 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытыңдысы бойынша бекітілген кестеге сәйкес департамент қызметшілерімен "Салықтық тексеру кезінде құжаттарды талап етудің заңдылығы мен толықтығы" тақырыбында семинар өткізілді.Семинардың басты мақсаты салықтық тексеру барысында құжаттарды талап ету кезінде заңды өкілеттіктер шегін түсіндіру, ҚР Салық кодексінің осындай сұраныстардың негізділігі мен толықтығына қатысты нормаларын бірізді түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ өкілеттіктерден асып кетуге және салық төлеушілерге артық әкімшілік жүктеме түсуіне жол бермеу арқылы департамент қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу — Департаменттің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі жүйелі жұмыс аясында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1296632?lang=ru
МКК берешекпен жұмыс істеу бойынша өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған семинар өткізді 23.09.2026
2026 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің қатысуымен «Берешекпен жұмыс істеу бойынша өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері: практикалық аспектілер және жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар өткізді.Семинар барысында қатысушылар берешекпен жұмыс істеу кезінде туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру тәсілдерін қарастырды.Жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру, жедел ақпарат алмасу және туындайтын мәселелерді шешу кезінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі өзара іс-қимыл бағыттарын айқындап, берешекпен жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарымен алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1296588?lang=ru
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР 23.09.2026
Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады? Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.  Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма? Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.  Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады? Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.  Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады? БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1296571?lang=ru
Евгений Глотов Астанадағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты 23.09.2026
Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов жұмыс сапары барысында елордадағы цифрлық инфрақұрылым, өнеркәсіп, логистика және білім беру салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.Сапар аясында ол TIER IV сенімділік деңгейіне сәйкес келетін, құрылысы жүріп жатқан деректерді өңдеу орталығында болды. Бұл — Еуразиядағы осы деңгейдегі алғашқы коммерциялық жоба. Кешеннің жалпы қуаты 100 МВт-қа дейін жетеді. Оның бірінші кезеңін 2027 жылы іске қосу жоспарланған.Сондай-ақ Евгений Глотов астық және бұршақ дақылдарын терең өңдейтін агроөнеркәсіптік кешен құрылысының барысымен танысты. Жобаға 320 млн доллар инвестиция салу көзделген. Кешен іске қосылғаннан кейін 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.Бұдан бөлек, қала әкімінің орынбасары ауданы 160 мың шаршы метрге жуық, еліміздегі ең ірі логистикалық парктің құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Жоба елорданың заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады.Халықаралық білім беру бағытындағы жұмыс та жалғасуда. Евгений Глотов ICS Astana және SABIS International School-Astana мектептерінің жаңа кампустарының дайындығымен танысты. Бірінші кезеңде бұл мектептерде қосымша 2 мың оқушыға арналған орын ашылады. Болашақта оқушы орындарының санын одан әрі арттыру мүмкіндігі қарастырылған. https://www.instagram.com/p/DdjR0HZx4dC/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1296545?lang=ru
Арман Шаққалиев пен Лорд Джон Алдердайс сауда мен инвестиция көлемін арттыру мәселесін талқылады 23.09.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ұлыбритания Үкіметінің Әзербайжан және Орталық Азия елдері бойынша сауда өкілі Лорд Джон Алдердайспен кездесті. Тараптар екіжақты сауда динамикасын, Қазақстан экспортының көлемін арттыруды, өндірістік кооперацияны, инвестициялық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 1,63 млрд АҚШ долларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 83,7%-ға өсті. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында бұл көрсеткіш 1,25 млрд долларға жетіп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,5%-ға артты.Сонымен қатар Қазақстан сауда көлемінің өсу қарқынын сақтап қана қоймай, оның құрылымын әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнімдердің экспортын арттыруға мүдделі. Қазіргі таңда экспорттың негізгі бөлігін күміс, шикі мұнай, мыс және мыс катодтары құрайды.«Біз үшін екі ел арасында сауда байланыстарын одан әрі тереңдетіп, әртараптандыра отырып жалғастыру маңызды. Ең алдымен, Қазақстанның шикізаттық емес өнімдерін британ нарығына шығаруды кеңейтуге мүдделіміз», – деді Арман Шаққалиев.Осыған байланысты министр британдық импорттаушылар мен сауда желілерінің өкілдерінен құралған сауда-экономикалық миссияны Қазақстанда ұйымдастырып, оларды отандық өндірушілермен тікелей байланыстыруды ұсынды. Сондай-ақ кездесуде британ нарығында экспорттық өнімдерге қойылатын сапа, сертификаттау, қаптама және стандарт талаптары талқыланды.Кездесуде маңызды минералдар және оларды қайта өңдеуді дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Лорд Джон Алдердайс британдық компаниялар мен университеттердің Қазақстанмен ынтымақтастығы минералдарды өндірумен ғана шектелмей, оларды қайта өңдеу және қосылған құны жоғары өнім шығару бағыттарын да қамтуы мүмкін екенін атап өтті.«Қазақстанның табиғи ресурстары мол. Алайда бұл ресурстарды тек өндірумен шектелмей, қосылған құн қалыптастыру және қайта өңдеуді дамыту міндетін қойып отырғаныңыз маңызды. Біз ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктерді дәл осы бағыттан көріп отырмыз», – деді Лорд Джон Алдердайс.Тараптар сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне, энергетикаға, логистикаға және жоғары технологиялық салаларға британ инвестицияларын тарту, сондай-ақ екі ел компаниялары арасындағы тікелей байланысты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.Кездесу барысында стандарттау, экспортты ілгерілету, ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Қазақстан Британдық экспорт және халықаралық сауда институтымен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ «ҚазСтандарт» пен Британ стандарттар институты (BSI) арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі. Сонымен қатар қазақстандық экспорттаушыларды көміртекті реттеу талаптарына, оның ішінде CBAM талаптарына дайындау мәселелері қаралды.Лорд Джон Алдердайс екі елдің университеттері мен ғылыми орталықтары арасында, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі, минералдарды қайта өңдеу және атом салаларында ынтымақтастық орнатудың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.Кездесу соңында тараптар жалпы әлеуеттен нақты сауда, инвестициялық, өндірістік және ғылыми жобаларға көшуге, сондай-ақ Қазақстан мен Ұлыбританияның бизнесі мен бейінді ұйымдары арасындағы тікелей байланысты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1296537?lang=ru
Қостанай World Cleanup Day акциясына қосылды 23.09.2026
Қостанай қаласы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтіп жатқан дүниежүзілік World Cleanup Day экологиялық акциясына қосылды.Қаланың барлық аудандарында сенбіліктер ұйымдастырылды. Аумақтарды тазалауға мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, еріктілер және қала тұрғындары қатысты.Негізгі назар санитарлық тазалауды және абаттандыруды қажет ететін аумақтарға аударылды.Қаланың тазалығы тек коммуналдық қызметтердің жұмысына байланысты емес. Әр тұрғын өз ауласына, көшесіне және жалпы қаласына ұқыпты қарауы маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1296484?lang=ru
Жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды 23.09.2026
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге орай жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берілді.Аймақ басшысы автомобиль жолдары мен көшелерге жол белгілерін орнатуды, тозығы жеткен жол белгілерін жаңартуды тапсырды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы елді мекендер тұрғындарына малды қараусыз жібермеуді түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет.Облыстық полиция департаментіне автомобиль жолдарындағы авариялық қауіпті учаскелерді анықтауға, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты өткізу міндеттелді.Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалына «Қызылорда – Ақтөбе» бағытындағы айналма жол мен «Қызылорда –Сексеуіл» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарын қадағалау тапсырылды.Өңірдегі 3525 шақырым автомобиль жолының 1025 шақырымы республикалық, 555 шақырымы облыстық және 1945 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден 40,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен 168 шақырым автомобиль жолы, көшелер мен көпір өткелдерінде жөндеу жүргізілуде. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында заманауи бақылау құралдары орнатылып жатыр. Жаяу жүргіншілер қатысқан жол-көлік оқиғалары талданып, қауіпті учаскелерге 15 «Sunqar» құрылғысы қойылды.Аудандарда 539 бейнебақылау камерасы мен 49 жылдамдық өлшегіш іске қосылды. Қызылорда қаласында 1400 бейнебақылау камерасы, 80 зияткерлік қиылыс және 96 стационарлық жылдамдық өлшегіш жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1296489?lang=ru