Enbekshi QazaQ

Әлем

Кәсіпкерлермен жиналыс. 21.08.2025
"Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің ғамаратында, кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиын барысында оларға өз құқықтары жөнінде түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1054551?lang=kk
Қазақстан мен Қасиетті Тақ мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 21.08.2025
Астана, 2025 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстандағы Апостолдық нунций Джордж Панамтундилмен кездесу өткізді.Сұхбаттастар Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым-қатынастардың конструктивті сипатын және екіжақты диалогтың кең ауқымын растады.2025 жылғы 17-18 қырқүйек аралығында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы Қасиетті Тақтың Съез жұмысына тұрақты әрі белсенді қатысуына ризашылық білдірді.Сұхбат барысында ғылым мен білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватиканның апостолдық архиві мен кітапханасы арасындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқаны қанағаттанушылықпен аталып өтті.Сонымен қатар тараптар «Bambino Gesú» клиникасымен серіктестік мәселелерін талқылап, педиатриялық неврология мен эпилептология саласындағы бірлескен жобаларды дамыту жоспарлары айқындалды.Кездесу соңында тараптар жан-жақты ынтымақтастық мәселелері бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1054538?lang=kk
⏺️ Starlink — енді Қазақстанда! 21.08.2025
⏺️ Starlink — енді Қазақстанда!⏺️ 2025 жылдың 13 тамызынан бастап еліміздің тұрғындары SpaceX компаниясының спутниктік интернетіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.✔ Жабдықты заңды түрде сатып алу және тіркеу✔ ҚР-ның кез келген нүктесінде қосылу✔ Үйде, жұмыста немесе жолда пайдалану⏺️ Starlink — бүкіл Қазақстан үшін шексіз интернет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1054540?lang=kk
🇰🇿 Қазақстан жасанды интеллектке басымдық беруде 11 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ЖИ дамытуға қатысты кеңес өткізді. 21.08.2025
🇰🇿 Қазақстан жасанды интеллектке басымдық беруде11 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ЖИ дамытуға қатысты кеңес өткізді.ЖИ — жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің, ұлттық тәуелсіздіктің және экономикалық өсімнің кілті.Болжам бойынша, 2033 жылға қарай ЖИ нарығы $4,8 трлн-ға дейін ұлғаяды.• АҚШ: AI Action Plan — ЖИ көшбасшылықтың негізі.• Қытай: жаһандық AI-ұйым құру бастамасы.Қазақстан — Еуразияның цифрлық хабы.Алдағы 5 жылда — ЖИ әлеуетін барынша пайдаланып, Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру.🔑 Президенттің 9 басымдығы (негізгі)1. ЖИ-ді нақты секторға енгізу.2. Мемлекеттік басқаруды цифрландыру.3. Денсаулық сақтауда ЖИ пайдалану.4. Реттеу тетіктерін жетілдіру.5. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту.6. Киберқауіпсіздікті күшейту.7. Қорғалған байланыс жүйелері.8. Инвестициялар мен таланттарды тарту.9. Жастарды ЖИ саласына оқыту.🖥 Инфрақұрылым және қауіпсіздік• Суперкомпьютерлік кластер іске қосылды.• QazTech платформасы енгізілді.• Барлық цифрлық экожүйені бірыңғай платформаға көшіру жоспарда.• Киберқорғанысты күшейту және отандық Aitu мессенджеріне көшу басталды.🎓 Білім беру және кадрларAI-Sana бағдарламасы — студенттерді ЖИ-мен жұмыс дағдыларына оқыту.Жоспар — оны бүкіл елге кеңейту.📢 ҚорытындыЖИ — Қазақстан дамуының қозғаушы күші болуы тиіс.Президент нақты қадамдар, прагматикалық шешімдер және шынайы нәтижелерді талап етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1054541?lang=kk
Бүгін біз Ақмола облысының мемлекеттік архивіне бардық. 21.08.2025
Бүгін біз Ақмола облысының мемлекеттік архивіне бардық.Мұнда өңір тарихын бейнелейтін құжаттар — ең көне жазбалардан бастап қазіргі деректерге дейін, сондай-ақ қала тұрғындарының жеке құжаттары да мұқият сақталған.Архив қызметкерлері анықтама алу, қажетті мәліметтерге қол жеткізу және тарихи материалдармен жұмыс істеуге көмектеседі. Мұнда шамамен 1 500 000 сақтау бірлігі жиналған.Мемлекеттік архив — бұл тек өткенді сақтайтын орын ғана емес, сонымен бірге қазіргі уақыт үшін де маңызды ресурс: зерттеушілерге, студенттерге, заңгерлерге және сенімді деректер мен құжаттар қажет ететін барлық адамдарға арналған қазына. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1054545?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ қызметтерінің 98% цифрлық форматта көрсетіледі 21.08.2025
Соңғы жылдарда «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) цифрлық форматта көрсетілетін қызметтеріне салымшылар тарапынан қызығушылық артып келеді. Себебі олар тәулік бойы қолжетімді. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.01.01.2025ж. мен 31.07.2025ж. аралығында Қор халыққа шамамен 27,9 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 15,6 млн-ы электрондық форматта, 11,4 млн қызмет автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,0%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға шамамен 565,8 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 555,1 мыңы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны –1,0млн. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 17,2 млн үзінді көшірме берілді. Оның 14,3 млн-ы  – электрондық, ал 2,4 млн қызмет автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген жерінен тәулік бойына қолжетімді.2025 жылдың қаңтар-шілде айларында деректемелерді өзгертуге 82,1 мың өтініш қабылданды. Оның 77,6 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 29 613 көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 608,2 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 25,9 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны 314,9 мыңға жетті. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1066464?lang=kk
«Спасск» оқу орталығында 1500-ге жуық әскери міндетті жауынгерлік даярлық курсынан өтуде 21.08.2025
Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» полигонында запастағы әскери міндеттілердің оқу-әдістемелік жиыны ұйымдастырылды. Жиынға артиллериялық, мотоатқыштар, танк, зениттік, жөндеу және тыл бөлімшелерінің мамандары (сержанттары) мен байланысшылар тартылды. Запастағы офицерлер әскери басқару желісі бойынша қайта даярлаудан өтіп жатыр.– Оқу-әдістемелік жиын жұмылдыру дайындығын арттыруға және әскери міндеттілердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Олар атыс дағдыларын дамытып, заманауи ұрыс тактикасын үйренеді. Бөлімше құрамындағы өзара іс-қимылға, тактикалық медицина және инженерлік дайындық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, –  деп нақтылады «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мақсұт Гусейнов.Ол, сондай-ақ, жиындарға 40 жасқа дейінгі әскери міндеттілер тартылатынын айтты. Олар әскери бөлімде тұрып, азық-түлік рационымен және заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі. Жұмыс орындары, лауазымдары сақталады, орташа жалақы төленеді. Ал жұмыс істемейтіндер мемлекет есебінен ең төменгі жалақы алады. – Уақыт бір орында тұрмайды, жаңа техника пайда болуда. Әскерлерді қолдануда жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Сабақ бізге үйреткеннің бәрін есте сақтауға, дағдыларды шыңдауға және жаңаларын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өз тәжірибелерін ортаға салатын бөлімше командирлерінің кәсібилігін атап өткім келеді, – деді Астанадан шақырылған қатардағы жауынгер Бекболат Атанов.Оқу-әдістемелік жиын жауынгерлік атыстарды қамтитын қорытынды тактикалық сабақтар өткізумен аяқталады. Ол запастағы офицерлер мен сержанттардың дайындық деңгейін нақтылауға, бөлімшелердің үйлесімділігін тексеруге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1054480?lang=kk
«Altyn Adam Associates» АҚ лицензия берілгені туралы 21.08.2025
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және дамыту Агенттігі Төрағасы орынбасарының 2025 жылғы 20 тамыздағы №Б-202 бұйрығына сәйкес «Altyn Adam Associates» АҚ-на шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге  2025 жылғы 20 тамыздағы № 3.4.6 лицензиясы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1054454?lang=kk
ЦИфрлық ҚАУІПСІЗДІК – УАҚЫТ ТАЛАБЫ 21.08.2025
Цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы қоғамға үлкен мүмкіндіктер ұсынса да, жаңа қауіптер туғызады. Бүгінде адамдар күн сайын дерлік алаяқтық әрекеттермен кездеседі. Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік органдар мен қаржы секторына бағытталған кибершабуылдар саны жыл сайын артып келеді. Шабуыл жасаушылар шабуылдарды автоматтандыру және олардың ауқымын кеңейту үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан киберқауіпсіздік мәселелеріне кешенді және жүйелі түрде қарау кезек күттірмейтін қажеттілікке айналды. Осы және өзге де өзекті мәселелер бүгін Shymkent Hub орталығында өткен «Цифрлық қауіпсіздік және сауаттылық» форумында талқыланды. Шараға IT мамандары, стартап өкілдері, жастар қатысты. Форум барысында қатысушыларға киберқауіптерден қорғаудың заманауи әдістері мен жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтылды. — Бүгінде әрбір азамат банк картасын пайдаланады, онлайн сатып алады, жеке мәліметтерін түрлі қосымшаларға енгізеді. Мұндай жағдайларда негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамау елеулі шығындарға әкелуі мүмкін. Енді адамдар шешімдерді іздеу үшін ChatGPT сияқты чат-боттарға жеке деректерін немесе ұйым құжаттарын жүктеп салатын жағдайлар көбейіп барады. Бұл өте қауіпті. Цифрлық сауаттылықты арттыру тек IT мамандарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті, — деп атап өтті хаб тұрғыны Самал Райымжан. Форумда жас мамандар жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа қауіптерге қарсы тұру жолдарын ұсынып, азаматтарды киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуге шақырды.
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру тәртібі 21.08.2025
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министрінің  9 желтоқсандағы  бұйрығымен  бекітілді., 2014 ж. №16-04/647. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін болжамды орын ауыстыру басталғанға дейін портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш ұсынады. Өтініш берілгеннен кейін порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін, басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттар беру мерзімі - 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.Импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, хаты қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына рұқсат:1.      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатты;импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келген;импорттаушы елдің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралары болмаған кезде беріледі;4.      жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты расталған, оның ішінде үшінші елдердің құзыретті органдарымен байланыс арқылы расталған шектеу шаралары болмаған; 5.      Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерінде, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға немесе екі жақты ветеринариялық сертификаттарға сәйкес ветеринариялық-санитариялық талаптар  сәйкес ; 6.      Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдардың тізілімінде болған (егер Еуразиялық экономикалық одақтың ережелерінде талап етілсе); бақылауға жататын тауарларды әкелу немесе аумағынан жүріп өту бағдары жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағында шектеу шараларының, карантиннің болмаған (егер тиісті бақылауға жататын тауарлар шектеу шаралары, карантин қойылған аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болса);экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай саламатты болған кезде беріледі.«ҚР  АШМ  ВБжҚК  Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1054400?lang=kk
Онлайн форматта семинар өткізілді 21.08.2025
Ағымдағы жылдың 20 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен бірлесіп, ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитетінің өкілі Гульнара Какеннің қатысуымен «Суретшілер мен фотографтардың авторлық құқықтарын басқару: өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізілді.Семинарда «Қазақстандық репрографиялық құқықтар және бейнелеу өнері туындылары қоғамы» ҚБ төрағасы Ринат Абдулхаликов баяндама жасады.Іс-шара жұмысына «Қазақстан суретшілер одағы» РҚБ СҚО филиалы басқармасының төрайымы Галия Кожахметова, «Қазақстан суретшілер одағы» РҚБ Қостанай облыстық ұйымының төрағасы Вадим Быков, сондай-ақ екі облыстан келген суретшілер, фотографтар және осы саладағы оқытушылар қатысты.Іс-шара қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында, соның ішінде құқықтарды ұжымдық басқару мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аумақтық әділет органдарының тығыз өзара іс-қимылын жолға қою туралы шешім қабылданды. Іс-шараның қорытындысында ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстан суретшілер одағы» РҚБ Қостанай облыстық ұйымының төрағасы Вадим Быковқа белсенді ынтымақтастығы, әріптестікке ашықтығы және тұрақты қолдауы үшін алғыс білдірілді.Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1054410?lang=kk
Достық пен татулық – елдіктің берік іргетасы 21.08.2025
 Қазақ халқының тарихына үңілсек, бірлік пен татулық – елдің дамуы мен болашағын айқындайтын басты құндылықтар болғанын көреміз. Бабаларымыз «бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Себебі халықты еңселі еткен де, елді өркениетке жетелеген де – ынтымақ пен өзара сыйластық.Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ жері әрқашан да түрлі ұлт пен ұлыстың басын қосқан мекен болды. Қиын-қыстау кезеңдерде тағдырдың жазуымен Қазақстанға сан алуан этнос өкілдері қоныс аударды. Сол сәтте қазақ халқы оларға пана болып, құшағын айқара ашты. Осындай бауырмалдықтың арқасында достық пен татулықтың іргетасы қаланып, бүгінге дейін жалғасып келеді.Қазіргі таңда Қазақстанда жүзден аса этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл – халқымыздың кеңпейілділігінің ғана емес, мемлекетіміздің сындарлы саясатының да нәтижесі. Әрбір этнос өз болмысын, тілін, мәдениетін сақтай отырып, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосуда.Кез келген мемлекеттің дамуы үшін бейбітшілік пен тұрақтылық аса маңызды. Ал тұрақтылықтың негізінде татулық жатыр. Татулық дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген сенімі, сыйластығы және ортақ мүддеге ұмтылысы. Егер қоғамда келісім орнықса, мемлекет те биік мақсаттарға жетеді.Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге татулықтың, ынтымақтың үлгісін көрсетіп отыр. Қоғамдағы бейбіт өмір – елдің саяси-экономикалық дамуына, мәдени өркендеуіне жол ашуда. Сондықтан татулықты сақтау – мемлекетіміздің ғана емес, әр азаматтың парызы.Достық – адамдарды да, ұлттарды да жақындастыратын алтын көпір. Ол мемлекеттер арасындағы сенімді де нығайтады. Қазақстан халқы достықты басты құндылық деп танып, оны нығайтуға бар күшін жұмсап келеді.Достық пен өзара құрмет нығая түскен сайын еліміздің халықаралық беделі артып, Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің символына айналуда. Әлемдік деңгейде бастамалар көтеріп, татулыққа шақырып жүрген ел ретінде Қазақстанның орны ерекше.Еліміздегі достық, татулық пен ынтымақ – мемлекетіміздің ең үлкен жетістігі әрі болашаққа жол ашатын берік іргетасы. Бұл – тәуелсіздігіміздің тірегі, тұрақтылығымыздың кепілі. Сондықтан біз үшін ең басты міндет – осы құндылықтарды сақтау, дамыту және келер ұрпаққа аманаттау.Достық – елдіктің белгісі, татулық – тұрақтылықтың тірегі, бірлік – болашаққа бастар жол.#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР 21.08.2025
 Қазақтың «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген дана сөзі қоғам дамуының басты қағидасын айқындайды. Тарихқа көз жүгіртсек, ел бірлікке ұмтылғанда ғана қиындықты жеңіп, еңсесін тіктеген. Ал алауыздық тұтастыққа сызат түсірген. Демек, ынтымақ – өткеннің де, болашақтың да берік кепілі.Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ортақ мақсатқа ұмтылуынан басталады. Әділет үстемдік еткен жерде сенім артып, сенім бірлікті, ал бірлік тұрақтылықты қалыптастырады.Бүгінде Қазақстан жүзден аса этносты ортақ шаңырақ астына біріктіріп, татулық пен келісімнің әлемге үлгі болар тәжірибесін қалыптастырды. Түрлі ұлт өкілдері ел дамуына үлес қосып, достық пен берекенің нақты нәтижесін көрсетіп отыр.Бейбіт өмірдің құнын соғысты көрген ата-бабамыз жақсы түсінді. Сол арманға біз жеттік. Ендігі міндет – оны сақтау. Өйткені ынтымақ – ел қуатының, жастар болашағының, мемлекет тұрақтылығының кепілі.«Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» қағидасы әр қазақстандықтың өмірлік ұстанымына айналса, еліміздің өркендеуі баянды болмақ. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
«Қалқан-2025» ауқымды оқу-жаттығулары өтті 21.08.2025
27943 әскери бөлімінің «Ахмирово» оқу полигонында алғаш рет радиациялық қауіпті нысандағы апаттың салдарын жоюға бағытталған бірлескен оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Шара республикалық «Қалқан-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында өтті.Оқу-жаттығуға Қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық (РХБ) қорғау бөлімшелері, Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысты.Сценарий бойынша радиациялық заттардың ауаға тарап кетуі модельденді. Әскерилер мен құтқарушылар шартты зардап шеккендерді эвакуациялауды, дозиметриялық бақылауды, техниканы және аумақты дезактивациялауды, сондай-ақ жеке құрамды санитарлық өңдеуден өткізуді пысықтады.Бөлімшелер барынша шынайы жағдайға жақын ортада әрекет етті. Олар жеке қорғаныс құралдарын киіп, дозиметрлер мен радиометрлерден бастап арнайы өңдеудің жылжымалы пункттеріне дейінгі заманауи техника қолданды. Басты назар түрлі қызметтердің өзара іс-қимылына және төтенше жағдайларда жедел әрекет ету дайындығын тексеруге аударылды.Республикалық штаб қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және олардың іс-әрекеттерінің үйлесімділігін атап өтті. Оқу-жаттығу аяқталған соң әр кезең талданып, әдістемені жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды.Айта кетейік, мұндай іс-шаралар тек техника мен жеке құрамның мүмкіндіктерін тексеріп қана қоймай, халық пен қоршаған ортаның қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта осындай кешенді жаттығуларды тұрақты өткізу жоспарланып отыр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1054390?lang=kk
Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды 21.08.2025
Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды, оның 4,8 мыңы – қазіргі заманғы жоғары өнімді модельдер, 2,7 мыңға жуық орғыш және 4,8 мың жүк көлігі. Күздік дақылдарды жинау бүгінде Зеренді және Сандықтау аудандарында аяқталды: 604 гектардан 1,7 мың тонна астық жиналды, орташа өнімділігі 27,4 ц/га, одан бөлек өнімділігі 10,7 ц/га болатын 47,8 мың га дәнді және бұршақты дақылдар тазартылды, 51,1 мың тонна астық орылды.Өңірде жалпы сыйымдылығы 4,3 млн тонна болатын 66 лицензияланған нан қабылдау кәсіпорны және сыйымдылығы 2,9 млн тонна болатын 1,5 мыңнан астам астық қоймасы жұмыс істейді. Астықты кептіру үшін жалпы өнімділігі тәулігіне 235 мың тоннаға жуық 264 бидай кептіргішті іске қосу жоспарлануда.Мал шаруашылығына жемшөп дайындау мақсатында 1,275 млн тонна шөп (жоспардың 96,5%-ы) және 99,3 мың тонна сүрлем (жоспардың 38,2%-ы) жиналды. Жемшөп дайындаудың жалпы жоспарына 3,171 миллион тонна жем – шөп, сүрлем, пішен, сабан және құрама жем кіреді.Жалпы 2025 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға шамамен 233,5 млрд теңге бөлінді, оның 63,3 млрд-ы қайтарылмайтын субсидияларға, ал 170 млрд-ы «Кең Дала» және «Кең Дала-2», «Ауыл аманаты» бағдарламаларын және техниканың жеңілдетілген лизингін қоса алғанда, жеңілдетілген несиелер мен форвардтық сатып алуларға бағытталды. Биылғы 7 айда өңірде шаруалар 39,8 млрд теңгеден астам сомаға 1 115 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,4 есе артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1054373?lang=kk
Ақмола астығы Эстония арқылы Еуропаға жол салуда 21.08.2025
Ақмола облысының диқандары Эстония портының инфрақұрылымын пайдалана отырып, бидайды Италия мен Бельгияға  экспорттап жатыр.Биылғы жылдың 7 айындағы деректерге сәйкес, Эстония порты арқылы 145 мың тонна астық жөнелтілді. Оның ішінде Бельгияға – 28 мың тоннадан астам, Италияға – 110 мың тонна, Эстонияға – 6,5 мың тонна экспортталды.Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында облыс әкімі Эстония Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Ақмола облысы мен Muuga Grain Terminal астық терминалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл келісім өңір өнімдерінің еуропалық нарыққа шығуына жаңа мүмкіндіктер ашты.Жеткен уағдаластықтардың арқасында өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері эстондық терминал арқылы экспорттық жеткізілімдерді тікелей жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болып, бұл жеткізу географиясын кеңейтуге және қазақстандық астықтың Еуропадағы позициясын нығайтуға жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1054378?lang=kk
Самар ауданында бақылау күні өтті 21.08.2025
Самар ауданында бақылау күні өтті20 тамыз күні Самар ауылындағы мәдениет үйінің акт залында аудан әкімі аппаратының басшысы Рауан Жәмпеисов бақылау күнін өткізді.Жиында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Мемлекеттік қызмет көрсету, протоколдық тапсырмалардың орындалуы, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.– «Басты міндет – мемлекеттік органдардың ашық жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындардың сұрақтарына дер кезінде жауап беру», – деп атап өтті Рауан Жәмпеисов.Кеңес қорытындысында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1054332?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары К.А. Пилалов 2025 жылдың 20 тамызда Айыртау ауданының тұрғындарымен Әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша, Имантау селолық округі әкімі аппаратының ғимаратында кездесу өткізілді. 21.08.2025
Кездесу соңында К.А. Пилалов азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді, онда әділет органдарының қызметіне байланысты толық жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1054334?lang=kk
Қазақстан Елшісі FOREF президентімен кездесті 21.08.2025
Братислава, 2025 жылғы 19 тамыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Еуропадағы Діни бостандықтар форумының (FOREF) президенті, Еуропалық одақтың ЕО аумағынан тыс жерлерде дін және наным бостандығын ілгерілету жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Ян Фигельмен кездесті.Тараптар Қазақстанның мультимәдениеттілікті дамыту, қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған саясатын талқылады.Әңгіме барысында Я.Фигельге 2025 жылғы 17–18 қыркүйекте Астанада өтетін «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне ресми шақыру табысталды.FOREF президенті шақыруды ризашылықпен қабыл алып, Қазақстанның рухани дипломатияны ілгерілету жөніндегі бастамасының өзектілігін атап өтіп, оны қазіргі сын-қатерлер жағдайында халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудың тиімді құралы ретінде бағалады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1054297?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды 21.08.2025
Брюссель, 2025 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі, Еуропалық Одақтағы және Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымындағы (НАТО) Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко НАТО Бас хатшысы Марк Рюттеге сенім грамоталарын тапсырды.Сенім грамоталарын тапсырудың ресми рәсімінен кейін өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.Роман Василенко Қазақстан үшін НАТО-мен ынтымақтастықтың басты мақсаты БҰҰ қамқорлығымен өтетін бітімгершілік миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін даярлау болып табылатынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайту саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1054304?lang=kk