Әлем
«Кеден» АЖ-да Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру бөлігінде пайдаланудың артықшылықтары 18.07.2025
«Кеден» ақпараттық жүйесін кезең – кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелу болжанатын тауарларды алдын ала хабардар етуді ұсыну функционалы (бұдан әрі-алдын ала ақпарат) табысты жұмыс істейді. Кеден органдары алдын ала ақпаратты кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланады. Өз кезегінде, алдын ала ақпарат беру тауарлар мен көлік құралдарының өткізі пунктеріне келуін электрондық тіркеу арқылы кедендік операцияларды және аралас қызметтердің (ветеринариялық, фитосанитариялық, карантиндік және т.б.) интеграцияланған бақылауынан өту мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар барлық бақылауды электрондық форматта өтеді. Аралас қызметтердің интеграцияланған бақылауынан өту (ветеринариялық, фитосанитариялық, карантиндік және т.б.) кезінде «Кеден» АЖ автоматты режимде ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары деңгейінде қандай да бір бақылаудан өту қажеттігін айқындайды. Алдын ала ақпарат электрондық транзиттік декларацияға айналдыруға мүмкіндік береді, осылайша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар транзиттік декларацияның өзін толтыруға уақытты үнемдейді. Алдын ала ақпараттандыру модулін енгізу есебінен транзиттік декларацияларды ресімдеу, тіркеу және шығару уақыты 30 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды. «Кеден» АЖ енгізілген сәттен бастап 2025 жылғы 16 қараша мен 2025 жылғы 30 маусым аралығында 1 312 мыңнан астам алдын ала ақпарат тіркелді оның ішінде транзиттік декларацияға түрлендірілді 660 мың, 280 мың транзиттік декларацияны қолмен толтырылды. Кедендік операциялардан өтуді жеделдету мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың алдын ала ақпарат беруге шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1037187?lang=kk
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дінаралық диалогты дамытудағы рөлі талқыланды 18.07.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 18 шілде – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Ислам және уақыптар істері жөніндегі Бас басқарма төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті.Қазақстан Елшісі екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың оң динамикасына назар аударып, Ислам және уақыптар істері жөніндегі Бас басқарма еліміздің дінаралық диалог орнату бастамаларына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Омар әл-Дарей жаһандану және діндер мен мәдениеттердің араласуы дәуірінде бейбітшілікті сақтау және халықтар арасында ынтымақтастықты нығайту маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл бейбіт қатар өмір сүру ұстанымына сай келеді.Тараптар толеранттылық және өзгеге құрметпен қарау сияқты құндылықтарды ілгерілету мәселелеріне мән берді.Кездесу соңында Ислам және уақыптар істері жөніндегі Бас басқарма төрағасы Қазақстанның дінаралық диалогты дамытуға бағытталған барлық іс-шараларына қолдау көрсететінін атап өтіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІІІ Съезіне қатысатынын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1037140?lang=kk
🔰Бүгін, 18 шілде - балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 18.07.2025
Іс-шара барысында сала ардагерлері мен қазіргі қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталары, салалық төсбелгілер мен Алғыс хаттары табыс етілді. Марапатау рәсімінде сөз алған басқарма басшысы Нартай Егембердиев пен Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысы Кабдугалиев Азамат Абатайұлы сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Бұл марапаттар – балық шаруашылығы саласына сіңірген еңбектің, табиғатты қорғау мен су ресурстарын тиімді пайдаланудағы кәсіби шеберліктің айқын дәлелі.Сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріне жеміс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1037078?lang=kk
📍 Вице-министр Шымкентте! 18.07.2025
📍 Вице-министр Шымкентте!Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді.💡 Сапар барысында қалада жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалармен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.🌐 Цифрлық шешімдер – халыққа сапалы қызмет көрсетудің және өмір сапасын арттырудың басты тетігі.Шымкент осы бағытта қарқынды дамып, ақылды қала жолында сенімді қадам жасап келеді.🤝 Цифрлы болашаққа бірге қадам басайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1037091?lang=kk
Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025 18.07.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025Комбайншы – алтын дәннің аманаты!Егістік алқабындағы тынымсыз еңбек иесі – комбайншы. Ерте көктемнен күзгі орақ науқанына дейінгі маусымда олардың еңбегі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Күн-түн демей жұмыс істейтін бұл мамандық иелері – шынайы еңбек ерлері.Заманауи техниканы меңгеріп, үлкен жауапкершілікпен жұмыс атқаратын комбайншылар – ауыл шаруашылығының алдыңғы шебінде.Олар жинаған әрбір дән – еліміздің ырысы мен берекесі!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025# ГодРабочихПрофессий# Комбайншы
ШЫМКЕНТТЕ 9693 БАЛА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ. 18.07.2025
2025 жылы Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен шілде-тамыз айларында 9 693 баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Бұл бастама ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік 5 санатқа жататын балаларды сауықтыру және тиімді демалыспен қамтамасыз етуге бағытталған.Балалар демалысын Машат-Арасан, Бекзат Саттарханов атындағы лагерь, Қарлығаш, Үш бұлақ, Таң-Шолпан, Көктөбе, Айсанар сынды қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде өткізуде.📊 2025 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша жазғы демалыспен 3 131 бала қамтылды. Қалған балаларды кезең-кезеңімен лагерьлерге жолдау жалғасып жатыр.Лагерьлерде балалар тек демалып қана қоймай, түрлі тренингтер мен қызықты ойындар арқылы жаңа дағдылар қалыптастырып, командалық жұмысқа үйренеді. Жазғы демалысты ұйымдастыруда балалардың қауіпсіздігі; сапалы тамақтануы; медициналық қызметпен қамтамасыз етілуі; бос уақытын тиімді өткізу сынды мәселелер басты назарда.Бұл жұмыстардың барлығы балалардың денсаулығын нығайтып, жаңа оқу жылына сергек әрі дайын оралуына жағдай жасайды.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ДӘРІГЕР – ӨМІР САҚШЫСЫ 18.07.2025
2025 жыл – еңбек адамдарының қадірін арттыратын ерекше жыл. Солардың бірі – ақ халатты абзал жан дәрігер. Оның әр күні – адам өмірі үшін күрес, әр сәті – жауапкершілік пен жанқиярлықтың айғағы. Дәрігер болу – жүректен шыққан мамандық.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #Годрабочихпрофессий #Дәрігер
Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды 18.07.2025
2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және салық заңнамасына түзетулер енгізілген ілеспе заңға қол қойды.Жаңа кодексте салықтық әкімшілендіруді жаппай оңайлату көзделген:есептілік 30%-ға, салық 20%-ға азайтылады,салықтық жеңілдік пен алым оңтайландырылады,салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілдері: камералдық бақылау профилактикалық және кезеңдік сипатта болып, салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімі жеңілдетіледі. Берешек сомасы аз болса, бизнестің шоты бұғатталмайды. Хабарлама мен шара қарыз сомасына байланысты кезең-кезеңімен қолданылады.Негізгі өзгерістер:ҚҚС базалық мөлшерлемесі-16%, ҚҚС:дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%,отандық мерзімдік басылымды сату 10%-ға төмендетіледі,ТМККК, МӘМС, археология, кітап басып шығару ҚҚС-тан босатылады,ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК-ке (40 млн теңге) төмендетілді.Жеке табыс салығы:БЖЗҚ зейнетақы төлемдері босатылады,табысы жылына 8500 АЕК-тен жоғары азаматтарға 15% және табысы жылына 230 000 АЕК-тен жоғары жеке тұлғалардың дивидендтері мен кәсіпкерлерге 15% прогрессивтік шкала енгізіледі,мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік шегерімді 882-ден 5 000 АЕК-ке ұлғайту ,табысы 230 000 АЕК-тен асатын фермерлерге 70% жеңілдік сақтала отырып, салық жылына 4,5%. 10 жылдан асқан көлікке салық төмендейді.Корпоративтік табыс салығы: Базалық мөлшерлеме – 20%,Жоғары тарифтер:банктерге (ШОБ кредитін қоспағанда) және ойын бизнесіне 25%, әлеуметтік саладағы ұйымдарға 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%,ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 3% сақталады.Бизнес пен инвесторларға арналған салықтар:биржалық бағалы қағаздардың дивидендтерінен түсетін кіріс жеңілдігі сақталады,«Бәйтерек» холдингінің бағалы қағаздарынан түсетін кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады,пайдалы қазбаларды қайта өңдеу мен геологиялық барлауға жеңілдік, жаңа жобаларға 5 жылға нөлдік ПҚӨС қарастырылған.Сән-салтанат салығы Құны 75 млн теңгеден асатын автомобильге, 100 млн теңгеден басталатын ұшаққа, яхта мен қайыққа, қымбат алкоголь мен сигара сияқты тауарларға 10% акциз енгізіледі. Егер барлық жылжымайтын мүлік объектісінің құны 450 млн теңгеден асатын болса, мүлік салығы артады. Мәслихаттар мұндай объектілердің бағалау құнын 50%-ға дейін жоғарылата алады.Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1036878?lang=kk
2025 жылғы 21 шілдеден кешіктірмей ұсынылуы және төленуі тиіс: 18.07.2025
2025 жылғы 21 шілдеден кешіктірмей ұсынылуы және төленуі тиіс:Салықтық есептілікті тапсыру:2025 жылғы маусым үшін:328.00-нысан – «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш»;Егер жер пайдалану шарты жасалған немесе 2025 жылғы маусымда жер қойнауын барлау немесе өндіруге лицензия алынған болса:851.00-нысан – «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша ағымдағы төлем сомаларын есептеу»;Егер 2025 жылғы маусымда рұқсат алынған болса:870.00-нысан – «Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация» – I және II санаттағы объектілердің операторлары үшін, егер төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін болса;Төленуі тиіс:2025 жылғы маусым үшін:ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС;Акциз, оның ішінде ЕАЭО-дан импортталған тауарлар бойынша;Егер рұқсат 2025 жылғы маусымда алынған болса:Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем – I және II санаттағы объектілердің операторлары үшін, төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін;Орман пайдалану үшін төлем – 2025 жылдың 2-тоқсаны үшін, ұзақ мерзімді орман пайдалану жағдайында;Өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем – 2025 жылдың 2-тоқсаны үшін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1036885?lang=kk
Ауыл шаруашылығы санағы 18.07.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1036887?lang=kk
Металлургия Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40%-дан астамын қамтиды 18.07.2025
Металлургия 40,1% үлеспен Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі драйверге айналып отыр. Бірінші жартыжылдық қорытындысы мен саланың одан арғы өсу перспективасы 17 шілдеде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында талқыланды.Металлургияда жоғары өсу қарқынын сақтау оңай міндет емес: 2024 жылы сала соңғы 10 жылдағы рекордтық 6,9% өсімге қол жеткізді. Бүгінгі таңда кәсіпорындардың өндірістік қуаты 90-100% жүктемемен жұмыс істеп тұр. Бұл өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту мүмкіндігін шектеуде.Былтырғы жоғары базаға қарамастан, 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, металлургия өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 0,1%-ға өсті. Саланың өсу қарқынын арттыру үшін арнайы жол картасы әзірленіп, іске асырылуда. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, құжаттағы бірқатар аралық мақсатқа қол жеткізілген.Атап айтқанда, «Жомарт» кенішінде қалпына келтіру жұмысы аяқталып, Ақтөбе мыс компаниясынан «Қазцинк» кәсіпорындарына мырыш концентратын жеткізу көлемі ұлғайды. KAZ Minerals тобы отандық зауыттарға мыс концентратының ірі партиясын жөнелтті. Бұл жыл соңына дейін оны ел ішінде қайта өңдеу көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин салалық министрлікке негізгі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан өңірлердің әкімдігімен бірлесіп, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өндіріс басшыларымен проблемалық мәселелерді жедел пысықтауды тапсырды.https://primeminister.kz/news/metallurgiya-kazakstandagy-ondeu-onerkasibi-koleminin-40-dan-astamyn-kamtidy-30297 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1036874?lang=kk
Жамбыл облысында "Ауыл — ел бесігі" бағдарламасы аясында жүзден астам жоба жүзеге асырылуда "Ауыл — ел бесігі" жобасы Жамбыл облысында белсенді іске асырылуда-жақын арада инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды жаңғырту саласында жаңа нысандар іске қосылуы тиіс, деп хабарлайды портал ec-sport.kz 18.07.2025
Жамбыл облысында "Ауыл — ел бесігі" бағдарламасы аясында жүзден астам жоба жүзеге асырылуда"Ауыл — ел бесігі" жобасы Жамбыл облысында белсенді іске асырылуда-жақын арада инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды жаңғырту саласында жаңа нысандар іске қосылуы тиіс, деп хабарлайды портал ec-sport.kz2025 жылы 71 елді мекенде жалпы сомасы 15,3 млрд теңгеге 111 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазірдің өзінде бір Денсаулық сақтау объектісінің, сегіз мәдениет үйінің және 11 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.Сонымен қатар, жеті мектепке қосымша құрылыс салу және бес білім беру мекемесін күрделі жөндеу қарастырылған. Кентішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша 79 жоба іске асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1036846?lang=kk
Құрметті металлургия саласының қызметкерлері! 18.07.2025
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Металлург күнімен құттықтаймын!Металлургия өнеркәсіптің негізі және экономиканың тірегі болып саналады. Әрбір металл құймасының, әрбір дайын өнімнің артында өз ісіне берілген адамдардың күші, шеберлігі, төзімділігі мен адалдығы жатыр. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің және жоғары кәсібиліктеріңіздің арқасында өндіріс дамып, инфрақұрылым нығайып, өңірдің және бүкіл елдің болашағы құрылуда.Сіздерлің жұмыстарыңыз тек қана жұмыс емес, нағыз іске қызмет ету.Металлургия саласының барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық, амандық, тұрақтылық және жаңа кәсіби табыстар тілеймін. Әр үйде жылулық пен өркендеу, өмірде — сенімділік, қолдау және құрмет болсын. Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1036848?lang=kk
Александр Шевченко теннистен Швейцариядағы турнирді жеңіспен бастады. Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады. 18.07.2025
Александр Шевченко теннистен Швейцариядағы турнирді жеңіспен бастады.Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады.Алматы, NEGE. Отандасымыз алғашқы айналымда швейцариялық Стэн Вавринкамен өзара мықтыны анықтады.Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.Нәтижесінде, Александр Шевченко 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланып, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.Айта кетейік, Шевченко ширек финалға шығу үшін отандасымыз Александр Бубликпен кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1036858?lang=kk
Қарағандыда футбол академиясы салынады 18.07.2025
Қарағандыда заманауи оқу-жаттығу орталығы — Футбол академиясы ашылады. Бұл жерде облыстың балалары мен жасөспірімдері футболмен кәсіби деңгейде айналыса алады. Жоба аясында Қарағанды облысы әкімдігі мен Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жаңа спорттық нысан өңірдегі балалар және жасөспірімдер футболын, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға қосылатын маңызды үлес болмақ.Облыс әкімі Ермаганбет Бөлекпаев жобаның жүзеге асуы — ұзақ әрі мазмұнды дайындықтың нәтижесі екенін атап өтті.– Freedom компаниясымен алты ай бойы келіссөздер жүргіздік. Бұл – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, бастамашыл компания. Бүгін біз маңызды кезеңді аяқтадық – «Шахтёр» футбол академиясын салу жөнінде меморандумға қол қойдық. Балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту – біздің басты мақсатымыз. Бұл жолда мемлекет пен жеке сектордың ресурстарын біріктіруге дайынбыз. Жоба ауқымды, мен оның өңір тұрғындарына үлкен тарту болатынына сенемін, – деді Ермаганбет Бөлекпаев.Академия жобасын Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов таныстырды. Ол Қарағанды облысының қазақстандық футбол тарихындағы ерекше орны бар екенін атап өтті.– Қарағанды – спорттық дәстүрі терең, рухы биік өңір. Мұнда жеңіске деген жігер мен табандылық тәрбиеленеді. «Шахтёр» командасының еурокубоктың топтық кезеңіне өтуі – отандық футбол тарихындағы ерекше оқиға. Біз бұл Академияны жай ғана спорттық инвестиция ретінде емес, жастарды дамытуға және Қазақстандағы футбол инфрақұрылымын жетілдіруге арналған маңызды жоба ретінде қарастырамыз. Академия болашақ таланттарды тартатын орталыққа айналады деп сенемін, – деді Тимур Турлов. – Өңірмен бұрыннан қалыптасқан нәтижелі серіктестігіміз жаңа жобаның сәтті жүзеге асатынына сенім береді.Жоба халықаралық стандарттарға сай оқу-жаттығу орталығын құруды көздейді. Жалпы ауданы 9 гектардан асатын аумақта үш толық өлшемді футбол алаңы, оның ішінде жабық манеж бен жылыту жүйесімен жабдықталған жаттығу алаңы, 3500 орындық жаңа стадион, интернат, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, медициналық кабинеттер және басқа да нысандар салынады. Құрылыстың жалпы ауданы 28 мың шаршы метрден асады. Академияда тек спорттық дайындыққа ғана емес, оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына да басымдық беріледі. Нысан құрылысы үшін Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс шағынаудандарының ортасынан жер телімі бөлінген.Жаңа академия «Шахтёр» футбол клубының болашақ ойыншыларын даярлайтын басты база болмақ. Сондай-ақ мұнда клубтың балалар-жасөспірімдер және әйелдер лигасын дамыту жұмысы жалғасады.https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1035478?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1036828?lang=kk
«Скаут» «Қайратты» жеңді! 18.07.2025
Қазақстанда да, Қарағанды өңірінде де ең танымал спорт түрі – футбол. Біздің аймақта әр түрлі жастағы 40 000-нан астам тұрғын доп қуалап ойнауды ұнатады, 100-ден астам команда бар. Солардың ішінде, қарағандылық балалар футбол клубы «Скауттың» танымалдығы жыл сайын артып келеді және тек республикалық жарыстарда ғана емес, халықаралық жарыстарда да жеңіске қол жеткізуде. Жақында оның 2015 жылы туған тәрбиеленушілері Қазақстан чемпионы атанды. Және олардан бір жас кіші ұлдардан құралған команда жақында Қырғызстанда өткен NITRO ASIAN CUP турнирінде жеңіске жетті!Беделді біріншілік Ыстықкөлдің жағасында өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 команда қатысты. «Скауттың» жас ойыншылары барлық алты матчта да жеңіске жетіп, алтынға ие болды!Жартылай финалда команда «Пахтакор» Ташкент клубының академиясын жеңді. Ал, финалда қарағандылықтар ең мықты қарсыластарының бірі – «Қайрат» футбол академиясын (Алматы қ.) 3:0 есебімен ойсырата жеңді.- Қазір «Скаутта» 500 - ге жуық бала болса, олардың 300 – і «АРТSport» бағдарламасы бойынша тегін айналысады, - деді клубтың негізін қалаушы әрі жаттықтырушы Федор Валерьевич Богатырев, - біздің тәрбиеленушілеріміз үшін өте қуаныштымыз, бізді қолдайтын ата-аналарға рахмет. Біздің клубтың басты жетістігі-оның ішінде қалыптасқан достық, сенімді атмосфера және спорттық позитив. Алда бізді жаңа жарыстар күтуде, біз жеңеміз деп үміттенеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1036824?lang=kk
Қазақстан Елшісі Сервантес институтымен бірлескен жобаларды талқылады 18.07.2025
Мадрид, 2025 жылғы 17 шілде – Мадрид қаласында Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев Сервантес институтының директоры Луис Гарсия Монтеромен кездесу өткізді.Жылы әрі мазмұнды диалог аясында тараптар білім, мәдениет және тіл алмасу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени жақындасу мен академиялық диалогты кеңейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде алғашқы қазақ-испан сөздігін шығару ұсынылды.Тараптар тұрақты әріптестікті дамытуға өзара мүдделілік білдіріп, Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған нақты жобаларды іске асыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1036812?lang=kk
2025 ж. 4 - 22 тамыз аралығында Елшілігінің Консулдық бөлімі жабық болады 18.07.2025
Құрметті ханымдар мен мырзалар!Осымен 2025 ж. 4 - 22 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Берлин қаласындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі жабық болатынын хабарлаймыз.Шұғыл мәселелер бойынша Қазақстан Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесіне жүгінуге болады: Қазақстан Республикасының Бонн қ. Консулы:Раев Айдос Нұрханұлы.Жұмыс тел.: +49 (228) 40 387 27 / 70 (консультация беру уақыты) күн сайын, сәрсенбіден басқа 14:30-дан 17:00-ге дейін жүргізіледі.Қабылдау уақыты: Дс.-Жм.: 9:30 - 12:30 (құжаттарды қабылдау); 16:00 - 17:00 (дайын құжаттарды беру). Ср., Сб., Жс., Қазақстанның және Германияның мерекелік күндері жабық.E-mail: konsul-bonn@mfa.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1036790?lang=kk
Дрон аулаушылар: Құрлық әскерлерінде ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар қаупіне қарсы тұруға үйренеді 18.07.2025
Елорданың 68665 әскери бөлімінде ұшатын нысаналарға тегіс ұңғылы қарумен ату бойынша Құрлық әскерлері нұсқаушыларының оқу-әдістемелік жиыны өтуде. Жауынгерлерді төмен ұшатын әуе нысандарына, соның ішінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қарсы тұруға дайындауға баса назар аударылады.Сабақтар Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевтың жалпы басшылығымен өтеді. Жиын барысында Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары есептоптар құрамында және жеке төмен ұшатын және шағын көлемді нысандарды анықтау және жою бойынша практикалық іс-қимылдарды үйренеді.Жиын бастығы подполковник Сергей Батурин атап өткендей, қазіргі жағдайда басқа күрес құралдарымен қатар, тегіс ұңғылы қару объектіге шабуыл жасау кезінде ұшқышсыз ұшатын құрылғының соңғы траекториясында тиімді күрес құралына айналады.Нұсқаушыларды даярлау кезінде дронды уақтылы анықтау мен жоюдың тиімді әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ әскери қызметшілерді даярлау әдістемесіне ерекше назар аударылды.Жиын қазіргі заманғы соғыстың сын-тегеуріндерінн ескере отырып, жеке құрамды оқытуға қабілетті нұсқаушылардың кәсіби легін қалыптастыруға бағытталған. Бұл Құрлық әскерлерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға және ұшқышсыз басқарылатын аппараттардан келетін қауіп-қатерлерге қарсы тұру жүйесін нығайтуға жасалған кезекті қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1036792?lang=kk
Қостанай облысында Металлург күніне орай Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды 18.07.2025
Кәсіби мереке – Металлург күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігінде саланың үздік өкілдеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталған салтанатты рәсім өтті.Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов және өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары қатысты.— Тау-кен металлургия өнеркәсібі – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі. Бұл салада 15 мыңнан астам адам еңбек етеді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында өндірілген өнім көлемі 700 млрд теңгеге жуықтады. 2025 жыл – Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланды. Сондықтан дәл осы күні еңбек адамдарын Мемлекет басшысының атынан марапаттау – үлкен мағынаға ие, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.🔹 Мемлекеттік наградалармен марапатталғандар:Валерий Анкудинов — «ССГПО» АҚ инженеріАнуарбек Табылбаев — «ССГПО» АҚ шахталық электровоз машинистіБулат Мукатов — «Қазақстан Алюминийі» АҚ ҚБРУ филиалының тепловоз машинистіҚуанышбек Кұлназаров — «Варваринское» АҚ ұсақтаушысы🔹 Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрмет грамоталары:Ердин Байгенжин — «Варваринское» АҚВалерий Каштанов — «Комаровское» ЖШС🔹 Облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:Василий Андриянов — «Оркен» ЖШС, рудник ЛФ цехының бастығыНаталья Бородникова — «Caspian Steel QZ» ЖШС, зертхана лаборантыАнатолий Беляков — «Оркен» ЖШС, байыту фабрикасының сепараторшысыНиколай Емшанов — «Caspian Steel QZ» ЖШС, металл қыздырушыМарат Ибрашев — «Оркен» ЖШС, ұсақтау учаскесінің бастығыАлмагүл Исмұхамедова — «Качары рудасы» АҚ, химиялық су тазарту аппаратшысыНикита Каутц — «Caspian Steel QZ» ЖШС, КИПиА слесаріДенис Ковалев — «Качары рудасы» АҚ, электр дәнекерлеушіНұртай Медетқалиев — «Caspian Steel QZ» ЖШС, электрмонтерРуслан Нұрманов — ҚБРУ, өндірістік цех бастығыАлександр Ринг — «Оркен» ЖШС, электрослесарьДамир Тәутенов — «Caspian Steel QZ» ЖШС, шикізат тасымалдау бригадиріЕлжан Тоққужин — «Качары рудасы» АҚ, негізгі өндіріс учаскесінің бригадиріНаградталғандардың атынан сөз сөйлеген Валерий Анкудинов (ССГПО) көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, бұл марапат – бүкіл еңбек ұжымдарының еңбегіне берілген әділ баға екенін атап өтті.— Алдағы жылдары өңірде екі ірі жоба іске асырылады. Біріншісі – «ССГПО» базасында жылына 2 млн тонна өнім шығаратын ыстық брикеттелген темір (ГБЖ) зауыты. Инвестиция көлемі – 532 млрд теңге. 1 000 жұмыс орны ашылады. Екіншісі – «Caspian Steel QZ» базасында болат өндіретін зауыт. Қуаты – 1 млн тонна. Инвестиция – 308,4 млрд теңге. 600 адам жұмыспен қамтылады. Екі зауыт іске қосылған соң жыл сайынғы салық түсімі 60 млрд теңгеден асады. Бұл – Қостанай облысының қара металлургиядағы жетекші рөлін нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1036779?lang=kk