Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан мен Мажарстан көлік инфрақұрылымын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады 25.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 17 маусым — Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде «i-Cell Mobilsoft Zrt.» компаниясының иесі, танымал мажар кәсіпкері Габор Эмёри мырзамен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар көлік инфрақұрылымын цифрландыру, зияткерлік көлік жүйелерін енгізу және төлем жүйелерін жаңғырту бағыттарындағы ықтимал ынтымақтастық форматтарын талқылады. Әсіресе, қазақстандық серіктестермен бірлескен жобалар аясында республикалық маңызы бар автожолдарда заманауи технологияларды қолдану мүмкіндігіне назар аударылды.«i-Cell Mobilsoft» компаниясы Эмёри мырзаның басшылығымен Мажарстанда телематикалық шешімдер мен мобильді төлем жүйелерін әзірлеу саласындағы көшбасшы ретінде танылған.Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстан тарапы шетелдік технологиялық серіктестермен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтіп, бірлескен бастамаларға институционалдық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Кездесу соңында тараптар нақты жобалар бойынша консультацияларды жалғастыруға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1023628?lang=kk
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ашық есік күні аясында қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтті 25.06.2025
Ағымдағы жылғы 24 маусымда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде көпшілікке арналған Ашық есік күні өткізілді.Іс-шараның мақсаты — «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-сананы қалыптастыру және құқық қорғау жүйесіне деген сенімді нығайту.Іс-шара барысында департамент қызметкерлері өз қызметі туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, адалдық пен әділдік қағидаларын ұстануға шақырды.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету және азаматтық қатысудың сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Осындай іс-шаралар департамент тарапынан алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.  #ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1023629?lang=kk
Су технологияларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту 25.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 18 маусым — Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы «Hungarian Water Partnership» (HWP) ұйымының өкілі Золтан Хорватпен кездесті. Тараптар ауызсу, кәріз жүйелері және су ресурстарын орнықты басқару салаларындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылады.«Hungarian Water Partnership» — су саласындағы инновациялық әрі экспортқа бағдарланған шешімдерге маманданған 20-дан астам мажар компаниясын біріктіретін салалық кластер. Ұйым білім алмасуды, технологиялық жаңалықтарды ілгерілетуді және мажар су шешімдерін шетелдік нарықтарға шығаруды қолдайды.Кездесу барысында Елші Қазақстанның су саласында жүргізіп жатқан реформалары туралы ақпарат берді. 2025 жылы елде жаңа Су кодексі қабылданып, ауқымды жаңғырту бағдарламасы басталды. Қазіргі таңда 3 400 шақырымнан астам суару арналарын қалпына келтіру, төрт жаңа су қоймасын салу және отызын жөндеу жұмыстары қолға алынған. Ауыл тұрғындарының 97%-дан астамы таза ауызсумен қамтамасыз етілген, ал 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу көзделіп отыр.Тараптар ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Елші су технологияларына арналған Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумын ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстанның ауылдық елді мекендерінің бірінде мажарлық мобильді тазарту және кәріз жүйелері шешімдерін қолдана отырып пилоттық жобаны іске асыру бастамасы айтылды. Мұндай жоба өзге аймақтарға таратуға болатын үлгіге айналуы мүмкін.Золтан Хорват Қазақстан тарапымен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екенін білдіріп, мажарлық модульдік жүйелер мен орнықты су шешімдерінің өзектілігін атап өтті.Кездесу соңында тараптар ұсыныстарды нақтылау және HWP делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мақсатында Kazakh Invest пен тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1023630?lang=kk
«Әділ Қоғам» жобасының іске қосылуы туралы 25.06.2025
2025 жылғы 24 маусымда қоғамда адалдық пен адамгершілікті нығайтуға бағытталған «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасы іске қосылды.Жобаның мақсаты – мәдени-ағартушылық және білім беру бастамалары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.Жобаның бастамашылары: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.«Әділ қоғам» жобасының өңірлік орталықтарын белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар мен журналистер басқарады.Сондай-ақ жоба аясында университеттер, мәдени ұйымдар мен адам құқықтарын қорғау ұйымдарының өкілдерінен тұратын сараптамалық кеңес жұмыс істейді.Жобаның іске қосылуына аумақтық департаменттер, қоғам өкілдері және жергілікті атқарушы органдар қатысты.Алматы қаласы атынан жобаға Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Сорбонна-Қазақстан» институтының директоры, Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Сабитова А.А.,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева қатысты.#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1023632?lang=kk
Ғылым, білім және бизнес: MATE университеті мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері 25.06.2025
Гёдёллё, 2025 жылғы 23 маусым. Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанның Ауыл шаруашылығы және тіршілік туралы ғылымдар университетінің (Hungarian University of Agriculture and Life Sciences, MATE) бас кампусына ресми сапармен барды. Бұл университет Орталық Еуропадағы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ең ірі ғылыми-білім беру орталықтарының бірі болып саналады.Сапар аясында университеттің ректоры, профессор, доктор Чаба Дьюридцамен кездесу өтті. Тараптар академиялық алмасу, дала тағылымдамалар, технологиялық шешімдерді енгізу және бірлескен өндірістерді дамыту сияқты ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын талқылады.Кездесу барысында «MATE» тек білім беру мен ғылыми қызметпен ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығына арналған қолданбалы шешімдерді әзірлеу және коммерцияландыру саласында белсенді жұмыс істейтіні атап өтілді. Университет тұқым шаруашылығымен, экологиялық таза тыңайтқыштар мен биопрепараттарды ілгерілетумен, сондай-ақ дрондарды пайдалану және мобильді зертханалармен бірге нақты егіншілік жүйелерін енгізумен айналысады. Көптеген шешімдер мажар агроөнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықта әзірленіп, Мажарстанда да, шетелде де қолданыс табуда.Тараптар сондай-ақ 2024 жылғы қарашада Қазақстан Президентінің Будапештке ресми сапары аясында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі, «MATE» және мажарлық «LAC Holding» компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтті. Құжат Қазақстанда жүгері тұқымын бірлесіп өндіретін кәсіпорын құруды көздейді — бұл ғылым мен нақты сектор тоғысындағы бизнес-жобалардың бірі болып табылады.Университет ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, оның ішінде картоп өсіру, бағбандық, мал шаруашылығы, жемшөп өндірісі және агротехнологиялар сияқты басқа да бағыттар бойынша жұмыс істеуге мүдделі екенін білдірді. «MATE» сонымен қатар өз әзірлемелерін Қазақстанда жергіліктендіру және Орталық Азия нарықтарына бірлесіп шығу мүмкіндіктерін қарастыруда.Елші университет басшылығын Қазақстанға қарсы сапармен келіп, білім беру және салалық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды Қазақстан аумағында талқылауға шақырды.Тараптар ғылыми сараптама, білім беру әлеуеті және бизнес тәсілдердің үйлесімі орнықты әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады деген сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1023633?lang=kk
Талғар ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа мектеп ашылды 25.06.2025
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында 900 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысан – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген білім беру мекемелерінің бірі.Салтанатты шараға Алматы облысының әкімінің орынбасары Болат Күренбеков қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.- «Президентіміздің: “Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек” деген сөзі – бүгінгі шараның мәнін айқындайды. Аталған жоба шеңберінде өңірде 26 мектептің құрылысы жоспарланып, оның 9-ы өткен жылы пайдалануға берілді. Бұған қосымша, жеке инвестициялар есебінен 4, ал жергілікті бюджет есебінен тағы бір мектеп пен жапсаржай іске қосылды. Осы арқылы үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 30-ға дейін қысқарды. Биыл тағы 17 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде», – деді Болат Күренбеков.Жаңалық ауылында ашылған 900 орындық мектеп жаңа стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда оқу кабинеттері, инклюзивті білім беру орталығы, кітапхана, шеберхана, робототехника мен STEM бағытындағы сыныптар, спорт залы, асхана және мәжіліс залы бар. Жаңа нысан үш ауысымды оқыту мәселесін шешеді.Мектептің құрылысын «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы жүзеге асырып, бас мердігер ретінде «AK Construction» компаниясы жұмыс жүргізді. Облыс әкімі аталған компанияларға алғысын білдіріп, білім беру саласындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.- «Бала – ел болашағы. Сапалы білім – табысты ұлттың негізі. Бүгінгі ашылып отырған жаңа мектеп – ұрпақ игілігі үшін жасалып жатқан нақты қадам», – деді облыс әкімінің орынбасары.Салтанатты рәсім аясында лента қию, дарынды оқушылардың көрмесі және жаңа ғимаратпен танысу іс-шаралары өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1023635?lang=kk
Шарыннан Тәж-Махалға дейін: екі елдің туризмін тоғыстырған бизнес-форум 25.06.2025
Алматы облысы әлемдік туризм картасындағы орнын айқындай түсті. Мұнда Үндістан мен Қазақстан арасындағы ірі туристік бизнес-форум өтті. Бұл шара екі елдің туризм саласын байланыстыратын ғана емес, тікелей әуе қатынастарын дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және мәдени алмасуды күшейтуге арналған маңызды алаң болды.Форумды Алматы облысының Туризм басқармасы мен Үндістан Елшілігі бірлесе ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Үндістан, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген 200-ден астам делегат қатысты. Қатысушылар қатарында туризм, қонақ үй, көлік және әуе тасымалдау салаларының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар бар.«Алматы облысы – табиғаты таңғажайып, инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы, Түрген сарқырамасы, Қаскелең шатқалдары бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен танылып келеді. Соңғы бір жылдың ішінде Үндістаннан келген туристердің саны екі есе артты», – деді Алматы облысының Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы.Форум аясында іскерлік сессиялар, B2B кездесулер, туристік бағыттардың таныстырылымы, логистика және тікелей әуе рейстерін кеңейту мәселелері талқыланды. Алғашында 100 қонақ күтілгенімен, шараға 200-ден астам адам, оның ішінде 70-тен астам шетелдік компания өкілдері қатысты. Бұл бастамаға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.Форумда көлік қатынасына ерекше назар аударылды. Бүгінде Үндістан мен Қазақстан арасында аптасына 15 тікелей рейс қатынайды, олардың басым бөлігі Алматы бағытына тиесілі. Air Astana, SCAT және Алматы халықаралық әуежайының өкілдері алдағы уақытта жаңа бағыттар ашуға дайын екендерін жеткізді.«Қазақстан – біз үшін жаңа, бірақ болашағы зор бағыт. Үнді туристері бұл елге ерекше қызығушылық танытып отыр. Мұнда ғажайып табиғат, қауіпсіздік және қонақжай халық бар. Біз Алматы облысымен ынтымақтастықты кеңейтіп, жаңа бағдарламаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді үндіcтандық Travel компаниясының өкілі Аканша Чотхари.Форум аясында мәдени бағдарламалар да ұйымдастырылды. Қонақтар ұлттық киімдерді, қолөнер бұйымдарын, кәдесыйларды тамашалап, түрлі тағамдардан дәм татты. Әсіресе, күрд диаспорасының музыкалық және би бағдарламасы ерекше әсер қалдырды.«Біз Қазақстанның көпқырлы екенін көрсеткіміз келеді. Біз өзімізді сөзбен емес, өнеріміз, мәдениетіміз және ұлттық құндылықтарымыз арқылы танытамыз», – деді Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров.Форумға ірі туроператорлармен бірге жас кәсіпкерлер де қатысты. Quick Travel компаниясының негізін қалаушы Хаким Ма үнділік серіктестермен келіссөздер бастағанын және бірлескен турларды әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.«Үнді студенттерінің көбеюі, тікелей рейстердің артуы және қолайлы логистика туристік байланысты нығайтудың тұрақты негізін қалыптастырады. Алматы қазір Қазақстан ғана емес, Орталық Азияға апаратын қақпаға айналып отыр», – деді кәсіпкер.2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шетелдік туристерді қабылдау бойынша елімізде үздік үштікке енді. 2023 жылмен салыстырғанда шетелдік туристер ағыны 60%-ға артты. Үндістан-Қазақстан туристік форумы сияқты бастамалар өңірге деген қызығушылықтың уақытша емес, ұзақ мерзімді екенін көрсетіп отыр.Бұл форум Алматы облысына халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын тағы бір дәлелдеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1023639?lang=kk
Цифрлық банкинг жөніндегі диалог: Gránit Bank өкілдерімен Будапешттегі кездесу 25.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 24 маусым. Мажарстандағы Қазақстан Елшілігінде Gránit Bank — Мажарстанның жетекші цифрлық банктерінің бірі — өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар екі елдің банктік экожүйесін талқылады. Gránit Bank өкілдері банктің қызметімен таныстырып, цифрлық шешімдерге, клиенттерге көрсетілетін қызмет шарттарына және инновациялық қаржы өнімдеріне баса назар аударды. Қашықтан шот ашу, онлайн несие рәсімдеу және мобильді қосымша арқылы шоттарды басқару мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды.Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстандағы банктік сектордың дамуымен бөлісті. Ол қазақстандық банктердің цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп жатқанын атап өтті. Бұл қаржылық қызметтерді кең ауқымды клиенттерге, соның ішінде шетелдік серіктестер мен инвесторларға да қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.Кездесу өзара тәжірибе алмасу мен қаржы-банк саласындағы ықтимал ынтымақтастық үшін жақсы негіз қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1023640?lang=kk
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар - "Зейнетақы төлемдері иегерлерін күтуде" 25.06.2025
1)  БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары бойынша қандай жұмыс жүргізеді? «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген зейнет жасына толған тұлғалар бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді.   2) Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін іске асыру бойынша БЖЗҚ қандай шаралар қабылдауда? Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады. Яғни, зейнетақы төлемін мемлекеттік бюджеттен алатын зейнеткерлердің зейнетақы жинақтары бар болса, БЖЗҚ-дан төлемдер ала бастайды.  3) БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізе ме? 01.06.2025 жылғы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған. Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:- 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлер талап ете алады;- 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетті;- 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген.  4) Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жай-күйі қалай болмақ? Зейнетақы жинақтарының есебін БЖЗҚ жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары инвестициялануын жалғастырып, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады. Қосымша табыс алу мақсатында инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ) айналысады.  5) Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін қалай алуға болады? Егер:Зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесеЗейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.Шетелге тұрақты тұруға кеткен кездеҚазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланыстыБЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.Сондай-ақ зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.Зейнетақы төлемдерінің түріне және өтініш беру тәсіліне байланысты зейнетақы төлемдерін алуға қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер – зейнетақы төлемдері» бөлімінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1023641?lang=kk
Этика мәселелері жөніндегі кеңес 25.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 24 маусымында Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Темирбек Нажикановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшінің моральдық - әдептілік бейнесі, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.Кездесу барысында қызметтік этиканың негізгі қағидаттары, кәсіби ортадағы мінез-құлық нормаларын сақтау қажеттілігі, сондай-ақ құпия ақпаратты қорғау мәселелері талқыланды. Қызметтік деректер мен дербес ақпараттың таралып кетуіне жол бермеуге ерекше назар аударылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1023647?lang=kk
Денсаулық сақтау басқармасы бірқатар фармацевтикалық компанияларға алғыс хаттар табыс етті 25.06.2025
Бүгін Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы халық денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар отандық фармацевтикалық компанияларға алғыс білдірді.Басқарма басшысы Сүлейменов Ержан Әбілхасимұлы келесі компанияларға Алғыс хаттар табыстады:“Дольче фарм” ЖШС“Аксел и К” ЖШС“Келун” ЖШС“Медсервис Плюс” ЖШС“Глобал Фарм” ЖШС“Нобель” ЖШС.«Отандық дәрі-дәрмек өндірушілерінің еңбегі ерекше құрметке лайық. Сапалы медициналық өнімдер арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қосып отырған үлестеріңіз зор», – деп атап өтті Ержан Абилхасимұлы.Сондай-ақ басқарма басшысы фармацевтикалық компаниялармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін білдіріп, болашақта да осындай серіктестіктің жалғасын табатынына сенім артты. Компания өкілдері өз тараптарынан ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екендіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1023652?lang=kk
Жұмыс бабындағы кездесу 25.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 24 маусымында Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажикановтың облыс бағалаушыларымен сот актілерін мәжбүрлеп орындау шеңберінде борышкерлердің мүлкін бағалау мәселелері бойынша өңірдегі бағалаушылармен жұмыс кездесуі өтті. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1023657?lang=kk
Камералдық бақылау 25.06.2025
 Камералдық бақылау – салық органы салықтық нысандарды, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын іс-шара. Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу бойынша салықтық міндеттемелерді дербес орындау құқығын беру болып табылады. Камералдық бақылау: салық органдарында, оның ішінде салықтық нысандарда бар мәліметтерде; өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерінде; әртүрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің қызметі туралы мәліметтерде қамтылатын деректерді салыстыру арқылы жүргізіледі. Камералдық бақылауды салық органы Салық Кодексінде белгіленген салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізеді. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған кезде, деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама ұсынылады. Хабарламаны орындамаған кезде: Қазақстан Республикасының аумағында қызметін интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-алаңына қолжетімділік шектеледі; осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұрады; салық төлеушінің электрондық шот-фактураларын жазып беру хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1257300?lang=ru
Қарағандылық балуандар Вьетнамдағы Азия чемпионатында екі қола жүлдеге ие болды 25.06.2025
Вьетнамда, Бариа-Вунгтау провинциясында жасы 17-ден 23-ке дейінгі спортшылар арасында күрестен Азия чемпионаты өтті. 24 елдің мыңнан астам жас балуаны сайысқа түсті. Қазақстан құрамасының құрамында Қарағанды облысынан екі спортшы қатысып, үйлеріне медальдармен оралды.-  Вьетнам алғаш рет континенттік біріншілікті қабылдады. Турнир Азиядағы күрес қозғалысын дамыту үшін үлкен маңызға ие, сондай-ақ тәжірибе алмасуға, шеберлікті арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Азия күрес федерациясының президенті Мохамад Авамлех.23 жастан аспаған балуандар арасындағы жарыста қарағандылық Ангелина Первухина 55 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Ол Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады.Қола жүлдеге Ә.Молдағұлова атындағы облыстық олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Асхаб Хаджиев ие болды. Ол 79 кг салмақ дәрежесінде еркін күресте үшінші орынды иеленді.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1023673?lang=kk
Инвесторларды қорғау - қадағалау қызметіндегі басымдық 25.06.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде.Бүгінде прокурорлардың назарында 64 трлн теңгеге осындай 1130 жоба бар.2023 жылдың сәуірінен бастап прокурорлар 800 проблемалық мәселелерді сәтті шешіп, 1350 инвесторға, оның ішінде шетелдіктерге (Франция, Түркия, Қытай, Сингапур және т.б.) нақты көмек көрсетті.Олардың инвестиция көлемі 10 трлн теңгеден асады.Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың негізгі шешімдері бойынша «прокурорлық сүзгі» енгізілді.Бұл мемлекеттік органның прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, әкімшілік жауапкершілікке тартуға, талап-арыздар енгізуге, оның қызметін тоқтата тұруға, лицензияны қайтарып алуға, келісімшартты бұзуға және өзге де шектеулер қоюға құқығы жоқ дегенді білдіреді.Осы жерде прокурордың келісімі кезінде «заңның әрпі» ғана емес, сонымен қатар ақылға қонымды көзқарас пен парасаттылықтың маңыздылығы да ескерілетіні өте маңызды.«Прокурорлық сүзгі» лауазымды тұлғалардың шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етті және Мемлекет басшысымен Парламент депутаттарының қолдауымен ағымдағы жылы заңдарда бекітілген.Прокурорлар қазірдің өзінде 880-нен астам шешімді келісуден бас тартты, 360 заңсыз тексеруді, инвесторларға қатысты 330 әкімшілік іс жүргізуді және 200-ге жуық тыйым салу-шектеу шараларын тоқтатты.Инвесторлардың құқықтарын бұзғаны үшін 225 лауазымды тұлға жазаланды.Жалпы, инвесторларды қорғау шаралары айтарлықтай нәтиже берді.Мемлекеттік органдардың инвесторларға қаралған талап арыздардың саны төрттен бір бөлікке азайды.Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыс бойынша қозғалған істер саны екі есеге жуық азайды.Прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.Жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1023685?lang=kk
Азиялық конституциялық соттары қауымдастығының мүшелері өңірдегі құқықтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады 25.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова онлайн форматта Азиялық конституциялық соттары мен балама институттар қауымдастығының мүшелері кеңесінің отырысына қатысты.Отырыс барысында 2025–2027 жылдарға арналған Қауымдастық төрағалығын Таиланд Корольдігінің Конституциялық Сотынан Өзбекстан Республикасының Конституциялық Сотына ресми түрде табыстау рәсімі өтті. Осыған байланысты Таиландтың Конституциялық Соты 2023–2025 жылдар аралығындағы төрағалық кезеңіндегі атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есепті ұсынды.Сонымен қатар, қатысушыларға Қауымдастықтың мүше елдердің конституциялық соттары жанынан құрылған тұрақты хатшылықтарының қызметі туралы ақпарат берілді. Зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі хатшылық Сеулде орналасқан және оған Корея Республикасының Конституциялық Соты жетекшілік етеді. Үйлестіру және жоспарлау хатшылығы Джакартада орналасқан және Индонезия Республикасының Конституциялық Сотының қамқорлығымен жұмыс істейді. Адам ресурстарын оқыту және дамыту орталығы Түркия Республикасының Конституциялық Соты жанынан Анкарада қызмет етеді.Сондай-ақ, отырыс барысында Қауымдастық мүшелері Ирак Республикасы Федералды Конституциялық Сотының Қауымдастық құрамына кіру туралы өтінішін оң қарады. Еске салсақ, Қауымдастық 2010 жылы Азиядағы конституциялық әділет органдарының өңірлік форумы ретінде құрылған. Оның негізгі міндеттері мүшелердің тұрақты кездесулерін өткізу, симпозиумдар, семинарлар мен жұмыс сапарларын ұйымдастыру, конституциялық прецеденттік құқық тәжірибесімен алмасу, жұмыс әдістері жөнінде ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік құқық пен конституциялық юрисдикция мәселелеріне қатысты институционалдық, құрылымдық және рәсімдік мәселелер бойынша пікір және идея алмасу.Қазіргі уақытта Қауымдастық құрамында 21 мемлекет бар: Әзербайжан, Ауғанстан, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Иордания, Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғыз Республикасы, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Мьянма, Пәкістан, Палестина, Ресей, Филиппин, Тәжікстан, Таиланд, Түркия және Өзбекстан.Қауымдастыққа Корея Республикасы, Түркия, Индонезия, Малайзия, Моңғолия және Таиланд Корольдігінің конституциялық бақылау органдары төрағалық етті. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қауымдастықты 2019–2021 жылдары басқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1023726?lang=kk
Жеке куәлікті eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыруға боладыБаспаға шығару нұсқасы 25.06.2025
      Жаңа жеке куәлікті енді толықтай онлайн рәсімдеуге болады. eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында құжатты қашықтан қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Бастама Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүзеге асырды.Қызметті eGov.kz порталында қалай алуға болады?Қызметке тапсырыс беру үшін eGov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіп, қажетті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, мәліметтерді толтыру, қол қою әдісінің бірі арқылы өтінімді растау және мемлекеттік баж салығын банк қосымшасы арқылы төлеу қажет.Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында қалай алуға болады?Мобильді қосымша арқылы өтінім беру үшін қосымшада авторизациядан өту, тиісті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, қажетті деректерді толтыру, құжатты алу орнын көрсету, мемлекеттік баж салығын төлеу және өтінімді Face/Touch ID арқылы растау қажет.«Жеке куәлік пен паспортты беру» қызметін кімдер пайдалана алады?Бұл қызметті тек жеке куәлік иесі ғана ала алады. Басқа адамның атынан, тіпті сенімхат немесе қамқоршылық негізінде де өтінім беру мүмкін емес.Жеке куәлікті онлайн ауыстыру қандай жағдайларда мүмкін?Жеке куәлікті онлайн түрде тек оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда ғана ауыстыруға болады – құжат мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын немесе мерзімі өткеннен кейін 10 күн ішінде.Дайын құжатты қайдан және қашан алуға болады?Жаңа жеке куәлікті өтініш беруші алдын ала көрсеткен тіркеу пунктінен алуға болады. Құжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні.«Жеке куәлік пен паспортты беру» қызметі үшін мемлекеттік баж салығы қанша?Қызметтің стандартты түрі үшін мемлекеттік баж – 0,2 АЕК. Құжатты жедел рәсімдеу қажет болған жағдайда, үдетілген қызмет түрлері қолжетімді: 3 жұмыс күнінде – 1 771 теңге, 1 жұмыс күнінде – 3 372 теңге.Онлайн өтінім беру кезінде қандай ақпараттық қауіпсіздік шаралары қарастырылған?Өтінімді беру рәсімі заманауи деректерді қорғау әдістері мен қосымша сәйкестендіру факторлары қарастырылған қорғалған Digital ID жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Алдымен жүйе өтінім берушінің ЖСН мен телефон нөмірін мобильді азаматтар базасы арқылы тексереді. Содан кейін тіркелген телефон нөміріне бір реттік құпия код (OTP) жіберіледі. Бұдан әрі пайдаланушы қосымша қорғау шарасы ретінде биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет. Мұндай тәсіл жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тұлғалардың қызметке қол жеткізу мүмкіндігін толығымен болдырмайды.Биометриялық деректер қаншалықты сенімді қорғалған?Барлық биометриялық деректер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қорғалған контурында шифрланған түрде сақталады. Digital ID ақпараттық жүйесі ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің талаптарына сәйкестігі жөніндегі актіге ие.Егер қолданушы биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса не істеу керек?Кейбір жағдайларда пайдаланушылар биометриялық сәйкестендіруден өте алмауы мүмкін. Бұл бет-әлпетінің ерекшеліктеріне, операциядан кейінгі өзгерістерге, тыртықтардың болуына, жас ерекшеліктеріне немесе мимикаға байланысты болуы ықтимал.Мұндай жағдайлар қызмет көрсетуден бас тарту болып саналмайды – бұл қауіпсіздік шарасы ретінде қарастырылған. Онлайн сәйкестендіруден өту мүмкін болмаған жағдайда, жүйе автоматты түрде балама нұсқа – ХҚКО арқылы рәсімдеуді ұсынады. Бұл ретте өтініш беруші өзіне ыңғайлы кез келген ХҚКО-ға жүгіне алады.Қызмет туралы толық ақпаратпен eGov.kz порталындағы қызмет төлқұжатынан танысуға болады.Жаңашылдық ҚР Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1023732?lang=kk
Қазақстан 50-in-5 жаһандық бастамасына қосылды 25.06.2025
Қазақстан «50-in-5» жаһандық бастамасына қосылды. Бұл бастама елдердің күшін біріктіре отырып, цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның (DPI) негізгі элементтерін жедел енгізуді мақсат етеді. Бұл технологиялар заманауи, ыңғайлы, проактивті мемлекеттік қызметтерді дамытуға негіз болып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және цифрлық экономиканы ілгерілетуге ықпал етеді.Цифрлық қоғамдық инфрақұрылым – бұл цифрлық төлемдер, сәйкестендіру және деректер алмасу жүйелерінің қауіпсіз әрі өзара әрекеттесе алатын жиынтығы. Цифрлық дәуірде бұл жүйелер экономика мен әлеуметтік өмірге толыққанды қатысудың басты алғышартына айналды. DPI барлық мемлекеттердің орнықты әрі инновациялық экономика құрып, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуі үшін қажет.«50-in-5» бастамасының негізгі мақсаты – 2028 жылға дейін 50 ел кем дегенде бір DPI элементін енгізуі. Бұл тәжірибе алмасу және ашық цифрлық өнімдерді қолдана отырып, бірлескен шешімдер әзірлеу шығындарды азайтып, трансформацияны жеделдетуге мүмкіндік беретініне негізделген.«Қазақстандағы цифрлық трансформацияның басты өзегі – адам. Біз үшін технология – жай ғана технология емес, ол азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған құрал. Осы мақсатта біз әр қадамымызды халық игілігі үшін жасай отырып, ашық, түсінікті және тиімді цифрлық мемлекет құрып жатырмыз. Цифрлық шешімдер қашықтықты қысқартады, осы арқылы адамдар қайда тұрса да, біз оларға жақынырақ бола аламыз. «50-in-5» бастамасына қосылу – адамға бағытталған цифрлық трансформациямызды үдетіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін маңызды қадам», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Қазақстанда цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның негізгі элементтері табысты енгізіліп, бүкіл ел аумағында кеңейтілуде. Цифрлық сәйкестендіру жүйесінің (Digital ID) негізгі бөлігі – eGov Mobile мобильді қосымшасы. Бұл – ресми электрондық үкіметтің супермобильді қосымшасы, ол қауіпсіз авторизация, қашықтан жеке басын растау және мемлекеттік қызметтердің кең ауқымына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Бүгінде eGov Mobile қосымшасын 10,9 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады, оның ішінде ай сайынғы белсенді аудитория 5,3 миллион адамды құрайды, ал тәулігіне орта есеппен 354 мың пайдаланушы қосымшаға кіреді. «Қызметтер» бөлімінде 200 түрлі сервис қолжетімді, ал eGov Mobile арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 82 миллионнан асты.Пайдаланушылардың ерекше қызығушылығын «Цифрлық құжаттар» бөлімі тудырады. Онда жеке куәліктен бастап жүргізуші куәлігіне дейін 38 түрлі электрондық құжат қолжетімді. Бұл функция іске қосылғаннан бері құжаттарды 25,7 миллионнан астам рет қолданған.Қазақстандағы мемлекеттік жүйелер арасында деректер алмасу үшін Smart Data Ukimet ақпараттық-талдамалық платформасы жұмыс істейді. Оған 124 мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі біріктірілген. Бұл интеграция азаматтардың өмірлік жағдайларына автоматты түрде жауап ретінде проактивті мемлекеттік қызметтерді әзірлеуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда әлеуметтік бағыттағы 45 проактивті мемлекеттік қызмет әзірленген. Олар азаматтарға, әсіресе өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға бағытталған атаулы көмек көрсетуге арналған. Осындай қызметтер 4,3 миллионнан астам рет көрсетілді. Smart Data Ukimet, Электрондық үкімет шлюзі және Smart Bridge бірігіп, ұлттық деректер алмасу жүйесінің негізін құрайды.«50-in-5» – бұл цифрлық қоғамдық инфрақұрылымды енгізу арқылы цифрлық күн тәртібін жеделдетуге бағытталған елдер бастамасы. Бұл бастама Билл және Мелинда Гейтс қоры, Цифрлық қоғамдық инфрақұрылым орталығы, Co-Develop ұйымы, Цифрлық қоғамдық игіліктер альянсы және БҰҰ Даму бағдарламасымен (ПРООН) бірлесіп жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, бастамаға GovStack, Америкааралық даму банкі, ЮНИСЕФ және БҰҰ-Әйелдер ұйымы қолдау көрсетеді.«50-in-5» бастамасы аясында елдер цифрлық көшбасшылармен тәжірибе алмасып, халықаралық үздік тәжірибелерді зерделеп, техникалық және әдістемелік қолдау ала алады. Қазақстан үшін бұл бастамаға қатысу – ұлттық цифрлық әлеуетті нығайтып, әрбір азаматтың мүддесіне жұмыс істейтін орнықты цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1023778?lang=kk
Аппараттық кеңес 25.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 25 маусымында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.Аппараттық кеңесте бірінші жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысы шығарылып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. Қызметтерді цифрландыруға және халықпен өзара іс-қимылды жақсартуға ерекше назар аударылды. Департамент басшысы жұмысты одан әрі жетілдіру үшін бірқатар тапсырмалар берді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1023789?lang=kk
Құрылыс жұмыстары 25.06.2025
Көкпияз ауылындағы бастауыш мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-shyrganak/press/news/details/1023791?lang=kk