Әлем
Құрылыс жұмыстары 25.06.2025
Көкпияз ауылындағы бастауыш мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-shyrganak/press/news/details/1023791?lang=kk
Қостанай облысында құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетуде 25.06.2025
24 маусымда облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен құрылыс саласының дамуы бойынша кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде тұрғын үй құрылысын арттыру, қала мен ауыл ортасын жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықты баспанамен қамтуды кеңейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.Құрылыс жұмыстарының көлемі екі жылда 70%-ға арттыЖиын барысында Қостанай облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Тлеубаев баяндама жасады. Оның айтуынша, соңғы екі жылда құрылыс жұмыстарының көлемі 70%-ға ұлғайып, 2022 жылы 187 млрд теңге болса, 2024 жылы 315 млрд теңгеге жеткен. Республика бойынша Қостанай облысының үлесі 3,8%-дан 4,6%-ға дейін артты.2025 жылға арналған жоспар — 406,8 млрд теңге. Оның 75,5 млрд теңгесі ағымдағы жылдың 5 айында орындалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 157,8%-ды құрайды.Алайда кейбір аудандарда көрсеткіштер төмен. Әсіресе, Әулиекөл ауданында нақты көлем индексі — 10,4%. Меңдіқара ауданында да өсім бәсең. Бұл бағыттағы жұмыстар әкімдердің жеке бақылауына алынды.Тұрғын үй құрылысы: оң қарқын сақталудаБасқарма басшысының айтуынша, 2025 жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Бес айда 179,5 мың шаршы метр тапсырылып, 1 810 пәтер (оның ішінде 1 625 — коммерциялық, 185 — жеке тұрғын үй) иелеріне берілген.Ең көп құрылыс Қостанай, Рудный қалаларында және Қостанай ауданында жүргізілуде. Бұл аудандар жалпы көлемнің 92,4%-ын құрайды.— Жылдық жоспарды орындау үшін 47 көпқабатты тұрғын үй (376 мың ш.м.) және 124 жеке тұрғын үй салу қажет, — деді Дидар Тлеубаев.«Астана» және «Бәйтерек» ықшам аудандары: болашақ осында басталадыҚостанай агломерациясы қарқынды дамуда. Басқарма мәліметінше, «Астана» және «Бәйтерек» ықшам аудандарында 10 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталған, тағы 13 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы 150-ден астам көпқабатты үй салу көзделуде. Жанында мектептер, балабақшалар, аурухана, спорт кешені, саябақ пен дүкендер орналасатын болады.Облыс әкімі құрылыс сапасына баса мән беруді тапсырды:— Үй салумен қатар, аула мен алаңдарды абаттандыру сапасына ерекше көңіл бөлінуі керек. Балалар және спорт алаңдары тек сапалы материалдардан жасалып, берік орнатылуы тиіс. Мен өзім құрылыс нысандарын аралаған сайын осыған назар аударамын. Аудан әкімдері де мұны қатаң бақылауға алуы қажет. Қоғамдық бақылау — ең тиімді құрал, — деді Құмар Ақсақалов.Әлеуметтік нысандар: ауыл мен жастарға басымдықТұрғын үй — жай ғана баспана емес, өмір сүру сапасының негізі екенін атап өткен облыс әкімі:— Үй — адамның тірегі. Қалада да, ауылда да құрылыс жалғасуы тиіс. Мемлекет халықтың баспаналы болуы үшін барлық жағдайды жасайды. Бұл — біздің тікелей міндетіміз, — деді Құмар Ақсақалов.Оның айтуынша, биыл Қостанай қаласында 2 жайлы мектеп, Жангелдин ауданында бір мектеп, Қостанай ауданында емхана, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында сауықтыру кешендері, Мендықара және Қамысты аудандарында жабық хоккей корттары салынды.Қостанай мен Әулиекөл аудандарында балабақшалар, Тобыл қаласында балалар орталығы, облыс орталығында №1 спорт мектебі ашылды.Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 15 әлеуметтік нысан іске қосылады. Сонымен қатар, Рудный қаласы мен Құсмұрын кентінде екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі.Инженерлік желілер мен құрылыс материалдарыКунай, Береке, Астана және Бәйтерек ықшам аудандарына инженерлік желілер тарту үшін 8,7 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын өндіру де маңызды мәселе.Облыста 72 құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Алайда, кейбір өнімдер әлі де өзге өңірлерден тасымалданады.— Биыл тағы 5 зауытты іске қосу жоспарланған. Оның ішінде темірбетон бұйымдары, газоблоктар, ерітінді түйіндері және ағаш өңдеу бар. Құрылыс материалдарының өндіріс көлемі 5 айда 18,5 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғыдан 9,8%-ға жоғары, — деді Тлеубаев.Құрылыс қалдықтарын өңдеу: өзекті мәселеҚұмар Ақсақалов құрылыс қалдықтары мәселесіне тоқталды:— Құрылыс артқан сайын, қалдық та көбейеді. Бұл мәселе бақылауда болуы керек. Рудный қаласында бір мекеме жұмыс істеп тұр, бірақ өңірге жеткіліксіз. Аудан әкімдері осы бағыттағы бизнесті дамытуы қажет.Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеудің жаңа форматы«Отбасы банк» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Әсел Аскарова банк қызметінің жаңарған форматы туралы баяндады. Енді банк — тұрғын үй саясатының ұлттық даму институты ретінде орталықтандырылған тіркеу жүргізеді.— Енді біз азаматтарды санаттарға бөлмейміз. Егер соңғы 5 жылда баспанасы болмаса немесе апатты үйде тұрса, кезекке тұра алады. 24 мамырдан бастап orken.otbasybank.kz порталы арқылы 149 000-нан астам өтінім қабылданды, — деді ол.Жүйе 18 мемлекеттік дерекқормен біріктірілген. Отбасының цифрлық портреті жасалып, табысына, мәртебесіне қарай қолдау шаралары ұсынылады: жалдау төлеміне субсидия, арендалық баспана немесе жеңілдетілген ипотека.Тиімді технологиялар: жеке кәсіпкерлік тәжірибесі«My Eco House» ЖШС директоры Нұржан Батталов СИП-панельдерден үй салу жобасымен таныстырды.— Үйдің қаңқасын 10 күнде құрастырамыз. Арнайы техника қажет емес. Құрылыс жеңіл, іргетасы таяз, ал қыста жылуды жақсы сақтайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына үйлер салып бердік, кейін өздері біздің материалмен үй тұрғыза бастады, — деді Батталов.Қайта жаңғырту — тиімді шешімЖаңа құрылысқа қоса, өңірде ескі үйлерді жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Биыл 8 ауданда 12 үйге күрделі жөндеу жүргізілуде. Былтыр мұндай жұмыс 10 нысанда атқарылды.— Бұл тәжірибені жалғастыру керек. Егер ғимараттың техникалық жағдайы мүмкіндік берсе — жөндеп, сақтаған жөн. Бірақ сараптама әділ және сапалы жүргізілуі тиіс, — деп түйіндеді облыс әкімі.Аймақтағы құрылыс саласы жаңа серпін алды: баспана, инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар — бәрі халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1023453?lang=kk
Қостанай әкімі мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады 25.06.2025
Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күніне орай Қостанай қаласының әкімі барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол азаматтардың игілігі үшін атқарып жүрген жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдіріп, қоғам алдындағы жауапты қызметтерін ерекше атап өтті.Мереке аясында қала әкімдігі мен полиция басқармасының қаланың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген қызметкерлері құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталғандардың арасында мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп, жас мамандарға үлгі болып жүрген тәжірибелі кадрлар көп.Әкім өз сөзінде бүгін кәсіби мерекесін атап өтіп жатқан полиция қызметкерлерінің ерекше рөлін де атап өтті. Қалалық полиция басқармасында бүгінде 800-ден астам қызметкер еңбек етуде. Олардың қатарында күнделікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты учаскелік инспекторлар да бар.Қала әкімдігі соңғы жылдары полиция органдарымен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Атап айтқанда, соңғы екі жыл ішінде 4 учаскелік полиция пункті күрделі жөндеуден өтті, «Қонай» шағын ауданында жаңа пункт үшін ғимарат сатып алынды, ал биыл «Аэропорт» шағын ауданында тағы бір пунктке арналған ғимарат сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, жақын арада 10 учаскелік пункт пен 6 стационарлық бекетке жөндеу жұмыстары басталмақ, ал патрульдік полицияға арналған казарма құрылысы жалғасуда.Әкім алдағы уақытта да полиция мен мемлекеттік қызметтің сапалы атқарылуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын жеткізді.Сөз соңында қала басшысы Қостанай қаласының барлық мемлекеттік қызметшілері мен полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс пен отбастарына береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1023558?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті 25.06.2025
2025 жылғы 24 маусымда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұртуған Маратұлы, Үлкен нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова, бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. Сессияда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 9/80–VIІI «2025-2027 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 шілдедегі «Аудандық бюджеттік комиссиясының құрамы туралы» №4/34-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды. Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова ақпарат берді. Ол Үлкен Нарын ауданының бюджетін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 маусымдағы № 21/176-VIII «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №19/142-VIII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі негізінде өзгерістер енгізу жолымен нақтылану үшін ұсынып отырғанын айтты.Аудандық бюджеттік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді. Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1023341?lang=kk
«Көкшетау» мәдениет сарайында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті 25.06.2025
2025 жылғы 23 маусымда «Көкшетау» мәдениет сарайында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер ант беріп, 25 жылдан астам еңбек өтілі бар ардагерлер «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталып, олардың кәсіби еңбегі жоғары бағаланды. Мерекелік жиынға облыс басшылығы, мемлекеттік орган өкілдері мен ардагерлер қатысты. Бұл күн – ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерге деген құрметтің белгісі.Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын аясында мерекелік концерт өтті. Концертте Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, көркемдік жетекшісі және бас дирижері «Мәдениет саласының үздігі» Жанат Рашит, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жамиля Жарқымбаева, «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, «Шапағат» медалінің иегері Аякөз Қалмағанбетова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Саида Рашит, Серікболсын Бекмолдин және «Гәкку» би ансамблі жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева сынды өнер майталмандары көрермен ықыласына бөленді.Марапаттау рәсімін «Көкшетау» мәдениет сарайының «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1022924?lang=kk
Азаматтарды көшпелі қабылдау 25.06.2025
Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері әкімдікпен, прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясына қатысты.Іс-шара шеңберінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру жолымен халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ жеке тұлғалардың салықтарға қатысты сұрақтарына жауап беру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қанағаттану деңгейін анықтау үшін халық арасында сауалнама жүргізу.Жеке тұлғалар салықтар бойынша берешектің болуына/болмауына қызығушылық танытты, жеке тұлғалардың банкроттығына және жалпыға бірдей декларациялауға қатысты сұрақтар қойды. Өз кезегінде мамандар ҚР ҚМ МКК цифрлық өнімдерінің артықшылықтары туралы айтып берді, соның арқасында қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1022942?lang=kk
Кәсіподақтың белсенді және көпбалалы мүшелеріне сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады 25.06.2025
Мемлекеттік қызметші күніне орай Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кәсіподақ ұйымы кәсіподақтың белсенді және көпбалалы мүшелеріне Қазақстанның табиғи жауһарлары — Шарын шатқалы мен Көлсай көліне арналған бір күндік ерекше саяхатқа сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.Сондай-ақ, кәсіподақ қызметіне белсенді атсалысқаны үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медальдары табысталды.Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Туған өлкенің табиғатынан шабыт алып, жарқын әсерге бөленулеріңізге тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1023063?lang=kk
Ақмола облысында «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» анықталды! 25.06.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық байқауы аясында Ақмола облысы бойынша өңірлік кезеңнің қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру, олардың уәждемесін арттыру және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту.Байқау екі номинация бойынша өтті: «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» және «Сервистік қызмет көрсетуші». Қатысушылардың жұмысы халықтық дауыс беру және өңірлік комиссияның шешімі бойынша бағаланды. Жеңімпаздарды анықтауда қызмет көрсетушілердің сыпайылығы, тиімділігі, көрсетілген қызметтің сапасы және мүгедек жандарға жағдай жасау сияқты талаптар ескерілді.Нәтижесінде, облыстық деңгейде келесі жеңімпаздар анықталды:«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:1-орын: Орынбасар Асқарқызы Абдуахитова, Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;2-орын: Дина Ураловна Айтмукушева, Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы;3-орын: Еркежан Төлегенқызы Айсина, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.«Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:1-орын: Шортанды ауданының «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекеме атынан қатысқан бас маман Ернар Айдынұлы Олжабай;2-орын: Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, мекеме атынан қатысқан салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Айнұр Амангельдиновна Асамбаева;3-орын: Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекеме атынан қатысқан бас маман Ерлан Жақсылықұлы Рахметов.Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! #үздікқызметкөрсетуші #мемлекеттікқызмет #ақмолаоблысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1023108?lang=kk
МКК және Қытайдың Polyking компаниясы инвестициялар мен цифрлық логистиканы дамыту мәселелерін талқылады 25.06.2025
23 маусым 2025 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы мен «Digital Silk Road Company» ЖШС өкілдері Қытайдың Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. квазимемлекеттік компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында екі тарап «Digital Silk Road Company» ЖШС мен Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. арасындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын, сонымен қатар Қазақстанның шекаралас аймақтарына инвестиция тарту жөніндегі бірқатар жобаларды талқылады. Кездесудің негізгі тақырыбы көлік-логистикалық әлеуетті дамыту және өзара сауданың тұрақты өсуін қамтамасыз ету мәселелері болды. Қатысушылар логистикалық инфрақұрылымды цифрландырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін талқылауды жалғастыруға деген қызығушылықтарын білдірді. Бұл қадам цифрлық Жібек жолын дамыту мен кеңейтуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1023131?lang=kk
2025 жылғы 20 маусымда аудан әкімдігі ғимаратының кіші залында Бейімбет Майлы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 25.06.2025
Бейімбет Майлин ауданының аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ халық арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде 2025 жылғы 20 маусымда аудан әкімдігі ғимаратының кіші залында Бейімбет Майлин ауданының актиматы жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Осы отырыс шеңберінде қоғамдық орындарда, оның ішінде кәмелетке толмағандарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды, сонымен қатар судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға және алдын алуға баса назар аударылды. Сонымен қатар, алаяқтық пен интернет-қылмыстардың, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу мәселелері және мал мен ет өнімдерін тасымалдауға рұқсат беру құжаттарын беру тәртібі қаралды. Осы комиссияның жұмысын тұрақты негізде жүзеге асыру ауданның мемлекеттік органдары мен мекемелерінің заңдылықты насихаттауға және құқық бұзушылықтар жасауға төзбеушілікке тәрбиелеуге бағытталған жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1023145?lang=kk
Ашықтық пен сенім: ШҚО Антикор орталығында «Ашық есік күні» өтті 25.06.2025
Қоғамда «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық нарративін ілгерілету аясында және халықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметімен таныстыру мақсатында Антикор орталығында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысымен таныстыру, сондай-ақ қоғаммен ашық диалог орнату арқылы мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру болды.Шара аясында Антикор орталығына қоғам өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері және белсенді азаматтар келді.Қонақтарға азаматтардың өтініштерін қабылдау тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар қалай әзірленіп, жүзеге асырылатыны таныстырылды. Сонымен қатар, профилактикалық шараларға ерекше көңіл бөлінді.Шара аясында қатысушыларға «Антикор қызметкерінің бір күні» атты бейнероликтер көрсетілді. Бұл роликтер арқылы қызметкерлердің күнделікті жұмысы мен олардың ұстанатын қағидаттары жайлы толық ақпарат берілді.Мұндай іс-шаралар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға, жастарды мемлекеттік басқару үдерістеріне тартуға және әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтық қоғаммен тиімді өзара іс-қимыл жасауға әрқашан ашық.#заң&тәртіп #заңментәртіп#законипорядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1023154?lang=kk
Қазақстан мен ДКҰ CCASP жаңа жобасын талқылады 25.06.2025
Брюссель, 2025 жылғы 23 маусым — Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Саяси комиссиясы сессиялары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Орталық Азия мен Кавказдағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаңа жоба — CCASP жобасының жетекшісі мырза Эндрю Рейнольдспен жұмыс кездесуін өткізді. CCASP жобасы Жапония Үкіметінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда және аймақта атыс қаруы, жеңіл қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарының заңсыз шекарааралық тасымалына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған. Кездесу барысында 2025 жылғы 8–11 шілде аралығында Астанада өтетін өңірлік семинарға дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Іс-шараға Орталық Азия мен Кавказ елдерінің кеден органдарының өкілдері қатысады. Негізгі назар — кедендік бақылау және қауіпсіздік салаларында әлеуетті арттыруға бағытталады. Спикерлер қатарында — Дүниежүзілік кеден ұйымы, Интерпол және ЕҚЫҰ сарапшылары. Қазақстандық тарап көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, сезімтал тауарлардың қозғалысын бақылауды күшейтудің және ведомствоаралық әрі өңірлік өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар CCASP жобасы аясында одан әрі ынтымақтастыққа, соның ішінде ұлттық тренингтер өткізу мен заңсыз саудаға қарсы күрестегі кәсіби дайындық пен тиімді үйлестіруді арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік бар екенін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1023223?lang=kk
«Қымызмұрындық-2025» 25.06.2025
Алматы облысы Кеген ауданының көрікті Кәркара жайлауында ұлттық дәстүрлерді жаңғыртатын ірі мәдени іс-шара – «Қымызмұрындық-2025» этнофестивалі өтті. Оның аясында республикалық «Жолан жүйрігі» ат жарыстары ұйымдастырылды. Елдің әр өңірінен және жақын шетелдерден келген тоғыз мыңға жуық қонақты қарсы алған бұл шара қазақ халқының салт-дәстүрлерінің қайта түлеуінің жарқын көрінісіне айналды.«Қымызмұрындық» фестивалі – жаз жайлауына көшкен соң алғашқы қымыз сапыру рәсіміне негізделген көне дәстүр. Бұл ғұрып молшылықтың, табиғатқа деген құрметтің және қонақжайлықтың белгісі ретінде қарастырылған. Фестиваль барысында бұл дәстүрлер толық сақталып, кимешек киген әжелер шашу шашып, бауырсақ пен бал қымыз ұсынып, келушілерді төрге шығарып қарсы алды. Қонақтарға ұсынылған емдік сусыннан шамамен 100 бөшке дайындалған.Фестиваль салтанатты театрландырылған қойылыммен ашылып, 50 шабандоздан құралған салт атты шерумен жалғасты. Шеруді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Омар Қиқым бастап, дәстүрлі бата берді.Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Абдрахим шараға қатысушыларға арнаған сөзінде: — «Қымызмұрындық» – халқымыздың рухани коды. Қымыз – жай ғана сусын емес, ол ғасырлар бойғы өмір салты мен философияны бейнелейді. Бұл мереке адамдарды біріктіріп, көршілік пен достықты нығайтады. Шара аясында Жолан Омарұлына арналған бәйге мен ұлттық спорт сайыстары өткізіледі, – деп атап өтті.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Құрмет грамоталары Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков пен «ASK Capital» ЖШС өкілі Сырым Күлбаевқа табысталды.Фестивальдің құрметті қонақтары қатарында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы Түп ауданының әкімі Канибек Абиев, ҚР Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Күлкенов, қоғам қайраткері Тоққожа Естенов және Республикалық аналар кеңесінің төрайымы Назипа Ыдырысқызы болды.Жолан Омарұлының әкесі Ыбырайақын аға ұйымдастырушылар мен Кеген жұртшылығына алғысын білдіріп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен аудан әкімі Нұрбахыт Теңізбаевқа ризашылығын жеткізді.Фестиваль аясында Кеген ауданының ауылдары киіз үйлер тігіп, этноауылдар құрды. «Ауыз тию» салттық рәсімі өткізілді. Ауданның ақсақалы Жетен ата бата беріп, келіні Айнарa бие сауу процесін көрсетті.Қонақтар киіз басу, кілем тоқу, ұн тарту, көрпе тігу және қымыз дайындау бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Жалаулы ауылының тұрғыны Толқын Қалдыбайқызы 150 литр қымыз әкеліп:— Біздің қолда 12 бие бар. Қымыз – шипалы, табиғи сусын. Оны газды сусындармен салыстыруға келмейді, – деді.Ауыл шаруашылығы техникалары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. «Беларусь Агро Техника» компаниясы өз тракторларын тиімді лизинг шартымен ұсынды. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Абдрахим жаңа техникалардың кілттерін жергілікті шаруаларға табыс етті. Олардың бірі – «Ерген» шаруашылығының төрағасы Рақымжан Абдрахманов: — Мұндай күнде техника алу – үлкен қуаныш. Бұл фестиваль – жастарға үлгі болатын, дәстүрлерге қайта оралудың жарқын мысалы, – деді.Мерекелік көңіл-күйді Рамазан Стамғазиев, Алтынбек Қоразбаев, Бейбіт Мусаев, Нұрболат Абдуллин, Бейбіт Қорған секілді белгілі әншілер мен «Алатау серілері», «Абырой» ансамбльдері және Сүйінбай атындағы филармонияның әртістері жандандыра түсті.Кеген ауданының әкімі Нұрбахыт Теңізбаев фестивальдің ұлттық мұра, дәстүрлі спорт, ауыл еңбегі мен ішкі туризмді дәріптеудегі мәдени маңыздылығын атап өтті.Фестиваль аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті: қыз қуу, бөрене көтеру, қазақ күресі, теңге ілу, жамбы ату, «Толағай» палуандар сайысы, 15 келі қымыз ішуден жарыс және «Топжарған» шоу бағдарламасы.Жетісу өңірінің тұрғыны Айдын Нұғыманов 120 келілік қошқарды көтеріп, осымен 35-рет жеңімпаз атанды.Фестивальдің басты көрінісі – республикалық «Жолан жүйрігі» бәйгесі болды. Жарыстар 9 км (құнан бәйге), 18 км (топ бәйге) және 31 км (аламан бәйге) қашықтықтарында өтті. Бас жүлдеге екі автокөлік пен 5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар тігілді.Аламан бәйгеде Жамбыл облысынан Айдар Нұрмұхамбетовтың «Айбалта» атты тұлпары мәре сызығын бірінші кесіп, Changan автокөлігін жеңіп алды.Топ бәйгеде Алматы облысынан Магауия Қазбековтың «Калкаман» атты аты бірінші келіп, ол да Changan автокөлігіне ие болды.Құнан бәйгеде Қырғыз Республикасынан Сталбек Жаманқұловтың «Роки» атты тұлпары жеңімпаз атанып, 2 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды.«Қымызмұрындық-2025» фестивалі ұлттық мұраны құрметтеу мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін тағылымды іс-шара ретінде ел есінде қалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1023224?lang=kk
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар Зейнетақы төлемдері иегерлерін күтуде 25.06.2025
БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары бойынша қандай жұмыс жүргізеді? «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген зейнет жасына толған тұлғалар бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін іске асыру бойынша БЖЗҚ қандай шаралар қабылдауда? Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады. Яғни, зейнетақы төлемін мемлекеттік бюджеттен алатын зейнеткерлердің зейнетақы жинақтары бар болса, БЖЗҚ-дан төлемдер ала бастайды. БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізе ме? 01.06.2025 жылғы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған. Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:- 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлер талап ете алады;- 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетті;- 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген. Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жай-күйі қалай болмақ? Зейнетақы жинақтарының есебін БЖЗҚ жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары инвестициялануын жалғастырып, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады. Қосымша табыс алу мақсатында инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ) айналысады. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін қалай алуға болады? Егер:Зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесе Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.Шетелге тұрақты тұруға кеткен кезде Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланыстыБЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.Сондай-ақ зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.Зейнетақы төлемдерінің түріне және өтініш беру тәсіліне байланысты зейнетақы төлемдерін алуға қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер – зейнетақы төлемдері» бөлімінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1025353?lang=kk
Көпшілік тыңдау өткізілді 25.06.2025
2025 жылғы 24 маусымда «Үлкен Нарын ауданының мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» КМҚК-ның ғимаратында аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссиясының бастамасымен «Үлкен Нарын ауылдық округінің санитарлық тазалығы мен көркейту шаралары туралы» көпшілік тыңдау өткізілді.Көпшілік тыңдауды тұрақты комиссия төрағасы Д. Веригин жүргізді. Бұл шараға аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшелері, депутаттар, аудан аумағындағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, аудандық «Нарын таңы» газетінің өкілі, ауылдық округ тұрғындары шақырылып қатысты.Аталған мәселе бойынша Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Д. Маратбеков баяндама жасап, округ бойынша атқарылған іс-шараларды атап өтті, сондай-ақ алдағы жоспарларға тоқталды. Көпшілік тыңдау барысында ауданның санитарлық жағдайы, су жүйелерінің жағдайы, қоқыс және тазалық, көшелерді жарықтандыру, ҚТҚ полигонын күтіп ұстау және ауыл ішінен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару туралы мәселелер көтерілді. Округ әкімі қойылған сұрақтарға кеңінен жауап беріп, ескертулерді басшылыққа алатынын жеткізді.Ауылдық округтің халқы округ әкіміне сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті.Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция капитаны Мұқанов Нұртас Құралұлы 2025 жылғы 6 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Сөз кезегін алған аудандық мәслихат депутаты Ж. Сыдыкова көзге түскен олқылықтарға кеңінен тоқталып, ауылдық округтің бет-бейнесін жақсарту үшін тазалықты сақтау қажеттілігі туралы пікірін білдірді.Көпшілік тыңдау бойынша тиісті қаулы қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1023232?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-ның цифрлық форматтағы қызметтер саны артып келеді 25.06.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-ның цифрлық форматтағы қызметтер саны артып келеді Соңғы жылдары салымшылардың БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтеріне деген қызығушылығы айтарлықтай өскені байқалды. Маңыздысы – мұндай қызметтердің 7/24 режимде қолжетімді болуы.01.01.2025ж. мен 31.05.2025ж. аралығында халыққа шамамен 22,6 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 11,8 млн-нан астамы электрондық форматта, 10,2 млн-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз шамамен 412,3 мың қызмет көрсетті, оның ішінде 403,5 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 810,3 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 12,9 млн үзінді көшірме берілді. Оның 10,8 млн астамы – электрондық, ал 1,7 млн-ы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылатынын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты пошта арқылы алу "БЖЗҚ"АҚ атына тиісті сұраныс жіберген кезде іске асырылады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді. 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында деректемелерді өзгертуге 59,9 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 56,3 мыңнан астамы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 21,0 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 439,8 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 18,8 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 240,7 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/1030821?lang=kk
Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді 25.06.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім және ғылым саласының ардагері Серікбай Қошқаровты, денсаулық сақтау саласының ардагері Сағындық Шәмшиевті 80 жас мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.Мерекелік жиынға жауапты сала басшылары, облыстың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.Аймақ басшысы мерейтой иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, олардың еңбек жолындағы жетістіктеріне тоқталды.«Сыр өңірі – қаймағы бұзылмаған қазақтың киелі ордасы, құт-береке дарыған, бабалар дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтастығы үзілмеген қасиетті мекен. Елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге, абзал да адал жандарға, еңбек адамдарына кенде емес.Бүгінгі жиынымыз қажырлы еңбегімен халықтың ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы болған ардақты ағаларымыздың құрметіне арналады.Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Серікбай Иманбайұлы мен Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Шапағат» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері Сағындық Шәмшіұлы 80 жасқа толды. Қадірлі ағалар, мерейтойларыңыз құтты болсын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ғылым күніне» арналған салтанатты шарада еліміздің дамуына айрықша үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл – ғылым мен білімге көрсетілген жоғары құрметтің белгісі.Сол жиында Серікбай Иманбайұлы отандық білім және ғылым саласындағы жемісті еңбегі үшін «Парасат» орденін алды.Сағындық Шәмшіұлы ұзақ жылғы еңбек жолында бірінші санатты білікті дәрігер-хирург, мықты ұйымдастырушы ретінде тұрғындарға медициналық жедел жәрдемнің дер кезінде, сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз етті. «Дәрігер жүрегі», «Жұлдыздар жанған жұмақ жер» атты кітаптары жарық көрді. Ағамыз зейнетке шыққаннан кейін де осы салада қызметін жалғастыруда», – деді Н.Нәлібаев.Салтанатты басқосуда мерейтой иелеріне облыстың ең жоғары наградасы – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, дәстүрге сай шапан жабылды.Қоғам қайраткерлері, шараға қатысушы ардагерлер құттықтауларын жеткізді.Жиын соңында Серікбай Қошқаров пен Сағындық Шәмшиев көрсетілген құрметке алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1023254?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілер марапат төрінен көрінді 25.06.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған сала басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.Аймақ басшысы әріптестерін мерекемен құттықтап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы еңбектеріне алғыс білдірді.“Баршаңызды Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!Елге адал қызмет ету, Отанды шексіз сүю, туған елдің дамуына аянбай үлес қосу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.Егемен еліміздің алдындағы стратегиялық міндеттерді орындауда мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметкерлерге артылған жауапкершілік жоғары.Сіздер Қазақстанның жарқын болашағы жолында халық аманатын арқалап, уақытпен санаспай еңбек етіп, антқа адалдықтың, халыққа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетіп келесіздер.Туған жеріміз – Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға қосқан зор үлестеріңіз үшін шынайы ризашылығымды, алғысымды білдіремін!Бүгінде жаңа трансформация кезеңінде кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппарат құру бағытында мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау тетіктері жеңілдеді.Бюрократиядан арылу, артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, кадрлық резервті қалыптастыру, меритократия қағидатын енгізу, қызметтерді сандық форматқа көшіру мемлекеттік қызмет моделін қолжетімді әрі сындарлы диалогқа негіздеді.Соның нәтижесінде өңірде мемлекеттік аппаратты оңтайландырып, әкімшілік шығындарды азайтып, басшылық құрам санын қысқарттық.Президентіміздің Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құру жолындағы бастамалары мен тапсырмаларын аймағымызда сәтті жүзеге асырып, халық сенімінің үдесінен шыға берулеріңізге тілектеспін!Баршаңыздың дендеріңіз сау, жақындарыңыз аман болып, отбасыларыңыздың бақ-берекесі арта берсін!”,-деді Н.Нәлібаев.Басқосуда мемлекеттік қызметшілер марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Әбдіғаппар Әмірғалиұлы мен Қожахмет Ильясов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері», облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов, Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталды. Бірқатар азаматтарға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілерлердің Ант беру рәсімі өтті.Айта кетейік, бүгінде үш мыңнан астам мемлекет қызметші аймағымыздың қарышты дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың45 пайызы (1 471) - нәзік жандылар. Мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектердің 294-і басшылық лауазымды абыроймен атқаруда.Кәсіби білігі жоғары, бәсекеге қабілетті, заманға сай жаңаша ойлайтын жастарға әрдайым орын бар. Өңірімізде 35 жасқа дейінгі 800-ге жуық жас мемлекеттік қызметші еңбек етуде.Соңғы жылдары аймағымыздағы мемлекеттік басқару корпусының әлеуеті артып, қызметкерлер кәсіби білімін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуде.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 24 мемлекеттік қызметші білім алса,4 әріптесіміз «Болашақ» бағдарламасының түлегі атанды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Президенттік жастар кадрлық резерві бүгінде мемлекеттік басқару жүйесіне жоғары білімді, креативті мамандарды тартуға ерекше мүмкіндік беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1023270?lang=kk
Облыс әкімі ҚР ұлттық музейі басшысымен кездесті 25.06.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ұлттық музейі басшысы Берік Әбдіғалиұлымен кездесті.Аймақ басшысы өңіріміздің руханият, мәдениет саласындағы ауқымды жобалар туралы айтты.«Биыл Қызылорда қаласының еліміздің астанасы болғанына 100 жыл толды.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр еліне жұмыс сапары кезінде ардақты аналарымызға арналған «Анаға тағзым» орталығының жұмысымен танысып, жоғары бағасын берді. Былтыр «Руханият жылы» аясында 1000 орындық "Өнер орталығы" іске қосылды.Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдеріне арналған "Жыраулар үйі" ашылды. Қызылорда облысының барлық 7 аудан орталығында 11 млрд. 500 млн. теңгеге "Руханият орталықтары" салынып, пайдалануға берілді. Осыған дейін облыс музейлерінде арнайы қор сақтау бөлмелері болмаған. Қазір аудандық музейлердің қор бөлімдері талапқа сай жасақталып, 20 мыңға дейін экспонат сақтауға мүмкіндік алды. Бұрын аудандардағы архив мекемелерінің қор сақтау қоймасының сыйымдылығы 35 мың құжатқа арналған болатын. Архивтер "Руханият орталығына" көшірілген соң 200 мыңға дейін, яғни алдағы 40 жылға құжат сақтауға жол ашылды."Руханият орталығына" көшірілген аудандық кітапхана, музей, архив мекемелерінің соңғы 20 жылда жаңартылмаған материалдық-техникалық базасы заманауи үлгідегі жаңа жабдықтармен жарақтандырылды. Сол жағалаудан құны 2 млрд. 700 млн теңге болатын облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді.Мәдени мұра – біздің құнды әрі рухани қазынамыз. Сыр өңірі – ежелгі қалалардың мекені. Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. 2023-2024 жылдарығылыми негіздемелерге сүйеніп, бюджет қаражаты есебінен алтын киімді «Шірік Рабат сақ жауынгері», алтын әшекейлі «Сығанақ ханшайымы», алтын қылышты «Түгіскен көсемі» және «Жетіасар ақсүйек әйелі» тарихи реконструкциялары жасалып, музей қоры құнды экспонаттармен толықты.Өткен жылы Сыр өңірі мәдениетін, құнды жәдігерлерін насихаттау мақсатында «Сыр өңірі –Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты жылжымалы көрмені Ұлттық музей төрінде өткізуге үлкен қолдау көрсеттіңіздер. Сол үшін өзіңізге зор алғыс білдіремін», - деді Н.Нәлібаев.Басқосуда Берік Әбдіғалиұлы өңірлер арасындағы мәдени-рухани байланысты арттыру, тәжірибе алмасу ұлт руханиятына зор үлес қосатынын жеткізіп, бірқатар ұсынысын ортаға салды.Сыр еліне жұмыс сапарында ҚР Ұлттық музейі басшысы аймақтағы тарихи-мәдени нысандармен танысады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1023293?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Өскемен қаласының бюджетіне өзгерістер енгізілді. 25.06.2025
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Өскемен қаласының бюджетіне өзгерістер енгізілді. Автобус жолаушылар тасымалын субсидиялауға, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға қосымша қаражат бөлінді.Сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1023301?lang=kk