Enbekshi QazaQ

Әлем

Ағымдағы жылдың 10 маусымында облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдар басқармалары басшыларының қатысуымен Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының отырысы өтті. 11.06.2025
Күн тәртібінде қоғамды радикалдандыруға және экстремизмнің таралуына жол бермеуге бағытталған экстремизм мен терроризмнің алдын алуды жетілдіру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында, дене шынықтыру және спорт саласында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024 – 2026 жылдарға арналған жол карталарын іске асыру туралы мәселелер талқыланды.Өткізілген іс-шаралар бойынша мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ әкімдік басқармаларының басшылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1015782?lang=kk
Инженерлік инфрақұрылым қарқынды дамып келеді 11.06.2025
Алматы облысы соңғы жылдары халық санының күрт артуына және коммуналдық жүйелерге түсетін жүктеменің ұлғаюына байланысты инженерлік инфрақұрылымды белсенді түрде дамытуда. Соңғы он жылда Қарасай ауданында халық саны 221 мыңнан 342 мың адамға дейін өсті. Бұл жағдай электрмен және сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша жедел әрі ауқымды шешімдерді қабылдауды талап етті.Қарасай ауданында қазіргі таңда энергетикалық тапшылықты жоюға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ол Қаскелең, Шамалған, Елтай, Жандосов, Бекболат және Жамбыл ауылдарын қоса алғанда 16 елді мекенді қамтиды. Жоба тиісті комиссияның қарауына ұсынылып, республикалық және жергілікті бюджеттерге енгізу мәселесі қарастырылуда.Қазіргі уақытта Исаев, Бекболат, Батан және Елтай ауылдарында электр желілерін толық жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мыңдаған тұрғынды үздіксіз электрмен қамтуға мүмкіндік береді. Маңызды қадамдардың бірі – тұтынушыларды жекеменшік желілерден мемлекет теңгеріміне алынған жаңа желілерге көшіру. Бұл көлеңкелі монополистерге тәуелділікті жойып, көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейтеді.Кернеу тұрақтылығын қамтамасыз етіп, апаттық жағдайлардың алдын алу үшін жаңа қосалқы станцияларды салу жоспарланған. Аймақтық инвестициялық бағдарлама аясында жалпы құны 18 млрд теңге болатын «Көлді» және «Индустриалды» атты екі жоғары кернеулі қосалқы станцияның құрылысы көзделіп отыр. «Көлді» станциясы бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.Сонымен қатар, 2026–2030 жылдар аралығында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Қарасай ауданындағы тарату желілерін жаңғырту мен қайта құруға 7,2 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, Елтай ауылдық округінің электр желілерін дамытуға арналған жеке инвестициялық бағдарлама 2026–2027 жылдарға бекітілді.Сумен қамту мәселелері де тұрақты бақылауда. Маусым айының басында Көктоган ауылындағы су айдау станциясында орын алған ақау салдарынан су беру уақытша тоқтатылды. Жедел түрде су автоцистерналар арқылы жеткізіліп, келесі күні жаңа су айдау қондырғысы орнатылды.10 маусымда 0,4 кВ желісінде болған апат салдарынан су беру тағы да уақытша тоқтатылды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандарының жедел әрекетінің арқасында ақау бірнеше сағат ішінде жойылып, су жүйесі қалыпты жұмыс режиміне оралды.Қазіргі таңда Көктоган ауылындағы су жүйесін қайта құру және салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, Жармұхамбет, Елтай, Қаратөбе, Қайрат және Шалқар ауылдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Бұл жобалар мыңдаған тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.Алматы облысында инфрақұрылымдық мәселелерге алдын ала ден қою принципі жүзеге асырылып келеді. Жергілікті атқарушы органдар жекелеген шешімдерден кешенді тәсілге көшіп, жаңа нысандар салып, ескі желілерді ауыстырып, коммуналдық инфрақұрылымды мемлекеттік балансқа біртіндеп енгізуде.«Біздің мақсатымыз – өңірдің әрбір тұрғыны, мейлі ол қалада болсын, мейлі ауылда болсын, жарық пен су тапшылығын сезінбеуі керек. Біз инфрақұрылымдық мәселелерді кешенді әрі нақты түрде шешуді жалғастырамыз – Кегеннен Қарасайға дейін», – деді Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.Халық санының артуына және коммуналдық жүйелерге түсетін қысымның күшеюіне қарамастан, облыс алдағы сын-қатерлерге дайын екенін көрсетіп, әрбір тұрғын үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ұмтылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015743?lang=kk
Қытай компаниясы Алматы облысында құбырлар зауытын салады 11.06.2025
Алматы облысында оқшаулағыш құбырлар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаны полиуретаннан, түрлі диаметрдегі пластик және коррозияға қарсы құбырлар өндіруге маманданған Қытайдың XINJIANG YIHONGFENG ENERGY TECHNOLOGY CO., LTD. компаниясы жүзеге асырады.Өңір делегациясының өкілдерінің айтуынша, компания қазірдің өзінде Алатау қаласынан жер телімін сатып алған. Қазіргі таңда «Alatau» арнайы экономикалық аймағына қатысу шарттары талқылануда.— «Бұл – өңір үшін маңызы зор өнеркәсіптік жобалардың бірі. Біз бизнестің қысқа мерзім ішінде өндірісті іске қосуына барынша қолайлы жағдай жасауды көздеп отырмыз», — деп атап өтті Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы өкілі.Жаңа зауыттың құрылысы өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның импортты алмастыратын өнімге деген сұранысын ішінара өтеуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015712?lang=kk
Еңбек қауіпсіздігі мен туризмді дамыту мәселелері қаралды 11.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс қарқыны мен сапасына баса назар аударды.Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды. Дәрігерлік амбулатория жаңарғаннан кейін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.Медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңарту, жылу жүйесін жетілдіру, есік-терезелерді ауыстыру, санитарлық тораптарды жөндеу сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1015714?lang=kk
«Бірлік. Белсенділік. Болашақ» атты облыстық үздік студенттер слеті 11.06.2025
2025 жылғы 10 маусымда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің базасында «Бірлік. Белсенділік. Болашақ» атты облыстық үздік студенттер слеті өтті.Слетке облыс көлемінде 35 колледжден 150 үздік студент қатысты. Шара барысында студенттер мен әлеуметтік серіктестерге Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Үздік студенттер слеты оқу үлгерімдері жоғары, халықаралық, республикалық және облыс деңгейіндегі түрлі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаз студенттерін марапаттау мақсатында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1015723?lang=kk
Дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтуде 11.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс қарқыны мен сапасына баса назар аударды.Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды. Дәрігерлік амбулатория жаңарғаннан кейін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.Медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңарту, жылу жүйесін жетілдіру, есік-терезелерді ауыстыру, санитарлық тораптарды жөндеу сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1015692?lang=kk
Қостанай жағажайларындағы рейд: алкоголь, қоқыс және қайғылы жағдайлардың алдын алу 11.06.2025
Қостанайда ыстық ауа райы орнады — термометр бағандары +29°C-қа дейін көтеріліп, қала тұрғындары жаппай жағажайларға ағылды.Осыған байланысты Қостанай облысы Полиция департаментінің бастамасымен су маңындағы демалыс орындарында бірлескен рейд ұйымдастырылды. Оған полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.Қостанай облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ғалымжан Мұстафиннің айтуынша, ресми шомылу маусымы 1 маусымнан 31 тамызға дейін созылады. Қалада шомылуға рұқсат етілген үш орын бар: қалалық жағажай, сондай-ақ Амангелді тұрғын ауданындағы «Мохито» және «Мишутка» демалыс аймақтары.Патрульдеу құрлықтан да, судан да жүргізілді — рейдке қатысушылар үш қайықпен шықты. Демалушыларға дауыс зорайтқыш арқылы қауіпсіздік ережелері еске салынды: буйлардан әрі жүзбеу, қоғамдық орындарда алкоголь ішпеу, балаларды қадағалау және қоқыс тастамау.Дереккөз: https://www.instagram.com/reel/DKuSKnFMLul/?igsh=MW51d2t5cXZzNnFncA Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1015693?lang=kk
Айдарбек Сапаров: Қостанай облысында шегірткеге қарсы күрес белгіленген кесте бойынша жүргізілуде 11.06.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында Қостанай облысындағы егін алқаптарын үйірлі шегірткелерден қорғауға бағытталған фитосанитариялық іс-шаралардың барысымен танысты. Облыс басшылығымен бірге зиянкестерге қарсы күреске жұмылдырылған негізгі нысандарды аралап, шаруашылықтар мен мердігер ұйымдардың өкілдерімен алдын алу шараларын талқылады.Бүгінде облыстың бес ауданында өңдеу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр — 322,85 мың гектар жер өңделді, бұл жоспарланған көлемнің 49,7%-ын құрайды. Жұмысқа 59 арнайы техника, соның ішінде агродрондар, жеңіл авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған. Қолданылған препараттардың тиімділігі 82% деңгейінде бағалануда.Министр өңдеу сапасын әуеден бақылап, техникалық жарақтандырумен танысты және мониторингтен бастап өңдеуге дейінгі барлық кезеңдердің жедел орындалуының маңыздылығын атап өтті.«Қостанай облысында жұмыс нақты ұйымдастырылған: белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр, кешігу жоқ. Басты міндетіміз — зиянкестердің таралуына жол бермеу. Бұл – ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жүйелі жұмыс», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Шаруашылық өкілдері де өңдеуді белгіленген мерзімде аяқтауға толық дайын екендерін растады. «Бердыбаев» шаруа қожалығының басшысы Сәкен Бердібаевтың айтуынша, егінге тікелей қауіп болмаса да, алдын ала әрекет ету өте маңызды:«Иә, шегірткелер бар, бірақ ошақтары бірен-саран. Біз өз егістіктерімізді үнемі бақылап отырамыз, алғашқы белгілер байқалған сәтте бірден өңдеу жүргіземіз. Бұл — қалыпты жұмыс тәсілі», — деді ол.Сонымен қатар, министр сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысының сүтті мал шаруашылығын дамыту тәжірибесін кеңейту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Қостанай облысында қазіргі таңда үш жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылған, тағы үш жоба аяқталу сатысында. Бие сүтін терең өңдеу және оны жақын және алыс шетел нарығына шығару бағытындағы бастамалар да жүзеге асырылуда.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің негізгі бағыты – заманауи агротехнологиялар, өндірістік тәртіп және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы екенін атап өтті. Бұл жүйелі тәсіл өңірге тек жедел әрекет етіп қана қоймай, өндірістік әлеуетті сенімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1015698?lang=kk
Конституциялық Соттың талдаушысы Астана Халықаралық университетінің студенттеріне дәріс оқыды 11.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  Конституцияның 30 жылдығына арналған шаралар аясында Конституциялық Соттың талдаушысы Денис Финк Астана Халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебінің студенттеріне қонақ дәріс өткізді.Дәріс барысында спикер Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын таныстырып, студенттерді адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі конституциялық кепілдіктерімен таныстырып, олардың іске асырылуын қамтамасыз етудегі Конституциялық Соттың шешуші рөлін атап өтті.Конституциялық Соттың жекелеген қорытынды шешімдерінің мысалдарында конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі конституциялық бақылау органы қызметінің практикалық аспектілерін түсіндірді.Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға мазмұнды және жан-жақты жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1015677?lang=kk
"Келешек мектептері" жобасы – білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі 11.06.2025
Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жою және оқушы орындарының тапшылығын шешу мақсатында "Келешек мектептері" жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2024-2025 оқу жылында облыстағы 437 мемлекеттік мектепте 352 856 оқушы білім алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 059 оқушыға артық.2024 жылы "Жайлы мектеп" жобасы шеңберінде 11 100 оқушыға арналған 9 мемлекеттік және 3 275 орындық 3 жекеменшік мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал 2023 жылы 14 400 орындық 14 мектеп салынған болатын. Нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 30-ға дейін азайған.Облыс аумағында 17 мектептің құрылысы жалғасуда. Соның ішінде, Қарасай ауданындағы "Асыл арман" тұрғын үй кешенінде жекеменшік инвестордың қаражаты есебінен 2 000 орындық мектеп салынып жатыр. Құрылыс 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.Сондай-ақ Іле ауданына қарасты Өтеген батыр, Байсерке және А.Тоқпанов ауылдарында әрқайсысы 1 500 орынға арналған мектептердің құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.Спикердің айтуынша, бұл бастама – елдің білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге арналған нақты қадам. "Келешек мектептері" жобасы өскелең ұрпаққа қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастырудағы маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.- "Келешек мектептері – бұл жай ғана мектеп ғимараттары емес, бұл – болашаққа жасалған берік инвестиция. Білім – ұлттың іргетасы, ал бұл мектептер сол іргетасты нығайтатын басты тірек болмақ," – деді Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015678?lang=kk
Қостанай облысында East Hope Group директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсин мырзамен кездесу өтті 11.06.2025
Қостанай облысында бокситті өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.Бүгін облыс әкімдігінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қытайдың East Hope Group корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, Forbes журналының нұсқасы бойынша Қытайдың ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі Лю Юнсин мырзамен кездесу өткізді.Екі күн бұрын Лю Юнсин мырза Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен келіссөздер жүргізіп, одан кейін келіссөздерді жергілікті жерде жалғастыру үшін Қостанай облысына келді.Кездесу барысында ауқымды инвестициялық жобаның негізгі параметрлері талқыланды. Жоба аясында мыналар қарастырылған:• алғашқы кезеңде жылына 2 миллион тоннаға дейін боксит өңдейтін кен байыту комбинатын салу;• қажетті инженерлік және логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру;• жаңартылатын энергия көздері мен циркулярлық экономика қағидаттарын қолдана отырып, өндірісті кезең-кезеңімен кеңейту.Жобаны үш кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.Қостанай облысы барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ете алады: су, газ және электр желілеріне қолжетімділік, сондай-ақ теміржол және автокөлік жолдары бар. Сонымен қатар, салықтық және әкімшілік жеңілдіктері бар арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұл жоба Қазақстанның солтүстігі үшін стратегиялық маңызға ие:«Бізде барлық қажетті алғышарттар бар — табиғи ресурстар, инфрақұрылым, көлік логистикасы және жобаны іске асыруға толық қолдау. Біз өндірістік кешенді орналастыруға және жобаны барлық кезеңдерінде қолдауға дайынбыз», – деді өңір басшысы.Жоба бойынша келіссөздер соңғы бір жыл бойы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қатысуымен жүргізілді. Бүгінгі таңда инвестициялық параметрлер бойынша айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді, тараптар нақты шешімдер мен іске асыру кезеңдерін талқылауда.Аталған жоба Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарға — әртараптандырылған, жоғары технологиялық және экологиялық тұрақты экономиканы қалыптастыруға толық сәйкес келеді. Оның жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және елдің өнеркәсіптік жүйесінде жаңа өсім нүктесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1015687?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 13,34 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 11.06.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 13,34 млн АҚШ долларына 108 694 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 7,95 млн АҚШ долларына 64 325 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,38 млн АҚШ долларына 44 369 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (7,77 млн АҚШ долларына 62 749 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 57,78 мың АҚШ долларына 496 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 44,69 мың АҚШ долларына 407 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (4,79 млн АҚШ долларына 39 065 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (437,15 мың АҚШ долларына 3 935 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (122,91 мың АҚШ долларына 1 113 өтініш орындалды).           Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1022803?lang=kk
«KASE клиринг орталығы» АҚ-на лицензия беру туралы 11.06.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төраға орынбасарының 2025 жылғы 10 маусымдағы № Б-158 бұйрығына сәйкес «KASE клиринг орталығы» АҚ-на бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 2025 жылғы 10 маусымдағы № 3.2.257 лицензия берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1015664?lang=kk
Экологиялық тазарту іс-шарасы өтті 11.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай жағажай аумағында тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, мекеме және бөлім, азаматтық қорғау саласы қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.Аудан басшысы экологиялық іс-шараның мән-маңызына тоқталды. – Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүргізілуде. Осы ретте, Сыр өңірінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен экологияны жақсарту бағытында үлкен шаралар қабылдануда. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында аймағымызда тазалық акциялары мен сенбіліктер тұрақты өткізіліп келеді. Соның нәтижесінде өңіріміз таза аймақтар қатарынан көрінуде. Бұл бағытта аудан тұрғындары үлкен үлес қосуда. Осы жылдың өзінде ауданымызда бірнеше экологиялық акциялар мен ағаш отырғызу шаралары ұйымдастырылып, сенбіліктер апта сайын өткізілуде. Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында аймақ басшысының қолдауымен аудан орталығында тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигон пайдалануға берілді. Қазіргі таңда полигонда тазалық шаралары нәтижесінде жиналған қалдықтар өңделуде. Біздің әрқайсымыз табиғатқа деген жауапкершілікті сезінуіміз қажет. Таза ауа, жасыл желек пен таза су – біздің келешегіміз. Осы байлықты сақтап қалу үшін бәріміз қоршаған ортаны қорғауымыз қажет. Сіздерді табиғатты қорғауға, оны аялауға, болашақ ұрпаққа таза және сау табиғат қалдыруға шақырамын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Экологиялық іс-шара барысында жағажай аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Арнайы техникалармен қоқыстар тазартылып, демалыс орнындағы жабдықтар сырланды. Арнайы қайықпен көлдегі қалдықтар да тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1015669?lang=kk
Қазақстан мен Эстония кедендік ынтымақтастықты талқылады 11.06.2025
         Астана, 2025 жылғы 10 маусымда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Эстония делегациясының кездесуі өтті. Эстония делегациясы құрамында Эстония Сыртқы істер министрлігі, Салық және кеден департаменті мен Эстонияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері болды.       Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Әңгіме барысында цифрландыру, тәуекелдерді басқарудың заманауи құралдарын қолдану, сондай-ақ кедендік рәсімдерді жеңілдету мен халықаралық сауданы дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қозғалды.      Кездесу конструктивті және ашық форматта өтіп, тараптардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1015573?lang=kk
«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз жалғасуда 11.06.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз»   атты апталық шарамыз жалғасуда.11 маусым күні қаламыздың Бақтыбай Жолбарыс атындағы №18 орта мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсияның мақсаты: балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылып,қызықты ойындар ойнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1015518?lang=kk
Бейіндік комитет депутаттары Арнайы операциялар күштерінің қызметімен танысты 11.06.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері қолбасшысының басқармасында болды.  Парламент Мәжілісінің бейінді комитетінің хатшысы Айдос Сарым өз сөзінде сапардың мақсаты мен Арнайы операциялар күштерінің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудағы және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.Заң шығарушы билік өкілдері басқару пунктінің жұмысымен танысты. Оларға қару-жарақ, техникалық құралдар, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жабдықтардың үлгілері ұсынылды.Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Айдос Мырзахметов депутаттарды сеніп тапсырылған әскери құрылымның қалыптасуы мен даму перспективалары туралы хабардар етті.Кездесу барысында жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда бұл жеке құрамды даярлау сапасына, заманауи технологияларды, оқыту құралдарын қолдануға және жеке құрамның идеологиялық тұрақтылығын дамытуға тікелей байланысты. Сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жетілдіру, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту туралы да сөз болды.Кездесу VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің үшінші сессияына арналған өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1015522?lang=kk
Қазақстан-Корея арасындағы парламенттік байланыстар нығаюда 11.06.2025
Сеул, 2025 жылғы 11 маусым – Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясында Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов «Қазақстан – Корея» парламентаралық достық тобының Төрағасы Пак Хон Гынмен кездесті. Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылық бар екенін растады.Қазақ дипломаты Пак Хон Гынды Корея Республикасының Президенті лауазымына Ли Чжэ Мённың сайлануымен құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен жаңа корей басшысы арасындағы саяси диалог екіжақты жан-жақты ынтымақтастықтың тұрақты дамуына серпін беретініне сенім білдірді.Кездесу барысында 2024 жылғы қазанда Спикер У Вон Шиктің Қазақстанға жасаған сапарына ерекше назар аударылды. Бұл іс-шараның парламенттік дипломатияны дамытудағы маңыздылығы атап өтілді. «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы Парламент спикерлерінің конференциясын жалғастыру өңірлік өзара іс-қимыл үшін маңызды екені айтылды.Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. Корея Республикасы – Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.Сонымен қатар, гуманитарлық саладағы, атап айтқанда білім беру және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды. Елші Арыстанов қазіргі уақытта Корея университеттерінде шамамен 1300 қазақстандық студент білім алып жатқанын айтты. Ауқымды бастамалар қатарында Қызылордада Жасанды интеллект мектебінің ашылуы, 2025 жылғы қыркүйекте Түркістанда Woosong университетінің филиалын ашу және Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Dong-Eui университетімен серіктестігі ерекше атап өтілді.Кездесу барысында Қазақстан мен Корея арасындағы көлік байланыстарын дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда екі ел арасында аптасына 19 тікелей әуе рейсі орындалады. Бұл көрсеткішті 40 рейске дейін ұлғайту жөнінде мақсат қойылған. Бұл іскерлік, туристік және гуманитарлық алмасуларды одан әрі жандандыруға ықпал етеді.Сонымен қатар, Пак Хон Гын генерал Хон Бом До мемориалдық қорының Төрағасы ретінде парламентаралық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға белсенді атсалысуға дайын екенін білдірді. Өз кезегінде Нұрғали Арыстанов корейлік депутатты Қазақстанға қолайлы уақытта келіп, қазақстандық әріптестерімен келіссөздер жүргізуге шақырды. Бұл шақыру ризашылықпен қабылданды.Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі парламентаралық достық топты депутат Айдос Сарым басқаратынын атап өткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1015475?lang=kk
Үлкен Нарын ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті 11.06.2025
2025 жылғы 11 маусым күні Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ережепов Б.К ашып өткізді. Отырыста мына мәселелер қаралды:1.Үлкен Нарын ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, әкетуді және полигон аймақтарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу туралы2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының орындалуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар туралы есебін тыңдау.3.Әртүрлі мәселелер.Барлық қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1015482?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз  13,34 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланд 11.06.2025
 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 13,34 млн АҚШ долларына 108 694 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 7,95 млн АҚШ долларына 64 325 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,38 млн АҚШ долларына 44 369 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (7,77 млн АҚШ долларына 62 749 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 57,78 мың АҚШ долларына 496 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 44,69 мың АҚШ долларына 407 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (4,79 млн АҚШ долларына 39 065 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (437,15 мың АҚШ долларына 3 935 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (122,91 мың АҚШ долларына 1 113 өтініш орындалды).Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1015470?lang=kk