Әлем
📲 Цифрлық дәуір – тіл үйретудің жаңа мүмкіндігі! 11.06.2025
Басқарма облыс тұрғындарының тіл үйрену сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында бірқатар заманауи жобаларды жүзеге асыруда. Тілдерді оқыту курстары тұрақты өтуде. Енді тіл үйренгісі келетін, бірақ курсқа бара алмайтындар үшін Telegram-бот іске қосу жоспарда.Бұл ботта: Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тесттер, Өз бетімен оқуға арналған электронды оқу құралдары, Кәсіби салаға бейімделген аудармасымен берілген тілшарлар, Түрлі деңгейге арналған бейнематериалдар орналастырылады. Сонымен қатар келер жылға подкаст жобасы жоспарланып отыр – тыңдарманға әлеуметтік, мәдени тақырыптарды қазақ тілінде жеткізу көзделуде. 10 жылдан астам шығып келе жатқан «Күншуақ» балалар журналының мазмұнын кеңейтіп, анимациялық фильм дайындау – басты жоспардың бірі. Бұл – балалардың тілдік дағдысын ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында: Әлеуметтік зерттеулер Бейнесабақтар Тіл заңнамасына арналған акциялар мен байқаулар жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін болады. Тілді цифрлық форматта үйрену – бүгінгі заман талабы. Біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз!#АқтөбеТілдері #МемлекеттікТіл #ЦифрлықТіл #ТілОрталығы #TelegramБот #ҚазақТілі #КүншуақЖурналы #Цифрландыру #TilOrtalygy #TilTanymАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1015376?lang=kk
Қазақ сөздеріндегі дыбыс тіркесімін жасанды интеллект арқылы түзететін Qazemle IT бағдарламасының таныстырылымы 11.06.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының конференц-залында мемлекеттік деңгейде маңызды инновациялық жоба – «Qazemle» IT бағдарламасының таныстырылымы өтті.Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешов қатысып, жобаға қатысты өз пікірін білдірді. Сонымен қатар таныстырылым жұмысына тіл жанашырлары, ғалымдар, ІТ мамандарды және журналистер қатысты.Qazemle – қазақ тіліндегі сөздердің дыбыстық құрамындағы үндестік заңдылығы мен емле нормаларына қайшы келетін тіркесімдерді автоматты түрде тануға және түзетуге бағытталған ІТ шешім. Бұл бағдарлама – қазақ тілінің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларын цифрлы кеңістікте сақтау мен нығайтуға бағытталған алғашқы отандық өнім. Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан гранттық негізде қаржыландырылып отыр.Іс-шара барысында IT платформаның жұмыс істеу принциптері мен интерфейсі көрсетіліп, жобаның негіздемесі мен ғылыми тұғыры талданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1015386?lang=kk
Бангкоктағы БҰҰ АзТМЭӘК-ның штаб-пәтерінде өркениеттер арасындағы Халықаралық Диалог күні атап өтілді 11.06.2025
Бангкок, 2025 жылғы 10 маусым – Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі Цивилизациялар арасындағы диалог халықаралық күніне арналған салтанатты іс-шара Бангкок қаласындағы БҰҰ АзТМЭӘК-ның штаб-пәтерінде өтті.Салтанатты жиынға Бангкоктағы дипломатиялық өкілдіктердің жоғары лауазымды тұлғалары, Таиланд Үкіметі, БҰҰ АзТМЭӘК хатшылығы, БҰҰ жүйесінің мекемелері мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңірінің сарапшылары мен жастар өкілдері қатысты.Іс-шараның басты мақсаты - елдер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ теңдік пен өзара құрмет рухындағы әріптестікті ілгерілету арқылы ортақ өркендеу мен прогреске жол ашу болды.Қазақстан Республикасының Елшісі, БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты Өкілі Арман Исетов өз сөзінде Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілетуге тұрақты бейілді екенін атап өтті. Бұл бағыт жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін негізгі фактор болып саналады. Қазақстанның осы бағыттағы негізгі бастамаларының бірі - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, ол халықаралық диалогты дамытуға 20 жылдан астам уақыт бойы үлес қосып келеді.Іс-шара аясындағы мәдени бағдарламада тайлық өнер ұжымы дәстүрлі қазақ билерін орындап, мәдени алмасу мен достықтың символына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1015389?lang=kk
Курчатов қаласы әкімдігінің Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы 11.06.2025
Бүгін қала әкімі Б.Әбдіралиев Курчатов қаласы әкімдігінін Жастар саясаты кеңесінің отырысын өткізді. Күн тәртібінде «Курчатов қаласында бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», «Қаланың білім беру ұйымдарында оқитын жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», «Курчатов қаласында жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, «Мәдениет және еңбек нарығындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және еңбек нарығының алдын алу жұмыстары туралы», «Курчатов қаласында жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы», «Курчатов қаласында жастардың азаматтық және патриоттық сана-сезімін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселелер қаралды. Барлық мәселелер қаралып, олар бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1015391?lang=kk
Қазақстан Елшісі Латвияның орман шаруашылық объектілерін аралады 11.06.2025
Рига, 2025 жылғы 10 маусым – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Орман зерттеу станциясына және «Mežvidi» тәлімбағына барды.Орман станциясының директоры Мартиньш Лидумспен кездесу барысында ормандарды қалпына келтіру бойынша латвиялық тәжірибені Қазақстанға енгізу және мамандарды даярлау мәселелері талқыланды.«Латвия мемлекеттік ормандары» АҚ «Тұқымдар мен көшеттер» тәлімбағының директоры Марис Друваскалнспен әңгімелесу барысында латвиялық технологияларды, ғылыми әзірлемелер мен отырғызу материалын пайдалана отырып, Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген көшет өсіру саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі қарастырылды.Осыған байланысты бірлескен жобаларды жүзеге асыруды бастау үшін саладағы қазақстандық мамандардың сапары туралы келісімге қол жеткізілді.Анықтама: Орман ғылыми-зерттеу станциясы – Латвия Мемлекеттік орман ғылыми-зерттеу институты «Silava» және Ауыл шаруашылығы және технология университеті құрған мемлекеттік мекеме. Станция мемлекеттік меншігіндегі ғылыми-зерттеу ормандарын басқарады, ғылыми зерттеулер үшін инфрақұрылымды, ұзақ мерзімді ғылыми-зерттеу объектілерін, қоршаған орта мен орман мониторингін қамтамасыз етеді, орман шаруашылығындағы кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыруға қолдау көрсетеді.Қазіргі уақытта орман алқаптары республика аумағының 52 % құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1015353?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшісі өртеніп жатқан үйден әйел адамды құтқарып қалды 11.06.2025
Семей қаласында орналасқан әскери бөлімнің коменданттық взводының жүргізуші-электригі қатардағы жауынгер Қызыр Мұхаметжанов отқа оранған үйден әйелді құтқарып алып шықты.Оқыс оқиға 10 маусым күні кешкі уақытта әскери қызметші дүкенге бара жатқан уақытта орын алды. Ол қаланың тар көшелерінің бірінде өрт сөндіріп жатқан адамдар тобын көрді.Жанып жатқан ғимараттың терезелерінен жанұшыра шыққан айқайды естіген әскери қызметші еш ойланбастан көмекке жетті. Қоршауды айналып өткен ол терезе әйнегін сындырып, жанып жатқан бөлмеге кірді.Бұл кезде қалың түтіннің салдарынан үй ішінде ештеңе көрінбейтін. Сол себепті Қызыр Мұхаметжановқа айқайлаған дауысқа құлақ түруге тура келді. Соның арқасында ол үй ішінен әйел адамды тез тауып, сыртқа көтеріп алып шықты.Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды қаладағы ауруханаға жеткізді. Қазір ол ем қабылдап жатыр.Екі баланың әкесі қатардағы жауынгер Қызыр Мұхаметжанов он жылдан астам уақыттан Қарулы күштер сапында келісімшарт бойынша қызмет етіп келеді.Қызыр өзінің іс-әрекетін батырлық деп санамайды. Өйткені қиын сәтте көмек қолын созу ол әр азаматтың міндеті дейді. Әскерде қалыптасып қалған әдетінше ол жедел, әрі батыл әрекет етуге шешім қабылдауға әркез дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1015308?lang=kk
Қазақстан мен Люксембург белсенді диалогты жалғастыруда 11.06.2025
Люксембург, 2025 жылғы 10 маусым – Люксембургке жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Люксембург Премьер-Министрінің Дипломатиялық кеңесшісі Лорис Николеттимен, Сыртқы және еуропалық істер министрлігі Саяси директорының орынбасары Алан де Муйзермен, сондай-ақ Ұлы Герцогтік Сауда палатасының халықаралық департаментінің директоры Синди Теребамен жеке кездесулер өткізді.Л.Николеттимен кездесу барысында 2025 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люксембург Премьер-Министрі Люк Фриден арасындағы телефон арқылы сөйлесу нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы талқыланды. Люксембург саясаткері ел басшылығы Қазақстанмен көп жоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екеніне назар аударды. Саяси және экономикалық іс-шараларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ дипломаты Люксембург саясаткеріне Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстардың қарқынды дамуы туралы айтып, әсіресе критикалық шикізат материалдары, жасыл энергетика, цифрландыру және көлік-транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану салаларындағы ынтымақтастықтың кеңейгенін атап өтті.А.Де Муйзермен кездесуде екіжақты қатынастар, ЕО-ОА форматындағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Алдағы қазақстандық-люксембургтік іс-шаралар талқыланды.С.Теребамен кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі тереңдету перспективалары қарастырылды. С.Тереба Қазақстан мен Люксембургтің шаруашылық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтті. Сондай-ақ, 2025 жылғы 6 маусымда Люксембургке қазақстандық бизнес миссиясы сапарының нәтижелері жоғары бағаланды.2024 жылы Люксембургтен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 520 миллион АҚШ долларынан асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1015305?lang=kk
Шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану бойынша есептілікті ұсыну 11.06.2025
Кеден заңнамасына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, оларға қатысты:-осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер;-тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін;-ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) мөлшерлемелері қолданылған, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған болса, шартты түрде шығарылған деп саналады.Сонымен қатар, шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану бойынша есепті тіркеу есебінде тұрған Мемлекеттік кірістер органына ұсыну міндеттілігі көзделген. Есепті жылына екі рет 5 ақпаннан және 5 тамыздан кешіктірмей электрондық түрде ілеспе хатпен ұсынылуы керек.Есепті ұсыну тәртібі, оның нысаны мен толтыру қағидалары «Мемлекеттік кірістер органына есеп жүргізудің және есеп берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10.04.2020 ж. №374 бұйрығымен бекітілген.Есепті ұсынбағаны, дұрыс емес есептілік бергені немесе шартты түрде шығарылған тауарлардың есебін жүргізу тәртібін сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 539-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту маңызды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті барлық мүдделі тұлғаларға есептілікті уақтылы ұсыну қажеттігін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1015260?lang=kk
FocusEconomics: Экономикалық зерттеулер институты дәл болжам жасаушы институт ретінде марапатталды 11.06.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ беделді халықаралық FocusEconomics Analyst Forecast Awards 2024 премиясының жеңімпазы атанып, Kazakhstan Current Account номинациясы бойынша 1-орынға ие болды.Аталған премия жыл сайын әлемнің 130-дан астам елінен қатысатын макроэкономикалық болжам жасайтын ұйымдар арасында нақты болжам үшін беріледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Институт ондаған халықаралық сараптамалық орталық, инвестициялық банктер мен зерттеу агенттіктері арасында үздік нәтиже көрсетіп, көш бастады. Сондай-ақ, Институт Real and External Sector және Overall Categories секілді жиынтық санаттарда да үздіктер қатарынан көрініп, болжамдарының кең ауқымдылығы мен дәлдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.Институт 2023 жылы да Exchange Rate санатында 2-орын алғанын айта кеткен жөн. Бұл оның макроэкономикалық талдау саласындағы тұрақты кәсібилігі мен жүйелілігін көрсетеді.FocusEconomics – консенсус-болжамдар мен талдаулардың жетекші жаһандық провайдері ретінде – қазақстандық институттың халықаралық зерттеулерге белсенді қатысатынын, аналитиканың тереңдігін және ғылыми негізділігін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1015243?lang=kk
Ұлттық өнердің ұлы кеші Көкше төрінде 11.06.2025
Абылай хан орда тіккен, Арқада алты алаштан ән оздырған сал-серілер — Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайлар туған қасиетті Көкше жерінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі тағылымы терең, жүрекке жететін әсерлі концерттік бағдарламасын ұсынды.Көкшетау қаласындағы жаңа қоғамдық кеңістік — Қопа көлінің жағалауындағы «Амфитеатрда» өткен кешке 10 мыңнан астам қала тұрғыны жиналды. Тыңдарман көңілінен шыққан бұл өнер кешінің арнайы қонақтары — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі әнші Нұрлан Өнербаев және халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Аяжан Қуанышалиева өз өнерлерімен көрерменнің көзайымына айналды.Кеш барысында оркестр мен солистердің орындауында «Адай», «Саржайлау», «Шаңды жорық», «Сарыарқа» күйлері, «Қарағым-ай», «Ауылым» әндері, Бизе, Штраус, Ахмет Жұбанов сынды композиторлардың шығармалары шырқалды. Барлығы жиырмаға жуық туынды ұсынылды.Оркестрдің бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген концерт репертуары жайлы былай деп атап өтті:«Репертуарымыз дәстүрлі күйлерден бастап, шетел классиктеріне дейінгі кең ауқымды қамтиды. Құрманғазы, Дина, Тәттімбет күйлерімен қатар, әлемдік композиторлардың шығармаларын да орындаймыз. Бұл — ұлттық аспаптардың үлкен мүмкіндігін көрсетеді.Сонымен бірге қазіргі қазақ композиторларының күрделі, мазмұнды туындылары бар. Әр шығармада біздің тарихымыз, рухымыз, болмысымыз жатыр.Бізді ең қуантатыны — Көкшетау халқының ықыласы. Өңір көрермендері оркестр өнерін ерекше жылы қабылдап, зор қошеметпен қарсы алды. Бұл — өнерге деген құрметтің, ұлттық музыкаға деген шынайы махаббаттың айғағы».Ұлттық рухтың айнасы — күй мен дәстүрлі музыканың жауһарлары осы кеште көрерменге жаңа леппен ұсынылды.Бүгінгі кеш — көрерменнің аузынан әлі талай уақыт түспейтін, шынайы әсер қалдырған ерекше өнер оқиғасына айналды.10/06/2025Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1015149?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті. 11.06.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті. 2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) барлық филиалдарында "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында дәстүрлі "Ашық есік күні" өткізілді.Соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне INTERNET желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.Алаяқтардан қорғану тақырыбына арналған онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Кездесу қонақтарына азаматтарға қатысты жасалған кейбір заңсыз алаяқтық әрекеттер мысал ретінде келтіріліп, осындай жағдайларда қандай іс-қимылдар жасау керек екендігі жөнінде ұсыныстар берілді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етті.Негізгі тақырыпты талқылай отырып, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша ақыл-кеңес те беріп үлгерді.Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) онлайн режимде тегін ала алады.Кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтан: Facebook, Telegram, В контакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен, сондай-ақ байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көпарналы тегін байланыс арқылы алуға болады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/1015157?lang=kk
МКК кеден қызметтерін алу барысында туындайтын мәселелерге жедел әрекет ету мақсатында" қызыл түйме" жүйесін енгізді 11.06.2025
ҚР ҚМ МКК кері байланысты күшейтуде: кеден қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді.💠Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағытталған тәсілді енгізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.Осы мақсатта барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «қызыл түйме» орнатылды - QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК Төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады.💠Бұл құрал — кеден қызметтерін алу кезіндетуындайтын қиындыктарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлыктың алдын алуға бағытталған.Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар.💠Біз азаматтармен және бизнес-коғамдастықпен ашық, әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.💠Кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болган әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Сіздің дауысыңыз — тиімді, ашық әрі клиентке бағытталған кедендік әкімшілендіру жүйесін қалыптастырудың манызды бөлігі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күші ғана сервистін сапасы мен сенім деңгейін арттыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1015166?lang=kk
СӘИЖ СТК-де табыс етуге қол жетімді нысандар. 11.06.2025
Құрметті салық төлеушілер! Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.2025 жылғы 21 мамырдан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:* “Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;* “Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;* Тауарлармен электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар беретін ақпараттар жалпы мәлімет;* Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар беретін мәліметтер;* Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініші;* Декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебі (101.01 СЕН);* Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.02 СЕН);* Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есебі (101.03 СЕН);* Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510.00 СЕН);* Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация (560.00 СЕН);* Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00 СЕН);* Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация (590.00 СЕН);* Жер қойнауын пайдалануға баламалы салығы бойынша декларация ( 600.00 СЕН). СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kzсілтеме арқылы өтуге болады. СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылғанСұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:* knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы* 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71телефондары арқылы;* СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1015137?lang=kk
Мәжілісте еңбек қауіпсіздігі және туристерге қолайлы жағдай жасау мәселесі қаралды 11.06.2025
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте қауіпсіз еңбек жағдайларын және еңбек саласын цифрландыру жөніндегі шаралар, сонымен бірге өңір халқы мен туристерге қолайлы жағдай жасау бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.Мәжілісте алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев жұмысшылардың құқықтарын қорғау, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және табысын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндады.Аудан әкімі күн тәртінбінде көтерілген бірінші мәселе бойынша ауданда еңбек ұжымдарында жазатайым оқиғалардың алдын алу, мекеме-кәсіпорындардың қызметкерлерге жалақыларын уақытылы берілуін қамтамасыз ету, қарапайым жұмысшылардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту және ұжымдағы және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті болдырмау бағытында дер кезінде тиісті шаралар қабылдап, кез келген жұмысшының еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу сынды өзекті мәселелерді көтеріп, осыған байланысты тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Ал, аудан басшысы мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе - өңір халқы мен туристерге қолайлы жағдай жасау бойынша аудандағы Республикалық дәрежедегі ескерткіштің бірі – көне «Жанкент» қалашығына туристерді тарту және аудан аумағында ашылып жатқан жаңа нысандар мен демалыс орындарына қонақтардың көптеп келуі мен оларға қолайлы жағдай қалыптастыру бойынша шараларды қолға алу керектігін айтты. Сонымен қатар тиісті сала басшысына аудан аумағында орналасқан тарихи нысандардың барлығында келген қонақтар мен туристерге ақпарат беретін виртуалды карта әзірленіп, оларға арнайы QR кодтарды қойылу керектігін ескертті.Мұнан бөлек жауапты орынбасары Мұрат Әбсұлтановқа аудандағы тарихи ғимараттардың бірі – Қазалы теміржол вокзалына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тезірек сапалы етіп аяқтауға жұмыс жасауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1015140?lang=kk
Интернет- алаяқтың алдын алу 11.06.2025
Құрметті азаматтар! Цифрлық технологиялардың жедел дамуына байланысты интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Соңғы төрт айдың өзінде елімізде 8 000-нан астам интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді. Алаяқтар өздерін банк қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, байланыс операторлары, курьерлік және медицина ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін және психологиялық қысымды пайдаланады. Өкінішке қарай, мемлекеттік және қаржы ұйымдарының қызметкерлері де алаяқтардың құрбаны болуда. Көптеген жағдайда қаскөйлер мессенджерлер арқылы басшылықтың атынан хабарласып, адамдарды алдап, ақшаларын аударуға мәжбүрлеген. Еске саламыз: Мемлекеттік органдардың және банктердің өкілдері ешқашан телефон арқылы: деректерді, банк картасының реквизиттерін, кодтарын немесе құпия сөздерді сұрамайды. жеке растау Сізден бейтаныс адамдарға жеке ақпаратыңызды бермеуді және күмәнді қоңыраулар немесе хабарламалар түскен жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз. Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары мен қауіп-қатерлері туралы жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы азаматтарды хабардар етуге шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1015092?lang=kk
Дүниежүзілік буддистер бауырластығы VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысатынын растады 11.06.2025
Бангкок, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Дүниежүзілік Буддистер Достығының президенті Фаллоп Тайиримен кездесті.Кездесу барысында тараптар 2025 жылдың 17-18 қыркүйегінде Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне Дүниежүзілік буддистер бауырластығының қатысуын талқылады.Елші А.Исетов бұл шараның конфессияаралық диалогты қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті. Жаһандық қауіп-қатерлер мен келіспеушіліктердің күшеюі жағдайында діни әлем көшбасшылары адамзатты біріктіре алатыны айтылды.Өз кезегінде, Ф.Тайири Дүниежүзілік буддистер бауырластығы көптеген жылдар бойы Дін лидерлерінің съезін Қазақстанда өткізуге қолдау білдіріп келе жатқанын, сондай-ақ биыл күзде Астанада өтетін дін қайраткерлерінің форумына қатысатынын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1015116?lang=kk
Маңғыстаулық делегация «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумына қатысты 11.06.2025
12 мамыр күні елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу-Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның қатысуымен «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумы өтті. Аталған шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов бастаған делегация да қатысты.Бизнес-форум аясында цифрлық технологиялар, қаржы, урбанистика және «жасыл» экономика бағыттарындағы заманауи трендтерді қамтыған бірқатар тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.Панельдік отырыс барысында Ербол Ізбергенов «Қалалық дамудың болашағын қалыптастыру: жаһандық үрдістер мен жаңа кезеңнің сын-қатерлері» тақырыбында баяндама жасады.Сондай-ақ, форумда екі елдің бизнес қауымдастықтары арасында B2B форматында кездесулер өткізіліп, бірқатар коммерциялық келісімдер жасалды.Оның ішінде, SEMURG INVEST ЖШС мен Abu Dhabi Ports Group арасында «Құрық» портында «Саржа» әмбебап терминалының құрылысын жүргізу және пайдалану жобасы бойынша мәміленің негізгі шарттары жөніндегі келісім және «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймағы АҚ мен Khalifa Economic Zones Abu Dhabi арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uiir/press/news/details/1015100?lang=kk
Конституциялық Сот: еңбек шартының талаптарына ерікті түрде келісім беру еңбек бостандығы құқығын жүзеге асыруды растайды 11.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 137-1-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтініші келіп түсті.Өтініште айтылған мән-жайлар белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасалған еңбек шартын тоқтатуға қатысты болды. Қызметкерді жұмыс беруші еңбек функциясын орындау үшін басқа ұйымға жіберді. Еңбек шартын тоқтату қабылдаушы тараптан Еңбек кодексінің дауланып отырған нормасында көзделгендей жазбаша хабарламаның түсуіне байланысты жүзеге асырылды.Өтініш беруші бұған дейін еңбек қатынастарының екі тарапынан да еңбек шартының тоқтатылуын заңсыз деп тануды талап етіп, орындалатын жұмыс мерзімі туралы нақты шарттардың жоқтығына сілтеме жасай отырып, соттарға жүгінген. Сот органдары талаптарды қанағаттандырудан бас тартты. Азамат еңбек заңнамасының бұл нормасы оның еңбек ету құқығын бұзады деп санайды.Конституциялық Сот дауланып отырған норма азаматтардың еңбекке конституциялық құқығын іске асыруына кедергі келтірмейтінін атап өтті. Еңбек шартын оның мерзімін қоса алғанда, шарттармен жасасу тараптардың ерікті келісімінің нәтижесі болып табылады. Осылайша, азамат шарттың талаптарын қабылдай отырып, өзінің еңбек бостандығына құқығын іске асырады.Баяндалғанның негізінде Конституциялық Сот конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау үшін негіздердің жоқтығы туралы қорытындыға келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1015101?lang=kk
Алматыда Португалияның Құрметті консулдығының ашылуы 11.06.2025
2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Португалияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Португалия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, Құрметті консулдықтың ашылуы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуға, туризмді дамытуға, академиялық алмасулар мен бизнес-бастамаларды қолдауға ықпал ететінін атап көрсетті.Соңында, Ж. Әбдрашов екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1015054?lang=kk
Астанада "Ұлттық ұлан — ел айбыны" патриоттық мұралы ашылды 11.06.2025
Елордада Сарыарқа ауданы ғимараттарының бірінің қасбетінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетіне арналған "Ұлттық ұлан — ел айбыны" патриоттық муралының салтанатты ашылуы өтті.Муралды салтанатты түрде ашу құрметі қызмет барысында қырағылық пен жанқиярлық танытқан қос сарбаз — Даниял Сәрсенғалиев пен Нұржан Жұмабекұлына берілді. Даниял Сәрсенғалиев таяуда эпилепсиялық ұстамасы бар қызға жедел медициналық көмек көрсеткен болатын. Ал Нұржан Жұмабекұлы "Шарын" базарындағы өртті байқаған бойда тиісті қызметтерге уақытылы баяндап, оқиға орнына қосымша күш шақырып, қауіп аймағына дереу қоршау ұйымдастырған.Өнер нысаны Сейфуллин 9/1 және Кубрин 22/1 көшелерінің қиылысында орналасқан алаңдағы ғимарат сыртына ерекше рең берді. Ол ұландықтардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен адалдық рухында тәрбиелеуге қосқан үлесін мойындаудың символына айналды.Муралдың салынуына Сарыарқа ауданының әкімдігі бірлесіп, Ұлттық ұлан бастама көтерді.- Бұл туынды — біздің әскери қызметшілерімізге деген алғыстың белгісі. Өнер арқылы күндіз-түні тұрақтылық пен тәртіптің сақшысы, тыныштықтың қалқаны болған жандар туралы айтамыз. Мурал жастарды патриоттық тәрбиелеудің маңызды элементіне айналатынына және Отан алдындағы борышын еске салатынына сенімдімін, - деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов.Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Құлдашов өз сөзінде жобаның мәдени және тәрбиелік маңыздылығын атап өтті:"Біз қаланың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, оны терең мазмұнмен толтыруға тырысамыз. Бұл муралдың пайда болуы әскери қызметке және маңызды міндет атқаратындарға құрметпен қарауды қалыптастырудағы оң қадам деп білеміз. Сондай-ақ, қаламыздың өзіндік болмысының бір бөлігі және аудан тұрғындары үшін мақтаныш нысанына боларына күмән жоқ".Айта кету керек, мурал аудан архитектурасына үйлесімді түрде еніп, елорда көшесінің жарқын екпініне айналды.Графикалық сурет елорда тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды. Бұл — күн сайын ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер үшін үлкен мақтаныш. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1015016?lang=kk