Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан СІМ-де мектептегі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 21.05.2025
Астана, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев Қазақстан халықаралық мектебі (Kazakhstan International School – KIS) директорлар кеңесінің төрағасы Ханс Деваелемен кездесу өткізді.Сұхбаттастар халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдениетаралық түсіністікті кеңейту және Қазақстан балаларына сапалы білім беру мүмкіндіктерін арттыру мәселелерін талқылады.Мектеп өкілдері шетелдік және отандық оқытушылардың бірлескен еңбегі арқылы оқу орны жоғары халықаралық стандарттарға сай білім беріп келе жатқанын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, білім беру саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.KIS – халықаралық стандарттар бойынша оқытатын жеке халықаралық мектеп. 2024 жылы Астанада мектептің жаңа кампусы ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/997859?lang=kk
Қазақстанның стратегиялық рөлі Испаниядағы академиялық пікірталастың өзегінде 21.05.2025
Мадрид – Кадис, 2025 ж. 15 мамыр – Кадис университетінде Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша халықаралық зерттеулер орталығы ұйымдастырған «Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі» тақырыбындағы конференция өтті.Іс-шара барысында Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев сөз сөйлеп, Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарын, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен орнықты дамуға қолдау көрсету бағытындағы халықаралық сахнадағы бастамаларын таныстырды.Елші өз сөзінде Қазақстанның көпжақты ынтымақтастық қағидаттарына бейілділігін айқындайтын «Астана халықаралық форумы» (AIF2025) мен БҰҰ аясында Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру бастамаларына ерекше назар аударды.Өңірлік күн тәртібі туралы айта келіп, қазақстандық дипломат Орталық Азияның жаһандық үдерістердегі өсіп келе жатқан маңыздылығын және Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұмтылысын атап өтті. Осы тұрғыда Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды кеңейтудің перспективалық бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКМ) дамытудағы рөліне айрықша мән берілді.Конференцияға қатысушылар Қазақстанның өңірдегі сындарлы рөліне тоқталып, елдің ЕО-ның негізгі серіктесі ретіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ пікірталас аясында Қазақстанның өңірлік тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі мен халықаралық қатынастар жүйесіндегі «орта держава» ретінде орнығуы оң бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/997860?lang=kk
Премьер-Министр Олжас Бектенов Қостанай облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты 21.05.2025
Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Арқалық қаласына барып, Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысын тексерді.Сапар барысында Үкімет басшысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге қаладағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, көлік, энергетика, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыстардың жүзеге асырылу барысымен танысты.⸻Көлік инфрақұрылымын дамытуАрқалықта орналасқан әуежайды қайта жаңғырту жобасы таныстырылды. Жобада жаңа жолаушылар терминалын салу, ұшу-қону жолағын, перрон мен рульдік жолақты қайта жаңарту көзделген. Жоба аяқталғаннан кейін әуежай АН-24, Q400 және CRJ 200 сияқты әуе кемелерін қабылдай алады. Сағатына 70 жолаушыға дейін қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған.Сондай-ақ, Арқалық арқылы өтетін «Орталық – Батыс» автомагистралінің құрылысы өңірдің көлік байланысын жақсартып, елорданы Транскаспий халықаралық дәлізімен тікелей байланыстырады. Бұл жоба қаланың логистикалық әлеуетін күшейтіп, экономикалық дамуға серпін береді.⸻Энергетика және жылумен қамтуАрқалық қаласында жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соңғы екі жылда 17 шақырым жылу желісі ауыстырылды, ағымдағы жылы тағы 9,9 шақырым жаңартылады. Сонымен қатар, мазуттан көмірге көшу арқылы кәсіпорын 2,2 млрд теңге көлемінде үнемге қол жеткізді. Бұл 2024–2025 жылғы жылыту маусымын апатсыз өткізуге мүмкіндік берді.⸻Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуҰлттық «Комфортты мектеп» жобасы аясында Арқалық қаласында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқу орнында STEM зертханасы, цифрлық кітапхана, робототехника кабинеті және шығармашылық студиялар жұмыс істейді.Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің инфрақұрылымы да кеңейтілуде. Университеттің бір ғимараты қайта жаңғыртылып, заманауи оқу-зертханалық кешенге айналмақ. Жоба іске асқаннан кейін білім алушылар саны 2,6 мыңнан 5,2 мыңға дейін өседі, жаңа білім беру бағыттары ашылады.Қалалық аурухананың құрамындағы перзентхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде. Шатыр, жылыту, су және кәріз жүйелері жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда жұмыстардың 70%-ы аяқталған. Жөндеу аяқталғаннан кейін нысан заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.⸻Арқалық – даму әлеуеті жоғары өңірлік орталықАрқалық қаласы стратегиялық маңызға ие өңірлік орталық ретінде жаңаша дамып келеді. Мемлекеттік қолдаудың және жоспарлы жұмыстың арқасында қалада инфрақұрылым жаңартылып, халықтың өмір сапасы жақсарып келеді. Жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/997838?lang=kk
Көкшетауда екі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын 21.05.2025
Облыс орталығында Вернадский мен Әшімов көшелерінің қиылысында орналасқан 45 пәтерлі екі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлер қала тұрғындары үшін ерекше сәулет үлгісінде салынған және қолайлы жоспарымен, заманауи жобалық шешімдерімен ерекшеленеді.Қазіргі таңда үйлердің құрылысы толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері жаңа пәтер кілттері иелеріне табысталмақ.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.«Integra» құрылыс компаниясының өкілі Дәурен Тлеубердиновтің айтуынша, бүгінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Апта соңына дейін асфальт төсеу жоспарланған. Аулада спорт және балалар алаңдары қарастырылған.Айта кету керек, бұл көпқабатты тұрғын үй кешені төрт үйден тұрады. Екі тұрғын үйдің тұрғындары облыс әкіміне алғыстарын білдірді.«Жаңа ойын алаңында күні бойы балалар ойнап жүреді. Аула көркейіп, жайлы әрі тартымды бола түсті», – деді шағынаудан тұрғыны Сәкен Төканов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/997844?lang=kk
Қазақстан әскери делегациясы Әзербайжан қорғаныс ведомствосында болды 21.05.2025
Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Қорғанысты басқару ұлттық орталығының бастығы генерал-майор Фазылолла Баденов бастаған әскери делегация Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік басқару орталығының қызметімен танысты. Сапар аясында Қазақстан әскери қызметшілері Шехидтер аллеясына барып, Әзербайжанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін өмірін қиған батырларға тағзым етті.Сондай-ақ, қазақстандық делегация Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік басқару орталығына, Әзербайжан Қарулы күштері Әскери-әуе және Әскери-теңіз күштерінің командалық пункттерінде болды. Әскери қызметшілер үшін әскерлердің күнделікті қызметі туралы, сондай-ақ дағдарыс және төтенше жағдайлар кезінде басқарудың қолданыстағы алгоритмі туралы брифинг ұйымдастырылды.Тараптар мұндай байланыстар мен тәжірибе алмасу сенімді нығайтуға ықпал ететінін және екі елдің қарулы күштерін орталықтандырылған жауынгерлік басқару саласын жетілдіруге жұмыс істейтінін атап өтті.Жұмыс сапары Әзербайжан мен Қазақстан Қорғаныс министрліктері арасындағы 2025 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997786?lang=kk
Пәкістан мен Қазақстан БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін медиаконтентпен алмасуға ниетті 21.05.2025
Исламабад, 2025 жылғы 16 мамыр — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқаков пен Пәкістан Ислам Республикасының Ақпарат және телерадиохабар тарату министрінің бірінші орынбасары Амбрин Жан ханымның қатысуымен бейнеконференция форматында кездесу өтті.Кездесуде Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин ақпарат және медиаконтент алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 29 сәуірде өткен Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы аясында ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын хабарлады.Тараптар «Хабар» ұлттық телеарнасының Исламабадта және PTV телеарнасының Астанада тілшілік кеңсесін ашу; теледидар және медиаконтентпен өзара алмасу перспективалары; музыкалық телеарналар арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ биылғы жылы Қазақстан киносы күндерін Пәкістанда және Пәкістан киносы күндерін Қазақстанда өткізу мәселелерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Пәкістан халықтарына қазіргі жағдай мен екіжақты өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері туралы шынайы ақпарат беру мақсатында ақпарат саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/997768?lang=kk
"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!": Қостанайда Отбасы күніне орай флешмоб және концерт өтті 21.05.2025
Қостанайда Халықаралық Отбасы күніне және ҚР ІІМ жариялаған Профилактика жылына орайластырылған флешмоб пен мерекелік концерт өтті. Ауқымды акция "Заң мен тәртіп – полиция бақылауында" ұранымен ұйымдастырылып, "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" челленджінің бір бөлігіне айналды.Қостанай облысы ПД Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Мадина Валиеваның айтуынша, іс-шараның мақсаты – қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру, отбасы құндылықтарын нығайту және ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту.Облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңға 300-ге жуық колледж студенті жиналды. Олар "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" деген жазуды бейнелеп, шарлар мен жалаушаларды бұлғап, қала тұрғындарының назарын аударған жарқын әрі есте қаларлық көрініс жасады.Бастамаға облыстық мәдениет және спорт басқармасының өкілдері, әскери қызметшілер, ТЖД қызметкерлері, дәрігерлер, "БАРС" және "ДОС" іздестіру-құтқару жасақтарының еріктілері, сондай-ақ "Әйелдер күштері альянсы" үкіметтік емес ұйымы қолдау білдірді.Іс-шараның жарқын сәттерінің бірі – Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының Қостанай филиалының жас каратэшілерінің көрсетілімдік нөмірі болды. Олардың өнері агрессияны күшке, тәртіпке және өзін-өзі басқаруға айналдыруға болатынын символдық түрде көрсетті.Бас сенсей Айсұлу Әбілханова атап өткендей:"Спорт – бақылауды, тәртіпті, сыйластықты үйретеді. Бұл – агрессиясыз күш! Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!"Іс-шара барысында полиция қызметкерлері отбасылық зорлық-зомбылық жағдайында көмекке жүгінуге болатын сенім телефондары мен қызметтердің байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық жадынамалар таратты.Қостанай облысы әкімінің аппаратындағы әйелдер мен балалар істері жөніндегі бас инспектор Айсұлу Исмаилова мұндай акциялардың ағарту мен алдын алу құралы ретіндегі маңызын атап өтіп, барлық отбасыларға өзара түсіністік, үйлесімділік пен сүйіспеншілік тіледі.Іс-шара қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/997760?lang=kk
«ҚР АШМ ВБ ж ҚК Денисов ААИ» ММ көрсетілетін ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер 21.05.2025
Денисов ауданы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың мәліметі алу үшін, «ҚР АШМ ВБ және ҚК  Денисов  ААИ»   ММ   келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:1.«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру».2.«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру».3.«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру».4.«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру».5.«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру». «ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ, 2025 жылдың басынан бастап жалпы саны 401 ветеринариялық сертификат, оның ішінде 12520,29 тонна көлемінде Иранға жемдік арпа экспорттау үшін 197 ветеринариялық сертификат; 9763,56 тонна көлемінде Қытайға бидай жем ұны экспорттау үшін 204 ветеринариялық сертификат берілді. Кәсіпорындардың ветеринариялық-санитариялық Ережелерді сақтауы (сәйкессіздігі) бойынша 6 ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілді. Ветеринариялық препараттарды сақтау және өткізу жөніндегі ұйымға 1  (бір) тіркеу нөмірі берілді. Жануарларды союды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс орындарына (сою алаңдары) 5 тіркеу нөмірінің қолданылу мерзімі ұзартылды. Иранға жемдік арпаны сатуға 24 рұқсат, Қытайға бидай жем ұны сатуға 8 рұқсат берілді. Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне 8 сараптама актісі (сынақ хаттамалары) берілді.Көрсетілген қызметті алушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алу үшін Денисов ауылында Калинин көш.58, орналасқан «ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ жүгіну қажет, байланыс тел. 8(71434)2-11-48.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-kyrym/press/news/details/997743?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары бойынша оқыту ұйымдастырылды 21.05.2025
2025 жылдың 13 мамырында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде оқыту іс-шарасы өтті. Іс-шараға ШҚО әкімі аппаратының Терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Туткушев К.Т., сондай-ақ ҰҚК, ІІД және Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері қатысты.Террористік қауіп туындаған жағдайда осал нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің алғашқы әрекеттері бойынша оқыту жүргізілді.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы терроризмге осал нысандарды қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық өткізілді.Оқыту барысында террористік қауіп төнген жағдайда әрекет ету тәртібі және терроризмге қарсы іс-қимылды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың белгілері, иесіз заттарды анықтаған кезде мемлекеттік органдарға хабарлау тәртібі, сондай-ақ террористік қауіп туралы жалған хабарламаларға жауап беру рәсімдері мен эвакуация кезінде атқарылатын іс-әрекеттер мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/997727?lang=kk
Астана мен Лондон бітімгершілік және көпжақты дипломатия саласындағы диалогты ілгерілетуде 21.05.2025
Астана, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қорғаныс министрінің орынбасары Лорд Вернон Кокермен кездесу өткізді.Тараптар қауіпсіздік, қорғаныс және бітімгершілік салаларындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, қазақ-британ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Р.Василенко Қазақстан Қарулы күштері өкілдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысу тәжірибесі және осы бағыттағы қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесіп әскери қызметшілерді даярлау жұмысы туралы ақпарат берді.Министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ аясында бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға одан әрі үлес қосуға мүдделі екенін растады.Кездесу аясында көпжақты мәселелер мен өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу өтті.Тараптар екіжақты және көпжақты серіктестіктің бүкіл спектрі бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға өзара дайын екенін растады.2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштері БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына қатысып келеді. Қазақстанның 80 азаматы әскери бақылаушы және штаб офицері ретінде миссияларға қатысқан. 700-ге жуық әскери қызметші БҰҰ-ның әртүрлі елдердегі арнайы операцияларына жұмылдырылған. Қазіргі уақытта 158 қазақстандық Африка мен Таяу Шығыстағы бітімгершілік күштер құрамында қызмет етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/997848?lang=kk
«Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы 21.05.2025
Құрметті азаматтар!2025 жылдың 3 сәуірінен бастап «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» Республикалық акциясы басталды!Енді сіздердің әрқайсысыңыз күнделікті сатып алулар жасай отырып немесе ақылы қызметтерді ала отырып, тек фискалдық түбіртек алып қана қоймай, бағалы сыйлықтарды, соның ішінде ақшалай сыйлықтарды ұтып ала аласыз. Алынған түбіртекті «Amian» мобильді қосымшасында тіркесеңіз болғаны.Сондай-ақ, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап «Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқан күшіне енеді.Осы науқан аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталатын болады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең үздік 50 пайдаланушының біріне беріледі - барлығы 20 жеңімпаз.  «Бәйге» акциясы үш кезеңде өтеді:Бірінші кезең – 1 мамырдан 30 маусымға дейін;екінші – үшінші тоқсанда;Ал үшінші – 2025 жылдың төртінші тоқсанында. Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады.  Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысады.Әрбір жүктеп салынған чек ұтып алудың бір мүмкіндігі.Ай сайын – 10 жеңімпазға дейін, әрқайсысы 100 000 бонус алады.Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз. Неғұрлым көп чектерді тіркесеңіз, ұтып алу мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары болады.Сондай-ақ, Жақсы, Аршалы, Астрахан, Есіл, Біржан сал және Целиноград аудандарының тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2% көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына аударуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1000755?lang=kk
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауы 21.05.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-16 мамыр күндері меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі»   байқауының облыстық кезеңін өткізді.Байқауға қатысушылардың Ережеге сәйкес Е-портфолиолары, «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі»  тақырыбындағы эсселері және кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттері қаралды.       Байқаудың комиссия мүшелерінің  шешімі:  Бас жүлде – Ляшова А. Е. - ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК;1-орын – Демидова Т.В. ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 «Айгөлек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК және Толеуханова Г.С. ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КМКҚ;2-орын – Мамиева С.К. ШҚО ББ «Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса балабақшасы» КМҚК, Нургазина К.К.- ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК және Тоқтарова Е.Б. ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжйы» КМҚК;3-орын – Сапина Г.С. ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Балапан бөбекжайы» КМҚК және Бородавкина Е.В. ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчелка» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;«Шығармашыл педагог» номинациясы - Сапабаева Н.Б. - ШҚО ББ «Марқакөл ауданының бойынша білім бөлімінің «Марқакөл аулының балабақшасы» КМҚК.Жүлделі орын алған педагогтер ШҚО ББ дипломдарымен, мадақтамаларымен марапатталды.Байқау жеңімпазы - ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК А. Е. Ляшованың байқау материалдары республикалық кезеңге жолдама алды.Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997639?lang=kk
Қазақстанның Қорғаныс министрі Италия, Германия және Қытай әріптестерімен келіссөздер жүргізді 21.05.2025
Берлинде өткен БҰҰ-ның бейбітшілікті сақтау жөніндегі министрлік конференциясы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың шетелдік әріптестерімен екіжақты келіссөздері өтті. Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозеттомен келіссөздер барысында тараптар әскери білім беру, әскери-техникалық және бітімгерлік саласындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты талқылады. Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі итальяндық әріптесін Астанаға шақырды.Бұдан өзге, іс-шара барысында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Германия Қорғаныс министрі Борис Писториуспен және Қытай Халық Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньмен хаттамалық кездесулері өткізіліп, онда әскери ынтымақтастықтың ағымдағы аспектілері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997624?lang=kk
Құрметті азаматтар! 21.05.2025
Хабарлама Құрметті азаматтар!2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз.Осыған байланысты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерге, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарына қызметке түсетін азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының тест сұрақтары жаңартылды.Сіздерге сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1253055?lang=ru
Қазақстандық делегация ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Парламенттік одағы конференциясының 19-шы сессиясына қатысты 21.05.2025
Джакарта, 2025 жылғы 14-15 мамыр – Қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисовтың басшылығымен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің Парламенттік одағы (PUIC) конференциясының Джакартада өткен 19-шы сессиясына қатысты.Сессия жұмысы барысында парламенттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, ИЫҰ-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ислам әлемі алдында тұрған өзекті сын-тегеуріндер талқыланды. Қазақстан тарапы PUIC аясында ынтымақтастық, өзара түсіністік пен сындарлы диалог қағидаттарына бейілділік білдірді.PUIC 19-шы сессиясының басты қорытындыларының бірі – Джакарта декларациясының қабылдануы болды. Бұл құжатта парламентаралық ынтымақтастықты күшейту, жаһандық сын-қатерлерге бірлескен жауап беру және әлемдегі мұсылман қауымдастықтарының құқықтарын қорғау қажеттігі ерекше атап өтілді. Бұдан бөлек, конференция аясында ИЫҰ Парламенттік одағының 2025 жылға арналған бюджетін бекіту, әкімшілік және ұйымдастырушылық рәсімдерді реттеу, сондай-ақ PUIC Бас хатшысының орынбасарларын сайлау іске асырылды. Отырыс ұйымның құрылғанына 25 жыл толуымен тұспа-тұс келіп, бұл шараға символдық мән беріп, PUIC-тің қазіргі халықаралық жағдайда атқаратын рөлін қайта қарастыруға мүмкіндік берді.Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисов парламентаралық дипломатияның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды құрал екенін атап өтіп, тұрақты даму, қауіпсіздік, білім беру және адам құқықтары мәселелерін бірлесіп шешуге шақырды. Сонымен қатар, ол еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық тұрғыдан қуатты, өркендеген және әділетті Қазақстанды құруға бағытталған жасампаз әрі реформаторлық қызметін атап көрсетті.Шара аясында сенатор Әзербайжан, Қырғызстан және өзге де елдердің парламент өкілдерімен кездесіп, өзара мүдделі мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/997613?lang=kk
ЖШС «DEBEX (ДЕБЕКС)» рұқсат беру туралы 21.05.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарының 2024 жылғы 15 мамырдағы №2 бұйрығына сәйкес «DEBEX (ДЕБЕКС)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/997595?lang=kk
5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы 21.05.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың физикалық денсаулығының, физикалық және функционалдық дайындығының деңгейін анықтау.Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-6, 7-8 сынып оқушылары – аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.Олимпиада екі кезеңде өткізілді:1 кезең – теориялық бөлім;2 кезең – практикалық бөлім.Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідегідей бөлінді:5-6 сынып:І орын – Өскемен қаласының командасы;ІІ орын – Тарбағатай ауданының командасы;ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.7-8 сынып:І орын – Өскемен қаласының командасы;ІІ орын – Тарбағатай ауданының командасы;ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997563?lang=kk
Батыс Қазақстан облысында республикалық бюджет есебінен әлеуметтік осал топтар үшін баспана құрылысы салынуда. 21.05.2025
Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына қолайлы тұрғын үй жағдайларын жасау болып табылады.Батыс Қазақстан облысында республикалық бюджет есебінен әлеуметтік осал топтар үшін баспана құрылысы салынуда. Пәтер құрылысы Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала аудандарында салынады.- 2025 жылға пәтерлер сатып алу жоспары - 205 пәтер;- әр пәтердің жалпы ауданы 80 шаршы метрден аспауы керек, рұқсат етілген ауытқуы 5%-дан аспау керек).2025 жылдың соңына дейін әлеуметтік осал топтар үшін тағы да қосымша 350 пәтер салыну жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/997533?lang=kk
ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ 21.05.2025
ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІШымкент қаласының цифрландыру басқармасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді.Жария талқылауға Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Кемелов Мухит Абуталипович, ішкі талдауды жүргізген басқарма басшысының бұйрығымен құрылған жұмыс тобы: топ жекетшісі А.Өмірәлі, топ мүшелері: Е.Қырғызбаев, А.Маханов, Д.Амангелдиев, А.Елеусіз және Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері: Өмір Шыныбекұлы, Тұрлыбек Өмірбекұлы Қозыбақов қатысты.Жиын барысында жүргізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді шешу бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылып, оны жоюды және алдын алу туралы сөз қозғалды.https://www.instagram.com/reel/DJtO-5upgBm/?igsh=NjQ0YmNkN2RoNzEy  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/997504?lang=kk
ҚР Қарулы күштері: отбасын қолдау – мемлекеттің маңызды басымдығы 21.05.2025
15 мамырда қазақстандықтар отбасының қоғамдағы рөлін еске салатын мереке – Халықаралық Отбасы күнін атап өтеді.Қазақстан Қарулы күштеріндегі әрбір әскери бөлімде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызметтер құрылған. Олардың негізгі міндеті – отбасылық құндылықтарды нығайту, командирлерге отбасылардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, консультациялық көмек көрсету және мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру.Қызмет мамандары көп балалы, толық емес, жас отбасыларға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсетіп келеді. Биыл олар 700-ден астам заңгерлік және психологиялық кеңес берді. Басшылықтың 700-ден астам кездесуі мен 140 қайырымдылық акциясы өткізілді.Әскери бөлімдер жанындағы үйірмелер мен секцияларға әскери қызметшілердің 1 600-ден астам баласы барады. Негізгі әлеуметтік мекемелер жоқ шалғайдағы гарнизондарға ерекше назар аударылған. Мұнда қызмет мамандары ата-аналарға балаларды дамыту мен оқыту мәселелеріне, білім беру және сауықтыру қызметтеріне қол жеткізуге көмектеседі.Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шаралар дәстүрлі түрде еліміздің барлық аймақтарында өтіп тұрады. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін концерттер, конкурстар, көрмелер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Өткен жылдан бастап Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы уағдаластық шеңберінде әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында және оның Балқаш, Түркістан, Щучинск қалаларындағы филиалдарында демалуға мүмкіндік алды.ҚР Қорғаныс министрлігі осылайша әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруда:Естеріңізге сала кетейік, 1993 жылы БҰҰ бекіткен Халықаралық Отбасы күні бүкіл әлемдегі отбасы институтын қорғауға және қолдауға қатысты негізгі мәселелерге назар аударуға арналған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997505?lang=kk