Enbekshi QazaQ

Әлем

ХАЛЫҚТЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН БИЫЛ 67,9 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ 15.04.2025
Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.Кездесу барысында Мархабат Жайымбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік жоспарланған көрсеткіштен асып, қалаларда 93,8% (белгіленген жоспар 90%), ауылдарда 57,4%-ды (белгіленген жоспар 55% болатын) құрағанын айтты.Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының 80,7% -ы орталықтандырылған сумен жабдықталған (7,7 млн. адамның 6,2 млн. адамы). Бұл көрсеткіш су тарту жұмыстары ең алдымен халық саны көп елді мекендерде жүргізілетіндігін көрсетеді.«2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша диспропорцияны азайту мақсатында қаржыландыру көлемі 21,7% -ға артып, 67,9 млрд. теңгені (193 жоба) құрады. Қаржыландыру көбінесе қолжетімділігі төмен өңірлерге бағытталған. Биыл қалалық жерлерді сумен қамтамасыз ету және су тарту жұмыстарына 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл сомаға 40 жоба іске асырылатын болады. Ал, ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту үшін 45,2 млрд. теңгенің 153 жобасы жүзеге асрылады.Бұл жұмыстардың нәтижелері бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті елді мекендерде 59%-ға дейін, ал қалаларда 94%-ға дейін арттыру көзделіп отыр», - деді комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25812?lang=kk
2017 ЖЫЛЫ ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІ 1 МЛРД. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРДІ 15.04.2025
Яғни, автомобильмен 3,3 млрд. тонна жүк, теміржолмен  – 272,1 млн. тонна, су көлігімен – 4,2 млн. тонна жүк тасымалданды.Сонымен қатар, транзитті тасымал 20%-ға немесе 3,7 млн. тоннаға өсті. Жалпы транзит көлемі 18,1 млн. тонна деңгейінде қалыптасты, соның ішінде автомобиль көлігімен – 2,1 млн. тонна, теміржол көлігімен – 16 млн. тонна, су көлігімен – 1 тоннаға дейін жүк тасымалданған. Осылайша, тасымал көлемі бойынша жоспарланған барлық көрсеткіштер орындалды. Көлік комитетінің аумақтық органдарының жұмыс қорытындылары бойынша 193 мыңнан астам ауыр жүк көлігі (2016 жылмен салыстырғанда 9 %-ға артық); 15 мыңнан астам теміржол жылжымалы құрамы (2016 жылдың көрсеткішінен 3 есе артық); 875 жолаушылар пойызы (былтырғы көрсеткіштен 3,5 есе артық) тексерілді. Анықталған заң бұзушылықтар саны 2016 жылмен салыстырғанда 28%-ға өскен (92 254 және 127 252 сәйкесінше). Салынған айыппұл сомасы 1,009 млрд. теңгені құрады. Яғни, бір жылда 4%-ға өскен.Алқа отырысында ауыр салмақты автомобиль құралдарының жүріп-өтуіне бақылауды күшейту қажеттілігіне мән берілді. Осы мақсатта 2018 жылы көлік мәселелері жөнінде заң қабылдау жоспарланған. Бұл заң аясында автокөлік құралдарын тоқтатудың нақты себебін көрсететін автоматтандырылған бақылау енгізіледі. Сонымен бірге, автомобильдің салмақ параметрлерін арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын (ААӨҚ) кеңінен пайдалану бойынша жұмыстар жалғасады. Аталмыш жүйелердің 2013-2014 жылдардағы жұмысын ескере отырып, ААӨҚ тек қайта өлшеу бақылау тұрғысында қолданылады. Жалпы жыл соңына дейін іске қосылған ААӨҚ санын 20-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.2017 жылы халықаралық тасымалдар нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі алғашқы рет 52%-ға өсті. Бұл көрсеткішке жету үшін көлікті бақылау органдары келесі шараларды өткізді: тексерілген шетел автокөлік құралдарының саны 7,3%-ға, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасынан келген хабарламаларды 95%-ға жабу  және 2016 жылмен салыстырғанда қазақстандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат құжаттарын беру көлемі 12,8 %-ға ұлғайту. Биыл көлік саласындағы бизнес-процесстерді оңтайландырып,  қызмет көрсету мерзімі мен жеке рұқсаттамаларды электронды форматқа көшіру арқылы мемлекеттік қызметтер санын 35-тен 14-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр.Теміржол саласында түбегейлі жүйелі шаралар қабылдау қажет. Мысалы, тасымалдау үрдісіне қатысушылардың жауапкершілігін белгілейтін, олардың өзара қарым-қатынасын реттейтін, жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын енгізетін теміржол көлігі туралы жаңа Заң дайндалуда.Биыл су көлігіндегі бақылауды оңтайландыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, заңнамаға тұзетулерді енгізу арқылы шағын көлемді кемелерге жүргізілетін  техникалық бақылау алынып тасталады және оларды тексеру тәртібі реттеледі, теңіз кемелерін тексеру мерзімі белгіленеді. Яғни, енді жарты жылда бір рет тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға бақылау жүргізу функциясы жойылады. Күн тәртібінде жеке Комитет пен оның аумақтық органдарының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселесі белгіленді. Комитет 2017 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Нәтижелерін ескере отырып, автомобиль көлігі саласында халықаралық тасымалдаушылар көлік құралдарының жүруіне алдын-ала онлайн тіркеу жасауды  енгізу жоспарланып отыр; жүріп келе жатқан көлік кұралдарына автоматтандырылған өлшеу жүйелерін орнату; автокөлік құралын тоқтату негіздемесі туралы заңнамалық түзетулер қабылдау, қағаз рұқсаттамаларын алып тастау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25808?lang=kk
Қала әкімі қалалық металды өңдеу цехын аралады. 15.04.2025
Қаламызда қатты тұрмыстық қалдықтар жиналатын орындарды біркелкі әрі жабық үлгіге келтіру жоспарда бар. Бұл — қала келбеті мен санитариялық жағдайды жақсартудың маңызды бөлігі.Осы бағытта жергілікті кәсіпкерлерді қолдау – басты назарда. Қала әкімі металл өңдеумен айналысатын жергілікті цехқа барып, олардың дайындаған бұйымдарымен таныстым.Контейнерлік алаңдарды орнату жұмыстарын биыл толық аяқтауды көздеп отырмыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975542?lang=kk
Қала әкімі қаланың аумағын аралап, аулаларды ішінара абаттандыруды жоспарлау мақсатында тексеріс жүргізді. 15.04.2025
Қала әкімі аумағын аралап, аулаларды ішінара абаттандыруды жоспарлау мақсатында жағдаймен таныстым.Тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадым. Аулаларды жайлы әрі қауіпсіз ету үшін бірқатар ойлармен бөлістік. Халықтың пікірі — басты бағдар.Алдағы уақытта тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, аулаларды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975539?lang=kk
Ұлттық қор -балаларға бағдарламасы аясында БЖЗҚ 9 миллионнан аса АҚШ долларын аударды 15.04.2025
Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында БЖЗҚ 9 миллионнан аса АҚШ долларын аударды2025 жылдың 1 сәуіріне дейін «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында «БЖЗҚ» АҚ 83 937 өтінішті орындап, жалпы сомасы 9,30 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны уәкілетті операторлар арқылы өтініш берушілердің банктік шоттарына аударды.📌 Қаражат қайда бағытталды?🏠 Тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 5,37 миллион доллар (48 626 өтініш):▪️ 5,24 миллион доллар – тұрғын үй құрылыс жинақтарын толықтыруға (47 358 өтініш).▪️ 42,48 мың доллар – ипотекалық несиенің бастапқы жарнасы ретінде (398 өтініш).▪️ 35,71 мың доллар – азаматтық-құқықтық мәмілелермен тұрғын үй сатып алуға (345 өтініш).🎓 Білім алу үшін – 3,93 миллион доллар (35 311 өтініш):▪️ 3,42 миллион доллар – Қазақстандағы оқу ақысын төлеуге (30 521 өтініш).▪️ 383,6 мың доллар – білім беру жинақ шотын толықтыруға (3 616 өтініш).▪️ 106,04 мың доллар – шетелде оқу ақысын төлеуге (1 015 өтініш).💡 Еске сала кетейік, биыл еліміздің барлық балаларына Ұлттық қордан екінші рет қаражат есептелді. Жиналған қаражатты толық немесе ішінара пайдалануға болады, ал пайдаланылмаған сома мақсатты жинақ шотында (МЖШ) қалады.📲 Кәмілет жасына толған балалар өздерінің МЖШ шотын БЖЗҚ сайтында жеке кабинетке немесе eGov ұялы қосымшасына кіріп, тексере алады, содан кейін операторға онлайн өтініш бере алады.📌 Бағдарлама туралы толық ақпарат kids.enpf.kz сайтында.📺 Видео нұсқаулықты БЖЗҚ YouTube арнасынан көре аласызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-marinov/press/news/details/975537?lang=kk
Қала әкімі ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткіштің жөндеу жұмыстарын тексерді 15.04.2025
Әкім Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын тексердім. Батырларымыздың ерлігі — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.Тиісті қызметтер мен мердігер ұйымға жұмысты жеделдетіп, сапа талаптарын қатаң сақтауды тапсырдым. Жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтаймыз. Бақылау — жеке қадағалауымда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975535?lang=kk
Қала әкімі спорт кешенінің құрылысы барысын тексерді 15.04.2025
Қазақстан халқына қорының қаржысына қаламызда салынып жатқан жабық спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Әкім нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстым.Құрылыс барысын мұқият қарап шықтым. Сапаға қатысты бірқатар ескертулер жасалды. Бұл — болашақта тұрғындар игілігіне қызмет ететін маңызды әлеуметтік нысан. Сондықтан әрбір деталь назарда.Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975532?lang=kk
Қазақстанның зейнетақы жүйесі үздіктер қатарында 15.04.2025
Қазақстанның зейнетақы жүйесі қаншалықты тұрақты?Жуырда Allianz компаниясы жаңартылған жаһандық зейнетақы есебін жариялады, онда Қазақстан 71 елдің ішінде 26-орынға ие болып, 2023 жылмен салыстырғанда өз позициясын айтарлықтай жақсартты (75 елдің ішінде 34-орын болған). Қазақстан Австрия, Сингапур, Гонконг, Қытай, Испания, Чили сынды елдерді басып озды. Allianz рейтингі кешендегі жүйелерін үш қосалқы индекс бойынша бағалайды. Қазақстанның жалпы көрсеткіші 3,6 балды құрады (1-ден 7-ге дейінгі шкала бойынша, мұнда 1 – ең жақсы нәтиже). Көрсеткіштердің бірі – зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы.Бұл нені білдіреді? Бұл – елдің зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді перспективада тиімді және үздіксіз жұмыс істеу қабілеті.Тұрақтылықтың маңызды аспектілері:1. Қаржылық тұрақтылық: болашақта зейнетақы төлеуге жеткілікті қаражаттың болуы.2. Жинақтау тетіктерінің сенімділігі: азаматтардың шоттарындағы қаражат инфляцияны ескере отырып өсуі үшін зейнетақы қорларын тиімді басқару.3. Демографиялық өзгерістерге бейімделу: жүйенің жарналарды төлейтін жұмыс істейтін азаматтар саны мен төлемдер алатын зейнеткерлер саны арасындағы тепе-теңдікті сақтау мүмкіндігі.4. Әлеуметтік әділдік: зейнетке шығу мәселесінде барлық азаматтар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету. Егер зейнетақы жүйесі тұрақты болса, ол экономикалық дағдарыстарға, халықтың қартаюы сияқты демографиялық өзгерістерге төтеп беріп, зейнеткерлер үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады. Бұл нәтиже көптеген экономикасы озық деген Норвегия (4,0), Швейцария (4,2), Сингапур, Испания (әрқайсысы 4,4), Малайзия (5,4) секілді елдердің көрсеткішінен жоғары. Толық есеппен бірінші түсініктемедегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.enpf.kz/ru/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-marinov/press/news/details/975529?lang=kk
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды. Аталған бұйрық жобасы   https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15510185   сілтемесі бойынша  қол жетімді.Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/975528?lang=kk
Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді. 15.04.2025
Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.Қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;«Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдау керек;«№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау қажет;өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-kuibyshev/press/news/details/975518?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті 15.04.2025
Қала аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.Сенбіліктің басты мақсаты – қала тазалығын жақсарту және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Жұмыс барысында қала көшелері мен аула аумақтары, жұмыс орындарының аумақтары, сондай-ақ орман-саябақ аймағы және т.б. тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975511?lang=kk
Шахтинск қалалық СЭББ-да мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті 15.04.2025
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев және бөлім басшысы Дмитрий Арнт мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көшпелі кеңес өткізді.Басқарма мамандарымен қызметтік этика нормаларының сақталуы, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында ұжымда анонимді сауалнама жүргізілді. Мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар толығымен берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/975510?lang=kk
Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады 15.04.2025
Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады«Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», – Қ.К. Тоқаев, IV Ұлттық құрылтай, 14 наурыз 2025 жыл, Бурабай.2024–2025 жылғы жылумен жабдықтау бойынша күзгі-қысқы маусым күрделі ақауларсыз өтті, бұл Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шараларының нәтижелі болғанын көрсетеді.Маусымға дайындық 10 энергетикалық блоктың, 55 қазандықтың және 45 турбинаның күрделі жөндеуін қамтып, ЖЭО және жылу желілеріндегі жоғары тозуды азайту процесін бастауға мүмкіндік берді. Электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 27%-ға (1 070-тен 782 жағдайға) азайса, ал температуралық графиктің сақтамау жағдайлары 3,3 есеге (215-тен 65 жағдайға) қысқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/975486?lang=kk
Қазақстанда спорт саласын дамыту: жүйелі реформалар, инфрақұрылым, бұқаралық спорт және чемпиондар даярлау. 15.04.2025
Қазақстанда дене шынықтыру сабақтарынан бастап халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға дейін тең қолжетімділікті құру бойынша спорт саласын дамытуда дәйекті жұмыс жүргізілуде. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін насихаттау, инфрақұрылымды жаңғырту және жаттықтырушылар құрамын қолдау басымдыққа ие болып қала береді.Бүгінгі таңда спортпен және дене шынықтырумен 8 миллионнан астам қазақстандық шұғылданады. Бұл ел халқының 41,4% құрайды. Мемлекет бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50% - ға жеткізуді көздейді. Қазірдің өзінде тұрақты шұғылданушы балалар мен жасөспірімдердің үлесі 30% - дан асады. Мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасының ауқымы кеңеюде: 4 жастан 17 жасқа дейінгі 240 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секцияларына тегін барады.Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975305?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/975484?lang=kk
Ағаш отырғызу 15.04.2025
Ағаш отырғызуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-qamystybas/press/news/details/975481?lang=kk
Қарабалық ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы 15.04.2025
Ү.ж. 15 сәуір күні сағ. 15:00 – 18:00 аралығында Қарабалық ауданы Қарабалық аулында, Қарабалық аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Қарабалық-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізедіІс-шараның мақсаты  құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Терроризмге қарсы күрес жөніндегіҚарабалық аудандық жедел штабыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/975474?lang=kk
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қалалық мәслихат депутаттары 2025 жылдың 25 сәуірінде  сағат 17.00- ден 18.00-ге дейін қала тұрғындарының жеке мәселелері бойынша «Ашық есік» күнін өткізеді. Өтетін орны:  Балқаш көшесі 5- үйдің 2 қабатында ораналасқан мәслихат ғимараты.Анықтама және жазылу 8(71039) 5-33-16 телефоны арқылы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/975464?lang=kk
ӘЛЕУМЕТТІК КЛИМАТТЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ 15.04.2025
Халықтың кері байланысын алу (пікір, шағым мен тілектер) құралы ретінде, қала тұрғындары тарапынан берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыруға бағытталған жүйе ретінде Experience бағдарламасының QR-кодтарын ұсынамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/975462?lang=kk
✨Бүгін ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. 15.04.2025
✨Мемлекеттік мекемелер мен мекемелер қызметкерлері белгіленген орындарда қоқыстарды шығару және тазалау жұмыстарын жүргізді.✨Сенбілікке аудан тұрғындары да белсене атсалысты.✨Аймақты абаттандыруға қатысып, қолдау көрсеткен барша жерлестеріме алғыс айтамын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uspenka/press/news/details/975458?lang=kk
«Балалық шақ әлемі – үйлесімділік әлемі» қалалық педагогикалық шеберлік байқауы 15.04.2025
Өскемен қаласының білім бөлімі №17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайы КМҚК  базасында  «Балалық шақ әлемі – үйлесімділік әлемі» педагогикалық шеберлік байқауының үшінші, соңғы кезеңін өткізді.   Қазылар алқасының құрамында:  Өскемен қаласы білім бөлімінің ҚӘК әдіскері Нугумарова А. Д., педагог-психологтар  Гализина Е. А. (№17 «Ручеек» балабақшасы), Олейник А. Н. (№11 «Айгөлек» балабақшасы), Погребнякова С. В. («Шуақ» балабақшасы), Сергиенко О. А. (№70 балабақша-ясли) педагог-психологтардың, логопедтердің, дефектологтардың, педагог-ассистенттердің  және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үздік әзірлемелері атап өтілді. «Ең креативті сабақ – стандарттан тыс әдістер мен тәсілдерді қолдану», «Көрермендер көзайымы», «Интеграция», «Шығармашылық тәсіл» номинациялары бойынша  жеңімпаздар шеберлік сыныптармен , педагогикалық әдістермен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзете-дамыта жұмыс жүргізу техникасымен бөлісті.Қатысушылар білім бөліміне алғыстарын білдіріп, өткізілген конкурстың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/975430?lang=kk