Әлем
Олжас Бектенов: туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды.Премьер-министр туристік саланың айтарлықтай әлеуеті барын және туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет екенін атап өтті.«Қазақстан – тарихы терең, табиғаты әсем, мәдениет пен салт-дәстүрге бай мемлекет. Ұлан-ғайыр даламыздың әр қиырында туристерді қызықтыратын көрікті жерлер көп. Сондықтан туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет.Бұл ретте, Қазақстандағы туризмнің даму әлеуеті өте жоғары. Соңғы 5 жылда туристердің саны 7,5 есеге өсті. Былтыр елімізге 15 млн-нан астам адам саяхаттап келді»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972250?lang=kk
Бурабайда конгресс орталығы, жағажай және жаңа бағыттар салынады: инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылады 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай курорттық аймағында ауқымды абаттандыру күтіліп отырғанын айтты.Оның айтуынша, туристік инфрақұрылымды дамыту аясында курорттық аймақта 8 қарау алаңы салынады,14 туристік бағыт, Щучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылады.«Щучинск қаласында дендрологиялық паркті реконструкциялау басталады. Көпсалалы конгресс орталығы маңызды туристік объектілердің біріне және Бурабай курортының визит карточкасына айналуы тиіс»,— деп атап өтті өңір әкімі.Ол бүгінде жер телімі анықталып, жобаны әзірлеу жұмыстары басталғанын, күзге дейін дайын болатынын айтты.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972225?lang=kk
Туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет: Үкіметте саланы қолдау шаралары қаралды 15.04.2025
Туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет: Үкіметте саланы қолдау шаралары қаралдыҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов саладағы көрсеткіштер мен нәтижелер туралы баяндады. Өз кезегінде бірқатар өңір әкімдері, Рioneer отбасылық курортының басшысы Мұрат Қаратай, «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов баяндама жасады.2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 900 мың адамға артық. Жалпы, Туризм және спорт министрлігінің деректері бойынша елімізге15 млн-нан астам шетелдік қонақ келген.Премьер-министр туристік саланың айтарлықтай әлеуеті барын және туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет екенін атап өтті.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған салада ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысында тау кластерін дамыту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан – тау шаңғысы мен табиғи туризмді дамытуға қолайлы өңір. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар құруға, экологиялық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ақтау маңындағы “Жылы жағажай” аумағында бес жұлдызды қонақ үй мен тақырыптық ойын-сауық паркін салу жобалары іске асырылды. Аталған өңірдегі Кендірлі курорттық аймағында әуежай салынып, туризмді дамытуға тың серпін беріледі. Сонымен қатар фермерлерге агротуризммен айналысуға құқық беру үшін тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетіп, туындайтын мәселелерді шешуге қашанда әзір», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aishuak/press/news/details/972814?lang=kk
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту: 2029 жылға дейінгі кешенді жоспар бекітілді 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауға көңіл бөлінді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аталған курорттық аймақты дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілгенін және іске асырылып жатқанын хабарлады. Жоспар өңірдің туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымын ауқымды дамытуға бағытталған.«Жоспарға тұжырымдамалық түрде жаңа орындарды: "Ақбура" курорты, Қатаркөл және Жөкей көлдерінің айналасындағы туризм аймақтарын дамыту бойынша іс-шаралар енгізілген. 34 инженерлік және көліктік жобаларды жүзеге асырудың басымдығы айқындалды. Нәтижесінде, 400 шақырым сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелері, 116 шақырым электр желілері және 80 шақырым автомобиль жолдары реконструкциядан өтіп, салынатын болады»,— деді әкім.2025 жылы Бурабай курортын инфрақұрылымдық дамытуға 3,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:➤ 0,7 млрд теңге – республикалық бюджеттен,➤ 2,8 млрд теңге – жергілікті бюджеттен.Щучинск-Бурабай курорттық аймағы еліміздегі үш туризм орталығының бірі болып белгіленді және өңірдің негізгі курорты болып қала береді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972222?lang=kk
Туризм министрлігі NEO NOMAD Visa цифрландыру және Tax Free жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс істейді 15.04.2025
Шетелдік туристердің Neo Nomad Visa алу рәсімін жеңілдету мақсатында оны визалық көші-қон порталы арқылы электронды форматта ресімдеу мүмкіндігін енгізу ұсынылады. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ғана ресімдеуге болады. Бұл шетелдіктерге Қазақстанда бір жыл тұруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар тағы бір маңызды бағыт – шопинг туризмін дамыту. Tax Free жүйесі туристердің сатып алу белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы болып саналады, бұл жүйе көптеген дамыған елдерде жұмыс істейді. Ал елімізде 2019 жылы пилоттық режимде Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында енгізілген. Аталған жүйе аясында шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгеге тауарлар сатылды. Орташа сату чегі 837 мың теңгені құрады. Бұл әлемдегі үздік 10 елдің қатарындағы көрсеткіш.Осыған байланысты Туризм министрлігі Tax Free жүйесін пилоттық жүйеден тұрақты жұмыс режиміне ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ осы жүйені еліміздің барлық өңірлерінде енгізуді ұсынады.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972217?lang=kk
Үкімет шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіреді 15.04.2025
Шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіру үшін Туризм және спорт министрлігі Ұлттық статистика бюросына ұялы байланыс операторларының деректеріне қол жеткізуді ұсынады. Сонымен қатар экономикалық салымды талдау үшін банктік карта операциялары негізінде туристердің шығындары туралы ақпарат қажет.Қазіргі уақытта шетелдік келушілерді есепке алу ҚР ҰҚК Шекара қызметінің статистикасы бойынша, ал ішкі туризм туралы деректер – орналастыру объектілерінің есебі негізінде қалыптастырылады. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972216?lang=kk
Көкшетаулық патруль қызметкерлері "Автоураган" кешенінің көмегімен көлікті айдап әкетушіні ұстады 15.04.2025
Ұрланған көлік бір сағат ішінде табылды.6 сәуірде Көкшетау қаласының патрульдік полиция экипажы полиция капитаны Райымбек Есмагулов пен аға лейтенант Сұлтан Байболов көлік құралын айдап әкеткен күдіктінің ізін суытпай ұстады. "Ауди А6" маркалы автокөлікті айдап әкету туралы арыз полицияға таңғы сағат 11 шамасында келіп түсті. Иесі көлікті үйінің ауласындағы автотұрақтан таппай, дереу полицейлерден көмек сұрады. Патруль қызметкерлері хабарламаға жылдам ден қойып, бірден көліктің маркасы, мемлекеттік нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты таратты. Полицейлер бұл деректерді "Автоураган" жүйесі арқылы да тексерді. Жүйеден алынған мәліметтерге сәйкес, бір сағат бұрын ұрланған көлік Красный Яр ауылының бағытында тас жолмен жүріп өтті. Полицейлер көрсетілген координаттарға дереу барып, көлікті айдап әкетушіні ұстады. Күдікті мас күйінде қылмыс жасаған Солтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұстау кезінде де ер адам мас болған және полицейлерге көліктің салонына қалай кіріп, оқиға орнынан кетіп қалғанын түсіндіре алмады. Айдап әкету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, айдап әкетушіге қатысты мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін хаттама толтырылды. Тергеу жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/972194?lang=kk
Целиноград ауданында патрульдеушілер құжатсыз екі шетелдік азаматты анықтады, олардың біреуі шығарып жіберу ісі бойынша, екінш ісі алимент төлемегені үшін іздеуде болған 15.04.2025
Целиноград ауданындағы «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1225 шақырымында автожолды патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері "Шевролет Кобальт"маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер автомобиль салонындағы шетел азаматтарына назар аударды. Оларда өзімен құжаттар болмағаны белігілі болып шықты.Патрульдеушілер азаматтарды дереу полицияның учаскелік пунктіне әрі қарай тексеру үшін жеткізді. Бұл бекер емес болып шықты. Учаскелік полиция инспекторларытексеру барысында, олардың біреуін елордалық құқық қорғау органдары шығарып жіберу туралы іс бойынша іздеуде, ал екіншісін Қостанай облысының полициясы алимент төлемегені үшін іздеуде жүргенін анықтады. Осыдан кейін полиция іздестіру бастамашыларына хабарлап, жазаның бұл тартпастығы үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.Полицейлер шетел азаматтарын Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ көші-қон заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/972192?lang=kk
«Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметі туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі Бас прокуратураны үйлестіру кезінде тұтыну кооперативі ретінде жасырылған "Asar Baspana" қаржы пирамидасының қызметіне жол бермеді.Тергеу барысында Н.М.Туғанбаев бастаған пирамиданы ұйымдастырушылар 86 мың азаматты 12,4 млрд.теңгеге тартып, ай сайын 30% - ға дейін табыс әкелетіні анықталды. Шындығында, нақты бизнес болған жоқ, төлемдер жаңа қатысушылардың инвестициялары есебінен жүргізілді.Нәтижесінде 3,8 млрд. теңгені Туғанбаев пен оның серіктестері берді.Күдіктілер Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы, тұрмыстық және медициналық техника зауыты жүзеге асырылып жатыр деп, салымшыларды жаңылыстырды. Шын мәнінде, өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынды және "Asar Baspana"логотипімен жасырылды. 2024 жылдың желтоқсанынан бастап, пирамидаға деген сенім төмендей бастаған кезде, ұйымдастырушылар автокөлік дүкендерін іске қосу және дилерлермен ынтымақтастық туралы жалған мәліметтерді таратты. Іс жүзінде автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып, Туғанбаевтың туыстарына ресімделді. Пирамиданың ашылуы сөзсіз болған кезде, 2025 жылдың 8 ақпанында Туғанбаев қылмыстық әрекеттің іздерін жасыру мақсатында "Asar Baspana" сайтын техникалық режимге қоюды тапсырды. Тергеу барысында Серверлік деректер қалпына келтірілді. "Gold" деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының біреуіне ғана пәтер берілгені анықталды. "Platina" бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің ішінен машина да бір салымшыға бұйырды.2025 жылғы 9 ақпанда 49 кеңседе және тұрғылықты жері бойынша 81 фигурантты тінту жүргізілді.Нәтижелері бойынша Туғанбаевқа және оның жақындарына ресімделген Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 қоса алғанда, 1,1 млрд.теңге, 10 премиум-класты автомобиль тәркіленді.Бұдан басқа, Ақтау қаласында ағасы Н.М. Туғанбаевтан 945 млн.теңге қолма-қол тәркіленді, олар кооперативтің шоттарында болуы тиіс еді.1,2 млрд. теңгеден астам сомаға шоттар қамауға алынды және шектелді.2025 жылғы 11 ақпанда Сот н.М. Туғанбаев пен Н. Байтасовқа қатысты 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.Аталған жағдайларға қарамастан, бірқатар белсенділер, соның ішінде Қостанай облысы бойынша да мессенджерлер арқылы "Asar Baspana" қатысушыларын ұйым заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырды деп қате сеніп, өтініштерден бас тартуға шақырады.Жоғарыда айтылған негізінде Сіздерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-1-бабы және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 150-бабы бойынша қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/press/news/details/972188?lang=kk
БОКСТАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2 СПОРШЫСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ 15.04.2025
✔️Бразилияда World Boxing әлем кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен түркістандық боксшылар 2 қола медальға қол жеткізді.✔️Атап айтқанда, 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек, +90 келіде Даниял Сапарбай үшінші орынға ие болды. Бұл спортшыларды Шыңғыс Демеуов пен Ербол Ахантаев баптады. Жүлдегер боксшылар «Түркістан» кәсіпқой бокс клубының шәкірттері.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/972185?lang=kk
ӨКІЛ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ "QYZYLORDA OBLYSY KÁSІPODAQTAR ORTALYĞY" АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 15.04.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы бірлестігінің төрағасы Максут Налибаевпен және облыстағы кәсіподақ ұйымның төрағаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылап, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Құжат Өкіл институты мен өңірлік Кәсіподақ ұйымдары арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға бағытталған. Меморандум аясында тараптар бірнеше маңызды бағыт бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге келісті: еңбеккерлердің ҚР Конституциясында кепілдік берілген құқықтарын қорғау бойынша бірлескен жұмысшы топтар құру, жұмыс берушілердің қызметкерлерге өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алатын қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау құқығын сақтауына, қазіргі заманғы еңбек қауіпсіздігі құралдарын енгізуіне мониторинг жасау, ұсынымдар енгізу, түрлі мәселелер бойынша зерделеулер жүргізу, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, шағымдар бойынша жедел ақпарат алмасу, адам құқықтары жөнінде дөңгелек үстелдер мен білім беру іс-шараларын өткізу.Максут Налибаев азаматтардың құқықтарын бұзатын мәселелерді тиімді шешуде бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ, тараптар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ағарту іс-шараларын өткізу қажеттілігін талқылады. Омбудсмен өз кеңсесінің басты міндеттерінің бірі ретінде халық арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізуге айрықша назар аударатынын мәлімдеді.Меморандумға қол қою өңірде адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту мен азаматтар, мемлекеттік органдар және кәсіподақ ұйымдары арасындағы тиімді өзара әрекеттесу арналарын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/972179?lang=kk
«Birlik» ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» фестивалінде ерекше өнер көрсетті 15.04.2025
Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «Birlik» ән-би ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» халықаралық фестивалінің сахнасында өнер көрсетті.Әртістер белгілі қазақ биі «Қара жорғаны» орындады. Көрермен де бұл өнерді қолдап, бишілермен бірге биледі.«Birlik» ансамблімен бірге фестивальге тағы сегіз шығармашылық ұжым қатысты. Олар – өз саласының кәсіби мамандары, әр ұлттың рухы мен дәстүрін сахнада бейнелейтін өнерге адал жандар.Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев атап өткендей, бұл фестиваль – тәжірибе алмасу мен шабыттануға, ортақ мәдени құндылықтарды бөлісуге мүмкіндік берген ерекше алаң болды. Іс-шара биыл Ақтауға берліген «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі аясында өтті.Айта кетейік, «Birlik» ансамблі 2024 жылдың 1 наурызында құрылған болатын. Ұжым құрамына кастинг нәтижесі бойынша іріктелген 20 үздік биші мен музыкант енді. Шығармашылық топтың басты мақсаты – әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі музыка мен биді көпшілікке таныту. Ансамбльге халықаралық байқаулардың лауреаты Анель Марабаева жетекшілік етеді. Сонымен қатар, қойылымдар мен хореографиялық композициялар дайындау барысында тәжірибе алмасу үшін жақын шетелдерден танымал хореографтар шақырылады.Биыл Ақтауда 30-дан астам халықаралық мәдени және шығармашылық бастамалар өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, фестивальдер, ғылыми конференциялар, көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылады. Аталмыш іс-шаралар түркі әлемі елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/972170?lang=kk
Сход 15.04.2025
Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округте тұрғындармен жиналыс өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar-k-zhubanov/press/news/details/972168?lang=kk
🔹Тазалыққа тұрғындар да жауапты 15.04.2025
📌Бүгін аудан әкімі М. Ысқақов аппараттық мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша бірқатар маңызды тапсырмалар берді:1. Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жандандыру.2. Жүк көліктері мен ауыр техникалардың ауылішілік жолдармен жүруіне тыйым салу үшін тиісті жұмыстарды атқару.3. Әскерге шақыру науқаны аясында жүйелі жұмыс жүргізу және 11 ауылдық округ мамандарына сөгіс жариялау.4. Бюджеттік қаржыны уақытылы игеру және жасалған жұмыс сапасына мән беру.5. Өздерінің ғимараттары мен оған тиесілі аумақтарында тазалық жұмыстарын жасамаған мекемелер мен жеке нысан иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту.Аудан әкімі ауыл тазалығына әкімшілікпен бірге әрбір тұрғынның жауапты екенін ерекше атап өтті. Тазалық – баршаға ортақ іс!Әрбір азаматтың белсенді қатысуы мен жауапкершілігі маңызды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-akkudyk/press/news/details/974249?lang=kk
Е.М. Абулхатин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында азамат Д. А. Лябухинмен жеке қабылдау өткізді 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.К. Жақыпованың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а. Е.М. Абулхатин Солтүстік Қазақстан облысына барды. Жұмыс сапары барысында азамат Д.А. Лябухинмен жеке қабылдау өткізілді.Жеке қабылдау нәтижелері бойынша Д.А. Лябухинге заң нормаларын өзгерту қызметі шеңберінде одан әрі жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атына жазбаша түрде жүгіну ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit/press/news/details/972128?lang=kk
«Бос орындар жәрмеңкесі» 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Әділет министрі мен Жамбыл облыстық әкімімен, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында Жамбыл облысы Әділет департаменті, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Тараз қаласының Прокуратурасының қатысумен Тараз қаласы бойынша «Мансап орталығымен» бірлесіп, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 27 мекен-жайында орналасқан «Март» сауда орталығында 2025 жылдың 16 сәуірінде сағ 15.00 де, «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізіледі.Қатысушылардың Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаты болуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/972111?lang=kk
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда 15.04.2025
Өңірде облыс тұрғындарының қатысуымен бірқатар тазалық акциялары өткізілді.Атап айтқанда, Тараз қаласы Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырып, саябақты қоқыстардан тазартты.- Облыста «Жасыл ел» бағдарламасы 2025 жылдан бастап табысты жүзеге асып келеді. Еңбек жасақтары студенттерді маусымдық жұмыспен қамтумен қатар, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға атсалысуда. Қатысушылар айналаны көгалдандыруға, спорттық кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға үлес қосуда» - деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры А. Қадралиев.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Тараз қаласы Жібек Жолы ауданы №13 шағын ауданында, «Қарахан» кесенесінің аумағында, Сарысу ауданы Жаңатас қаласының орталық саябағында және Мойынқұм ауданында өткізілді.Айта кетейік, облыс бойынша наурыз айынан басталған көктемгі екі айлық абаттандыру жұмыстары аясында «Таза қала», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Жасыл қала», «Болашақты бірге отырғызамыз» «Жер сағаты» және т.б. акциялары ұйымдастырылуда.Жамбыл облысында акция аясында 818 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 125 мың тұрғын үй аулалары мен 4,5 мың шақырым көшелер тазаланып, 12 мың тонна қоқыс шығарылды. Биыл егілетін 195 мың талдың бүгінге 70 мыңға жуығы отырғызылып, 2,4 мың ағаш бұталанды. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумақтары тұрақты қоқыстардан тазалануда. Бұл жұмыстарға 910 бірлік техника жұмылдырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/972109?lang=kk
Алматы кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әдеби сағат өтті 15.04.2025
Тарихи тағылым Алматы қаласының №4 кітапханасында ұйымдастырылған әдеби сағатта болды. «Ұлы Жеңіске — мәңгілік даңқ!» атты шара оқырмандарды жинап, батырларымыздың ерліктеріне толы өткенімізге тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қаһармандық жолын бейнелейтін шығармалармен танысып, сонымен қатар ардагерлермен жеке сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.Өздерінің естеліктерімен Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов пен еңбек ардагері Серік Ахмедов бөлісті. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтар мен майданда ерлік көрсеткен жолдастары туралы айтып берді. Қарулы қақтығыстар ардагері Оңғарбек Сыдықбеков 1969 жылғы Даманск аралындағы оқиғаларды еске түсірсе, Дуандар Умаров пен Роман Юн Ауған соғысы тақырыбын қозғады.Колледж студенттері мен мектеп оқушылары үшін бұл кездесу тек тарихи мәліметтермен танысу ғана емес, сондай-ақ ерлік пен патриотизмді дәріптейтін маңызды сабақ болды. Бұл кездесулер жастарға өткенімізді ұмытпай, оны қадірлеу және ата-бабалардың ерліктерімен мақтану қажеттігін терең ұғындырды.Іс-шара барысында оқу залында «Ұлы Жеңіс — ұрпақтарға үндеу» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ «Отты жылдардың жаңғырығы» атты тарихи-білім беру викторинасы өткізілді. Викторина жеңімпаздарына құнды кітаптар сыйға берілді.«Ұлы Отан соғысы — тарихымыздағы ең қайғылы әрі қаһармандық кезеңдердің бірі, бұл соғыс миллиондаған адамның тағдырын өзгертіп, үлкен сынақ болды. Майданда және тылда жасалған ерліктер Отанға деген сүйіспеншілік пен ерлікті, қайсарлықты білдіреді. Ұлы Жеңіс — бұл тек қана дата емес, ол азаттық пен тәуелсіздіктің символы болып табылады, ол үшін орасан зор құрбандықтар төленді. Біздің басты мақсатымыз — тарихи жадыны сақтап, жастардың патриоттық санасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті және өткенге құрметпен қарауды тәрбиелеу» , — деп атап өтті Алматы қаласының №4 филиал кітапханасының меңгерушісі Әлия Іңкәрбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-madeniet/press/news/details/972087?lang=kk
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: тиімді тетіктер мен болашаққа бағдар 15.04.2025
Қазіргі заманғы Қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты болып саналады. Бұл құбылыс елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, азаматтардың билікке деген сенімін төмендетіп, құқық үстемдігін әлсіретеді. Осыған орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру – уақыт талабы.Бірінші, институционалдық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді саясат жүргізу қажет. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен бағалау жүйесін жетілдіру маңызды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің ішкі процестерін саралап, жемқорлыққа бейім салаларды дер кезінде анықтауы тиіс.Екінші, қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру керек. Бұл үшін азаматтардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру, жастар арасында адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау – басты міндеттердің бірі.Үшінші, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету маңызды. Электрондық қызметтерді енгізу, ашық бюджеттер мен мемлекеттік сатып алулар порталдарын дамыту – бұл бағытта қол жеткізілген оң нәтижелердің мысалы бола алады.Төртінші, қоғамдық бақылау механизмдерін белсенді пайдалану қажет. Үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ, еріктілер мен белсенді азаматтар мемлекеттік басқару процесіне тартылуы тиіс. Ашықтық пен есептілік – сенімді арттыратын негізгі факторлар.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек заңнамалық немесе әкімшілік шаралармен шектелмейтін, жан-жақты тәсілді қажет ететін күрделі үдеріс. Бұл ретте мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы шешуші рөл атқарады. Ортақ жауапкершілік пен бірлескен әрекеттер ғана елімізде адал, әділ және парасатты қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді.Тулегенов Манар АманжолұлыҚарақия ауданы әкімінің орынбасары Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/972072?lang=kk
Теміртау – біздің үйіміз, оны бірге көркейтейік! 15.04.2025
🌱 Құрметті қала тұрғындары! 🌱12 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз. Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет!Өзіміз тұратын көшелер мен аулаларды таза әрі әдемі ету үшін барлығымыздың үлесіміз маңызды.✨ Теміртау – біздің үйіміз, оны бірге көркейтейік! ✨Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-temirtau/press/news/details/972065?lang=kk