Enbekshi QazaQ

Саясат

Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Ақтөбе өңірінің әлеуетімен танысты 24.12.2024
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті.Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Облыс әкімі екі елдің тату көршілік қатынастары мен тығыз өзара іс-қимыл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді байланыстардың белсенді дамуына ықпал ететінін алға тартты.Айтып өткен жөн, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қазірдің өзінде белсенді дамуда. 2024 жылдың қаңтар–қазан айларында Ақтөбе облысының Өзбекстан Республикасымен сыртқы сауда айналымы 40 млн АҚШ долларын құрады. Тауарлардың экспорты бидай, ұн, күнбағыс майы және мұнай өнімдері сияқты позицияларды қосқанда 29,3 миллион АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде импорт 10,7 млн долларды құрады, ондағы негізгі тауарлар – жеміс-көкөніс өнімдері, тұрмыстық техника, жаңғақтар, кептірілген жемістер, киім және тоқыма.«Әрқашан орнатылған ынтымақтастықтың одан әрі дамып жатқанына қуаныштымыз. Біз маусымнан тыс уақытта қоймаларда тұрақты көлемді қамтамасыз етуде тауарларды уақытылы жеткізуді ұйымдастыру үшін сіздердің бизнестеріңізбен жұмыс істеуге дайынбыз.Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы айтқым келеді. Көптеген қазақстандық Ташкент пен Самарқанды туристік бағыт ретінде қарастырады, сондай-ақ медициналық туризм аясында емделуге де барады.Бұл тұрғыда Ақтөбе мен Ташкент арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселесін шешу қажет. Бұған қажеттілік зор, өйткені қазір рейстер Түркістан арқылы жүзеге асырылуда», - деп атап өтті елшімен кездесу барысында өңір басшысы.Әкім өңірдің қолайлы географиялық жағдайы мен дамыған көлік инфрақұрылымы, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі Өзбекстанмен сауда байланыстарын кеңейтуде қосымша мүмкіндіктер туғызатынын тілге тиек етті.Өз кезегінде Бахтиер Ибрагимов өңірлер арасындағы әуе қатынасын дамыту перспективалы бағыт екенін сөз қылды. Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі кездесу қатысушыларына өз елінің туристік әлеуетін таныстырып, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.«Біздің елдеріміздің арасында жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынастар қалыптасты. Бүгін Ақтөбеде Өзбекстанның туристік әлеуетін алғаш рет таныстырып отырмыз, бұл көшбасшыларымыздың күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. 15 жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша еді, қазір екі ел арасында ешқандай шектеулер жоқ.Сіз басқаратын өңірмен ынтымақтастықты дамыту өте қызықты. Біз мәдениетаралық мен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға әзірміз. Екі өңір аумақтық жақындығы өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады», - деді Б.Ибрагимов.Елші Өзбекстанның Ақтөбе облысымен тоқыма өнімдерін, құрылыс және әрлеу материалдарын жеткізу бойынша ынтымақтасуға дайын екендігіне назар аударды. Өзбек делегациясы бұл мәселені ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесуде де талқылаған.Кездесу соңында Асхат Шахаров меймандарды Ақтөбе облысы нәтижелі өзара іс-қимылға дайын екендігіне және екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына әсер ететін зор әлеует барына сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905813
Қазақстанда «Пиротехника» акциясы басталды 24.12.2024
Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасы бойынша Ішкі істер министрлігімен, әкімдіктермен және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп 2024 жылғы 14 желтоқсаннан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанда жаңа жылдық мерекелер кезеңінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Акцияның мақсаты – пиротехниканы пайдалану ережелері бұзушылықтарының алдын алу, халықтың ықтимал қауіптер туралы хабардарлығын арттыру және жаңа жылдық мерекелер мен салюттер сияқты бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Іс-шара аясында өртке қарсы қызмет және әкімшілік полиция комитеттерінің басшыларымен бірлесіп дайындалған кешенді жоспар бекітілді. «Іс-шараның алғашқы күндерінде 590 бірлескен рейд жүргізілді, оның барысында азаматтарға пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ, жарықтандыруды, электр гирляндаларын және әшекейлерді қауіпсіз пайдалануға ерекше назар аударылады. Бұқаралық іс-шаралар жоспарланған объектілердің иелеріне үй-жайларда пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салу туралы еске саламыз», - деп Ерлан Төрегелдиев, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда, оның ішінде салют орындарында 1 100 профилактикалық іс-шара өткізілді. Қауіпсіздікті оқыту шеңберінде ұйым қызметкерлерінің, педагогтардың, студенттер мен балалардың қатысуымен 1 256 эвакуациялық жаттығу ұйымдастырылды. ТЖМ пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады. Пиротехниканы ғимараттардан, автотұрақтардан 50 метр қашықтықта іске қосуға болады. Оларды кәмелетке толмағандарға өз бетінше пайдалануына тыйым салынады. Үйде отшашуды қолдануға мүлдем жол берілмейді. Сондай-ақ, салюттерді қолмен, балкондармен және лоджиялардан ұшыру қауіпті. Сонымен қатар, пиротехникалық бұйымдарды тиісті сертификаттың бар екеніне көз жеткізіп, мамандандырылған павильондарда сатып алу қажет екендігіне назар аударамыз. Ең алдымен, қаптаманың тұтастығын және жарамдылық мерзімін тексеру керек. Пиротехникалық өнімдер дұрыс пайдаланылмаса, әсіресе тұрғын үйлердің жанында және ашық жерлерде қауіпті болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/905701
12,1 млн га пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлер 2022 жылдан бастап мемлекетке қайтарылды 24.12.2024
Бұл жұмыс ҚР АШМ ЖҚК және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясымен бірлесіп жүргізілді.Қажетті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 3,7 млн га аумақта жерді игеруге кірісті.Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлердің 4,8 млн гектары бүгінгі күні қайта бөлінді.Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясы республикалық комиссия ретінде қайта құрылды. Оның негізгі міндеті – жерлерді ауыл халқының қажеттіліктері үшін қайта бөлуге және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау.Сондай-ақ, қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасына сәйкес, салық төлеуді, инвестиция тартуды және ауылдық аумақтарды дамытуға ықпал ететін қолданыстағы ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесі пысықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905466
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 24.12.2024
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияда жол және жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.Іс-шара барысында субъектілермен өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүргізілді. . Отырыста келесі мәселелер талқыланды: Жол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданатын шаралар туралы; Іс-шараның қорытындылары туралы; 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы.Аталған бағыттар Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың зерттеу объектілері. қызметі.Отырыстың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындаудың нақты мерзімдері белгіленді. Бюджет қаражатын жұмсаудың ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905530
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы экономикасы тұрақты дамуды көрсетуде 24.12.2024
Алматы қаласы Қазақстанның экономикалық орталығы ретінде биыл өз әлеуетін нығайтып, экономиканың өсу қарқыны, кәсіпкерлікті дамыту және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағыттарында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Мегаполистің стратегиялық жоспарлары аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен шаралар шаһардың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етті. Тұрақты экономикалық өсім. Алматы Қазақстанның жетекші экономикалық өңірлерінің бірі мәртебесін сақтап келеді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша экономикалық дамудың жоғары қарқыны 9,7% деңгейінде сақталып отыр. қаланың экономикалық өсу қарқыны 6,6%-ды құрады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсуі болжамды 5,5% деңгейінде, ал, 2025 жылы бұл өсім 6,4%-ға дейін жетеді деген болжам бар. Мұның бәрі басым салаларды қолдау бағдарламаларын сәтті іске асырудың және шағын және орта бизнестің (ШОБ) айтарлықтай үлесінің нәтижесі. Шағын және орта бизнес Алматы экономикасында маңызды рөл атқарады. 2024 жылы кәсіпкерлікпен айнасқандар саны 942 мың адамға жетті. Яғни, жұмыс орындарын құрудағы үлес - 80%-ды құрады. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында 1,8 мың жобаға 53,1 миллиард теңге бөлінген, ал 2025 жылға 71 млрд теңге жоспарланған, бұл шағын және орта бизнестің тағы 2 мың жаңа жобасын қолдауға мүмкіндік бермек. Басты басымдық – шағын және орта бизнестің қала экономикасына қосқан үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру. Соның нәтижесінде сауда, қызмет көрсету, өндіріс және IT технологиялар салаларында жүздеген жаңа бизнес жобалар жүзеге асырылған. Инвестициялық әлеует. Алматының инвестициялық тартымдылығы биыл арта түсті. 2024 жылғы 11 айда Алматыға негізгі капиталға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Жалпы қала экономикасына биыл 2 трлн теңге құйылса, 2025 жылы 2,3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Негізгі инвестициялар құрылыс, көлік инфрақұрылымы, білім, медицина, цифрландыру және «жасыл» технологиялар сияқты салаларға бағытталған. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және халықаралық экономикалық форумдарға белсенді қатысу арқылы Алматы қаласы бизнес жүргізу және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін тартымды өңір ретінде өз позициясын нығайтты. Алматылықтардың әл-ауқатын арттыру. Қаланың экономикалық өсуі алматылықтардың әл-ауқатына тікелей әсер етті. Қазіргі инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1%-ға өсіп, 470 мың теңгеге жетті. Бұл IT, қаржы және қызмет көрсету сияқты жоғары жалақы төленетін салалардың қарқынды дамуымен байланысты.Жылдық инфляция 2024 жылдың соңына дейін 8,5%-ға дейін, ал 2025 жылы 7,5%-ға дейін баяулайтыны болжанып отыр.Тұрғындар табысының артуы тұтынушылық белсенділіктің өсуіне де ықпал етті. Қалада бөлшек сауда көлемінің ұлғаюы, жаңа сауда-ойын-сауық орталықтарының дамуы және жоғары сапалы білім беру мен медициналық қызметтерге сұраныстың артуы байқалады. Биыл желтоқсанның басында Алматы қаласының мәслихатына 2025-2027 жылдарға арналған бюджет енгізілді. Ел тарихында алғаш рет 2025 жылға арналған қалалық бюджет2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2 есе жоғары. 2023 жылдың басынан бастап Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін жобалық құжаттарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 2025 жылы даму бюджеті 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, 458 млрд теңгеге жетті. Жұмыс орындарын құру және жұмыссыздықты төмендету. Алматының дамуының басым бағыттарының бірі – халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу. Биыл жыл басынан бастап 68 мың жұмыс орны құрылды, олардың 82%-ы тұрақты жұмыс орны. Соның нәтижесінде, Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеген. Әлеуметтік бағдарламаларды енгізу және мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қаладағы жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеді. Әсіресе жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Жастар үшін арнайы тағылымдамалар мен гранттық бағдарламалар іске қосылды, яғни бұл мыңнан астам түлектің оқуын аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасуына мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, Алматы тұрақтылығы мен әлеуеті жағынан Орталық Азияның жетекші экономикалық орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтуды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905487
Әуезов ауданында аулаларды көркейту жұмыстары жалғасуда: тұрғындарға жайлы жағдай қалай жасалып жатыр 24.12.2024
Әуезов ауданында биыл жүзеге асырылған маңызды нысандармен танысу үшін баспасөз туры өтті. Аудан әкімі Абзал Егембердиев пен жоба қатысушылары аудандағы жетістіктер туралы егжей-тегжейлі баяндады.Баспасөз турының алғашқы нысаны №2 шағын ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көріктендірілген аула болды.Бұл аумақ №41 және №42 үйлердің арасында орналасқан. Биыл мұнда 390 шаршы метрлік футбол алаңы салынды, балалар және спорттық алаңдар жаңартылды, 19 көше жарығы тіректері мен 12 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сондай-ақ 300 метрлік жасыл қоршау және 50 ағаш отырғызылып, 3 мың шаршы метрден астам жасыл желекті суару жүйесі іске қосылды. Ұзындығы 400 метр тротуар төселді.Ауланы соңғы рет қайта жаңарту 2017 жылы күрделі жөндеу бағдарламасы аясында жүргізілген, содан кейін тек косметикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.Былтыр Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 174 аула жөнделсе, биыл күрделі жөндеу аясында 23 аула қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 41 ауланы және 16 жаяу жүргінші аймағын қамтитын 57 жоба жүзеге асырылды.Келесі нысан №1 шағын аудандағы «Халық қатысатын бюджет» аясында жүзеге асырылған жаңа сквер болды. №20 үйдің артындағы бос тұрған жер кәдеге асты. Мұнда жаяу жүргіншілер аймағы, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тренажерлер, сондай-ақ үсті жабылған воркаут аймағы пайда болды. Жасыл желектер мен альпі төбешіктерін суару жүйесі орнатылып, 90 қайың ағашы отырғызылды.«Өзімнің және аудан тұрғындарының атынан алғыс айтқым келеді. Мұнда сквер ашылатынын естігенде қатты қуандық. Біз зейнеткерлер көбінесе үйде боламыз. Спортпен айналысып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Сондықтан осындай сквер біз үшін үлкен бақыт», – деді аудан тұрғыны Ұлмекен Қожаназарова.Баспасөз турының соңғы нысаны елдегі алғашқы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған жаңа форматтағы мектеп болды. №97 мектеп қайтадан салынды, себебі бұрынғы ғимарат апатты жағдайда еді.«Жайлы мектеп» жобасы елдегі апатты ғимараттарды жоюға, үш ауысымда оқуды азайтуға және мектептердегі орын тапшылығын шешуге бағытталған.Жаңа білім ұясында 600 оқушы оқи алады, отандық өндірістің заманауи жиһаздарымен, жаратылыстану пәндеріне арналған зертханалармен, акт залымен, кітапхана және коворкинг аймағымен жабдықталған. Мектеп аумағында волейбол, баскетбол, футбол және теннис алаңдары орналасқан. Оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау, есіктерді құлыптау және дыбыстық сигналдарды пайдалану жүйелері орнатылған.Экскурсия барысында журналистерге робототехника кабинеттері, зертханалар, спортзал және асхана көрсетілді. Баспасөз туры аясында аудан әкімі Абзал Егембердиев мектеп президентімен үстел теннисін ойнады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905496
Астанада бір мезетте 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды 24.12.2024
Бүгін 18 желтоқсанда Астанада 30-дан астам мерекелік шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Іс-шараға 15 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Барлық орында көптеген ойын-сауық түрлері ұйымдастырылған: мұз айдындары, сырғанақтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар.Ең биік 25 метрлік шыршалардың шамы «Астана Арена» стадионының тұрағында және «Қазақ Елі» монументінің алаңында жағылды. «Астана Арена» стадионының тұрағындағы 25 метрлік шырша жарық декоративті ұлпа қармен және өрнектермен, сары және қызыл реңдегі 2500 ойыншықпен, гирляндалармен және т.б. безендірілген. Шыршаны жағу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, AYREE, балалар хоры мен би ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, сырғанақтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыптағы фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды.Сондай-ақ, Нұра ауданында бүгін тағы сегіз орында шырша шамы жағылды: орталық саябақта, «Зеленый квартал» ТК скверінде, Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал скверінде, «Сарыарқа», «Керуен Сити», «Азия парк», «Хан Шатыр» және «Айланд» сауда-ойын-сауық орталықтарының жанында және Сығанақ пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысында.Сарайшық ауданындағы Қазақ елі алаңында шырша шамын жағу кезінде қала тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама, балаларға арналған аниматорлар және түрлі ойындар ұйымдастырылды. Келушілер ән айтты, би биледі, сырғанақ пен мұз айдынында көңіл көтерді, фотоаймақтарда естелік үшін суретке түсті. Орналасқан жердің өзінде 2 мұз айдыны, екі сәулесі бар сырғанақ, биіктігі 25 метрлік шырша, шағын архитектуралық нысандар мен жарық-люминациялық пано орнатылған.Сондай-ақ, Сарайшық ауданындағы «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы маңында жаңа жылдық шырша жағылды. Алматы ауданында жаңа жылдық шыршалар шамы Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының аумағында, «Sana Sport» Спорт кешенінің аумағында, Рысқұлбеков көшесіндегі «Алма» саябағында, Astana Music Hall (құмыра) маңында және Қошқарбаев даңғылы, 80/1 мекенжайында жағылды.Есіл ауданында, ЭКСПО аумағында 23 метрлік шырша да жарқырап тұр. Шырша 4000-нан астам ойыншықпен безендірілген, олардың ішінде диаметрі 15-тен 40 см-ге дейінгі шарлар, гирляндалар және т.б. бар. Алаңда сырғанақтар мен мұз айдыны бар, елорда тұрғындары мен қонақтары шағын архитектуралық нысандардың фонында ертегі кейіпкерлерінің жанында суретке түсе алады.Байқоңыр ауданында бес орында жаңа жылдық шыршалар мына орындарда безендірілді: Жастар сарайының аумағы, К.Ататүрік атындағы саябақ, Ж.Тәшенов көшесінде, Өндіріс тұрғын алабында (Ақбидай мен Кеменгерұлы көшелерінің қиылысы) және Кирпичный тұрғын алабында (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы), «Қоянды» саяжай алабында. Сонымен қатар, ауданда Кеншілер, 5 және Досмұхамедұлы, 6 мекенжайлары бойынша бес метрлік екі шырша орнатылды.Сарыарқа ауданында әртүрлі биіктіктегі 3-тен 18 метрге дейінгі алты шыршаның шамы жарқырап тұр. Олар мына мекенжайларда орнатылған: қалалық алаң, Бөгенбай батыр даңғылы, 43 мекеннжайындағы сквер, «Көктал» саябағы, Есіл өзенінің жағасы және Юбилейная көшесі, 22.Естеріңізге сала кетейік, елорданың 6 ауданында бүгін 30-дан астам мерекелік шыршаның шамы жағылды, сондай-ақ мұз айдындары, сырғанақтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы қалашықтар өз жұмысын бастайды.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905303
Алматы жастар үшін мүмкіндіктер қаласы: жаңа орталықтар,пәтерлер және спорттық инфрақұрылым 24.12.2024
Алматы жастарын қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Алматыда ОКҚ-нің көшпелі брифингінл қала әкімі Ерболат Досаев айтты.2024 жылы қалада 11 комьюнити-орталық және 4 нарко-STOP орталығы ашылып, 33 демалыс орталығы жаңғыртылды. Жыл басынан бері мегаполисте студенттік жатақханаларда 8 мыңнан астам (8 273) төсек-орын ашылды, сондай-ақ «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 3 321 пәтер берілді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алматыда 3 спорттық-сауықтыру кешені ашылып, 50 көше-спорттық инфрақұрылым нысаны салынды.Осы шаралардың арқасында NEET санатындағы жастардың үлесі 8,3% - дан 6,4% - ға дейін төмендеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/904921
«Бұл менің арманым еді» – Алматы әкімі мектептерді бір ауысымға көшіру туралы 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектептерді бір ауысымды оқытуға көшіру мерзімі мен оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы журналистердің сұрағына жауап берді.«Биыл біз 43 мектепті бір ауысымды оқытуға көшіру үдерісін бастадық – бұл менің арманым еді, балалар бір ауысымда оқыса деген. Біз бұл бастаманың оң әсерін көріп отырмыз. Ұзақ мерзімді перспективада 2027 жылдың соңына дейін мектептердің кем дегенде 40%-ын, шамамен 95 мектепті бір ауысымда оқытуға көшіру жоспарланып отыр. Бұл оқушылардың жүктемесін азайтып, қосымша сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, себебі бір ауысымға көшу екі ауысымды режимнен туындайтын жүктемені жеңілдетеді», – деді Ерболат Досаев.Әкімнің айтуынша, оқу жылының басында қала мектептерінде оқушы орындарының тапшылығы шамамен 30 мың болған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.«Жайлы мектеп» жобасы аясында біз 22 мың оқушы орнын ашамыз. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына қарай орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін төмендейді. Одан әрі әкімдік білім беру нысандарын өз қаражаты есебінен салу және жаңғырту жұмыстарын жалғастырады. Бұл алдағы уақытта орын тапшылығының көбейіп кетуіне жол бермейді», – деді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/904926
Алматы «Смарт сити» енгізуде: кешенді қауіпсіздік жүйесі мектептерді, балабақшалар мен ауруханаларды қамтиды 24.12.2024
«Смарт сити» мегаполистің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.2022 жылы Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласының бірыңғай видеомониторинг жүйесі (БВМЖ) іске қосылды. Бүгінгі таңда оған 50 мың видеокамера қосылған.2024 жылыкКешенді қауіпсіздік жүйесі барлық мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде (191) және мектептерде (215), сондай-ақ 64 медициналық мекемелерде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905292
1000 еуроконтейнер және жаңа контейнерлік алаңдар: Алматыда ҚТҚ шығару инфрақұрылымы қалай жаңғыртылуда 24.12.2024
Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) жинау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.«Қатты тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару – жайлы қалалық орта құрудың маңызды міндеті. 2012 жылы салынған инфрақұрылым физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген», – деді әкім.Мегаполис басшысы 2,8 мың евроконтейнер мен жерасты контейнері 400 алаңда жаңартылғанын атап өтті.2025 жылы 723 алаңда тағы 2,7 мың жаңа контейнер, оның ішінде 1 683 жерасты және 1 000 еуроконтейнер орнату арқылы қаладағы барлық контейнерлік алаңды толық жаңғырту аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905293
Алматыда 2025 жылы жылумен және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарлануда 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ - да өткен брифингте жылумен және электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту туралы айтты.2024 жылы Алматыда 20 км жылумен жабдықтау желілері, 220 км астам электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылып, 85 қазандық қайта жаңартылды, бұл жылыту тиімділігін едәуір арттырды.Келесі жылы ауқымды міндеттер жоспарланған - 40 км жылумен жабдықтау желілерін және 240 км электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту, сондай-ақ 21 қазандықты қайта жаңарту.Қабылданып жатқан шаралар инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.2024-2025 жылдардың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8% — ға азайып, 54,1% -ды құраса, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 1,7% - ға азайып, 63,3% - ға жетті.Қала басшысы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту әкімдік жұмысының басым бағыты болып табылатынын атап өтті. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам инфрақұрылымды жаңартуға қаражатты тиімді бөлуді қамтамасыз ететін инвестициялық бағдарламаларды пайдалану болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905294
Алматыда оқушы орындарының тапшылығын жою және білім беру инфрақұрылымын жақсарту белсенді түрде шешілуде – Ерболат Досаев 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі брифингте қаланың білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелерін баяндады.Биыл Алматыда 18 білім беру нысаны салынып, 11,7 мың оқушы орны қамтамасыз етілді. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына қарай орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін қысқарады.Білім беруді дамытудың маңызды бөлігі «Алматы мектептері» стандартын енгізу. Бұл жоба аясында мемлекеттік мектеп оқушыларын тасымалдау ұйымдастырылды. 2024 жылы мектеп автобустарының саны 200-ге жеткізілді, бұл 15,3 мың оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы автобус саны тағы 100-ге көбейтіледі, бұл оқушыларға мектепке қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде баруға жағдай жасайды.Қала әкімі Ерболат Досаев білім беру инфрақұрылымын дамыту сапалы және қолжетімді білім алу шарттарын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.Жалпы, Алматыда оқушы орындарының тапшылығын азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жаңа мектептер салу, жергілікті бюджет есебінен қосымша ғимараттар салу арқылы жүзеге асуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905296
Инфрақұрылымды жаңғырту және бюджетті ұлғайту: Алматыда денсаулық сақтау саласы қалай дамып отыр 24.12.2024
Алматыда денсаулық сақтау саласында 32 нысан салу және жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-де өткен көшпелі брифингте мәлімдеді.Биыл денсаулық сақтау саласының қаржыландыру 25%-ға артты. Әсіресе, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылды.Биыл Алматының мәслихаты медициналық-санитарлық көмектің біріңғай стандартын бекітті, соның аясында 4 МСАК орталығы мен 1 емхана салынды, сондай-ақ 32 нысанның құрылыс және жаңғырту жобалары (15 аурухана, 2 перзентхана, 7 емхана, 6 МСАК орталығы) әзірленуде.Сонымен қатар, 2024 жылы қалада Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы ашылды. Балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге маңызды үлес қосқан ерте араласу орталығы құрылды.Қала әкімі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту тұрғындарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуда маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл басым бағыттағы жұмыстар келесі жылы жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905297
Алматыда жедел медициналық жәрдем автопаркі 40 пайызға жаңартылды 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте қалада медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Мәселен, осы жылдың маусым айында Қазақстанда алғаш рет «Фетальды хирургия» пилоттық жобасы енгізілді. Енді Алматыда жылына 150-ге дейін жатырішілік операция жасауға болады. 2024 жылы 3 753 пациент 9,2 млрд теңге сомасына 45 нозология бойынша орфандық препараттармен қамтамасыз етілді. Айта кетерлігі, бұл бағыттағы қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 10% - ға өсті.Соңғы екі жылда жедел медициналық жәрдем автопаркі 37% - ға жаңартылды. 2023 жылы 55 машина, 2024 жылы 48 машина сатып алынды.Қала басшысы денсаулық сақтау саласындағы таңдалған курстың дұрыстығын а.ж. 11 айының қорытындылары нақты растайтынын атап өтті, ол бойынша ана өлімі 48,2% – ға, нәресте өлімі – 5,4% - ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-16% - ға төмендеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905298
Алматы табиғи тәуекелдерден қорғауды нығайтады: сейсмикалық қауіпсіздік және тау бөктеріндегі жұмыстар 24.12.2024
Алматылықтардың қауіпсіздігі негізгі басымдық болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.Табиғи тәуекелдерді азайту мақсатында 1974 жылдан бері алғаш рет Мохнатка және Горельник тауларында беткейлерді тазарту жүргізілді, 6 мореналық көлде профилактикалық жұмыстар жүргізілді және Есентай өзенінің арнасы нығайтылды.Ең маңызды міндет-сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру. 10 916 нысанға сейсмоаудит жүргізілді (1 641 – көппәтерлі тұрғын үй, 9 275 – азаматтық нысан). Ағымдағы жылдың 17 қазанда "Mass Alert" халықты хабардарететін жүйені пайдалана отырып, қалалық сейсмикалық тексеру жүргізілді.Жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін 2025-2026 жылдары қосымша 70 сейсмостанция орнатылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905299
Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыс етті 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының мамандарын кәсіби мереке - Энергетика күнімен құттықтап, оларға құрмет марапаттарын тапсырды.Қазақстан Президентінің Жарлығымен энергетика саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін еңбек ардагері Нұрахан Сейітқұлов «Құрмет» орденімен марапатталды. Оның кәсіби жолы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ құрамына кіретін Жамбыл аудандық электр желілерімен байланысты. Нұрахан Сейітқұлов ауылдық округтің шеберінен ЖАЭС-тің бірінші басшысына дейінгі жолдан өтті.III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Алматы Қала Жарық», «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго» және «Алматы электр станциялары» кәсіпорындарының қызметкерлері марапатталды.Қала басшысы энергетика саласының барлық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың Алматы инфрақұрылымын дамытудағы және қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы басты рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905300
Облыс әкімі ҚР мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысты 24.12.2024
Мәслихаттардың 30 жылдығы атап өтілуде. Осыған орай «Amanat» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өңір басшысы Асхат Шахаров пен облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен салтанатты жиын өтті.Шараға барлық сегіз шақырылымның депутаттары шақырылды.Облыс әкімі депутаттық корпусты атаулы күнмен құттықтап, мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін атап өтіп, олардың өңірді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдаудағы маңыздылығына тоқталды. Асхат Шахаров түрлі шақырылымдағы депутаттарға азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар мен бастамаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.«Ақтөбе облысының мәслихаттары 30 жыл бойы халықтың сенімін ақтай отырып, елдің бірлігі мен тұрақтылығы үшін еңбек етті. Сіздер – халық пен билік арасындағы алтын көпірсіздер. Әлеуметтік-экономикалық даму процестерін қалыптастыру сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Депутаттар әрқашан бюджетті қалыптастырудан бастап, инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтің әлеуетін көтеруге дейінгі маңызды мәселелерге назар аударады. Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқара беретіндеріңізге сенімдімін», - деді аймақ басшысы.Сондай-ақ, әкім бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты өзекті мәселелерді қалай шешкені туралы естеліктерімен бөлісті. Ол әріптестерімен бірге инфрақұрылымды жақсарту, білім беру сапасын арттыру, денсаулық сақтау және ауылдық жерлерді қолдау бойынша қалай жұмыс істегенін айтты.Өз кезегінде Гүлқасима Сүйінтаева облыс әкіміне депутаттармен тиімді қарым-қатынас орнатқаны үшін алғысын білдірді. Төраға мәслихаттың жемісті қызметін, депутаттардың сіңірген еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, оларға өңірдің дамуына және халықтың әл-ауқатына қосқан үлесі үшін ризашылығын жеткізді.«30 жыл ішінде облыстық мәслихатта 8 шақырылым ауыстырылды, осы кезеңде 260 адам депутат болып сайланды. Мәслихат – бұл азаматтардың мүдделері мен билік тетіктері ұштасатын алаң. Біз әртүрлі партиялар мен кәсіптерден болғанымызбен, біздің ортақ мақсатымыз - халықтың әл-ауқатын арттыру және елімізді дамыту.Бүгінгі сегізінші шақырылым жаңа форматта жұмыс істеуде: сайлау алғаш рет пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша өтті, бұл қоғамды демократияландырудағы маңызды қадам болды. Депутаттық корпус тәжірибе мен жаңа идеяларды үйлестіре отырып, 70%-ға жаңарды. Мәслихатта 34 депутат бар: 17-сі партиялық тізімдер бойынша, қалғандары бір мандатты округтер бойынша сайланды.Мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында ел Президенті мәслихаттардың өкілеттіктерін нығайтудың, бюджеттік жоспарлауға белсенді қатысудың және қоғаммен тікелей диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деді Гүлқасима Сүйінтаева.Салтанатты жиын барысында түрлі шақырылымдардың депутаттары мәслихаттағы өз жұмыстарын еске алып, сөз сөйледі. Олардың арасында облыстық мәслихаттың бірінші хатшысы Балихан Жоламанов, Парламент Сенатының бұрынғы депутаты Мұхтар Жұмағазиев, бірінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Төлеген Қуанышев және басқалар бар. Олар өз қызметінің маңызды сәттері туралы айтып, тұрғындармен өзара іс-қимылдың және өңірдің өзекті мәселелерін шешудің маңыздылығына тоқталды. Депутаттар халыққа қызмет ету әрқашан олардың жұмысының басты міндеті болғанын және болып қала беретінін алға тартты.Ресми шара соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Бірқатар халық қалаулысы Ақтөбе облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905262
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі тікұшақ паркін жаңартуда 24.12.2024
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы «Қазавиакөлік» АҚ жаңартылған әуе кемелер паркінің құрамына енген жаңа Airbus Helicopters H145 D3 тікұшағын алды. Салтанатты жағдайда Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering бас директоры Сесиль Арно Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновке жаңа ұшақтың кілтін табыс етті. H145 D3 тікұшағы іздестіру-құтқару операцияларын, орман және дала өрттерін сөндіру және басқа да маңызды төтенше жағдайларға ден қою миссияларын қоса алғанда, кең ауқымды миссияларды орындау үшін таңдалды.«Біздің ұшақтар паркін жаңарту – біздің жұмысымыздың тиімділігін арттырудың стратегиялық мақсаты болып табылады. қызметтер. Біз әр өңірде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін авиациялық жасақ құруды жоспарлап отырмыз», - деді Шыңғыс Әрінов. Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы заманауи тікұшақтарды басқаруға кадрларды дайындаудың маңыздылығын атап өтті. апаттық авиацияда инновациялық технологияларды енгізу ретінде. H145 D3 тікұшағы тамаша маневрлік, сенімділік және әртүрлі климаттық жағдайларға жоғары бейімділікке ие, бұл оны ептілік пен дәлдікті талап ететін жағдайларда жұмыс істеу үшін тамаша таңдау жасайды. Ол төтенше жағдайларды жоюға арналған заманауи медициналық жабдықтармен, өртке қарсы су төгетін құрылғымен (сыйымдылығы 1000 литр), сондай-ақ акваторияларда жұмыс істеуге арналған құтқару шарларымен жабдықталған.Тікұшақтың басты артықшылықтарының бірі болып табылады. түнгі операцияларда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қуатты прожектор және тұрақсыз жағдайларда оның мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетін шектеулі көріну.«H145 D3 тікұшағын алу - жаңғырту бағдарламасы аясындағы маңызды қадам. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациялық флоты. 2024 жылы біздің авиация апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрттерді сөндіру және оқу-жаттығуларға қатысу үшін қазірдің өзінде 2537 ұшып шықты», - деді «Қазавиапас» АҚ бас директоры Алпамыс Камалов. Кездесуде тікұшақ саласын дамыту перспективалары да талқыланды. Қазақстанда, соның ішінде өндірісті кейіннен оқшаулаумен H160 тікұшағын бейімдеу мәселелері. Төтенше жағдайлар министрлігі өз ресурстарын нығайтуды және төтенше жағдайларды жою тиімділігін арттыруды жалғастыруда. жағдайлар. Жаңа H145 D3 тікұшағы Қазақстан азаматтарының өмірін сақтап қалу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таптырмас құрал болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/905242
Индер ауданының әкімі тағайындалды 24.12.2024
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Бағытжанұлы Нысанбаев тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.Еңбек өтілі:2003-2008 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы;2008-2017 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;2017-2022 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы;2022 жылдан тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/905232