Саясат
Тұрғындар сауалына тиісті жауап қайтарылды 24.12.2024
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қала тұрғындарымен кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді.Әкімге тұрғын-үй шаруашылығы, абаттандыру, жұмыспен қамту және өзге салаларды қамтыған сұрақтар жолданды.Барлық сұрақтар бақылауға алынып, басқарма, бөлім басшылары мен қада әкіміне нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905078
«Абай жолы» жобасының тұсаукесері өтті 24.12.2024
Абай облысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен жарық көрген «Абай жолы» жобасының тұсаукесері өтті. Жобаның бірінші сериясы аясында жалпы тиражы 8 мың дана болатын 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы тиражы 10 мың дана болатын 20 автордың шығармалары жарық көрді.Жоба Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, Семей өңірінің көрнекті тұлғалары мен ақын-жазушыларының мұрасын насихаттауға, сондай-ақ көркем әдебиет арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған. Кітаптар жинағына әр түрлі әдеби жанрларды қамтитын Семей өңірінің ақын-жазушылары мен суретшілерінің шығармалары кіреді. Кітапты оқуға қызығушылық танытқан оқырмандар бұл кітаптарды өңір кітапханаларынан, ал цифрлық нұсқасын ҚазҰЭК электрондық кітапханасынан тауып оқи алады.«Асыл ойдың иесі Хакім Абай «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп, келер толқынға насихат қылғанын жақсы білеміз. Бұл жоба – өңіріміздің ақын-жазушыларының еңбектерін жас буынға мұра ретінде сақтау үшін маңызды қадам деп білемін. Жаңа басылым баршамызға құтты болсын!» - деді облыс әкімі.Өлке ақын-жазушыларының шығармаларын бағалау және басып шығару жөніндегі кеңесті «Абай облысының Құрметті азаматы», Шәкәрім университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Арап Еспенбетов басқарады.Биыл аталған жоба аясында отандастарымыз А.Шәріповтың «Көргенім, көңілге түйгенім», Р. Нұрғалидің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романы, Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені», Б. Тілегеновтың «Қара жел», А. Еспенбетовтің «Абайды оқы, таңырқан...» т.б ақын-жазушылардың еңбектері бар. Астана қаласының «Фолиант» баспасы жазушылардың әрқайсысы 500 данадан тұратын 20 шығармасын шығарды (барлығы 10 000 дана). Жоба бес жылға есептелген.Іс-шарада театр әртістері кітап авторлары мен олардың шығармаларына арналған әдеби-көркем нөмірлерді ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905121
«AMANAT» партиясының Жол картасын іске асыру барысы талқыланды 24.12.2024
Абай облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, фракция мүшелері қатысты.Отырыс барысында аймақ басшысы Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламаcын орындау шеңберіндегі Жол картасынының 2024 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат берді. Әкім өз сөзінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, бизнесті қолдауды, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуды, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қоса алғанда, белсенді жұмыс жүргізілетін негізгі бағыттарды атап өтті.Отырысқа қатысушылар бағдарламада көзделген бірқатар жобаларды талқылап, жедел шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді атады. Жаңа әлеуметтік нысандарды салуға, сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және жастарды қолдау бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.Кездесу барысында фракция мүшелері облыс әкімінің осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, облыс үшін маңызы бар жобалардың нәтижелі аяқталатындығына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905291
Жайық-Каспий бассейнінде балық шабақтарының қырылуы алдын алынды 24.12.2024
Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерінің жедел іс-қимыл жұмысы барысында балық шабақтары шоғырланған су жайылымы анықталды.«ҚазСуШар» Төменгі-Жайық филиалының, Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі әкімдігінің, Теңіз және Махамбет балық инспекциясы бөлімдері қызметкерлерінің бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде 300 мың дана балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді.Жайық өзенінің жағалау жиегінің мониторингі жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904594
Қазақстанда зәйтүн өңдеу және зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосу жоспарлануда 24.12.2024
2023 жылы қазақстандық «QVM Technology», «Ordabasy Group» және «Ервира» компаниялары грузиялық «Olive Georgia» компаниясымен бірлесіп, Жетісу, Түркістан және Маңғыстау облыстарында зәйтүн ағаштарының көшеттерін тәжірибелік отырғызу туралы келісімге қол қойды.Алғашқы 6080 көшет отырғызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, көшеттердің 99,7%-ы жақсы өміршеңдік деңгейін көрсетті. Алғашқы өнімді 5 жылдан кейін жинау жоспарланып отыр.2024 жылдың көктемінде Испания мен Түркиядан әкелінген көшеттер отырғызылды.2025 жылдың соңына дейін қазақстандық компаниялар 1000 гектар аумаққа зәйтүн ағаштарының көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр.Жоба аясында ғылыми қолдау көрсету қарастырылған: Испанияның Кордова университетінің профессоры Пабло Мореллоның жетекшілігімен топырақ, климат және метеорологиялық деректерді жинау және талдау жүргізілетін болады.«QVM Technology» ЖШС 2030 жылға қарай зәйтүн өңдеу және зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904727
Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады 24.12.2024
Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісім аясында Астрахань қаласында су биологиялық ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі Үкіметаралық комиссия өз жұмысын бастады.2024 жылы Үкіметаралық комиссия отырысы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтуде. Отырысқа бес Каспий маңы мемлекеттерінің ғылыми ұйымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда.Қазақстан делегациясын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аян Бахиянов басқарады.Отырыста тараптардың балық ресурстарын аулау квоталарын пайдалану туралы есептері, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын қалпына келтіру және қорғау мәселелері, теңіздегі ғылыми зерттеулер негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйі туралы есептер қаралады. Сондай-ақ 2025 жылға арналған бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталарын бекіту, Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтарды коммерциялық аулауға тыйымды ұзарту және басқа да мәселелер талқылануда.Комиссияның жұмысы 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттама қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904816
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Атырау облысының халқымен кездесу өткізеді 24.12.2024
2024 жылғы 19 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Атырау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Кездесу сағат 11.00-де Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылы, Қаби Оқаев көшесі, 17Б мекенжайы бойынша «Каспий балық» ЖШС ғимаратында өтеді.БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905028
Әділет министрі Азамат Есқараев «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды қабылдады 24.12.2024
Қабылдау барысында министр атқарушылық өндіріске және сот-медициналық сараптама жүргізуге қатысты мәселелерді қарады.Сонымен қатар азаматтар жеке сот орындаушысы тарапынан болған заң бұзушылықтарға қатысты шағымдарын жеткізді.Азамат Есқараев азаматтардың шағымдарын тыңдағаннан кейін қойылған сұрақтар бойынша түсіндірме беріп, өтініштер негізінде жеке сот орындаушысының іс-әрекетін тексеру туралықұрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Министр қабылдау барысында түскен өтініштердің барлығы бақылауға алынғанын баса айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/905233
«Таза Қазақстан»: астаналық робот Темірбек экологиялық іс-шараға қатысты 24.12.2024
Бүгін Астана қаласындағы Білім беру ұйымдарына «Таза Қазақстан» акциясы аясында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Жасыл клуб» жобасы аясында №103 орта мектебінде өткен экологиялық іс-шараға астаналық оқушылар құрастырған робот Темірбек те қатысты.Іс-шараға келуші қонақтарды қарсы алған Темірбек оларға Астананың экологиялық жағынан таза қала болуының пайдасын түсіндіріп, қатысушыларды қоршаған ортаны қорғауға ат салысуға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905003
Елордада «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды 24.12.2024
«Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында өткен «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Байқаудың мақсаты – «Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында Астана қаласының, оның маңындағы елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қоқыстарды жинау және кәдеге жарату; су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу; «Таза Қазақстан» мемлекеттік экологиялық бағдарламасы шеңберінде «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту.«Байқауға 60-тан астам журналист пен блогер қатысып, 100-ден астам материал келіп түсті. «Астана Тазалық» ұйымы бірінші рет өткізіп отырған байқау үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында түрлі материал жарияланды. Бұл – үлкен шара. Біз мұндай байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді «Астана Тазалық» ЖШС директоры Замир Сагинов.Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: «Үздік телевизиялық материал», «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым», «Баспа басылымындағы үздік мақала», «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».«Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша жеңімпаздар:1 орын – Томирис Біләл, «24KZ» телеарнасы;2 орын – Карима Садуақас, «QAZAQSTAN» телеарнасы;3 орын – Мөлдір Сыздықбаева, «Хабар» телеарнасы;3 орын – Дильназ Ерланова, «Астана» телеарнасы.«Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым» номинациясы бойынша жеңімпаздар:1 орын – Тимур Асылханов, блогер;2 орын – Назым Бөлесова, Baq.kz;3 орын – Данияр Сейсенбаев, блогер;3 орын – Аршат Оразов, блогер;«Баспа басылымындағы үздік мақала» номинациясы бойынша жеңімпаздар:1 орын – Райхан Рахметова, «Астана ақшамы» газеті;2 орын – Кәмила Дүйсенова, «Айқын» газеті;3 орын – Шернияз Жалғасбекұлы, «Заң» газеті;3 орын – Бақытбек Қадыр, «Егемен Қазақстан» газеті;«Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша жеңімпаздар:1 орын – Мақпал Орынбекқызы, Baq.kz сайты;2 орын – Сабина Кәкімжан, Elordainfo.kz сайты;3 орын – Ләззат Салимова, Nur.kz сайты;Сондай-ақ, бірнеше БАҚ өкілі «Астана Тазалық» компаниясының арнайы сыйлығымен марапатталды:Мөлдір Молдағали, «24KZ» телеарнасы;Ажар Лаубаева, El.kz;Қалмахан Құрманғали, «Turaninform.kz»;Мария Конюхова, «Elordainfo.kz» сайты;Даля Насипова, «Алматы» телеарнасы;Екатерина Тыщенко, «Вечерняя Астана» газеті;Оксана Даирова, «Комсомольская правда» газеті;Лаура Түсіпбекова, «Казахстанская правда» газеті.БАҚ өкілдері «Таза Қазақстан» экоакциясының Астанада жүзеге асырылуын материалдарында жан-жақты насихаттаған.Айта кетейік, байқауға қатысу үшін биыл 7 қазан мен 10 желтоқсан аралығында шыққан мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі материалдар қабылданды.Биыл сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елорда тұрғындары жалпықалалық сенбіліктерге қатысты. Олардың әрқайсысы бекітілген аумақты қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жасыл желектер отырғызды. Мұндағы мақсат – көпшілік арасында тазалық мәдениетін дәріптеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905033
Қазақстанда су тасқынын болжау мен модельдеуге арналған екі жаңа жүйені әзірлеу жұмыстары аяқталуға жақын 24.12.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқынын болжау және модельдеуге арналған Tasqyn.gov.kz, Talsim және Delft-FEWS жүйелерін көрді. Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығының базасында жаңа ақпараттық жүйелердің таныстырылымы өтті.Tasqyn.gov.kz жүйесі төтенше жағдайлардың алдын алуға және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін болжам жасауға мүмкіндік береді. Жүйені «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы мен «Қазгидромет» мамандары көрсетті.Бүгінгі таңда су тасқынын болжау және модельдеу әдістемесі әзірленіп, бекітілді. Әдістемеге сәйкес, уәкілетті органдар ақпараттық жүйеге су қоймаларындағы су көлемі, су жіберу және гидрометеоболжам секілді деректерді енгізеді. Жүйе жинақталған мәліметтер негізінде су тасқынының ықтимал сценарийлерін модельдейді.Алдағы уақытта мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдеріне оқыту семинарларын өткізу жоспарланып отыр.TalsimNG бағдарламасы – голландиялық DELFT-FEWS платформасына біріктірілген неміс әзірлемесі. Жүйе су ресурстарын болжау және басқару модельдерін жетілдіруге, су қоймаларына ағын көлемін болжауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығының төрағасы Хайрулла Қайратғали көрсетті.DELFT-FEWS платформасын пайдалану ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерландының IHE Delft су білім беру институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда.Жобалармен танысқаннан кейін Нұржан Нұржігітов әзірлеушілерге сұрақтарын қойып, болжау жүйелері арасында тұрақты деректер алмасу мүмкіндігін қарастыруды атап өтті.«Қазіргі заманғы болжау және модельдеу жүйелерін енгізу – су тасқыны тәуекелдерін басқарудағы маңызды қадам. Дұрыс болжам су тасқынына жан-жақты дайындалып, басқа мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп маңызды шешімдерді уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/904988
ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ МЕН СТАТИ ТАРАПТАРЫ ДАУДЫ РЕТТЕУ ҮДЕРІСІН АЯҚТАДЫ 24.12.2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Стати тараптары, Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен, Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтады.Қол қойылған Түпкілікті реттеу туралы келісім барлық ағымдағы дауларды болашақта оларды қайта бастау құқығынсыз тоқтату үшін негіз болып табылады. Келісімнің нақты шарттары құпия болып табылады. Дэниел Чапман, CEO Argentem Creek Partners*:«Бұл реттеу және барлық тараптар үшін әділ шешу жолын іздеу мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған тәсіл, бұл ел инвестордың құқықтары сақталатын орын болып табылатынын атап көрсетеді. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы түсінігін өзгертудегі көшбасшылығы үшін алғыс айтамыз. Біз болашақта жаңа жобалармен жұмыс істеуді асыға күтеміз.»*Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып табылатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы. Азамат Есқараев, Қазақстан Республикасының Әділет министрі:« Ұзақ дау аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы дамыту үшін, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы, қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Бұл ретте, мен бұрын атап өткендей, республикалық бюджеттен реттеу шеңберінде қаражат пайдаланылмады. »Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/904917
«Таза Қазақстан»: Астаналық отбасылар эстафеталық сайыста бақ сынасты 24.12.2024
Орталық саябақ аумағындағы шаңғы тасжолында отбасылық эстафета ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Эстафеталық жүгіру, доппен жүгіру, шайба таяғымен допты межеге жеткізу, допты қоқыс жәшігіне дәл түсіру сияқты сайыстарда 15 отбасы бақ сынады.«Отбасылық эстафета Президентіміздің бастауымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында өткізілді. Отан – отбасыдан басталады. Әрбір жас бала өзінің ата-анасына қарап үлгі алатындықтан, іс-шараның тәрбиелік мәні зор. Осы эстафетаның арқасында қатысушылар тазалық сақтаудың маңыздылығын түсінеді деп ойлаймын. Қыс мезгілінде осындай эстафеталарды өткізудің өзіндік ерекшелігі бар. Таза ауада қыстың суығына қарамастан, спорттық іс-шараға қатысудың өзі ерекше әсер сыйлайды. Сондықтан «Шаңғы роллер» тасжолын таңдадық. Бұл жердің орналасқан жері де өте керемет. Біз осымен тоқтап қалмаймыз. Әлі де көптеген турнир мен жарыстар өткізіп, Астанамыздың спорт мәдениетін көтеруге атсалысамыз» - деді Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек.Эстафетадан бөлек, қатысушыларға қоқысты өңдеу, қоршаған айналаны таза ұстау бойынша өзекті мәселелерді түсіндіруге қатысты арнайы шеберлік дәрісі де өткізілді.«Отбасымызбен бірге осындай эстафетаға бірінші рет қатыстым. Көңіл күй тамаша. Спортпен күнделікті айналыссақ та, жарыстағы атмосфераның орны бөлек. Бәсекелестік жоғары деңгейде болды. Бос уақытымызды тиімді өткізіп, бала-шағамызбен жақсы эмоция алдық», - деді отбасылық эстафетаның қатысушысы Серікбай Әлімханов.Іс-шара соңында барлық отбасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдап, қоқыстарды арнайы жәшіктерге жинады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/904854
«Таза Қазақстан»: Астананың 20 білім ошағындағы жылыжайда жемістер мен көкөністер өсіріледі 24.12.2024
Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары «Жасыл клуб» жобасы аясында «Жасыл мектеп» жылыжайында екі жылдан бері баптап келе жатқан лимон ағашы жемісін берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Лимон ағашымен қатар жылыжайда қияр, қызанақ, аскөк көкөністері мен құлпынай, жидектер және жалбыз да өсіріліп жатыр. Жоба жетекшілері оқушылармен бірге бос уақыттарын пайдалана отырып, өсімдіктерге күтім жасайды.Жалпы Астана қаласындағы 19 мектеп пен 1 колледжде, атап айтқанда Б №8, 20, 37, 42, 43, 49, 58, 61, 67, 68, 69, 80, 83, 88, 78, 90, 87, 82, 79 және Сервис және туризм колледжінеде . Б Өтемұратов қорының қорымен жылыжай ашылған.Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана мектептерінде экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғау бойынша көптеген маңызды іс-шаралар жүргізілуде.1-11 сынып оқушылары жасыл экология мәселелеріне белсенді қатысып, табиғатты сақтап, оны қорғау үшін түрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруда.Оқушылардың қатысуымен өткізілген іс-шаралар:«Таза аула», «Жасыл Қазақстан» және «Жерімізді сақтайық» сияқты Табиғатты қорғау экологиялық акциялар аясында оқушылар мектеп ауласында ағаш отырғызып, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарын жүргізеді.Табиғатқа саяхат бойынша оқушылар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйреніп, экологиялық тақырыптарға арналған экскурсияларға қатысады.Жасыл жобалар мен стартаптар бойынша оқушылар мектеп ішінде және сыртында экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шығармашылық жұмыстар мен жобалар әзірлейді.Экологиялық білім беру сабақтары негізінде мектепте экологияны түсіндіруге арналған арнайы сабақтар, тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Бұл сабақтар оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын және экологиялық өмір салтының қажеттілігін түсіндіруге бағытталған.Қаладағы жиырма меткепте қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау мақсатында жаңа қоқыс жәшіктері қойылды. Олар мектептің әр қабатында және әртүрлі орындарда орналасқан. Қоқыс жәшіктері органикалық және қайта өңделетін материалдарды бөлек жинауға арналған. Барлық оқушы мен қызметкерден осы жаңа жүйеге жауапкершілікпен қарап, қоқыстарды дұрыс орналастырады.Бұл жұмыстардың басты мақсаты – жас ұрпақты экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін ояту. Мектептердегі экологиялық жобалар мен іс-шаралар арқылы оқушылар табиғатқа деген құрметті арттырып, жасыл экономика мен тұрақты даму принциптерін меңгеруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/904877
Биыл 470 мың гектарға жуық егіс алқабы су үнемдейтін технологияларды қолдана отырып суарылды 24.12.2024
Биыл 470 мың гектарға жуық егіс алқабы су үнемдейтін технологияларды қолдана отырып суарылды. Бұдан бөлек, 58 мың гектарға жуық жер лазерлік жоспарлаушы арқылы тегістелді. Бұл іс-шаралар суармалы су шығынын азайтуға мүмкіндік берді.Еске салсақ, Су ресурстары және ирригация министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің жол картасын» әзірлеген болатын. Жоспарда 39 іс-шара қарастырылған.Министрлік су үнемдеу саясатын одан әрі іске асыру және шаруаларды су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру мақсатында су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты.«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгілеп, кезеңдік жоспар әзірледі. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай жылына 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге ниетті», - деді ҚР СРИМ Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/904763
Жарқайың ауданының әкімі тағайындалды 24.12.2024
Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 2024 жылғы 18 желтоқсандағы өкіммен Ербол Жүсіпбеков Жарқайың ауданының әкімі болып тағайындалды.Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан таныстырды.Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлы 1965 жылы Көкшетау қаласының Красный яр ауылында дүниеге келген. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген.Еңбек жолын 1989 жылы Көкшетау облысы Чистополь ауданы «Чистопольский» совхозында зоотехник-селекционер болып бастаған. Әр жылдары Көкшетау жылқы зауыты директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «Шоқан» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс істеді.2003-2009 жылдары Зеренді ауданының Садовое ауылдық округінің әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы болды. 2009-2011 жылдары Зеренді ауданында «Қылшақты» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.2011-2020 жылдары Зеренді ауылдық округінің әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.2020-2021 жылдары Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.2021 жылдың ақпан айынан бастап Сандықтау ауданының әкімі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/904671
Жыл қорытындысы: шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту арқылы Қазақстан экономикасының өсуі 24.12.2024
`Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдады. Отандық өндірушілерді қолдау құралдарын күшейту арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және іскерлік белсенділікті күшейту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.\n Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны\nАлдын ала бағалау бойынша осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4%-ды құрады, ол негізінен мұнайдан тыс секторды дамытумен қамтамасыз етілген. Экономика өсімінің 70%-дан астамы өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс есебінен қалыптасты. Салалар бөлінісінде келесідей динамика байқалады: ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығарудың 13,4%-ға өсуі байқалды, бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш саналады; құрылыста – 10,3%; саудада – 8,2%; көлік қызметтерінде – 8,1%; байланыста – 5,3%; өңдеу өнеркәсібінде – 5,3%. Жалпы, аталған кезеңде отандық тауарлар өндірісі 5%,-ға, көрсетілген қызметтер 4,5%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,1%-ға артып, 15,8 трлн теңгеге жетті.\nСыртқы сауда айналымы биылғы 10 айда $116,9 млрд-ты құрады. Қазақстандық тауарлардың экспорты 5,1%-ға өсті, ақшалай баламада көрсеткіш – $68,5 млрд. Бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 10,2%-ға ұлғайып, $23,3 млрд-қа жетті. Шикізаттық емес экспорттың тұрақты өсуі көбінесе қазақстандық тауарларды Қытай мен Түркияға жеткізу көлемінің артуымен, сондай-ақ Еуропа нарықтарындағы қатысудың кеңеюімен байланысты. \nҚХР-ға экспорт көлемі 5,3%-ға өсіп, $12,3 млрд-ты құрады. Бұған мемлекет пен бизнестің бірлескен белсенді жұмысы ықпал етті. Қытай тұтынушылары арасында отандық өнімдердің танымалдылығын арттыру мақсатында қазақстандық компаниялардың CIFTIS, CIIE, Digital Expo сынды үлкен көрмелерге және басқа да шараларға қатысуы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ jd.com, Doiyin, Alibaba электронды платформаларындағы ұлттық павильондар арқылы тауарларды ілгерілету жұмыстары жанданып, стримингтер ұйымдастырылды.\nИрландия, Швейцария және Франция сияқты ЕО елдеріне экспорттық ағындарды өсіру олардың диверсификацияланғанын көрсетеді. Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты көршілес елдерге шикізаттық емес экспорттың өсуі Қазақстанның саудасы үшін Орталық Азия өңірінің маңыздылығын айғақтайды. \nБиылғы қызмет көрсету экспорты 10,5%-ға өсіп, $8,4 млрд деңгейінде тіркелді. Осы сектордың драйверлері болып тасымалдау, ІТ, қаржы және басқа іскерлік қызметтер салалары аталды. \nСонымен бірге есепті кезеңде импорт 3,3%.-ға қысқарды. Импорттың төмендеуімен қатар жүретін экспорт көлемінің ұлғаюының нәтижесі экономиканың оң сауда балансының 33,4%-ға өсуі болды. Аталған көрсеткіш $20,1 млрд деңгейінде қалыптасты.\nҚабылданған шаралардың нәтижесінде биыл инфляция төмендеп, қараша айында жылдық мәнде 8,4%-ды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңінде инфляция 10,3% деңгейінде болды.\nҚазақстанның дербес несиелік рейтингі инвестициялық сенімділік деңгейінде сақталды\n2024 жылдың 9 қыркүйегінде Moody's халықаралық рейтинг агенттігі несиелік рейтингті «Тұрақты» деген болжаммен «Ваа2»-ден «Ваа1»-ге дейін көтерді. \n2024 жылдың 15 қарашасында Fitch еліміздің несиелік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, сонымен қатар болжамды «Тұрақты» деңгейде ұстады. \n2024 жылдың 1 наурызында S&P болжамды «Тұрақты» деңгейде сақтап қалып, дербес несиелік рейтингті «BBB-/А-3» деңгейінде растады. \nНесиелік рейтингтің жоғарылауы экономикалық және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, еліміздің халықаралық аренадағы беделін жақсартуға ықпал етеді, капитал нарықтарынан инвестициялар тартуға және экономикаға тікелей шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайтуға оң әсер етеді. Айта кету керек, мемлекеттің рейтингі неғұрлым жоғары болса, сыртқы нарықта қарыз алу шарттары соғұрлым жақсы болады.\nБизнесті қолдаудың жаңа құралдары арқылы елішілік құндылықтың өсуі\nҮкімет осы жылы кәсіпорындарды одан әрі ірілендіруге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға баса назар аудара отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Осындай шаралардың бірі шетелдік әлеуетті өнім берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға және квазимемлекеттік компанияларды сатып алуға қатысуына қол жеткізуін шектеу болып саналады. Биыл тізбе 3 еседен астамға – 4 536 атауға дейін кеңейтілді. Нәтижесінде, тек 2024 жылдың 9 айында мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 21,2 трлн теңгені құрады, оның ішінде елішілік құндылығы 11 трлн теңгеге немесе 51,8%-ға жетті. Жылдың 11 айында отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттардың сомасы 34,4%-ға өсіп, 372,9 млрд теңгені құрады. Офтейк-келісімшарттар бойынша көлемі 14 есеге, 134 млрд теңгеге дейін өсті. Қатты пайдалы қазбалар мен ОТӨ бойынша жер қойнауын пайдаланушылар арасында жалпы сомасы 111,1 млрд теңгеге 248 ұзақ мерзімді шарт және 27,8 млрд теңгеге 42 офтейк-келісімшарт жасалды. Салыстыру үшін: 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 47,5 млрд теңгеге 35 ұзақ мерзімді шарт және 4,8 млрд теңгеге 10 офтейк-келісімшарт жасалған болатын. 2024 жылдың қорытындысында қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысы мен қызметтерін сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша индикатор 81% деңгейінде айқындалды; 2025 жылға арналған жоспарда оны 82%-ға дейін жеткізу көзделген.\nБиыл мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа қағидалары бекітілді. 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, Қағидаларда жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу аясында орындалған шарттар бойынша және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтері бар басқа да шарттар бойынша есепке алынады. Тапсырысты орындаушы қосалқы мердігерлер атқаратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Заңнамалық өзгерістер конкурсты өткізу мерзімдері мен өтінімдерді беру рәсімдерін қамтиды. Өтінім беру мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қағидалар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.\nЭкономикадағы ШОБ үлесін арттыру\nОтандық тауар өндірушілерді қолдаудың қабылданған шаралары экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 1,8%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді және бүгінде ол 38,2%-ды құрайды. Осы жылдың 1 желтоқсанында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 1,5%-ға артып, 2 млн кәсіпорыннан асты. Осы секторда барлығы 4,2 млн-нан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды. Бұл ретте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылдың 2 тоқсанында 19,1%-ға ұлғайып, 34,2 трлн теңгені құрады.\nҚазақстанда экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау жаңа деңгейге жетті: бизнеске 6,3 млрд теңге көлемінде шығындарды өтеу қамтамасыз етілді. Салалардың әртараптандырылуына ерекше назар аударылып отыр. Бұл елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді. Қабылданған өтінімдер саны бойынша көшбасшылар қатарында Қостанай облысы, Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстары тұр. Биыл жалпы 500-ге жуық компания түрлі қолдау шараларын алды, оның ішінде экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу, Alibaba.com платформасына шығу, көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларға қатысу, шығындарды өтеу және басқа да шаралар бар. Олардың 90%-дан астамы азық-түлік саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері.\nПрезидент қол қойған Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң аясында биыл тексеруден профилактикалық іс-шараларға көшу арқылы мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі қайта қаралды. 66 саланың тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жүргізілді. Бизнес-ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Өңірлік маңызы бар актілер талданып, бизнеске 1 мыңға жуық негізсіз талаптар анықталды. Әкімдіктер оларды алып тастау бойынша жұмыс жүргізуде.\nСондай-ақ биыл кәсіпкерлікке арналған міндетті талаптар тізілімі іске қосылды, оның ерекшелігі кәсіпкерлерді тізілімнен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату болып саналады.\nПрезиденттің бастамасымен «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» атты екі бағдарламаның құралдарын біріктірген Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны қабылдау маңызды қадам болды. Мықты және бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құру мақсатында тиімді жобаларға қолдау көрсету көзделген. Сонымен қатар жаңа жобаларды субсидиялау үшін бюджетті бөлу негізінен өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар арасында жүзеге асырылады (шамамен 50%).\nШОБ жобаларын нарықтық жағдайларға кезең-кезеңімен көшумен субсидиялаудың сараланған әдісі көзделген. Кредиттер бойынша кепілдік беру құралы кеңейтілді: кепілдіктер сомасы 3,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды және бизнес субъектілері үшін 1 млрд теңгеден астам несие сомасы бойынша нарықтық шарттарда кепілдік алуға мүмкіндік берілді. Биыл барлығы 840,5 млрд теңге кредиттердің жалпы сомасына 14,5 мың жоба субсидияланды, төленген субсидиялар сомасы 226,2 млрд теңгені құрады. 241,2 млрд теңгеге 7,3 мың жоба бойынша кепілдіктер берілді. ШОБ-ты қолдаудың тағы бір құралы синдикатталған кредиттеу болды, ол бір мезгілде бірнеше банктер 15 млрд теңгеге дейінгі ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.\nОблигациялық қарыздар беру шарттары кеңейтілді: эмитент-кәсіпкер облигация шығарылған кезде купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ала алады және 5 жылға дейінгі мерзімде 5 млрд теңгеге дейін 6%-бен қаржыландыруға қол жеткізе алады. \nӘлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін биыл 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар және салалық шектеулерсіз 7% мөлшерлеме бойынша 1,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау енгізілді.\nКәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру\nБизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылы саласындағы негізгі бағыттардың бірі цифрландыру болып саналады. Ыңғайлы цифрлық экожүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлердің бір порталда мемлекеттік қызметтерді, қолдау шараларын және мемлекетпен өзге де өзара іс-қимылды алуы үшін «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы әзірленуде. Азаматтардың жеке кабинеті секілді бизнестің жеке кабинеті енгізіледі, бұл әкімшілік рәсімдерді жеңілдетеді және процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Биыл Қазақстанда электрондық форматта барлығы 99,3% мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз құжат айналымын одан әрі оңтайландыру жүргізілуде.\nСондай-ақ бизнестің операциялық шығындарын төмендетуге бағытталған есеп-қисапты автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылдың соңына дейін барлық есеп-қисаптың 40%-ын оңтайландыру жоспарлануда. ШОБ-ты одан әрі өсірудің тағы бір құралы арнайы келісім болады, оның шеңберінде кәсіпкерге салалық отандық және шетелдік консультанттарды тарта отырып, атаулы консалтингтік көмек көрсетіледі. \nЖалпы биыл ел экономикасы айтарлықтай тұрақты өсім көрсетті. Бұл өсім мұнайдан тыс сектордың қарқынды дамуының нәтижесінде жүзеге асып, әртараптандыру саясатының оң әсерін көрсетіп отыр. Несиелік рейтингтің жоғарылауы мен инвестициялардың артуы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің дамуына бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және оңтайландыру арқылы бизнес климатқа және әрі қарай да инвестиция тартуға оң ықпал етуде. Экономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайту Үкіметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді.\n#Инвестициялар #Президенттің тапсырмасы #ШОБ #Экономика #Экспорт\n `Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/904703
ТЖМ құтқарушылары Қазақстан Кубогында чемпион атанды 24.12.2024
Астанада бұл күндері армиялық қоян-қолтық ұрыстың баламасы болып табылатын нағыз жекпе-жектен Қазақстан Республикасының Кубогы өткізілді. 13-15 желтоқсан аралығында Астанада жекпе-жектің осы түрі бойынша үздік командалар жиналды. Бұл турнир «Кимоносыз АҚҰ» бөлімінде өткізілді. Ақмола облысының құтқарушысы Диас Нұртаев 67 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, кубоктың барлық кезеңдерінен өтіп, бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар 2024 жылғы 12-17 желтоқсан аралығында Астана қаласында ересектер арасында өткен гір спорты бойынша Қазақстан чемпионаты еліміздің түкпір-түкпірінен мықты спортшыларды жинады. Қатысушылар арасында Алматы және Қарағанды облысы ТЖД өкілдері жоғары нәтиже көрсетті. Алматы облысы ТЖД Кеген ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Дәурен Қадыр 73 кг салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді. Қарағанды облысы ТЖД №22 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Александр Комаров пен №28 өрт сөндіру бекеті өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі Роман Герасименко турнирдің күміс жүлдегерлері атанды. Қиын әрі шиеленіскен бәсекеде олар жоғары дайындық деңгейін және табандылық көрсетті. Бұл жетістік тек спортшылардың жеке жетістігі ғана емес, сондай-ақ бүкіл азаматтық қорғау қызметінің мақтанышы болып табылады. Мұндай турнирлер құтқарушылар үшін өте маңызды, өйткені олар физикалық төзімділікті, реакцияны және төтенше жағдайларда тиімді жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды дамытады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/904772
Қауіпсіздік үшін цифрлық интеграция: ТЖМ Командалық орталығын жаңарту 24.12.2024
Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы базасында азаматтық қорғау саласындағы жаңғырту және цифрландыру мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Кеңестің негізгі мәселелерінің бірі ҚР ТЖМ Командалық орталығының IT-инфрақұрылымын жаңғырту болды. Төтенше жағдайлар вице-министр Батырбек Әбдішев төтенше жағдайлар кезінде неғұрлым тиімді мониторинг пен жедел басқару үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында командалық орталықты жаңартуға айтарлықтай күш жұмсалғанын атап өтті. «Әртүрлі мемлекеттік органдардың деректерін интеграциялау және олардың мамандарының үнемі қатысуы үйлесімді жұмыс пен жедел шешім қабылдауды қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Батырбек Әбдішев. ҚР ТЖМ Командалық орталығы азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқаруға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинауға және өңдеуге жауапты негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады. Орталықтың инфрақұрылымын жаңарту аясында биыл торлық жөндеу және ақпараттық-техникалық базаны жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл процеске «Қазавиалесохра» РМК, «Қазгидромет» РМК және «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ республикалық диспетчерлік қызметінің мамандары тартылды. ҚР ТЖМ Командалық орталығы азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқаруға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау мен өңдеуге жауапты негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады. Орталықтың инфрақұрылымын жаңарту аясында биыл үй-жайларды жаңғырту және ақпараттық-техникалық базаны жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл процеске «Қазавиаорманкүзеті» РМК, «Қазгидромет» РМК және «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ республикалық диспетчерлік қызметінің мамандары тартылды. Кеңесте цифрлық бастамаларға және мемлекеттік органдардың төтенше жағдайларға мониторинг жүргізу мен оларды жоюдағы бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударылды. Вице-министр Батырбек Әбдішев Tabigat.gov.kz табиғи ресурстардың интерактивті картасы сияқты ғарыштық технологиялар мен цифрлық құралдарды пайдалана отырып мониторинг жүргізілгенін хабарлады. «ҚҒС» ҰК» АҚ платформалық шешімдер департаментінің директоры Гүлнар Қабжанова Tabigat.gov.kz платформасының мүмкіндіктерін көрсетті, ал ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов орман өрттерін ерте анықтау жүйесін және республикалық диспетчерлік қызметтің есептілігін автоматтандыруды ұсынды. Сонымен қатар кеңесте ТЖМ процестерін автоматтандыру шеңберінде жүргізілетін дала және орман өрттерінің таралуын модельдеу ұсынылды. ТЖМ геоақпараттық жүйелер жобасының жетекшісі Мұрат Әбдіхалықұлы өртті модельдеу бойынша жұмыстың барысын көрсетті, ал «ҚҒС» ҰК» АҚ платформалық шешімдер департаментінің инженерлері мен «Қазгидромет» РМК бас директоры су тасқынын болжау жүйесі туралы айтты. Кеңес соңында «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ төрағасы Қайратғали Хайрулла «Talsim» және «Delft-FEWS» су тасқынын болжау жүйелерін таныстырды, содан кейін төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесіндегі маңызды жаңарту көрсетілді. Оны ҚР ТЖМ байланыс және құлақтандыру басқармасының бастығы Саят Баталов ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу үдерістерін үйлестіруді және азаматтық қорғау саласындағы материалдық-техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін бірыңғай ахуалдық орталық құру жөніндегі одан арғы қадамдарды талқылады. Сонымен қатар осы жобаны іске асыру үшін ведомствоаралық техникалық тапсырма әзірлеу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/904817
Жетісуда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары қар құрсауынан 136 адамды құтқарды. 24.12.2024
Ауа-райының нашарлауы, қатты дауыл мен көріну мүмкіндігі нөлдік боранның салдарынан Жетісу ауданындағы Үшарал-Достық тас жолында бірнеше төтенше жағдай орын алды. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға жедел көмек көрсетті. Соңғы тәулікте барлығы 136-дан астам адам құтқарылды. Қатты боран мен боран салдарынан Ырғайты тас жолының учаскесінде 30 жүк көлігі мен бір жолаушылар көлігі тұрып қалды. Құтқарушылар дереу көмекке аттанды. Құтқарушылар ауысымдық көлік пен Треколь автокөлігін қоса алғанда, арнайы барлық жерүсті көліктерін пайдалана отырып, 40-тан астам адамды Үшарал қаласына жеткізді. Құтқарылғандардың арасында 28 шетел азаматы бар - Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Ресей Федерациясының азаматтары. Бақытымызға орай, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады. Жолдың Ырғайты мен Жалаңашкөл аралығындағы тағы бір бөлігінде тағы 26 жүк көлігі қар құрсауында қалды. Құтқарушылар жүргізушілерді жергілікті билік ыстық тамақ ұйымдастырған Көктұма ауылына көшірді. Осы шараның нәтижесінде 26 жүргізушіге көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Достық стансасының ПЧ-10 қызметкерлерімен эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Қалың қар көшкен аумақта 2 жеңіл және 19 жүк көлігі болды. 69 адам эвакуацияланды, оның ішінде «Алакөл» шекара бөлімінің 20 әскери қызметкері. Зардап шеккендердің барлығы Достық станциясына жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қыста сақтық шараларын сақтау керектігін еске салады. Дауыл туралы ескертулерді орындап, ауа-райы нашарласа, сапарға шықпау маңызды. Төтенше жағдай орын алған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін жедел жәрдем қызметінің 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз! < /p>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/904831