Саясат
«Гармошка автобустар» №46 бағытқа қатынайды 17.12.2024
Ақтөбеде автобус паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жақында желіге жаңа заманауи автобустар шығады. «Qala Trans» ЖШС Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы ұзындығы 18 метрлік 15 жаңа Golden Dragon автобусын сатып алды, олар жақын арада №46 маршрутта жүруін бастайды.Тәуелсіздік күні мерекесі аясында облыс әкімі Асхат Шахаров қала автопаркін толықтырған жаңа қоғамдық көлікті қарап шықты, тұрғындар үшін жолаушылар тасымалының сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.Жаңа автобустар 160 адамға арналған, 35 орындық, мүгедектігі бар адамдарға арналған пандустармен, ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. «Жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту үшін біз бұған дейін электронды билеттеуді енгізіп, жолақысын төлеу жүйесін ашық етіп жасадық. Бұл жергілікті атқарушы органдарға Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жеңілдетілген несиелеу бойынша жаңа автобустар сатып алуға мүмкіндік берді, ал мемлекет тасымалдаушыларды қолдау үшін субсидиялар бөледі. Алдымызда қоғамдық көлікті тартымды ету мақсаты тұр. Бізде халықтың 80%-ға жуығы автобустарды пайдаланады және олар үшін жол жүру жағдайларын жақсартуымыз керек. Қалада заманауи аялдамаларды жабдықтап, тротуарлар салу қажет. Қазірдің өзінде көп нәрсе жасалды, әлі де біраз жұмыс атқарылуы тиіс. Бұған облыстық бюджеттен қаражат бөлеміз. Біз әрқашан қала тұрғындарының пікіріне құлақ асамыз, оларға қоғамдық көліктердің барынша ыңғайлы және барлығына қолжетімді болуы үшін белсенді жұмыс істейміз», - деп атап өтті әкім.Асхат Шахаров жол қозғалысының барлық қатысушыларын қала жолдарында ереже сақтауға және жолаушыларды жаңа автобустарға ұқыпты қарауға шақырды.«Жаңа автобустар, олардың өлшемдеріне қарамастан, біздің көшелер үшін қолайлы. Бірнеше күн бойы көліктер сынақтан өткізіледі, содан кейін желіге шығады. Көлік жүргізушілеріне айтарым, жолдарда абай болыңыздар, ережелерді сақтап, жол қозғалысының барлық қатысушыларын құрметтеуге шақырамын», - деді әкім.Айта кету керек, қазіргі №46 маршрутта жұмыс істейтін автобустар №6 және №48 маршруттарға ауыстырылады.Жыл соңына дейін «Автопарк» ЖШС-де тағы 25 Yutong автобусы жеткізіледі деп күтілуде, бұл №42, №14 және №26 маршруттарда қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді. Биылғы жылдың қазан айында компания қазір №22 және №24 бағыттарға қызмет көрсететін 25 Yutong автобусын сатып алды.Сонымен қатар, «РТТ Групп» ЖШС №29 және №44 маршрут автопаркін жаңартты, ол 4 Isuzu автобусы мен 10 Yutong автобусымен толықты.Ақтөбеде автобус паркін жаңартуды жалғастыру міндеті тұрған бес компания жолаушылар тасымалымен айналысады. Жаңа қоғамдық көліктер жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ қалада көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.Облыс әкімі мұндай шаралар қалалық инфрақұрылымды жақсартуға ықпал ететінін және Ақтөбе тұрғындарына қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін алға тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903735
Темір аудандық мәслихаты жаңа аудан әкімінің лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады 17.12.2024
Бүгін, 17 желтоқсан күні, Темір аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті. Сессияға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен аудандық мәслихат төрағасы Болат Шаимов қатысты.Сессия барысында облыс әкімі Темір ауданының әкімі лауазымына Алмас Жақсылықұлы Жақсылықовтың кандидатурасын ұсынып, оның өмірбаянын таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, бірауыздан дауыс берді.Өңір басшысы мен депутаттар жаңа аудан әкіміне алдағы жұмысына сәттілік тіледі.Ақпарат Темір ауданы мәслихатының сайтында жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903753
Темір ауданының әкімі тағайындалды 17.12.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Темір аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Алмас Жақсылықұлы Жақсылықов Темір ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Алмас Жақсылықов 1978 жылы дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Еңбек ресурстарын басқару», 2019 жылы Қайнар академиясын «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы «Көмірбанк» ААҚ Алматы қаласындағы филиалының қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған.2004 – 2009 жж. Ақтөбе облыстық көліктік инфрақұрлымды дамыту басқармасының, Темір аудандық құрылыс бөлімінің жетекші маманы; 2009 – 2013 жж. «Тазалық», «Шұбар-құдық», «Шұбарқұдық-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің және «CENTRUM KAZAKHSTAN» ЖШС директоры лауазымдарында қызмет етті. 2013 – 2018 жылдары Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Темір ауданы «Жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталығының басшысы, Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; 2018 – 2023 жылдары Хромтау қаласының әкімі, Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әкімі қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903771
Жаңа аудан әкіміне бірнеше салада жұмысты күшейту міндеті қойылды 17.12.2024
Бүгін Шұбарқұдық ауылында аудан активінің отырысы өтті, онда өңір басшысы Асхат Шахаров Темір ауданының жаңа әкімін таныстырды.Бұл лауазымға Алмас Жақсылықов тағайындалды. Асхат Шахаров ауданның жаңа басшысына сәттілік тілеп, Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша негізгі міндеттерді айқындап берді.«Темір ауданы аймақ экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындаудың арқасында аудан ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйді сатуда және бөлшек саудада оң нәтижелер көрсетуде, онда көрсеткіштер 100%-дан асады. Проблемалық бағыттар да бар: өнеркәсіп – 96,8% және инвестициялар – 38,4% төмендегені байқалады. Ауданның жаңа әкіміне жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу және осы салалардағы жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылдауды тапсырамын», - деп атап өтті облыс басшысы.Асхат Шахаров ауданның өнеркәсіптік базаларын сақтауға және дамытуға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ тоқтап қалған өндірістік объектілердің жұмысын қалпына келтіруге көңіл бөлу қажеттігін айтты. Кен өндіру өнеркәсібін дамытуға және кен орындарын игеру үшін инвесторларды тартуға ерекше назар аудару қажет.Сондай-ақ, Темір ауданының ауыл шаруашылығы секторын нығайтуға мүмкіндік беретін құс, өсімдік және қайта өңдеу фермаларын белсенді дамыту қажет. Ірі қара мал басының 7%-ы осы ауданда екенін ескере отырып, басқа өңірлерге ет өнімдерін өндіру және жеткізуге бағытталған ет кластерін құру тапсырылды. Облыс әкімі ауданның жаңа басшысына қайта өңдеу кәсіпорындарының мүмкіндіктерін кеңейту және эко- және мәдени туризмді дамыту үшін «Жол картасын» әзірлеу қажеттігін алға тартты.«Темір ауданы «Ақтөбе-Астрахань» республикалық трассасының бойында орналасқан және шағын және орта бизнесті дамытуда жоғары әлеуетке ие. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет. Сондай-ақ, ауданда мұнай, газ, көмір және құрылыс шикізаты кен орындары бар, алайда тау-кен өнеркәсібі баяу дамуда. Бұл кен орындарын игеру үшін инвесторларды белсенді тарту қажет. Ауданда өңдеу цехтарын дамыту, аудан мен облыс тұрғындарын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжайлар мен көкөніс қоймаларының санын көбейту керек. Бүгінгі таңда ауданда тек бес жылыжай жұмыс істейді, бұл жеткіліксіз. Жаңадан тағайындалған аудан әкіміне осы міндеттерді қатаң бақылауда ұстауды және олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, жұмыс орындарын құру және ауданда өмір сүру сапасын жақсарту басымдық болып қала береді. Барлық күш-жігер осы мақсаттарға жетуге бағытталуы тиіс», - деді өз сөзінде өңір басшысы.Алмас Жақсылықов алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін бар білімі мен тәжірибесін салатынына сендірді. Ол аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903915
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев энергетиктерді кәсіби мерекелерімен құттықтады 17.12.2024
«Бүгін өздерінің кәсіби мерекесін энергетика саласының мамандары атап өтуде! Сіздердің кәсіби біліміңіз бен тәжірбилеріңіздің арқасында аймақтың жылу және энергетикалық жүйелері, әсіресе қыстың қақаған суығында, тұрақты жұмыс істейді. Жарық пен жылу – қазіргі заманның маңызды бөліктері. Осы мамандардың арқасында жерлестеріміздің үйлерінде жайлылық пен жылылық орнап, өңірдегі әлеуметтік мекемелер тоқтаусыз қызмет етіп, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылып, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Энергетик болу – бұл бүгінгі таңда құрметке ие, қиын да жауапкершілігі мол жұмыс. Сала ардагерлеріне ерекше алғыс білдіреміз. Сіздердің жетістіктеріңіз – бүгінгі энергетиканың негізі, ал жинаған тәжірибелеріңіз – жас мамандарды тәрбиелеуде үлкен көмек. Энергетиктердің жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің алдағы уақытта да барлық тапсырмаларды сәтті орындайтындарыңызға сенімдімін. Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз еткендеріңіз үшін рахмет! Сіздерге зор денсаулық, табыс, оптимизм, амандық, апатсыз жұмыс және бар жақсылықты тілеймін. Кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күні құтты болсын!», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/903478
Ақтөбе су қоймасы көктемде тасқын суды қабылдау үшін 80%-ға босатылды 17.12.2024
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Ақтөбе су қоймасын 80%, Қарғалы су қоймасын 66% және Сазды су қоймасынан 60%-ға босатты.Бүгінгі таңда үш су қоймасында 382 млн текше метр су қабылдайтын бос орын бар.Қоймалардан су жіберу жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары қосымша 200 млн текше метрден, Сазды су қоймасы 5 млн текше метр су қабылдай алады.Осылайша, үш су қоймасы су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін 405 млн текше метрге дейін су қабылдай алады.Сондай-ақ, Ақтөбе су қоймасын толық жаңғырту жұмыстары аяқталды. Айта кету керек, нысан қолданысқа берілген 1988 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Осыған қарамастан, биыл су қоймасы тасқын кезінде үлкен жүктемеге төтеп беріп, 540 млн текше метр су өткізе алды.Сазды су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, мұздан қорғау қабырғасы орнатылды. Қарғалы су қоймасында көтергіш механизмдер мен қақпа тізбектері ауыстырылды.Мәртөк ауданының су қорғау бөгеттерінің және лиманды суару жүйесінің учаскелері қалпына келтірілді.«Өңірде су тасқыны кезеңінде дайындық жалғасуда, бүгінде су қоймалары жұмысының кестесі әзірленді. Бос сыйымдылықтарды дайындаудан басқа, монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, оны 15 желтоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Ринат Шауенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/903527
Еліміздің су саласында 200-ден астам «Тәуелсіздік құрдастары» еңбек етеді 17.12.2024
Еліміздің су саласында 200-ден астам «Тәуелсіздік құрдастары» еңбек етеді. Атап айтқанда, Су ресурстары және ирригация министрлігінде 1991 жылы дүниеге келген 10 маман, «Қазсушар» филиалдарында 202 және бассейндік инспекцияларда 3 сушы бар.Қазақстан егемендігін алған жылы туған отандастарымыз бүгінде су саласының білікті мамандарына айналып, елімізді дамытуға өз үлестерін қосып жатыр. Олардың кейбірі қарапайым жұмысшыдан бастап, басшылық қызметке дейін көтерілген.«Менің әкем су саласында 42 жыл еңбек еткен осы саланың ардагері. Мен де әкемнің жолын қуып, сушы мамандығын таңдадым. Осы салада 10 жылға жуық еңбек етіп келемін. Бүгінгі таңда аға инженер-гидротехник лауазымына дейін көтерілдім. Тәуелсіздіктің құрдасы болу – үлкен жауапкершілік. Сол себепті жұмыста да, күнделікті өмірде де абыройлы болуға тырысамын»,- дейді Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өндірістік учаскесінің аға инженер-гидротехнигі Айдос Ибадильдаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/903535
Су саласының 500-ден астам қызметкері біліктілік арттыру курстарынан өтті 17.12.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Мәселен, «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған су саласының мамандықтары қосылды. Нәтижесінде, қазақстандық студенттер аталған мамандықтар бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.«Су шаруашылығы саласына жас мамандарды тарту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Биыл 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының нәтижесінде, 80 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті. Бұдан бөлек, шетелдік әріптес университеттермен қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту жөнінде іс-шаралар қабылданады»,- деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/903537
ТЖМ құтқарушысы джиу-джитсудан мыңдаған спортшылардың ішінде ең үздік атанды 17.12.2024
«Kazakhstan International jiu-jitsu championship» беделді халықаралық турнирінде мықты балуандар өнер көрсетті, олардың арасында елордалық құтқарушы Хамзе Баққуар ерекше көзге түсті. Ол чемпион атағын алу арқылы Ресей Федерациясынан, Өзбекстан Республикасынан, Қырғызстаннан, Кувейттен, Палестинадан және Бразилиядан 1500-ге жуық спортшы қатысқан турнирден өтіп, шеберлік пен тактикалық дайындығын көрсете білді. Баққуар 94 келі салмақ дәрежесінде No-GI бөлімінде жеңіске жетіп, чемпион атанды. Хамзе Баққуар джиу-джитсудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ грепплингтен ҚР спорт шебері болып табылады. Джиу-джитсудан ұлттық құраманың мүшесі, ҚР және джиу-джитсудан Қазақстан кубогының бірнеше дүркін чемпионы, грепплингтен Қазақстан Кубогының чемпионы. Джиу-джитсудан бірнеше дүркін Азия чемпионы және жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы. Жауынгерлік самбодан ҚР чемпионы және жүлдегері, кәсіби панкратионнан әлем чемпионатының финалисті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/903877
ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 500-ден астам адамды құтқарып, эвакуациялады 17.12.2024
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында «Қыс мезгілінің өтуі туралы. Авариялық-құтқару жұмыстары» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шараға ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Бауыржан Ахметалин, ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Қуаныш Темірбеков, сондай-ақ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Аспандияр Сапарғалиев қатысты. Бауыржан Ахметалин атап өткендей, қысқы кезең басталғалы бері құтқару бөлімшелері 517 адамға, оның ішінде 72 балаға көмек көрсетіп, оларды қар құрсауынан эвакуациялады. Сонымен қатар 113 бірлік техника шығарылды. 19 жылыту пунктінде 348 адам орналастырылды, онда ыстық тамақпен және жылы заттармен қамтамасыз етілді. Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін саны 37,4 мың адам және 13,6 мың бірлік техника бар күштер мен құралдар дайындалды. Республикада жедел штаб, осындай штабтар еліміздің 12 өңірінде құрылды. Халықты ықтимал қауіпті метеорологиялық құбылыстар және абайсыздық шаралары туралы ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қыс мезгілінде зардап шеккен адамдарға көмек мақсатында 1 548 жылыту пункті дайындалды. Сонымен қатар 40 трассалық медициналық-құтқару пункті де жылыту пункттері ретінде пайдаланылатын болады. Өз кезегінде аға офицер Қуаныш Темірбеков журналистерге ТЖМ бастамасымен қараша айының соңында «Мұз-24» республикалық акциясы басталғанын айтты, оның барысында әртүрлі мемлекеттік ведомстволардың қызметкерлері қатысуымен рейдтер өткізілді. Іс-шараға 2 мыңнан астам қатысты, оның барысында 50 мың адамға, оның ішінде 30 мыңға жуық балықшыға нұсқау берілді. Желтоқсан айының басында басталған өрт қауіпсіздігі айлығының өтуі туралы Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Аспандияр Сапарғалиев айтты. Мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 20 мыңнан астам үйді аралау жұмысы жүргізілді, онда 74 мың адамға нұсқау берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарында 5 мыңнан астам иісті газ және түтін датчигі орнатылды. Айлық аясында жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізуге ерекше назар аударылады. 1000-нан астам жаппай мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындар тексерілді, сондай-ақ 127 өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Сонымен қатар оқу орындарында балаларға, студенттерге және педагогтарға эвакуациялық жаттығулар ұйымдастырылды. ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз! Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің «112» бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз. Сонымен қатар қараңғы уақытта және нашар көрінген кезде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады, сондай-ақ балаларды ешқашан мұзда қараусыз қалдырмаңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/903978
ТЖМ басшысы мен Ақтөбе облысының әкімі ТЖД инфрақұрылымын дамыту жоспарына қол қойды 17.12.2024
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Асхат Шахаров Төтенше жағдайлар департаментінің инфрақұрылымын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды. Жоспар азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған 11 негізгі іс-шараны қамтиды. Құжат бірқатар бастамаларды қамтиды. Атап айтқанда өрт сөндіру бөлімдеріне күрделі жөндеу жүргізу және абаттандыру, модульдік депо салу, қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу және құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту. «Өңірлерде ТЖД инфрақұрылымын дамыту - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басымдық. Аталмыш жоспар қызметкерлердің жұмысы үшін заманауи жағдайлар жасап қана қоймай, төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігін арттырып, облыстың барлық тұрғындары үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Шыңғыс Әрінов. Асхат Шахаров атап өткендей: «Жол картасын іске асыру қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартып, шұғыл бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайтып, ТЖ-ға ден қоюдың жауынгерлік әзірлігі мен жеделдігін арттырады, сондай-ақ өңір тұрғындары үшін қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етеді». Сонымен қатар құжатқа қол қойылған күні Ақтөбе қаласының Есет Батыр шағын ауданында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Іс-шара аясында ТЖД қызметкерлеріне арнайы техника мен қызметтік пәтерлердің кілттері табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/904004
ТЖМ құтқарушылары ММА бойынша әлем чемпиондары 16.12.2024
ТЖМ қызметкерлері батылдық, рух пен кәсібилік құтқарушылардың ажырамас қасиеттері екенін тағы да дәлелдеді. Индонезияның Джакарта қаласында өткен "GAMMA" ММА әлем чемпионатында біздің құтқарушылар Ерназ Мұсабек, Мансур Шахгереев және Сайран Сағындықов алтын медальды, күміс медальды иеленіп, Әділ Сұлтанбеков қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, біздің үш спортшымыз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберінің нормативтерін орындады. "Әлем чемпионатында еліміз бен ТЖМ намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі жетістігіміз ең алдымен, біздің министріміз генерал-майор Шыңғыс Әріновтың қолдауының нәтижесі. Құтқарушының жұмысы бізден тек күш пен мықтылықты ғана емес, сонымен қатар ақыл — ой мен төзімділікті талап етеді. Біз, құтқарушылар, күн сайын қызметте де, спорттық аренада да күш пен рухтың шегі жоқ екенін дәлелдедік", - деді Ерназ Мұсабек. Бұл спорттағы жоғары жетістік Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген құтқарушылардың кәсібилігі мен рухының күшін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/903313
ТЖМ басшысы Ақтөбе қаласында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты 16.12.2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде қала мен өңірдің қауіпсіздігін жақсартудағы маңызды қадам болған, көптен күткен жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. Салтанатты рәсім аясында жаңа пәтерлер мен заманауи техниканың кілттері табысталды. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және азаматтық қорғау ардагерлері қатысты. ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов жаңа өрт сөндіру бөлімі қала мен оған іргелес аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ қызмет қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. «Осы игі іске атсалысқан барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Биыл еліміздің түрлі өңірлерінде 9 заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды, қазір бұл тізімде Ақтөбе де бар. Қызметтік жатақханалар да салынуда. Әкімдік біздің қызметімізді қолдайтынын көріп отырмыз. Бүгін біз қызметкерлерге пәтер кілттерін табыс еттік. Бұл мен үшін үлкен қуаныш», - деп ТЖ министрі атап өтті. Ол министрлік құтқару қызметтерінің инфрақұрылымын жаңартуға, соның ішінде қауіпсіздік пен жарақтандырудың заманауи стандарттарына сәйкес келетін объектілерді салуға бағытталған жаңа бастамаларды белсенді түрде енгізіп жатқанын айтты. Ақтөбедегі жаңа өрт сөндіру бөлімі 1,5 гектар жерді алып жатқан учаскеде орналасқан, онда негізгі екі қабатты ғимарат пен 6 қызметтік пәтерге арналған жатақхана бар. Депо ғимараты өрт сөндірушілердің тиімді жұмыс істеуі үшін озық техникадан бастап заманауи жабдыққа дейін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Ғимараттың ауданы 1612 шарты метрді құрайды, ал гараж 7 өрт сөндіру техникасына арналған. Әкімшілік ғимаратта диспетчерлік бөлмелер, қызметкерлер бөлмелері, демалыс және тамақтану бөлмелері бар. Ангар алаңы аязға және көктайғаққа төзімді автоматты қақпалармен жабдықталған, сондай-ақ арнайы техниканы жууға арналған жеке аймағы бар. Сонымен қатар депо аумағында балалар мен спорт алаңын және көшені жарықтандыру жүйесін қоса алғанда, қызметкерлердің жайлы тұруы үшін жағдайлар жасалған. «Біз құтқарушыларымыз үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын түсінеміз. Бұл олардың жұмыс жағдайларын жақсартып қана қоймай, өңірдің жалпы қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді», — деп Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров атап өтті. Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды, жергілікті биліктің қолдауы жаңа нысанның құрылысында маңызды рөл атқарды. Жаңа өрт сөндіру бөлімі Ақтөбе қаласының да, оған іргелес елді мекендердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында 25 өрт сөндіру бөлімшесі бар, олар 181 бірлік өрт сөндіру автотехникасымен жарақталған. Ақтөбедегі жаңа өрт сөндіру бөлімі-бұл өрт қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар өңірдің жедел ден қоюды және құтқару қызметтерін жоғары дәрежелі жарақтандыруды талап ететін заманауи сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге дайындығының көрсеткіші. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Ақтөбе облысы ТЖД-нің 20 қызметкерге тұрғын үй берілді. ТЖ министрі мен өңір басшысы қоныс иелерінің үйлеріне барды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/903347
Ақтөбелік құтқарушыларға Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа пәтерлердің кілттері табысталды 16.12.2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ТЖ департаментінің қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен іске асырылып жатқан Азаматтық қорғау органдарының өрт сөндірушілері, құтқарушылары және әскери қызметшілерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды. Жаңа тұрғын үй алғандардың қатарында радиотелефоншылар, өрт сөндіруші-құтқарушылар, жүргізуші-нұсқаушылар, бөлімше командирлері және авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлері бар. Қызметкерлер тұрып жатқан жаңа тұрғын үй кешені Есет Батыр шағын ауданында салынды. Үш қабатты үйдегі барлық пәтерлер газдандырылған және әрі қарай жаңа қоныстанушыларға үй-жайларды өз қалауы бойынша жөндеу жұмыстарын жасауға дайын күйінде берілді. Шыңғыс Әрінов жаңа қоныс иелерімен жеке кездесіп, олардың қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді."Президенттің тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесі, оның ішінде пәтер алу мүмкіндігін қолдауы құтқарушыларға сенімділік пен мотивация береді. Бұл оларға батылдық пен табандылықты қажет ететін өз жұмыстарына ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді", — деп ТЖМ басшысы атап өтті. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қызметкерлер үшін жаңа пәтерлер берудің маңыздылығын атап өтті."Біз құтқарушыларымыз үшін қолайлы жағдай жасай алатынымызды мақтан тұтамыз. Бұл олардың еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғаудағы күнделікті жұмысы үшін алғысымыз", — деді Асхат Шахаров. Сонымен қатар әлеуметтік бағдарламаны іске асыру аясында жаңадан ашылған № 25 өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан жаңа қызметтік жатақханада алты пәтер берілді. Жатақхана аумағында балалар алаңы бар, көшеге жарық жүргізілген, яғни қызметкерлер мен олардың отбасыларына барлық қолайлы жағдай жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/903467
Соғым FEST: жәрмеңкеде 30 фермер астаналықтарға жүз тоннадан аса соғым етін ұсынды 15.12.2024
Астанада Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысқан кезекті соғым FEST өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Соғым FEST Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Kоktal» СОО тұрағында өтті.Мұнда Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылды.«Koktal» сауда орталығымен бірлесіп, соғым Fest фестивалін ұйымдастырып отырмыз. Соғым Fest-тің өтіп жатқанына екінші апта болды. Ал ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі алты аптадан бері ұйымдастырылып келеді. Бүгінде жәрмеңкеге 30 фермер қатысып отыр. Жүз тоннадан астам соғым әкелінді. Ал ұсынылып отырған өнімдер базар бағасынан 15-20 пайызға арзан», - деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Қосман.Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен соғым Fest фестивалін өткізу – бұл жергілікті өндірушілер үшін тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік. Мұндай іс-шаралар жергілікті кәсіпкерліктің дамуына және қазақ дәстүрлерін сақтауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903282
Еріктілер астаналықтарды патриоттық акция арқылы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады 15.12.2024
Астанадағы Есіл жағалауында еріктілер Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай арнайы акция өткізді. Іс-шараны «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Еріктілер елорда тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің Мемлекеттік Туы бейнеленген жалауларды таратты. Олардың құттықтаулары мен символикалық сыйлықтары халықты еркіндік, бірлік, мақтаныш идеялары бар мерекенің маңыздылығын еске салды.«Бүгін мереке қарсаңында біз, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері, елорда тұрғындары мен қонақтарына жалаулар таратамыз, осы айтулы күнмен құттықтаймыз және Қазақстан Тәуелсіздігінің маңыздылығын кезекті рет еске саламыз», – дейді ерікті Айдан Байғандыев.Қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған шара тек жалау тарату шарасы ғана емес, халықты патриоттық идея төңірегінде басын біріктірген нағыз мерекеге айналды. Өтіп бара жатқандар қуана қатысып, жылы лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.«Мұндай шаралар бір-бірімізге жақындата түседі және бейбітшілік пен тәуелсіздікті бағалаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады», - деді өз әсерімен бөлісті астаналық Алмагүл Қасенова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903297
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды 15.12.2024
Астанада коммуналдық қызмет мамандарына алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды. Оған танымал спортшылар қолдау көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Челленджге елордалық танымал спортшылар қосылып, күндіз-түні тоқтаусыз қар тазалайтын коммуналдық қызметкерлерге қолдау көрсетуді жөн көрді.Бүгін таңертең Ғашықтар саябағына жиналған спортшылар елордамыздың игілігі үшін күнделікті еңбек етіп жүрген мамандарға ыстық шай мен бауырсақ үлестірді.«Бүгін таңымыз ерекше атты, өйткені біз спортшылармен және шығармашылық саланың мамандарымен жиналып, қаламыздың тазалығы жолында еңбек етіп жүрген жандарды қуантуды жөн көрдік», - деді «SD Family» футбол клубының негізін қалаушы Дидар Сыдықбек.Бұдан бөлек, спортшылар қар тазалауға атсалысып, көмек көрсетті. Бұл шара – коммуналдық саланың қызметкерлеріне деген сыйластықтың белгісі.«Қаламыздың тазалығы жолында коммуналдық қызметкерлердің еңбегі зор. Алғысымызды білдіру үшін спорттағы әріптестермен бас қосып, жұмысшыларды ыстық шаймен, бауырсақпен қуантуды жөн көрдік», – дейді ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионы Едіге Емберді.Бұл бастаманы Ұлжан Рақышева, Биғали Зкрияев, Ерболат Бекболатов, Саян Жанділдин және Жанболат Ибрагимов сынды спортшылар да қолдады.Алдағы уақытта акция қаланың барлық ауданын қамтып, ай сайын өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903298
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды 15.12.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада ашылған кезекті жайлы мектеп туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Тағы бір жайлы мектепті аштық. Бұл – оқу жылы басталғаннан бері біз ашқан он сегізінші жаңа мектеп.Жаңа үлгідегі мектеп Үркер елді мекенінде орналасқан. Білім ордасы екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қазіргі уақытта №69 мектеп-лицейінде балалар үш ауысымда оқиды. Осылайша, жаңа ашылған мектеп оқушылардың саны толып кету мәселесін шешеді. Балалар бұл жерде 3 тоқсаннан бастап оқуын бастайды.Мемлекет басшысының «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгіде 11 мектеп салынып, есігін айқара ашты. Осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл оқу орындары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.Жыл соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашу жоспарымызда бар. Сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. Мәселен, 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз», – деп жазды елорда әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903307
Жаңа челлендж: астаналық оқушылар көк туды желбірегеніне арнап ән шырқады 15.12.2024
Тәуелсіздік күніне орай Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары көк тудың желбірегеніне, ел тәуелсіздігінің құрметіне арнап ән шырқады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы, болашақ ұрпаққа қалдырған аманаты.Көк тудың желбірегені – елдігіміздің айғағы,Бабалардың ерлігі – ұрпаққа қалған байрағы.Біз, жастар туған еліміздің даңқын асқақтатып, жарқын болашағына үлес қосуға дайынбыз! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!» - деген №80 мектеп-гимназиясының оқушылары бұл челленджді қаладағы өзге де мектептерге жолдады.Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне орай қала мектептерінде сынып сағаттары өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903368
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады 15.12.2024
Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласындағы №29 орта мектебінің 700 оқушысы ұстаздармен қосылып, «Мен қазақпын» әнін хормен орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған бұл челлендж республиканың басқа қалаларындағы оқушыларға жолданды.Елордалық оқушылар хормен ән айтуды әр мерекеде дәстүрге айналдырып, ұлттық әндерді шырқап келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын таппақ.«Бұл іс-шараға 1-11 қазақ сыныбының оқушылары қатысып отыр. Әнді таңдау қиынға соққан жоқ. Себебі бұл ән тілге жеңіл, жүрекке жақын», - деді мектеп директоры Айжан Мәметхан.Айта кетсек, сарбаздардың орындауынан бөлек, көпшілікке кеңінен таралған «Мен қазақпын» патриоттық әнінің сөзін ақын Нұржан Өмірбай, әнін сазгер Жарасхан Төлебай жазған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903372