Саясат
ТЖМ мұздағы жүріс-тұрыс қағидаларын еске салады 12.12.2024
Өңірлерде «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы жалғасуда. ТЖМ құтқарушылары мұзда қауіпсіз болу және мұз астында балық аулау ережелерін түсіндіреді. Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су объектілеріндегі оқиғалардың алдын алу шараларын жүргізуде. Рейдтер барысында ең алдымен халықпен, балықшылармен әңгімелер өткізіледі, парақшалар таратылып, мұздағы қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқаулықтар өткізіледі. Осы талаптарды елемейтін, мұзға рұқсатсыз шығуды жүзеге асыратын адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар облыс аумағында су объектілеріне, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып мониторинг жүзеге асырылады. «Акция басталғалы бері ТЖД қызметкерлері облыста 475 рейдтік іс-шара өткізді, 1498 адамға нұсқау берді, 1547 жадынама таратты. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша қауіпсіздік талаптарын елемеген 54 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин атап өтті. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Полиция департаментінің қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлесіп ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Бүгінгі күні Атырау облысындағы су айдындарында мұз қату процесі жүріп жатыр. Профилактикалық шара барысында құтқарушылар балық аулаушылармен, балық аулау дүкендерінің иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өз өмірлеріне қауіп төндірмей, жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде 70 астам адам ақпараттандырылды. Абай облысының ТЖД өңір аумағында профилактикалық рейдтер өткізуде. Іс-шаралар барысында азаматтарға су айдындарындағы, әсіресе жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс-шаралар қыс-көктем маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады. Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері қысқы балық аулау кезінде су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша департамент құзырлы мемлекеттік органдармен бірқатарда волонтерлерді жұмылдырып, 9500 дана үгіт материалын таратты, 100-ден астам патрульдеу мен рейдтер және 145 нұсқама жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі. ТЖМ қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұз қату және мұз еру кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін тынымсыз ескереді. Мұзда болған кезде:1) мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға;2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;5) от жағуға;6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді. Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, қарапайым сақтық шараларын орындау - қауіпсіздігіңіздің кепілі! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/901379
ТЖМ бөлімшелері 900-ден астам өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді 12.12.2024
2024 жылдың басынан бастап ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері әртүрлі мақсаттағы объектілерде 923 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Елордалық өрт сөндірушілер Астана қ. «Talan Towers» көпфункционалды кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Оқу-жаттығудың шарты бойынша өрт ғимараттың қойма үй-жайында орын алған. Объект қызметкерлері мен келушілерді қоса алғанда, 1000 адам эвакуацияланды. «Мұндай оқу-жаттығулардың мақсаты – биік тұрғын үйлер мен кешендерде өртті сөндіру әдістерін пысықтау және өртті сөндіру бойынша түрлі тәсілдерді қолдану», – деді Астана қаласы ТЖД Есіл ауданының ТЖБ бастығы Қайрат Жұмағалиев. Көкшетауда әуе кемелерін сөндіру бойынша кезекті оқу-жаттығулар өтті. Өрт сөндірушілер ЯК-40 ұшағына жанармай құю кезінде шартты өртті жойды. Оқу-жаттығулардың жетекшісі Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша аткарушы Бақытжан Алашов осындай сабақтарды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, «Өте жақсы» деген баға берді. Қызылорда қ. Қорқыт Ата әуежайының алаңында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың барысында ұшу аппараттарындағы шартты өрт оқиғасы кезіндегі жеке құрамның өрт сөндіру іс-қимылдарын жүргізу әдістерін жетілдіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және эвакуациялау, әуе кемесіндегі өртті сөндіру ерекшелігі мен тактикасын пысықтау, сондай-ақ құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын одан әрі арттыру болды. Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері Ақтау қаласыныңхалықаралықәуежайының қызметкерлері әуекемесіндеөрттісөндірукезіндежекеқұрамның іс-қимылынпысықтау бойынша оқу-жаттығуөткізілді. Әуежайда ұшақтың шарттыжануысөндірілді. Оқу-жаттығубарысында 50 шаршыметраумақтажанғышсұйықтықтыңтөгілуібар ұшақ қанатыныңжануыорын алды. Сөндірукөбікпенсудысалқындатуарқылы жүзеге асырылды, жолаушыларменэкипаждықұтқару жұмыстары жүргізілді. Павлодарда теміржол вокзалында ТЖ жою бойынша оқу-жаттығулар өтті. Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері теміржол вокзалының аумағында төтенше жағдай туындаған кезде іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты тез тұтанатын сұйықтықтардың тұтануына байланысты өртті сөндіру кезінде лауазымды адамдар мен жеке құрамның өзара іс-қимылын пысықтау болды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша теміржол цистернасынан бензин төгіліп, кейін өрт шықты. Өрттің таралуын болдырмау үшін жанып жатқан цистернаны басқа вагондардан ағыту жедел жүргізілді. Өртті сөндіруге ГПС-600 екі өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Сонымен қатар шартты ТЖ орнына өрт сөндіру пойызы тартылды. Жолаушылар пойызын қорғау үшін КУРС-8 төрт оқпаны пайдаланылды. Оқу-жаттығу аясында вокзал ғимаратынан 58 адам шартты түрде эвакуацияланды. Іс-шараға ТЖД-ның 48 қызметкері және 13 бірлік техникасы қатысты. Мұндай оқу-жаттығулар қызметтердің ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындық деңгейін арттыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖ салдарын азайту үшін тұрақты өткізіліп тұрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/901572
Оразбек Асылқұловты бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды 12.12.2024
Таиландтың мәдени орталығы Чиангмай қаласында ағымдағы жылдың 28 қарашасынан 12 желтоқсанына дейін ASBC элиталық спортшылары арасында бокстан Азия чемпионаты өтуде.Бұл құрлықтық біріншілік ерлер арасында 13, әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде өтті.Қазақстан ерлер құрамасының сапында бұл жарысқа 13 боксшы қатысты. Олардың қатарында Ақмола облысы құрама командасының атынан Оразбек Асылқұлов 57 келі салмақ дәрежесінде қатысты. Оразбек үшін бұл дода алғашқы ресми жарыс болып тұр.Спортшы жалпы 4 жекпе-жек өткізді.1 желтоқсан күні алғашқы айқасында Малайзия өкілі Мохамад Зүльхайнды екінші раундта ұтып, мерзімінен бұрын аяқтады.5 желтоқсанда жергілікті былғары қолғап шеберін жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.8 желтоқсанда Монғолия өкілі Гантумур Лундаамен жұдырықтасып, ақтық сынға өтті.11 желтоқсан күні Асылқұлов ақтық сында өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловке жол берді. Тартысты айқастың алғашқы раунды отандасымыздың пайдасына шешілсе, қалған кезеңдерде қарсыласы басым түсті.Осылайша Оразбек бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшыны, бапкерлерін, жалпы барша ақмолалықтар мен бокс сүйер қауымды бұл марапатпен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901382
Ақмолалық спортшылар Шорт-тректен Әлем кубогында жеңіске жетті 12.12.2024
6-8 желтоқсан аралығында Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен Әлем Кубогының кезеңі өтті. Әйелдер эстафетасында ел құрамасының командасы қола жүлдеге ие болды.Эстафета құрамасында ақмолалық спортшыларымыз Тихонова Ольга мен Хан Яна және Ермек Малика мен Ажғалиева Алина өнер көрсетіп, Қазақстан тарихындағы шорт-тректен әйелдер эстафетасында алғашқы медальді жеңіп алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901391
Су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын шаруалар үшін суармалы суға төленетін субсидия мөлшері 85%-ға дейін ұлғайтылды 12.12.2024
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді. Су үнемдейтін жүйелерге көшкен шаруалар үшін субсидия мөлшері 85%-ға дейін ұлғайтылды.«Бұл шаруаларды су үнемдеу технологияларын белсенді енгізуге ынталандыруға бағытталған шара. Қазіргі заманғы суару жүйелеріне көшу шамамен 20-30% су үнемдеуге және 2030 жылға қарай еліміздегі егіс алқаптарын 1,3 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.Еске сала кетейік, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің Жол картасын әзірледі. Құжат су заңнамасын жетілдіру, су саласын цифрландыру, суды есепке алу мен су үнемдеудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды көздейді.Сондай-ақ, биыл шаруалар үшін ұңғымаларды бұрғылау және су үнемдеу жүйелерін сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.Облыстық әкімдіктерге су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Егіс алқаптарында заманауи жүйелерді енгізу бойынша 2030 жылға дейінгі мастер-жоспар дайындалды және бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/901225
АӨК-дегі субсидиялардың арқасында техниканы жаңарту қарқыны 2,8 есе артты 12.12.2024
Бүгін Мәжілістің Пленарлық отырысында Жоғарғы аудиторлық палатаның ауыл шаруашылығындағы субсидиялау жүйесін тексеру нәтижелері талқыланды.АӨК-дегі субсидиялаудың тиімділігін келесі көрсеткіштер дәлелдейді: өсімдік шаруашылығы саласында субсидия алушылар 2023 жылы әр гектардан 18,5 центнер өнім алды, бұл ел бойынша орташа өнімділік көрсеткішінен (10 ц/га) жоғары. 2024 жылы бұл көрсеткіш 25-30 центнерге жетіп, республикалық орташа деңгейден асып түсті.Құс және мал шаруашылығы салаларында да өндіріс көлемінің тұрақты өсуі байқалуда. Соңғы 5 жылда құс шаруашылығының етпен қамтамасыз ету деңгейі 55%-дан 73%-ға дейін өсті. Тек 2022-2023 жылдары өндіріс көлемінің өсімі 16%-ды құрады. Бұл – өте жақсы көрсеткіштер. Мысалы, «Айтас» холдингі 5 жыл ішінде өндіріс көлемін 5,5 есеге арттырып, жылына 160 мың тонна өнімге жетті. Ал «Әулие Ата Феникс» ЖШС өндіріс көлемін 3 жылда екі есеге ұлғайтып, 5 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін жеткізді.Сүт өндірісінде заманауи СТФ-нда орташа сүт сауымы бір сиырға жылына 7800 литрді құрады, ал көшбасшылар 11 мың литрден өнім алып, әлемдік стандарттарға сай көрсеткішке жетті. 2021 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы орташа сауым көлемі жылына 4400 литр болған еді.Салыстырмалы түрде алсақ, 2014 жылы техниканы жаңарту деңгейі жылына бар болғаны 2%-ды құрап, 5 мың бірлік техника сатып алынған. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 5,5%-ға жетіп, аграршылар жылына 22 мың бірлік заманауи техника сатып алуда.Ауыл шаруашылығы саласында 14 бағыт бойынша субсидиялау жүргізіледі. 90 мың тіркелген пайдаланушы бар және жыл сайын 224 мың өтінім түседі. Мұндай көлемді ескере отырып, қателіктер мен олқылықтар болуы мүмкін. Дегенмен аудит нәтижесінде 943 млрд теңге қамтылған сомаға шаққанда 0,2%-ды құрайтын 2 млрд теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Бұл жүйенің жалпы қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарық 10 тауарлық позиция бойынша 100%-дан астам қамтамасыз етілген, оның ішінде: бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті және сәбіз.14 азық-түлік тауары бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан жоғары, олардың қатарында: тауық жұмыртқасы, қияр, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, шошқа еті, пияз, қызылша, қышқыл сүт өнімдері, сары май және алма бар.2024 жылы субсидиялаудың тиімділігін арттыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар шараларды қабылдады. 2024 жылы 450 млрд теңге субсидияның 50%-ы қаржы құралдарына, негізінен несие мен лизингтің пайыздық мөлшерлемесін арзандатуға бағытталмақ. Оның соңғы алушылары – екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттары. Өзгерістер енгізіліп, фермерлер таза 5% мөлшерлемемен арзандатылған несие алатын болды.Бұл тәжірибе мал шаруашылығы, өңдеу салаларының айналым қаражатына және инвестициялық мақсаттарға ұзақ мерзімді қаржы бөлу үшін жалғастырылатын болады. Негізгі міндет – саланы ресурстармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жалпы өнім көлемін арттыру түрінде қарсы міндеттемелер енгізілді. Министрлік тексеру нәтижелері бойынша барлық деректер мен ұсыныстарды назарға алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/900580
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің субсидиялардың тиімділігі бойынша аудит қорытындыларына қатысты түсініктемесі 12.12.2024
2022-2023 жылдар аралығындағы талданған кезеңде аудит арқылы 943 млрд теңге қамтылды, ал қаржылық бұзушылықтар 2 млрд теңге мөлшерінде анықталды, бұл жалпы соманың 0,2%-ын құрайды. Бұл субсидиялау жүйесінің жалпы қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Қаржылық бұзушылықтар бойынша қаражат толықтай қалпына келтірілді.Жоғарғы аудиторлық палатаның ауыл шаруашылығы кешенінде 142 млрд теңге субсидия тиімсіз пайдаланылды деген қорытындысына байланысты, бұл қаражаттың құс етін өндіру шығындарын арзандатуға, ірі қара мал (ІҚМ) мен ұсақ мал (ҰМ) аналық басына селекциялық-асылдандыру жұмыстарына және сақтандыру субсидиясына жұмсалғанын, олардың тиімділігін дәлелдегенін хабарлаймыз.Құс еті бойынша:Аудиторлар 2022-2023 жылдары құс етін өндіру шығындарын арзандатуға бөлінген 34 млрд теңгенің тұтынушылар үшін өнім құнының төмендеуі мен ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз етуге экономикалық әсері болмағанын атап өтті.Алайда субсидиялар құс етін өндіру шығындарын төмендету, яғни импорттаушылар басымдыққа ие нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін беріледі. Қазақстандық өндірушілердің барлық сауда желілерінде, нарықтарда болуы – қазақстандық өнім үлесінің артып келе жатқанын және субсидиялардың тиімділігін көрсетеді. Соңғы 5 жылда импортқа тәуелділік 18%-ға төмендеді, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықты қамту 73%-ды құрады, ал өндіріс өсімі бір жылда (2022-2023 жж.) 16%-ға жетті. Сонымен қатар қазақстандықтар мұздатылған тауық етін азайтып, жаңа салқындатылған құс етін тұтынуға көбірек көшті. Биыл (9 айдың қорытындысы бойынша) Қазақстан құс етін 10 мың тоннаға аз импорттап, 10 мың тоннаға көп экспорттады. Бұл саланың біртіндеп дамып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі күшейіп жатқанын көрсетеді.ІҚМ мен ҰМ аналық басына селекциялық-асылдандыру жұмыстары бойынша:Бұл субсидия түрі жылдар бойы малдың орташа тірі салмағының артуына ықпал етті. Мысалы, ІҚМ-ның орташа тірі салмағы 380-400 кг болса, субсидия алатын ұйымдасқан шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 500+ кг-ға жетеді. Субсидия енгізілмей тұрып, бұл көрсеткіш 240-260 кг шамасында болған. Бұл өсім айқын.Бұл субсидия жылдар бойы асыл тұқымды малға сұраныс тудырып, ет шаруашылығы өндірісінің бүкіл тізбегін дамытуға серпін берді. Асылдандыру субсидиялары – ең кең таралған мемлекеттік қолдау түрі, оны негізінен ұсақ шаруа қожалықтары, яғни 20 мыңнан астам шаруашылық алады. 2022-2023 жылдары бұл бағытқа жалпы 66 млрд теңге жұмсалды.Ауыл шаруашылығы сақтандыруы бойынша:Сақтандыру субсидиялары тиімсіз деп танылды, өйткені бюджет қаражаты шоттарда болған, сондай-ақ қалдықтар бар. Бірақ сақтандыруды субсидиялау шығындарды өтеу емес, олардың бір бөлігін қаржыландыру принципіне негізделген. Сондықтан қаражат шоттарда болуы керек, ал сақтандыру компаниялары осы қаржыға сүйенеді. Бұрын бөлінген қаражат (қалдықтар) 2024 жылы толық игерілді. 2024 жылы шамамен 0,5 млн гектар сақтандырылды, ал фермерлердің өтініштері бұдан 3 есе артық болды (1,5 млн гектар). 2025 жылы сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға 10 млрд теңге қажет, бұл егістік жерлердің 20%-ын сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді.«Жоқ фермерлер» туралы:Субсидия алған шаруашылықтар АӨК қызметіне жатпайтын ЭҚЖЖ көрсеткен деп болжанған. Алайда өсімдік шаруашылығы өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау ережелеріне сәйкес, ЭҚЖЖ көрсету талабы жоқ. Өсімдік шаруашылығы саласында субсидия алудың негізгі шарттарының бірі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы. Яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі осындай шаруашылықтың осы жерлерде қызмет ету құқығын растайды.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жоқтығы туралы айыптар (40 субъект бойынша) жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметтерімен расталмады. Аудиторлық есепте көрсетілген тұлғаларда «шаруа қожалығын жүргізу» немесе «тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу» мақсатындағы ауыл шаруашылығы жерлері тіркелген.Субсидиялау механизмі:АӨК субсидиялау шығындарды өтеу принципіне негізделген. Яғни фермер алдымен шығындарды өзі төлейді, содан кейін субсидия түрінде өтемақы алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/900903
Абай облысында «Қоғамдық кеңес-азаматтық диалог алаңы» семинары өтті 11.12.2024
Диалог алаңына азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ қала мен облыстың қоғамдық кеңестерінің өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар азаматтық қоғам саласын одан әрі дамытуға қатысты пікір алмасып, облыстағы өзекті мәселелерді талқылады.Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев диалог алаңын өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті.«Бүгінгі семинар бірлескен сындарлы диалогтың арқасында өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі деп сенемін. Біздің азаматтар әрқашан белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетеді. Бүгінгі алаңда Сіздердің идеяларыңыз бен бастамаларыңызбен бірлесіп жұмыс істеу және пікір алмасу үшін жаңа бағыттар әзірлейміз деп ойлаймын», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров қоғамдық кеңестер жаңа функцияларға ие болып, олардың өкілеттіктері кеңейтіліп жатқанына тоқталды.«Қоғамдық кеңестердің негізгі міндеті - халықтың пікірін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешудің мүмкін нұсқаларын ұсыну. Өздеріңіз білетіндей, елімізде қоғамдық бақылау туралы заң бар. Бұл қоғамдық кеңестерге жүктелген тағы бір мүмкіндік. Абай облысында қоғам өкілдерімен жұмыс жақсы деңгейде қойылғанын атап өткім келеді»- деп атап өтті Елдар Сапаров.Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев қоғамдық кеңестердің мүшелері азаматтық қоғамды қалыптастыру және нығайту жолында аса маңызды функцияны атқаратындығынабаса назар аударды.«Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі абыроймен арқалап жүрген әлеуметтік жүктен бөлек, гендерлік теңдік, этносаралық және конфессияаралық келісім, өскелең ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне баса назар аудару керек маңызды салалар бар. Мұның барлығы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында жатыр. Біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біршама жұмыс атқарылды, бірақ әлі көп нәрсе істеу керек», - деп түйіндеді сөзін Айдар Садырбаев.Сонымен қатар, семинар барысында нәтижелі идеялар мен креативті жобаларды ортаға салып, көзге түскен қоғамдық кеңес өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901205
Жерлесіміз Азия чемпионатының жүлдегері 11.12.2024
Бүгін Тайландта бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.Кіл мықтылар бас қосқан додада 80 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Ерасыл Жакпеков қола медаль жеңіп алды.Ерасыл бұған дейін мамыр айында 21 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901206
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жартас су қоймасының бетон және жер бөгетінің жоғарғы беткейін ұлғайту және нығайту жұмыстарын аяқтады 11.12.2024
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жартас су қоймасының бетон және жер бөгетінің жоғарғы беткейін ұлғайту және нығайту жұмыстарын аяқтады. Сондай-ақ, су қоймасын тұнба мен өсімдіктерден тазартты. Бұл іс-шаралар нысанның қауіпсіздігін арттырып, тасқын суынан қорғауды қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/901045
«Адвокаттың, нотариустың және жеке сот орындаушысының кәсіби қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткені немесе өтпегені туралы хабардар ету бойынша пилоттық жоба туралы» НҚА жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру 11.12.2024
Осымен 2024 жылғы 10 желтоқсанда «Ашық НҚА» интернет-порталында жария талқылау үшін «Адвокаттың, нотариустың және жеке сот орындаушысының кәсіби қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткені немесе өтпегені туралы хабардар ету бойынша пилоттық жоба туралы» НҚА (https:legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15340827) орналастырылғанын хабарлаймыз.Жария талқылау 2024 жылғы 25 желтоқсанға дейін өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/901061
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады 11.12.2024
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Астана қаласының және Қостанай облысының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдауға келген азаматтар адвокаттар мен нотариустардың іс-әрекеттеріне және департамент директорының қабылдауға жазудан бас тартуына қатысты өз шағымдарын айтты.Ботагөз Жақселекова әрбір өтінішті жекелей қарап шығып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына көтерілген мәселелерді шешуге тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелер Ботагөз Жақселекованың жеке бақылауына алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/901112
Ақмола облысында Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 30 жыл толуын атап өтті 11.12.2024
Көкшетауда Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Сенатының, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқару мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан маңызды үлесін атап өтті.«Халық қалаулылары аймақтың өзекті мәселелерін шешуде елеулі үлес қосып келеді және сайлаушылардың мүдделерін қорғауда. Мәслихаттар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді тиімді шешуде», – деді Марат Ахметжанов.Салтанатты жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқыды.Іс-шара барысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, халықтың өмірін жақсартуға және өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге үлес қосқан бірқатар депутаттар «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, «Құрметті депутат» төсбелгісімен, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.Мерекелік іс-шара Ақмола облыстық филармониясы әртістерінің концертімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901143
Самар ауданының жаңа әкімі тағайындалды 11.12.2024
ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самар ауданының әкімі лауазымына Жеңісов Серік Жеңісұлы тағайындалды.Жеке меншік сектор мен мемлекеттік қызмет саласында үлкен тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бастаған. Әр жылдары ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде, ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, «Шығыс ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ басқарушы директоры, Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.Бұл тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымын атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/900546
Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды 11.12.2024
ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ақышов Алмат Талғатұлы Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.Ол - Шығыс Қазақстанның тумасы. Өскеменде өсіп, еңбек жолын да осында бастаған. Әр жылдары туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында, ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет атқарды. Ұлан ауданы аппаратының басшысы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. Соңғы екі жылда Күршім ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді. Еңбек өтілі 14 жылды құрайды, оның 12 жылы мемлекеттік қызметте өтті. Сондай-ақ Алмат Талғатұлы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, оның өңірлерді дамыту саласы бойынша магистрлік дәрежесі де бар.Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Алмат Ақышовтың экономика, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мол тәжірибесін ескеріп, оған облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамытуды қамтамасыз етуде зор жауапкершілік артылатынын атап өтті.Аймақ басшысы жаңа тағайындалған әкімге экология мен көшелерді жарықтандыру мәселелерін назарға ала отырып, қаланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар экономика, құрылыс, абаттандыру және әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды аяқтауды жүктеді.Туристік әлеуетті арттырып, облыс орталығының келбетін жақсарту үшін бизнес нысандардың бірыңғай дизайн-кодын енгізу туралы ұсыныстар дайындау тапсырылды.Сондай-ақ облыс әкімі қаланың маңызды әрі серпінді жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартып, осы және басқа да тапсырмалар жөнінде тиісті жол картасын дайындап, тез арада бекітуге ұсынуды жүктеді.- Қала тұрғындары өз ауызбіршілігін көрсетіп, Өскеменнің өзекті мәселелерін шешуге белсене атсалысады деп ойлаймын, - деді Ермек Көшербаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/900757
Үржар ауданында медицина пункті ашылды 11.12.2024
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Үржар ауданының Лайбұлақ ауылында жаңа медициналық пункт ашылды. Бұл медпункттің ашылуы ауыл тұрғындарына сапалы амбулаториялық медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді. Жаңа нысан өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.Медициналық пункт бір мезетте 25 адамды қабылдайды. Нысан дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.Заманауи стандарттарға сай салынған ғимарат ем-шара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері, дәріхана және науқастар мен қызметкерлер жайлылығы үшін қажетті басқа да бөлмелермен жабдықталған. Пункт су, жылу желілері, электрмен жабдықталып, пандустар орнатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/900703
Олжас Құрманбек Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды 11.12.2024
Олжас Құрманбекұлы 1986 жылы 23 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 2008 жылы ҚазГЗУ Алматы заң академиясында «Құқықтану» мамандығын, 2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Менеджмент» мамандығын, 2013 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілген. Францияның Париж қаласында тағылымдамадан өткен.Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып бастаған. Астана қаласында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі заң басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы болып жұмыс атқарған. 2014-2020 жылдары «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да заң департаментінің бас заңгері, сатып алу әдіснамасы қызметінің басшысы лауазымдарында еңбек етті. 2021-2022 жылдары Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды дамыту қызметінің бас инспекторы, 2022 жылы Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.Тағайындалғанға дейін Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/900750
QR-код құтқарушылардың профилактика құралы ретінде 11.12.2024
Өңірлерде өрт қауіпсіздігі желісі бойынша үгіт-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Мерекелік күндер қарсаңында елордалық ТЖД қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Елорда қонақтары мен тұрғындарына мереке күдерін қауіпсіз өткізу керектігі туралы айтылуда. «Мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында адамдар көп жиналатын объектілерде елордалық Департамент әзірлеген жадынамалар орналастырылды. Жадынамаларда орналастырылған QR-кодтар Қазақстан ТЖМ «112KZ» ресми Telegram-каналына өтуге мүмкіндік береді және түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты іс-әрекетке оқытуға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Астана қаласы ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Евгений Гутяр. Рейдтік іс-шаралар EXPO халықаралық көрме орталығында, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да, «Барыс-Арена», «Алау» көпфункционалды мұз сарайында, «ASIA PARK» СОО-да, онкологиялық орталықта және теміржол вокзалында өткізілді. Мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары шұғыл қызмет телефондарын, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып, өрт туындаған жағдайда іс-қимыл алгоритмін егжей-тегжейлі талдап, мереке қайғылы жағдайға айналмас үшін шыршаны безендіру және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде сақталуы тиіс ережелер туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/900844
Астаналық жастар аязды күні көше тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай ұсынды 11.12.2024
Игі істер марафоны аясында елорда жастары «Байқоңыр» ауданымен қала тазалығы үшін еңбек етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, ыстық шай мен бауырсақ ұсынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде қала көшелерін қар мен мұздан тазарту жұмыстарын жалғастыруда. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қала тазалығы үшін еңбек етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне елордалық жастар қолдау көрсетіп, ыстық шай мен бауырсақ таратты. Аязды күндері қаладағы қауіпсіз және кедергісіз қозғалысқа зор үлес қосып жүрген коммуналдық қызмет мамандарына жастар осылайша алғыс білдірді.Қала көшелерінің тазалығын сақтау үшін коммуналдық сала қызметкерлері ауысымдық режимде тәулік бойы қызмет етеді.Айта кетейік, 11 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.10-ынан 11 желтоқсанға қараған түнде елордадан 545 рейспен 7 мың текше метр қар жиналып, шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 75 703 рейспен 961 мың текше метр қар шығарылды.Естеріңізге сала кетейік, елордада игі істер марафоны жалғасып жатыр. Акцияның басты мақсаты – еріктілер мен тұрғындарға халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж зейнеткерлерге барынша көмек көрсетуге мүмкіндік беру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900706
Еліміздің өңірлерінде өрт профилактикасы күшейтілуде 11.12.2024
Елімізде 1 желтоқсанда басталған өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру. Республикалық өрт қауіпсіздігі айлығы аясында өңірлерде өрттің алдын алу бойынша ауқымды рейдтер ұйымдастырылды. Тұрғын үй секторын аралау барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына және зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлінді. Жетісу облысы ТЖД айлық аясында жылыту маусымында және алдағы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді алдын алу шараларын жүргізуде. Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да құрылымдардың қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды. Бұл топтар пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату орындарын, сондай-ақ жаңа жылдық алаңдарды қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру үшін рейдтер өткізуде. Халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударылуда. Жеке үйлерге он мыңдаған тексеру жүргізіліп, пештерді, электр жылытқыштарды пайдалану ережелері және балалардың қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне газ бен түтін концентрациясын анықтайтын датчиктер орнатылды, бұл қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Жаңа жылдық іс-шараларға дайындық аясында мектеп, медицина мекемелерінің басшыларымен және халық көп жиналатын нысандар иелерімен кездесулер мен нұсқаулықтар өткізілді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау және қызметкерлердің іс-әрекеттері тәжірибелік түрде пысықталуда. «Қабылданған шаралардың арқасында өрттер мен зардап шеккендер саны азайды. Тұрғын үйлердегі өрт саны қысқарды, бірақ шаруашылық құрылыстарда, шөп қораларда және моншаларда өрт санының өсуі байқалады. Өрттің негізгі себептері – электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу, қасақана өртеу және отты абайсыз пайдалану», - деп ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Огай түсіндірді. Ұлытау облысында әлеуметтік 365 әлеуметтік осал топқа жататын отбасы тұрады, оларға ерекше көңіл бөлінуде. ТЖД қызметкерлері облыс аумағында айлық аясында ауқымды «Қауіпсіздік әрбір үйге» атты акция өткізілді. Профилактикалық іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және «Бірлік» волонтерлік ұйымы, БАҚ өкілдері де қатысты. Профилактика барысында облыстағы пешпен жылытылатын үйлерді, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұздағы қауіпсіздік шараларын ұстану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтағы үйлерге иісті газды анықтайтын датчиктерді орнату кезең-кезеңімен жалғасады, бүгінгі күнге дейін 93 датчик орнатылған. 673 тұрғын үйді аралау мен 1349 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Аталған іс-шара тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға, сондай-ақ түрлі төтенше жағдайлар кезінде Ұлытау облысының тұрғындарының өрт кезіндегі білімдерін арттыруға бағытталған», - деп ТЖД бастығының орынбасары Ч.Самиев атап өтті. Атырау облысы ТЖД, ПД, «QazaqQazAimaq» АҚ қызметкерлерімен және волонтерлер бірлесіп қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Жеңіс саябағында авариялық және өрт сөндіру техникалары сапқа қойылды. Кейін құтқарушылардың бір тобы әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлерді аралауға, екінші тобы мұздағы қауіпсіздік ережелерін насихаттауға жұмылдырылды. Іс-шара барысында қала аумағындағы «Көктем» ықшам ауданының 20 астам тұрғын үйіне үйге түтін датчигі орнатылды. ТЖМ тұрғындарды жылыту маусымында және мереке күндері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Қырағылық пен жауапкершілік жазатайым оқиғалардың алдын алуға және өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/900578
