Enbekshi QazaQ
Конституция

Саясат

Абай облысының жас таланттарына грант берілді 13.12.2024
Абай облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурсына Абай облысының қалалары мен аудандарынан дарынды жастардан 150-ге жуық өтінім келіп түсті. Конкурстық комиссия үздік 5 жобаны таңдап алды. Олардың әрқайсысы өз жобасын іске асыруға 1 млн теңге иеленді.Гранттар бизнес, медиа, мәдениет, ғылым және ақпараттық технологиялар сияқты 5 бағыт бойынша берілді.«Мемлекет басшысы біздің жалынды жастарға сенетінін әрдайым айтып жүреді. Бүгінгі марапат-сіздердің жобаларыңыз үшін қоғамның сенімінің айқын көрсеткіші. Баршаңызға жаңа жетістіктер мен идеялар тілеймін, - деп атап өтті Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902182
Мемлекет басшысы «Талдықорған» индустриялық аймағына барды 13.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары «Талдықорған» индустриялық аймағында орналасқан «ASMA INDUSTRIAL» өндірістік аккумулятор шығару зауытының жұмысымен танысудан басталды.Құны 8,5 миллиард теңгені құрайтын жоба былтыр қолға алынып, алдымен ғимараты жаңартылған. Бюджет қаражатына электр жабдықтары орнатылып, кәріз және газдандыру желілері тартылған. Аумағы 14,3 гектар болатын зауыт биылғы 6 желтоқсан күні іске қосылды.Президентке өндіріс орнын таныстырған «ASMA INDUSTRIAL» ЖШС құрылтайшысы әрі зауыт директоры Серікбай Ажмағамбетовтің айтуынша, мұнда мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, теміржол саласында, сондай-ақ «жасыл» энергетикада үздіксіз энергия көзі ретінде қолданылатын өндірістік аккумулятор батареялары шығарылады.Мемлекет басшысына баяндалған мәліметтерге сәйкес, зауыт толық қуатына шыққанда 180 жұмыс орны құрылып, жылына 210 мың аккумулятор өндіреді. Дайындалған өнімнің 60 пайызын ТМД және Балтық елдеріне экспорттап, қалған 40 пайызын отандық нарықта сатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ іске қосылған алғашқы жылы бюджетке 500 миллион теңгеден астам салық төлейді.Зауытқа қажетті шикізаттың басым бөлігі Қазақстан кәсіпорындарынан сатып алынады. Атап айтқанда, «Казцинк» ЖШС-тен қорғасын, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ-дан күкірт қышқылын алса, сепаратор мен полипропиленді Қытайдан импорттайды.Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, еліміздегі өндірістің рөлі туралы айтты.– Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз. Стратегиялық маңызы бар Жетісу облысына ерекше назар аударамыз, – деді Президент.Бұдан кейін Мемлекет басшысы облыстағы кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ отандық бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін жеткізді.Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыМемлекет басшысы «Талдықорған» индустриялық аймағына барды — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/901941
Президент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты 13.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.Облыс әкімінің айтуынша, биылғы І жартыжылдықтағы жалпы өңірлік өнім 6,2 пайыз өсіммен 781 миллиард теңгені құраған. Ал жыл аяғында 7,1 пайыз өсімге қол жеткізілмек. Он айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,8 пайызды көрсеткен.Ауыл шаруашылығының дамуында оң динамика бар. Сондай-ақ өндіріс көлемі, өнеркәсіп, сауда және құрылыс салалары ілгерілей түскен. Биыл өңірде 247,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,1 пайызға артық.Мемлекет басшысына жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жөнінде есеп берілді.Жыл басынан бері 1,3 есе өсіммен 327,1 миллиард теңге инвестиция тартылған. Осы ретте жеке инвестициялар саны 1,6 есе өскен. Бейбіт Исабаев 2024-2030 жылдарға арналған құны 3,5 триллион теңге болатын инвестициялық портфель қалыптастырылғанын жеткізді. Оның аясында 190 жоба қолға алынып, 11,8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Биыл 54,9 миллиард теңгені құрайтын 48 жоба іске асырылып жатыр.Бұдан бөлек, өңірдегі өнеркәсіп саласы туралы айтылды. Жетісу облысында 549 кәсіпорын тіркеліп, 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Биылғы он айда өнеркәсіп өндірісі 3,9 пайызға өскен.Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі тың бастамаларды құптады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, тиісті жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыПрезидент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/901984
Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді 13.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көрді.1200 оқушыға есептелген білім ошағының құрылысы жергілікті бюджеттің және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылған.Заманауи үлгіде жабдықталған мектепте 77 оқу кабинеті, мультимедиа сыныптары, спорт, гимнастика, мәжіліс пен кітапхана залдары, ағаш, металл және тігін шеберханалары бар.Президент жаңа оқу ордасын аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы мектепке автобус сыйға тартты.Жалпы, биыл Жетісу облысында 3 жаңа мектеп ашылған. Оның ішінде екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Атап айтқанда, Панфилов ауданының Жаркент қаласында 1200 орындық, Көксу ауданының Қаратал ауылында шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі кезде облыс бойынша 5 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыПрезидент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/902069
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты 13.12.2024
Президент «Жетісу» волейбол клубының оқу-жаттығу кешенін аралап көрді.Биыл пайдалануға берілген ғимараттың құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалған. Ауданы 1 639,4 шаршы метр болатын нысан екі блоктан тұрады. Үш қабатты негізгі ғимарат волейболдан оқу-жаттығу сабақтарын, дене шынықтыру-сауықтыру процестерін өткізуге арналған. Кешенде спорт және жаттығу залдары, медициналық, әкімшілік кабинеттері бар.Мемлекет басшысы спортшыларға арналған тұрғынжаймен танысты. Онда пәтерлерден бөлек, асхана, оқу кабинеттері мен демалыс аймағы қарастырылған. Жеке инвестор салған ғимараттың ауданы – 3866,5 шаршы метр.Қасым-Жомарт Тоқаев мамандармен және спортшылармен әңгімелесіп, команданың жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті. Сондай-ақ осыған дейін Алматы қаласында жаттығып келген клубтың енді облыста дайындық жасай алатынына назар аударды. Сөз соңында спортшыларға халықаралық деңгейде өнер көрсету қажет екенін айтып, алдағы жарыстарда жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.Команда мүшелері қолайлы жағдай жасалғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, волейбол добына қолтаңба қалдыруын сұрады.Дереккөз: ҚР Президентінің ресми сайтыhttps://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-zhetisu-voleybol-klubynyn-zhay-kuyimen-tanysty-1211549Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/902136
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді 13.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу-Қолдау» қоғамдық қорының демеушілігімен салынған Үстел теннисі орталығымен танысты.Халықаралық стандарттарға сай, заманауи құралдармен жабдықталған ғимаратта Үстел теннисі ойындары және спорттық туризмге мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі орналасқан.Мектеп директоры Мерей Сүйіновтің айтуынша, қазір мұнда 600-ден астам оқушы теннистен бөлек, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, қол күресі және спорттық туризм секцияларына қатысады. Олардың арасында 33 спорт шеберіне үміткер, 41 бірінші разрядты спортшы бар.Президентке Жетісу облысындағы спорт инфрақұрылымының дамуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, қазір Алакөл ауданының Лепсі ауылында және Текелі қаласында дене шынықтыру кешендері, Панфилов және Сарқан аудандарында спорт кешендері салынып, Талдықорғандағы Орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар шағын ауылдарда бұқаралық спортты дамыту үшін модульдік кешендер салу қолға алынды. Дереккөз: ҚР Президентінің ресми сайтыhttps://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-taldykorgandagy-ustel-tennisi-ortalygyn-aralap-kordi-1211298 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/902138
Семей қаласында жылына 50 мың тонна өсімдік майын өндіретін зауыт ашылды 12.12.2024
Абай облысында «AGRO OIL GROUP» компаниясы жоғары технологиялық өсімдік майын өндіру зауытын іске қосты. Жобаның жалпы құны – 17,3 млрд теңге.Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеуге мүмкіндік береді. Осы көлемнен 50 мың тонна жоғары сапалы өсімдік майы өндірілетін болады.Жаңа өндірістің ашылуы Семей қаласы үшін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды оқиға болып табылады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің дамуына, аймақтың экспорттық әлеуетінің артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.Зауытта заманауи жабдықтар орнатылып, өндіріс барысында инновациялық технологиялар қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/901695
Қазақстан ғылымын дамытудың сын-қатерлері мен басым бағыттары 12.12.2024
Осындай атаумен Алматыда халықаралық форум өтті.Бұл шараның мақсаты – 2027–2030 жылдар аралығында Қазақстанның ғылыми және технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындау, сондай-ақ Академия жүргізген форсайт-зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну болды. Шараның ұйымдастырушысы – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы.Форум жұмысына ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Ресей ғылым академиясының делегациясы, Оңтүстік Кореяның жетекші ғалымдары, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА академиктері, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, ірі қазақстандық және халықаралық технологиялық ұйымдардың жетекшілері, кәсіпкерлер қатысты.Форумда ақпараттық және ғарыштық технологиялар, биомедицина және денсаулық сақтау, экология және тұрақты даму сияқты маңызды бағыттар талқыланды.ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев форсайт-зерттеулерінің ғылым мен технологияларды дамытудың басым бағыттарын айқындаудағы стратегиялық маңыздылығын атап өтті.«Біз 30 форсайт-сессиясын өткізіп, 1100-ден астам сұхбат жүргіздік, бұл 200-ден астам перспективалық ғылыми міндеттерді анықтауға мүмкіндік берді», – деді ол. Сонымен қатар, ол аймақтық форсайт-орталықтарын құруға ерекше назар аударылғанын, олардың алғашқысы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында ашылғанын жеткізді. Келесі жылы тағы жеті осындай орталық ашу жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов аграрлық ғылымның АӨК дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, ғылым мен өндіріс арасындағы тығыз өзара әрекеттестіктің қажеттілігін айтты. Ол ғылыми-білім беру саласындағы реформалар, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыру және селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді шаралар туралы баяндап, форум қатысушыларының бірлескен жұмысының нәтижелі боларына сенім білдірді.Форум барысында Кореяның ғылыми-техникалық ақпарат институтымен, сондай-ақ Ресей ғылым академиясымен IT, АӨК, ТМК, медицина және басқа бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.Форум отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегияларын қалыптастыру және қазіргі заманғы технологиялық дәуірдің өзекті сын-қатерлерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/902137
Қостанай облысында 70 шаруа қожалық тауарлы балық шаруашылығын дамытуды қолға алды 12.12.2024
Қостанай облысында тауарлы балық шаруашылығы айтарлықтай өсім көрсетіп отыр: соңғы төрт жылда бұл саладағы қожалық саны 18 есе артып, 70-ке жетті. Аймақтағы көлдерде дәстүрлі түрде тұқы және ақбалық түрлері өсіріледі, ал биыл осетр балығын өсіру алғаш рет қолға алынды.Тобыл – Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Серік Бейсембаев мұндай өсімді аквакультураны дамыту бағдарламасының қабылдануымен және мемлекеттік қолдаумен байланыстырады. Биыл қожалықтарға 50 миллион теңгеден астам субсидия берілді.Кәсіпкер Валентин Ищенко құны 300 миллион теңге болатын бағалы балық түрлерін өсіру және өңдеу бойынша алғашқы ірі жобаны жүзеге асырды. Жобаның қуаттылығы – жылына 45 тонна өнім.Қожалықта күн сайын шамамен 500 келі балық өңделеді. Болашақта өнім түрлерін көбейтіп, шамамен 100 түрлі өнімді өңдеу жоспарланып отыр.Аквакультураны дамыту бағдарламасы аясында аймақта тауарлы балық өндірісін жыл сайын арттырып, бес жыл ішінде бұл көрсеткішті 10 мың тонна өнімге жеткізу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/902166
Цифрлық трансформация: Қазақстанда технологиялардың көмегімен тұрмыс сапасы қалай жақсарады 12.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өтті. Жасанды интеллект технологияларын «Электронды үкімет» платформасына енгізу саласында жұмысты ерекше жандандыру қажет.Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті.Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба қызметтері енгізілуде, бұл электронды қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 млн-нан астам сәйкестендіру жүргізілді.«Электронды үкімет» платформасын жетілдіру және жаңғырту процесі үздіксіз және үшінші нұсқаға көшудің белсенді кезеңінде. Жаңа eGov ЖИ технологияларын қолдану арқылы айтарлықтай тұрақты әрі ыңғайлы болады. Қазақстан Тәжікстан, Того, Сьерра-Леоне сияқты елдермен электронды үкімет саласындағы озық шешімдерін бөлісе бастады. Мемлекет тіркеуден бастап компанияларды таратуға дейінгі қолдаудың толық циклін қамтамасыз ете отырып, бизнес үшін де осындай сервистерді әзірлейді. IT саласындағы инновациялар 2024 жылы Қазақстанның IT саласы қарқынды өсімді көрсетті. IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Соңғы үш жылда 16% өсім. Мәселен, елімізде «Astana Hub» халықаралық технология паркі жұмыс істейді. Бүгінде ол Қазақстандағы IT-стартаптарды дамыту орталығы ретіндегі рөлін айқындады. Технопарк 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Олардың ішінде 1102 қазақстандық және 437 шетелдік компания бар. Қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгені құрады. Өсім соңғы бес жылда 31 есе артты. Биыл экспорттық түсім 140 млрд теңгеден асты. Төрт жылдағы жылдық өсім де 10 еседен астам. Осылайша, «Astana Hub» өңірдегі жетекші технопарк ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.Инновациялық экожүйенің негізгі элементі – аймақтық хабтардың дамуы. Бүгінгі таңда бүкіл еліміз бойынша осындай 18 алаң жұмыс істейді. Олар жергілікті стартаптар мен кәсіпкерлікті дамытуға белсенді ықпал етеді. Стартаптар мен IT индустриясын дамыту жөніндегі барлық бағдарламалар аймақтық IT-хабтар үшін қолжетімді. Осыған сәйкес, өңірлік хабтар дарындарды ашуға және күшті инновациялық экожүйені құруға ықпал ететін Қазақстандағы IT-индустрияны дамытудың маңызды драйверіне айналуда.Қазақстанда IT-саланың әлеуетін толыққанды ашу үшін «Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» құрылды, онда IT-мамандарға, инноваторларға және ғылыми қайраткерлерге мемлекеттік қолдау шараларының көпшілігі шығарылды. Портал мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Бүгінде оны жыл сайын жарты млн-нан астам адам пайдаланады. Портал EGOV секілді бірыңғай терезеге айналды деп айтуға болады.Сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды мамандарды тарту үшін жағдайлар жасалуда. АХҚО базасында Экспат орталығы жұмыс істейді. Ол шетелдік мамандар үшін мемлекеттік қызметтерді алудың бірыңғай терезесі ретінде қызмет етеді. IT қызметтерін экспорттау Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты қарқынды өсімді көрсетіп отыр. 2023 жылы оның көлемі $529 млн-ға жетті, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш $305 млн-нан асты. Яғни, Мемлекет басшысының 2026 жылға қарай IT-қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасы сенімді түрде орындалуда.Ол үшін Қазақстанда жетекші сарапшылар мен инвесторлар тартылатын түрлі акселерациялық бағдарламалар жүргізілуде. Осылайша, коммерциялық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді.Сонымен қатар халықаралық желі де кеңейіп келеді. Қазір АҚШ, Сауд Арабиясы және Сингапурда үш шетелдік IT-хаб табысты жұмыс істеуде. Осы бастамалардың барлығы дарындардың басын қосуға көмектеседі әрі қазақстандық стартаптарға халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Айта кетейік, Қазақстан қазірдің өзінде жасалған венчурлық мәмілелер көлемі бойынша өңірде көшбасшы саналады. Маңызды инвестицияларды CITIX, Hero's Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялар салды. Осы компаниялардың кейбірі қазірдің өзінде $100 млн бағалауға қол жеткізді. Шын мәнінде, Қазақстан өңірдегі инновациялардың негізгі орталығына айналуда.Бүгінде Қазақстаннан IT-қызметтер 86 елге экспортталады, бұл отандық компаниялардың жоғары сұранысы мен жаһандық деңгейде табысты бәсекелесу қабілетін растайды. Экспорттың негізгі бағыттары – Ресей, Ирландия, Мексика, АҚШ және Сингапур. IT-мамандарды даярлау2024 жылы IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті, бұл білікті кадрларға және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларына жоғары сұранысты көрсетеді. IT-саладағы жұмыспен қамту 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті.Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Жеке IT-мектептер ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындады. Бұл бағыттағы жұмыс еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету шеңберінде жүргізілуде. Айтпақшы, басқа салалардан IT саласына ауыса алған Tech Orda бағдарламасының түлектерінің сәтті мысалы да аз емес. Жасанды интеллектіні дамыту Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында тұрақты даму үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Осыған байланысты, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірнеше маңызды бастамаларды жүзеге асырды: - саланың дамуын үйлестіретін ЖИ комитеті құрылды; - 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді; - ЖИ туралы заң жобасы әзірленді, ол одан әрі өсу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз етеді.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласында Жасанды интеллект орталығын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталықтың миссиясы өңірдің түкпір-түкпірінен дарындарды тарту арқылы Қазақстанның ЖИ-трансформациясына жәрдемдесу. Жыл сайын мыңдаған мамандарды, жүздеген стартаптарды және жасанды интеллект саласындағы ондаған ғылыми жобаларды дайындау жоспарлануда.Сонымен қатар қазіргі уақытта мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығын қосқанда, білім беру жобаларын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ биылғы қазан айында ЖИ саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі Tomorrow School ашылды.Сонымен қатар Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда KazLLM жеке тілдік моделі әзірленуде. Ол қазақстандық компаниялар әзірлейтін бірқатар технологиялық шешімдер үшін негіз болуға тиіс. Бұл шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, әсіресе ұлттық мүдделерді, дербес деректерді қорғау және еліміздің идеологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Өз тілдік моделін қолдану IT-қызметтердің ішкі нарығын дамытуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда жиналған 148 млрд таңбалауышта модельдік жаттығулар белсенді жүргізілуде.Айта кету керек, оның негізінде ЖИ негізінде өнімдер жасалуда. Бұл eGov, E-otinish және заң көмекшісі сияқты бағыттардағы IT-көмекшілері.#Инновациялар #Цифрландыру Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901571
Аягөзде 2028 жылға дейін балқыту зауытын салу жоспарлануда 12.12.2024
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Еркін форматта өткен кездесуде өңірдің өзекті мәселелері мен ары қарайғы даму перспективалары талқыланды.«Аягөз ауданы тау-кен өнеркәсібінің арқасында облыс экономикасында маңызды рөл атқаратын стратегиялық жол айрығында орналасқан. Облыс құрылғаннан бері ауқымды жобаларды іске асырып, екі жарым жылда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Біздің басты мақсатымыз – өңірді одан әрі дамытып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру», – деді Нұрлан Ұранхаев.Жиын барысында тұрғындар жол инфрақұрылымы, көлік, жарық, жылу, абаттандыру және әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді көтерді.Облыс бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 70,2% (288,3 шақырым) құрайды. Аягөз қаласындағы Барақ батыр көшесіндегі көпір жөнделді. "Ақтоғай-Аягөз" ауданаралық (қалааралық) бағытындағы жолаушылар тасымалы субсидияланады. Ауданда республикалық маңызы бар «Қарағанды – Боғас» тас жолының Аягөз – Баршатас, Көксала – Бидайық аралығындағы бөлігінде жол жөндеу басталды. Аягөз ауданында 45 ауыл мен аудан орталығы ауыз сумен қамтылған. Аудан орталығында 2027 жылға дейін жылу қазандығы салынады. Қазіргі уақытта құрылыс алаңы анықталуда.Облыстың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында Аягөз қаласында кәріздік тазарту құрылыстарын салу жоспарлануда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Ақтоғай ауылына электр желілері тартылып, Тарбағатай ауылында бес көше жарықтандырылды. Ақши ауылында заманауи спорт алаңы салынды.Аягөзде 2028 жылға дейін «KAZ Minerals Smelting» ЖШС жаңа балқыту зауытын салуды жоспарлауда. Нәтижесінде 1083 жаңа жұмыс орны ашылады. Аягөзде 1,8 млрд теңгеге 5 қабатты, 60 пәтерлік екі тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар, кешенді жоспар аясында Аягөз қаласында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру бекетін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.Ерекше күтімді қажет ететін балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Ауданда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы құрылып, мамандандырылған такси сатып алынды. 2028 жылға дейін 150 төсектік оңалту және бейімдеу орталығын салу жоспарлануда.2025 жылы Аягөз қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылады. Аудандағы 16 мектепті ағымдағы жөндеуге 208,6 миллион теңге бөлініп, жеті пәндік кабинет сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902144
Жерлестеріміз марапатталды 12.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Алтын домбыра» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Биыл «Төрлет, еңбек адамы!» тақырыбында ұйымдастырылған айтыс еңбекқор халыққа арналған.Шара аясында облысымыздың айтыс өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан ақындар марапатталды. Көп жылғы еңбегі мен айтыстың дамуына қосқан үлесі үшін ақын, ұстаз Дәметкен Омарбаева «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталды.Сонымен қатар, ақын, ұстаз, Халықаралық айтыс және жыршы-термеші ақындар одағының Абай облыстық филиалының төрағасы Дәулет Сметов «Мәдениет саласының үздігі» медалін иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902153
Ақтөбеде жазушылар форумы өтті 12.12.2024
Шығармашылық академиясында «Қазақ жазушыларының ТМД елдері архивтеріндегі зерттеу жұмыстары» атты форум өтті. Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырды. Шараға Ресейден арнайы келген ғалымдар, Қазақстанның әр өңірінен келген тарихшылар, жазушылар және зерттеушілер қатысты.Форум аясында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті. Қатысушылар «Түрік халықтарының әдет-ғұрыптары», «Парсы-тәжік және қазақ халқына ортақ әдеби желілер мен арналар», «ХХ ғасырдың басындағы Түркістандық қаламгерлердің мұралары», «Ташкент және қазақ тарихнамасы», «Қазақ-Әзірбайжан руханият сабақтастығы», «Қазақ-Әзірбайжан әдеби байланысы», «Қазақстан әдебиеті бойынша Армения архивтеріндегі зерттеулер», «Қазақтың саяси тұлғалары және қазақ ақын-жазушыларының Грузиямен әдеби-мәдени байланысы», «Қазақтың Ер Едігесі», «Отыншыдай ер қайда?», «Ілиястың Ресейдегі іздері», «Қазақия... Сиберия...», «Породненные войной и целиной», «Алаш ардақтысы», «Алаштың Ақсұңқары», «Қазақ кітабының қилы тағдыры» сияқты еңбектермен танысты. Форум қазақ әдебиеті мен тарихының жаңа қырларын танып-білуге арналған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/901835
«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, төрт жолақты қозғалыс ашылды 12.12.2024
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысында ұзындығы 96 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталып, төрт жолақты қозғалыс ашылды.Ақтөбе облысындағы автожолдың жалпы ұзындығы 1869 шақырым, оның 117 шақырымында соңғы жылдары қайта жаңарту жұмыстары және 280 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары барысында республикалық маңыздағы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға) автожолының учаскесі «Ақтөбе-Қандыағаш» көлік дәлізінің дамуына ерекше көңіл бөлінді. Бұл дәліз аймақ пен еліміз үшін маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Ол Қазақстанды Ресеймен байланыстырып, Астраханға қарай шығуға мүмкіндік береді.Толығырақ: https://t.me/qazavtojol/5627Дереккөз: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/901842
Қазақстан ТЖМ өзінің автопаркін жаңартуда 12.12.2024
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің автопаркін белсенді жаңғыртуды жалғастыруда. Алдағы күндері ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне 45 жаңа мамандандырылған автомобиль, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға арналған 20 машина келіп түседі. Техника республикалық бюджет қаражатына сатып алынды. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестициялардың маңыздылығын көрсетеді. Автопаркті жаңарту Қазақстан ТЖМ төтенше жағдайларға жедел және сапалы ден қоюға, сондай-ақ ведомство қызметкерлері үшін жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов: «Ел Президенті мен үкіметтің қолдауымен біз қазіргі заманғы автомобильдерді сатып алуды жалғастырып жатырмыз. Бұл біздің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі міндеттерді тиімді орындау қабілетімізді айтарлықтай арттырады. Біз ТЖМ жұмысын жақсартып қана қоймай, азаматтарымыз үшін жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тырысамыз». Автопаркті жаңғырту – Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын жетілдіру жолындағы тағы бір қадам. Ол жеделдікті жақсартуға, қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға және халық үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/901615
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ПОСЛАНИИ НАРОДУ КАЗАХСТАНА 12.12.2024
❕СКАЗАНО:«Фермеры и промышленники нуждаются в качественном анализе и прогнозе по воде. Это касается и ежегодных поставок, и среднесрочной перспективы. Поэтому надо планировать загодя».СДЕЛАНО:Для исполнения поручения Главы государства при Министерстве водных ресурсов и ирригации создан информационно-аналитический центр водных ресурсов. Центр станет одним из ведущих институтов страны, который будет разрабатывать предложения по эффективному использованию и защите водного фонда, развитию ирригационных сетей, а также вести информационно-аналитическую работу.Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности совместно с министерствами экологии и природных ресурсов, чрезвычайных ситуаций, а также Министерством водных ресурсов и ирригации разрабатывается информационная система прогнозирования и моделирования паводков Tasqyn. Система позволит предотвращать чрезвычайные ситуации и делать прогнозы для принятия стратегических решений. Информационную систему планируется запустить до конца года.Министерство водных ресурсов и ирригации в рамках меморандума с Делфтским институтом водного образования IHE Delft разрабатывает информационную систему по прогнозированию течения рек на основе платформ Talsim и Delft-FEWS. В рамках пилотного проекта создаются модели Есильского и Нура-Сарысуского бассейнов. Для анализа данных и интеграции моделей адаптируется программное приложение Delft-FEWS.Министерство ведет работу по цифровизации 3500 км ирригационных сетей. На сегодня реализуется проект реконструкции водных станций с установкой автоматизированной системы учета воды на 5 каналах в Кызылординской области.До 2026 года будет автоматизировано 16 ирригационных каналов в Туркестанской, Жамбылской областях и области Жетісу. До конца 2027 года будут проведены работы по цифровизации 16 ирригационных каналов в Кызылординской области.В результате министерство намерено сократить расход поливной воды на 500 млн кубометров в год.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/901616
Азаматтардың қауіпсіздігі - басты назарда 12.12.2024
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.Жаңа жылдық мерекелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық ТЖД бастығының орынбасары Алексей Штыкель баяндады. Сонымен қатар, Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Пиротехника» алдын-алу шарасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Комиссия отырысына білім, денсаулық сақтау сынды басқармалардың өкілдері қатысты.Жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізу мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» республикалық алдын-алу іс-шарасы жоспарының тармақтарын шұғыл орындау бойынша тапсырмалар берілді. Қалалар мен аудандардың әкімдері мен әлеуметтік нысандар басшыларына жаңа жылдық мереке кезінде күшейтілген кезекшілікті ұйымдастыруға нұсқау берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901208
Ерсін Ескендіров Ақсуат ауданының әкімі болып тағайындалды 12.12.2024
Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы 1985 жылдың 28 желтоқсанында Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Семей құқық және бизнес колледжін «заңгер», 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», 2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2005 жылы Тарбағатай аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аға инспекторы қызметінен бастады. Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының кадр жөніндегі бас маманы, ШҚО ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің заңгері, бас маманы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеген.Әр жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары, Абай облысының Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы, Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы сияқты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901327
Облыс әкімі Ақсуат ауданының жаңа әкімін таныстырды 12.12.2024
Шара барысында ауданның тұрақты дамуы мен тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қызметтің негізгі бағыттары айқындалып, міндеттер белгіленді.Бірінші кезектегі міндеттерге ауданның инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, медициналық және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901468
Аймақ басшысы Ақсуат ауданының ақсақалдарымен кездесті 12.12.2024
Аймақ басшысы Ақсуат ауданына жұмыс сапары аясында ақсақалдармен кездесу өткізіп, өңірді дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты мәселелерді талқылады. Аймақ басшысы бастамалар мен ұсыныстарға ризашылығын білдіріп, аудан игілігіне бағытталған шешімдерді қабылдауда қариялардың пікірі маңызды негіз екенін баса айтты.Қариялар өңірдің өркендеуіне, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосу мақсатында өздерінің тәжірибелері мен білімдерін ортаға салуға дайын екендіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901605