Enbekshi QazaQ

Саясат

«Ашық диалог» порталында сауалнама жүргізу туралы хабарлама 22.11.2024
2024 жылғы 20 қарашадан 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Фитосанитариялық сертификат алу тәсілдері» тақырыбында сауалнама жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.Сауалнама мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=5890.Сізден қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/888014
Қуаттылығы 370 мың тонна майлы дақылдар шығаратын май экстракциялық зауыты жақын арада пайдалануға беріледі 22.11.2024
«Масло-Дел Петропавлоск» ЖШС жаңа май экстракциялық зауытының құрылысын аяқтады.Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделетін болады.Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылатын болады.Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған.Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды.Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қараша айының соңында жоспарланып отыр.Жобаның құны-34 млрд теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/888339
ТЖМ құрама командасы «Қорғаныс министрінің кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының финалына қатысуда 22.11.2024
ТЖМ құрама командасы «Қорғаныс министрі Кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының финалына қатысуда. Құрама команда 1 ер адам мен 9 әйел адамнан жасақталған. Турнир 2024 жылғы 21-23 қараша аралығында Астана қаласы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтуде.Мұндай деңгейдегі сайыс Қазақстан тарихында тұңғыш рет өтіп жатыр. 15 елден 200-ден астам спортшы қатысуда. Әлем кубогын ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы мен еліміздегі Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы. Спортшылар «Сайыс», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» пәндерінде 10 салмақта өнер көрсетуде.ҚР ТЖМ құрамасы ерлер арасында 67 кг салмақ дәрежесінде және әйелдер арасында 48-ден 70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін болады. Команда құрамында қоян-қолтық ұрыстан әлем, Азия және Еуропа жүлдегерлері мен чемпиондары бар.Спортшыларымызға сәтті өнер көрсетулерін тілейміз! ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887636
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды 22.11.2024
Сауд Арабиясының Эр–Рияд қаласында 17-21 қараша аралығында өткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының XXV халықаралық конференциясы аяқталды.Конференция барысында жарыстарды өткізу ережесіндегі маңызды өзгерістер, сондай-ақ төрешілер корпусын таңдаудағы жаңа тәсілдер талқыланды. Кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында судьяларды даярлауға, оларды оқытуға және сертификаттауға ерекше назар аударылды. 2025 жылы халықаралық жарыстар мен әлем чемпионаттарын өткізу үшін бас төрешілер комиссиясы бекітілді.Сонымен қатар Эр–Рияд қаласының 2025 жылғы қазан айының соңында ерлер арасында ХХ әлем чемпионатын және әйелдер арасында өрт-құтқару спортынан ХІ әлем чемпионатын өткізуге дайындығы расталды. Ұйымдастырушылар қатысушылар мен көрермендер үшін инфрақұрылымды, қауіпсіздік пен жайлылықты жақсарту жоспарларын ұсынды. Эр-Рияд позитивті имидж құру және іс-шараға халықаралық назар аудару үшін белсенді жұмыс істейді.Естеріңізге сала кетейік, конференцияға 19 елден өрт–құтқару қызметтерінің, өрт–құтқару спорты қауымдастықтары мен федерацияларының басшылары қатысты. Қазақстан ТЖМ атынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов және Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы директоры Дәурен Данаев қатысты. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887710
ТЖМ құтқарушылары тұрғын үй секторында профилактикалық жұмысты жалғастыруда 22.11.2024
ТЖМ аумақтық бөлімшелер тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінуде, 3957 әлеуметтік осал топқа жататын отбасы тұрады. Жыл ішінде өрт қауіпсіздігіне арналған екі айлық ұйымдастырылды. Алдын алу іс-шаралары аясында құтқарушылар 12 586 тұрғын үйді аралап, 27 689 адамға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізді, сондай-ақ 3516 тұрғынның қатысуымен 293 жиын ұйымдастырылды.2024 жылдың 1 маусымынан бастап әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне 1722 датчик орнатылды. 6-14 қараша аралығында Сарысу, Талас және Жуалы аудандарында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылып, пештер тазаланды. Тұрғын үй секторында халыққа жадынамалар таратылып, қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар берілді.«Цифрландыру мақсатында ТЖД адамдар көп жиналатын орындарда QR-кодтарды орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осы QR-кодтарды сканерлеу арқылы тұрғындар әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерімен таныса алады», - ТЖД бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков атап өтті.ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Тек бірлескен күш-жігер арқылы қайғылы оқиғалардың алдын алып, адамдардың өмірін сақтап қалуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887945
Ақмола облысы ТЖД-да ТЖ вице-министрінің қатысуымен кеңес өткізілді 22.11.2024
Көкшетауға жұмыс сапары аясында ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Ақмола облысы ТЖД-да өткен жұмыс кеңесіне қатысты. Іс-шара барысында су тасқынына дайындық және су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу мәселелері көтерілді.Вице-министр ВКС режимінде су тасқынына бейім аудандарда жүргізілген жұмыс туралы ТЖД аумақтық бөлімшелерін тыңдады. Бұдан өзге су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмысты жандандыру, қысқы кезеңдегі ТЖ алдын алу қажеттігін атап өтіп, материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерін қозғады.Сонымен қатар кеңес барысында вице-министр департамент басқармалары мен қызметтерінің басшыларын тыңдады. Кеңес қорытындысы бойынша ол бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887953
«Қыс-2024» РКШОЖ бірінші күні 22.11.2024
2024 жылғы 21 қарашада барлық өңірлерінде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.Оқу-жаттығудың жедел штабы Ақмола облысы Көкшетау қаласында орналасқан. Оқу-жаттығудың басшысы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.С. Нұрпейісов.«Қыс-2024» РКШОЖ-ның бірінші кезеңі сағат 08:00-де басталды. «Дабыл-1001» сигналы бойынша азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштері, ТЖМ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімдері мен бөлімшелері дайындыққа келтірілді.Көкшетау қ. «Болашақ сарайында» мемлекеттік органдардан, республикалық оқу-жаттығу штабы мүшелерінен құрылған жедел топтар жиналып, оларға қойылған міндеттер жеткізілді. Республикалық азаматтық қорғау қызметтеріне, жергілікті атқарушы органдарға қиын қысқы жағдайларда жұмыс істеу үшін өздерінің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының дайындығын тексеру міндеті қойылды.Республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияларымен бұдан әрі басқару тапсырмалары мен сигналдарын, іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратқа сұраныстар мен хабарламаларды беру үшін тұрақты байланыс орнатылды. Төтенше жағдайларды жою және бағынысты күштерге қолайсыз жағдай туындаған кездегі функционалдық міндеттерді орындауға тапсырма беру жөніндегі іс-қимыл жоспарлары нақтыланды.Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде басқару органдарына «Қарғын–2002» басқару сигналы, дауылды ескерту және оқу-жаттығу тақырыбына байланысты тиісті кіріспе жеткізілді. Қалыптасқан жағдайды бағалау және төтенше жағдайдың салдарын жоюға шешім қабылдау кезінде басқару органдарының іс-қимыл алгоритмі пысықталды.Сонымен қатар оқу-жаттығу шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888005
Қарағанды облысындағы «Қыс-2024» РКШОЖ 22.11.2024
Өңірдің авариялық-құтқару қызметтерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен ТЖ департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев тексерді.Оқу-жаттығу арнайы техниканы тексеруден басталды. Қарағандыдағы «Шахтер» стадионының сыртында полиция бөлімшелері, автомагистральдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жол ұйымдары, әскери-құтқару қызметтері және Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері сап түзеді.Құтқарушылар қыста жұмыс істеуге 76 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техника дайындады. Барлық жерүсті көліктері, вахталық автомобильдер тартылатын болады. ТЖ және облыстық Азаматтық қорғау қызметтері департаментінің автопаркі жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жаңартылып отырады. Жақында үш жоғары өтімді көлік – жол талғамайтын, батпақта жүре алатын арнайы техника сатып алынды.«Қазір барлық құрылымдардың дайындығына тексеру жүргізілуде: ТЖ департаменті, полиция, Ұлттық ұлан, барлық аудандар мен қалалар әкімдіктері, жол қызметтері. Біз құтқару жұмыстарына 5 мыңнан астам адам мен мыңнан астам техниканы тарта аламыз», – дейді ТЖ департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев.Қарағанды облысында ұзындығы 574 шақырым болатын 590 қарлы учаске күшейтілген бақылауға алынды. Сондай-ақ, 19 жылыту пункті мен 6 трассалық медициналық-құтқару пунктінің жұмысы ұйымдастырылды. ТЖ жағдайында жол бойындағы сервистің 300-ден астам нысаны тартылатын болады.Оқу жаттығулары Теміртау маңындағы трассада да ұйымдастырылды. Мұнда құтқарушылар далада қалып қойған автобустан адамдарды құтқару кезінде іс-әрекеттерді пысықтады, сондай-ақ жоғалған адамды іздестірді.Өңірде барлығы 26-дан астам тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді, онда далалық басқару пунктінің жұмысы көрсетілді: штабтар, медициналық пункттер, тамақтану, жылыту және психологиялық көмек пункттері орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888059
Қызылорда өңіріндегі «Қыс-2024» РКШОЖ 22.11.2024
2024 жылғы 21 қарашада Қызылорда қаласында «Сол жағалау» шағын ауданында «Болашақ» саптық қарау өткізілді және облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы тексерілді. Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.Сонымен бірге «Қорқыт Ата» атындағы әуежай маңында оқу-жаттығудың практикалық кезеңі өткізілді. Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде шартты жол-көлік оқиғасы орын алды. Облыстық әуежайдың маңында автокөлігі мен маркалы автобусының соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабарлама Департаментке келіп түсті. Соның салдарынан оқиға орнында көлік кептелісі пайда болды. Сонымен бірге жеңіл автокөліктің жүргізушісі апат салдарынан қысылып қалған және жарақат алған. Автобустың ішіндегі жолаушыларға зақым келді. Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті сақтау және оқиға орнын қоршау жұмысын жүргізді. Зардап шегушілерді жедел құтқару жасағының құтқарушылары көліктен шығарып, Апаттар медицина орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ауыр жарақат алған жолаушыларды жедел жәрдем қызметінің мамандары ауруханаға жеткізді. Кептелісте қалған жолаушылар арнайы автобуспен жылыту пункттеріне жеткізілді. Ыстық тамақпен және керек-жарақтармен қамтамасыз етілді. Ал, екінші кезеңде «Қорқыт Ата» әуежайының маңында іздеу-құтқару жұмысы жүргізілді. Департаменттің Жоспарлау және жедел басқару орталығына «Қорқыт Ата» әуежайының маңында екі адам мал іздеп шығып, хабар-ошарсыз кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Ауа-райы күрт салқындап, қалың қар жауды. Аталған хабарламаға сәйкес шұғыл іздеу-құтқару тобы құрылды. «Қазавиақұтқару» АҚ-на тиесілі «Еврокоптер» тікұшағын пайдалана отырып, іздеу-құтқару жұмысы жүргізілді. Белгіленген орынға тікұшақ қонып, кинологиялық топтар мен құтқарушылар «квадроцикл» көлігімен екі бағытта іздеу-құтқару жұмысын жүргізді. ҚР Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімінің әскери қызметішлер де іздеу жұмысына белсене атсалысты. Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды дер кезінде тапты. Табылған адамдарға медициналық көмек көрсетілді. Зардап шегушілерді тікұшақты пайдалана отырып, «Қорқыт Ата» әуежайына жеткізді. Апаттар медицинасы орталығының филиалының бригадасы және «Қызыл Ай» қоғамының қызметкерлері зардап шегушілерді ауруханаға жатқызды.Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығына баға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888096
Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары іздестіру-құтқару операцияларын сәтті жүргізді 22.11.2024
21 қараша күні таңертең Алматы облысы Балқаш ауданы Қараой ауылының маңындағы Балқаш көлінде 1980 және 1999 жылдары туған екі балықшыны іздеді, олар қайықпен балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кетті. Қарағанды облысы ТЖД күштері күндіз жоғалып кеткен адамдарды тапты, олармен бірге екі ит те құтқарылды.Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында ТЖД, ПД, ЖАО, жергілікті тұрғындар, волонтерлер күштері 1963 жылы туған «Текебаев» шаруа қожалығының қызметкері іздестірілді, ол 20 қарашада таңертең мал жаюға шығып, жоғалып кетті. 21 қараша күні таңертең ашық аумақта «Сүгірәлі» қыстағынан 3 км қашықтықта жоғалып кеткен адам медициналық көмекке мұқтаж емес.Қызылорда облысының Сырдария ауданында ТЖД және туыстарының күштері 1955 және 1969 жылдары туған екі ер адамды іздеді, олар 18 қарашада Түркістан облысынан жүк көлігімен Ұлытау облысына мал іздеп шығып, жете алмаған. 21 қараша күні таңертең жоғалып кеткен адамдар Қызылорда қаласынан 245 км жерде табылды, автокөлік сынған, медициналық көмекке мұқтаж емес.22 қараша күні таңертең Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінің 40 км ТЖД күштері 4 адамды тауып, қар құрсауынан эвакуациялады. Олар 21 қараша күні түстен кейін жеңіл автокөлікпен мал іздеуге шығып, автокөлік балшыққа батып қалды.ТЖМ қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін, балық аулау кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа-райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыс шектеулерін бақылауға шақырады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888349
Батыс өңірі жаңа құтқару техникалармен толықты 22.11.2024
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы аумақтық бөлімшелердің жұмысының тиімділігін арттыру үшін материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлуде. ТЖД автопарктері адам өмірін құтқару, төтенше жағдайларға ден қою мен жоюға арналған арнайы техникалармен толығуда.Мәселен алты доңғалақты жүзетін жол талғамайтын Трэкол-39294 көлігі сатып алынып, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының иелігіне берілді. Жол талғамайтын көлік төтенше жағдайларда авариялық-құтқару және іздестіру және су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін толық жолсыз жерлерде, сондай-ақ зардап шеккендерді эвакуациялау үшін белсенді қолданылады.Арнайы жабдықталған жол талғамайтын автомобильдер төтенше жағдайларды жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қиын жағдайларда жұмыс істеу үшін арнайы жабдықталған жол талғамайтын көліктер төтенше жағдайларға тезірек әрекет етуге мүмкіндік береді. Өңірді техникамен жабдықтау кезінде жылдың төрт мезгілі, географиялық, климаттық жағдайлар және басқа да ерекшеліктер ескеріледі.Орталық және аумақтық бөлімшелер арасындағы тығыз және тиімді байланыс, сондай-ақ ТЖ-ға төтеп бере алу жұмыстың жоғары стандарттарын белгілеуге ықпал етіп, азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.Орталық және аумақтық бөлімшелердің тығыз және тиімді байланысы, төтенше жағдайларға төзімділік, қайсарлық, талапшылдықтың қалыптасуына ықпал етеді, мұндай бірлескен жемісті жұмыс азаматтар қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.ТЖМ аумақтық бөлімшелердің қажеттіліктері үшін құтқару техникасының әлемдік брендтерінің заманауи үлгілерін сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған осындай құтқару техникасы басқа облыстарға да бөлінетін болады.Материалдық-техникалық базаны дамыту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың салдарын барынша азайту саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдығын айғақтайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888365
Елорданың шұғыл қызметтері қысқы кезеңге дайындалуда 22.11.2024
Елордада қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға шұғыл ден қою қызметтерінің Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Арнайы қызмет өкілдері де шеберліктерін көрсетті.Оқу-жаттығу аясында республикалық штабтың кіріспе және шешімдерін пысықтау үшін қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен қалалық жедел штаб жұмысын бастады.Тактикалық жоспарға сәйкес, астананың азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қалалық кіші жүйесінің күштері мен құралдары жерасты жылу трассасының учаскесінде ыстық судың ағуы орын алған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ жерасты сымдарының тұтануы орын алған электр қосалқы станциясындағы аварияларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, өрт сөндірушілер осы өртті жою бойынша жұмыс жасады.Кейін «Астана-Көкшетау» жолаушылар рейстік автобусында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Медицина мамандары үсік алған жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан соң құтқарушылар көмек іздеуге шығып, қар құрсауында адасып кеткен жүргізуші мен жолаушылардың бірін табу үшін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмекке асықты. Жоғалған азаматтарды іздеу үшін жедел-құтқару жасағының кинологиялық есебі тартылды.«Барлық практикалық іс-шаралар РКШОЖ өткізу жоспарына сәйкес пысықталды. Бұл оқу-жаттығулар нақты ТЖ кезінде қызметтің өз іс-әрекеттерін қалай пысықтайтынын көрсетті. Жаттығулар нақты жағдайда өтті. Қорытындылай келе, Астана қаласы бойынша азаматтық қорғау жүйесі қысқы кезеңге және қойылған міндеттерді орындауға дайын деп айтуға болады», – деп атап өтті Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Еркін Кашканов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888441
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша семинар өтті 22.11.2024
2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Абдразакқызы Ерсеитованың төрағалығымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: мемлекеттік қызметшінің рөлі” тақырыбында семинар өткізілді.Семинарға арнайы спикер ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева шақырылды. Ол өз баяндамасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сыбайлас жемқорлық шектеулері, мүдделер қақтығысы, сондай-ақ заңнамадағы соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады.Іс-шараға Әділет министрлігінің комитеттерінің, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Олар мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі мен жауапкершілігі туралы пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс салдары мен оны болдырмау жолдарын талқылады.Сонымен қатар, Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сайынқызы Сыдыкова сыбайлас жемқорлықпен күресуде әрбір мемлекеттік қызметшінің рөлі орасан зор екенін, ол үшін қызметшілер әрдайым адалдық, әділдік, ашықтық, парасаттылық және қарапайымдылық қағидаттарын ұстанулары міндетті екенін атап өтті.Әділет министрлігі әділдік, ашықтық және есептілік қағидаттарын негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша жұмыстарын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/888311
Бір күнде Астанадан жүк көліктерімен 1600-ден астам рейс қар шығарылды 22.11.2024
Қар тазалығы бойынша коммуналдық қызметтер тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.20 қараша күні түстен кейін қар тазалау жұмыстарына 800-ден астам арнайы техника, сондай-ақ 300-ден астам жол жұмысшысы тартылды.20 қараша күні қар полигондарына 1648 рейс, 22 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 44 мыңнан астам рейс, 525 мың текше метр қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887245
COP29-да климатты қорғау және тиімділікті арттыру үшін ауыл шаруашылығындағы метан қалдықтарын азайту тақырыбы талқыланды 22.11.2024
Бакуде БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында аграрлық сектордағы метан қалдықтарын азайтуға арналған арнайы іс-шара өтті. Оны Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының байланыс және серіктестік бюросы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырды. Іс-шараның тақырыбы «Ауыл шаруашылығындағы Метан: қалдықтарды азайту және тиімділікті арттыру» болды.Метанның — жаһандық жылынудағы үлесі, климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың (КӨЖҮТ) мәліметтері бойынша, орташа жаһандық температураның ағымдағы көтерілуінен шамамен 0,5°C құрайды. Агроазық-түлік секторы күйіс қайыратын малдың энтеральды ашытуымен және органикалық қалдықтардың анаэробты ыдырауымен байланысты метан қалдықтарының едәуір мөлшерін шығарады. Бұл процестерді түсіну және оларды азайту климаттың өзгеруімен күресудің және ауыл шаруашылығының экологиялық тұрақтылығын сақтаудың негізгі қадамдары болып табылады.Іс-шарада Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың министрліктерінің өкілдері өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы метан қалдықтарын азайтудың озық әдістері мен технологияларын талқылады. Ауыл шаруашылығы секторындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ең жаңа жемшөп қоспалары, көңді өңдеу әдістері және басқа да инновациялық шешімдер басты назарда. Сонымен қатар, қатысушылар табысты халықаралық жобаларды қарастырып, экономикалық тиімді және экологиялық тұрақты әдістерді енгізу бойынша тәжірибе алмасады.Іс-шараның негізгі мақсаттары ауыл шаруашылығындағы метан қалдықтарын азайту технологиялары мен шешімдерін талқылау, инновациялық әдістерді енгізудің экономикалық және экологиялық пайдасын бағалау, ауыл шаруашылығының экологиялық және тұрақты міндеттерін шешу үшін өңірлік ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Орталық Азия мен басқа өңірлерде тиімді шараларды бейімдеу үшін халықаралық тәжірибе алмасу болды.ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қазақстан Париж келісімі және жаһандық метан бастамасы сияқты халықаралық келісімдермен расталған ұлттық Климаттық мақсаттары шеңберінде метан қалдықтарын азайтуға ұмтылатынын атап өтті. Метан қалдықтарын азайту елдің климаттық мақсаттарына жету стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.ФАО-ның Табиғи ресурстар жөніндегі аға маманы Марсиаль Берну, ФАО метан қалдықтарын бақылаудың кешенді құралдарын әзірлегенін хабарлады, мысалы, мал шаруашылығын экологиялық бағалаудың жаһандық моделі және жақсартылған азықтандыру стратегияларын, көңді басқаруды және қалдықтарды төмен белгілерге негізделген селекцияны қоса алғанда, мал шаруашылығынан метанды азайту тәжірибесін насихаттайды.Бұл іс-шара Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі мемлекеттік, ғылыми және іскер қауымдастықтардың өзара іс-қимылы үшін маңызды платформаға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/887194
Азаматтық авиация ұйымдарының өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды 22.11.2024
ТЖМ авиациясы «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының бас директоры Алпамыс Камалов Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұйымдастырған кеңеске қатысты.Кеңесте авиациялық оқиғалар мен инциденттерге тергеу жүргізу бөлігінде азаматтық авиация ұйымдарының уәкілетті органмен өзара іс-қимылының негізгі мәселелері талқыланды. Кеңеске сондай-ақ еліміздің барлық авиациялық компанияларының, әуежайлардың, ТЖМ авиациясы «Қазавиақұтқару» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ өкілдері қатысты.Кеңес барысында авиациялық оқиғаларды тергеуге, осындай оқиғалар туралы уақытылы хабарлауға және ақпаратты жасыруға жол бермеуге байланысты мәселелер талқыланды. Алпамыс Камалов тергеу процесінде ашықтық пен айқындықтың маңыздылығын атап өтті.Авиациялық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиғалар туралы барлық ақпараттың уақытылы берілуі және тергеулер барынша объективтілікпен жүргізілуі өте маңызды. Авиаторлардың міндеті-оқиғалардың себептерін анықтап қана қоймай, болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдау.Тергеу нәтижелері бойынша есептерді толтырудың дұрыстығына және әрбір тергеу аяқталғаннан кейін ұсынылуы тиіс түзету іс-қимыл жоспарын әзірлеуге ерекше назар аударылды. Мамандардың біліктілігін арттыруға және тергеу жүргізу сапасын жақсартуға бағытталған ИКАО халықаралық ұйымының тәжірибесін қоса алғанда, заманауи әдістемелер қаралды.Сонымен қатар, отандық және шетелдік әріптестер арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ авиация саласының барлық қатысушыларының дайындық деңгейін арттыру үшін тұрақты тренингтер мен семинарлар өткізу мәселелері талқыланды.Жиналыста авиациялық инциденттер мен оқиғаларды тиімді басқару және алдын алу үшін азаматтық авиация қауіпсіздігіне кешенді көзқарастың және мемлекеттік органдар мен авиациялық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.ТЖМ «Қазавиақұтқару» баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887089
Қауіпті жұқа мұз: елордалық құтқарушылар қыс кезіндегі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салды 22.11.2024
Күзгі-қысқы кезеңде елорданың су айдындарындағы жұқа мұз қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты қаланың ТЖД жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылдады. Бұл жұмыс туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ринат Смағұлов айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мұз қату басталғаннан бері қалалық ТЖД қызметкерлері 78 рейд пен патрульдеу жүргізді, жұмыс барысында қала тұрғындарымен түсіндірме әңгімелер жүргізілді, сондай-ақ 8 мыңнан астам үгіт материалдары таратылды. Бұл шаралар азаматтардың мұздағы қауіпсіздік ережелері туралы хабардарлығын арттыруға көмектесетінін атап өтті спикер.Су асты кілттері шығатын орындар сияқты су айдындарының аса қауіпті учаскелерінде көпірлердің астында және су төгетін жерлердің жанында аудан әкімдіктерімен бірлесіп 100-ден аса ескерту белгілері орнатылған.«Бүгінгі таңда елорда су айдындарындағы мұздың қалыңдығы қауіпсіз қозғалыс пен мұз астында балық аулау үшін жеткіліксіз (5-6 см). Маңызды ережелерді есте ұстаған жөн: жұқа немесе әлсіз мұзға шықпау, мұздың бір бөлігінде адамдардың жиналуын болдырмау, жарықтар жанында абай болу, қараңғыда және нашар көріну кезінде мұзға бармау, сондай-ақ мұзда балық аулау кезінде құтқару құралдары туралы ұмытпау», - деп кеңес берді Ринат Смағұлов.Ол сондай-ақ мұзда балық аулауға арнайы құтқару құралдары болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін айтты, бірақ қазіргі уақытта құтқарушылар мұзға шығудан бас тартуға кеңес береді.Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балалардың су айдындарына шығуын бақылауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887070
Astana Smart City: елорда өмірін жақсартатын үздік 10 стартап анықталды 22.11.2024
Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub және Aстaнa Innovations ұйымдарымен бірлесіп, қалалық инфрақұрылымның негізгі салаларына озық технологияларды енгізуге бағытталған Astana Smart City Accelerator бағдарламасын сәтті аяқтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.20 қарашада бағдарламаның Demo Day финалдық кезеңі өтіп, қатысушылар қала өмірін өзгертіп жатқан инновациялық шешімдерді ұсынды.Таңдалған стартаптар Астананың мемлекеттік емханаларында, мектептерінде, қоғамдық көліктерінде, сондай-ақ қалалық қызметтер мен инфрақұрылым нысандарында сәтті іске қосылды. Бұл жобалар медициналық ұйымдардың жұмысын оңтайландырып, дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтады, оқу орындары мен әлеуметтік мекемелердегі қауіпсіздікті арттырады, ресурстарды үнемдеп, қалалық қызметтердің сапасын жақсартады.Бағдарлама технологиялық қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды. 128 өтінімнің ішінен 107 жоба бастапқы іріктеуден өтті, ал финалистер Astana Hub-тың Seed Money бағдарламасы арқылы 5 миллион теңгеге дейін қаржыландыру алды. Қатысушыларға сонымен қатар сараптамалық қолдау көрсетіліп, шешімдерін нақты жағдайда сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым ұсынылды.Demo Day-да ұсынылған стартаптар:● Protector AI – бейнежазбаларды талдауға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйе. Ол соққы, құлау және итеру сияқты зорлық-зомбылық сипаттарын анықтай алады.● AdsIQ – қоғамдық көліктегі мониторларда контент пен жарнаманы басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйе.● SPLASH – экологиялық таза мобильді көлік жуу қызметі, ол қала ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмей автокөліктерді жууға мүмкіндік береді.● HOOOD – цифрлық сыртқы жарнаманы (DOOH) басқаруға арналған платформа, ол жарнама берушілерге, әсіресе, шағын және орта бизнеске, жарнамалық науқандарды нақты уақыт режимінде іске қосып, бейімдеуге қолайлы құрал ұсынады.● Autism Spectrum – аутизмі бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған Қазақстан аудиториясына бағытталған қосымша.● Rationeel – бұлтты шешім мен мобильді қосымшаны біріктіретін гибридті жүйе. Ол бизнес-процестерді цифрландыру және деректерді жинауды оңтайландыруға бейімделген.● i-ConS – құрылыс пен жөндеу жұмыстарын басқаруды, жобалардың бюджетін бақылауды және материалдарды қадағалауды жеңілдететін мобильді қосымша әрі веб-интерфейс.● Green Cars Қазақстанда электромобильдер инфрақұрылымын дамытумен айналысып, IT-платформа мен зарядтау станциялары желісін ұсынады.● Hi Doctor – дәрігердің клиникалық көмекшісі рөлін атқаратын клиникалық шешімдерді қолдау жүйесі.● qMed – қант диабеті, артериялық гипертензия мен жүрек жеткіліксіздігі сияқты созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқаруға арналған платформа.Astana Smart City Accelerator бағдарламасы озық технологияларды қалалық ортаға енгізудің тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, Астананы цифрлық технологиялар орталығы ретінде дамытуға негіз болды. Пилоттық жобалардың нәтижелері технологиялардың қазірдің өзінде қаладағы өзекті мәселелерді шешіп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартып келе жатқанын көрсетуде. Алдағы кезеңде үздік шешімдерді Қазақстанның басқа да өңірлеріне масштабтау және халықаралық нарықтарға шығару жоспарланып отыр, бұл Астананың бәсекеге қабілеттілігін нығайтып, оны елдегі ақылды қалаларды дамытудың үлгісіне айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887077
Өрт қауіпсіздігі: Астанада барак-жалдамалы тұрғын үйлер тексеріліп жатыр 22.11.2024
Астанада жыл сайын күн суытып, жылыту маусымы басталар алдында оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үй секторында профилактикалық шаралар жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Профилактикалық шараларға аулаларды аралау, рейдтер, үгіт-насихат жұмыстары кіреді. Аралау барысында пештер мен мұржаларды, электр жылытқыштардың орнатылуына ерекше назар аударылады. Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде ақаулықтарын жою жөнінде ұсыныстар беріледі.Департаменттің бастамасы бойынша 2024 жылғы 19-23 қараша аралығында Астана қаласының тұрғын үй секторында қосымша профилактикалық жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ және т.б. өкілдерімен бірлесіп, барак-жалдамалы тұрғын үйлерді, жатақханаларды, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғылықты жерлерін, хостелдерді орналастыру орындарын және жеке тұрғын үй секторларын аралау жұмыстары жоспарланған. Қыс мезгілінде өрттің басым көпшілігі аталған нысандарда болады.Аралау барысында пештер мен түтін мұржаларын, электр жылытқыштарды орнатуға басты назар аударылады. Пештер мен түтін мұржаларын орнатудағы бұзушылықтар анықталған жағдайда, үй иелеріне ақауларды жою бойынша ұсынымдар беріледі және өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы жадынамалар табыс етіледі.Статистикаға сәйкес, ағымдағы жылы елорда аумағында 625 өрт орны тіркелді. Өртке шығулардың басым бөлігі (шығулардың жалпы санының 40%) тұрғын үй секторына тиесілі.Сондықтан, трагедиялық салдарды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау өте маңызды.Өрттердің алдын алу үшін нысандардың иелері мен барак-жалдамалы тұрғын үйлер, хостелдер, қоғамдық жатақханалар және жеке тұрғын үй секторларының тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керек:* жылыту пештері мен мұржаларды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;* оларды қараусыз қалдырмау;* электр жабдықтарын шамадан тыс жүктемеу;* тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану ережелерін қатаң ұстану;* балаларды қараусыз қалдырмау;* газ баллондарды пайдалану кезінде сақ болу.Аталмыш іс-шара елорданың тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында өткізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887099
Әділет министрі Азамат Есқараев азаматтарды қабылдады 22.11.2024
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев азаматтарға қабылдау өткізіп, олардың сауалдары мен арыз-шағымдарын тыңдады.Қабылдау барысында атқарушылық өндіріске қатысты және басқада бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғыны жеке сот орындаушысының әрекетіне қатысты шағымын жеткізді.Өтініштерді тыңдаған министр құрылымдық бөлімшелердің басшыларына оларды шешу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.Қосымша тексеруді талап ететін мәселелер министрдің жеке бақылауына алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/887020