Саясат
QONAEV CUP 2024: Қаскелеңде халықаралық шахмат турнирі өтті 16.11.2024
10 ноября 2024 года в стенах университета «SDU University» в Алматинской области начался третий международный шахматный турнир «KONAEV CUP – 2024». Это престижное соревнование объединило 240 шахматистов в возрасте от шести до 60 лет и старше из 12 стран: США, Индонезии, Беларуси, Украины, Армении, России, Узбекистана, Таджикистана, Кыргызстана, Азербайджана, Грузии и Казахстана. В турнире принимают участие как именитые гроссмейстеры, так и начинающие спортсмены, что подчеркивает его статус значимого спортивного события международного уровня.Сегодня в Казахстане шахматами занимаются более 200 тысяч человек, а в Алматинской области для их поддержки создана инфраструктура, включая специализированную школу и филиалы почти в каждом районе. Турнир «KONAEV CUP» за три года стал значимым событием спортивного календаря региона и его визитной карточкой.Турнир проводится по правилам быстрых шахмат: соревнования проходят по швейцарской системе в 9 туров с контролем времени 10 минут плюс 2 секунды за каждый ход. Среди участников – мировые звёзды шахмат: Тимур Гареев (США), Моника Челси Игнесиас (Индоенезия), Дмитрий Бочаров и Илья Ильюшенок (Россия), Жахонгир Вахидов (Узбекистан), Михаил Никитенко (Беларусь), Леван Панцулая (Грузия), а также ведущие казахстанские гроссмейстеры, такие как Рамазан Жалмаханов, Алишер Сулейменов, Денис Махнев, Арыстанбек Уразаев, Рустам Хуснутдинов и Лия Курмангалиева. Регион на турнире представляет 98 шахматистов из Алматинской области, в том числе мастер спорта Имангали Акылбай.Особенностью турнира «KONAEV CUP – 2024» является участие не только профессионалов, но и любителей, что предоставляет начинающим шахматистам уникальную возможность состязаться с мастерами международного уровня, расширяя собственные знания и спортивный опыт.Третий международный турнир «KONAEV CUP – 2024» является значимой вехой в развитии шахматного движения и способствуют укреплению позиций Казахстана на мировой шахматной арене.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/880346
Астананың жанкүйерлері қазнет пен шетелдік қонақтардың ыстық ықыласына бөленді 16.11.2024
Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында самбодан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жанкүйерлер трибунадағы қоқысты жинап, жұрттың ыстық ықыласына бөлінді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың тазалықты ұстануы мен бірлігі де қуантады. Чемпионат аяқталғаннан кейін олар бірден кетпей, айналасындағы қоқысты жинай бастады. Тазалық жұмысына белсенділер, «Астана Жастары» еріктілері, сондай-ақ жанкүйерлер қосылды.Көрермендер арасында елорда тұрғындарының белсенділігіне және олардың өз қаласына деген қамқорлығына таңданған шетелдік қонақтар да болды. Мұндай акциялар тазалыққа үндейтін, тазалық мәдениетін қалыптастыратын игі дәстүрге айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880329
Астана жастары самбодан әлем чемпионатында шетелдік жанкүйерлерді тәнті етті 16.11.2024
Жақсылық Үшкемпіров атындағы елордалық жекпе-жек сарайында 9 қарашада ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлер жиналды. Қазақстан аумағында екінші рет ұйымдастырылған іс-шараға 80 елден 470-тен аса спортшы бақ сынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Чемпионатта қазақстандық спортшыларды Астана жастарының белсенді қолдауы шетелдік қонақтарды таң қалдырды. Жастар қатысушыларға белсенді түрде қолдау көрсетіп, плакаттар мен жалауларды желбіреткен олардың қатты дауыстары, ыстық ықыластары залды дүбірлетті."Бүгін біз осы беделді турнирге қатысатын спортшыларымызды қолдау үшін белсенді жастармен жиналдық. Біз қазақстандық самбошыларға деген мақтанышымызды көрсету үшін Мемлекеттік туымызды алып келдік. Осылайша, қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді Астана мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм халықаралық турнирлердегі бірліктің маңыздылығын атап өтіп. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880319
1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жұмысшы: Астанада коммуналдық қызмет қалай жұмыс істейді 16.11.2024
Қала көшелерін қардан тазартуға түнгі ауысымға 1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшысы шықты. Қардан тазарту ауысымдық режимде жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.Қар тазалау, сондай-ақ маршруттарды түзету жұмыстары кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс пайда болмас үшін қарқынды қозғалыс учаскелері тазартылады. Әрі қарай орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар қардан тазартылады.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Бүгін қаладан 20 мың текше метрден аса қар шығарылды, бұл - 1609 ауыр жүк рейсі.Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, жауын-шашын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880317
Колледж студенттері арасында қазақ күресінен турнир өтті 16.11.2024
Абай облысында колледж студенттері арасында қазақ күресінен «Колледж барысы – 2024» облыстық турнирі өтті. Турнирдің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты қолдау және студенттердің спортпен белсенді айналысуына ықпал ету. Бұл жарыс жастарды шымырлыққа шыңдаумен қатар ұлттық құндылықтарға, өз мәдениетіне деген құрметін арттыруға бағытталған.Сайыста облыстың 13 колледжінен жиналған 30 студент бағын сынады. Ақтық сында он екі балуан 70, 90 және 90+ келі салмақ дәрежелерінде белдесіп, келесідей нәтижеге қол жеткізді. І орын – 3 студент, ІІ орын – 3 студент, ІІІ орын – 5 студент.Сонымен қатар жарыс барысында ерекше көзге түскен балуандарға «Ең жас балуан», «Жеңіске деген құштарлығы үшін», «Техникалық әдістер көрсеткені үшін» арнайы номинациялары табыс етілді.Спорттық шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880318
Елордада қар тазалау жұмыстарына 1,2 мыңнан аса арнайы техника мен 2400 жол жұмысшысы шықты 16.11.2024
Елордада түні бойы жауын-шашын көп жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысымда тәулік бойы күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бүгін қар тазалауға 1200-ден аса арнайы техника мен 2400-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылған.9-ынан 10 қарашаға қараған қаладан 2400 текше метр қар шығарылды, бұл - 188 ауыр жүк рейсі.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін көшеде жүргенде өте мұқият әрі сақ болуды сұрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880295
Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі Қазан қаласында концерттік бағдарлама ұсынды 16.11.2024
С.Саид-Ғалиев атындағы мәдениет сарайында Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертті өтті. Оркестр дирижері – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Кенжегүл Ақшекина.Шара Қазақстан мен Татарстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, қазақ халқының мәдениетін, өнері мен дәстүрін насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ және татар музыкасының туындылары орындалды. Концерттік бағдарлама аясында қазақ, орыс және татар тілдеріндегі әндер шырқалды. Бұл халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға септігін тигізбек.Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали мен Мапруза Утуленова, дәстүрлі әнші Гүлдана Ноғайбаева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші Төлеген Рахымбаев, эстрадалық-симфониялық оркестрдің бэквокал әртістері өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880288
Жерлесіміз әлем чемпионы атанды 16.11.2024
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында самбодан әлем чемпионаты өтуде. Ел құрамасы сапында өнер көрсеткен Абай облысының балуаны Есентай Имаханов 64 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда өзбек балуанын жеңген жерлесіміз әлем чемпионы атанды.Абай облысының тағы бір балуаны Маратбек Рахметтолин Астана қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жауынгерлік самбодан қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880289
Астанада түнгі уақытта қар тазалауға 600-ден аса арнайы техника жұмылдырылады 16.11.2024
Жауын-шашынға байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.600-ден аса арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы түнгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.Елордада қар тазалығы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880284
«Алабұға» экономикалық аймағы: инвесторларға жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктер 16.11.2024
Абай облысынан келген делегация 2006 жылы құрылған «Алабұға» арнайы экономикалық аймағында болып, инвесторларға жасалып жатқан жағдаймен, ондағы мүмкіндіктермен танысты. Бұл аймақ толық дайын өндірістік, инженерлік, көліктік және кедендік инфрақұрылымды, сондай-ақ салықтық және кедендік жеңілдіктерді ұсынады.Құрылыс алаңдары 2000 гектар аумақты алып жатыр. Барлық қажетті коммуникациялармен, жолдармен және инженерлік желілермен қамтамасыз етілген учаскелер делегация мүшелерін таң қалдырды. Резиденттердің өз нысандары орналасқан жер телімдерін ғимараттар пайдалануға берілгеннен кейін сатып алуға мүмкіндігі бар.Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев бастаған делегация мүшелері салық салудың қолайлы шарттарымен танысып, соның ішінде резиденттерді мүлік, жер және көлік салығын төлеуден 10 жылға босату туралы білді.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған «Үш аю» саяжай қоғамдастығы мен 64 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Сондай-ақ олар бейнебақылау жүйесі орнатылған күзетілетін аумақтың бар екенін атап өтті.Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік беретін Alabuga International School білім беру жүйесі де делегаттардың назарын аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880283
Қазан қаласында «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті 16.11.2024
Абай облысының мәдени күндері аясында Ғалиасқар Камал атындағы Татар мемлекеттік академиялық театрында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрлан Төкейдің жетекшілігімен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрінің мерекелік концерті өтті. Концертті Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Василь Шайхразиев, Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов тамашалады.Бұл мәдени шара Қазақстан мен Татарстан халықтары арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды нығайтуға, ортақ рухани мұраны сақтауға және дәріптеуге бағытталған.Концерттік бағдарлама аясында Латиф Хамиди, Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский және Нұрғиса Тілендиев сынды танымал композиторлардың шығармалары орындалды. Оркестр «Абай» операсынан арияларды, сондай-ақ қазақ және татар халқының мәдениетін бейнелейтін халық билері мен композицияларды жұртшылық назарына ұсынды.Көрермендер оркестрден бөлек екі халықтың мәдени бірлігін айшықтайтын «Тұмар» халық би ансамблі бишілерінің өнерін тамашалады. Концерттік бағдарлама аясында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Ерлан Рысқали мен Мапруза Утуленова, сондай-ақ еліміздің Мәдениет саласының үздігі атанған солистер көпшілікті өнерімен тәнті етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880278
Көксу қант зауытында қант қызылшасын қабылдау қуаты артты 16.11.2024
Қант қызылшасының күтілетін рекордтық өніміне және өндірушілерге жақын орналасуына байланысты Жетісу облысының Көксу қант зауытының жанында автокөліктердің жиналуы байқалады.Осыған байланысты жаңа дақыл шикізатын үздіксіз және уақтылы қабылдауды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.Жағдайды реттеу мақсатында зауыттың өткізу қабілеті тәулігіне 3 мың тоннадан 4 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Жетісу облысы әкімдігі жанындағы жедел штаб қант қызылшасын қабылдаудың бұрын бекітілген кестесін жаңартты және қызылша тапсырушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Жағдайды тұрақтандыру және зауытқа орнатылған технологиялық жүктемені сақтау үшін, сондай-ақ шикізат сапасының төмендеуін болдырмау үшін қызылша датчиктері белгіленген кестені қатаң сақтауы керек.Бүгінгі күні фермерлер мен зауыт арасында келісілген қант қызылшасын қабылдау кестесіне сәйкес Көксу қант зауыты жоспарлаған 250 мың тонна қант қызылшасынан 190 мың тонна қабылданды.Айта кетейік, қант зауыттары барлығы 647 мың тонна қызылшаны өңдеуге қабылданды: Меркі зауыты — 223 мың тонна, Көксу зауыты — 190 мың тонна, Ақсу зауыты — 234 мың тонна, оның 24 мың тоннасы Жамбыл облысынан түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/880277
🛣 ШҚО әкімі тұрғындарды қолдап, Қайсенов пен Әуезов көшелеріндегі бұрылыс мәселесін шешті 16.11.2024
🔴Өскемен қаласындағы Қайсенов пен Әуезов көшелерінің қиылысында оң бағытқа бұрылыс салу жұмыстары тоқтатылды. Аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәселе себебін өз көзімен көруге келіп, қала әкімінің тірлігін сынға алды. Тұрғындардың қауіпсіздігі қашан да бірінші орында екенін атап өтті.– Қыста көктайғақ болады. Сондықтан, ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін бірінші орынға қою керек. Қалайша қыс келерде тұрғын үйлер мен ғимараттардың тура алдына бұрылыс салу жұмыстарын жүргізуге болады?! Адамдар дәріханадан қалай шығады? Тәжірибелеріңіз бар. Мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін халық үніне құлақ түру қажет, – деді облыс әкімі.🔴Ол сондай-ақ қаланы абаттандыру шешімдерінің жақсы үлгісі «Халық қатысатын бюджет» жобасы болып табылатынын айтты. Көшелерде не істеу керектігін және қайда істеу керектігін туралы шешімдердің қабылдауына тұрғындар өздері қатысулары керек.🔴Мұндайда бұл қиылыстан оңға бұрылу әсіресе қыста адамдарға қауіпті болатыны анық. Маңайдағы үйлердің тұрғындары мен кәсіпкерлері облыс әкімінің атсалысып, түсіністікпен қарағаны үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, өңір басшысы шағын бизнестің мүмкін болатын мәселелерін де ескерді.- Мен шағын кәсіпкерлік экономиканың негізінің бірі және оны дамыту және қолдау қажет деген көзқарасты ұстанамын, - деді Ермек Көшербаев.🔴Халық үніне құлақ асуда автомобиль жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің құқы тең қаралуы керектігі де мәлім. Ал ондай жағдайда қолайлылықтан гөрі, тұрғындардың жүріп-тұру қауіпсіздігіне басымдылық берілетіні сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/880272
Көкшетауда реновация бағдарламасы басталды 16.11.2024
Облыс орталығында тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы басталды. Реновацияның алғашқы учаскесі ретінде көп ескі үйлер шоғырланған Уәлиханов – Гоголь, Саин – Быковский көшелері арасындағы шаршы аумақ таңдалды. Жыл ішінде бұзылып жатқан алты 8 пәтерлі үйдің орнына заманауи тұрғын үй кешені салынады.«Реновация жаңа әлеуметтік нысандарды, абаттандырылған аумақтарды, жасыл аулаларды, жаңа қалалық ортаны құруға мүмкіндік береді, яғни жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және оларға инженерлік желілер салу арқылы облыс орталығының архитектуралық келбеті өзгеріп, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Бұл учаскеде 75 ескі үйді сүру және жаңа тұрғын үй кешендерін салып, қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарлануда. Бастапқы кезеңде 234 пәтерлі екі тұрғын үй салынады. Жұмыстарды аяқтау келесі жылдың күзіне жоспарланған. Бұл үйлерде әлеуметтік осал топтарға арналған пәтерлер де сатып алынатын болады.Реновация бағдарламасын тиімді іске асыру үшін «СПК Көкше» жанынан басқарушы ұйым құрылды. Мердігерлік ұйымдар конкурстық негізде анықталады.Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышевтың айтуынша, тұрғын үй қорын құруға облыстық бюджеттен 700 млн теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 6 үйдегі 48 пәтер сатып алынып, тұрғындар өз таңдауы бойынша ақшалай қаражат немесе сәйкес алаңда пәтер алды.Айта кету керек, бұл тұрғын үй қоры келешекте реновацияға түсетін басқа учаскелердегі тұрғындарды көшіру үшін қайта инвестицияланады.Жалпы қала бойынша ескі үйлер орналасқан 11 жергілікті аймақты жаңғырту жоспарланған. Барлығы шамамен 800 жеке және көпқабатты үйлер сүріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/880267
ШҚО Күршім ауданында 30 жылдан кейін “Қазпошта” жылыту қазандығы қайта жұмысын бастады 16.11.2024
Отыз жылдан астам уақыт бойы жұмысын тоқтатып тұрған “Қазпошта” жылыту қазандығы қайта іске қосылды. Биылғы жылыту маусымында толыққанды жұмысын бастау үшін қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жаңғырту шараларының арқасында бірнеше әлеуметтік және тұрғын үй ғимараттары қазандықтың жылуына қосылды.Қазіргі таңда №4 Куршім орта мектебі, Духович көшесіндегі №18 үй, Б. Момышұлы көшесіндегі №18,20 көппәтерлі үйлері осы қазандықтан жылу алады. Бұл бастама өңірдегі тұрғындар мен мектеп оқушылары үшін үлкен қолайлы жағдай жасап, қысқы маусымда мекемелер мен тұрғын үйлерде жылы әрі жайлы ортаны қамтамасыз етеді.- Отыз жыл бойы тоқтап тұрған қазандықтың іске қосылуы біз үшін қуанышты жағдай болды. Енді үйімізде тұрақты және ыңғайлы жылу бар,-деп қуанышымен бөлісті аудан тұрғыны.Айта кету керек өткен жылы алғашқы қадам ретінде №1 жылыту қазандығы жөндеуден өткізіліп, екі көпқабатты тұрғын үй мен «Күршім» балабақшасы орталықтандырылған жылытуға қосылған болатын.Жылу қазандығын жаңғырту аудан тұрғындарына арналған тұрмыстық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ аймақтың дамуына қосымша серпін береді деп күтүлуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/880270
Шығыс Қазақстан облысында әкімдер форумы өтті 16.11.2024
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Халықпен бірге!»барлық деңгейдегі әкімдерінің өңірлік форумына қатысты.Шара барысында «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» партиялық жобаларын жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Жиналғандар ауылдарға қатысты мәселелерді айтып, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды белгіледі.Өңір басшысы Ермек Көшербаев мұндай форумдарды өткізүдің басты мәселесі – халықтың өмір сүру сапасын арттыру екенін атап өтті.- Әкімдер берген қаржыны игеріп отыратын кісі емес, іскер болуы тиіс. Қазір бізде қалай? Ақша бөлінеді, оны игереді, артынан мақтанып есеп береді. Халықпен тығыз байланыс орнатып, мәселелерін шешу керек. Ауылдарда шағын болса да, өндірістер ашуға көмек көрсетіңдер. Бұл нағыз іскер әкім екендіктерінді көрсетеді. Мемлекет басшысы біздің алдымызда халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша үлкен міндеттер қойды және біз оларды орындауымыз керек, -деді облыс әкімі.Форумға AMANAT партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық мәслихаттың төрағасы мен депутаттары, басқармалардың басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.AMANAT партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев өз сөзінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, халықтың нақты мәселелерін шешуге бағытталған партиялық жобалар туралы айтты.Форумның екінші бөлігі семинар-тренингпен жалғасты. Онда әкімдер заңнамадағы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/880271
ТЖ Вице-министрі ВКО-ның су тасқыны қауіпті аудандарын тексерді 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Кеген Тұрсынбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының су тасқынына қауіпті аймақтарына барды. Сапардың негізгі мақсаты — гидротехникалық құрылыстардың жағдайымен танысу және өңірдің көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау болды.«Су тасқыны маусымы — бұл мүмкін болатын төтенше жағдайларға алдын ала дайындалу маңызды уақыт. Біз гидротехникалық объектілердің жағдайына ерекше назар аударып, жергілікті билік органдарымен бірлесіп су басу қаупін азайту және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс атқарып жатырмыз», — деп атап өтті Кеген Тұрсынбаев.Сондай-ақ, вице-министр жергілікті әкімдермен кездесіп, су тасқынын алдын алу шараларын талқылады. Ол өңірдің көлік бағыттары бойында қыста ашылатын жылытушы пункттерде болып, олардың жұмыс жағдайымен танысты. Бұл пунктер төтенше жағдайлар кезінде суықтан паналауға, медициналық көмек көрсетуге және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге арналған.Вице-министр Шығыс Қазақстанда орналасқан өрт сөндіру бөлімдері мен ТЖ қызметінің бөлімшелерін де аралап, материалдық-техникалық базаның жағдайымен танысты. Ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелерін жаңа техникалармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті. Жаңа техника өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару қызметтеріне жеткізілуде, бұл алғашқы оң нәтижелерін бере бастады. «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін техника мен құрал-жабдықтарды жаңарту — төтенше жағдайларға жедел және тиімді әрекет ету деңгейін көтерудің маңызды қадамы», — деп қосты вице-министр.Сапар соңында Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін жетілдіру жөнінде бірнеше тапсырмалар беріп, облыста төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін одан әрі нығайту міндеттерін қойды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/880268
Әділет министрі Азамат Есқараев көрнекті заңгер Исидор Борчашвилиді мерейтойымен құттықтады 16.11.2024
Исидор Борчашвили – заң ғылымы мен еліміздің заң шығару жүйесін дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ардагер биыл 70 жасқа толып отыр.Әділет министрі Азамат Есқараев және министрлік ұжымы Исидор Борчашвилиге атқарған қызметі үшін құрметпен ризашылығын білдіре отырып, мықты денсаулық, отбасына бақ-береке, жаңа табыстар тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/880257
Әділет министрлігі мен «Apple» компаниясы контрафактіге қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтуде 16.11.2024
2024 жылғы 8 қарашада Әділет вице-министрі Б. Жақселекованың «Apple» Europe Ltd компаниясының өкілі Х. Смит ханыммен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың және контрафактілік өнімдермен күрестің өзекті мәселелерін талқылау болды.Ботагөз Жақселекова Әділет министрлігінің осы саладағы кешенді жұмысы, оның ішінде нарықтарды тұрақты тексеру және құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірлескен жобаны іске асыру туралы айтып берді. Вице-министр сонымен қатар тұтынушылар үшін ақпараттық науқандар жүргізудің және «Apple» компаниясы өнімдерінің түпнұсқалығын тексерудің тиімді құралдарын жасаудың маңыздылығын атап өтті.Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Африка елдеріндегі «Apple» компаниясының кеден органдарымен өзара іс-қимылы жөніндегі бағыттың басшысы Х. Смит ханым әділет органдарының контрафактіге қарсы күрестегі күш-жігерін жоғары бағалады. Ол аумақтық әділет органдарының қызметкерлеріне айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген мақсатты жұмыстары үшін алғысын білдіріп, мұндай шаралар құқық иелері мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға ықпал ететінін атап өтті.Сонымен қатар, Х. Смит ханым контрафактіні цифрлық ортада, атап айтқанда электрондық сауда алаңдарында тарату сияқты кейбір өзекті мәселелерді атап өтті. Ол осы салада бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтіп, «Apple» компаниясының басқа елдерде жинақтаған оң тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтты.Әділет министрлігі мен «Apple» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында құқық тәртібін нығайту және құқық иеленушілердің мүдделерін қорғау шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/880258
Абай облысының делегациясы Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесінде болды 16.11.2024
Татарстандағы Абай облысының мәдени күндері аясында Абай облысының делегациясы Татарстан республикасының Мемлекеттік кеңесінде болды. Сапар барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесі төрағасының орынбасары Марат Ахметовпен кездесті. Кездесуде екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды.«Қазан қаласына келгенімізге бірнеше күн болды. Бұл жолы үлкен делегациямен келдік. Жаңадан құрылған облыс болғандықтан барлық салада байланыс орнатуға дайынбыз. Біздің облыста өндіріс те, ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. Үлкен теміржол желісі салынып жатыр», — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.Бұл сапардың мақсаты – екі аймақ арасындағы байланысты, әріптестік қарым-қатынасты нығайту, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту.Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесі төрағасының орынбасары өз сөзінде Абай облысымен байланысты нығайтуға, алыс-берісті арттыруға мүдделі екенін атап өтті.«Сіздердің өңірдің транзиттік, логистикалық әлеуеті зор. Осы бағыттарда ынтымақтастық орнатқымыз келеді», — деді Марат Ахметов.Кездесу соңында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құрметті қонақтардың кітабына қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880254