Enbekshi QazaQ

Саясат

8-11 сынып оқушылары арасында «Адам өз құқықтарын не үшін білу керек?» тақырыбына арналған республикалық эссе байқауын өткізу туралы хабарландыру 16.11.2024
Байқау 10 желтоқсан – Халықаралық Адам құқықтары күніне орай жарияланады.Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын қалыптастыру.Байқау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, конкурсқа қатысушыларды алдын ала іріктеусіз, бір турмен өткізіледі.Байқау 2024 жылғы 8 қарашадан 29 қарашаға дейін өткізіледі.Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде 2024 жылғы 29 қарашаға дейін мына электронды мекенжай бойынша қабылданады: kanc@adilet.gov.kz.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.Байқау қорытындысы 2024 жылғы 5 желтоқсанда www.gov.kz сайтында жарияланады.Байқау туралы ереже қоса беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/879850
Көптен күткен нысан: Ақтөбе облысында жаңа медпункт пайдалануға берілді 16.11.2024
Жаңа нысан қазіргі заман талабына сай. Ауыл тұрғындарының қажетті медициналық көмек алуына барлық жағдай қаралған.Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққайың ауылындағы жаңа медициналық пункт Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жобаның құны – 237 млн.теңге.«Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында Мәртөк ауылында екі бірдей нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі бүгін ашылды. Сіздерге құтты болсын. Жаңа нысанның ашылуы біріншіден, медициналық көмекті қолжетімді етеді, екіншіден, жаңа жұмыс орны», - деп атап өтті нысанның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан.Жаңа ғимараттың ашылуына денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Тымпиев, Мәртөк ауданының әкімі М.Ысқақов та қатысты.Пункте әзірге бір медбике жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы 3 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Мұнда тәулігіне 20 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Күндізгі стационар және физиотерапия кабинеттері тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ, олар скринингтен өтіп, екпе ала алады. Бүгінде Аққайың ауылында 410 адам тұрады, басым бөлігі - аға буын өкілдері. 33 жылда заманауи әрі жаңа ғимаратқа қол жеткізген олар қуанып отыр. Ауыл тұрғындары медициналық көмекті ауылдық клуб ғимаратындағы арнайы бөлмеде алып келген.«Ем керек болса, 35 шақырым жерде орналасқан ауылдық клубқа барып жүрдік. Енді міне, үйіміздің қасынан ашылып жатыр. Қажет деген дәрі-дәрмегімізді оңай әрі уақытылы алатын болдық. Өте қуаныштымыз. Ғимаратты салуға атсалысқан барша азаматқа алғысымды білдіремін», - деп ауыл ақсақалы Сәрсенбай Ермағамбетов батасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/879770
Абай облысының делегациясы Қазан қаласындағы «Химград» инновациялық индустриялық паркінде болды 16.11.2024
Қазан қаласына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы инновациялық индустриялық парк – «Химград» технополисінде болды. Бұл заманауи индустриялық парк Қазанның солтүстік-батыс бөлігіндегі «Волга» федералды тас жолының кіре берісінде орналасқан. 131 гектар аумақты алып жатыр, ал ғимараттар мен құрылыстардың жалпы ауданы 500 мың шаршы метрден асады.«Химград» шағын көлемді химия, полимерлерді өңдеу, нанотехнологиялар, энергияны үнемдейтін технологиялар, ресурстарды үнемдеу, медициналық әзірлемелер сияқты инновациялық салаларда табысты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындарыментанымал.Осы көпсалалы қызметтің арқасында парк аймақтың экономикасы мен технологиялық дамуында маңызды рөл атқарады. Мұнда резиденттерге жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік мол.Сапар барысында Абай облысынан келген делегация технопарктегі озық технологияларды енгізу тәжірибесін зерделеді. Екі жақты ынтымақтастықты дамыту мен инновациялармен алмасудың болашағын талқылады. Делегация мүшелері Қазақстанда бизнес пен өнеркәсіптің тұрақты дамуы үшін осындай озық технологияларды интеграциялаудың маңызын атап өтті.«Химград» технопаркінің жұмысымен танысу екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға, Қазақстан мен Татарстан арасындағы технология және кәсіпкерлік саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879774
Сейфуллин даңғылы учаскесінде қозғалысты уақытша шектеу туралы 16.11.2024
8 қараша сағат 23:00-ден 10 қараша сағат 21:00-ге дейін Жансүгіров көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі съезд жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу Краснодар және Черноморская көшелеріндегі кәріз желілерін қалалық коллекторға қосуға қатысты.Бұл учаскеде кәріз тарату желілерін салу және су құбырын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар Қозыбаев, Рысқұлов, Тәтібеков көшелері және Райымбек даңғылы алаңдарын қамтиды. Жоба Жетісу ауданының 15 мың тұрғынының тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 58 көшеде 42,9 км су құбыры және 15,1 км кәріз желілерін салу қарастырылған.Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879753
Діни ағымдардың алдын алу: Астанада түсіндіру акциясы ұйымдастырылды 16.11.2024
Діндерді зерттеу орталығы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген акция Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарын орындау аясында өтті.«Аталған акция осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін бұл жобамыз «Аружан» сауда үйінде, «Астаналық базар» аумағында өткізіліп, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Бүгін «Хан шатыр» сауда орталығында өткізіп жатырмыз. Негізгі мақсат – салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, ел тарихы мен дін мәселелеріне қатысты викториналық сауалдар ұйымдастыру арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту.Бұдан бөлек, діни ағымдардан сақтану, олардың белгілері туралы бейнероликтер күні бойы көрсетілді. Сондай-ақ, волонтерлермен бірлесе отырып, үш мыңға жуық елордалыққа дін саласына қатысты арнайы ақпараттық буклеттерді үлестірдік. Осы іс-шараға белсенді атсалысқан волонтерлерді де марапаттайтын боламыз», - деді Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Нұрсұлтан Жаншин.Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акция келесі жылы да жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879701
«Атамекен» ҰКП-да АӨК дамытудың өзекті мәселелерін талқылады 16.11.2024
Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XII Съезі өтті, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 360-тан астам делегат және 180-ге жуық бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, жетекші даму институттарының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Қатысушылар қазақстандық бизнестің өзекті мәселелерін талқылады.Азат Сұлтанов аграрлық секторды мемлекеттік қолдау және АӨК дамыту шаралары туралы айтып берді.Фермерлер орташа өнімділігі 16 ц/га болатын 26,6 миллион тонна астық жинай алды.Қант қызылшасының рекордтық өнімі күтілуде, 1,2 млн.тоннадан астам. Жоғары рентабельді дақылдардың пайдасына егіс алқаптарын әртараптандыру сәтті жүргізілді, 1,2 млн.тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізілді, элиталық тұқымдардың үлесі 7,1% - дан 9,5% - ға дейін, ал ауыл шаруашылығы техникасымен жаңарту деңгейі 4,5% - дан 5,5% - ға дейін ұлғайтылды.Табыстың негізгі факторы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемінің 2023 жылмен салыстырғанда үш еседен астам ұлғаюы болды. Бұл коммерциялық қаражат пен қаржы құралдарын біріктіру, сондай-ақ ӘКК, АКК және ЕДБ қоса алғанда, әртүрлі арналар арқылы фермерлерге жылдық 5% жеңілдікпен несие беру арқылы мүмкін болды. Енгізілген кепілдік қарыз сомасының 85% - на дейін кепілмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз аграрийлер үшін қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік берді. «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы аясында отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 120 млрд.теңге бағытталды.«Келесі жылы Ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыру көлемін 900 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, оның алғашқы 100 млрд. теңгесі ағымдағы жылдың желтоқсан айында қолжетімді болады. Ауыл шаруашылығы техникасын жылына 8-10% - ға дейін жаңартудың нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне кемінде 200 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Мемлекеттік қолдау тетіктерін оңтайландыру шеңберінде кредиттердің сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудан кредиторларды, техника мен тыңайтқыштар өндірушілерді, сондай-ақ суармалы су жеткізушілерді субсидиялауға көшу жоспарлануда. Бұл ашықтықты арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады»,-деп атап өтті вице-министр.Су үнемдеу технологияларын енгізуге және АӨК-дегі қайта өңделген өнім үлесін 70% - ға дейін арттыруға ерекше назар аударылады.Осыған байланысты Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарын қабылдады. 5 жыл ішінде салаға 372 млрд. теңге бағытталады.Съезд барысында түрлі салалар мен өңірлердің кәсіпкерлерін толғандыратын аса өткір мәселелерге қатысты мәселелер айтылды. Іс-шарада Қазақстандағы іскерлік ахуалды жақсарту үшін бес басым шара ұсынылды. Олардың қатарында Салық заңнамасын оңайлату, ШОБ қолдау бағдарламасын іске қосу, Мемлекеттік сатып алулардағы ашықтықты арттыру, мемлекет пен бизнес арасындағы белсенді өзара іс-қимыл, сондай-ақ білім беруге Инвестициялар бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/879602
Алматы облысында жылына 3,5 мың тонна өнім өндіру қуатымен ет комбинаты салынуда 16.11.2024
Кеген ауданының Тасашы ауылында «Кеген МясоПром» ет өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның құны - 2,5 млрд теңге.Зауыт ірі және ұсақ малдың, сондай-ақ жылқы етін өңдейді, Алматы облысының тұрғындарын жоғары сапалы ет, шұжық және консервіленген өнімдермен қамтамасыз етеді.Жоба 2024 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Зауыттың өндірістік қуаты бір ауысымда 40 бас ірі қара, 150 бас ұсақ мал және 10 жылқыны союға есептелген.Шұжық цехының қуаты бір ауысымда 1,5 тонна шұжық өнімдерін, консерві зауытының қуаты 1 000 банка өнім шығаруға есептелген.Толық қуатына шыққаннан кейін ет комбинаты жылына 3 мың тоннаға дейін ет өңдейді және 331,5 тонна шұжық өнімдерін, 66 тонна ет консервісін шығарады.Кеген және Райымбек аудандарының тұрғындарынан мал нарықтық бағамен сатып алынады, ет комбинатын өз шикізатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін өздігінен азықтандыру алаңдарын ашу жоспарлануда.Жоба аймақтағы мал шаруашылығы саласының дамуын ынталандыруға және сапалы және арзан ет өнімдеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтарлықтай жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/879727
ТЖМ құтқарушылары студенттермен кездесу өткізді 16.11.2024
Спасатели МЧС провели встречу с молодежным крылом и преподавательским составом Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева в г. Астана.Целью встречи стала адаптация существующих обучающих материалов с учетом современных трендов и получение рекомендаций по их разработке. Новые подходы и идеи призваны привлечь представителей разных поколений и повысить «культуру безопасности» среди населения, ориентируясь на их предпочтения в восприятии информации.На встрече были продемонстрированы профилактические видеоролики и материалы Департамента по чрезвычайным ситуациям г. Астана. Представители молодежного блока предложили креативные идеи для их обновления и адаптации. Например, поддержана идея создания электронной памятки в формате комиксов для молодежи и концепции в стиле «ретро» для старшего поколения.Первым шагом совместной работы стала переработка обучающего ролика о действиях при пожаре. В съемках участвовали студенты, исполняя роли актеров и режиссеров. Результаты их работы будут продемонстрированы в ближайшее время. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879598
Қысқа дайындық: ТЖ вице-министрі ШҚО-ға барды 16.11.2024
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол Өскеменде орналасқан ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонында болып, құтқарушылар мен әскери қызметшілердің қызмет өткеру шарттарымен танысты. Ол құтқарушылар жұмыс істейтін жабдықтың техникалық жағдайына да баға беріп, жеке құраммен ағымдағы міндеттер мен мәселелер туралы сөйлесті.Сонымен қатар вице-министр Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов қатысты. Кездесу барысында өңірдің азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығына, жылыту маусымының өтуіне және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Су тасқынының алдын алуға және профилактикалық іс-шараларды уақтылы іске асыруға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.Вице-министр өңірдің қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін профилактикалық шараларды алдын ала орындаудың маңыздылығын айтып:«Алдын алу іс-шараларын алдын ала іске асыру төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Біз апатты күтпей, оның алдын алу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек. Азаматтардың қауіпсіздігі - біздің басты міндетіміз», - деп ол өз сөзінде атап өтті.Жұмыс сапары барысында вице-министр көктемгі су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығын бағалау үшін облыстың су тасқыны қаупі бар аудандарына да барады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879724
«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі»: Астанада танымал тұлғалар оқушылар мен студенттерге дәріс өткізіп жүр 16.11.2024
Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес, Астана қаласы Полиция департаменті, Білім басқармасы, сондай-ақ мәдениет және спорт саласының танымал тұлғалары оқушылар мен студенттерге дәріс оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елорда мектептерінде «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында дәріс өтіп жатыр.«Сіз әлі 18 жаста болмасаңыз да, өз әрекеттеріңіз үшін жауап бересіз. Бірқатар қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Кісі өлтіру, ауыр және орташа денсаулыққа зиян келтіру, зорлау, ұрлық, тонау, бопсалау, ауырлататын бұзақылық – осы қылмыстардың барлығында 14 жастан асқан жасөспірім бас бостандығынан айырылу жазасын алуы мүмкін. 16 жасқа толған адамдар қылмыстың барлық түрі бойынша, соның ішінде есірткі мен қарудың заңсыз айналымы мен оларды сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер құқық бұзушы кәмелет жасқа толмаған болса, онда оның ата-анасы жауап береді», - деді Нұра ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Асқаров.№101 орта мектепте өткен дәрісте тәрбие, отбасы құндылығы, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу бойынша қабылданған шаралар, балалар арасындағы суицид, түнгі уақытта жалғыз қыдыру, ойын-сауық орындарына бару, қылмыс жасау және басқа да заңсыз әрекеттердің салдары, әлеуметтік желілердегі құқықбұзушылықты насихаттайтын ақпараттардың жастардың дамуына кері әсер ететіні туралы және т.б. өзекті мәселелер қамтылды.«Егер сізді біреу қуатын болса немесе қорқытса, адамдар көп жерге бару керек. Егер көлікке күштеп отырғызса, өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудару үшін қатты айқайлаңыз. Бейтаныс адам интернетте қорлайтын хаттар жазса, дереу ата-анаңызға хабарлауыңыз керек, оның хаттарына жауап бермеңіз және SMS жібермеңіз. Дос сұрауын қабылдамас бұрын, олардың профилін қарап, кім екенін анықтауға тырысу керек. Есіңізде болсын: кейде адамдар өздерін басқа адам ретінде көрсетеді және олардың шынайы ақпарат беріп жатқанын білу қиын», - деді Нұра ауданы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы Мейрам Талғатұлы.Қолданыстағы заңдарға сәйкес, 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.«Бұл ретте бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру, зорлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау, ұрлау, тонау, бопсалау, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық және т.б.) жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады. Осы қылмыстарды жасағаны үшін санкциялар 5 жылдан 20 жылға дейінге мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге қатысты топтасып төбелесу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу нәтижелері бойынша бұл істер шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетініне назар аударғым келеді», - деді инспектор Мейрам ТалғатұлыДәрістің мақсаты - жастарға қателіктерден қалай аулақ болу керектігін түсіндіру.Спикерлердің айтуынша, оқушылар әрқашан ата-аналардан, психологтардан, мұғалімдерден, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ 111 нөмірі бойынша немесе мектептерде орналастырылған QR кодтары арқылы көмек пен қолдау сұрай алады.«Белгілі бір жағдайларда оқушылар немесе студенттер елеулі заң бұзушылықтар жасағаны үшін заң аясында оның ісі қаралады», - деді Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.Айта кетсек, мұндай іс-шара елорда мектептері мен ЖОО-да желтоқсан айына дейін өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879600
2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы 5,5% деңгейінде өспек 16.11.2024
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 104,1%-ға дейін өсті. Бұл туралы қалалық экономика басқармасы хабарлады.«Алматының жалпы өңірлік өнімі жылдың бірінші жартысында 3,5%-ға өсті (Қазақстан бойынша – 3,2%). Экономиканың өсу драйверлері – көлік (+21,6%) және құрылыс (+11%) салалары болды. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша азық-түлік өнеркәсібіндегі өсім қарқыны қалпына келуде. Тамақ өнімдері өндірісінің индексі 2024 жылдың қаңтар айындағы 84,6%-дан 89,3%-ға, ал сусындар өндірісі 56,9%-дан 91,3%-ға дейін өсті», - деді экономика басқармасы.Сондай-ақ, қыркүйек айында іскерлік белсенділік индексі 53,4%-ға дейін артты. Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде, ал 2025 жылы 6,4% деңгейінде болады деп болжанып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879626
Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді 16.11.2024
9-10 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілері қатысады.Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.Өнімнің жалпы көлемі 280 тонна құрайды, оның ішінде:* Ет өнімі – 40 тонна;* Жеміс-көкөніс өнімі – 120 тонна;* Сүт өнімі – 60 тонна;* Балық өнімдері – 5 тонна;* Өзге өнімдер – 55 тонна.Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.Құрметті көлік иелері!Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 8 қарашада сағат 20:00-ден 10 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879630
Жыл басынан Балқаш көліне 13,5 текше шақырым су жіберілді 16.11.2024
13,5 миллиардов кубометров воды направили в озеро Балхаш с начала года через реку Или из Капшагайского водохранилища.В результате средний уровень воды в озере достиг 341,60 м по Балтийской системе.Около 70% воды в озере Балхаш формируется за счет трансграничной реки Или. В этом году средний водный сток на гидропосту Добын на границе с Китаем составил 384 кубометра в секунду, что на 17% больше показателя прошлого года.Отметим, что Министерство водных ресурсов и ирригации разрабатывает проект межправительственного соглашения по распределению трансграничных рек между Казахстаном и Китаем. Основная цель соглашения — обеспечить поступление объема воды, который позволит поддерживать озеро Балхаш на оптимальном уровне.«Мы провели 28 заседаний по трансграничным рекам с Китаем, Россией и странами Центральной Азии. По итогам переговоров в этом году в Капшагайском водохранилище впервые за последние 10 лет собрали более 18 млрд кубических метров воды и наполнили на 100%»,— сообщил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/879539
«ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҮРІС-ТҰРЫС ЕРЕЖЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 16.11.2024
Күн суытқанда қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігі арта түседі. Азаматтарды қысқы кезеңге дайындау мақсатында 2024 жылдың 8 қарашасында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Instagram парақшасында «Қысқы кезеңдегі жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында тікелей эфир өтеді. Эфир қысқы кезеңдегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін, жарақаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға үйренгісі келетіндерге, сондай-ақ аяз, толассыз қар және басқа табиғи құбылыстармен байланысты қауіп-қатерлер жағдайында дұрыс әрекет ету жолдарын білгісі келетіндерге пайдалы болады.Эфирдің спикерлері:Дидар Кажкенов — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы.Динара Нұрғалиева — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.Сарапшылар эфир барысында:Қысқы кезеңде үйде және көшеде жарақат алуды және төтенше жағдайларды болдырмау жолдары туралы;Қар құрсауы жағдайында және мұзды жолдарда қауіпсіз көлік жүргізудің ережелері туралы;Автомобильді және үйді қыс жағдайына қалай дайындау керектігі туралы;Боран, қарлы дауыл немесе қар көшкіні сияқты төтенше жағдайлар кезінде не істеу қажет екендігі туралы;Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік туралы басқа да маңызды кеңестермен бөліседі. Эфир қатысушылары эфир барысында тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болады. Сұрақтарды эфир басталмай тұрып посттың астында қалдыруға болады. Қысқы кезеңде өзіңіз бен жақындарыңызды қалай қорғау керектігін білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Тікелей эфир 8 қараша күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Instagram парақшасында өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879570
Әділет министрлігінде Лаура Мерсалимованың төрағалығымен Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 16.11.2024
Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимованың төрағалығымен өткен кеңеске ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.Ведомствоаралық комиссия отырысының күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:1. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылықжасаған ҚР Цифрлық кодексінің жобасы бойыншаҚР Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру2. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылықжасаған Қазақстан Республикасы «ҚР кейбірзаңнамалық актілеріне цифрландыру саласындағы өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасыбойынша ҚР Үкімет қорытындысының жобасынқарастыру3. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылықжасаған «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша ҚР Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру4. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған «Топырақты қорғау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша ҚР Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру5. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылықжасаған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша ҚР Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру6. «ҚР кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының реттеушілік саясаттыңконсультативтік құжатын қарастыру7. «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» ҚР Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қарастыру8. «Қазақстан Республикасының Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1206 қаулысынаөзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкімет қаулысының жобасын қарастыру.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Лаура Мерсалимова заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін комиссия мүшелеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар тиімді заң шығару қызметін қамтамасыз ету үшін, алдағы уақытта осы бағытта белсенді жұмыс жалғастыру қажеттілігін атап өтті.Ведомствоаралық комиссия заңнамалық актілердің жобаларын талқылау бойынша тиімді жұмыстарды атқара отырып, елдің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде қызметтерін жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/879481
Абай облысында инклюзивті білім беру кабинеттері ашылды 16.11.2024
Облыстың мектептерінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің желісі кеңейтілді. Семей қаласының №45 және №19 мектептерінде, Бесқарағай ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы мектеп пен Аягөз ауданы №1 мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жаңа 4 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды. Облыс бойынша инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің саны артты. Кабинеттерде 400-ге жуық бала білім алады.Бұл кабинеттердің негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқу барысында психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету.Инклюзивті білім беру кабинеттерінің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Оқушылардың ұсақ моторикасын дамытуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған арнайы құралдар қойылған. Әр кабинеттің жұмыс орны оқушыларға ыңғайлы етіп ұйымдастырылған. Сабақ кестесіне сәйкес психологтар, арнайы педагогтер және әлеуметтік педагогтер оқушыларға білім беру үдерісінде көмек көрсетіп, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.Облыстың 18 мектебінде барлығы инклюзивті білім беру 18 кабинет жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879384
Абай облысының делегациясы Татарстандағы Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты 16.11.2024
Абай облысының делегациясы Қазақстан Республикасының Татарстан Республикасындағы Бас консулдығының Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырған салтанатты қабылдауға қатысты.Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов және басқа да делегация мүшелері қатысты. Қабылдауға екі аймақтан саясаткерлер, іскер, ғылыми және дипломатиялық топ өкілдері, сондай-ақ белгілі мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879378
«Jańa Dala / Vet Astana '2024» Ветеринариялық саланы дамыту перспективалары талқыланды 16.11.2024
«Jańa Dala / Vet Astana '2024» жем-шөп және ветеринария бойынша халықаралық көрме аясында Қазақстанда ветеринария саласы мен мал шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы ҚазбекТәшімов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, отандық даму институттарының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің сарапшылары қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушылар ветеринария мен мал шаруашылығының өзекті мәселелерін, елдегі эпизоотиялық жағдайды жақсарту перспективаларын, соның ішінде процестерді цифрландыруды, ветеринариялық қызметтердің сапасын арттыруды және саланың жаңа сын-тегеуріндеріне дайындықты талқылады.Эпизоотиялық әсерді қамтамасыз ету-елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен мал шаруашылығын дамытудың негізгі факторы. Осы мақсатта Ауылшаруашылығы министрлігі 23 аса қауіпті ауруға қарсы вакцинация және аурудың 25 түрі бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізуде.Процестерді толық цифрландыруды және жергілікті жерлердегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты және дамыған ветеринария жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және биофармацевтикалық сектордың дамуын ынталандыру мақсатында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ құрылды.Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе және 2023 жылмен салыстырғанда 28,5% - ға бруцеллез, сібір жарасы және пастереллез сияқты аурулардың таралуы төмендеді.Қазақстанның бес өңірінде африкалық жылқы обасы, классикалық шошқа обасы және аусыл бойынша мәртебе қалпына келтірілді, Ресейге, Қытайға, Түркияға және Беларуське ет экспортына шектеулер алынып тасталды.«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ветеринарияның негізгі ақпараттық жүйесі жануарлардың қозғалысын және союын, ет сапасын бақылау үшін жаңа модульдермен, сондай-ақ жануарларды квоталар мен әкетуді бақылау функцияларымен толықтырылды. Болашақта өнімді «өндіруші-қайта өңдеу – нарық – тұтынушы» қағидаты бойынша сәйкестендіру үшін импорттық – экспорттық операцияларды цифрландыру көзделіп отыр.Барлық процестерді реттеу ветеринариялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған өзгерістерде көрініс табатын болады. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді белсенді түрде ұлғайтуда, бұл экономикалық экспорттық әлеуетті қалыптастырады. Оны іске асыру үшін тұтынушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған халықаралық стандарттарды сақтау талап етіледі.Дөңгелек үстел ветеринария саласындағы білікті мамандар арасында тәжірибе алмасудың, одан әрі ынтымақтастықты талқылаудың және жем-шөп пен жем-шөп нарығын кеңейтудің маңызды платформасына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/879381
Әрбір үйдегі қауіпсіздік акциясы 16.11.2024
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізді, оның шеңберінде 139 улы газ датчигі орнатылды.Тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттайтын роллаптар қолданылады және өрт сөндіргіш костюмдерінде пеш макеттері мен плакаттарда жылыту пештерін дұрыс пайдалану көрсетіледі. Сондай-ақ, «Өрт қауіпсіздігін аялдамасы» ұйымдастырылған, онда әрбір тұрғын пен жолаушы QR-кодты сканерлеп, жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерімен таныса алады. Еріктілер жылыту жүйесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырадыТЖМ тұрғындарға жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.«Қауіпсіздік - біздің таңдауымыз!»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879338
Астанада қар күреуге жүздеген жол жұмысшы мен техникалар жұмылдырылды 16.11.2024
Қаланың коммуналдық қызметтері ауысымдық режимде тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.7 қарашада түнгі ауысымға қала көшелерін қардан тазартуға 200-ге жуық жол жұмысшы мен 300-ден астам арнайы техника шықты.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 8 қарашада Астанада көшпелі бұлт, қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879359