Enbekshi QazaQ

Саясат

Әділет министрлігі алаяқтардан сақ болуларыңызды ескертеді 16.11.2024
Әділет министрлігі алаяқтардан сақ болуларыңызды ескертедіҚұрметті Қазақстандықтар!WhatsApp мессенджері және өзгеде әлеуметтік желілер арқылы ел азаматтарына алаяқтар мүліктерінің бұғатталғаны туралы жалған хабарлама таратуда.Сіздерге мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (АИС ОИП https://aisoip.adilet.gov.kz/) кіріп жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы ақпаратты рас немесе жалғандығын тексеруді сұрайды.Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізілімі мен байланыс деректерін сіз келесі сілтемелерге өту арқылы http://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/about/structure/105/1?lang=kk, https://aisoip.adilet.gov.kz/forCitizens/departments тексеруге болады.Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді танымайтын бөтен тұлғаға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/878584
Әділет вице-министрі азаматтарды қабылдады 16.11.2024
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Даниель Ваисов қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдары мен арыз-шағымдарын тыңдады.Кездесу барысында азаматтар атқарушылық өндіріске қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар Астана қаласының тұрғыны жеке сот орындаушысының әрекетіне қатысты шағымын жеткізді.Даниель Ваисов Азаматтардың өтініштерін тыңдағаннан кейін қойылған сұрақтар бойынша түсініктеме беріп, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына оның ішінде осы өтініштер бойынша жеке сот орындаушысының іс-әрекетін тексеру туралы тиісті тапсырмалар берді.Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/878585
Ағзалардың зақымдануы және тыныс алу проблемалары: елордалық орталықта нашақорлықтың салдары туралы айтылды 16.11.2024
Есірткі қолдану – адам денсаулығына үлкен қиындықтар әкеледі. Астана қаласының психикалық денсаулық орталығында есірткінің қиындықтары туралы талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Есірткі қолданудың медициналық тұсы әртүрлі физикалық және психикалық салдарды қамтиды. Физикалық салдары ағзаның түрлі мүшелерінің зақымдануымен, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуымен, тыныс алу жүйесі мен ас қорыту жүйесінде мәселелер туындаумен, сондай-ақ түрлі инфекциялық аурулармен көрінуі мүмкін. Есірткі қолдану иммундық жүйенің бұзылуына, жалпы денсаулықтың нашарлауына және иммунитеттің әлсіреуіне әкеліп соғады.2024 жылдың 9 айында «Қалалық психикалық денсаулық орталығында» есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұрған адамдар саны 1,5%-ға азайған. 2024 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша есепте тұрғандар саны – 976, оның ішінде 3 жасөспірім бар, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14 адамға аз.Сонымен қатар, есірткіге тәуелділік бойынша алғаш рет есепке алынған адамдардың саны 41,3%-ға төмендеген. Биыл 51 адам есепке алынған, оның ішінде 27 адам – синтетикалық есірткі тұтынушылар. Барлығы 262 есірткіге тәуелді адам ерікті түрде тәулік бойы емдеу стационарында емделген.Есірткі қолданудың психикалық салдары да аз емес. Есірткінің әсері депрессия, мазасыздық, психоздар, оқуға және есте сақтауға қабілеттіліктің төмендеуі, сондай-ақ тәуелділіктің дамуына әкелуі мүмкін. Ұзақ уақыт бойы есірткі қолдану мидағы химиялық теңгерімді өзгертуі мүмкін, бұл ауыр психикалық бұзылуларға және тіпті өзін-өзі өлтіру туралы ойларға әкелуі мүмкін.«Қалалық психикалық денсаулық орталығы» Астана қаласында есірткі қолданудың қауіптері туралы ескерту жұмыстарын жүргізіп, есірткі қолданудың салдарымен бетпе-бет келген адамдарға көмек көрсетеді, сондай-ақ тәуелділікпен күресуге және зардап шеккендердің психикалық денсаулығын қалпына келтіруге көмектеседі. Халықтың есірткі тәуелділігінің медициналық салдары туралы хабардар болуы және мамандардың қолдауы есірткіге тәуелділік мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878501
Елордада белсенді зейнеткерлердің саны артып келеді 16.11.2024
Астанада құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, күнделікті уақытын пайдалы өткізіп жүр. Орталыққа 12 000-нан астам келеді, олардың 3 мыңнан астамы сауықтыру үйірмелерін таңдаған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Зейнеткерлердің басын біріктіретін бірегей орталықта жаттығу терапиясы, йога, «цигун» тыныс алу гимнастикасы, би, скандинавиялық жүріс, арт-терапия, еңбек терапия, ағылшын тілі, қазақ тілі, компьютерлік курстар, шахмат, тоғыз құмалақ, вокал үйірмелері жұмыс істейді.Мұнда келушілердің бірі – 84 жастағы Шолпан Сыздықова. Зейнеткер орталыққа келгелі өзіне уақыт тауып, денсаулығын күтіп жүргенін айтты.«Орталыққа соңғы екі жылдан бері тұрақты түрде келемін. Бұрын тізем, белім ауыратын. Осында келгелі ұйқым тынышталды, қан қысымы реттелді. Алғашында жаттығу терапиясы мен тоғызқұмлаққа барып жүрдім. Алайда бұл бір орында қозғалмай жасайтын іс болғандықтан, үйірмелерді ауыстырдым. Қазіргі кезде аптасына 3 күн келіп тұрамын», - деді Шолпан Сыздықова.Осы орталықта түрлі іс-шараға қатысып, замандастарымен бірге уақытын тиімді әрі пайдалы өткізетіндердің бірі – астаналық Әсемгүл Абатова.«Мен «Айкүне» гимнастикасына, ағылшын тілі курсына және тоғызқұмалақ үйірмесіне барамын. Маған өте ұнайды. Бұл денсаулықты жақсартуға, ой-өрісімізді дамытуға өте пайдалы. Орталықтың көпке тигізер пайдасы мол. Себебі мұнда келушілердің бір тобы сурет салса, енді біреулері би билейді. Бастысы әркім өзіне ұнаған іспен айналысып, көңілді жүреді. Шетелге шыққанда базалық деңгейде өзгелермен сөйлесу үшін міндетті түрде ағылшын тілін білгеніміз дұрыс қой. Сондықтан мен ағылшын тілі бойынша курсқа барып жүрмін. Сабақтар өте қызықты өтеді, оқытушымыз жаңа ақпаратты қарапайым тілде түсіндіреді. Мұнда біз бір-бірімізбен сөйлесуді үйреніп жатырмыз. Орталық қызметкерлері кез келген іс-шараны жоғары деңгейде өткізеді», - деп пікірмен бөлісті орталыққа келуші.Бүгінгі таңда Астанада 13 мыңнан астам зейнеткер осындай орталықтарға барып, қызмет алады.«Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» 2022 жылдың 1 қаңтарында ашылды. Еңбек демаласына шыққан зейнеткерлерге қызмет көрсету үшін қаланың 5 ауданында филиалдар жұмыс істейді. Орталықтың барлық қызметі тегін. Сондай-ақ мұнда келушілермен әлеуметтік қызметкер, психолог мамандар жұмыс істейді. Орталықта мәдени-бұқаралық іс-шаралар, концерттер, театрларға бару, елорданың тарихи орындарына экскурсиялар өткізіледі», - деді Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» үйлестіру және мониторинг бөлімінің басшысы Роза Маусымбаева.Астанадағы 5 ауданда орталықтың 5 филиалы бар. Олар Алматы ауданы бойынша Р.Қошқарбаев көшесі, 29/1-үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46-үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13-үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үйде және Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44-үйде орналасқан.«Орталықтың шебер әжелері 8-13 қыркүйек аралығында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Этноауылдағы көрмеге өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын қойған. Атап айтқанда, көрмеде шебер әжелер кимешектер, орамалдар мен шапандар, тақиялар, кілемшелер, көрпешелер, сөмкелер, алқалар, қуыршақтар, асық, торсық, тұмар сияқты кәдесыйлар мен т.б. ұлттық бұйым түрлерін ұсынды. Қолдан жасаған заттарын сатып, 500 мың теңге табыс тапты», - деді Роза Махметқызы.Қаладағы орталықтар дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.«Мұнда елордалық зейнеткерлер белсенді өмір салтын ұстанумен қатар бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Сондықтан келіңіздер, тегін үйірмелерге жазылыңыздар», - деді Роза Маусымбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878535
Ақмола оқушыларына арналған алғаш рет «Кіші Көшпенділер ойындары» өткізілді 16.11.2024
Мектеп басшылығының бастамасымен және білім бөлімінің қолдауымен Астрахан ауданы Петровка ауылының мектеп базасында Астрахан ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының 5 құрама командасы арасында «Кіші Көшпенділер ойындары» өтті. Аудандық ауқымдағы іс-шараны өткізуге Дүниежүзілік көшпенділер ойындары себеп болды.Мектеп әкімшілігі іс-шараны ұйымдастыруға үлкен жауапкершілікпен қарады. Ойындардың логотипі мен туы жасалды. Мұғалімдер мектепті ұлттық стильде безендірді. Таңертең қонақтар мен қатысушыларды көже-time және бауырсақ - party күтті.Жарыс «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес асық», «Арқан тарту», «Мас-рестлинг», «қой көтеру» сияқты 6 бағыт бойынша өтті.Сондай-ақ, «қазақша күрес», «гір көтеру», «садақ ату» спорт түрлерінен демонстрациялық қойылымдар көрсетілді.Іс-шараның құрметті қонақтары «Толағай» ұлттық спорт федерациясының өкілдері – PR-менеджер Әнуар Махметов-Петровка ауылының тумасы және әлем чемпионы және армлифтинг пен пауэрлифтинг бойынша рекордшы Арман Сүлейман болды, ол өзінің көрсеткен өнерімен оқушыларды жаңа спорттық жетістіктерге шабыттандырды.Рекордсменнің айтуынша, Қазақстанда «Кіші Көшпенділер ойындары» алғаш рет өткізілуде. Арман Сүлеймен болашақта олар жастар арасында ұлттық спорт түрлерін ілгерілетуге көмектеседі деген үмітін білдірді.«Біздің аудандық көшпенділердің шағын ойындарына қатыса отырып, бұрын білмеген қызықты байқауларды өз көзіммен көрдім. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көргеннен кейін менің садақ атуға деген қызығушылығым артты. Мен әкеммен садақ атуды үйрене бастадым. Бүгін ашылу салтанатында мен не үйренгенімді көрсеттім. Көшпенділердің бай мұрасын тереңірек түсініп, олардың батылдығы мен шеберлігін сезінуге мүмкіндік алдым», - деп бөлісті Петровка мектебінің 4 сынып оқушысы Дінмұхаммед Ардақұлы.Нәтижесінде командалық есепте Астрахан мектебінің көшпенділері чемпион атанып, Жалтырдан келген оқушылар екінші орын, Колутон жоғары сынып оқушыларының құрамасы үздік үштікке енді.«Ауданда ұлттық спорт түрлерімен барлық мектептер қамтылған. 40-тан астам үйірме жұмыс істейді. Бес асық, тоғызқұмалақ, асық атудан жарыстар үнемі өткізіліп тұрады. Мектеп оқушыларын спортпен жалпы қамту 91% құрайды», - деп атап өтті Астрахан білім бөлімінің басшысы Полина Барахоева.Айта кетейік, мектептің іс-шарасын жергілікті бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қолдады: «Петровка» ЖШС Виктор Ком, «Ищанов Д.К.» ШҚ басшысы Раймбек Ищанов, «Сайдаев Р.» ШҚ басшысы Рустам Сайдаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/878542
Жетісу облысының Сарқан ауданында үш бірдей әлеуметтік маңызды нысан іске қосылды 16.11.2024
Жетісу облысы Сарқан ауданының ауылдарында қатарынан үш әлеуметтік маңызы бар нысан іске қосылды. Шекаралас Аманбөктер ауылында 500-ден астам тұрғыны бар жаңа блокты-модульді медициналық пункт пен ауылдық әкімдік пайдалануға берілді. Дәл осындай медициналық пункт 600-ден астам адам тұратын Абай ауылында да ел игілігіне ұсынылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аманбөктер мен Абай ауылдарындағы 60-шы жылдары салынған бұрынғы екі медициналық пункт те қазіргі санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін.- Бүгінге дейін медициналық көмек 1965 жылы салынған ғимаратта көрсетіліп келді. Бұл біраз қолайсыздық туғызды. Енді қажетті жабдықтары бар, жаңа, заманауи медициналық мекемеде медициналық қызмет көрсетудің де сапасы артады. Ғимарат жылы, жарық, жайлы, мұнда жұмыс істеу де қолайлы, - деді денсаулық сақтау саласының ардагері, Аманбөктер ауылының тұрғыны Күлпаш Жантелова.1974 жылы салынған Аманбөктер ауылдық әкімдігі апатты жағдайда болған. Енді жаңа ғимарат барлық талаптарға сай келеді, мамандар үшін ыңғайлы жұмыс кабинеттері қарастырылған.Жаңа блокты-модульді медициналық пункт салтанатты түрде ашылған Абай ауылының тұрғындары да риза.- Тұрғындар ғана емес, біз де қуаныштымыз. Өйткені, материалдық база ескіргенде, оған қоса ғимарат санитарлық нормаларға сәйкес келмесе сапалы медициналық көмек көрсету де қиын. Енді, міне, жаңа медициналық пункт салынды. Мұнда алғашқы, жедел медициналық көмек көрсету, скрининг, вакцинация жүргізу, балалы әйелдерді тексеру, науқастарды орталық ауруханаға жіберу, патронаж ұйымдастыру жұмыстарына қажетті жағдай бар, - деді Абай ауылындағы медпункттің аға медбикесі Жамал Доланбаева.Жалпы өткен жылы Сарқан ауданында Ешкіөлмес, К. Қазыбаев және Бірлік ауылдарында 3 блокты-модульді медициналық пункт іске қосылған, сондай-ақ биыл Черкаск ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Қанат Байдрахымов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/878477
Бейбіт Исабаев азаматтар үшін жеке қабылдау өткізді 16.11.2024
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысына төрт азамат – Алакөл, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары келді. Олардың өтініштері жер мен тұрғын үй мәселелеріне, әлеуметтік көмек көрсетуге және денсаулық жағдайына қарай мүгедектік алуға қатысты болды.Қабылдау барысында айтылған Қаратал ауданының тұрғыны, кәсіпкер Зәуре Карипова мен Үштөбе қаласының орталық базары иесінің арасындағы жер дауын аудан әкімдігі облыстық прокуратурамен бірлесіп қарайтын болады.Денсаулық жағдайына байланысты Талдықорған тұрғыны Новрузовқа қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетілмек. Өтініш берушінің денсаулық жағдайын қайта тексеріп, заңнамада белгіленген тәртіппен мүгедектікті белгілеу мәселесі қаралады.Азамат Өрік Отыншинованың мәселесіне келетін болсақ, осы жылдың тамыз айында кезегіне қарай оған Үшарал қаласындағы жаңа үйден пәтер берілген. Бірақ өтініш беруші жалдау шартына қол қоймапты, өйткені ол ұлымен бірге тұратын болғандықтан, екі бөлмелі пәтер аламын деп сенген. Кезекке тұрған кезінде ұлы кәмелетке толғаны ескеріліп, оған бір бөлмелі пәтер берілді. Бұл ретте Үшарал қаласының тұрғынына болашақта тұрғын үй алаңын кеңейтуге өтініш беруге мүмкіндігі бар екені түсіндірілді.Жалпы қабылдау барысында барлық өтініш білдірушілерге қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсініктемелер беріліп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/878498
Астана мектептерінде ауа райының нашарлауына байланысты сабақтар қысқартылды 16.11.2024
Елорда мектептерінде 6 қараша күні желдің күшеюіне байланысты сабақтардың ұзақтығы қысқарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет», - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878358
Шалқар ауданындағы үш елді мекенге келер жылы көгілдір отын жеткізіледі 16.11.2024
Бүгінгі таңда Шалқар ауданында жалпы халық санының 88,4 % немесе 37,5 мың тұрғыны көгілдір отын пайдалануда.«Өткен жылдың соңында Айшуақ ауылдық округіне қарасты Есет ата ауылына газ беріліп, тұрғындар көгілдір отынның игілігін көріп бастады. Айта кететін бір жайт, осы жобаның мердігері ауданымыздағы Есет-Дәрібай кесенесіне демеушілікпен газ тартып берді. Қазіргі таңда Қопасор елді мекенін газдандыруға жобалық сметалық құжаттары мен сараптама қорытындысы дайын» - деді аудан әкімі Жанболат Жидеханов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.Ол сондай-ақ, биыл Бершүгір, Сарсай, Алабас ауылдарына газ тарту жұмыстары басталғанын атап өтті. Бұл жұмыстарға бюджеттен 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Жобалар 2025 жылы аяқталуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/878416
Астанада желдің ұйтқуы күшейеді: ТЖД азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды 16.11.2024
Астана қаласы ТЖД ауа райының қолайсыздығына байланысты жазатайым оқиға болмас үшін елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 6-7 қараша күндері қатты жел соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болады деп болжанып отыр.Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:- Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;- Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз;- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;- қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;- жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878300
Астанада мал шаруашылығы, ветеринария және жемшөп бойынша көрмелер басталды 16.11.2024
Қазақстандық мал шаруашылығы, ветеринария және жемшөп өндіру саласындағы мамандар Астанада Агробизнес пен өндірісті жүргізу үшін бүгінгі таңда ең үздік тауарлар мен қызметтерді таныстыру, сондай-ақ ұзаққа созылған проблемаларды талқылау және оларды шешу жолдарын табу үшін жиналды.«Jańa Dala / Vet Astana '2024» жем-шөп және ветеринария жөніндег іхалықаралық көрмеде, «Jańa Dala / FarmAstana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы барынша мүдделі аудиторияға бағдарланған жабдықтар, жем-шөп, ветеринариялық өнімдер, технологиялар ұсынылды.Көрмелердің мақсаты-қазақстандық мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарына тәжірибе және өндіріс технологияларымен алмасу платформасын қамтамасыз ету арқылы бизнесті тиімді жүргізуге жәрдемдесу.Алайда, көрмелерге қатысушылардың айтуынша, бүгінде бұл іс-шаралар тек қана демонстрациялық форматтан өтіп, еліміздің АӨК-дегі өзекті міндеттерді талқылау және шешу үшін пәрменді алаңға айналды.Көрмелердің ғылыми-пікірталас компоненті 50 – ге жуық түрлі іс-шаралармен тақырыптарды қамтиды-сүт шаруашылығы мен мал генетикасындағы инновациялық шешімдерден бастап, препараттар мен мал басын электрондық есепке алу жүйелерін практикалық қолдануға дейін.Көрмелер аясында өтетін конференцияларға, семинарларға ҚР АШМ өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, салалық қоғамдық бірлестіктер мен шетелдік ұйымдардың сарапшылары, отандық даму институттары қатысады.Осылайша, бірінші күні қатысушылар сүт-тауар фермаларының мысалында жануарлардың денсаулығы мәселелерін шешу тәжірибесін, сүт шаруашылығындағы инновациялық шешімдерді қарастырды.Ветеринария ғылымдарының PhD докторы, Zendal компаниялар тобының Ветеринария бойынша техникалық кеңесшісі Карлос Чипани Испанияның бруцеллезді толығымен жою тәжірибесі туралы айтты.Сондай-ақ, «ет жобасы: қайта жүктеу», «ет өнімдерін экспорттау перспективалары, экспорт жұмысындағы ағымдағы кедергілер» және т. б. сессиялар өтті.7 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің қатысуымен ветеринария саласына қатысты мәселелер талқыланып, үздік бұқа ұлттық байқауының қорытындысы шығарылады».Азық-түлік және ветеринариялық препараттар индустриясы қазақстандық өкілдерінің өтініші бойынша алғаш ретосы күндері «Jańa Dala / Pet Food '2024» үй жануарларына арналған тауарлар мен қызметтердің халықаралық көрмесі өткізіліп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/878261
Облыста табиғатты қорғау шаралары жүргізілуде 16.11.2024
Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған ауқымды рейдтер жүргізді. 2024 жылдың 3 қаңтарынан 30 қазанына дейінгі аралықты қамтитын тексеру нәтижесінде 106 заң бұзушылық фактісі анықталып, оның 10-ы қылмыстық іске ұласып, 7-уі сотқа жолданды, 89-ы әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылды.Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жасақ қызметкерлері балық инспекциясымен бірлесіп Алакөл көлінен 15 дана иесіз моножелілер және Зайсан көлінен Қытай өндірісінің 95 бірлік моножелісі табылып, өртеу жолымен жойылды. Іс-шара барысында «Тойота Хайлюкс» маркалы автокөлігі мен «Ямаха» маркалы қар шанасы тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.Заңсыз аңшылықтан келген жалпы шығын 3,2 миллион теңгені құраса, заңсыз балық аулаудан келген шығын 4 миллионнан астам теңге болған.Қардың қалың түсуіне байланысты жабайы жануарларды қыста азықтандыруға ерекше көңіл бөлінді. Инспекторлар популяцияны және аймақтың экожүйесін сақтау үшін жыл бойы жұмыс істейді.Осы кезеңде табиғатты қорғау полициясы, Абай облыстық ПД, прокуратура, аймақтағы инспекция қызметкерлері, Семей қаласының балық инспекциясы (ЗЕМБИРХ) қызметкерлері 536 бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/878244
Абай облысының делегациясы Қазан қаласына түрлі салаларда тәжірибе алмасуға барды 16.11.2024
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, аудан әкімдері, басқарма басшылары, «Kazakh Invest» компаниясының өңірдегі директоры Қайрат Асаинов, Семей халықаралық әуежайының директоры Ғазизбек Саматов, «Abai IT-Valley» жобасының амбассадоры Асхат Бейсембаев, «Автотранслайн ВК» ЖШС бас директоры Рамиль Нығматулин, сондай-ақ бизнес және мәдениет өкілдері бар.️Сапардың мақсаты – өңіраралық байланысты нығайту, технология, кәсіпкерлік, мәдениет саласында тәжірибе алмасу.Қазан — Ресейдің ірі көлік және өнеркәсіп орталығы, темір жол, авто және әуе жолдарының маңызды торабы. Сондай-ақ Еділ өзенінің негізгі порттарының бірі ретінде танымал. Қала машина құрастыруда, металл өңдеуде, ұшақ жасауда, химия, мұнай-химия, сондай-ақ жеңіл, тамақ өнеркәсібінде жетекші орын алады.Қазан — Ресейдегі ең ірі ғылыми-техникалық орталықтардың бірі. Қалада жоғары технологиялар саласындағы жетекші ресейлік технопарк IT-паркі, сондай-ақ Еуропадағы ең ірі технопарктердің бірі «Идея» орналасқан. Шаһарда 136 ғибадат орны, оның ішінде 70 мешіт, 45 православие шіркеуі және басқа да діни ғимараттар бар.Бұл сапар Абай облысы мен Татарстан арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетін іскерлік байланыстарды орнатуға, перспективалы идеялармен алмасуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/878252
2024 жылдың қыркүйек-қазан айларының қорытындысы бойынша жаңа егістіктің экспорты 48% -ға өсті 16.11.2024
Бүгінгі күні дәнді дақылдардың жалпы жинауы 26,6 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдарын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 56% -ға жоғары. Орташа өнімділік 16 ц/га.Жаңа егістіктің астығы экспортқа сатыла бастады: осы жылдың қыркүйек-қазан айларында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректері бойынша 1,8 млн тонна экспортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48% -ға көп (1,2 млн тонна).Мысалы, Өзбекстанға экспорт 738 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49% -ға көп; Тәжікстанға 298 мың тонна немесе өткен жылмен салыстырғанда 48% -ға көп жөнелтілді. Қытай, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан және басқа бағыттарды қоса алғанда, басқа бағыттар бойынша да оң динамика байқалады.Импортшы елдер қазіргі уақытта өздерінің астық қорларына ие екенін ескере отырып, астық экспортының көлемінің елеулі өсуі 2025 жылдың бірінші жартысында болжануда. Экспорттық бағыттарды әртараптандыру және өткізу нарықтарын кеңейту жұмысы жалғасуда.Әлеуметтік желілерде дәнді дақылдардың экспорттық жеткізілімдерінің азайғаны туралы бұрмаланған ақпарат таратылып жатқанына назар аударамыз, бұл нарықта дүрбелең туғызып, бағалардың демпингіне әкеледі.2024 жылғы егін жинау көлемі бойынша да, сапасы бойынша да 45% -ға жоғары екенін және бұл экспортқа шығару үшін жағдай жасайтынын хабарлаймыз.ҚР АШМ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерін форвардтық келісімшарттар мен тауарлық несиелермен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетеді. Мысалы, ағымдағы жылы 594 мың тонна дәнді сатып алу үшін 40 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарттар жасалды.Сонымен қатар, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа егіннің дәнін тікелей сатып алу мәселесін қарастырып, ұсақ шаруашылықтардан сатып алуды жүзеге асыру мәселесін пысықтауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/878234
Талдықорғанда "Digital Jetisu Forum" өтеді 16.11.2024
Digital Jetisu Forum — крупнейшее событие этой осени в Талдыкоргане, которое нельзя пропустить!Когда? 8 ноября, впервые в нашем городе!Где? Выставочный комплекс НПП «Атамекен», мкр. Бирлик, 2А.Во сколько? Начало в 10:00 ч.Вход? Бесплатно для всех желающих! На форуме выступят эксперты Google и топовые специалисты IT-компаний Казахстана, которые расскажут о самых важных трендах и технологиях будущего: Искусственный интеллект — как технологии меняют наш мир прямо сейчас. Кибербезопасность — защита данных в эпоху цифровизации. Smart City — будущее городов и как сделать их удобными для жизни. Big Data — как использовать данные для принятия важных решений.Событие будет интересно всем, от профессионалов до новичков, а также любопытным жителям Талдыкоргана, которые хотят узнать больше о мире цифровых технологий! Помимо лекций, вас ждут:• интерактивная выставка IT-разработок,• презентации новейших технологий Казахстана,• захватывающая битва стартапов, где молодые команды представят свои уникальные проекты и сразятся за призовой фонд.Форум станет точкой сбора для всех, кто хочет быть в курсе последних новинок и трендов в мире IT.Не упустите шанс стать частью цифрового будущего вместе с Digital Jetisu Forum! Организаторы: управление цифровых технологий области Жетісу и IT-хаб «Jetisu Digital»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/878193
iPhone 15Pro және 5 велосипед ойнатылады: елордада бұқаралық жүгіріс өтеді 16.11.2024
Астана қаласында 10 қараша күні Jeniske birge jugir бұқаралық жүгірісі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен өтетін спорттық іс-шара Ботаникалық саябақта өтеді.Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 08:30-10:00 аралығында өтеді. Ал іс-шара тиісінше сағат 10:00-де өтеді. Тіркелу тегін. Спорттық іс-шараға 1000 адамға дейін қатыса алады.Қатысушыларға финиш алаңында естелік медальдары беріледі.Ал ерекше айта кетерлігі, қатысушылар арасында iPhone 15Pro және 5 велосипед ойнатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878145
АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу: Астананың тәжірибесін Қарақалпақстан дәрігерлері дәрігерлері зерттейді 16.11.2024
Елордалық мамандардың АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша тәжірибесін зерделеу аясында қонақ ретінде Қарақалпақстаннан Республикалық ЖИТС орталығының дәрігерлері келді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Дөңгелек үстел барысында Қарақалпақстан Республикасы ДСМ Республикалық ЖИТС орталығы мен елордалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.«Біз қонақтарымыздың елордада АИТВ-инфекциясы бойынша іс-шараны ұйымдастыру және оны зерттеу бойынша қызығушылығын жоғары бағалаймыз. Біздің тәжірибеміз сіздерге АИТВ-инфекциясымен одан әрі күресуге көмектеседі деп үміттенеміз», – деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған жолдауында «Адамдар – еліміздің басты құндылығы» деп, ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды іске асыру қажеттігін атап өтті.Мұндай бағыттардың бірі – АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу.Жыл сайын қала тұрғындарының 25%-дан астамы АИТВ-ға тестілеуден өтеді, соның арқасында аурудың 80%-дан астамы бірінші және екінші кезеңде анықталады, бұл пациенттердің антиретровирустық терапияға қолжетімділігін айтарлықтай арттырады. Бұл туралы қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қанат Асқаров «ЮНЭЙДС-тің «95-95-95» көрсеткіштеріне қол жеткізу стратегиясы: АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу» дөңгелек үстелінде хабарлады.Бұл іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығы аясында өтті.Бүгінгі таңда Астанада АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін және өз мәртебесі туралы білетін адамдардың жалпы саны шамамен 2700 адамды құрайды.Анықталған жағдайлардың 60%-дан астамы 20-39 жас аралығындағы адамдарға тиесілі. Біздің елімізде АИТВ-инфекциясын тегін емдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878147
Құқық бұзушылықтың алдын алу: оқушыларға арналған дәрістер сериясы елордалық мектептерде өткізіледі 16.11.2024
Елордалық мектептерде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары аясында оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы дәрістер өткізіле бастады. Олардың бірі Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Бүгінгі іс-шара балалардың жалпы қауіпсіздігіне бағытталған. Сонымен қатар біз құқық бұзушылықтың алдын алу туралы айтатын боламыз, бұл бағытта мектептер аясында да, қала деңгейінде де үлкен жұмыс жүргізілуде.Мектептерге баратын және 8-11 сынып оқушыларымен әңгімелесетін 16 мобильді топ құрылды. Бұл топтарға Білім басқармасының, прокуратураның, полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ мәдениет және спорт қайраткерлері кіреді. Біз кесте жасадық және оған сәйкес Астананың барлық мектептері мен колледждеріне барамыз», - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.Сонымен қатар оқушыларға проблемалар туындаған жағдайда не істеу керектігі туралы кеңестер берілді.«Біздің мақсатымыз – қалай әрекет етуге болмайтыны туралы айтып қана қоймай, қамқорлық көрсету. Мәселе туындаған жағдайда мектеп оқушылары психологиялық көмек ала алатынын түсіндіреміз. Мысалы, егер құрдастарымен жанжал туындаса, қорқыту, мұғаліммен немесе ата-аналармен күрделі қарым-қатынас болса, үндемеуге болмайды, өз проблемаларыңыз туралы айту керек, ал сынып жетекшісі немесе мектеп психологы қолдау көрсетеді», - деп қосты Білім басқармасы басшысының орынбасары.Дәріс барысында оқушылар Қазақстан азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттерімен таныстырылды. Заңға құрметпен қарауға, құқықтық тәртіптің рөлін және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінуге ерекше назар аударылды.«Қазір біздің мектепте екі ауысымда 2079 бала оқиды. Біз мектеп жиналыстарын өткіземіз, ата-аналармен кездесулерде қауіпсіздік шаралары талқыланады. Мектептің ішкі ережелерінде біз баланың қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, кейбір өзгерістер енгіздік. Біз үшін әр оқушының қауіпсіздігі өте маңызды»,-деп атап өтті №90 мектеп-гимназиясының тәрбие жөніндегі меңгерушісі Жасұлан Маненов.Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуге, сондай-ақ заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге көмектесетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878151