Enbekshi QazaQ

Саясат

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» үздік жобаларына дауыс беру аяқталды 16.11.2024
2024 жылдың 22 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматы қаласын абаттандыру жобаларына онлайн дауыс беру өтті. Келесі кезеңде онлайн дауыс берудің қорытындысы шығарылады.Қаланың әрбір аудан әкімдігі қабылданған өтініштер мен әрбір жобаға дауыс берген азаматтардың санын көрсете отырып, дауыс беру нәтижелерін қалыптастырады және талдайды. Қорытындылау 2024 жылдың 7 қарашасына дейін жалғасады.Барлығы 163 582 дауыс берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Қала тұрғындары биылғы жылы келесі санаттар бойынша ең көп жобаларға дауыс берді- қоғамдық орындарда ересек тұрғындардың демалуы үшін беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, балалар және спорт алаңдарын орнату және жөндеу - 55 708 дауыс- аула аумақтарында және қоғамдық орындарда спорт және балалар алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру - 33 577 дауыс- қоғамдық аумақтарды құру, жөндеу және жарықтандыру – 32 898 дауысДауыс беруде келесі аудандар көш бастады: Медеу – 36 726 дауыс, Алмалы – 28 765 дауыс және Жетісу – 25 684 дауыс. Өткен жылы сайлаушылардың басым бөлігі Медеу ауданында дауыс берген.Алмалы ауданындағы тіркеу нөмірі 24102020003 бір жоба 1904 дауыс жинады. Төле би 160/24, Әуезов 32 және Бөгенбай батыр 255 үйлердің тұрғындары өз аулаларын су басумен күресуге жұмылдырылды. Бірлескен күш-жігердің арқасында жоба жасалып, схемалық эскизі сызылып, алдын ала сметасы есептелді. Тату көршілер өз бастамаларымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына белсене атсалысып, дауыс саны бойынша ауданның көшбасшысы атанды.Ең көп дауыс жинаған жобаларды аудан әкімдіктері 2025 жылы жүзеге асыратын болады.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша кеңес немесе ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty Қоғамдық қабылдауынан 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға болады.Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 18,8 млрд теңгеге (2023 жылы 12,9 млрд) дейін ұлғайтылды. Биылғы жылы аудан әкімдіктері 2023 жылғы дауыс беру жеңімпаздарының жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруда, бүгінгі таңда 261 жоба жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876631
Алматыда кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды 16.11.2024
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалдамалы пәтер бөлінді.Бұл баспананы жетім балалар, ардагерлер, 1 және 2 топ мүгедектері, толық емес және көпбалалы отбасылардың мүшелері, зейнеткерлер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар – барлығы 201 адам алды.Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды құттықтап, оларға техникалық мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.– Бұл мен үшін өте маңызды сәт. Мен жаңа, заманауи үйден пәтер алғаныма қуаныштымын. Баспананы 2013 жылдан бері күттім. Бұған дейін жекеменшік секторда үй жалдап тұратынмын. Үй алуға мүмкіндік беретін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға өте ризамын, – деп кезекте тұрғандардың бірі Зульфира Халиулова қуанышын бөлісті.Бірінші жартыжылдықта Наурызбай және Медеу аудандарында 1080 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды.Қараша айында тағы 920 алматылыққа кілт табысталып, олар Наурызбай ауданындағы жаңа пәтерлерге қоныстанады деп жоспарланып отыр.Бөлінген 2000 пәтердің 400-і жетім балаларға, 250-і ерекше қажеттілігі бар адамдар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және 1350-і басқа санаттарға (ардагерлер, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және т.б.) берілді.Сонымен қатар, биыл жұмыс істейтін алматылық жастар үшін 2100 жалдамалы пәтер берілді. Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жастарды қолдауға және жеке баспана сатып алуға ынталандыруға бағытталған.Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдау шартында ай сайынғы төлем мөлшері 7-ден 15 мың теңгеге дейін белгіленген, сатып алу құқығы мен жалдау мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұған қоса, жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үйді жалдаушылар үш жыл ішінде кейіннен екінші деңгейлі банктерден ипотека арқылы баспана сатып алу үшін депозитке қаражат жинауға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876636
Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алуға болмайтын ТК тізімі жаңартылды 16.11.2024
Ағымдағы күннің өзекті ақпараты бойынша тізім 36 тұрғын үй кешенінен тұрады, деп хабарлайды Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы.Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды.Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізген жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876717
Ойыл ауданының 6 ауылында спорт залдар жабдықталды 16.11.2024
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Батыр боламын» жобасы аясында Ойыл ауданы бойынша 6 спорт залдың ашылу салтанаты өтті.«Батыр боламын» жобасының мақсаты - балалар үшін спортқа қолжетімділік деңгейі төмен, шалғай жатқан елдімекендерде арнайы құрал-жабдықтары бар спорт залдар ашу. Бұл жолы игі шара Ойыл кәсіптік колледжі, Көптоғай, Сарбие, Қараой, Саралжың, Ақшатау ауылдарында орналасқан спорт залдардың ашылуымен жалғасты. Ауылдағы спорт нысандарына қажетті құрал-жабдықтардың жалпы сомасы 60 млн теңгенің жобасын құрайды. Залдарда бокс, күрес, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және тағы басқаспорт түрлеріне қажетті бұйымдар бар.«Біздің ауылымыз үшін үлкен мереке. «Батыр боламын» жобасы аясында ауылымызда спорт зал ашылып жатыр. Осындай кішкентай ауылдан еліміздің атын шығаратын чемпиондарды даярлауға мүмкіндіктер сыйлап жатқан жанашыр азаматтарға алғысымызды білдіреміз»,- деді Ақшатау орта мектебінің директоры Бекжан Қарасаев. Ауыл ақсақалдары жасөспірімдерге жасалып жатқан мүмкіндіктердің оңынан болуын тілеп, баталарын берді. Шара соңы ауыл жастарының тартысқа толы қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасын тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/876630
Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманатына» биыл бөлінген қаржыны игерді 16.11.2024
Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған «Ауыл аманаты» бірегей жобасы аясында Ақтөбе облысында 2700-ден астам кәсіпкер қолдау тауып, өз кәсібін ашты.Екі жыл ішінде өңірге жалпы сомасы 15 млрд теңгеден аса үш транш бөлінсе, бүгінде барлық сома толығымен игерілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласында 5,4 млрд. теңгеге 758 жоба іске асырылып, 22 417 бас мал сатып алынды. Тағы құс шаруашылығы бағыты бойынша 598 жоба - 2,4 млрд. теңгеге, өсімдік шаруашылығындағы 233 жоба - 1,2 млрд. теңгеге жүзеге асырылды.1 113 ШОБ нысаны ашылды, 71 бірлескен кооператив және 2 014 жұмыс орны құрылды.2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 93,3 млн. теңге мөлшерінде салық түсімдері түсті. Ауыл кәсіпкерлерінің дамуына қуатты серпін берген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Осы қараша айында 2,9 млрд теңге бөлінбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/876639
Абай облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады 16.11.2024
Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 105,3 пайызды құрады. Ең көп өсім құрылыста – 131,6%, өнеркәсіпте – 102,6%, ішкі саудада – 110,5%, ауыл шаруашылығында – 106,4% тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.237,1 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Орташа айлық жалақы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңгені құрады.Меншікті кірістер 126,5 пайызға өсіп, облыс бюджетіне 294,9 млрд теңге түсті. Семей қаласының бюджеті 114,7 млрд теңгені құрады.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрайтын 102 іс-шараны қамтиды. 2024 жылы 74 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған, оның 7-і аяқталды. 2028 жылға дейін 23 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптастырылды. Нәтижесінде 7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта 6 жоба жүзеге асырылып, 225 жұмыс орны ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876687
Абай облысында құрылыс қарқынды жүргізілуде 16.11.2024
«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2700 орындық 4 мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Биыл облыс орталығында «KAZ Minerals Management» ЖШС қаржысы есебінен 1200 орындық ІТ-мектеп ашылды. Балаларды қосымша біліммен қамту аясын кеңейту үшін көп салалы Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Осы жылдың тамыз айында IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі, ал қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Қаражыра» АҚ қаражатына салынған 300 орындық концерт залы пайдалануға берілді.2025 жылға дейінгі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста жалпы құны 14,8 млрд теңгені құрайтын 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 64 нысан биыл, біреуі 2025 жылы пайдалануға берілмек.Медициналық қызмет облыстың ауылдарында да кеңейіп келеді. Көкпекті және Үржар аудандарында диализ орталықтары ашылды. Жыл соңына дейін Ақсуат ауылында тағы біреуін ашу жоспарлануда. Жедел жәрдем ауруханасы жасанды қан айналым аппаратымен жабдықталған. Бұл қан айналымын толық тоқтатып, ашық тұрған жүрекке операция жасауға мүмкіндік берді.Биыл денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,8 млрд теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 100 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876698
Абай облысында бұқаралық спорт дамып келеді 16.11.2024
Биыл облыста тұрғындардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа мәдениет нысандары ашылды. Ауылдық жерлердежаңа алаңдар пайда болды. Жеті мәдениет нысанында жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Бесжылдық «Абай жолы кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бірінші басылым аясында 8 мың дана таралыммен 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы таралымы 10 мың дана болатын 20 автордың кітабын шығару жоспарлануда.Аймақта бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам адамды қамтитын 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Аягөз ауданындағы орталық стадион жөнделіп, Үржар ауданының Жанай ауылында спорт залының құрылысы жүргізілуде.Нысанды 2024 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.Сондай-ақ Бородулиха және Таскескен ауылдарында екі жаңа спорт нысаны ашылды. Курчатов қаласында үш жүзу бассейнінің, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Қалбатауауылында спорт модульдерінің және стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876714
Абай облысында бұқаралық спорт дамып келеді 16.11.2024
Биыл облыста тұрғындардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа мәдениет нысандары ашылды. Ауылдық жерлерде жаңа алаңдар пайда болды. Жеті мәдениет нысанында жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Бесжылдық «Абай жолы кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бірінші басылым аясында 8 мың дана таралыммен 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы таралымы 10 мың дана болатын 20 автордың кітабын шығару жоспарлануда.Аймақта бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам адамды қамтитын 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Аягөз ауданындағы орталық стадион жөнделіп, Үржар ауданының Жанай ауылында спорт залының құрылысы жүргізілуде.Нысанды 2024 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.Сондай-ақ Бородулиха және Таскескен ауылдарында екі жаңа спорт нысаны ашылды. Курчатов қаласында үш жүзу бассейнінің, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Қалбатау ауылында спорт модульдерінің және стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876734
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжат қабылдау жалғасып жатыр 16.11.2024
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау жалғасуда.Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.Байқау 10 номинация бойынша өтеді:«Әдебиет»,«Ғылым»,«Дизайн және бейнелеу өнері»,«Журналистика»,«Классикалық музыка»,«Креативті бастамалар»,«Спорт»,«Театр және кино»,«Эстрада»,«Халық шығармашылығы».Креативті бастамаларға – ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бағытында, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қайырымдылық, волонтерлік қызмет салаларындағы жастардың жетістіктері жатады.«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлерді мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.Жыл сайын сыйлықты табыстау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған. Содан бері аталған сыйлықты түрлі саладағы 340-тан астам азамат иеленді.Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжайда: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылдайды. Ал электронды нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады. Байланыс нөмірлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.Ережелермен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады:https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/721958?lang=kk ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/876583
«ТЕАТР АLL»: Астанада III Халықаралық театр фестивалі мәресіне жетті 16.11.2024
Астанада 28 қазан мен 3 қараша аралығында өткен Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясына арналған «ТЕАТР АLL» III Халықаралық театр фестивалі аяқталды. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана төрінде биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан халықаралық фестивальге Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның үздік театр ұжымдары қатысты.«Театрлардың қатысуымен өткен фестивальдің басты мақсаты – түркі дүниесінің мәдени кеңістігіне есімі танымал жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясындағы рухани құндылықтарды өскелең ұрпаққа дәріптеу, театрлар арасындағы шығармашылық әріптестікті нығайту болып саналды. Астана қаласының әкімдігі мен Мәдениет басқармасы, Музыкалық жас көрермен театрының ұйымдастыруымен, міне, осындай мақсаттарды арқау еткен, әр күн сайын көрермен назарына сағат 11.00 мен кешкі 19.00-де екі мәрте қойылымдар сахналанып, бір аптаға созылған Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті. Көрерменге шынайы театр атмосферасын сыйлаған фестивальдің жемісті де, табысты бір аптасы еліміздің мәдени кеңістігінде ерекше оқиғаға айналды»,- деді Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров.Оның айтуынша, театр фестивалінің шеңберінде шеберлік сабақтары мен шығармашылық кездесулер өткізілді. Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «Театр өнері және өнертану» факультеті студенттерінің Р.Мұқанова драматургиясы бойынша қойған өзіндік жұмыстарының көрсетілімдері, сонымен бірге Ұлттық кітапханада отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрайымы Әлия Бөпежанова мұндай фестиваль өнердің дамуына әсер ететінін атап өтті.«Фестивальдік қозғалыстар жалпы өнердің дамуына, бәсекелістік пен жаңа ізденістердің дамуына өте қатты әсер етеді. Осылайша, талай театр әртісі танылып, үлкен шығармалар дүниеге келеді. Роза замандасыма шығармашылық табыс тілеймін. Оның шығармалары театрларға азық болып, біздің руханиятымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді», - деді Әлия Бөпежанова.Көрерменді жазушы-драматург Роза Мұқанованың шығармашылығымен таныстыру, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту және театр өнеріне жаңа серпін беріп, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау бағытындағы фестивальдің қорытындысы мен жүлде қорына тоқтала кетейік:1. «Үздік қойылым» – «Фариза» драмасы (режиссері Фархад Молдағали) Түркістан музыкалық драма театры (1 000 000 теңге).2. «Үздік режиссура» – Арнис Кыдырмышев («Жесір» драмасы) Жамал Сейдакматова атындағы «Тунгуч» жастар театры (Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы) (1 000 000 теңге).3. «Үздік актерлік ансамбль» – «Қызжылаған» драмасы (режиссері - А.Максим), Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры (500 000 теңге).4. «Үздік ер адам бейнесі» – «Шатыр астындағы Мен» спектакліндегі Анти Шрек рөлі үшін Хазар Гянджали, Газах мемлекеттік драма театры (Әзербайжан Республикасы, Газах қаласы) (500 000 теңге).5. «Үздік әйел бейнесі» – «Бопай ханым» тарихи драмасындағы Бопай рөлі үшін Лейло Бекназар, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (500 000 теңге).6. «Үздік әйел бейнесі» – «Ешкім де кінәлі емес» спектакліндегі Асыл рөлі үшін Дина Заитова, C.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры (500 000 теңге).7. «Сахналық жаңа форма табудағы ізденістері үшін» – «Мәңгілік бала бейне» спектаклі (режиссері - Ә.Оспанбаева), А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры (300 000 теңге).8. «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» – «Мәңгілік бала бейне» спектакліндегі Депутат рөлі үшін Дархан Муслимов, Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры (300 000 теңге).9. «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» – «Қаралы сұлу» спектакліндегі Қызметші кемпір рөлі үшін Гүлжиян Шынтемір, Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры (300 000 теңге).10. «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» – «Мәңгілік бала бейне» спектакліндегі Қатира рөлі үшін Айжан Садықова, Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры (300 000 теңге).Бұл фестивальдің әр номинациясы бойынша жеңімпаздарды Қазақстан мен ТМД елдерінің театр сыншылары және драматургтерінен тұратын қазылар алқасы мен сарапшылар анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/876474
Алматыдағы Бостандық ауданында 48 жыл бұрын пайдалануға енгізілген құбыржол ауыстырылды 16.11.2024
Алматыда Қожанов көшесінің бойымен Радостовец көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін және Есқараев көшесінің бойымен Розыбакиев көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін төселген құбыржолды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы жаңғыртылған учаскенің ұзақтығы 1 097,5 метрді құрады.Ауыстырылған құбыржол 1976 жылы пайдалануға енгізілді және қазіргі уақытта 19 көппәтерлі тұрғын үйлерді, 2 балабақшаны және басқа да 39 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр, сондай-ақ ыстық су берудің үлестірілуін қамтамасыз етеді және «Орбита» мен «Южный» қазандықтарын бір-бірімен байланыстырады.Жалпы, ағымдағы жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 20 км жылу желілері жаңғыртылды. Жыл сайын жаңғырту жылытуаралық кезең ішінде жүргізіледі, биылғы жылы мұндай жұмыстар Алматының 6 ауданында іске асырылды. Жылумен жабдықтау желілері жаңғыртылған учаскелерді абаттандыру ауа-райы жағдайларын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілуде.Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнада @AlmatyJoly, аудандық әкімдер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876504
Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді 16.11.2024
Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Бұл туралы журналистермен кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов мәлімдеді.Облыста 2,8 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен суарылады. Биыл Өскемен қаласында жаңбырлатып суару қондырғыларын дайындайтын мекеме ашылды. Кәсіпорын өнімдерінің алғашқы үлгілері Ұлан ауданының 185 га жеріне орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 400 гектардан астам егіс алқабына су үнемдеу жүйелерін орнату жоспарланып отыр.Еске салсақ, Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамтып, жылына 2,2 текше шақырымға дейін су үнемдеуге ниетті.«Шығыс Қазақстан облысында суару кезеңі сәтті өтті, бұл жақсы өнім жинауға мүмкіндік берді. Филиал 9,2 мың гектар жерді суару үшін шаруаларға 36,7 млн текше метр су берді. Вегетацияға дайындық аясында жалпы ұзындығы 18 шақырым болатын канал механикалық әдіспен тазартылды, гидробекеттерді жөндеу және оларды аттестаттау жұмысы жүргізілді»- деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/876416
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар шолу 16.11.2024
28.10.АСТАНАҚазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді. Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.МАҢЫЗДЫ: Министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Бұдан бөлек, Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.29.10.АСТАНАҚазақстан мен Испания су инфрақұрылымын салу және маман даярлау бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын. Нұржан Нұржігітов Испанияның 1000–нан астам құрылыс компанияларын біріктіретін Испан өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті.НӘТИЖЕСІНДЕ: Өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, испандық құрылыс компаниялары Қазақстанның су шаруашылығы нысандарында жұмыс істеуге ниетті. Сонымен қатар, сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.01.11.АСТАНАҚазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселелері бойынша келіссөз жүргізуде. Нұржан Нұржігітов ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті.ӨЗЕКТІ: Келіссөздер барысындағы басым бағыттың бірі - трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі. Ол үшін құрамына қос тараптың сарапшылары кіретін арнайы жұмыс тобы жасақталған. Басты мақсат - Іле-Балқаш бассейнін сумен тұрақты қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мен туризмді дамыту болып табылады.28.10.АСТАНАРеспублика күніне орай Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Қоғамдық кеңес құрылған күнінен бері Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген 13 нормативтік құқықтық актіге сараптамалық баға берді.30.10.АСТАНАЕліміздің су қоймалары су тасқыны кезеңіне дайындалуда. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі су қоймалары келесі жылғы суару маусымына су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Ал, солтүстік, батыс және шығыс облыстардың қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін жасалады.31.10.ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫЖетісу облысында 200 шақырымнан астам канал тазартылды. Бұдан бөлек, 22 гидротехникалық құрылыс пен 21 гидрометриялық бекет жөнделді.01.11.ШҚОШығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Облыста 2,8 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен суарылады.ЕСКЕ САЛСАҚ: Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамтып, жылына 2,2 текше шақырымға дейін су үнемдеуге ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/876418
Каспий теңізіне шамамен 17 миллиард текше метр су жіберілді 16.11.2024
Жыл басынан бері Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 16,7 миллиард текше метр су жіберілді.Толығырақ, Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны9,46 текше шақырымды құрайтын. Бірақ, биылғы жылы су көлемі орташа жылдық нормадан асып түсті.Айта кетейік, өзен ағыны Ресейдегі Ириклин су қоймасынан жіберілген су көлеміне байланысты қалыптасады.«Жыл басынан бері Министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінен келген әріптестерімен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша 28 кездесу өткізді. Су тасқыны кезеңінде су көлемін реттеу бойынша келіссөздер күшейтілген режимде жүргізілетін болады»,- деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/876433
ҚР АШМ: Жаңа егіннен алынған астықты сақтауға арналған элеваторлардың бос сыйымдылығы 7,6 млн тонн 16.11.2024
Бүгінгі таңда орташа өнімділігі 16 ц/га болған жағдайда, 26,6 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды.Республикадағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30 миллион тоннаны құрайды, бұл ағымдағы жылдың астығын сақтауға қажеттілікті толығымен қанағаттандырады.Лицензияланған астық сақтау қоймаларын пайдалану коэффициенті 42%, бос көлемі 7,6 млн. Негізгі астықты аймақтарда бос қуат көрсеткіштері де тұрақты деңгейде:Қостанай облысы: 1,6 млн тонна бос көлем;Солтүстік Қазақстан облысы: 1,8 млн тонна бос көлем;Ақмола облысы: 2,5 млн тонна бос көлем.Министрлік астықты үздіксіз қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.Премьер-Министрдің орынбасары С.М.Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жедел штабта берілген тапсырмалар аясында бұрын пайдаланылмаған лифтілерді пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.Солтүстік Қазақстан облысында сыйымдылығы 74,6 мың тоннаны құрайтын «Ащыкөл элеваторы» ЖШС, Қостанай облысында «Олжа Денисовское 1» ЖШС-нің сыйымдылығы 173 мың тонналық элеваторы іске қосылды. Қазіргі уақытта астық қабылдау жүріп жатыр.Ағымдағы сақтау сыйымдылығы егін жинау мен сақтауды тиімді басқару үшін жеткілікті. Лифттердің жұмысы тұрақты бақылауда.Астық сақтауға немесе элеваторлардың жұмысына қатысты сұрақтарыңыз болса, ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласуыңыз керек:Қостанай облысы:- облыс әкімінің орынбасары Әбенов Арман +7 (7142) 575-010- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бекмұхамедов Ибрагим +7 (7142) 54-27-95Солтүстік Қазақстан облысы:- облыс әкімінің орынбасары Марат Тасмағанбетов +7 (7152) 46-46-84- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Токужинов Даурен +7 (7152) 53-36-20Ақмола облысы:- облыс әкімінің орынбасары Балпан Мұрат +7 (7162) 29-72-80- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әлімжанов Кеңеш + 7 (7162) 72-28-00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/876339
Ақмола облысы Жібек Жолы ауылының тұрғындары табиғи газға қол жеткізді 16.11.2024
Ақмола облысында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңір экономикасын қолдауға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғасуда. Мемлекет басшысының елді мекендерді газдандыру жөніндегі Жолдауын орындау аясында Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының тұрғындары табиғи газға қол жеткізді.Ірі елді мекенді газдандыру осы жылдың соңына дейін 2000-нан астам ауланы газбен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді, ал жалпы қамту 6000-ға жуық үй иесін құрайды. Жібек Жолы ауылындағы газ құбырының ұзындығы– шамамен 250 шақырым.Салтанатты іске қосу рәсімі облыс әкімі Марат Ахметжановтың, «QazaqGaz"ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өтті.«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға қойған басты міндет – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Бүгінде ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз еттік.Бұл біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Осы жылы өңірде 125 мың адамды қамти отырып, елді мекендерді газдандыру бойынша 12 жоба іске асырылуда», - деп атап өтті облыс әкімі.«Газға қосылу – бұл тұрғындар үшін тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, елді мекендерді орнықты дамытуға жасалған маңызды қадам. QazaqGaz ұлттық компаниясы үнеміэнергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің әр өңірінде өмір сүру сапасын арттыруүшін жұмыс істейді», - деп атап өтті Санжар Жаркешов.Алғашқы қосылған абоненттердің бірі Оразовтар отбасы болды.«Бұл біздің отбасымыз үшін өте қуанышты және көптен күткен оқиға. Біздің 5 немереміз бізбен бірге тұрады және біз олардың өмірін жайлы етуге тырысамыз»,– деп атап өтті отағасы Есіркепбай Оразов.Бұдан басқа, Аршалы ауданында азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына газ жабдықтарын қосу және орнату шығындарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Көмек мөлшері нақты шығындарға байланысты 100 АЕК (369 200 теңге) дейінгі соманы құрайды. Аршалы ауданының аумағында тіркелген және тұрақты тұратын тұрғын үй иелері бұл қаражатты ала алады.Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ауыл әкімдігінде сервистік орталық ашылды, онда тұрғындар газ қосуға, тұрғын үйді рәсімдеуге және әлеуметтік көмек алуға қажетті барлық көмек түрлерін ала алады. Оған қоса мұнда халық саны туралы деректерді өзектендіру және газдандыру шығындарын нақты есептеу үшін тіркеу шаралары жүргізіледі.Айта кетейік, 2022 жылы облыста магистральдік газ құбыры трассасының бойында орналасқан 16 елді мекен газдандырылды. Жобаны іске асыруға 8,9 миллиард теңге бөлінді. Алдағы уақытта Целиноград ауданын да газдандыру жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/876140
Аймақ басшысы Семейдегі инфрақұрылым нысандарының құрылысын тексерді 16.11.2024
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы бірқатар нысандарға барып, құрылыс барысын тексерді.Қазір «Қарағайлы» шағын ауданында блок-модульді пункт салынуда. Бұл нысан қаланың қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірін жылумен қамту жүйесін жақсартуға арналған. Қазір құрылыс алаңында қазандықтар, ауа өткізгіштер мен кәріздерді орнату жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ мұржа мен көмір сақтайтын қойманың іргетасын қалау жұмысы аяқталуда.Сондай-ақ аймақ басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылыс барысымен де танысты. Құрылысты 2024 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Ұлттық жоба аясында бой көтеріп жатқан құрылысқа озық технологиялар мен заманауи тәсіл қолданылуда.«Бұл жобаларды жүзеге асыру семейліктердің өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, қаланың жайлылығы пен қауіпсіздігін арттырады. Біз тұрғындар алдындағы міндетімізді орындап, құрылысты мерзімінде аяқтауымыз керек. Сондықтан жұмыс қарқыны бәсеңдемеуі қажет. Қыс қыр астында», - деді облыс әкімі мердігерлерге.Құрылыс алаңындағы жұмыстарға байланысты әкім өзінің орынбасары Димитрий Гариков пен басқарма басшыларына қадағалауды босаңсытпауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876133
Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселелері бойынша келіссөз жүргізуде 16.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті. Тараптар екіжақты су ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Келіссөздер барысындағы басым бағыттың бірі - трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі. Ол үшін құрамына қос тараптың сарапшылары кіретін арнайы жұмыс тобы жасақталған. Басты мақсат - Іле-Балқаш бассейнін сумен тұрақты қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мен туризмді дамыту болып табылады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы уақытта ҚХР Су шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға ниетті.Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның су инфрақұрылымын бірлесіп жаңғырту және автоматтандыру, су үнемдеу технологияларын әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ Қытайда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.«Power China компаниясымен қазақстандық мамандарды Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келдік. Бүгін талқыланып жатқан бастамалар Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қарым–қатынасына жаңа серпін береді деп ойлаймын», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Өз кезегінде Чжан Сяо мырза Қытай тарапы Қазақстанмен су ынтымақтастығына үлкен мән беретінін және тәжірибе мен технология алмасуды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/875660
2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында 2,2 миллион тоннадан астам қазақстандық астық жөнелтілді 16.11.2024
2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында ішкі нарықтағы және экспортқа астық қозғалысының көлемі жақсы деңгейге жетті. 2,2 млн тоннадан астам астық өңделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға жоғары. Арпа экспорты әсіресе қарқынды дамып, тек Иран нарығына 150 мың тоннаға жетеді.Егін жинау науқаны аяқталып, түпкілікті егін көлемі нақтыланғаннан кейін астық нарығында айтарлықтай жандану байқалады.Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарда ілгерілету «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК АҚ басым бағыттарының бірі болып табылады.Осы бағытта шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты жандандыру және перспективалық нарықтарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» дәстүрлі нарық шеңберінен шығып, қазақстандық өнімді экспорттау географиясын кеңейту бойынша жұмысты күшейтті.Сонымен қатар, экспорттық жөнелтілімдерді шоғырландыру бағдарламасы осының негізгі буыны болып табылады. Бағдарламада шаруалардың астығын сатып алмай, толық көліктік қолдау көрсетілмей, фермерлер партиясын біріктіріп, тегін экспорттау қарастырылған. Валюталық кіріс тікелей шаруаға түседі.Бүгінгі таңда Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қатысуымен Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай импорттаушыларымен қазақстандық фермерлерден жалпы сомасы 19,5 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімшарттар жасалды.Пилоттық келісімшарт жасаудың оң тәжірибесін кеңейту жоспарлануда.Осыған байланысты мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің экспорттық операцияларына жан-жақты көмек көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/876147