Саясат
Астанадағы саябақта еріктілер ерекше акция өткізді 15.02.2025
Елордалық студенттер мен еріктілер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылып, қаладағы саябақтардың біріне құстарға арналған ұя ілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордалық Құрылыс-техникалық колледжінің студенттері «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе отырып, әл-Фараби мешітінің жанындағы саябаққа құс ұяларын ілді.Олар ұяларды өз қолымен дайындаған.«Құс ұялары фанерадан жасалды. Қатарластарыммен бірге шебер ұстазымыздың бақылауымен үш күнде жасап шықтық. Кәсіби шеберлігімді пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқаныма қуанамын», - дейді Астана Құрылыс-техникалық колледжінің 3-курс студенті Аллаберген Маратұлы.Акция биоәртүрлілікті сақтауға және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Қатысушылар ұялар құстардың жайлы әрі қауіпсіз тіршілігіне септігін тигізетініне сенімді.«Табиғатты аялау кішігірім әрекеттен басталады және осындай әрбір қадам экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі. Сіз де өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, біздің науқандарға атсалысыңыз», - деді «Астана жастары» МКҚК еріктісі Ерасыл Төленді қала тұрғындарына. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936801
Астанада жеңіл атлетикадан турнир өтеді 15.02.2025
Астанада 23 ақпан күні Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан жыл сайын өтетін INDOOR RUN ASTANA 2025 турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Турнирдің басты мақсаты – жеңіл атлетиканы насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу. Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енеді: 600 м, 1000 м, 1 миль, 2000 м, 3000 м жүгіру, аралас эстафеталық жүгіру және критериум жарысы. Турнирге еліміздің 10 аймағынан 25-тен астам жүгіру клубының 110-нан аса әуесқой спортшысы өтініш берді. Сондай-ақ, жарысқа Ресей Федерациясынан әуесқой спортшылар қатысады. Өткен жылдағыдай, зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандар да турнирде өнер көрсетеді. Ресми ашылу рәсімі – 09:30;Жарыстың басталуы – 09:50.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936581
Астанада «Мектепалды топ балаларын мектепке бейімдеу» тақырыбында қалалық семинар өтті 15.02.2025
Елордадағы К.Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде балабақша әдіскерлері мен бастауыш сынып бойынша мектеп директоры орынбасарларының қатысуымен «Мектепалды топ балаларын мектепке бейімдеу» тақырыбында қалалық семинар өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Жиында балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың дағдылары мен қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке бейімдеудің тиімді жолдары, балалардың жаңа ортаға үйреніп, сіңісіп кетуіне жағдай жасауға қатысты жұмыстарды жандандыру мәселелері қарастырылды.Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Балаларды ерте дамыту» институтының директоры Мария Ерманова мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен балабақшаға баратын балғындардың мектепке барар кездегі дағдыларды игеруі, оларды бақылау мен білім беру ұйымдарының арасындағы байланыс туралы баяндады.«Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілген. Оған сәйкес білімнің бірізділігін, сабақтастығы және үздіксіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Балаларды ерте дамыту» институты бірлесіп, іс-қимыл жоспарын жасадық. Тірек мектептері мен тірек балабақшалары анықталып, олардың арасында байланыс орнатылды. Мониторинг негізінде баланың жеке даму картасын жүргізуге назар аударылатын болды. Бізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасы бар, соның аясында жылына 3 рет бала тиісті дағдыларды қалай игеріп жатқанын анықтау мақсатында мониторинг жүргізіледі», - деді Мария Ерманова.Мамандардың айтуынша, балабақша мен мектептің арасындағы сабақтастық бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі мен мектеп бағдарламасын толық және сапалы игеруіне ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936600
Астана спортшылары Азия чемпионатында 5 алтын медаль жеңіп алды 15.02.2025
Бангкок (Таиланд) қаласында мектеп оқушылары арасында Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 18 Азия елінен 1500 спортшы қатысты. Бұл сында Қазақстан намысын қорғаған елордалық спортшылар бес бірдей алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бірінші жарыс күнінде елордалық спортшылар жоғары деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.Чемпионат қорытындысы бойынша елордалық спортшы Ханзада Нұрлыбекова жалпы есепте 2-орын алып, 259 ұпай жинап, «Үздік спортшы» кубогына ие болды.Елордалық спортшылардың нәтижелері:1-күнгі жарыс нәтижелері:1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (100 м шалқалай жүзу);2-орын – Арсен Амантай (200 м баттерфляй);3-орын – Луиза Огаз (50 м брасс).2-күнгі жарыс нәтижелері:1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (50 м шалқалай жүзу);2-орын – Ханзада Нұрлыбекова (100 м баттерфляй);3-орын – Ханзада Нұрлыбекова (200 м еркін стиль).2-орын – Луиза Огаз (200 м брасс);3-орын – Арсен Амантай (100 м баттерфляй);3-орын – 4×50 м еркін стиль эстафетасы (МИКС) – Мендіхан Шахмина, Луиза Огаз, Арсен Амантай.3-күнгі жарыс нәтижелері:1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (50 м баттерфляй);1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (50 м еркін стиль);2-орын – Ханзада Нұрлыбекова (200 м шалқалай жүзу);3-орын – Луиза Огаз (100 м брасс);3-орын – Мендіхан Шахмина (200 м шалқалай жүзу);1-орын – 4×50 м кешенді эстафета (МИКС) – Мендіхан Шахмина, Огаз Луиза, Амантай Арсен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936623
Астанада зейнеткерлер жұмысшыларға арнайы мерекелік концерт ұйымдастырды 15.02.2025
Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері жұмысшыларға мерекелік концерт қойып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. «Осы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Сол арқылы құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты және т.б. салаларда жұмыс істейтін азаматтарға көп көңіл бөлінеді. Соған орай біз де «Еңбек адамына құрмет» акциясын бастап жатырмыз», - деді Астана қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Нұра ауданы бөлімінің күміс волонтері Ләззат Өтеғұлова. Астаналық зейнеткерлер құрылысшыларға домбырамен ән салып, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, олар еңбек адамдарына сыйлықтарын табыстап, тәттілерін ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама жұмысшылардың еңбегінің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. «Мұнда көбіне патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ бүгінгі акцияға «AMANAT» партиясының Нұра ауданы бөлімінің «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері де атсалысты. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету», - деді Л.Өтеғұлова. Айта кетейік, еңбек адамдарын қолдауда маңызға ие осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936618
Риддердегі көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы: медициналық көмек сапасын жақсартуға бағытталған қадам 15.02.2025
Риддердегі медициналық кешен қала тұрғындарына ғана емес, көршілес елді мекен тұрғындарына да қызмет көрсететін көпсалалы емдеу мекемесіне айналады. Айта кетейік, аурухананың негізгі ғимараты мен педиатриялық бөлімше 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған.Бүгінгі таңда дайындық деңгейі емхана бойынша 70%-ды, стационар бойынша 30%-ды, ал тамақтану орны мен сыртқы желілер бойынша 90%-ды құрайды.2024 жылдың соңында құрылысты аяқтау үшін арнайы мемлекеттік қордан қаражат бөлінді. Аурухана құрылысын аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936428
Астанадан өткен түнде 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды 15.02.2025
Елордада тәулік бойы қар күреу жұмысы жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер күшейтілген ауысымдық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.12 ақпанда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2 668 жол жұмысшысы және 1 280 бірлік арнайы техника шықты.12 ақпанға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 819 рейспен 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап 456 466 ауыр жүк рейсімен қаладан 5,6 млн текше метрге жуық қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936230
Астаналық спортшы тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды 15.02.2025
Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында «элита» санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936254
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысы жүріп жатыр 15.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысы тұрақты түрде жүріп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т.б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам», - деген еді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды.Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып саналады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома550 млн. теңгені құрады.2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда.Негізгі өзгерістер:2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда;ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936288
Ақтөбе облысында оқушыларға кәсіби бағдар беруге арналған «Қадам Life» жобасы басталды 15.02.2025
Елімізде биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбеде қала мен облыс мектептерінің оқушыларын кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Қадам Life» жаңа жобасы басталды.Жобаның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтармен таныстыру, практикалық дағдыларын дамыту және мамандық таңдауда дұрыс шешім табуға көмектесу.Жоба бойынша колледж оқытушылары мектептерде түрлі мамандықтар бойынша көрсету сабақтарын өткізеді. Оқушылар колледждерде қолданылатын жабдықтар және оқу материалдарымен танысып, сондай-ақ түрлі салалардың тәжірибелі мамандары өткізетін шеберлік кластастар және кездесулерге қатыса алады.Бағдарламаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқушылар арасында алдын ала сауалнама жүргізіледі. Бұл ұйымдастырушыларға оқушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін түсінуге, сабақтардың мазмұнын олардың сұраныстарына бейімдеуге мүмкіндік береді.Ақтөбе облысы Білім басқармасының орынбасары Дина Жаманбаеваның айтуынша, «Қадам Life» жобасы мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытып, практикалық дағдыларды игеруге және мектептер мен колледждер арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Жоба 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша 250 мектеп пен 10 мыңға жуық оқушыны қамтиды. Сонымен қатар, облыстың шалғайдағы ауылдарында да кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.Бүгін қаламыздағы Жоғарғы политехникалық колледжінің оқытушылары №39 мектеп-лицей оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасын өткізді. Колледж негізінен техникалық мамандықтарды оқытуға басымдық береді, сондықтан оқушыларға түрлі техникалық құрал-жабдықтардың қолдану процесі көрсетілді. Оқушылар өздері қызықтыратын сауалдарға жауап алып, оқуға қабылдану жағдайлары туралы сұрап білді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/936405
Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ақмола облысында болды 15.02.2025
ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласының өрт сөндіру бөлімдеріне барды. Сапар аясында ол материалдық-техникалық базаның жай-күйімен, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қызметінің жағдайымен танысты. Өрт сөндіру бөлімдерін техникамен жабдықтауға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, 2-МӨСБ-де оған КАМАЗ шассиіне орнатылған бірегей ПНС-500 агрегаты көрсетілді. Бұл әдіс өрт пен су тасқыны жағдайында тиімді жұмыс істеуге арналған, секундына 500 литрге дейін су айдауды қамтамасыз етеді. Рамиль Камалов бұл қадамды жоғары бағалап, мұндай жабдық басқа бөлімшелер үшін үлгі бола алатынын атап өтті. Сапар барысында Камалов №1 және №10 өрт сөндіру бөлімдеріне барып, жеке құрамның техникалық жарақтандырылуымен және еңбек жағдайларымен танысты. Департаментте қызметкерлер үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға көп көңіл бөлінетінін атап өту маңызды, бұл туралы Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов айтып берді. Ол сондай-ақ жұмыс тиімділігін арттыру үшін қызметтерді орналастыруды оңтайландыру жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, Комитет төрағасы Жоспарлау және жедел басқару орталығына және ТЖ департаментіне барып, алдағы жұмыс бағыттары мен өңірдегі жедел өзара іс-қимыл мен құтқарушылар қызметін жақсарту мүмкіндіктерін талқылады. Рамиль Камалов материалдық-техникалық базаны жетілдіру және қызметкерлер үшін жағдайды жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттыруға айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/936250
Елімізде 32 мыңнан астам иісті газ датчигі орнатылды 15.02.2025
Қазақстан ТЖМ тұрақты негізде өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс жыл бойы жүргізілуде, ал жылыту маусымы кезінде бұл жұмыстың векторы тұрғын үй секторына бағытталады. Жылыту маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігіне тексерілген және тұрақты аулаларды аралау барысында қайта қаралатын халықтың әлеуметтік осал топтарының 100 мыңнан астам үйі ерекше бақылауда. Анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкессіздіктер міндетті түрде тұрғындарға жеткізіледі. Тексеру барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар пеш жабдықтары мен электр желілері мен аспаптарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу болып табылады: пештер мен мұржалардағы жарықшақтар, пеш алдындағы металл қабаттың болмауы, жанғыш конструкциялардан өртке қарсы бөлгіштердің болмауы, электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі, электр сымдардың оқшаулауының бұзылуы және т.б. Бұл бұзушылықтарды жою көбінесе үлкен шығындарды қажет етпейді. Жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 32 мыңнан астам иісті газ, табиғи газ және түтін датчигі орнатылды (2024 жылғы маусымнан бастап). Барлық жерде өткізілетін іс-шараларға қарамастан, қаңтар айында елде 760 өрт тіркелді, оның 580-і пештер мен электр жүйелерін орнату және пайдалану кезінде талаптардың бұзылуына байланысты болды. ТЖМ әркім өз үйін қауіпсіз ете алатынын еске салады! Ол үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:- тек жұмыс істейтін пештер мен электр құрылғыларың пайдаланыңыз;- пештердің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;- мұржаны күйеден уақытында тазалаңыз;- пеш пен электр құрылғыларының ақаулықтарын үнемі тексеріп отырыңыз;- балаларға пешті жағуға тапсырмаңыз;- сіріңке мен тұтандырғыштарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/936355
Алтынемел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өтті 15.02.2025
Жыл сайынғы қысқы санаққа Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром» РМҚК, Зоология институты, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы ұйымының өкілдері қатысты. Аталмыш жұмыстар ашық, желсіз күні жиырма есепшіден тұратын жеті топпен жүргізілді.Екі күндік жұмыстың нәтижесінде ұлттық парк аумағында 5,5 мыңға жуық қарақұйрық және 190-ға жуық арқар мекен ететіні анықталды. Ал, Алтынемелдегі құландар саны 3,6 басты құрады. Айта кету керек, бұл Қазақстандағы ең көп құлан популяциясы. Тұяқтылар санының тұрақты өсуі жануарларды басқа тарихи мекендеу орындарына қайта жіберуге мүмкіндік береді.Мәселен, былтыр 87 бас жануар "Алтын дала", "Іле-Балқаш" резерваттарына және "Созақ" орманшылығына аттандырылды.Естеріңізге сала кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты-еліміздің Қызыл кітабына енгізілген арқар, құлан және қарақұйрық популяциясын түгендеу.Дереккөз: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайты Алтын-Емел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/936184
ШҚО-да тыл еңбеккерін 100 жас мерейтойымен құттықтады 15.02.2025
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов тыл еңбеккері Анна Васильевна Андрееваны 100 жас мерейтойымен құттықтады. Қала басшысы мерейтой иесіне еліміздің дамуы мен тарихи негізін нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдірді. Анна Васильевна 1925 жылдың 10 ақпанында Алтай өлкесінің Чадырка ауылында дүниеге келген. Балалық және жастық шағы Жаңасібір облысының Поспелиха ауылында өтті. Еңбек жолын 17 жасында бастап, трактор зауытында күзетші болып жұмыс істеген. Оның ғұмыры еліміздің тарихымен тығыз байланысты. Жұбайы Екінші дүниежүзілік соғыста майданға аттанып, аман-есен оралған. Алайда 1992 жылы өмірден өтті. 1960 жылдан бастап отбасы Серебрянск қаласында тұрды. Еден жуушы болып жұмыс істеп, үш баланы тәрбиелеп өсірді. 1973 жылдың 15 маусымында «Коммунистік ерен еңбек екпіндісі» атағы берілді. Анна Васильевна 1998 жылдан бері Өскеменде тұрады. Бүгінде балалары мен немерелеріне тағылымды тәрбие беріп отыр. ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936196
Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады 15.02.2025
«Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам.», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды.Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома550 млн. теңгені құрады.2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда;ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936202
Алтай ауданында инвестициялық штаб құрылды 15.02.2025
Аудан әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша кеңес өткізді.Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын реттеу және тұрақтандыру үшін бірқатар шара жүзеге асырылатынын мәлімдеді.Атап айтқанда, ауылдық округтерден тікелей картоп жеткізілімін ұйымдастыру қолға алынбақ. Әр апта сайын төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Сондай-ақ Алтай қаласында әлеуметтік дүкендер ашылған.Депутаттар тауарлар құнын сақтау үшін фискалдық және құқық қорғау органдарын тарту арқылы мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.Сондай-ақ кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау нәтижелері белгілі болды.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936206
Жеке тәжірибемен бөлісу маңызды 15.02.2025
А.ж. 10 ақпанында террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі-ТТО) объектілерді терроризмге қарсы қорғауды (бұдан әрі-ТҚҚ) зерттеу кезінде алынған тәжірибені талқылау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық терроризмге қарсы комиссияларының жұмыс топтарының онлайн-кеңесі өткізілді.Іс-шара барысында:- орталық мемлекеттік органдар деңгейінде бекітілген ТТО объектілерді ТҚҚ бейінді нұсқаулықтарының негізгі айырмашылықтарының сипаттамалары;- құлақтандыру, бейнебақылау, сигнализация, кіруді бақылау және басқару жүйелеріне, терроризмге қарсы қорғау паспортына, ТТО объектілерін инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруды қаржыландыруды жоспарлауға қойылатын талаптар;- қолдан жасалған және штаттық жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- ТТО объектілердің басшылығы жүргізетін персоналмен теориялық және практикалық сабақтарды тексеру бойынша пратикалық ұсынымдар;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін ТТО объектілерді тізбеден алып тастау жөніндегі ұсыныстарды негіздей отырып, талдамалық анықтама жасау тәртібі туралы ақпарат берілді.Кеңеске қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936211
Ақтөбе облысында 160 мың га пайдаланылмаған жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда 15.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде суармалы жерлерді ұтымды пайдалану және ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселелері қаралды.Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Ержанов айтып өткендей, биыл мемлекет меншігіне 160 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерді қайтару жоспарланып отыр. Былтыр 219,063 мың га жер қайтарылды. Мұның есебінен облыстағы жайылымдық жерлердің көлемін кеңейту жоспарлануда. Қазіргі уақытта мал басының көбеюіне байланысты елдімекен жерлерінде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі 97,0 мың га құрайды.Сондай-ақ, 100 метрлік шекара белдеуінде орналасқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қолға алынған. Әйтеке би, Қобда, Хромтау және басқа да бірқатар ауданда учаскелерді ерікті түрде беру үшін шаруашылық құрылымдарымен келіссөздер жүргізілуде.Айта кету керек, жер учаскелері конкурс арқылы беріледі. Мысалы, 2024 жылы мемлекеттік сатып алулар арқылы жалпы ауданы 467,7 мың га құрайтын 376 учаске, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен коммерциялық мақсаттарға арналған учаскелер берілді. Бюджетке 161,1 млн теңге түсті.Бұдан өзге, өңірде 125 қалпына келтіру жобасы аясында 3 млн 903,1 га жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Топырақ құнарлылығын арттыру жөніндегі Жол картасына сәйкес биыл Мәртөк және Қобда аудандарында 7 мың гектар жерге геоботаникалық зерттеулер жүргізу жоспарланған.Асхат Шахаров аудандар мен облыс орталығының әкімдері суармалы жерлердің ұтымды пайдаланылуына жауапты екенін атап өтті.«Жер мәселесі өте маңызды және жауапты. Кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілері жер учаскелерін алу процесі нақты рәсіммен реттелетінін нақты түсінуі тиіс. Біз жерді мақсатсыз бере алмаймыз, ол үшін конкурстар мен аукциондар бар. Аудан әкімдері жергілікті жерлерде осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек, яғни тұрғындар қайда және қандай конкурстар өткізілетіні, сондай-ақ жер учаскелерін бөлу қалай жүргізілетіні туралы хабардар болуы қажет. Біз үшін ең алдымен көкөністерді, жем-шөптерді өсіру және мал шаруашылығына жайылымды қамтамасыз ету үшін жерді тиімді пайдалануға назар аудару маңызды. Сонымен қатар, жерді қалпына келтіру және оны мемлекеттік қорға қайтару жұмыстарын жалғастыру қажет. Жер бар, алайда біздің міндетіміз – оны барлық көзделген нормалар мен рәсімдерді сақтай отырып, мақсаты бойынша пайдалану», - деп атап өтті әкім жиын барысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/936098
Үкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылау үшін жұмыс топтарын аймақтарға жібереді 15.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің салық заңнамасына жаңа түзетулер ұсынылды.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін салалар бойынша саралаумен 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайту, арнаулы салық режимдерін реформалау, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-ның 30%-ын төлейтін. Енді олар төлемейтін болады.Бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қоғамдастықпен Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобының жұмысы басталады. Қазіргі уақытта топтар өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде бизнеспен кездесулер өткізуде. Жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулерді осы жылдың 20 ақпанына дейін Мәжіліске енгізу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/935853
Астанада су тасқынының алдын алу үшін қандай іс-шаралар орындалып жатыр 15.02.2025
2024 жылдың қыркүйегінде қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелері комиссиялық тексерілді, 18 учаске бойынша аудан әкімдеріне қажетті шараларды қабылдау туралы ұсынымдар берілді, яғни каналдарды тазалау және төсеу, арық-науа жүйесін орнату және т.б. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Қуаныш Тоқсарин мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Қаңтар айында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды, тұрғын үй секторының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт материалдарын тапсыра отырып, ықтимал қауіпті учаскелерде 51 рейд жүргізілді.Бүгінгі таңда коммуналдық қызметтер қала аумағынан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарды, 16,4 мыңнан астам метр арық-науа желісі, 10 522 метр коллекторлар, 573 дана жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды», - деді Қуаныш Тоқсарин.Спикердің айтуынша, су тасқыны құбылыстарына уақтылы ден қою мақсатында жеке құрамның 581 адамынан, 505 бірлік техникадан, 131 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылды.Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қалың қар еріген кезде сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді. Ведомство тез арада үйдің айналасын қардан тазартып, көшенің жол жиегіне қарай шығаруды ұсынады.Су тасқыны болған жағдайда дереу 109 iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына немесе 112 құтқару қызметіне хабарласу керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935896