Саясат
Шығыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл 14.02.2025
2025 жылғы 7 ақпанда ШҚО әкімі аппаратында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің өкілдері мен жобалау кеңсесінің басшысы Шолпан Жумадилованың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараның мақсаты — есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау және нашақорлықтың алдын алудың тиімді әдістемесін әзірлеу тәсілдерін талқылау.Кеңес барысында өңірдегі есірткі қауіпінің ағымдағы ахуалының негізгі аспектілері және күрестің тиімді алгоритмін әзірлеу үшін ықтимал бағыттар қаралды.Талқылау қорытындысы бойынша жобалық басқару шеңберінде нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы мәселені қарау ұсынылды. Жобаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бекiткен критерилер негiзiнде Жобалар картасын әзiрлеу, оның орындалуына жауапты адамдарды айқындау, бағалау параметрлерi мен есептiлiк нысандарын дайындау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/935535
Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша симуляциялық оқу-жаттығулары өткізілді 14.02.2025
Үкімет пен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді жүзеге асыру аясында, АШМ ВБжҚК 2025 жылға ветеринариялық қызметтің симуляциялық оқу-жаттығуларының жоспарын әзірледі.Осы жоспарға сәйкес, 18 аса қауіпті ауырулар ошақтарына қарсы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығулар жыл бойы жүргізіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның 16 облысындағы ветеринарлық бақылау бекеттерінде импорт, экспорт және транзит рәсімдерін жүргізу кезінде ветеринарлық бақылау бойынша симуляциялық оқу-жаттығулар жоспарланған.Осыған байланысты Түркістан облысында сібір жарасы бойынша оқу-жаттығулары өткізілді, оған 70 ветеринариялық қызметкер қатысып, 14-тен астам арнайы көлік бірлігі пайдаланылды. Оқу-жаттығулар барысында қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимыл, диагностика, ақпараттандыру, локализациялау, жою және инфекциялық аурудың алдын алу мәселелері пысықталды. Сондай-ақ, облыстық және аудандық ветеринариялық қызмет бөлімшелерінің төтенше жағдайдың салдарын жоюға дайындығы тексерілді.Оқу-жаттығуларға қатысушылар қолайсыз пункттің шекарасын белгілеуді, ауру ошағында жою іс-шараларын жүргізуді, тәуекел аймағында алдын алу іс-шараларын іске асыруды қоса алғанда, дала жұмысының дағдыларын көрсетті.Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұсыныстарына сәйкес сібір жарасы ошағы пайда болған жағдайда ветеринарлық қызметтің жедел әрекет етуге дайындығы расталды.Осындай оқу-жаттығулар Қазақстанның барлық өңірінде өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935415
2025 жылы жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектарды құрайды 14.02.2025
Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп алдағы егіс науқанына қызу дайындалуда. Биыл ауыл шаруашылығы жалпы өнімін екі есеге арттыру мақсатындағы Жол картасына сай, егіс алқаптарын әртараптандыру жалғасады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.«Ауыл шаруашылығы дақылдары 23,8 млн гектар жерге орналастырылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық. Әртараптандыру бағдарламасы шамамен 1 млн гектарды қамтиды, соның ішінде жоғары рентабельді дақылдардың алқабы 750 мың гектарға ұлғайтылады. Атап айтқанда, майлы дақылдар 365 мың гектарға, жем-шөп дақылдары 184 мың гектарға, арпа 114 мың гектарға, қарақұмық 41,5 мың гектарға, картоп 15 мың гектарға көбейтіледі», – деді министр.Тұрақты жем-шөп базасын қамтамасыз ету мақсатында жем-шөп дақылдарының алқабын 3,4 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Майлы дақылдардың көлемі 3,3 млн гектарға дейін ұлғайтылады. Жоспарланған алқаптар ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935419
1,3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егісті ерте қаржыландыруға өтінім берді 14.02.2025
Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.Алдағы ауылшаруашылық маусымына дайындық аясында 2024 жылдың қарашасында көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру басталды.«Несиелеу арналары кеңейтілді: алғаш рет егіс несиесін ӘКК арқылы алуға болады. 1,3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден егіс науқанын қаржыландыруға өтінімдер пулы 205,1 млрд теңгені құрады. 914 АШТӨ 126,3 млрд теңгеге қаржыландырылды», - деді министр.Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров 2025 жылы жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлу жоспарланғанын айтты. Қаржыландыру ағымдағы айда басталады.Облыс әкімдіктеріне қар ұстау және ылғалды жабу жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізуді, агротехникалық іс-шараларды уақтылы сақтауды және т.б. мәселелер тапсырылды.Көктемгі науқанды өткізу мәселесі ерекше бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935422
Егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді 14.02.2025
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әкімдіктердің жедел ақпараты бойынша ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы шамамен 75% құрайтынын атап өтті. Көктемгі егіс жұмыстарының басында бұл көрсеткіш 100% жетеді.Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктеріне техниканы жөндеу жұмыстарын күшейту және машина-трактор шеберханаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды.Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2024 жылы фермерлер 22 мың заманауи техника сатып алғаны атап өтілді. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі 5,5% құрады.«Бұл көктемгі егіс және егін жинау кезеңіндегі еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді. Ағымдағы жылы біздің алдымызда осы көрсеткішті 6,5%-ға жеткізу міндеті тұр, бұл, әрине, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді», - деді министр. Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 140 мың трактор, 5,5 мыңға жуық өнімділігі жоғары егіс кешендері, 76,4 мың сепкіш және 220 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Техниканың бұл саны фермерлерге барлық жұмыстарды оңтайлы мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді.Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін өңірлерге 401 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл 2024 жылғы деңгейден 6,5% - ға артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935442
2025 жылғы өнім үшін 2,3 млн тонна тұқым дайындалды 14.02.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, 2025 жылғы өнім үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2,3 млн тонна тұқым қажет, бүгінде бұл көлем толық қамтамасыз етілді. Алдын ала жүргізілген сараптама нәтижесінде 1,6 млн тонна тұқымның сапасы тексерілді. Тұқымды жаппай тексеру наурыз айының соңына дейін аяқталады.«Өткен жылы алғаш рет отандық тыңайтқыш өндірушілеріне аванстық субсидиялау тетігі енгізілді. Бұл механизм тыңайтқыштарды шаруалар үшін қолжетімді етті: нәтижесінде оларды енгізу деңгейі алғаш рет ғылыми негізделген қажеттіліктің 40%-дан асып, алдыңғы жылдары 21%-дан аспаған көрсеткіштен едәуір жоғары болды», – деді Айдарбек Сапаров.2025 жылы тыңайтқыш енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны немесе ғылыми негізделген қажеттіліктің 59%-ын құрайды. Қазіргі уақытта тыңайтқыш өндірушілер мен жеткізушілер келісімшарт жасасу және қоймаларда қор қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935470
Ақтөбеде жастарға арналған шығармашылық орталық салу жоспарлануда 14.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі креативті индустрияны дамыту мәселесі қаралды.Өңір басшысы жастардың өз тарапынан шығармашылық жолын дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Ол дизайн, сән, музыка, сәулет және басқа да салаларда жаңа өнімдер жасау мен қызметтер көрсету арқылы табыс таба алатын заманауи бағыттарды дамыту қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, Асхат Шахаров білім беру, мәдениет және стартаптарға мемлекеттік инвестициялар арқылы шығармашылық адамдарды қолдау маңызды екенін атады.Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисованың айтуынша, облыс креативті индустрияны белсенді дамытуда. 2023 жылы С.Жиенбаев атындағы кітапхана базасында шығармашылық орталығы ашылды, онда коммюнити спейс, IT-кабинеттер, дыбыс жазу студиялары және фото-аймақ бар. Бұл жастарға өз таланттарын тегін дамытуға және жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жастардың сұранысы бойынша С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Makerspace» орталығы құрылды, онда жасөспірімдер робототехника мен технологияны меңгере алады.Сонымен қатар, басқарма басшысы заңнамаға сәйкес креативті қызметтерді монетизациялау мүмкін болмай тұрғандығын атап, бұл осы бағытты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін шектейтіндігіне тоқталды. Бұл мәселе «Атамекен» ӨКП-да өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен қаралды және қазіргі уақытта осы мәселені шешудің мүмкін жолдарын іздеу жұмыстары жүргізілуде.«Әр ауданда шығармашылық идеяларды енгізу үшін платформалар құру қажет. Жобалар нәтиже беруі керек және жастардың оларды өз бетінше ұсынуы маңызды. Жобаларды әзірлеп, өз идеяларымен бөлісу үшін жетістікке жеткен ақтөбелік әншілерді, блогерлерді, әртістерді, журналистерді тартуға болады. Креативті индустрия жобалары сұранысқа ие және өңірді дамытуға бағытталуы тиіс», - деп толықтырды әкім.Айта кетейік, Ақтөбеде өңір басшысының тапсырмасымен жергілікті тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және қолдауға бағытталған жастарға арналған креативті орталық салу жоспарлануда. Орталықта контент жасауға арналған студиялар, шығармашылық кабинеттер және пікір алмасу аймақтары сияқты шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға арналған әртүрлі кеңістіктер болады деп күтілуде. Сондай-ақ, жоба аясында ғимараттың басқа қанатында облыстық планетарий салу жоспары бар. Қазіргі уақытта жобаны демеушілердің жеке қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесі шешілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/935301
Алматы комьюнити-орталықтары Отбасы банкпен бірлесіп, жастарға арналған қаржылық кеңес беру бағдарламасын іске қосты 14.02.2025
Алматы қаласындағы комьюнити-орталықтары Отбасы банкпен бірлесіп, жастарға арналған жеке қаржылық кеңес беру бағдарламасын бастады. Бұл бастама жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, өз қаражатын тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.Бағдарлама аясында қатысушылар қаржы саласындағы өзекті ақпараттарды алып, жеке бюджет жүргізудің негізгі қағидаларын меңгереді. Сарапшылар кірістер мен шығыстарды дұрыс басқару жолдарын түсіндіріп, жинақ жасау, несие алу, инвестиция салу туралы маңызды кеңестер береді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаржылық тұрақтылықты қалыптастыруға арналған практикалық ұсыныстар ала алады.Кеңес алуға комьюнити орталықтардың жұмыс кестесіне сәйкес келуге болады. Кеңес беру күнін білу үшін өзіңізге ыңғайлы комьюнити орталыққа барып, толық ақпарат алуға болады.Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ақпараты бойынша, бұл жоба жастардың қаржылық сауатын арттырып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуіне мүмкіндік беруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/934654
Алматы метрополитені қос функциялы жаңа қоршауларды сынақтан өткізуде 14.02.2025
«Райымбек батыр» станциясында метрополитеннің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа уақытша қоршаулар орнатылды. Олар екі негізгі қызмет атқарады: жолаушылар үшін қорғаныс құралы болып табылады және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылады.Қазіргі уақытта бұл қоршаулардың жел жүктемесіне төзімділігі тексерілуде. Барлық қажетті сынақтардан өткеннен кейін осындай қоршаулар метроның басқа станцияларында да орнатылатын болады. Сонымен қатар, метрополитен өкілдері бұрын орнатылған темір қоршаулардың да тексеріліп жатқанын, қажет болған жағдайда олардың алынатынын атап өтті.«Алматы метрополитені жолаушылардың жайлылығы үшін инфрақұрылымды жетілдіруге әрдайым ұмтылады. Бұл шешім автоматтандырылған платформалық есіктер (screen doors) орнатылғанға дейінгі уақытша шара болып табылады. Барлық жұмыстар кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, бюджет қаражатын тартпай жүргізілуде», – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.Айта кетейік, уақытша қоршаулар вагондар арасындағы кеңістікті жабуға арналған және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған уақытша шешім болып табылады. Автоматтандырылған платформалық есіктерді (screen doors) орнату процесі көп уақытты қажет етеді, өйткені жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет. Осыған байланысты, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша қоршаулар орнатылуда.«Алматы метрополитені» КМКАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/934686
Алматыда үш күн ішінде 211 заңсыз сауда орны алынып тасталды 14.02.2025
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен мемлекеттік қордың жерінде орналасқан рұқсатсыз салынған сауда орындары мен стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) бұзу жұмыстары басталды.Бұл шараның мақсаты – ретсіз саудамен күрес және қала кеңістігіндегі қауіпсіздікті арттыру.Үш күн ішінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған комиссия 211 заңсыз сауда орнын (102 дүңгіршек және 109 күш өлшегіш) бұзып, 270 кәсіпкерге ескерту хат берілді.Айта кету керек, қызмет түріне қарамастан, барлық заңсыз сауда нысандары бұзылуда. Әсіресе, көше тағамдарын сататын орындарға ерекше назар аударылуда. Мұндай бірнеше нысан, атап айтқанда, Абай даңғылындағы мемлекеттік цирк маңында сүрілді. Аталған сауда орындары инженерлік желілерге, электр энергиясына қосылмаған, көріктендіру ережелерін бұзады. Қала тұрғындары мұндай жерлерде тамақ сатып алу денсаулыққа қауіпті екенін айтуда.«Заңсыз дүңгіршектер көбінесе арықтардың үстіне қойылады, санитарлық норма сақталмаған, дәретхана жоқ. Олар мектептердің, балалар жүретін орындардың жанында орналасқан. Кейін тамақтан улануы ғажап емес», – дейді қала тұрғыны Евгений Богачев.Қаланың мәслихат депутаты, көріктендіру мәселелерімен белсенді айналысып жүрген Тимур Елеусізов бұзылған сауда орындарының барлығы электр желілеріне заңсыз қосылғанын, бұл қаланың инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіретінін атап өтті.«Бұл қаланың электр желілеріне артық жүктеме түсіреді. Олардың қызметін реттеу үшін осындай бастамаларды қолдау қажет», – деді ол.Еске сала кетейік, Алматы әкімдігінің 2024 жылы 27 тамыздағы №3/469 қаулысына сәйкес, қала аумағында 157 СЕСН орналастыруға арналған 142 орын бекітілген.Кәсіпкерлік қызметін заң аясында жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390 21 30 телефоны арқылы жүгіне алады.Жалпы, Алматыда барлығы 500-ге жуық заңсыз нысан бұзылмақ. СЕСН-ды анықтау және сүру жұмыстары жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/935163
Ақмолалық спортшы Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болды 14.02.2025
Ақмолалық спортшы Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысы бойынша қола жүлде жеңіп алды. 10 км қашықтыққа еркін стильде өткен жарыста нәтиже көрсетіп, жапондық екі спортшыға ғана жол беріп, қола медаль иегері атанды.Бұл – Қазақстан құрамасының шаңғы жарысындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Ақмолалық Константин Борцов спринтерлік жарыста екінші орынға ие болған.«Олжас Климинді, оның бапкерлерін, команданы және барлық қазақстандықтарды осы жарқын жеңіспен құттықтаймыз! Бұл медаль – оның жаңа жетістіктерінің бастауы болсын, алда оны халықаралық ареналарда бұдан да үлкен жеңістер күтіп тұр! Бұл марапат – қажырлы еңбектің, күнделікті жаттығулардың және үлкен жанқиярлықтың жемісі», – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтау жеделхатында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/935205
Астық, майлы және бұршақты дақылдар өндірушілеріне сауда стратегиясына қатысты ұсыныстар 10.02.2025 14.02.2025
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледіДәнді дақылдарТрейдерлер бағаның көтерілуін фермерлердің егіс науқанына ақша алудың өзектілігі жоқ екенін, бағаның өсуін күтетіндігімен түсіндіреді.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +110-3САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін79+6 САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін72+5САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін69+5САТУ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін60+4 САТУ6535арпа 2 сыныпты73+3САТУ6035Дурум (прот 14+)85-САТУ12070Дурум (прот 15+)102-САТУ15090Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егін жинауМайлы дақылдар / бұршақМайлы дақылдар тобында зығыр қымбаттады, ҚР солтүстік аймақтарында рапс құны өсті.СҚО трейдерлері жасымықтың сапасына байланысты (ҚҚС-пен) қымбаттағанын хабарлады:* қызыл-180-205 мың теңгеге дейін/тоннасына;* жасыл-350-400 мың теңге/тоннасына дейін.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр212+1САТУ200170Рапс214+6САТУ250180Күнбағыс165-САТУ190160Мақсары116-САТУ11085Соя193-САТУ285200Қыша қара/ақ215-САТУ300200Бұршақ (сары)*92-САТУ17080Жасымық қызыл**198+7САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **363+5САТУ450350* - премиум сапасы бар солтүстік аймақтар, * * - ҚҚС-сыз жаңа өнім курсивпен бөліндііТүсініктеме:Ағымдағы баға – бұл Қазақстан ішіндегі элеваторда немесе вагонда ҚҚС-пен бірге келісімшарт жасалатын орташа салмақталған бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар:Стоп – тиімдірек баға болғанға дейін сауданы тоқтату ұсынылады.Қажет болғанда сату – техникалық немесе қаржылық қажеттіліктерге байланысты сату ұсынылады.Сату – жақын болашақта тиімді перспективалар байқалмағандықтан, өнімді сату ұсынылады.Максималды баға – ағымдағы сауда маусымында баға жете алатын жоғары шек. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Минималды баға – ағымдағы маусымда дақыл бағасы жетуі мүмкін төменгі шек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/934812
Жас фермер 14.02.2025
32 жастағы Тоқтарқан Қамбаров – Шығыс Қазақстан облысының жас аграршылары үшін үлгі. Ол Үлкен Нарын ауданында орналасқан «Тамерлан» шаруа қожалығының басшысы.«Тамерлан» қожалығы 3200 гектар ауыл шаруашылық жеріне ие, онда озық технологиялар белсенді түрде қолданылады. Элиталық тұқымдарды пайдалану, заманауи ауыл шаруашылық техникасын қолдану және минералды тыңайтқыштарды енгізу өнімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары астық дақылдарының орташа түсімі гектарынан 40 центнерді, ал майлы дақылдардың түсімі гектарынан 60 центнерді құрайды. Бұл көрсеткіштер жоғары кәсібилікті және жаңашылдыққа деген ұмтылысты айғақтайды.Сонымен қатар, Қамбаров Тоқтарқан өз ауданының қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ол 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаты ретінде жерлестерінің мүддесін қорғап қана қоймай, жергілікті спорттық және мәдени шаралардың демеушісі болып табылады.Тоқтарқан – тек табысты фермер ғана емес, сонымен бірге қоғам өміріне белсенді атсалысатын әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азамат. Оның үлгісі жас фермерлердің өз шаруашылықтарын дамытып қана қоймай, тұрақты ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік жауапкершілік идеясын ілгерілете алатынын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/934834
Жаңа өнімнен 4,8 млн тонна астық экспортталды 14.02.2025
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жедел мәліметтері бойынша 2024/2025 жылғы қыркүйек-қаңтар айларында 6,1 млн тонна астық тасымалданды. Оның ішінде 1,3 млн тоннасы – ел ішінде, ал 4,8 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. Экспорт көлемінің өсуі – 47%.Экспорт бағыттары: Өзбекстан – 1,8 млн тонна (+40%); Тәжікстан – 724 мың тонна (+50%); Қытай – 659 мың тонна;Ауғанстан – 217 мың тонна (+38%); Иран – 576 мың тонна (өсім 29 есе); Әзірбайжан – 266 мың тонна (өсім 88 есе).2024 жылдың қорытындысы бойынша: 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның 2,5 млн тоннасы – ел ішінде, 8,1 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. 3,2 млн тонна ұн тасымалданды, оның 817 мың тоннасы – Қазақстан ішінде, 2,4 млн тоннасы – экспортқа (өсім +3%).Ұнның негізгі импорттаушылары: Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан және басқа да мемлекеттер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/934887
Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды: конкурс жариялаудан бастап жұмыстың басталуына дейін – 10 күн 14.02.2025
Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды. Оларды қабылдау жобаларды, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жедел іске қосуға және олардың бағасының көтерілу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар негізінен жергілікті компаниялар болады, бұл аймақтардың бизнесі мен экономикасына қолдау болып саналады. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 1 шілдеде рәсімдерді оңайлатуға және бюрократиядан арылтуға бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға қол қойды. Заң шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімін барынша қысқартуды қамтитын жаңа Ережелер қабылданды.Мәселен, конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау — 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау — 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Осылайша, конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады.Рейтингтік-балдық жүйені қолдану арқылы өткізілетін конкурс (автоматтандырылған сатып алу тәсілі, жеңімпазды веб-портал айқындайды) арқылы сатып алу жеңімпаздары жиналған ұпайлар негізінде 5 жұмыс күні ішінде (бұрын мерзімі 29 жұмыс күнін құраған) айқындалады. Олар жұмыс тәжірибесі, тұрақты салық аударымдарының болуы, кешіктірулердің болмауы және басқалары үшін беріледі.Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мерзімі 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылды.Сондай-ақ жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1%-дан 2%-ға дейін ұлғайтылды. Ақмола облысы Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы бойынша байқау елімізде алғашқылардың бірі болып жаңа ережелер бойынша өткізілді. Биылғы 8 қаңтарда жарияланып, қорытындысы 6 жұмыс күні ішінде шығарылды және 16 қаңтарда құрылыс салушы жұмысқа кірісті.«Жобаның құны 2 млрд теңгеден асады. Мердігер рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып, жаңа мемлекеттік сатып алулар бойынша таңдалды, бұл конкурс мерзімін айтарлықтай қысқартты. Бұл бізге құрылысты 16 қаңтарда бастап кетуге мүмкіндік берді. Жоба жыл соңына дейін аяқталады және нысан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ біз жүйеде қосымша балл алатын жергілікті құрылыс салушыларға назар аударамыз, бұл олардың қатысуын ынталандырады», — деді Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байқуанышев.Спорт мектебінің ғимараты өтпе жол арқылы бір-бірімен байланысқан екі блоктан тұрады. Мұнда тренажер залы, хоккей корты және басқа да жаттығу алаңдары жұмыс істейтін болады. Құрылыс материалдарының 90%-ын жергілікті өндірістен алу жоспарлануда. Ауылдық спорт мектебінің жалпы қабылдау мүмкіндігі – ауысымда 78 адам.Жаңа ережелер бойынша 330 адам тұратын Батыс Қазақстан облысының Жалын ауылында су құбырын салу бойынша конкурс өткізілді. Жеңілдетілген жүйенің арқасында сатып алу процедурасы алты күнде жүргізілді, бұл жергілікті құрылыс салушыға жұмысқа тез кірісуге мүмкіндік берді. Жобаның құны – 785 млн теңгеден астам. Су құбырының құрылысы ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.Сонымен қатар Түркістан облысы Сарыағаш қаласында жаңа буынды дамыту орталығының құрылысы басталды. Жобаның құны – 2,7 млрд теңгеден астам. Мердігер 8 жұмыс күні ішінде рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып таңдалған жергілікті компаниялардың бірі болды.Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салу жобасы бойынша сатып алу рәсімі 7 жұмыс күні ішінде жүргізілді. Жобаның құны – 4,9 млрд теңгеден астам.Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында мектеп салу бойынша сатып алу рәсімі 5 жұмыс күні ішінде жүргізілді, мердігер жергілікті компания болды. Жаңа мектеп салу оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешеді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған мектеп толып кеткен, спорт залы да жоқ. 80 орынға есептелген жаңа екі қабатты мектептің кабинеттері сапалы білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.Жаңа ережелерге сәйкес, осы жылдың 10 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 951,38 млрд теңге сомасына 282 703 шарт жасалды. Салыстыру үшін: өткен жылдың тиісті кезеңінде 223,2 млрд теңгеге 165 558 шарт жасалған.Берілген шағымдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 22%-дан астамға: 1700-ден 1320-ға дейін төмендеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934509
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды 14.02.2025
«Акмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесе 2025 жылғы 6-8 ақпан күндері «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезенің өткізді. Олимпиадаға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан, «Білім-инновация» лицей-интернатынан, Астана қаласы №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан, Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан, Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан, Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан барлығы 154 оқушы қатысты. «Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізілді:1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);2.«Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);4.«Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту). Олимпиаданың қорытындысы бойынша 43 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 13, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 24, грамотамен – 9 оқушы марапатталды.«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 6 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.Атап айтсақ, «Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада. Оған 7-11-сыныпта оқитын қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) оқушылар қатыса алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934902
Көкшетауда «ТҰҚЫМ-2025 КӨКШЕТАУ» халықаралық конференция-көрмесі өтті 14.02.2025
Көкшетау қаласында «Тұқым күні, Тұқым-2025» халықаралық конференциясы өтті. Бұл шара Қазақстаннан және Еуропа мен ТМД елдерінен келген агрономдар, сарапшылар мен зерттеушілерді тоғыстырды.Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты. Ол осындай алаңдардың тәжірибе мен білім алмасудағы маңыздылығын атап өтті.Қатысушылар жоғары маржиналды дақылдардың отандық және шетелдік селекциядағы тұқымдар көрмесімен танысты.Сапалы тұқым – мол өнім алудың негізгі факторы. Өткен жылы өңірдің аграршылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл агрономиялық технологияларды қатаң сақтауға, элиталық тұқым себу алқаптарының ұлғаюына және мемлекеттік қолдау бағдарламаларын тиімді іске асыруға байланысты болды.Тұқым селекциясының маңызы зор. Бұл бағытта А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы тұрақты зерттеулер жүргізіп келеді. Орталық ғалымдарының еңбегінің бір дәлелі – «Таймас» жаздық жұмсақ бидай сорты. Ол өткен жылы Қазақстанның климаттық сын-қатерлеріне бейімделу және селекция саласындағы инновациялардың символына айналды.Конференция барысында ғалымдар мен мамандар тұқым сапасын арттыру, заманауи селекциялық технологияларды енгізу, өңдеудің инновациялық әдістерін қолдану және өнімділікті арттыру мақсатында дақыл сорттарын жетілдіру мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, отандық және шетелдік селекционерлер әзірлеген перспективалы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары туралы ақпарат ұсынылды.«Тұқым күні, Тұқым-2025» Көкшетау халықаралық конференциясы аграрлық ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығы тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934927
Өңірлердегі су тасқынына қарсы жұмыстар 14.02.2025
Еліміздің әртүрлі өңірлерінде ТЖМ бөлімшелері су басу қаупін азайту үшін алдын алу және инженерлік жұмыстарды жүргізуде. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде іске асырылады. Жүргізілген жұмыстардың қатарында қорғаныш бөгендері мен біліктерін салу және нығайту, дренаждық жүйелерді жөндеу және салу, жолдардың астына су өткізу құрылыстарын орнату және ауыстыру, сондай-ақ каналдар мен арықтарды көгалдандыру бар. Қауіпті учаскелер бойында жағалауларды тереңдету және нығайту, сондай-ақ өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Су тасқынына дайындық аясында Ақмола облысының бірқатар учаскелері қаралды. ТЖД бастығы Бақытжан Алашов ТЖМ «Қазавиақұтқару» бортында Сандықтау, Зеренді және Бұланды аудандарының аумақтарын әуеден барлады. Жабай, Қайрақты және Қылшақты өзендеріндегі жағдай тексерілді. Мониторинг нәтижелері бойынша су объектілерінің жай-күйі мен қар жамылғысының болуына баға берілді. Мұз жару жұмыстарын уақтылы жүргізу және оның қалыңдығын қадағалау бойынша тапсырмалар берілді. Су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық аясында аудандарға бару жалғасуда. ТЖД бастығының орынбасары Ренат Валишанов су тасқынына бейім Есіл, Жақсы, Атбасар және Жарқайың аудандарында болды. Елді мекендерге барды, олардың учаскелерінде су өткізу құрылыстарын салу және топырақ үйінділерін салу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар ТЖ бөлімдерінің техникасы мен жеке құрамының жауынгерлік дайындығы тексерілді. Алматы облысында қар тазалау және шығару, арық-дренаждық жүйелер мен су өткізу құрылыстарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуде, елді мекендерде рейдтер, су тасқыны кезіндегі іс-қимыл ережелерімен танысу бойынша халықпен жиындар өтуде. Су тасқыны қауіпті кезеңіне дайындық бойынша 77 км арық жүйесін салу және жөндеу, 79 км су бұру арналарын орнату және механикалық тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді, 12 км су тасқыны қауіпті өзендердің арналарын нығайту және түзету бойынша жұмыстар жүргізілді. Автомобиль жолдары астындағы 270 бірлік және темір жолдардың астында 832 бірлік су өткізу құбыры тазартылды, өзен арналарынан 16 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар Райымбек ауданында жалпы ұзындығы 7,9 км болатын 5 қорғаныш бөгені салынды және Кеген ауданында 2 автожол көпірі салынды. 54000 қап, 2800 тонна инертті материалдар, 86 тонна ЖЖМ және 52 тамақтану келісімшарты дайындалды. 2023-2024 жылдар кезеңінде облыс аумағындағы белгілі бір 20 су тасқыны қаупі бар учаскенің 7-уінде қауіп толығымен жойылды, ал қалған 13 учаскеде биылғы жылғы су тасқынына қарсы жұмыстар шеңберінде су басу қаупін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Іле, Жамбыл және Балқаш аудандарындағы су тасқыны және сырғыма қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді. Су тасқыны қауіпті учаскелерді тексеру Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Масабаевтың, облыстық ТЖД бастығы Д.Оразбековтың, әкімдіктер мен бейінді қызметтер өкілдерінің қатысуымен жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша су тасқыны қаупін азайту үшін бірінші кезектегі шаралар кешені анықталды. Астана қаласында су тасқыны қауіпті учаскелерге тексеру жүргізілді. ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев қала әкімінің орынбасары Еркін Өтебаевпен бірлесіп су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша арнайы қызмет өкілдеріне су тасқынын қауіпсіз өткізуге бағытталған алдын алу шараларын уақтылы қабылдау туралы ұсынымдар берілді. Сондай-ақ елордалық құтқарушылар су тасқыны қаупі бар учаскелерде тұратын тұрғындармен профилактикалық іс-шаралар өткізді. Бұл аралау жеке үйлердің су басуының алдын алу мақсатында жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында су тасқыны кезеңіне уақтылы дайындық қажеттілігі туралы ұсынымдық сипаттағы 100-ден астам ақпараттық материал таратылды. Бұдан басқа «Сарыарқа» ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен және «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлерімен бірлесіп, жалғыз тұратын зейнеткерлердің аула аумақтары қардан тазартылды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев пен ТЖД бастығы Рашид Блялов Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, «Шығыс су қоймалары» КМК және ШҚО бойынша Қазгидромет филиалының мамандарымен бірлесіп өзендердің арналарына, ГТҚ және су тасқыны қаупі бар елді мекендерге әуеден барлау жүргізді. Жалпы мониторинг гидрологиялық жағдайдың тұрақты екенін көрсетті. Аудан әкімдеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Жетісу облысында су басу қаупі бар аймақтарды тексеру жалғасуда. Су тасқыны қаупі бар аумақтарды комиссиялық тексеру жүргізіледі. «Қазгидромет» мәліметтері бойынша Көксу, Ескелді, Кербұлақ және Алакөл аудандарын су басу қаупі жоғары, онда қар жамылғысы, топырақтың қатуы және ылғалдану көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінен артық. Тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға су тасқынына қарсы уақтылы шаралар қабылдау бойынша ұсынымдар жіберіледі. Батыс Қазақстан облысында облыстың 5 су тасқыны қаупі бар ауданында аралау жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің бас маманы А. Ахметов ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы А.Ешмұхановпен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындықты тексеру үшін Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау, Бөрлі және Теректі аудандарына барды. Аралау барысында аудандық азаматтық қорғау қызметтері мен ТЖД бөлімшелерінің шұғыл ден қою жасақтары тексерілді. Жалпы бүгінгі таңда су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда және ерекше бақылауда. Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерді аралау жалғасуда. ТЖД бастығы Нұра ауданының әкімімен бірге су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілген бірқатар учаскелерге жұмыс сапарымен барды. Маршрутқа Шерубай-Нұра және Құндызды өзендерінің бойында орналасқан елді мекендер кірді. Аралау барысында салынған қорғаныш біліктерінің жай-күйіне, елді мекендерден қар шығару жұмыстарын ұйымдастыруға, материалдық-техникалық құралдарды дайындауға, инженерлік және су айдау техникасының дайындығына ерекше назар аударылды. Департамент бастығы қорғаныш бөгендерінің көпшілігі шаруашылық әдіспен салынғанын атап өтті. Ең аз фильтрден өткізудің өзі олардың бұзылуына әкелуі мүмкін, сондықтан ауылдық округ әкімдеріне су тасқыны кезеңінде тәулік бойы жағдайды бақылауды, инертті материалдарды, қапшықтарды, жанар-жағармай материалдары мен азық-түлік қорын елді мекендерге алдын ала жеткізуді ұсынды. Сондай-ақ күштер мен құралдарды үнемі дайындықта ұстау қажеттігін ескертті. Павлодар облысы ТЖД өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне тексеру жалғасып жатыр. Департамент басшылығы Ақтоғай және Успен аудандарының Шолақсор, Балтасап, Жалаулы, Жолболды, Жамбыл, Ақтоғай, Успен, Белоусовка және Вознесенка елді мекендерін зерттеді. Аралау барысында арнайы және инженерлік техниканың дайындығы тексерілді. Мотопомпалар, қапшықтар, инертті материалдар, сондай-ақ халықты хабардар етудің жергілікті жүйесі тексерілді. Елді мекендерде қарды уақтылы жинау және шығару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында бұл аудандарда үйінділер нығайтылып, кеңейтілгенін, автожолдардың кейбір учаскелерін жөндеу жұмыстары аяқталғанын атап өткен жөн. Талинка өзенінің түбі тереңдетіліп, су өткізу құбырлары, бұру арналары салынды. Аралау нәтижелері бойынша аудан әкімдеріне тиісті ұсыныстар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/934740
Елордадан бір түнде екі мыңға жуық жүк көлігімен қар шығарылды 14.02.2025
Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Олар күн сайын қаладан ондаған мың текше метр қар шығарады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.10 ақпанда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2 627 жол жұмысшысы және 1 300-ге жуық арнайы техника шықты.10 ақпанға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 951 рейспен 26 мың текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері 448 192 ауыр жүк рейсімен қаладан 5,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/934393
Астанада келушілерге кальян ұсынған бірнеше мекемеге айыппұл салынды 14.02.2025
Елорданың Нұра ауданында қоғамдық орындарда кальян шегудің алдын алу үшін ойын-сауық мекемелеріне түнгі рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Профилактикалық шараны Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.Рейд барысында үш мекеме тексеріліп, тиісті рұқсат құжаттарынсыз темекі шегу өнімдерін тарату және пайдалану бойынша заңды бұзу фактілері анықталды.Тексерулердің қорытындысы бойынша заң бұзушылық тіркелген нысандардың біріне 240 000 теңге айыппұл салынды.Нұра ауданының әкімдігі мен ішкі істер бөлімі заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге көңіл бөледі. Мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу жұмысы ары қарай да жалғасады.Сондай-ақ полицейлер мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіліп, демалыс және мереке күндері бақылау күшейтілгенін баса айтты.Құқық қорғау органдары азаматтар мен кәсіпкерлерді заң талаптарын орындап, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға үлес қосуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/934682