Саясат
Атырау облысында қуаты 144 мың тонна болатын қант зауыты салынады 14.02.2025
«Голдбридж халықаралық компаниясы» ЖШС өңірде жылына 144 мың тонна қант өндіретін ірі қант зауытын салу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда.Жоба ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.Аталған көлемдегі қант өндіру үшін шамамен 900 000 тонна қызылша немесе қант құрағы шикізаты қажет болады.Инвестор атыраулық компаниямен келіссөздер жүргізді, ол қант қызылшасын өсіруге дайын.Жобаның құны – 58 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/933127
Алтынды заңсыз өндіргені үшін жауапқа тартылды 14.02.2025
Департаментом по управлению земельными ресурсами Костанайской области КУЗР МСХ РК совместно с прокуратурой и органами внутренних дел Житикаринского района пресечен факт незаконной добычи золота на земельном участке, предназначенном для пастбища.В ходе проверки установлено, что ТОО приобрело права на земельный участок с целевым назначением «для ведения сельскохозяйственного товарного производства». Однако фактически участок использовался для нелегальной добычи драгоценных металлов путем вымывания грунта.Во время осмотра территории обнаружены спецтехника, металлоискатели и другие инструменты для незаконной добычи полезных ископаемых.Кроме того, был зафиксирован факт уничтожения плодородного слоя почвы. Департаментом был наложен штраф на сумму 2,6 млн тенге.Также ТОО обязано восстановить плодородный слой почвы, нарушенный в результате незаконных действий.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/933371
Көкшетауда «ТҰҚЫМ-2025» тұқым күні өтті 14.02.2025
Көкшетауда агрономдар, сарапшылар және Қазақстан, Еуропа мен жақын шетелден келген зерттеушілерді жинаған «ТҰҚЫМ-2025» халықаралық конференциясы өтті.Сапалы тұқымдар жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Өткен жылы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы мамандары агрономиялық технологияларды қатаң сақтаудың, элиталық тұқымдардың егіс алқаптарын ұлғайтудың және мемлекеттік қолдау бағдарламаларын табысты іске асырудың арқасында айтарлықтай жетістіктерге жетті.Тұқым сұрыптау бұл үдерісте маңызды рөл атқарады. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын шығарумен белсенді айналысады. Орталық ғалымдарының еңбегінің айқын нәтижесі ретінде «Таймас» жаздық жұмсақ бидай сорты атап өтуге болады. Өткен жылы бұл сорт Қазақстанның климаттық өзгерістеріне бейімделуімен және селекциядағы инновациялық жетістіктерімен ерекшеленіп, үлкен маңызға ие болды.Конференция барысында ғалымдар мен мамандар тұқым сапасын арттыру, қазіргі заманғы селекциялық технологияларды енгізу, өңдеудің инновациялық әдістерін қолдану және өнімділікті арттыруға бағытталған сорттарды жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ шетелдік және отандық селекционерлер әзірлеген болашағы зор жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары туралы ақпарат ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/934200
Әділет вице-министрі Даниель Ваисов азаматтарды қабылдады 14.02.2025
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Астана және Қарағанды қаласынан азаматтарды қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.Кездесу барысында атқарушылық өндіріс және сот-сараптама қызметіне қатысты мәселелер көтерілді. Даниель Ваисов өтініш берушілерге заңнаманы егжей-тегжейлі түсіндіріп, сонымен қатар көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді.Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер вице-министрдің жеке бақылауына алынды. Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық қолдау көрсету және халықпен ашық диалог жүргізу жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/931830
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Акбар Джоукармен кездесті 14.02.2025
Ботагөз Жақселекова Министрлік қызметінің бағыттары туралы хабардар ете отырып, мемлекеттер арасындағы Азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім шеңберінде одан әрі жемісті ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Вице-министр құқықтық тәртіп, заңнамалық базаны дамыту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сот сараптамалық қызмет салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, Қазақстан Республикасы осы бағыттарға ерекше назар аударатынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткізілген кездесудің тиімділігін және заңдылық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарын сақтай отырып, екі ел арасындағы сындарлы ынтымақтастық пен әріптестік өзара іс-қимылды одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/933129
Облыс әкімінің Балқаш ауданына жұмыс сапары 14.02.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Балқаш ауданына қарасты Бақбақты ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Жиында өзекті мәселелер талқыланып, негізгі тақырып ауыл шаруашылығын дамытуға арналды.Ауданда 100 мыңнан астам ірі қара, 30 мың жылқы, сондай-ақ 30 мың қой-ешкі бар. Мал азығы жеткілікті көлемде дайындалғанымен, фермерлер су тапшылығына байланысты қиындықтарға тап болуда. Бұл егіс алқаптарын кеңейтуге кедергі келтіріп, кейбір дақылдардың өнімділігін төмендетуде.Марат Сұлтанғазиев жауапты мемлекеттік органдарға аграршылармен тығыз жұмыс істеп, мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіруді және суды үнемдеу технологияларын енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, жиында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 млрд теңгені, ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі 42 млрд теңгені, инвестиция көлемі 9 млрд теңгені құрады. Бақанас ауылында «БиоКарбон» зауыты іске қосылды. 1,6 мың тонна тыңайтқыш сатып алынып, суару жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 133 тұрғынға жеңілдетілген несие беріліп, айналымға 20 мың гектар пайдаланылмаған жер қайтарылды.«Бір ауыл – бір кәсіп» жобасы аясында 37 жаңа нысан ашылып, 100 адам жұмыспен қамтылды. 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, жастар ресурстық орталығы ашылды, әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін 35 пәтер сатып алынды.1 100 үйге газ тартылып, 20 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.Денсаулық сақтау саласында фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық амбулаториялар мен дәрігерлік кабинеттердің құрылысы жүргізілуде. Білім беру жүйесінде үш ауысымды оқыту мәселесі шешілгенімен, бірнеше мектепке күрделі жөндеу қажет. Салаға 23 педагог тартылып, олардың 9-ына тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет.Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік нысандар құрылысы, жолдардың жай-күйі және сумен жабдықтау мәселелерін көтерді. Облыс әкімі судың тапшылығы ауданның дамуына тікелей әсер ететін басты мәселе екенін атап өтіп, оны шешу негізгі басымдық болатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/932677
Орманшылар жабайы жануарларға қамқорлық жасауда 14.02.2025
Аяз түсісімен облысымыздың орманында жабайы фаунаны қолдауға бағытталған биотехникалық іс-шаралар уақыты басталады. «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету отряды» КММ инспекторлары орман жануарларының күтімі үшін оларға қажетті жем-шөп, азықпен қамтамасыз етеді.Орманшылар жануарлар мен хайуанаттар жиналуы ықтимал жерлерді алдын-ала анықтап, сол нүктелерге жем-шөп, азықты жеткізеді.Сол арқылы жаңа орындар желісі жасалып, негізгі қоректену орнына жабайы орман жануарларын үйрету жұмыстары жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/932530
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті 14.02.2025
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың жетекшілігімен өткен кезектен тыс отырыста 2025 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық, гидротехникалық құрылымдардың жай-күйі және мал қорымдарын тексеру мәселелері қаралды. Жауапты мекемелерге қарды уақытында шығару, арықтар мен каналдарды тазалау, су өткізу нысандарына тұрақты мониторинг жүргізу мен қатар мал қорымдарын тексеріп, нәтижелері бойынша акт жасау тапсырылды.Сонымен қатар, арнайы топ құрылып жергілікті атқарушы органдардың 2025 жылғы су тасқынына дайындығын тексеру міндеттелді. Берілген тапсырмалардың орындалу мерзімі де бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/933047
Жерлестерімізге сенім артамыз 14.02.2025
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындары басталады. Қазақстан атынан 137 спортшы бақ сынайды. Олардың арасында Абай облысының 3 спортшысы бар.Солардың бірі – Үржар ауданының тумасы Ернар Нурсбеков. Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының негізгі құрама сапында. Жерлесіміз Қазақстан Республикасының Чемпионаттарында 2018 жылдан, 2022 жылдан бастан Халықаралық деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетуде. ҚР Чемпионаты мен Әлем Чемпионатының жүлдегері және жеңімпазы.Алғашқы жаттықтырушысы Дидар Алтынбеков, қазіргі жаттықтырушысы Ердос Ахмадиев.Ернар ІХ Қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан 8 ақпан күні сағат 11:00-де спринт, 12 ақпан күні сағат 13:00-де 4х7,5 шақырым эстафеталық сынға түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/933327
Болашақ үшін маңызды шешімдер: Абай облысы қалай цифрлық көшбасшыға айналады? 14.02.2025
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялардың көмегімен еліміз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлық адамдар үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз етуге ұмтылатындығын атап өтті. Осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың түбегейлі жаңа деңгейіне көшу қажет.«Бұл тәсілдің мән-маңызы мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталғандығында», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.Абай облысының цифрлық трансформациясы «ақылды» қалалар үшін инфрақұрылым құруда және өңірдің IT-секторын дамытуда елеулі жетістіктерді көрсетеді. Семейде 27 жобаны (17 базалық және 10 қосымша) қамтитын «ақылды» қалаларды құру жөніндегі Жол картасын бекітумен өңір қалалық ресурстарды басқаруда жоғары технологиялық шешімдерді біріктіруге сенімді түрде бет бұруда. Өңірдегі цифрлық жаңашылдықтар туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жан-жақты айтып берді.Жол картасының негізгі мақсаты – технологияларды тиімді пайдалану арқылы азаматтардың өмір сүруі үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасау. Қала тұрғындары мен қонақтарының өмір сүру сапасын жақсартып, қаланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қалалық ресурстарды басқаруды оңтайландыру, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын арттыру көзделіп отыр.Мәселен, 2023-2024 жылдары бірқатар маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылды. Олардың қатарында қоғамдық көлікті диспетчерлендіру, жол ақысына электрондық төлеу жүйелерін енгізу, жолдарда бейнемониторинг пен бейнеаналитиканың бірыңғай жүйесін құрудан бөлек цифрлық мұражайлар мен кітапханаларды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді автоматтандыру, жасыл желектерді цифрлық есепке алу, оқу орындарында IT-алаңдарды ашу және «109» бірыңғай байланыс орталығын іске қосу бар.«Менің тапсырмам бойынша «My Semey» супер қосымшасы әзірленуде. Қосымша көптеген қалалық қызметтерді біріктіріп, тұрғындар мен жергілікті атқарушы орган арасындағы тікелей көпір болмақ. Қосымша арқылы тұрғындар таксиге тапсырыс беру, қоғамдық көлік мониторингі, емханаларға жазылу, «109» қызметімен интеграция және мәдени нысандар бойынша зияткерлік гид көмегін ала алады. Туристер демалыс үйлерін брондау үшін ALAKOL.KZ букинг-сервисін іске қосу жоспарлануда. Бұл демалушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, туристік бизнесті дамытуға және салық түсімдерін ұлғайтуға ынталандырады», - деді облыс әкімі.Аймақтың IT-секторын дамытудағы маңызды қадам ретінде 2022 жылы Abai ІТ-Valley технологиялық кластерінің құрылғанын атап өтуге болады. Alikhan Bokeikhan University базасында заманауи коворкингтер ашылды. Жаңа техника сатып алынып, білім беру бағдарламалары іске қосылды.«Кластер халықаралық тәжірибесі бар мамандардың қатысуымен курстар өткізеді. Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының робототехника және өкілдік орталығын ашты. Astana Hub есебінен тегін оқытуды ұсынатын Tech Orda бағдарламасына қатысады. Google Developer Groups, Solar Asia, Kolesa Group және Huawei Technologies сияқты әлемдік технологиялық көшбасшылармен жұмыс істейді. 2025 жылға білім беру бағдарламаларын кеңейту, Tech Orda бағдарламасы бойынша ваучерлер санын 150-ге дейін ұлғайту және коммерцияландыруға дайын стартаптарды дамыту жоспарлануда. Онлайн курстарды енгізу ауқымды аудитория үшін білім беру бағдарламаларының қолжетімділігін арттырады», - деп толықтырды аймақ басшысы.Абай облысында цифрландыру қарқынды дамып келеді. Балалардың қауіпсіздігі және өңірдің білім беру саласындағы мамандықтар үшін жасанды интеллект енгізілуде. Бұл экономиканың, туризмнің және білімнің дамуына ықпал етіп қана қоймай, болашақ үшін, инновация үшін берік негіз болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/933484
Семейде алғаш рет простата обырын диагностикалауға арналған радиофармпрепарат өндірілді 14.02.2025
Семейдегі ядролық медицина және онкология Орталығы фтор-18 изотопына негізделген жаңа 18F-PSMA-1007 радиофармпрепаратының шығарылғанын хабарлады. Бұл ядролық медицина саласындағы маңызды жетістіктердің бірі болды, себебі препарат Қазақстанда алғаш рет өндіріліп, простата обырын диагностикалауда септігін тигізбек.18F-PSMA-1007 - радиофармпрепараты сырқаттың денесіне енгізілгеннен кейін простата тіндерінде жиналады. Бұл простата обырының, метастаздардың немесе басқа онкологиялық патологиялардың болуын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Бейнелеу ПЭТ / КТ сканерлеу арқылы жүзеге асырылып, дәлдік пен ақпараттылық бойынша дәстүрлі сәулелік диагностикалық әдістерден айтарлықтай асып түседі.Изотоп синтезінен бастап, диагностика жүргізуге дейінгі барлық процесс толығымен Ядролық медицина және онкология орталығының базасында жүзеге асырылады. Бастапқы кезеңде фтор-18 изотопы арнайы циклотрон құрылғысында жасалады. Әрі қарай изотоп синтез зертханасына түсіп, онда химиктер радиофармпрепаратты жасайды. Осыдан кейін препарат сапаны бақылау зертханасында мұқият тексеруден өтеді. Содан кейін ғана пациенттің жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, препарат оралып, радионуклидті диагностика бөлімшесіне жеткізіледі.Препаратты енгізгеннен кейін ағзада жиналғанша пациент арнайы палатада күтеді. Содан кейін ПЭТ/КТ сканерлеу жүргізіліп, оның нәтижелерін онкологтар талдайды. Бұл деректер нақты диагноз қоюға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар емдеудің одан арғы тактикасын және оның тиімділігін бақылауды анықтайды.Профессор Игорь Знаменский шеберлік сабағы радиофармпрепаратпен жұмыс істеудің барлық кезеңдеріне назар аударуды қамтиды деп атап өтті.«Біз препаратты енгізу процесін, дұрыс дозаларды, жинақтауға қажетті уақытты, сондай-ақ пациентті дайындауды жан-жақты қарастырамыз. ПЭТ/КТ зерттеу нәтижелерін түсіндіру әдістемесіне ерекше назар аударамыз. Өйткені бұл емдеу стратегиясын анықтаудағы шешуші сәт»,-деді білікті маман.18F-PSMA-1007 орталық базасында өндірістің толық циклы игерілген үшінші радиофармпрепарат болды. Бұл диагностика мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, онкологиялық ауруларды емдеу сапасын арттыруға мүмкіндік беретін, елдің ядролық медицинасын дамытудағы маңызды қадам. Жаңа препарат простата обырын неғұрлым тиімді емдеу үшін мүмкіндіктер ашады және Қазақстанда онкологиямен күресте маңызды құрал бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/933543
Көкпекті ауданында шаруашылық құрылымдарының және кәсіпкерлердің ортақ қоры ашылды 14.02.2025
Іс — шара аудандағы өмір сүру сапасын жақсарту үшін бизнес өкілдері, фермерлер мен жұртшылықты бір ортақ мақсатпен біріктірді. Шарада ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері ауданның дамуына ат салысуға дайын екендіктерін жеткізді. Қор бұқаралық спорттық-мәдени шараларды қаржыландырып, түрлі бастамаларға демеушілік көмек көрсетеді. Сондай-ақ қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға да қолұшын созбақ. Жас мамандарды қолдау мен оқытуға ерекше назар аударылады. Бұл болашақта ауданды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ететін стратегиялық бағыт. Бастама өндіріс көрсеткіштерін жақсартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, экономикалық өсу және әлеуметтік саланың дамуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934188
Мақаншыдан жәрмеңке келді 14.02.2025
Семейде кезекті мәрте ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Мақаншы ауданы шаруаларының қала тұрғындары үшін әзірлеген жәрмеңкеге халық көп жиналды. Облыс орталығында өткен жылдың қараша айынан бері ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған.Бүгінгі жәрмеңкеге Мақаншы ауданына қарасты ауылдық округтердің шаруалары қатысты. Шаруалар қалалықтардың қыс мезгілінде үлкен сұранысқа ие өнімдерін әкелген.«Біз Семей тұрғындарының сұранысын ескере отырып, жалпы салмағы 1,7 тонна болатын 7 сиыр, 5 бас қой етін, табиғи қоспасыз 20 литр сүт, 20 литр қаймақ, 20 келі май, 20 келі ірімшік әкелдік. Омарташылардың 70 келі балын сатылымға шығардық. Алакөлдің 90 келі балығы мен 50 келі нан өнімдерін сөреге қойып отырмыз», - дейді Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин.Бұдан бөлек көкөністерден 210 келі сәбіз, 1050 келі картоп, 260 келі қырыққабат, 180 келі пиязды нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада саудалады.Мақаншылықтар жәрмеңкені нағыз мерекеге айналдырып жібергендей. «Северный» сауда-логистикалық орталығының ауласына киіз үй тігіп, жәрмеңкеге келушілерге дастархан жайылды. Аудан жастары жәрмеңкешілерге ыстық шәй мен бауырсақ таратып, Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы семейліктердің көңілін көтерді.Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес мұндай жәрмеңкелер мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934225
Камила Харбинде бақ сынайды 14.02.2025
ІХ қысқы Азия ойындарында жарыс жолына шығатын тағы бір спортшымыз Камила Елгазинова. Үржар ауданында дүниеге келген ол шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының спорт шебері.2014 жылдан бері республикалық, 2022 жылдан бастап Әлемдік деңгейдегі жарыстар мен чемпионаттарға қатысып келеді. ҚР Чемпионатының жүлдегері.Абай облысы денешынықтыру және спорт басқармасының берген ақпарына сәйкес, жерлесіміздің алғашқы жаттықтырушысы Ербол Лепсибаев, қазіргі жаттықтырушысы Оксана Яцкая.Камила 9 ақпан күні сағат 11:00-де 5 шақырымдық із қуалау (гонка), 12 ақпан күні сағат 11:00-де 4х5 шақырымда эстафеталық жарыс жолына шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934245
Жарма және Аягөз аудандарындағы нысандарға экскурсия жүргізілді 14.02.2025
Жылу маусымының өту барысын бақылау мақсатында Абай ауданы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырхановпен бірге Жарма және Аягөз аудандарында болды.Жұмыс сапары барысында Шуақ кентіндегі және Шуақ кентіндегі жылу жүйелерінің ағымдағы жұмысы тексерілді. Жауапты тұлғаларға температуралық кестенің тұрақты сақталуын және жылу көздерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.Сонымен қатар, апаттық-құтқару және жөндеу жасақтарының жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үйлердегі, әлеуметтік және әкімшілік нысандардағы температуралық режимге бақылауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді. Азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беріп, жылу жүйесіндегі ақауларды тез арада жою қажеттігіне ерекше назар аударылады.Қазіргі таңда облыста жылу беру маусымы әдеттегідей жалғасуда және тұрақты бақылауда.Сонымен қатар, «Ұлттық мектеп» жобасы аясында Аягөз қаласындағы 600 орындық мектеп құрылысының барысын тексеру жұмыстары жүргізілді. Нысан 2025 жылдың 25 тамызында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында шатырды орнату және үй-жайдың ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда. Нысанның мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын мұқият қадағалап, құрылыс қарқынын жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді.Мұндай білім ошақтарының басты ерекшеліктерінің бірі – жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптар мен үстел ойындары орнатылатын оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындарының болуы. Сондай-ақ мектеп балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін озық бейнебақылау және кіруді басқару жүйелерімен жабдықталады.«Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКҚК үшін 10 төсектік жансақтау бөлімшесінің құрылысы 2025 жылға толықтай қаржыландырылды. Осыған байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарына тексеру жүргізілді.Бүгінгі таңда үй-жайларды ішкі безендіру жұмыстары жалғасуда, заманауи құрал-жабдықтар мен жиһаздар сатып алынуда.Салынып жатқан реанимация бөлімінде реанимация бөлмелері бар емдеу алаңы, медбикелерге арналған посттары бар реанимация палаталары, сондай-ақ жалпы аумақ бар. Бөлім жедел терминалдық жағдайы бар науқастарға жедел және ұзақ мерзімді реанимациялық шараларды жүргізуге арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934246
Денсаулық сақтау жүйесінің 2024 жылғы жұмысы қорытындыланды 14.02.2025
Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қатысты. Кездесуде өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің 2024 жылғы жұмысы қорытындыланып, 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.Мәселен, өткен жылы денсаулық сақтау индикаторларының орындалуына талдау жасалды. Өңірде денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданды.Отырысқа қатысушылар ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударды. Денсаулық сақтау нысандарының ескіруі және ауылдық жерлерде медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселелері де көтерілді. Ұсынылған шешімдердің қатарында жаңа медициналық мекемелер салу және емделушілер үшін жатын орны қорын жақсарту бар.Отырыс барысында медицина саласындағы ашықтық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар айтылды.«Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау енгізілді. Бұл жаңалық жалған және контрафактілік өнімдермен күресуге, сондай-ақ дәрі-дәрмек айналымының заңдылығын бақылауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2024 жылдың қазан айынан бастап облыста «Әлеуметтік әмиян» жобасын іске асыру басталды. Ол халық үшін дәрі — дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және оларды іске асырудың заңсыз схемаларын болдырмайды», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов.Соңында өңірде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934261
Мәжілісте әкімдердің ТЖ жариялау және азаматтық қорғау шараларын күшейту жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту мәселесі талқыланды 14.02.2025
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты мәселелер қаралды. ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов ұсынылып отырған өзгерістер жергілікті атқарушы органға объектілік масштабтағы төтенше жағдайларды өздері жариялауға мүмкіндік беретінін атап өтті.«ЖАО-ға объектілік сипаттағы ТЖ жариялау бойынша өкілеттік беру, әсіресе тұрғын үй объектілерінде зиянды өтеу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жөнінде жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жергілікті бюджет резервтерінен қаражат бөлу рәсімін де жеңілдетеді», - деп министр атап өтті. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар дала өрттерін сөндіруге қажетті ресурстармен, соның ішінде жанар-жағармай материалдарымен, өртті жоюға қатысушылар үшін тамақтану және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге жауапты болады. Өңірлерде азаматтық қорғау оқу орталықтарын құру жоспарлануда, онда мамандар халықты ТЖ жағдайында түрлі қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдарға үйрететін болады. Бұл шаралар төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігін арттыруға, қауіп-қатерлерді азайтуға және жергілікті жерлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/931487
«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды 14.02.2025
2025 жылғы 6 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі басталды. Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасты. Оқу-жаттығудың басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор К.А. Тұрсынбаев. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі. Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 6 ақпанда, сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/932135
SOCAR Midstream Operations Limited және ТЖМ «Теңіз жасағы» АҚ арасында шартқа қол қойылды 14.02.2025
Төтенше жағдайлар министрлігінде Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы мен ҚР ТЖМ «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы арасында шартқа қол қойылды. Іс-шара Каспий теңізіндегі мұнайдың төгілуін жою саласындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде өтті. Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов екі ел үшін де осы маңызды мәселе бойынша жұмыс істеуге дайын екендігі үшін Әзербайжанға ризашылығын білдірді. Әзербайжан тарапынан SOCAR Midstream Operations Limited атқарушы директоры Фархан Әлиев, қазақстандықпен — "Теңіз жасағы" АҚ Басқарма төрағасы Берік Бисалиев келісімге қол қойды. Шартқа қол қою Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылған маңызды оқиға болды, бұл Қазақстанның Каспий теңізінің қазақстандық секторында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықаралық міндеттемелерді орындауға бейілділігін көрсетеді. Тараптар Каспий теңізіндегі авариялық жағдайларға уақтылы ден қоюға бағытталған барлық міндеттемелерді орындау туралы уағдаласты. Бұл оқиға Каспий теңізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның экологиялық флорасы мен фаунасын сақтау бойынша одан әрі ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/932532
«Көктем-2025» РКШОЖ барысында Атырау облысында практикалық іс-шаралар пысықталды 14.02.2025
2025 жылғы 6 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі басталды. Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ТЖ-ны жою іс-қимылдарын пысықтау бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету республикалық штабы Атырау қаласында орналасты. Оқу-жаттығудың басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор К.А. Тұрсынбаев. Оқу-жаттығуға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысты. «Көктем-2025» Республикалық командалық–штабтық оқу – жаттығуы-бұл басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын су тасқыны кезеңінде ықтимал ТЖ жоюға дайындаудың маңызды кезеңі. Біз тек сценарийлерді пысықтап қана қоймаймыз-біз жедел әрекет етудің, үйлестірудің және барлық қызметтердің өзара әрекеттесуінің нақты тетіктерін жасаймыз. Осындай оқу-жаттығулардың арқасында біз халықты және инфрақұрылымды су тасқыны салдарынан қорғау жөніндегі іс – қимылдардың дайындығы мен тиімділігін арттырамыз», - деп атап өтті вице-министр Кеген Тұрсынбаев. Оқу-жаттығудың бірінші күні көктемгі кезеңдегі ТЖ-ны жою үшін тартылатын күштер мен құралдар топтамасының дайындығына келтірілді, ТЖ-ны жою бойынша шешімдер қабылдау және іс-шараларды орындау бойынша іс-шаралар пысықталуда. Республикалық және аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілді. Өңірлерде елді мекендерден қар шығару, автомобиль және теміржол жолдарындағы каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары, сондай-ақ барлық азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, басқа да алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін су басуға неғұрлым бейім елді мекендер айқындалды, онда су тасқыны қаупі төнген және туындаған кезде азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары бойынша өңірлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі. Оқу-жаттығу шеңберінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің дайындығын тексеру мақсатында Атырау облысында су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін ТЖ-ны жоюға азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдарын практикалық пысықтау жүзеге асырылады. Оқу-жаттығу орындары өткен жылғы су тасқыны кезінде орын алған нақты жағдайлар болып табылады. Бесікті ауылының аумағында Аспа елді мекенінен зардап шеккендерді эвакуациялау, сондай-ақ мұз астына түскен көліктерден адамдарды құтқару пысықталды. Операцияға құтқару қызметтері, соның ішінде ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ авиациясы және жетуі қиын жерлерде жұмыс істеу үшін өтімділігі жоғары техника қатысты. Оқу-жаттығудың маңызды элементтерінің бірі уақытша орналастыру пункттерінің дайындығын қамтамасыз ету болды, олар Аспа ауылының тұрғындарына тамақ, медициналық көмек және жатын орындарын ұсына отырып, жайлы тұруды қамтамасыз етті. Оқу-жаттығуда су тасқыны жағдайында көмек көрсетуге дайындалған азаматтық қорғау күштері мен құралдарына да маңызды рөл берілді. Оқу-жаттығудың соңғы кезеңі су тасқыны қаупі төнген және орын алған кезде қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді арттыруға бағытталған өңірлік тактикалық-арнайы жаттығулар болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/932577