Ғылым
Жыл басынан бері қазақстандықтар ауылшаруашылық жәрмеңкелерінен 7,9 мың тонна өнім сатып алған 26.11.2025
Өткен демалыс күндері еліміздің барлық өңірінде республикалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Іс-шараға 1300-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен кәсіпкер қатысып, жәрмеңкелерге келгендердің жалпы саны 170 мыңға жуықтады. Негізгі сұраныс ет өнімдеріне бағытталды. Барлығы 300 тоннадан астам ет сатылды. Сиыр еті бағасы келісіне 2 500–3 500 теңге аралығында болды.Астанада жәрмеңке барысында 20 тонна сиыр еті 3 000–3 500 теңгеден сатылды. Сонымен қатар 1 тонна құс еті (1 500 тг/кг), 1 тонна ұн (280 тг/кг), 0,5 тонна макарон (300 тг/кг), 0,5 тонна күріш (400 тг/кг) және 0,2 тонна қарақұмық (250 тг/кг) саудаланды. Күнбағыс майы 900 теңгеден 0,1 тонна, ал сары май 4 000–4 200 теңгеден 0,2 тонна көлемінде сатылды. Алматы қаласының тұрғындары шамамен 20 тонна ет өнімдерін сатып алды. Шымкентте жәрмеңкеге 258-ге жуық кәсіпкер қатысты. Олардың қатарында Түркістан облысының ет өндірушілері, көтерме жеткізушілер және шаруа қожалықтары болды. Тұрғындар әлеуметтік маңызы бар сиыр еті бағасының қолжетімді екендігін атап өтті. Сонымен бірге барлық санаттағы сиыр етіне, соның ішінде жұмсақ бөліктеріне де бағаны төмендету жөнінде ұсыныстар білдірілді. Басқа әлеуметтік тауарлар бойынша бағалар нарықтық және бөлшек сауда желілеріне қарағанда әлдеқайда қолайлы деп бағаланды.Республика бойынша өткен жәрмеңкелерде ет өнімдерімен қатар көкөністер, жеміс-жидек, жарма түрлері және сүт өнімдері ұсынылды. Ең қолжетімді тауарлар картоп, сәбіз және пияз болды. Картоптың орташа бағасы – 200 теңге, сәбіз – 250 теңге, пияз – 220 теңге. Келушілер жәрмеңкенің ыңғайлылығын, бағаны салыстыру мүмкіндігін және сапалы өнімді төмендетілген бағамен алу артықшылығын атап өтті.Батыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық жәрмеңкелері екі орында өтті. Өңірдің тауар өндірушілері ұсынған өнім қатарында кондитерлік және шұжық өнімдері, күнбағыс майы, сүт тағамдары, жұмыртқа, бал және басқа да тауарлар болды. Шаруа қожалықтары картоп, құс еті, үйрек, қаз, түйетауық, сондай-ақ сиыр, жылқы және шошқа етін саудалады. Барлық өнім жоғары сапасымен және қолжетімді бағасымен ерекшеленді. Мәселен, сиыр және жылқы еті 2 700–2 800 теңгеден, картоп 130 теңгеден, пияз бен қырыққабат 100 теңгеден, С1 санатындағы жұмыртқа 52 теңгеден ұсынылды.Өскемен қаласында сенбі күні бес ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Марқакөл ауданынан келген фермерлер 2 тонна сиыр етін 3 000 теңгеден, 3 тонна жылқы етін 2 800 теңгеден және 3 тонна қой етін 3 200 теңгеден жеткізді. Бұдан бөлек, бал, сүт өнімдері, ірімшік, сары май және басқа да тауарлар да тиімді бағамен сатылды. Қаланың өзге жәрмеңкелерінде де түрлі ет өнімдері, сүт тағамдары, бал, көкөніс, жеміс-жидек және табиғи өнімдер кеңінен ұсынылды. Бір күн ішінде шамамен 5 тонна сиыр еті, 4 тонна жылқы еті, 5 тонна қой еті, 10 тонна көкөніс, 2 тонна құс еті және бірнеше тонна басқа да ауылшаруашылық өнімдері сатылды.Жәрмеңкелердегі бағалар нарықтық деңгейден төмен болды: картоп – 200 теңге, сәбіз – 150 теңге, қырыққабат – 140 теңге.Жыл басынан бері елімізде 504 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, онда жалпы көлемі 7,9 мың тонна өнім 5,3 млрд теңгеге саудаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1113010?lang=kk
Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданды 26.11.2025
Қостанай облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев Қазақстан Республикасы Президентінің Орталық Азияда және елімізде алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» Заңға қол қоюына байланысты өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме берді.Пікір білдіру барысында жаңа заң цифрлық технологияларды жауапты әрі қауіпсіз дамыту жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді.Құжат жасанды интеллектті экономикаға, мемлекеттік қызметтерге және әлеуметтік салаға енгізуге құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ авторлық құқық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ведомство басшысы нейқауіпсіздік жүйесіндегі жіктеу мәселесіне тоқталып, негізгі терминдерді түсіндіріп, ұлттық платформаны дамыту келешегін талқылады.Азамат Кашиев өңірлік органдар жаңа нормативтік талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелерді бейімдеуге дайындықты бастап кеткенін атап өтті. Сонымен бірге жасанды интеллект технологияларын өмірдің өзге салаларына енгізу мәселелері де қарастырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1112881?lang=kk
Сауда министрлігі азық-түлік нарығын тұрақтандыруға арналған жаңартылған шаралар пакетін талқылады 25.11.2025
24 қарашада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев инфляция деңгейін тежеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, қаржылық мониторинг агенттігі мен өңір әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Кеңес барысында министр жыл басынан бері 160 негізгі азық-түлік тауарлары бойынша баға өсімі 11 пайызға жеткенін атап өтті. Дегенмен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің баға индексі тұрақты. Қараша айының үш аптасында өсім минииал 0,1 пайызды құрады. Апта сайынғы мониторинг, өндірушілер және сауда желілерімен тікелей жұмыс, мемлекеттік бақылау мен тұрақты жәрмеңкелер бағаны ұстап тұруда маңызды рөл атқаруда. Кеңесте Сауда министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова азық-түлік қоржынының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Тізбе құрамына қосымша көкөніс, жеміс-жидек, сүт, ет және балық өнімдерін енгізу ұсынылуда. Бұл шара шекті сауда үстемесін кең ауқымды тауарларға қолдануға және делдалдық тізбектің ықпалын азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа тізбе мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен, салалық қауымдастықтармен, сауда желілері мен импорттаушылармен талқыланады. Сонымен қатар өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларын ірі көлемде импорттайтын компаниялар мен оларды жеткізушілердің тізімі айқындалды. Бағаны тұрақтандыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және импорттың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында орталық және өңірлік деңгейде келіссөздер өткізу жоспарланып отыр. Талқылау барысында министр Арман Шаққалиев өңірлердің жұмысына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде әрбір өңірге инфляцияға ең көп ықпал ететін негізгі тауарлардың тізімі ұсынылады және жаңа тәсілдің қағидаты түсіндіріледі. «Біз әр тауар бойынша нақты жағдайды көрсететін алгоритм жасадық. Ол баға қай фактордан өсіп жатқанын – логистика ма, маусымдық құбылыс па, импорт па, әлде өндіріс пен тұтыну теңгерімі ме – толық көрсетеді. Мұндай тәсіл жедел әрекет етуге және негізсіз қымбаттаудың алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе тікелей реттеуге жатпайтын тауарлар үшін бұл аса маңызды. Басты мақсат – әр өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етіп, әр отбасы жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесін сезінуі», – деді Арман Шаққалиев. Кеңесте жәрмеңкелер мен «Береке Fest» форматындағы ауқымды акцияларды жалғастыру мәселесі де қаралды. Мұндай іс-шаралар халықты қолжетімді ет, көкөніс және басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Астана тәжірибесін негізге ала отырып, арзандатылған еттің тікелей жеткізілімін кеңейту жоспарлануда. Сонымен бірге Иран, Пәкістан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін жеңілдетілген тәртіппен импорттау тетігі сақталатыны расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1111751?lang=kk
Қостанайда жұмысшы мамандықтар жылына орай «Ел тірегі – еңбек адамы» республикалық патриоттық форумы өтті 25.11.2025
Қостанай қаласында «Ел тірегі – еңбек адамы» республикалық патриоттық форумы өтті. Бұл шара Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылып, оның мақсаты — еңбек адамының мәртебесін көтеру, жұмысшы мамандықтарды насихаттау, техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту, жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту болды.Форум бағдарламасы 2025 жылғы 23 қараша күні Қостанай автомобиль көлігі колледжінде өткен «Кәсіпке бағыт – болашаққа жол: техникалық және кәсіптік білімнің рөлі» атты семинардан басталды. Семинарда жұмысшы мамандықтарға қойылатын қазіргі талаптар, дуалды оқыту жүйесін кеңейту және техникалық кадрларды даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланды.Форумның екінші күні, 24 қарашада, қатысушылар Міржақып Дулатұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, кейін «IQOSTANAY» смарт-орталығында негізгі іс-шараға — «Ел тірегі – еңбек адамы» патриоттық форумына жиналды.Форумда ерекше назар аударылған еңбек династиясы – Кәкімжановтар отбасы. Әулиекөл өңірінің қадірлі азаматы Дәуренбек Қабжанұлы бұрынғы «Тимофеев» кеңшарының озат еңбеккерлерінің бірі болған. Оның ұлы Мадияр әкесінің жолын жалғастырып, жеке шаруа қожалығын ашып, Соснов ауылындағы тұрғындарға жұмыс беріп, жергілікті қоғамға үлес қосты. Ал Шыңғыс әулеттің үшінші буыны ретінде ауыл шаруашылығы саласында кәсіби шеберлігін көрсетіп, облыстық және республикалық конкурстардың жеңімпазы атанды. Форумда Шыңғыстың еңбегі ерекше атап өтіліп, марапатты оған ҚР Еңбек Ері Сайран Бұқанов табыс етті.Сондай-ақ форумға арнайы келген қонақтардың бірі — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков болды. Ол еңбек жолын колледжде өндірістік оқыту шебері болып бастаған, кейін түрлі жетекшілік қызметтер атқарған тәжірибелі маман. Форумда депутат өңірлік университеттің биология және химия кафедрасының оқытушысы Елена Симанчукты марапаттады. Елена Александровна өз сөзінде патриотизм нақты іспен көрінетінін, ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларды енгізудің ел экономикасына қосқан үлесін атап өтті. Ол студенттердің білімін тек теориямен шектемей, практикалық тәжірибе арқылы жетілдірудің маңыздылығын да ерекше атады.Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бахытжан Нарымбетов қатысушыларды құттықтап, форумның маңыздылығын атап өтті:«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмысшы мамандықтар жылын жариялай отырып, еңбектің маңыздылығын ерекше атап өтті. Қостанай өңірі қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптік орталыққа айналып отыр. Жаңа кәсіпорындар, соның ішінде жоғары технологиялық KIA зауыты ашылды, құрғақ порт пен логистика дамып, аймақтың халықаралық маңыздылығы артты.Бүгінде өңірде 22 мыңнан астам жас техникалық және жұмысшы мамандықтарды меңгеріп, олардың көпшілігі тәжірибені өндіріс орнында жинақтап отыр. Бұл білікті мамандарды даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі.Қадірлі жастар! Сіздер — елдің болашағын қалыптастыратын мамандарсыздар. Адал еңбек — абырой, ал абырой — болашаққа жетелейтін баспалдақ. Сіздерге зор табыс, үлкен жетістіктер тілеймін!»Форумға Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан жас мамандар мен тәжірибелі оқытушылар қатысты. Іс-шара қатысушыларға тәжірибе алмасу, кәсіби мәселелерді талқылау және өңірлік кадрлық әлеуетті нығайту мүмкіндігін берді.Форум, еңбек, кәсіби шеберлік және патриоттық құндылықтарды насихаттай отырып, жастарды болашаққа дайындайтын алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1111593?lang=kk
Көліктен мүлікке дейін: тұтынушылардың резонанс тудырған істеріне шолу 24.11.2025
Соңғы уақытта тұтынушылардың құқығын қорғау саласында бірқатар резонанс оқиғалар тіркелді. Біз адамдар өз құқықтары бұзылғанда қалай әрекет еткенін және әділдікке қалай қол жеткізгенін көрсететінең маңызды жағдайларға шолу жасадық. Бұл оқиғалардер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын және оқиғаға білікті мамандар араласқанда істің қалай өзгеретінін көрсетеді. Жалпы түскен өтініштердің басым бөлігі автокөлік сатып алуға қатысты болды. Алматы қаласында бірнеше тұтынушы жаңа сатып алынған көліктердің ақауы бар екенін байқаған. Бір алматылық тұрғын қозғалтқыштағы күрделі ақауды байқап, заңгерденкеңес алғаннан кейін көліктің толық құнын, яғни 6,99 млн теңгені қайтарып алды. Басқа бір сатып алушы өз автокөлігінде беріліс қорабында ақау, артқы камерасының істемейтінін және жанармай багының қақпағының ашылмайтынын анықтаған. Департамент мамандарының кеңесінен соң оған автосалон 14,9 млн теңгені толық көлемде қайтарды. Тағы бір автокөлік иесі беріліс қорабындағы ақауды анықтап, мамандардың қолдауымен 13,9 млн теңгесін қайтарып алды. Шымкент қаласында электромобиль иесінің оқиғасы көпшіліктің назарын аударды. Ол көліктің жүріс қоры өндірушінің көрсеткен мәліметіне сәйкес келмейтінін байқап, бұрын пайдаланылған батареялардың қолданылған болуы мүмкін деген күмән туындады. Мәселе мамандар арқылы шешілгеннен кейін сатушы тұтынушыға 21 млн теңгені қайтаруға келісті. Ұлытау өңірінде басқа бір тұрғын жаңа автокөліктің қозғалтқышы мен кондиционер жүйесінде ақау бар екенін анықтады. Кеңестер мен келіссөздерден кейін автокөлік толықтай жаңа көлікпен ауыстырылды, оның құны 9,09 млн теңгені құрады. Бұл жағдай даулы мәселені тиімді шешудің жарқын мысалы болды. Жылжымайтын мүлік нарығында да маңызды оқиғалар болды. Алматыда бір әйел келісімшартта көрсетілген мерзім өтіп кеткеніне қарамастан өз пәтерін ала алмаған. Мердігер әртүрлі себептерді алға тарттып, пәтер кілтін беруді кейінге қалдырып келген. Құқықтық кеңес алғаннан кейін оған алдын ала төленген 7,2 млн теңге қайтарылды. Шымкентте тағы бір тұрғын жеке себептерге байланысты сатып алған пәтерден бас тартқысы келген, бірақ сатушы қаражатты қайтарудан бас тартты. Департаменттің араласуының арқасында мәселе оң шешімін тауып, тұтынушы 37 млн теңгені қайтарып алды. Актөбе облысында туристік агенттіктерге қатысты бірнеше шағым түсті. Тұтынушылар алдын ала төленген турға бара алма қалған. Жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен консультациялар нәтижесінде жеті азаматқа 1,2 млн теңге қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында ерекше оқиға тіркелді. Департамент бірден он сегіз тұтынушының құқығынқорғау үшін сотқа жүгінді. Тұрғындар жиһазға тапсырыс берген, бірақ тауарды ала алмаған. Сот талапты толық қанағаттандырып, кәсіпкерлерді 11,2 млн теңгені қайтаруға міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1111242?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ 23.11.2025
ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫШымкент қаласында Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл бастама Шымкент қаласының әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасында 2025-2028 жылдары бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында іске асырылып отыр.Жаңа консулдықтың ашылуы Франция мен Шымкент қаласы арасындағы дипломатиялық, экономикалық, мәдени және ғылыми байланысты одан әрі нығайтуға серпін береді. Сонымен қатар, өңірге инвестиция жұмылдыруға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.Консулдық сауда-экономикалық байланыстарға көмектесу, Қазақстандағы Франция азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғауға қолдау көрсету, құжаттарды (паспорттар, визалар және т.б.) алуға байланысты көмек көрсету, француз тауарлары мен қызметтерін жергілікті нарықта ілгерілету, екі ел арасындағы экономикалық, ғылыми және сауда ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ, мәдени және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға қолдау көрсету бағыттары бойынша қызмет көрсетеді.Францияның Шымкент қаласындағы Құрметті консулдығының ашылуы өңірдің халықаралық серіктестікке ашықтығын айқын көрсетіп, Шымкенттің жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал ететін маңызды қадам болып саналады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1110557?lang=kk
Облыстың барлық аудандарында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда 22.11.2025
Өңірде көше-жол желесін жаңарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде де жүзеге асырылуда. Бұл тәсіл қала мен ауыл тұрғындары арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты азайтып, сапалы инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.Қаржыландыру көлемінің айтарлықтай өсуіСоңғы үш жылда жол жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемі едәуір өсті.2022 жылы осы мақсаттарға 8,5 млрд теңге бөлінген.2023–2024 жылдары қаржыландыру жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін өсті.Биылғы жылы 103 елді мекенде 400-ден астам көшені жөндеуге 29 млрд теңге бағытталған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп.Қаржыландыру көлемі бойынша өңір елімізде көшбасшылардың қатарында, кейбір өңірлерді 9 есеге дейін озып отыр.Облыс орталығындағы жұмыстарАрнайы назар облыс орталығына аударылған. 2024 жылы Қостанай қаласының көшелері мен аула аумақтарын жөндеуге 8,2 млрд теңге бөлініп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе, ал 2022 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп.Жөндеу жұмыстары 85 көше бойында, жалпы ұзындығы 51 км көлемінде жүргізілді.Ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуыӨңірде республикалық маңызы бар жолдарда да жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Орталық–Батыс» жобасы жүзеге асырылуда — Астанадан Арқалық, Торғай, Иргиз арқылы Транскаспий халықаралық дәлізіне шығатын жаңа маршрут салынады.Жаңа бағыт 560 км қысқартады және 13 елді мекенді, шамамен 70 мың адамды қамтиды.Сонымен қатар, Арқалықтан Ұлытауға қарай жол жөндеу жұмыстары аяқталуда, қала әуежайын қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілуде.Жыл қорытындылары және экономикалық әсеріЖалпы, биыл облыстың жол жағдайын жақсартуға 103 млрд теңге бөлініп, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 40% артық (2024 жылы — 73,8 млрд теңге). 1 300 км автожолдар жөнделді.Жол инфрақұрылымын дамыту тек жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлы жағдай жасайды. Оның үстіне, көлік ағынына оң әсерін тигізіп отыр: ағымдағы жылдың он айында жүк тасымалы көлемі 33,9% өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1110434?lang=kk
Минскіде өткен сауда-экономикалық миссия қорытындысы бойынша 5 миллион долларлық келісімшарт жасалды 21.11.2025
Минскіде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы аясында Ұлттық майлы дақылдар өңдеушілер қауымдастығы мен Беларусь елінің «Дары полей плюс» компаниясы арасында 5 миллион доллар сомасындағы келісімшартқа қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан өндірушілерінің өнімдерін сатып алуды көздейді және екі елдің бизнес өкілдері арасындағы келіссөздердің негізгі нәтижесі болды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Беларусь тараптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірнеше маңызды құжатқа қол қойды. QazTrade пен Беларусь Ұлттық әмбебап тауар биржасы арасындағы ынтымақтастық меморандумы тәжірибе алмасуға, казахстандық компаниялардың биржалық саудаға қатысуына, электрондық алаңдарды дамытуға және бірлескен іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Беларусь биржасы өңірдегі ең ірі спот алаңы болып саналады, онда жыл сайын 500 мыңнан астам операция жүзеге асырылып, жалпы сомасы 4 миллиард доллардан асады. Тағы бір маңызды құжат – QazTrade пен Беларусь Ұлттық маркетинг орталығы арасындағы меморандум. Онда аналитикалық мәліметтермен алмасу, өнімдерді ілгерілетуге қолдау көрсету, серіктестерді іздеу, бизнес-миссиялар мен оқу бағдарламаларын ұйымдастыру көзделген. Бұл келісімдер казахстандық өндірушілердің Беларусь нарығына шығуын жеңілдетіп, компаниялар арасындағы кооперацияны жүйелі етеді.QazTrade Бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров миссияның нәтижелері сауданы дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті: «Қазақстан мен Беларусь кооперацияда үлкен әлеуетке ие. Тараптар жеткізілімдерді кеңейтуге, жаңа нарықтарды игеруге және бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға мүдделі», – деді ол. Келіссөздің жеке бөлігі өнеркәсіптік кооперацияға арналды. Қазіргі уақытта 11 бірлескен жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде тракторлар, ауыл шаруашылығы техникасы, автотехника және лифттер шығарылады. Минскіде тараптар жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Карьерлік самосвалдарды жинау, құрылыс саласында кооперацияны дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кешенінде тауарлық-сүттік фермаларды құру жоспарлары қаралды. Екі елдің бизнес қауымдастығы қосымша келісімдерге қол жеткізді. «АстанаИнжКомСтрой» компаниясы «Изоком Пласт» компаниясымен Қазақстанда армирленген құбырларды шығару және өнім жеткізу бойынша меморандумға қол қойды. ТОО ARBA WINE «Бульбашь» зауытымен казахстандық шарап жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде, экспорттық келісімшартқа дайындық жүріп жатыр. Ұлттық майлы дақылдар өңдеушілер қауымдастығы 5 миллион долларлық келісімнен басқа, «ПраймФортГрупп» ЖШС-пен ынтымақтастық меморандумына да қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1110071?lang=kk
Абай облысында азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне қарсы бақылау шаралары күшейтілді 21.11.2025
Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының негізсіз қымбаттауын анықтау бағытында мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мониторинг топтары кәсіпкерлердің бағаны заң талаптарына қайшы түрде көтеру жағдайларын тіркеуде. Кезекті тексерістер барысында сауда үстемесінің белгіленген нормадан асып кеткені бірнеше рет анықталды. Семей қаласында жеке кәсіпкер «Барские» тұзын 108 теңгеден сатып алып, 150 теңгеден сатқан. Бұл сауда үстемесінің 39 пайызға жетуіне себеп болды және белгіленген 15 пайыздық шекті екі еседен астам асырды. Әлеуметтік павильондардың бірінде де заңбұзушылық тіркелді. Қарақұмық жармасы 175 теңгеден, «Ақмаржан» күріші 350 теңгеден сатып алынғанымен, сату бағасы тиісінше 220 және 440 теңге болған. Сауда үстемесі 25,8 пайызды құрап, талаптардың тікелей бұзылуына әкелді. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Курчатов қаласында Департамент мамандары заңбұзушылықтың қайталанғанын анықтады. Кәсіпкер «Баракат» күрішін 480 теңгеден алып, 580 теңгеден сату арқылы 20,9 пайыздық үстеме қолданған. Нәтижесінде оған 19 660 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Департамент сатушылардың дүкен сөрелерінде нақты және дұрыс баға белгілерінің болуын қамтамасыз етуге міндетті екенін ескертеді. Бағасы көрсетілмеген, қате көрсетілген немесе теңгемен белгіленбеген тауарлар бойынша да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жыл басынан бері осы талаптардың бұзылуына байланысты 17 әкімшілік қаулы шығарылып, жалпы сомасы 480 мың теңге айыппұл салынды. Мониторинг жұмысы тек сауда нысандарымен шектелмейді. Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, электронды шот-фактураларға талдау жүргізілуде. Бұл механизм әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қозғалысын бақылауға, артық делдалдық буындарды анықтауға және негізсіз қымбаттауға жол бермеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, мұндай тауарларға сауда үстемесі 15 пайыздан аспауға тиіс. Бұл талапты бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерге 5 АЕК, орта бизнеске 35 АЕК, ірі кәсіпкерге 150 АЕК айыппұл салынады. Бір жыл ішінде талапты қайта бұзған жағдайда айыппұл сомасы екі есеге артады. Жыл басынан бері Абай облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сауда үстемесін 15 пайыздан артық қолданғаны үшін жалпы сомасы 856 мың теңгені құрайтын 119 әкімшілік қаулы қабылдады. Тұрғындарды қолжетімді тауарлармен қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылау шаралары алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1109737?lang=kk
Беларусь елінде Қазақстанның сауда үйі ашылады 20.11.2025
Минскіде Қазақстанның сауда экономикалық миссиясы өтіп жатыр. Миссияның басты бағыты Қазақстанның сауда үйін құру жұмыстарын бастау болды. Сауда үйі Беларусь нарығында қазақстандық тауарлардың тұрақты өкілдігіне айналады. Жоба кезең бойынша жүзеге асырылып, екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Барлық жұмыс кезеңдерін ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы QazTrade үйлестіреді. Алғашқы кезеңде қазақстандық өнімдердің тізімі анықталып, оларды Беларусь елінің бөлшек сауда желілеріне шығару арналары айқындалды. Келесі кезеңдерде өнім ассортиментін кеңейту, серіктестік бағдарламаларды дамыту және офлайн сауда алаңын ашуға дайындық жүргізу жоспарланып отыр. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұл бастаманың Қазақстан тауарларын Беларусь нарығына жүйелі түрде ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Минскідегі жұмыс сапары аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті Беларусь Республикасының Премьер министрі Александр Турчин қабылдады. Тараптар келіссөз барасында Беларусь Республикасында QazTrade базасында Қазақстанның сауда үйін құру туралы уағдаласты. Сондай-ақ тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, тауар айналымының тұрақты өсімі мен оны одан әрі арттыру әлеуетін атап өтті. «Біз өзара сауда көлемін арттырудың нақты әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстан компаниялары жаңа нарықтарды игеруге дайын. Ұсынылып отырған механизм бұл жұмысты тиімді жүргізуге жол ашады», – деді Арман Шаққалиев. 2025 жылдың сегіз айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 739,5 миллион долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9 пайызға өсті. Қазақстанның Беларусьқа экспорты 183,2 миллион долларды құрап, 55,2 пайызға артты. Беларусьтан Қазақстанға импорт көлемі 556,3 миллион долларды құрап, 11,6 пайызға көбейді. Өнеркәсіп кооперациясы да ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Қазіргі уақытта жалпы құны 204 миллион доллар болатын 12 бірлескен жоба іске асырылып жатыр. Аталған жобалар аясында шамамен 1,7 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Бірлескен кәсіпорындарда тракторлар, астық және мал азығын жинау комбайндары, қозғалтқыштар, өрт сөндіру және коммуналдық техника, лифт жабдықтары, карьер және шахта техникасы құрастырылады. Қазіргі кезде өндірістердің локализация деңгейін арттыру және өнім шығару көлемін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Александр Турчин Қазақстанмен қарым қатынас Беларусь үшін маңызды екенін атап өтті: «Қазақстан Республикасымен қарым қатынасымыз ерекше мәртебеге ие. Екі ел басшыларының күш жігерінің арқасында қалыптасқан бұл қатынастарды біз жоғары бағалаймыз. Барлық мәселелер Үкіметтің ерекше бақылауында», – деді ол. Миссия аясында бизнес форум мен екіжақты келіссөздер өтті. Компаниялар жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады. QazTrade және Беларусь әмбебап тауар биржасы биржалық сауда саласында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай ақ QazTrade пен Ұлттық маркетинг орталығы аналитикалық деректер алмасу және тауарларды ілгерілету мәселелері бойынша меморандумға қол қойды. Бұл келісімдер қазақстандық өндірушілердің Беларусь нарығына шығуын жеңілдетіп, екі елдің экономикалық байланыстарын одан әрі нығайтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1109044?lang=kk
NFA Expo-2025: Орталық Азияның азық-түлік емес тауарларының басты көрмесі әлемдік өндірушілерді Алматыда жинайды 20.11.2025
26-28 қараша аралығында «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында NFA EXPO-2025 4-ші халықаралық көрмесі өтеді. Орталық Азияның негізгі алаңында Қазақстанның, ТМД елдерінің, Еуропа мен Азияның өндірушілері, байерлері, сауда желілері мен маркетплейстерінің өкілдері жиналады. Қатысушыларды жаңа келісімшарттар, b2b-кездесулер және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктері күтеді. Биыл алғаш рет экспозиция бөлшек сауда технологиясының жаңа бағытымен кеңейтілді. Мұнда заманауи бөлшек саудаға арналған IT-шешімдер, сандық құралдар, маркетинг, дизайн, жабдықтар және қызметтер ұсынылады. Экспозицияның негізгі бөлімдері: «үй тауарлары, ыдыс-аяқ, үй шаруашылығына арналған тауарлар мен тұрмыстық техника», «тоқыма және интерьер», «косметика, парфюмерия және гигиена құралдары», «тұрмыстық химия», «сыйлықтар, кәдесыйлар, жылдық және мерекелік өнімдер», «саяжай мен демалыс тауарлары» және де «кеңсе және балалар тауарлары». Биылғы көрмеге Қазақстан, Италия, Қытай, Латвия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Украина және Беларусь компаниялары қатысады. Көрмеге қатысушылар арасында 2К, All-trade, Aprel Uz, Baraka, Joby Home, KLEESOFT KZ, Lafarfor, Liby, Royal Farfor, Satbayev University, TS Kitchen, Zeta, H.A. Brieger және басқалары бар. Қытайдың ұлттық экспозициясы Чжэцзян, Шаньдун, Сычуань, Гуандун және Цзянсу провинцияларының жетекші өндірушілерін, соның ішінде Guangzhou Fresh World Electrical Appliance, Ningbo Klinsmann Intelligent Technology, Guangdong Zoncenway Electric Technology, HUARUN Trade, Sunshine (Guangzhou) Ltd. және ондаған басқа компаниялардың басын қосады. Биылғы жылы меншікті сауда маркаларын (МСМ) дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылардың жартысынан көбі бөлшек саудагерлерге private label өндіріс келісімшарттарын ұсынады. NielsenIQ мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда Қазақстанда азық-түлік емес тауарлардағы МСМ үлесі екі есеге жуық өсті. Сатып алушылардың 60% - дан астамы айына кемінде бір рет болса да меншікті сауда маркаларын таңдайды. Кәсіби аудитория үшін келесі шаралар ұйымдастырылады: -Байер бағдарламасы мен b2b сессиялары, Magnum, Small, Анвар, Airba Fresh, Toimart, Korzinka, Wildberries, Flip.kz, Fix Price, bi1, Globus желілерінің қатысуымен «сатып алушы–жеткізуші» шарасы. -Бизнеске арналған кеңес беру орталығы. Өндірушілерге арналған шикізат, орау, сертификаттау, логистика және қаржылық шешімдер. Көрменің үш күні жүздеген брендтер мен келісімшарттарға және де эксклюзивті премьераларға толы болады. Қонақтарды көтерме сатып алу, жаңа өнімдерді ұсыну, технологияларды көрсету және жеңілдік бағдарламалары аясында арнайы шарттар күтуде. NFA Expo-2025 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткізіледі. Өтетін күндері: 2025 жылдың 26-28 қарашасы аралығында Орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» КІЫО, № 11 павильонТолығырақ: www.non-food.asia БАҚ аккредиттеу: Ләззат Сағындықова, +77017776917 (WhatsApp, Telegram), press.service891@gmail.comАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1108836?lang=kk
Әлеуметтік тауарлар бағасын негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды 18.11.2025
Министерство торговли и интеграции РК продолжает системную работу по предотвращению нарушений в сфере торговой деятельности и сдерживанию роста цен на социально значимые продовольственные товары. На постоянной основе по всей стране действуют региональные комиссии, которые расследуют посреднические схемы и анализируют цепочки ценообразования, позволяя оперативно выявлять непродуктивных посредников и случаи необоснованного удорожания продуктов. С начала текущего года местные исполнительные органы провели 960 заседаний региональных комиссий. В ходе этой работы выявлено 2727 непродуктивных посредников и фактов превышения торговой надбавки. По 2342 случаям составлены административные протоколы, а 385 посредников исключены из цепочек поставок. Эффективность деятельности комиссий повышена за счет участия представителей АФМ, АЗРК, КГД и других государственных органов. На заседания приглашаются производители и предприниматели, которым разъясняются требования законодательства, включая соблюдение нормы торговой надбавки. Параллельно продолжается совместный анализ электронных счетов-фактур в рамках пилотного проекта по прослеживаемости социально значимых продовольственных товаров. Этот инструмент позволяет быстро выявлять необоснованное повышение цен и наличие лишних посреднических звеньев. С начала года проанализировано более 10 миллионов цепочек поставок, в которых выявлено 914 рисков нарушения торгового законодательства. По итогам этой работы территориальными департаментами вынесено 2438 административных постановлений за превышение торговой надбавки свыше 15 процентов по статье 204-4 КоАП РК. Среди них 1267 штрафов на сумму более 50,8 миллиона тенге и 1171 предупреждение. Анализ ЭСФ также позволил установить конкретные случаи необоснованного завышения цен на социально значимые товары. К примеру, в Западно-Казахстанской области ИП «Жулдыз» закупала соль «Илецкая» по 55 тенге за кг, реализуя её по 90 тенге. Торговая надбавка составила 63,6%. В области Ұлытау ИП Байкенжинова З.М. приобретала подсолнечное масло «Шедевр» (1 л) у АО «Eurasian Foods Corporation» и продавала его по 1100 тенге, допустив надбавку 22,22%. В Костанайской области ИП Кащенко И.Л. закупала лук и реализовывала его по завышенной цене 150 тенге за кг, при торговой надбавке 50%. По итогам выявленных нарушений в отношении указанных предпринимателей применены меры административного реагирования за превышение допустимой торговой надбавки в соответствии со статьёй 204-4 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1107560?lang=kk
ТАРИХИ ТАҢДАУ: ЕГЕМЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА 35 ЖЫЛ 17.11.2025
Қостанайда ашық сұхбат алаңы өтті.Қостанайда Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануына 35 жыл толуына арналған маңызды қоғамдық шара өтті. 17 қараша күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Смарт орталығында өткен «Тарихи таңдау» атты сұхбат алаңы аймақтың сарапшылары мен белсенді жастарын бір арнаға тоғыстырды. Жиынға мемлекеттік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері қатысты.Шараны модератор Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы ашып, қонақтарды таныстыра отырып, 1990 жылы қабылданған Декларацияның Қазақстанның болашақ тәуелсіздігіне жол ашқан тарихи һәм саяси мәнін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат елде жаңа қоғамдық ойдың, жаңа саяси кезеңнің қалыптасуына серпін берген.Алғашқы сөз Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Айбек Батырханович Шалгимбековке берілді. Ол Декларацияның құқықтық және саяси салмағын жан-жақты ашып, оның сол кезеңдегі қоғамдық өзгерістердің қозғаушы күші болғанын атап өтті. Ғалымның айтуынша, бұл тарихи акт ұлттық сана мен мемлекеттік дербестік идеясын нығайтты.Келесі болып сөз алған гуманитарлық ғылымдар магистрі, философия кафедрасының оқытушысы және факультет деканының орынбасары Руслан Батырханович Жусупов егемендік ұғымының қазіргі қоғамдағы құндылықтар жүйесімен байланысын талдады. Ол бүгінгі буынның тарихи сабақтастықты түсінуі мемлекеттің әрі қарайғы дамуына ықпал ететінін алға тартты.ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының доценті, полиция подполковнигі Мырзабек Сардарбекұлы Тойғанов өз сөзінде егемендік алғаннан кейін құқық қорғау саласында жүргізілген реформаларға тоқталды. Оның айтуынша, мемлекеттік тәуелсіздік – құқықтық жүйені жаңғыртуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер ашқан маңызды кезең.Жиынға қатысқан жастар өкілі, 3 курс студенті және «Жастар Рухы» жастар қанатының жетекшісі Еркеназ Пернебекқызы Есенбет қазіргі жастардың азаматтық белсенділігі мен тарихи санасының маңызын ерекше атап өтті. Ол егемендікті ұлықтау — ұлттық бірегейлік пен жауапкершілікті күшейтетін құндылық екенін жеткізді.Басқосу мазмұнды пікір алмасумен жалғасып, қатысушылар тарихи датаның бүгінгі қоғам үшін маңызын әр қырынан талқылады. Егемендік жылдарындағы түбегейлі өзгерістер сараланып, жастардың осы құндылықтарды ұғынуындағы рөлі сөз болды.Шара соңында модератор Марғұлан Абдоллаұлы Қазақстанның егемендікке жасаған тарихи қадамы — ұлт тағдырындағы шешуші кезең екенін атап, мұндай кездесулердің жас ұрпаққа бағыт-бағдар берудегі рөлін ерекше бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1106894?lang=kk
Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің еңбеккерлері мен ардагерлері! 16.11.2025
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл шаруашылығы саласы әрқашан мемлекеттің назарында екенін атап өтті. Ол осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беретінін атап өтті.Ел Президенті барлық ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, бұл нағыз еңбек адамдарын құрметтейтін күн екенін атап өтті.Өз тарапымнан баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!Сіздердің еңбектеріңіз - елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі және өңір экономикасының дамуына маңызды үлес болып табылады. Сіздердің адалдықтарыңыздың арқасында агроөнеркәсіптік кешен тұрақты дамып келеді, ал облысымыздың өнімдері тек аймақ ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие.Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, картоп пен көкөністердің лайықты өнімі жиналды. Астықтың жалпы өнімі 7 миллион тоннаға жетті - бұл соңғы онжылдықтағы ең жақсы нәтиже. Мал шаруашылығы дамып келеді: мал мен құс саны артып, ет, сүт және жұмыртқа өндірісі өсуде.Өңірімізде жаңа инвестициялық жобалар іске асырылуда, шаруашылықтар жаңғыртылуда, тауарлы сүт фермалар салынуда және дамуда, қайта өңдеу қуаттары кеңейтілуде. Бұл бастамалар жұмыс орындарын ашып, аграрлық сектордың өсуіне ықпал етеді.Барлық дала мен фермалардың қызметкерлеріне, шаруа қожалықтарының мамандары мен басшыларына, тамақ өнеркәсібінің ғалымдары мен қызметкерлеріне еңбегі, кәсібилігі және туған жеріне адалдығы үшін алғыс айтамын.Сіздерге денсаулық, амандық, күш-қуат және болашаққа деген сенімділік тілеймін. Еңбектеріңіз облыс ауылдарына қуаныш, ырыс-береке әкелсін! Мерекелеріңізбен!Қостанай облысының әкімі Қ. АқсақаловАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1106098?lang=kk
Екінші ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында өңір еңбеккерлері құрметке ие болды 15.11.2025
14 қарашада Екінші ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті, ол Жұмысшы мамандықтар жылына арналды. Шараға еліміздің барлық өңірлерінен аграрлық сала мамандары жиналды. Форум алаңында АӨК-ті дамыту бағыттары, соның ішінде цифрлық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы отандық өндірушілер ұсынған заманауи цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.Форумның маңызды бөлігі — мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының 30 үздік қызметкерін марапаттап, олардың көп жылдық еңбегіне және АӨК дамуына қосқан үлесіне алғысын білдірді.Жоғары мемлекеттік наградаларға Қостанай облысының өкілдері де ие болды:•Александр Кисель, Қостанай ауданы «Абиль» шаруа қожалығының бас агрономы, «Еңбек даңқы» III дәрежелі орденімен марапатталды.•Тұрсынбай Садвакасов, Қостанай қаласындағы «Уйкескен» ЖШС директоры, сондай-ақ «Еңбек даңқы» III дәрежелі орденін алды.Президенттің мемлекеттік наградаларды табыстауы – жерлестеріміздің кәсіби шеберлігіне, адалдығына және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан зор үлесіне берілген жоғары баға. Бұл марапат Қостанайлық ауыл еңбеккерлерінің еңбегі ең жоғары деңгейде құрметтелетінін айқын көрсетеді.Форум ауыл шаруашылығының маңыздылығы мен стратегиялық рөлін тағы бір мәрте дәлелдеп, сала үздіктерінің еңбегі лайықты бағаланған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1106033?lang=kk
Қазақстан Өзбекстанмен ынтымақтастықты тереңдету үшін АӨК өнімдерінің экспортын 14,5 млн тоннаға дейін ұлғайтады 14.11.2025
2025 жылдың 13 қарашасында Ташкент қаласында Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжанның Сауда және инвестициялар министрлері кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының атынан ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қатысты. Министр өз сөзінде Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші екенін алға тартты. Бүгінде екі елдің үлесіне өңірішілік өзара сауданың шамамен 80 пайызы тиесілі. Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 3,4 млрд АҚШ долларына жетіп, 18 пайыздан астам өсім көрсетті. Арман Шаққалиев бұл нәтижелер Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері, сондай-ақ іскер топтар арасында қалыптасқан тұрақты ынтымақтастықтың тиімділігін дәлелдейтінін атап өтті. Министр тараптар алдына қойылған стратегиялық міндет – өзара сауданы 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту екенін жеткізді. Бұл мақсатқа жету үшін дәстүрлі шикізат саудасынан бірлескен өндірістерді дамытуға, өнеркәсіптік кооперацияны күшейтуге және жоғары қосылған құнды экспорттық тізбектер қалыптастыруға көшу қажеттігін алға тартты. Бүгінде Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 2400-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде 500-ге жуық кәсіпорын бірлескен компаниялар. Екіжақты ынтымақтастықтың инвестициялық портфелі жалпы құны 1,7 млрд АҚШ долларынан асатын 78 жобаны қамтиды. Соның ішінде 13 жоба 220,9 млн АҚШ доллары көлемінде сәтті іске асырылған. Арман Шаққалиев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытына ерекше тоқталды. Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп толық өндірістік тізбектер құруды – бордақылау алаңдарын ұйымдастыруды, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеуді, май-тоң май саласын дамытуды, сондай-ақ шекара маңында агрокластерлер қалыптастыруды ұсынды. Қазақстан тарапы көлемі шамамен 14,5 млн тоннаны құрайтын агроөнеркәсіптік өнімдердің экспорттық қоржынын кеңейтуге дайын екенін атап өтті. Бұл қоржынға дәнді және бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, ұн және өсімдік майы кіреді. Осындай бастамаларды іске асыру азық-түлік қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, бірлескен өнімді Қытай, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия нарықтарына шығару мүмкіндігін кеңейтеді.Сондай-ақ тараптар үшін басым бағыттардың бірі - көлік-логистикалық ынтымақтастық. Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік дәліздерді дамытуды өңірлік сауданы нығайтудағы стратегиялық фактор ретінде қарастырады. Өткен жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы Қазақстан аумағымен тасымалданған жүк көлемі шамамен 2,8 млн тоннаны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға артты. Қазақстандық тарап тарифтік саясатты үйлестіруді, логистикалық процестерді цифрландыруды жеделдетуді, инфрақұрылымды жаңғыртуды және «қағазсыз сауда» тетіктерін енгізуді ұсынды. Бұл шаралар бизнес шығындарын азайтып, көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған. Министр цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты да ерекше атап өтті. Қазақстан IT саласының даму қарқыны бойынша өңірде жетекші орынға ие. IT-қызметтердің экспорты 2020 жылғы 50 млн АҚШ долларынан 2024 жылы 600 млн АҚШ долларына дейін өсті. Цифрлық экожүйенің дамуына 30 елден 1300-ден астам IT-компанияны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркі айтарлықтай үлес қосып отыр. Ел жасанды интеллект технологияларын белсенді дамытуда: ұлттық Alem.AI кластері құрылды, биометриялық цифрлық идентификатор жүйелері енгізілді. Қазақстандық Biometric.Vision және Alaqan Technologies компаниялары биометрия және цифрлық сәйкестендіру саласындағы инновациялық шешімдерімен халықаралық нарыққа шығуда. Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы цифрлық интеграция сауда операцияларын жеделдетіп, тауарлар мен адамдардың қозғалысын жеңілдетуге, сондай-ақ мемлекеттік және бизнес-сервистер үшін бірыңғай цифрлық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Министрлер кеңесінің отырысынан кейін делегациялар Бостандық ауданындағы Chimgan Resort кешенінде «Шекарасыз ынтымақтастық» ұранымен өткен «Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025» халықаралық форумына қатысты. Форумға өңірдің алты елінен министрліктердің, сауда палаталарының және ірі компаниялардың өкілдері қатысып, кооперация, логистика және инвестициялар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстаннан форумға ұлттық оператор QazTrade басшылығымен ұйымдастырылған бизнес-миссия құрамында шамамен 50 компания қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1105615?lang=kk
Оралда Қазақстан мен Ресей $61 млн-дық келісім жасады 13.11.2025
ҚР СИМ жанындағы QazTrade Татарстанда сауда-көрме алаңын ашып, отандық өнімдерді ресейлік бөлшек сауда желілеріне шығарады. Бұл туралы Орал қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды. Шара екі елдің 100-ден астам компаниясын жинап, жалпы сомасы $61 млн болатын келісімдерге қол қоюмен аяқталды. Сондай-ақ, QazTrade Ресейдің “БОЛАШАК” компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжат Қазан қаласында қазақстандық өндірушілерге арналған сауда-көрме алаңын ашуды көздейді. Жаңа алаң отандық экспорттаушыларға Ресейдің орталық өңірінде өз өнімдерін таныстыруға және бөлшек сауда желілеріне жүйелі шығуға мүмкіндік береді. «Біз қазақстандық өндірушілердің жаңа нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдай жасап, елдің экспорттық белсенділігін арттырып келеміз. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық нақты нәтиже беріп жатыр», - QazTrade атқарушы директоры Берік Ахметов. «QazTrade-пен серіктестік қазақстандық тауарларды Ресей нарығына тұрақты жеткізуге үлкен мүмкіндік. Қазақстаннан келетін сапалы өнімге Ресейде сұраныс бар. Біз ол өнімдерді елдің негізгі өңірлеріне ұсынуға дайынбыз», - деді өз сөзінде “БОЛАШАК” ЖШҚ директоры Рустам Сафиулиннің айтуынша, Алаңда тағы бір маңызды құжатқа қол қойылды. Ол QazTrade пен Ресейдің «Караван» компаниясы арасындағы меморандум. Құжат қазақстандық тауарларды ресейлік бөлшек сауда желілеріне жеткізуге бағытталған. QazTrade экспортты дамыту жөніндегі ұлттық оператор өкілі Алмас Ихсановтың айтуынша, бұл меморандумның арқасында, отандық өндірушілер ресейлік супермаркеттер сөрелеріне белсенді шыға бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1104609?lang=kk
Қостанай облысы Қазақстан мен Ресей форумында өңірдің индустриялық даму тәжірибесін ұсынды 13.11.2025
11–12 қараша күндері Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, екі елдің Үкімет мүшелері, өңір басшылары, сондай-ақ бизнес және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.Форумда Қостанай облысының атынан өңір әкімі Құмар Ақсақалов сөз сөйлеп, пленарлық отырыста баяндама жасаған жалғыз облыс әкімі болды. Өз сөзінде ол өңірдің индустриялық даму тәжірибесін таныстырып, экономикалық өсудің негізгі бағыттарына тоқталды.Индустрияландыру және жаңа технологияларӨңір басшысы жаңа индустрияландыру дәуірінде жұмысшы мамандықтарының қайтадан экономиканың қозғаушы күшіне айналып отырғанын атап өтті.«Қазақстан мен Ресейді біріктіретін ортақ мақсат – еңбекті мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыру, еңбек адамының беделін арттыру.Біздің халықтарды еңбектегі ерлік, өндірістік дәстүрлер мен еңбексүйгіш жандарға деген құрмет біріктіреді. Бүгінде жаңа идеология қалыптасуда – «Еңбек – елдің тірегі», яғни «Еңбек адамы – елдің мақтанышы», – деді Құмар Ақсақалов.Экономикалық өсім және инвестицияларӘкімнің айтуынша, Қостанай облысы бүгінде елдің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып табылады. Өткен жылы өңір экономикасының өсімі 8,3%-ды құрады, биыл бұл көрсеткіш 7%-дан асады деп күтілуде. Соңғы он жылда еңбек өнімділігі төрт еседен астам артқан.Бұл жетістіктер инвестицияларды белсенді тартудың нәтижесінде мүмкін болды. Соңғы үш жылда өңірге 3,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған, оның ішінде 1,5 млрд АҚШ доллары – тікелей шетелдік инвестициялар.Ірі жобалардың қатарында жүк көліктеріне арналған қозғалтқыш блоктары мен цилиндр бастарын өндіретін «KamLitKZ» зауыты, жүк көліктеріне арналған жетекші көпірлер шығаратын кәсіпорын (инвестиция көлемі – 300,1 млн доллар, 650 жұмыс орны), сондай-ақ биыл іске қосылған KIA автозауыты, онда 1 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Барлық өндірістер заманауи, жоғары технологиялық, автоматтандырылған және цифрлық басқару жүйелерімен жабдықталған.Көлік және өндірістік инфрақұрылымӨңірде инфрақұрылымдық жобалар белсенді жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттардың бірі – жылына 400 мың контейнер немесе 11 миллион тонна жүк өткізуге қауқарлы көлік-логистикалық кешеннің құрылысы. Бұл нысан еліміздегі үшінші халықаралық порт және теңізге тікелей шығуы жоқ екінші «құрғақ» порт болмақ.Сонымен қатар, тау-кен және агроөнеркәсіптік салаларда жалпы құны 4 млрд АҚШ долларынан асатын ірі жобалар іске асырылуда. Жалпы, облыста 5,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 76 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.Кадр даярлау және жастар бастамаларыҚұмар Ақсақалов өз баяндамасында инженерлік және техникалық кадрлар даярлауға ерекше назар аударылатынын айтты.Облыстың жоғары оқу орындарында әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламалары, сондай-ақ машина жасау, металлургия, энергетика және ақпараттық технологиялар салаларындағы жоғары мектептер ашылған.Жаңа өндірістерде еңбек ететіндердің 60%-дан астамы – 35 жасқа дейінгі жастар. Оларды қолдау мақсатында өңірде «Қостанай жастары» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында жас мамандарға 6% жеңілдетілген ипотекалық несие беріледі.«XXI ғасырдың еңбек адамы – бұл болашақтың адамы: білімді, ойлы және шығармашыл тұлға. Жұмысшы болу – өз еліңнің болашағын құру деген сөз. Еңбек – Отанға қызмет етудің, ұлттық мақтаныш пен қоғамның тірегінің нышаны», – деп қорытындылады өз сөзін Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1104418?lang=kk
Астанада ет жәрмеңесі өтеді 12.11.2025
Алдағы сенбі-жексенбі күндері (15-16 қараша) елордада ет жәрмеңкесі өтеді. Алаш тасжолы бойында орналасқа «Керуен жолы» базарындағы ет жәрмеңкесіне Абай, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының шаруалары қатысады. Фермерлер ірі қара етін делдалсыз саудалайды. «Біз мұндай форматтағы ет жәрмеңкесін өткен жылы да өткізгенбіз. Халықтың сұранысы жоғары. Осы уақытта халық соғымға келілеп емес, ірі-қараны тұтас етімен алады. Өңірдегі төрт-түлік асырап отырған ағайын осында келіп етті делдалсыз сатады. Сондықтан баға да арзан», - деді ет жәрмеңкесін ұйымдастырушы Айтуған Күзембаев. Алдағы жәрмеңкеде ірі қара еті 2700 теңгеден бастап 3000 теңгеге дейін сатылмақ. Мұнда еттен бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жататын өнімдерді де арзан бағада алуға болады. Айта кету керек «Керуен Жолы» базары сауда заңнамасындағы талаптарға сай салынған елордадағы замануи сауда нысандарының бірі. 12 мың шаршы метрді құрайтын базар ет сақтайтын арнайы мұздатқыштармен, лаборатория, келушілер үшін кең көлік тұрағымен қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1103917?lang=kk
Арман Шаққалиев Ресеймен тауарайналымын 30 миллиард долларға дейін арттырудағы негізгі салаларды атады 12.11.2025
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Еңбек мамандықтары — экономикалық өсудің драйвері» тақырыбында өтіп жатқан XXI Ресей–Қазақстан аймақаралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мен сауда-экономикалық байланыстарды нығайту стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Міндет - өзара тауарайналымын мүмкіндігінше қысқа мерзімде 30 миллиард долларға жеткізу. Форумға мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысып отыр. Өткен жиырма жылдықта бұл алаң екі елдің әртүрлі салалардағы ынтымақтастығын күшейтетін стратегиялық диалогтың бірегей платформасы болып келеді. «Әр форум аймақтар, бизнес және білім беру ұйымдары үшін жаңа мүмкіндік ашып, адамдар арасындағы байланыстарды нығайтады және тұрақты дамуға берік негіз қалыптастырады. Біз өзара әрекеттестікті, әсіресе сауда-экономикалық салада, одан әрі кеңейту дімақсат етеміз», - деді министр. Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан мен Ресей қазіргі таңда 30 бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың жалпы құны 4,4 миллиард АҚШ долларын құрап, 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Болашақта қосымша 29 жоба іске қосылады деп жоспарлануда, олардың жалпы құны 30,8 миллиард долларды құрап, 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл бастамалар энергетика, машина жасау, металлургия, химия және ауыл шаруашылығы сияқты негізгі салаларды қамтиды. Олар жаңақ ұзыреттілік орталықтарын қалыптастырып, тұрақты өнеркәсіптік өсімді қамтамасыз етеді. «Әр жобаның артында нақты адам, нақты мамандық тұр. Еңбек - біздің өнеркәсіптік және экономикалық дамуымыздың негізі, шығармашылық көзі және басты қоғамдық құндылық», - деді министр. Форум барысында адам капиталының дамуына ерекше көңіл бөлінді. Қазақстанда 2025 жыл Еңбек мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Оның аясында кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, еңбек мамандықтарының беделін арттыру және жұмыс берушілермен серіктестікті нығайту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Министр 2024 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылып келе жатқанын еске салды. Оның стратегиялық мақсаты - жұмыс күшінің біліктілігін арттыру және дағдыларын үздіксіз дамыту. 2030 жылға қарай Қазақстан кемінде 3,8 миллион сапалы жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр, бұл жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 45%-ын құрайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру және кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық басты бағыт болып қала береді. Дуалды оқыту бағдарламалары жүзеге асырылып, құзыреттілік орталықтары құрылуда, академиялық мобильділік дамуда. Қазіргі таңда Ресейдің жоғары оқу орындарында 55 мыңнан астам қазақстандық білім алса, Қазақстанда екі мыңнан астам ресейлік азамат оқиды. Мұндай өзара әрекеттестік ортақ білім кеңістігін қалыптастырып, сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Арнайы назар жасанды интеллектіні енгізуге бөлінді. Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютерлік кластерін іске қосты, салалық акселераторлар мен пилоттық ИИ-жобаларды дамыту алаңдарын құруда. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерге арналған AI Qyzmet, студенттерге арналған AI Sana және мектеп оқушыларына арналған AI Olymp бағдарламалары іске асырылуда. «Біз тек технологияларды жасап қана қоймай, оларды кеңінен қолдануға арналған ортаны қалыптастырамыз», - деді Арман Шаққалиев. Сөз қорытындысында министр Үкімет Қазақстан жұмысшыларының ішкі және халықаралық нарықтағы лайықты жұмыспен қамтылуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді жалғастыра беретінін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1103672?lang=kk