Данангта Вьетнам кәсіпкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Данангта Вьетнам кәсіпкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

21.04.2026 10:23:45 354

2026 жылғы 15-16 сәуір аралығында ҚР Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстанның АСЕАН елдеріндегі Сыртқы сауда палатасының арнайы өкілі Серік Әміровтың Дананг қаласына сапары өтті. Сапар аясында Ұлттық кәсіпкерлік қауымдастығының (VINEN) басшылығы мен Вьетнамның бизнес-топтары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Талқылау барысында 2026 жыл Вьетнамдағы инвестициялық нарық үшін «алтын ғасыр» болып табылатыны атап өтілді: сарапшылардың бағалауы неғұрлым тұрақты инвестициялық циклдің қалыптасуын көрсетеді.

Анықтама: Вьетнам Социалистік Республикасы АСЕАН елдері арасында жалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша көшбасшы болып табылады. 2026 жылдың 1 тоқсанында ел экономикасының өсуі 7,83% құрады. Маңызды кезең ретінде 2030 жылға қарай жан басына шаққандағы табыс көрсеткішіне 8 500 АҚШ доллары деңгейінде қол жеткізу мақсаты қойылды. Шағын және орта кәсіпорындар ел экономикасының негізін құрайды. Қазіргі уақытта олар барлық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың шамамен 95% құрайды, олар ЖІӨ-нің 50%, мемлекеттік бюджеттің жалпы кірісінің шамамен 30% қамтамасыз етеді және экономикадағы барлық жұмыс орындарының шамамен 40% құрайды.

Өткен дөңгелек үстел барысында Серік Әміров қазіргі жағдайда Қазақстанның бірлескен өндірістер мен тауарларды дистрибуциялауды жолға қою үшін Орталық Азия өңірінде өзін "B2B Bridge" ретінде көрсетуге айтарлықтай әлеуеті мен мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Талқылауға «IRS» - Investment Promotion Center for Central Vietnam, «VIDANANG», «Bridgent», «Song Hoai Ceramics Co. Ltd», «Dong Dinh Art Museum», «Lingble» және т.б. компаниялар қатысты.

Өз кезегінде, VINEN Төрағасы Динб Вьет Хоа экономиканы цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту нарығын зерттеу және тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ҚР ЖОО базасында бірлескен оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруды ұсынды. Атап айтқанда, вьетнамдық тарап үшін АХҚО құрудың қазақстандық тәжірибесі және ағымдағы жылдың 11 ақпанында іске қосылған VIFC-HCMC Жергілікті халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-қимыл үлкен қызығушылық тудырады.

«IPC Central Vietnam» Инвестициялар тарту орталығының директоры Ле Мин Зонның пікірінше, мұндай кездесулер мен бизнес-миссиялар екі елдің бизнес-топтары арасындағы неғұрлым нақты және жүйелі өзара іс-қимыл үшін өте ыңғайлы платформа болып табылады.

Сонымен қатар, «Bridgent» цифрлық инновациялар компаниясының басшысы Харли Хуин Вьетнам нарығында қазақстандық IT жобаларды тәжірибе алмасуға және масштабтауға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.    

Талқылау қорытындысы бойынша аяқ киім өнімдерін тігін өндірісі, жемістерді өңдеу, туризм, цифрландыру, білім беру, логистика және т.б. салалардағы бірлескен жобаларды одан әрі пысықтау, сондай-ақ Вьетнамның Ұлттық кәсіпкерлік қауымдастығымен (VINEN) Ынтымақтастық туралы меморандумды пысықтау және қол қою жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1205017?lang=kk