Enbekshi QazaQ

Ғылым

2025 жылғы 11 қараша күні Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Басшының этикасы, мінез-құлық қағидалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді 11.11.2025
Іс-шараның мақсаты – ұжымда адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыру болып табылады.Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:• Басшының этикасы және бағыныстылармен қарым-қатынас кезінде назар аудару, құрмет көрсету және бастамашылықты қолдау;• Қызметтік мінез-құлық нормаларын және іскерлік этикет ережелерін сақтау;• Этикалық тәуекелдердің алдын алу және бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар;• Негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттар: процестердің ашықтығы, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу, жеке жауапкершілік;• Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау тәртібі және хабарлаған тұлғаларды қорғау кепілдіктері;• Еңбек тәртібін сақтау, қызметтік уақытты тиімді пайдалану, жұмыс уақытынан тыс тапсырмаларды тек ресми бұйрық негізінде орындау;• Мемлекеттік органдар ғимараттарында темекі шегуге тыйым салу;• Отбасылық және ұлттық дәстүрлерді сақтау мен құрметтеу, жастарды адалдыққа, еңбекқорлыққа және үлкенге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу.Семинар соңында басшының жеке үлгісі ұжымда сенім, адалдық және жоғары қызметтік мәдениет атмосферасын қалыптастырудағы маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1103049?lang=kk
Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту: тұрғын үй мәселесі шешілуде 11.11.2025
Аудан әкімі Мәди Ихтиляпов өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте Науырзым ауданында тұрғын үй мәселесін шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.Биылғы мәлімет бойынша, тұрғын үй кезегінде 159 адам тұр. 2025 жылдың 25 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою процесі orken.otbasybank.kz электрондық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта осы жүйеде кезектегі азаматтардың тізімін орналастыру, жаңарту және толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл әрбір азаматтың кезегін анық және ашық жүргізуге мүмкіндік береді.Аудан әкімі атап өткендей, әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында биыл республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 356,9 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Қараменді ауылында жалпы көлемі 1 258 шаршы метрді құрайтын 25 пәтер сатып алу жоспарланған. Жобаның мердігері – «Каиргожа и К» ЖШС. Қазіргі уақытта бұрынғы жатақхана ғимаратын қалпына келтіру және оны тұрғын үйге бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңартылған пәтерлер әлеуметтік осал азаматтарға беріліп, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.Сонымен қатар, 2025 жылдың төртінші тоқсанында Қараменді ауылында, Победа көшесі, 1 мекенжайындағы бұрынғы жатақхана ғимаратын қайта жаңарту арқылы 1 300 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл жұмыстар аяқталған соң, ауданның жылдық тұрғын үй енгізу жоспары толық орындалып, көпшіліктің тұрғын үй мәселесі шешілетін болады.Аудан әкімдігі тұрғын үй мәселесін шешуде электрондық жүйені кеңінен қолдану арқылы ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға қолжетімді баспана беруді жалғастыра беретінін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1102609?lang=kk
Қазақстанда көміртек бейтараптылығына қол жеткізуді реттейтін ұлттық стандарттар қабылданды 10.11.2025
Қазақстан Республикасы тұрақты даму саласында маңызды қадам жасады. Ұлттық стандарттау жүйесі климаттың өзгеруін басқару және көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі құжаттармен толықты. ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «ҚазСтандарт» екі жаңа ұлттық стандарт әзірледі: • СТ РК ISO 14068-1 «Климаттың өзгеруін басқару. Таза нөлге көшу. 1-бөлім. Көміртектік бейтараптық»; • СТ РК IWA 42 «Көміртек бейтараптылығы жөніндегі нұсқаулық». Бұл екі стандарт халықаралық ISO 14068-1:2023 және IWA 42:2022 стандарттарымен бірдей. Олардың қабылдануы Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясында көзделген міндеттерді іске асырудағы маңызды кезең болды. Сондай-ақ бұл стандарттарды қабылдау Қазақстанның жаһандық климаттық саясаттағы рөлін күшейтеді. Олар шығарындыларды жауапты басқаруға және ғылыми негізделген климаттық шешімдерді енгізуге негіз қалайды. Жаңа стандарттар экологиялық және талдамалық ұйымдар, қоршаған ортаны мониторингілеудің ұлттық және өңірлік орталықтары, экологиялық қауымдастықтар үшін бірыңғай тәсілдер мен қағидаттарды белгілейді. Олар парниктік газдар шығарындыларын басқарудың негізгі аспектілерін қамтиды: бағалау мен азайтудан бастап қалдық шығарындыларды өтеу және климаттық есептілікті жүргізуге дейін. Стандарттарды іске асыру келесілерге мүмкіндік береді: • ұлттық MRV (бақылау, есептілік және валидация) жүйесін халықаралық тәжірибелермен үйлестіруге; • климаттық деректердің ашықтығы мен анықтығын арттыруға; • қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға; • өнеркәсіпте төмен көміртекті технологиялар мен инновацияларды енгізуге ықпал етуге.Стандарттарды әзірлеу мүдделі тараптардың, ғылыми ұйымдар мен сараптамалық қауымдастықтардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылды. Олардың қатарында «ECOJER» өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы», «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығы», Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы, «Тұрақты даму үшін қазақстандық табиғат пайдаланушылар қауымдастығы», сондай-ақ «GREENORDA PROJECT» ЖШС базасындағы ТК 103 «Парниктік газдарды басқару» бойынша стандарттау техникалық комитеті және басқа ұйымдар бар. Қабылданған стандарттар Қазақстанның халықаралық климаттық реттеу жүйесіне интеграциялануына құрал болып, экологиялық тұрғыдан тұрақты экономикаға көшуге қолдау көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1101998?lang=kk
Қостанайлық студенттер ERG Skills International-2025 халықаралық байқауында үздіктер қатарында 08.11.2025
ERG Skills International-2025 қорытындысы!2025 жылғы 3-7 қараша аралығында Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ERG Skills International-2025 халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Чемпионатқа Қазақстан мен Қытай елінен 13 құзыреттілік бойынша 92 адам қатысты. ERG колледждер Альянсының 8 студенті 8 құзыреттілік бойынша Қостанай облысының намысын қорғап шықты. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!Жітіқара политехникалық колледжі:• Алтын — «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі — Александр Владимирович Гадлевский. Сарапшы: Самат Төлегенұлы Исркепов• Алтын — «Слесарлық іс» құзыреттілігі — Байтуов Руслан Азаматович. Сарапшы: Булат Құрманғалиұлы Адамбаев• Күміс — «Электромонтаждау» құзыреттілігі — Данил Сергеевич Ярошевич. Сарапшы: Тимур Серікұлы Исмурзинов• Күміс — «Маркшейдерлік іс және геодезия» құзыреттілігі — Роман Александрович Демиденко. Сарапшы: Ельдос Сагидукасович ЯбыковРудный политехникалық колледжі:• Қола — «Еңбекті қорғау» құзыреттілігі — Андрей Владимирович Ивахно. Сарапшы: Мария Михайловна Бабенко.Қостанай облысы — жалпы командалық 3 орынға ие болды! Біз сіздерді мақтан етеміз! Әрқайсыңыз шеберліктің, табандылық пен жоғары кәсібиліктің үлгісі болдыңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1101475?lang=kk
Сауда саласындағы цифрландыру қарқынын зерттейтін CART.IS нәтижесі жарияланды 07.11.2025
Зерттеу нәтижелерімен Астанада Сауда және интеграция министрлігі, QazTrade, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйым өкілдері танысты. Бұл жұмыс Қазақстанның сауда саласындағы цифрландыру қарқынын бағалап, жеделдетуді қажет ететін бағыттарды көрсетеді. Жоба Еуропалық одақ пен Халықаралық сауда орталығының қолдауымен жүзеге асуда. Зерттеу жұмысы сыртқы экономикалық қызметке қатысы бар 27 негізгі қызметті қамтыды. Олардың 81 %-ы электронды форматта көрсетілсе, 19 %-ы әлі де қағаз түрінде қалып отыр. Сондай-ақ 15 мемлекеттік IT-жүйе өзара байланыссыз жұмыс істейтіні анықталды, олардың тек 11-і ғана ведомствоаралық электронды жүйеге қосылған, ал 14 жүйе интеграцияны қажет етеді. CART.IS деректері көрсеткендей, трансшекаралық рәсімдердің 60 %-ы басқа елдердің жүйелерімен, ең алдымен Ресей, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанмен цифрлық байланысты қажет етеді. Мұндай байланыс болмаса құжат рәсімдеу қайталанып, бизнес өкілдері қосымша шығынға ұшырайды. Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков сауда рәсімдерін оңайлату тек цифрландырумен шектелмей, мемлекеттік жүйелердің үйлесімді архитектурасын қажет ететінін айтты. «CART.IS жай зерттеу емес. Бұл – сыртқы сауданы жылдам, ашық және болжамды етуге бағытталған нақты құрал», – деді ол. Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич өз сөзінде Қазақстан Орта Азияда цифрлық трансформация саласындағы көшбасшы екенін атап өтті. «Қазақстан цифрлық үкімет пен қағазсыз сауданы дамытуда үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – Еуропамен экономикалық байланыстарды кеңейтуге берік негіз», – деді дипломат. Зерттеу барысында 12 мемлекеттік мекеменің тек бесеуінде ғана цифрландырумен айналысатын жеке департаменттер бар екені анықталды. QazTrade басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың айтуынша, сауданы толық қағазсыз форматқа көшіру Қазақстанның жыл сайынғы сауда айналымын 10–15 %-ға арттыра алады. «Бұл бизнес шығындарын азайтып, экспорттық әлеуетті еселей түседі», – деді ол. CART.IS талдауы «Ready4Trade: Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеуге жол» жобасы аясында жүргізілді. Жоба Еуропалық одақтың қаржыландыруымен және Халықаралық сауда орталығының жүзеге асыруымен іске асуда. Оның мақсаты – сауда рәсімдерін жаңғырту, өңірлік байланыстарды нығайту және Орталық Азия елдеріндегі шағын және орта бизнесті қолдау. Халықаралық сауда орталығы – Дүниежүзілік сауда ұйымы мен БҰҰ-ның бірлескен агенттігі, ол дамушы елдердің кәсіпорындарын жаһандық нарықтарға шығуға жәрдемдеседі. Ал Еуропалық одақ 27 мемлекетті біріктіріп, тұрақты даму, демократия және еркін сауда қағидаттарын ілгерілетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1100974?lang=kk
Қателіктің бағасы — әкімшілік айыппұл: департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғады 07.11.2025
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етіп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат А.алтыннан жасалған зергерлік бұйымды интернет-дүкен арқылы сатып алу кезінде құқықтарының бұзылғаны жөнінде өтінішпен жүгінген. Тауарды алғаннан кейін тұтынушы бұйымнан ақау анықтап, оны ауыстыруды немесе ақшасын қайтаруды талап еткен. Алайда сатушы заңды талапты орындаудан бас тартқан. Тұтынушы Департаментке жазбаша өтініш жолдап, оған фото және бейнематериалдарды, бақылау-касса машинасының чегін және талап хаттың көшірмесін қоса тіркеген. Аталған өтініш негізінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында сатушының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды және шағымды қарау мерзімдерін бұзғаны анықталды. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 190-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеру қорытындысы бойынша сатушы өз кінәсін мойындап, тұтынушыға 95 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарды. Осындай ұқсас жағдай Шымкент қаласындағы ірі сауда желісінің бір филиалында да тіркелген. Сатып алушы витринада көрсетілген баға мен кассалық чекте көрсетілген сома арасында айырмашылық бар екенін анықтаған — 1990 теңге орнына 2990 теңге. Азаматтың өтініші негізінде Департамент тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде кәсіпкерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамажасалды. Мұндай мысалдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекет тарапынан жүйелі бақылау мен нақты қолдау көрсетіліп отырғанының айқын дәлелі болып табылады. Азаматтар өз құқықтарының бұзылған жағдайында тиімді қолдау мен объективті қарауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз мүдделерінің қорғалуына сене алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1100863?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудын алдын алу 06.11.2025
Қостанай облысы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдердің құзыреттерін арттыру мақстанында семинар өткізді. Семинар жұмысына қатысқандар: Баглай Бауыржан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, MA in International Relations, шақырылған спикерлер, сарапшылар, ОМО аумақтық бөлімшелерінің мен ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдері, персоналды басқару қызметтерінің мамандары.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е.А. Салықбаев, ОМО аумақтық бөлімшелері мен ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдерінің стратегиялық мақсаттар мен тұжырымдамалық құжаттарды іске асыру, мемлекеттік қызметте әдептілікті арттыру, мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудың алдын алу жұмысы жөніндегі мақсат пен міндеттерін айқындады.«Мемлекеттік қызметтегі кемсітушіліктің алдын алу. Әлеуметтік және гендерлік аспекті» тақырыбында Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі, мемлекеттік қызмет ардагері, философия ғылымдарының кандидаты, экс-сенатор С.Ш.Бектұрғанов сөз сөйледі.«Халықпен тиімді коммуникацияларды құру және дауларды басқару. Медиация құралдары» тақыбы бойынша Қостанай облысы әкімінің отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат бойынша кеңесшісі, азаматтық қоғамның белсендісі, ҮЕҰ мәселесі және қоғаммен байланысы бойынша сарапшы Г.А. Капенова сөз сөйледі.«Мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған коммуникациялар» тақырыбын А.Байтұрсынов Университетінің инклюзивтік білім және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдардырың кандидаты (РһD), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  Қостанай облысы бойынша филиалының оқытушысы Т.В. Зуева ашты.«Қоғамдық бақылау арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында «АДАЛ ДОС ПРЕВЕНЦИЯ» ҚБ басшысы, «Ведомствоаралық жұмыс тобы» жобасына қатысушысы Ә.М. Байлин сөз сөйледі.Баглай Бауыржан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, MA in International Relations мемлекеттік қызметте құндылықтар енгізу, ашық диалог, сарапшылар ортасын құру, мемлекеттік қызметшілердің аналитикалық дағдыларды және біліктілігін қалыптастыру бойынша өз пікірін қосты.ҚатысушыларҚостанайоблысындамемлекеттікқызметкеорналасужәнеөткерутуралыақпаратпентанысты.Іріктеудіңзаманауимоделімемлекеттік қызметті әртүрлісаладағымамандарүшінашық етуге арналған.Мысалы, облыс әкімі аппараты ағымдағы жылдың үш тоқсанында облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардың бос лауазымдарына 142 конкурс өткізді. Қатысушылар саны 521 адамды құрайды. Жоғарыда аталған конкурстарды өткізу кезінде жасына, ұлтына немесе жынысына байланысты шектеулер болған жоқ. Қатысушылардың көпшілігі 40 пен 50 жас аралығында (187 қатысушы) 23 пен 29 жас аралығында (114 қатысушы), 30 бен 35 жас аралығында (99 қатысушы), 35-40 жас (56 қатысушы), 50 және одан жоғары (39 қатысушы), 23 жасқа дейін (20 қатысушы). Конкурсқа қатысқан әйелдер – 260 адам, ерлер – 261. Бұл мәліметтер бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатысушылардың теңдігі туралы нақты айтады. Облыстың жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істейтін әйелдер, ерлерге қарағанда (37%), айтарлықтай көп (63%). Облыстың жергілікті атқарушы органдары басшылығындағы әйелдердің үлесі 17% - құрайды, оның ішінде облыстық басқармалардың 20 басшысының 7-сі басшы-әйелдер (35%). Мемлекеттік қызметтегі барлық қызмет барысында қызметкерлер өздерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және кәсіби өсу үшін тең мүмкіндіктерге құқылы, меритократия қағидатына сәйкес кәсіби қасиеттерге сүйене отырып, мансаптық өсу үшін тең мүмкіндіктер сақталады.Семинар сонында «Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудын алдын алуда әдеп жөніндегі уәкілдердің ролі» тақырыбында дөңгелек үстел форматында диалог өтті.Дөңгелек үстел барысында қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар енгізді. Тыңдаушыларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заң жобасы, мемлекеттік мекемелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұжырымдамалық құжаттарды іске асыру және құқықтық оқу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.Қ. Сюндиков, Костанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1100375?lang=kk
Қазақ өнімдері Қытайдың 341 000 дүкен сөресіне шығарылады 06.11.2025
Қазақстандық өндірушілер China International Import Expo (CIIE) — жыл сайын күзде Қытайдың Шанхай қаласында өтетін сауда жәрмеңкесіне қатысты. ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты экспортты дамыту жөніндегі бірыңғай оператор QazTrade бұл жолы кооперацияның әлеуетін таныстырды. Биыл Қазақстан өз өніміг бірден барлық төрт алаңда ұсынды. Атап айтсақ, ұлттық павильон, Қытайдың кооперативтер федерациясы (China Co-Op), Jiangsu SOHO алаңында және алғаш рет Алматы қаласының жеке павильоны. Осы орайда, QazTrade пен Қазақстан кооперативтері ұлттық қауымдастығы (NACOFEC) Қытайдың ең ірі кооперативтік желісі China Coop-пен бірлесіп жұмыс жасайтынын мәлімдейді. Нәтижесінде жақын уақытта бал, қымыз, шұбат және кондитерлік өнімдердің алғашқы партиялары Қытай сөрелеріне шығады деп күтілуде. China Coop желісі 340 мыңнан астам дүкенді біріктіреді, ал жылдық айналымы 7 трлн юаньнан асады. Шанхайдағы қазақстандық кооперативтер стендінде 30-дан астам компания мен кооператив өнімін ұсынды. Олардың қатарында: QazExport Global, ТОО GEOM, TOO OIL ECO, Prombaza-7, SHERSTNEV GROUP, IceMaster, Dinastiya Agro, “Kokshetau Mineral Water” JSC, MADI, Nauryz-5, Run Planet Organic, JAIN LLP, Danaker LLP, Mareven Food Tien Shan, Telli Kazakhstan LLP, NefisGroup Ltd., Industry of Semirechye, KAZAGRO-PRO LLP, KOMEK ASIA GROUP, LLP «Light Way Solution», LLP «LWS Agro», LLP «LWS TERMINAL» және Baraka №1 бар. Биылғы Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та кооператив жүйесін дамытуды тапсырған болатын. «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ауылдық кооперация зор мүмкіндікке жол ашады. Осы бағытта пилоттық жоба іске асырылды. Оның нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімділігі екі есеге артса, мал басының саны шамамен төрттен біріне көбейді. Бұл табысты тәжірибені өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің барлық аумағында кезең-кезеңімен кеңейту қажет». QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров атап өткендей: «Қытай нарығына кооперация арқылы шығу отандық компанияларға әлдеқайда тиімді. Ұзақ мерзімде, тұрақты экспортқа шығуға мүмкіндік алады. Біз Қытаймен бірлескен маркетингтік зерттеулер жүргіздік. Алғашқы сынамалық өнімдерді жеткіздік. Нәтижесінде ұн, өсімдік майы, ет, бал, сүт пен кондитерлік өнімдерге басымдық беретін болдық». Спикердің айтуынша, бүгінде Қытай компанияларының Қазақстан мен Орталық Азияға шығуына ықпал ететін акселерация және оқыту бағдарламасы іске қосылып жатыр. Бұл шешім өзара тиімді ынтымақтастықты орнатыр, тұрақты сауда платформасын құруға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1100001?lang=kk
Қазақстан Шанхайдағы көрмеде төрт алаңда өз көрмесін ұсынды 06.11.2025
Шанхай халықаралық импорттық тауарлар көрмесі сегізінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Биылғы CIIE көрмесіне 155 елден өкілдер мен 4100-ден астам шетелдік компания қатысуда. Кәсіби келушілердің саны 449 мыңнан асты. Қазақстан тарапынан 100-ден астам өндіруші қатысып отыр. Бұл еліміздің CIIE көрмесіне қатысу тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. «Қазақстан үшін Шанхай көрмесіне қатысу – стратегиялық бағытқа айналды. Бұл алаң отандық өндірушілерге жаңа экспорттық мүмкіндіктер ашып, тек Қытайға ғана емес, басқа да әлемдік нарыққа шығуға жол салады», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. Министрдің айтуынша, Қытай экономикасындағы жаңа бағыттар бұл көрменің маңызын арттыра түскен. «Қытай ішкі тұтынуды арттыру үшін импортқа басымдық беріп отыр. Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен сапалы тауарлардың келуіне мүмкіндік береді. Ел үкіметінің ресми жол картасына сәйкес, биыл дамушы елдермен, соның ішінде Орталық Азиямен сауданы дамытуға ерекше көңіл бөлінген», – деді министр. Шанхай көрмесіне қатысу арқылы қазақстандық компаниялар экспорттық келісімдер жасап қана қоймай, әлемдегі ең ірі тұтыну нарығына жол ашып келеді. Соңғы бес жылда Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі екі есеге өсіп, 2024 жылы 30,2 млрд долларға жетті. QazTrade мәліметіне сай, Шанхай көрмесіне қатысу арқылы қазақстандық компаниялар соңғы жылдары жалпы құны 306,5 млн доллардан асатын келісімшарттар жасаған. Тек 2023–2024 жылдары май өнімдері, ет, өсімдік майы, түйе сүті ұнтағы, шырындар мен пюрелер жеткізу жөнінде ондаған келісімге қол қойылды. Биыл ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін Қытайға, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия мен Парсы шығанағы елдеріне экспорттауға арналған жаңа ұзақмерзімді келісімдерге қол қою жоспарланып отыр. Көрме аясында QazTrade пен Қытайдың Optimize Integration Group (OIG) компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат екі ел арасындағы цифрлық сауданы дамытуға, онлайн-платформалар мен заманауи цифрлық құралдар құруға, экспорттық процестерді жеделдетуге бағытталған. Тараптар қазақстандық азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына бірлесіп ілгерілету, заманауи технологиялар мен логистиканы дамыту және өзара есеп айырысу шарттарын жақсарту жөнінде келісті. OIG Group – Қытайдағы азық-түлік импорты саласындағы ең ірі және технологиялық компаниялардың бірі. Ол елдің ең ірі 500 кәсіпорнының қатарына кіреді, әлем бойынша 31 мың жеткізушімен жұмыс істейді, Қытайда 15 кеңсесі және 11 шетелдік өкілдігі бар. Компания платформасы арқылы Қытайға әкелінетін мұздатылған өнімдердің 18% өтеді. Яғни, Қытай нарығындағы әрбір жетінші сиыр еті стейкі, әр алтыншы тауық төс еті және әр бесінші асшаян – OIG арқылы жеткізіледі. «Сауда және интеграция министрлігі шағын және орта бизнестің халықаралық нарыққа шығуы мен жаһандық құн тізбектеріне кірігуі үшін жағдай жасап келеді. Біз қазақстандық өнімді Қытай нарығына өңірлендіру қағидаты бойынша ілгерілетудеміз, яғни түрлі провинцияларда павильондар, өкілдіктер және сауда үйлері ашылуда. Қазірдің өзінде Үрімжі мен Нанькин қалаларында серіктестік кеңселер жұмыс істейді. Көрменің қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялардың географиялық қатысу аясын кеңейту жөнінде жаңа уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бүгінде Қазақстан көрменің барлық төрт алаңында таныстырылып отыр: ұлттық павильонда, Қытай кооперативтерінің жалпы федерациясы – China Co-Op павильонында, Jiangsu SOHO алаңында, сондай-ақ биыл алғаш рет Алматы қаласы өз жеке павильонымен қатысуда. Кешенді тәсілдің арқасында биыл біз өндірушілердің рекордтық санын тарттық», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. Қытаймен бірлескен бағдарлама аясында өнімдерді қытай нарығының талаптарына бейімдеу бойынша акселерация өткізу жоспарланып отыр: буып-түю, брендтеу және тауарларды ілгерілету. Сондай-ақ кооператив кәсіпкерлеріне арналған білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, онда олар өнімді сертификаттау және Қытай нарығына шығу ерекшеліктері бойынша оқудан өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1099992?lang=kk
2025 жылғы 4 қарашада Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Діни экстремизм» тақырыбында семинар өткізілді 06.11.2025
2025 жылғы 4 қарашада Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Діни экстремизм» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар спикері – Астана қаласы әкімдігінің «Qamqor Astana» қоғамдық қорының теолог маманы Арман Нұрахметұлы.Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің діни экстремизм қаупі туралы хабардарлығын арттыру және деструктивті идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру. Қатысушыларға радикалды ағымдардың белгілері мен олардың алдын алу тетіктері жөнінде түсіндірмелер берілді.Өткізілген семинар мемлекеттік қызметшілердің діни қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын және адалдық пен әдептілік мәдениетін нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1099973?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Рудный қаласына жұмыс сапары 06.11.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Рудный қаласына жасаған жұмыс сапары барысында экология және өнеркәсіп салаларында бастамаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпорындардың қызметімен, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін жаңғыртудың нәтижелерімен танысты.Экологиялық қауіпсіздік және қалдықтарды қайта өңдеуСапардың маңызды нысандарының бірі – «Рудный АБАТ 2006» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны болды.Өңір басшысы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қалдықтарды ұтымды басқару – облыстың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.Рудный қаласында жылына 50 мың тоннаға дейін қалдықты сұрыптауға арналған заманауи кешен іске қосылды (қаланың қажеттілігі – шамамен 40 мың тонна). Бұған қоса, кәсіпорын жылына 70 мың тоннадан астам құрылыс, ағаш және өзге де қалдықтарды қайта өңдейтін мобильді кешен сатып алды.Аталған жобаларға салынған жалпы инвестиция көлемі – 389,9 миллион теңге. Олар «Жасыл Даму» АҚ мен Кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды.Бұл бастамалар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартып, қайта өңдеу деңгейін арттыруға және қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүмкіндік береді.«Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жүйелі түрде жұмыс істеу қажет – елді мекендерді абаттандырудан бастап қалдықтарды өңдеудің заманауи технологияларын енгізуге дейін. “Таза Қазақстан” бағдарламасының басты мақсаты да осы», — деді Құмар Ақсақалов.Өнеркәсіп әлеуетін дамыту және сусын өндіруСапар аясында өңір басшысы сусын өндірісі бойынша облыстағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «Фирма Арасан» ЖШС Рудный филиалына барды.25 жыл бұрын құрылған бұл компания бүгінде қостанайлықтарға жақсы таныс «Алмұртты» сусыны секілді танымал брендтерді шығарады.Кәсіпорында төрт өндірістік цех жұмыс істейді. Мұнда 16 түрлі сыра, 2 түрлі квас, алкогольсіз лимонадтар, сондай-ақ алюминий банка мен шыны бөтелкедегі сыра өндіріледі.Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 100 миллион литр.Зауытта шамамен 400 адам еңбек етеді. Соңғы жылдары компания өндірісті жаңғыртуға белсенді кірісіп, Германия мен Данияның Ziemann және Alfa Laval компанияларының заманауи жүйелерін орнатуда. Бұл сапаны арттырып, өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.«Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту – стратегиялық міндет. Отандық брендтер ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да өз орнын нықтандыруы тиіс. “Арасан” секілді кәсіпорындар өңірдің сапалы өнім шығара алатынын және оның аймақтың айнасына айнала алатынын дәлелдеп отыр», — деді Құмар Ақсақалов.Сапар қорытындысыЖұмыс сапарын қорытындылай келе, облыс әкімі Рудный қаласын кешенді дамыту – экологиялық жобалардан бастап өндіріс пен жаңа жұмыс орындарын құруға дейінгі бағыттардың барлығында маңызды екенін атап өтті.Өңір басшысы кәсіпорын қызметкерлеріне аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, одан әрі табыс, жаңғырту және инновациялық шешімдерді енгізуде сәттілік тіледі.Сапар соңында Құмар Ақсақалов Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1099952?lang=kk
Қостанай облысы: «Таза Қазақстан» - таза болашақ жолындағы бірлік пен жауапкершілік үлгісі 04.11.2025
Қостанай облысында қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық іс-шаралар жалғасуда.Қарабалық ауданында туған өлкені таза ұстау мен қоршаған ортаны қорғау идеясы төңірегінде тұрғындарды біріктірген сенбіліктер мен экологиялық акциялар белсенді түрде өтуде. Солардың бірі – Қарабалық ауданының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жақсылық қақпағы» атты игі бастама. Бұл акция экологиялық және қайырымдылық мақсатты ұштастырады: жиналған пластик қақпақтар өңдеуге жіберіліп, түскен қаражат ауыр науқас балаларды емдеуге бағытталады.Игі іске қолдау көрсеткен белгілі волонтёр Екатерина Афанасьева өз пікірін былай білдірді:«Бұл – мен бірнеше жылдан бері айналысып жүрген тамаша бастама. Бұрын жиналған қақпақтар көрші елге жөнелтілетін, ал қазір оларды Қостанайдағы ұйымдар қабылдайды. Өңделген қалдықтардан түскен қаражат балалардың еміне жұмсалады. Барша бейжай қарамайтын жандарды осы игі іске атсалысуға шақырамын!»Аталмыш акция 27 қазан мен 4 қараша аралығында өтті. Нәтижесінде ондаған килограмм пластик қақпақ жиналып, аудан мектептері, балабақшалары, мекемелері мен тұрғындары белсенділік танытты. Ұйымдастырушылар барша қатысушыларға табиғатты қорғауға қосқан үлестері мен белсенділігі үшін алғыс білдіріп, әрбір қақпақ – бұл тек қайта өңделетін қалдық емес, ізгілік пен үміттің белгісі екенін атап өтті.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық бастамалардың жалғасы ретінде 2025 жылғы 4 қарашада Сарыкөл ауданындағы Сарыкөл кентінде «Табиғат үшін 5 минут» атты экологиялық флешмоб өтеді. Іс-шараны Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруда. Акцияның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және жастардың экологиялық мәселелерге деген азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.Флешмоб аясында қатысушылар аулаларды, көпшілік демалатын аймақтарды, жасыл желектер мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарын жүргізіп, туған жердің тазалығы әркімнің өз ауласынан және жеке үлгісінен басталатынын көрсете алады. Іс-шараға жастар ресурстық орталығының еріктілері, жұмысшы жастар, мектеп пен колледж оқушылары және белсенді ауыл тұрғындары қатысады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, табиғатқа небәрі бес минут арнаудың өзі үлкен игі әсерін тигізіп, өзгелерге үлгі бола алады. Мұндай іс-шаралар экологиялық жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамда бірлік пен бейжай қарамау рухын нығайтады.«Таза Қазақстан» бағдарламасы Қостанай облысының тұрғындарын ізгі істерге біріктіріп, туған өлкенің тазалығы мен сұлулығын сақтау жолында нақты қадамдар жасауға шабыттандырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1098868?lang=kk
Қазақстан Стамбулда өткен COMCEC-тің 41-ші министрлік сессиясына қатысты 04.11.2025
2025 жылдың 3–4 қарашасында Ыстамбұл қаласында (Түркия Республикасы) Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Экономикалық және коммерциялық ынтымақтастық жөніндегі Тұрақты комитетінің (COMCEC) 41-ші Министрлік сессиясы өтуде. Анықтама үшін: COMCEC – Ислам әлеміндегі экономикалық мәселелерді талқылау, ортақ саясаттарды әзірлеу және мүше мемлекеттердің экономикалық жақындасуы мен дамуына бағытталған жобаларды іске асыруға арналған негізгі көпжақты алаң болып табылады. COMCEC құрамына 57 мемлекет кіреді. Ағымдағы іс-шара «ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерде экспорттық стратегияларды әзірлеу/жетілдіру» тақырыбына арналды. 41-ші сессияны COMCEC Төрағасы – Түркия Республикасы Президенті Р.Т. Ердоған ашты. Экономика және сауда министрліктерінің басшылары жетекшілік еткен делегациялар ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиімді экспорттық стратегияларды әзірлеу тәжірибесіне арналған COMCEC Баяндамасын талқылады. Сонымен қатар, ИЫҰ елдерінің сыртқы нарықтарға экспортты ілгерілету барысындағы негізгі қиындықтар жөнінде пікір алмасу өтті. Барлық қатысушылар қазіргі геосаяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында ИЫҰ елдері арасындағы өзара сауданы арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Аталған іс-шарада Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Кушукова Жанель басқарады. Сондай-ақ Министрлер сессиясы аясында вице-министр Ж.Кушукова Ислам елдері үшін статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер мен оқыту орталығының (SESRIC) бас директоры Зехра Зюмрют Сельчукпен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар Министрлік пен SESRIC арасындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын, оның ішінде Министрлік қызметкерлері мен отандық бизнес өкілдері үшін оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1098763?lang=kk
Қарабатыр ауылында мектеп жанынан заманауи жылыжай ашылды 03.11.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қамысты ауданының Қарабатыр ауылындағы мектеп жанынан заманауи жылыжай іске қосылды.Жылыжайдың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, еңбексүйгіштікке баулу және болашақ мамандыққа бағыттау. Енді мектеп оқушылары биология және жаратылыстану пәндерінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуге мүмкіндік алады.Жобаның жалпы құны 600 мың теңге, қаражат аудандық бюджет есебінен бөлінген. 18 шаршы метр аумақты қамтитын жылыжайда оқушылар көкөніс өсірудің жаңа әдістерін меңгеріп, зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізеді.Қарабатыр ауылының әкімі Аманжол Қабылхан жобаның маңыздылығын атап өтті:– Бұл жоба балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған. Күн жылына наурыз айында қияр мен қызанақ өсіруді бастауды жоспарлап отырмыз, – деді ауыл әкімі.Мектеп мұғалімдері де жылыжайдың ашылуын оқу процесін тәжірибемен ұштастыруға үлкен мүмкіндік деп бағалап отыр. Сабақтар «Жаратылыстану» және «Биология» пәндері бойынша өтеді. Оқушылар өз қолдарымен өсімдіктерді баптап, өңір климатына бейімделген дақылдарды зерттейді.Болашақта жылыжай базасында оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, экологиялық бағыттағы түрлі байқауларға қатысатын болады.Қарабатыр ауылындағы бұл жылыжай – аудан көлемінде алғаш рет іске қосылған экожоба. Ол ауыл мектебі үшін тың серпін беріп, жас ұрпақтың табиғатты аялауға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1097959?lang=kk
Өмірді өзгертетін инвестициялар: бизнестің Қостанай облысын таңдауының себебі 01.11.2025
Қостанай облысы Қазақстандағы инвесторлар үшін тартымды өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуда. Биылғы жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында өңірге 379,7 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% артық (322,8 млрд теңге). Инвестициялардың физикалық көлем индексі (ИФО) 113,4% құрап, экономикалық белсенділіктің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетті.Айтарлықтай бөлігі жеке инвестициялар, олар 305,9 млрд теңгені құрайды, жалпы инвестиция көлемінің 80,6%-ын алып отыр (ИФО – 111,2%). Бұл өңірге және оның инвестициялық климатына бизнестің сенімін көрсетеді.⸻Масштабты жоба: KIA Qazaqstan зауытыҚостанай облысындағы ең ірі және маңызды жобалардың бірі – KIA Qazaqstan зауыты, ол рекордты қысқа мерзімде салынды және қазіргі таңда толық қуатымен жұмыс істеуде. Бұл KIA компаниясының Оңтүстік Кореядан тыс алғашқылардың бірі ретінде инвестиция салуы болып табылады.•Инвестиция көлемі: 131,5 млрд теңге•Өндірістік қуат: жылына 70 мың автокөлік•Жаңа жұмыс орындары: 1500Жобаны іске асыру барысында инфрақұрылым дамытылып, жұмысқа жарамды кадрлар дайындалуда. Зауыт қазіргі заманғы автокөліктерді жергілікті өндірісін қамтамасыз етіп қана қоймай, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құрып, ілеспе салаларды дамытады. Бұл инвестициялар өңір тұрғындарына нақты мүмкіндіктер әкеледі және экономиканың сапалы өсуіне үлес қосады.⸻2025 жылы іске асатын негізгі инвестициялық жобалар2025 жылы өңірде тағы 6 ірі индустриялық жоба іске қосылмақ, олардың жалпы инвестиция көлемі 189,6 млрд теңге, бұл шамамен 1 800 жаңа жұмыс орны құруға мүмкіндік береді. Солардың ішінде:1.«СарыарқаАвтоПром» ЖШС – Jetour автокөліктерін (CKD) шығару, 2,3 млрд теңге, жылына 5 мың автокөлік, 200 жұмыс орны.2.«KamLit KZ» ЖШС – жетекші көпірлердің басты берілістерін шығару, 82,5 млрд теңге, жылына 74 мың данаға дейін, 550 жұмыс орны.3.«KamLit KZ» ЖШС – жетекші көпір балкаларын терең локализациялау, 78 млрд теңге, жылына 90 мың данаға дейін, 100 жұмыс орны.4.«TEHNOPARK KZ» ЖШС – автокомпоненттерді шығару локализациялық орталығы, 17,8 млрд теңге, жылына 60 мың комплект, 800 жұмыс орны.5.«Бестекс» ЖШС – жиһаз және тігін өндірісін салу және қайта құру, 5,5 млрд теңге, жылына 200 мың тігін бұйымы, 150 жұмыс орны.6.«Тлеп» жеке қайырымдылық қоры – көпфункциялы туристік кешен, 3,5 млрд теңге, 20 жұмыс орны.⸻Неліктен бизнес Қостанай облысын таңдайды?Өңірді инвесторлар тартымды етеді:•Тұрақты экономикалық орта және бизнесті қолдау;•Дамыған инфрақұрылым және көлік қолжетімділігі;•Білікті кадрлар мен білім беру ресурстарының болуы;•Өндірісті локализациялауға арналған перспективалы салалар, әсіресе машина жасау және өнеркәсіптік қайта өңдеу.⸻Өмірді өзгертетін инвестицияларKIA Qazaqstan зауыты, сондай-ақ KamLit KZ, TEHNOPARK KZ және СарыарқаАвтоПром жобалары жаңа жұмыс орындарын ашып, заманауи өндіріс орнатып, өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартатынын нақты көрсетеді. Қостанай облысы инвесторларды қолдау мен стратегиялық экономикалық дамудың адамдардың өмірін тікелей жақсартатынын дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1097341?lang=kk
Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз! 31.10.2025
1 қараша, сенбі күні Өскеменде жергілікті өнім өндірушілердің қатысуымен төрт үлкен жәрмеңке өтеді. Мұнда сіз табиғи әрі жаңа өнімдерді таба аласыз: ет (сиыр, жылқы, қой, шошқа еті), сүт өнімдері, бал, көкөністер мен жемістер, бакалея өнімдері.Өтетін орындар:•⁠ ⁠ОРЦ «Алтай» – Жібек жолы көшесі, 44•⁠ ⁠«ДосНаР» сауда үйі – Виноградов көшесі, 17а•⁠ ⁠«Теміржолшылар паркі» (Зашита ықшамауданы) – Тынышпаев көшесі, 122•⁠ ⁠«Керуен» сауда үйі (КШТ ауданы) – Өтепов көшесі, 3Жәрмеңке уақыты: 8:00 – 15:00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1097000?lang=kk
2025 жылғы 28-29 қазанда Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтті. 30.10.2025
Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды.Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» ҚХА жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских, жазушы және «Ситуативный казахский» оқулығының авторы Қанат Тасыбеков, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, ҚХА жастар қанаты қатысты.Форумның мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту, оны үйренудің үздік тәжірибелерін насихаттау және елдің біртұтас мәдени-тілдік кеңістігін дамыту.28 қазан күні қатысушылар өңірдің тарихи-мәдени және өндірістік нысандарын аралады: Ы.Алтынсарин кесенесі, М.Дулатұлы, А.Байтұрсұлының ескерткіштері, Ы.Алтынсарин атындағы мұражайына барып, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында М.Әуезовтің «Қараш-Қараш» қойылымын тамашалады.29 қазанда форумның салтанатты ашылуы және пленарлық отырысы өтті. Модераторы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Руфина Усанова.Пленарлық отырыста Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, сенатор Геннадий Шиповских, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Камал Әлпейісова және «Мәміле» клубының негізін қалаушы Қанат Тасыбеков баяндама жасады.«Табыстың тарихы» сессиясында ҚХА амбассадорлары қазақ тілін меңгеру тәжірибелерімен, кәсіби жетістіктерімен және жастарға арналған кеңестерімен бөлісті. Олардың қатарында – Тимур Онянов (Павлодар), Әнел Пимичева (Астана), Денис Романов (Астана), Марина Богомолова (БҚО), Милана Әшімбек (Ақмола облысы), Евгений Кравчук (Жамбыл облысы), Карина Роот (Көкшетау) және Алёна Малькова-Солопова (Ақмола облысы) бар.Күннің екінші жартысында «Мемлекеттік тілді меңгерудің үздік тәжірибелері» атты үш параллельді шеберлік сағаттары өтті. Қостанай өңірінің жоғары оқу орындарының студенттері қазақ тілін үйренудің цифрлық, коммуникативтік және шығармашылық әдіс-тәсілдерімен танысты.Форум достық, өзара құрмет және ортақ тіл идеясы төңірегінде түрлі этнос өкілдерін біріктірген ашық диалог алаңына айналды. Іс-шара қоғамның қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға және сөз мәдениеті арқылы бірлікті нығайтуға бағытталды.#ҚХА30жыл #30летАНК #APK30yearsАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1095821?lang=kk
Құрылысқа қойылатын басты талап - сапа мен мерзім 29.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдегі құрылыс жұмыстарының барысы талқыланған мәжіліс өтті. Оған қала және аудан әкімдері, жауапты сала жетекшілері қатысты. Аймақ басшысы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, құрылыс қарқынын арттыруды, жыл соңына дейін жоспарланған әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар құрылыс материалдарының сапасына тұрақты бақылау орнатуды, бюджет қаражатын тиімді және мақсатты жұмсауды, жаңа мектептер мен тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды міндеттеді.Өткен жылы құрылыс саласына 128,5 млрд. теңге, биылға 170,1 млрд. теңге бөлінген. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 8,1 есе артқан. Әлеуметтік ірі жобалардың қатары көбейген. Биыл сол жағалаудағы физика-математика мектеп-интернаты, музыкалық колледж, тарихи- өлкетану музейі, шығармашылық- инновациялық орталық, «Келешек мектептері» және «Руханият орталықтары», «Қайсар» футбол клубының 11 мың орындық жаңа стадионы, тағы басқа нысандар құрылысы аяқталып ел игілігіне табысталды.Жыл соңына дейін сол жағалаудағы спорт кешені, «Достық үйі», Арал ауданы Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп, аудандардағы орталық ауруханаларды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталмақ. Қазіргі уақытта «Қызылорда арена» кешені, онкологиялық бөлімшесімен бірге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік аурухана құрылысы қарқынды жүруде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1095142?lang=kk
Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумының қорытындысы бойынша $303 млн келісім жасалды 29.10.2025
Шымкент қаласында өткен бизнес-форумда жалпы құны 303 миллион доллар болатын 15 құжатқа қол қойылды. Форумға екі елдің бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдары қатысты. Іс-шара Қазақстан Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылды.Форумға қатысқан Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ауғанстанмен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизи мен Қазақстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Евгений Тукумов құттықтау сөз сөйледі.Сондай-ақ форумда Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы мен «Shymkent Invest – Front Office» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды . Бұл келісім екі ел арасындағы инвестиция мен сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.«Ешқандай кедергілерге қарамастан, біз екіжақты сауданың дами беретініне сенеміз. Мақсатымыз қазіргі сауда көлемін сақтап қана қоймай, экспортталатын тауар түрлерін көбейту»,- деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров. Соңғы деректерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы $545,2 млн құрады. Болат прокаты, жүк көліктері және қант сияқты тауарлар бойынша өсім байқалды.Форум нәтижесінде QazTrade пен Gazanfar корпорациясы Мазари-Шариф қаласында серіктестік кеңсе ашу жөнінде уағдаласты. Бұл кеңсе екі ел арасындағы сауданы дамытуда үлкен рөл ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1095075?lang=kk
Ернұр Жәутікбаев Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды 28.10.2025
Ернұр Бөкенбайұлы Жәутікбаев ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің бұйрығымен Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол осыған дейін Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Ернұр Жәутікбаев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығын, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. ХҚКО жүйесінде үш жылдан астам қызмет етіп, Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО директорының орынбасары қызметіне дейін жеткен. 2011 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратына жұмысқа ауысып, Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы болып ауысты. 2012 жылы Алматы қаласы аумақтық жер инспекциясының мемлекеттік инспекторы. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде Персоналды басқару қызметінің бас сарапшысы болды. 2014 -2016 жылдары – Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы. 2016-2018 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Кадрлық ресурстарды дамыту басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары. 2019-2021 жылдары - Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2021-2023 жылдары - Павлодар облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысы.2023 жылдан осы уақытқа дейін ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1094325?lang=kk