Ғылым
Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма 24.04.2026
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails, https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomika-glavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm) алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда. Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер, бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі. Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға итермелейді. Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады. Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистерді көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздер және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере отырып, мыналар ұсынылады:• SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл» хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;• бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар арқылы тексеру;• бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректерін енгізбеу;• барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы аутентификацияны қосу;• әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану;• бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып, барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеріңіз Комитеттің Қылмыстық қауіпқатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығынАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1208275?lang=kk
Тұрақты авиациялық отын және биоэтанол: Қостанай облысында экологиялық таза өнім өндіретін зауыттар салынады 24.04.2026
Қостанай облысында негізгі шикізат ретінде биоэтанолға негізделген экологиялық таза тұрақты авиациялық отын өндіретін зауыт салынады. Сонымен қатар экологиялық таза биоэтанол отынын өндіру бойынша инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.Астанада өткен RES 2026 EXPO жасыл технологиялар және тұрақты шешімдер халықаралық көрмесі аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KazFoodProducts» ЖШС және KBR (АҚШ) компаниясы Қостанай облысында тұрақты авиациялық отын (SAF – Sustainable Aviation Fuel) өндіру зауытын салуды базалық жобалау туралы келісімге қол қойды.Тұрақты авиациялық отын (SAF) – бұл мұнай емес шикізаттан өндірілетін, әуе көлігінен шығатын көміртек қалдықтарын азайтатын экологиялық таза авиациялық отын. Қарастырылып отырған жоба аясында SAF өндіру үшін негізгі шикізат ретінде биоэтанол («этанолдан авиакеросинге» немесе «alcohol-to-jet» процесі) қолдану көзделуде.Еуропалық одақтың «жасыл» экономиканы дамыту және көміртек ізін азайту саясаты аясында SAF үлесін кезең-кезеңімен арттырудың міндетті нормалары белгіленген: 2025 жылы 2%-дан 2050 жылға қарай 70%-ға дейін.«KazFoodProducts» ЖШС сондай-ақ жылына 412 мың тонна бидайды терең өңдеуге арналған қуаты бар биоэтанол өндіретін жаңа зауыттың құрылысын бастады.Бұл зауытта өндірілетін биоэтанол SAF өндіруде шикізат ретінде пайдаланылатын болады.Жоғарыда аталған зауыттарды салуға 151 млрд теңге бағытталады.KBR компаниясы әлем бойынша мемлекеттік құрылымдар мен компанияларға ғылыми, технологиялық және инжинирингтік шешімдер ұсынады. Компания 80-нен астам елдегі клиенттерге қызмет көрсетеді және 29-дан астам елде операциялық қызмет жүргізеді.«Жасыл» энергия – экономикалық өсім мен экологиялық қауіпсіздіктің негізі«Жасыл» энергетика саласындағы тағы бір жоба – қуаты 1000 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы. Жобаны «Turan Wind Energy» ЖШС жүзеге асырады. Ол жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған. Құрылыс аясында әрқайсысының қуаты 6,25 МВт болатын 160 жел генераторын орнату жоспарлануда. Инвестиция көлемі 468 млрд теңге деп бағаланып отыр.«Ең маңыздысы, жел электр станциялары жоғарыда аталған биоэтанол және авиациялық отын өндіретін зауыттарды энергиямен қамтамасыз етеді», – деп атап өтті өңір басшысы.Осылайша, Қостанай облысында «жасыл» экономикаға тиімді көшу – бірегей жобаларды жүзеге асырудың арқасында мүмкін болмақ. Биоэтанол, SAF және ЖЭС салуға бағытталатын 620 млрд теңгеге жуық қаражат өңірдің экологиялық тазалығын қамтамасыз етуге, табиғи әлеуетін сақтауға, сондай-ақ болашақта өңіріміз бен еліміздің экономикалық жағынан тұрақты дамуына салынған инвестиция болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1208179?lang=kk
Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздары марапатталды 24.04.2026
55 мыңнан астам адамды біріктірген ауқымды жобаға облыстың 16 ауданы мен 4 қаласынан 300-ден астам білім беру ұйымы қатысты.Қостанай облысында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап оқитын ұлт» жобасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Өңірде жүзеге асқан ауқымды бастама 55 мың қатысушыны қамтып, кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттаған ірі қоғамдық қозғалысқа айналды.Қостанай – ағартушылық пен білімнің тамыры тереңге кеткен қасиетті өлке. Бұл – қазақ даласында алғаш мектеп ашып, білім шамын жаққан Ыбырай Алтынсарин мен ұлт руханиятының іргесін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының ізі қалған өңір. Осындай тарихи сабақтастық аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасы Қостанай облысында жүйелі түрде жүзеге асып келеді.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі Құмар Ақсақалов кітап оқудың қоғам дамуы үшін маңызын атап өтті:«Кітап оқитын адам – әрқашан білімімен озық, ойы ұшқыр және кез келген ортада бәсекеге қабілетті болады. Біздің басты мақсатымыз – жастарды тек білімді ғана емес, сонымен бірге терең ойлайтын, рухани бай тұлға ретінде тәрбиелеу. Дәл осы жоба – болашақ зияткер ұлтты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деді өңір басшысы.Іс-шараға арнайы қатысқан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жобаның рухани мәніне тоқталып, өңірдегі оқырман мәдениетінің дамуына жоғары баға берді.Жоба Қостанай облысының 16 ауданы мен 4 қаласын қамтып, 300-ден астам білім беру ұйымын біріктірді.Жалпы, 1200-ден астам интеллектуалдық іс-шара (квиздер, дебаттар, кітап талқылаулар) өткізілді. Нәтижесінде кітапханаларға келушілер саны мен жаңа оқырмандар қатары айтарлықтай артты. Бұл көрсеткіштер өңірде кітап оқу мәдениетінің тұрақты қоғамдық құндылыққа айналып келе жатқанын көрсетеді.Жобаның нәтижелілігін қамтамасыз еткен басты факторлардың бірі – педагогикалық қауымдастықтың белсенді қатысуы.Жобаға 11 мыңнан астам педагог қатысып, мұғалімдер кітапханалармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, оқушыларды жүйелі түрде кітап оқуға баулыды және оқу процесін тұрақты сүйемелдеді. Нәтижесінде балалардың жобаға қатысу деңгейі айтарлықтай артты. Бұл тәжірибе «мектеп – педагог – кітапхана» өзара іс-қимылының тиімді моделін қалыптастырды.Аталған жобаға 400-ден астам мемлекеттік қызметші қатысып, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері кеңінен қамтылды. Қатысушылар мемлекеттік қызметтегі жоғары жұмыс қарқынына қарамастан кітап оқуға тұрақты қызығушылық танытып, жобаның ой-өрісті кеңейтуге және шешім қабылдау сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Нәтижесінде кітап оқу мәдениетінің мемлекеттік қызмет жүйесінде де орныға бастағаны байқалды.Жоба нәтижесінде қатысушылардың оқу белсенділігі бірнеше есеге артты.Салтанатты кеште үздік қатысушылар дипломдармен және 1 миллион, 600 мың, 400 мың теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры – 40 млн теңгені құрады.Ауқымды жобаның жүзеге асуына «AMANAT» партиясы мен Қостанай өңіріндегі ірі агроөнеркәсіптік құрылым – «Олжа Агро» ЖШС-нің белсенді қолдауы серпін берді. Бұл серіктестік мемлекет пен бизнестің аймақтағы адами капиталды дамыту ісіндегі ортақ жауапкершілігін айқын аңғартады.«Кітап оқитын ұлт» – бұл жоба ғана емес. Бұл – білім мен парасатты құндылыққа айналдыратын ұлттық қозғалыс.Қостанай облысының тәжірибесі Кітап оқитын ұлт қалыптастыру идеясының нақты жүзеге асатынын дәлелдеп отыр.Аймақта «Кітап оқитын ұлт» жобасы Аманат партиясы мен Олжа Агро компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1207676?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Рудныйда пластикалық қалдықтарға екінші өмір сыйлаған экологиялық шеберлік сабағы өтті 23.04.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Рудный қаласының еріктілері жастар арасында экологиялық ойлауды дамытуға және саналы тұтыну қағидаттарын насихаттауға бағытталған «Заттарға екінші өмір» атты шеберлік сабағын өткізді.«Рудненский добряк» қалалық штабының еріктілері қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және практикалық дағдыларды дамыту мақсатында пластикалық бөтелкелерден кашпо жасау бойынша экологиялық шеберлік сабағын ұйымдастырды. Шеберлік сабағына белсенді ұзақ өмір сүру клубының мүшелері мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара 30 адамды қамтыды. Іс-шара барысында қатысушылар қайта өңделетін материалдардан ерекше әрі функционалды кашпо жасауды үйренді. Ұйымдастырушылардың жетекшілігімен пластикалық бөтелкелер интерьер мен сыртқы кеңістіктерді көгалдандыруға пайдалануға болатын сәнді бұйымдарға айналды.Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды: кашпо дайындалғаннан кейін қатысушылар оларға өсімдік көшеттерін отырғызды. Бұл олардың алған білімдерін бекітіп қана қоймай, көгалдандыруға және қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді.Іс-шара достық әрі шығармашылық атмосферада өтіп, экологиялық бастамалар мен тұрақты дамуға қызығушылық танытқан жастарды біріктірді. Қатысушылар шеберлік сабағының практикалық маңызын атап өтіп, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1206995?lang=kk
Лисаков қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдады 23.04.2026
Қостанай облысының Лисаков қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды абаттандыру және көгалдандыру іс-шаралары өтті. Қала тұрғындары игі бастаманы белсенді қолдап, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.Қалалық саябақ аумағында ұйымдастырылған көгалдандыру акциясына 123 белсенді тұрғын қатысты. Бірлескен әрі үйлесімді еңбектің нәтижесінде 1150 көшет отырғызылып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және жасыл желекті көбейтуге нақты қадам жасалды. Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында бұқаралық велошеру ұйымдастырылып, оған 50 адам қатысты. Аталған іс-шараға жастардың белсенді қатысуы ерекше атап өтерлік жайт. Жас буынның табиғатты аялауға бағытталған бастамаларға қызығушылық танытуы – экологиялық сананың қалыптасуының айқын көрінісі.Жалпы, өткізілген іс-шаралар «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаттарын іске асыруға, атап айтқанда, елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдің тұрақты дамуына өз үлесін қоса бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1206840?lang=kk
Жалпыға бірдей құқықтық оқыту шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының өкілдерімен кездесу өтті 23.04.2026
2026 жылғы 21 сәуірде Қостанай облысы әкімінің аппаратында құқықтық оқыту аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу барысында аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік қызметке және Мемлекеттік басқару академиясына түсу кезіндегі конкурстық іріктеуге қатысты заңнамадағы негізгі өзгерістер түсіндірілді.Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері конкурстарды өткізу рәсіміндегі жаңалықтарға, кандидаттарды бағалау критерийлеріне, іріктеу кезеңдеріне және құжаттарға қойылатын талаптарға қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Конкурстық рәсімдерді цифрландыру және іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қызметкерлері магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсудің жаңартылған шарттары, білім берудің жаңа бағдарламалары және мемлекеттік қызметшілер қатарындағы үміткерлерге қойылатын талаптар туралы баяндады.Қызметкерлердің құқықтық хабардарлығын арттыру жұмыстары нақты кейстер мен құқық қолдану практикасын талдау үшін практикамен айналысатын адамдар мен сарапшыларды шақыра отырып, ашық диалог форматында жалғасатыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1206590?lang=kk
Мемлекеттік қызметтің құндылықтарын ілгерілету және оқушылар арасында ерте кәсіптік бағдарлау мақсатында Қостанай облысының әкімдігінде Қостанай қаласы мектептерінің оқушыларымен іс-шара өткізілді. 22.04.2026
Іс-шара аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған тұлғалар, табысты жас мемлекеттік қызметшілер, тиісті салаларда жұмыс істейтін Өңірлік кадр резервінің мүшелері, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі, сондай-ақ Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі шақырылды.Іс-шара оқушылардың мемлекеттік органдардың жұмысы туралы хабардарлығын арттыру, мемлекеттік қызмет туралы неғұрлым толық түсінік қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1206170?lang=kk
Әкімдік отырысы: соңғы 3 жылда 30-дан астам спорт нысаны салынды 21.04.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында облыс әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударады. Қазіргі уақытта бұқаралық спортпен айналысатын азаматтардың ең көп үлесі жастар мен ересектерге тиесілі. Облыста спорттың 18 түрімен 69,5 мың бала мен жасөспірім айналысады. Облыста жыл сайын жаңа спорт нысандарының саны артып келеді. Соңғы 3 жылда 30-дан астам нысан салынды: 16 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 6 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат манежі және бассейн. Облыс орталығында триатлон паркі ауданында көпфункционалды стадион салынуда. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы келісімге қол жеткізілді. «Астана» шағын ауданында Спорт сарайының құрылысы басталады. Арқалық қаласында жабық хоккей корты салынады, ал «Самұрық-Қазына» қоры көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызады. Соңғы 3 жылда облыста 80-нен астам спорт алаңы салынды.«Спорттық инфрақұрылым – бұл жай ғана нысандар емес. Бұл – қоғам денсаулығына және облысымыздың болашағына салынған инвестиция», – деді облыс әкімі.Облыстың 121 спортшысы қысқы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының құрамына енген. Біздің спортшыларымыз халықаралық дәрежеде облысымыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеп келеді. Облыстың бес спортшысы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты. Сонымен қатар, жерлестеріміз бокстан, велоспорттан және пара пауэрлифтингтен Азия чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.«Президент айтқандай: «Әрбір азаматтың жетістігі – бүкіл Қазақстанның жетістігі, әрбір спортшының абыройы – халқымыздың беделі». Егер біз айқын нәтижелерге қол жеткізіп, спортшыларымыздың спорттағы жоғары жетістіктері мен табысты өнер көрсетуін қаласақ, аудан мен қала деңгейінен бастап кешенді тәсіл мен жүйелі жұмыс қажет. Біз әр өңірдің спорттық дайындық деңгейін көтеру арқылы ғана болашақта облысымыз бен мемлекетіміздің беделін арттыра аламыз», – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1205660?lang=kk
Облыс әкімі спортшылармен кездесті 21.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов халықаралық жарыстарда аймағымыз бен еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылармен кездесті.2026 жылдың басы Қостанай спорты үшін нәтижелі болды. Біздің спортшыларымыз халықаралық деңгейде жоғары дайындық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсетіп, лайықты өнер көрсетуде. Атап айтқанда, 5 спортшымыз Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты. Жерлестеріміз бокс, дзюдо, велоспорт, пара пауэрлифтинг бойынша Азия және Еуропа чемпионаттарында жеңістерге қол жеткізді.Облыста кадрлық әлеует пен спорттық резервті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 1 спортшы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 9 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 29 спортшы ҚР спорт шебері, сондай-ақ 3 спортшы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды.Дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өңірде 64 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді, оның 16-сы соңғы 3 жылда салынған. Атқарылған жұмыстардың барлығы спортшыларымызға жоғары белестерді бағындырып, халықаралық ірі жарыстарда еліміздің намысын лайықты қорғауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1205644?lang=kk
ҚР Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиевтің Скопье қаласына сапары барысында Қазақстан мен Солтүстік Македония арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды 21.04.2026
СкопьеМемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында, атап айтқанда 2025 жылғы мамырда Astana International Forum 2025 алаңында Қазақстан Республикасы Президенті мен Солтүстік Македония Республикасы Президенті арасында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша, ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Скопье қаласына жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында Солтүстік Македония Республикасының Президенті Г. Силяновска-Давкова Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиевті қабылдады. Кездесу барысында Президентке сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы және оны кеңейту перспективалары туралы ақпарат ұсынылды.Г. Силяновска-Давкова 2025 жылғы мамырда Астанаға жасаған сапарын жылы еске алып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ мемлекет басшыларының жақында Анталия дипломатиялық форумы алаңында өткен кездесуін атап өтіп, халықаралық диалогты одан әрі дамытудың маңыздылығын ерекше айтты.Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде Министр А. Шаққалиевтің Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен келіссөздері өтті. Тараптар екіжақты сауданың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады. Тауар айналымының тұрақты өсуіне жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.100-ден астам македониялық және бірқатар қазақстандық компаниялар (соның ішінде «QazTrade», «KazakhInvest») қатысқан бизнес-форум қорытындысы бойынша Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Солтүстік Македонияның Экономикалық палатасы арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Солтүстік Македонияның инвестициялар тарту және экспортты ілгерілету агенттігі арасында бірлескен бизнес-жобаларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Бұдан бөлек, бизнес-форум қорытындысы бойынша шамамен 500 млн теңге сомасына коммерциялық құжаттарға қол қойылды.Скопье қаласына сапар барысында Министр А. Шаққалиев «Bunardzik» кешеніне (TIDZ технологиялық және өнеркәсіптік даму аймағы) барып, экологиялық таза өндіріс пен озық технологияларға мамандандырылған орталықтың жұмысымен танысты.Сапардың жалғасы ретінде Стамбул қаласында ірі түрік бизнесінің өкілдерімен кездесулер өтті. Олардың қатарында Orzax Group (биологиялық белсенді қоспалар өндірісі), Roz Metal (металлургия, алюминий және мыс өнімдері) және Safi Holding (тамақ өнеркәсібі, соның ішінде қант өндірісі) бар. Келіссөздер барысында аталған компаниялар Қазақстандағы қатысуын кеңейтуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға, өндірістерді жергіліктендіруге және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1205121?lang=kk
Қостанай облысының қалалары мен аудандарында "Таза аула" акциясы қолдау тапты 21.04.2026
Қостанай облысының қалалары мен аудандарында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Таза аула» экологиялық акциясы кеңінен қолдау тапты.Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл бастама тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Іс-шараларға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорын ұжымдары, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ белсенді тұрғындар қатысты.Акцияның негізгі мақсаты – аула аумақтары мен тұрғын үйлерге іргелес жерлерді ретке келтіру, сондай-ақ азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Мұндай іс-шаралар елді мекендердің көркін жақсартумен қатар, тұрғындар арасында тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.Акция барысында қатысушылар санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтар мен құрғақ жапырақтарды жинады, ортақ пайдаланылатын аумақтарды тазалады, сондай-ақ аулаларды абаттандыру жұмыстарын атқарды. Аула аумақтарын ретке келтіруге ерекше назар аударылды.Нәтижесінде көптеген аулалар айтарлықтай таза, көрікті әрі жайлы бола түсті. «Таза аула» акциясы Қостанай облысы тұрғындарының азаматтық жауапкершілігінің жоғары деңгейін және қоршаған ортаны қорғау мен абаттандыру мәселелерін бірлесіп шешуге дайын екендігін тағы да көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1204938?lang=kk
Мемлекеттік наградалар табысталды 17.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ел өміріндегі қоғамдық жұмыстарға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі №1221 Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапатталғандар: «Парасат» орденімен:Махаббат Сағынбайұлы ЖутаевҚостанай облыстық мәслихатының әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен:Рафаил Сададдин оглы ГаджибалаевҚостанай облыстық «Бірлік» «Әзірбайжан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;Дәмер Елтайұлы Қалқаев«Облыстық халық шығармашылығы және кино-бейнеқор орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;Сәкен Балғабайұлы ҚоқышевҚостанай облысы әкімдігі «Қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;Диана Болатқызы РақпановаАхмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы;Наталья Сергеевна Рамазанова«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;Александра Кабдуллақызы Сергазинова«ТоболИнфо» ақпараттық агенттігі жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы;Мәжит Мақсұтұлы ШүленовҚостанай қаласы әкімінің орынбасары. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1203344?lang=kk
Өңір базарларында бағаның ашық қалыптасуын қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде 17.04.2026
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Премьер-министрдің тапсырмасын орындау аясында елдегі базарларда өнімсіз делдалдарды қысқарту жұмысын жандандырды. Негізгі назар бағаның негізсіз өсуіне әсер ететін факторларды жоюға және ашық тауар өткізу тізбектерін қалыптастыруға бағытталған.16 сәуір күні ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев Түркістан қаласында Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының базар иелері және сауда нысандары әкімшіліктерінің қатысуымен кеңес өткізді.Ішкі сауда қағидаларын жетілдіру аясында заңнамалық деңгейде бөлшек сауда жүзеге асырушылар мен көтерме жеткізушілердің аражігі ажыратылды. Осылайша сатып алу-сату үдерісіне қатысушылардың құрамы жүйеленіп, қосылған құн қалыптастырмайтын, бірақ жеткізу тізбегіндегі соңғы бағаға әсер ететін өнімсіз делдалдардың қатысуы шектелді.Комитет төрағасы базар иелерінің заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударды. Негізгі талаптардың бірі – ақпараттық жүйелерді міндетті түрде қолдана отырып қызмет жүргізу, онда сатушылармен жасалған барлық шарттар, жалдау төлемдері және сауда шарттары тіркелуі тиіс. Ашық цифрлық есептің болмауы нақты айналымның бұрмалануына, бейресми есеп айырысуларға және өнімсіз делдалдардың пайда болуына жағдай жасайды. Осыған байланысты бақылау шаралары ең алдымен ақпараттық жүйелерді қолданбайтын субъектілерге бағытталуда.Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, еліміз бойынша базарлар қызметіне, әсіресе көтерме сауда сегментінде, кешенді жұмыс басталды. Бұл жұмысқа Мемлекеттік кірістер органдары, ішкі істер органдары, антимонополиялық орган және жергілікті атқарушы органдар тартылған, үйлестіру Сауда министрлігі тарапынан жүзеге асырылуда. Салықтық әкімшілендіру құралдары, оның ішінде сауда қызметіне хронометраж жүргізу тетігі күшейтілуде, бұл нақты айналым мен декларацияланған көрсеткіштерді салыстырып, көлеңкелі айналым белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарады. Ақпараттық жүйелерді міндетті түрде қолдану талаптары орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік ретінде айыппұл салу көзделген, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен неғұрлым қатаң шаралар қабылданып, мәселе сот тәртібімен қаралуы мүмкін.«Базар – бұл жасырын схемаларға орын емес. Әрбір қатысушы заң аясында жұмыс істеуі тиіс. Кез келген сауда қызметі ашық әрі цифрлық форматта жүргізілуі қажет. Ақпараттық жүйелерден тыс жұмыс істеу – жасырын экономика мен баға бұрмалаушылықтарының тікелей тәуекелі. Егер нарық қатысушылары белгіленген талаптарға сай жұмыс істеуге дайын болмаса, мемлекет барлық заңды тетіктерді дәйекті түрде қолданады», – деп атап өтті Сауда комитетінің төрағасы. Әр өңірде облыс әкімдерінің орынбасарлары төрағалық ететін өңірлік комиссиялар жұмыс істейді. Олар тауар өткізу тізбектерін талдап, өнімсіз делдалдарды анықтап, оларды тізбектен шығару бойынша шешім қабылдайды. Сонымен қатар кейбір өңірлерде бұл жұмыс формалды сипатта жүргізілетіні және нәтижелі жұмыс жүргізілмей отырғаны айтылды. Жыл басынан бері елімізде 316 өңірлік комиссия отырысы өткен, нәтижесінде сауда тізбектерінен 76 делдалдық буын шығарылды. Сауда комитеті әкімдіктерге бұл жұмыстың нақты нәтижелілігін қамтамасыз етіп, ашық әрі тиімді жеткізу тізбектерін қалыптастыруды күшейтуді тапсырды.Аталған шараларды іске асыру жасырын экономиканың үлесін азайтуға, адал бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және халық үшін әділ бағаны қамтамасыз етуге бағытталған.Жұмыс сапары аясында Ернұр Жәутікбаев Түркістан облысындағы тұрақтандыру қорын, әлеуметтік дүкендерді және бірқатар базарларға барды. Мұндай жекелеген кеңестер алдағы уақытта әр аймақта арнайы өткізіліп, өңірлердегі жағдай жеке қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1203072?lang=kk
Ұзынкөл ауданында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді 16.04.2026
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында жыл басы жағымды жаңалықпен басталды. Аудан орталығында 18 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 267 адам тіркелген. Олардың басым бөлігін аз қамтылған және көпбалалы отбасылар құрайды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтуға ерекше мән берілуде.Аталған тұрғын үй Ұзынкөл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынған. Жаңа нысанның пайдалануға берілуі ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Қазіргі таңда тоғыз отбасы жаңа пәтерлеріне қоныстанып, заманауи тұрғын үйдің барлық мүмкіндіктерін пайдалануда. Қалған пәтерлер де жақын уақытта өз иелерін табады деп күтілуде.Тұрғын үй құрылысы бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1201810?lang=kk
Өнімсіз делдалдың қызметі тоқтатылды: ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% сауда үстемесімен өз өзіне қайта сатқан 16.04.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘАМАТ) бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда.Өңірлік комиссия қызметі аясында электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) талдау барысында бағаларды жасанды түрде көтеру схемасы анықталды.Анықталғандай, өңірдегі жеке кәсіпкерлердің бірі жасанды делдалдық буын құрған. Кәсіпкер тауарларды (қарақұмық жармасы, қант, тұз) сатып алып, оларды өзіне қарасты ЖШС-ға қайта сатқан.Осындай «өзіне өзі қайта сату» нәтижесінде халық үшін маңызды тауарлардың соңғы бағасы негізсіз өскен. Мәселен, қарақұмық жармасына 127% сауда үстемесін қосқан. Сатып алу бағасы 241 теңге болса, 550 теңгеден сатылған. Ал қантқа сауда үстемесі 45% жеткен. Ас тұзына 41% сауда үстемесін қойған. ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Айыппұл салынды.Жұмыстың басты нәтижесі — өнімсіз делдал жеткізу тізбегінен толық шығарылды, бұл бағаның әділ қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Мұндай схемаларды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда және Департаменттің тұрақты бақылауында. Департамент жыл басынан өңірдегі 70-тен астам сауда нысанының электронды шот-фактурасына талдау жасап, оннан астам өнімсіз делдалды сауда тізбегінен шығарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1202120?lang=kk
Ет бағасын тұрақтандыру бойынша үш жақты меморандум жасалды 16.04.2026
15 сәуірде Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстанның Мал шаруашылығы одағымен бірлесіп, сиыр еті бағасын тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.Меморандумның негізгі мақсаты – тараптардың ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік шиеленістің алдын алуға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға өзара мүдделілігі болып табылады.Келісілген меморандум аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы мынадай міндеттемелерді өзіне алды:- ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуді және тапшылықтың туындауына жол бермеуді;- сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15%-ын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыруды;– ресми статистикалық деректерге сәйкес айқындалатын орташа республикалық бағадан аспайтын өндірушілердің белгіленген өткізу бағасы бойынша ішкі нарыққа сиыр етін жеткізуді қамтамасыз ету;- ет өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіруді.Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы меморандум шеңберінде салалық ұсыныстарды мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде қарастырады, сондай-ақ ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады.Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтағы баға мониторингін қамтамасыз етеді, сауда желілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді және өндірушілер мен сауда объектілері арасында тікелей жеткізу шарттарын жасасуға ықпал етеді, сондай-ақ сауда үстемесінің рұқсат етілген деңгейінің сақталуын бақылайды.Меморандум ашық әрі болжамды нарық қалыптастыруға, баға құбылмалылығын төмендетуге және халықты қолжетімді ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру саланың экспорттық әлеуетін дамыту мен ішкі нарықты қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1202499?lang=kk
Банк пен кәсіпкерліктің әріптестігі 16.04.2026
Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова өңірдің бизнес қауымдастығымен және серіктестерімен кездесті. Онда кәсіпкерлермен әріптестікті нығайту, бизнестің жаңа нарықтарға шығуына қолдау көрсету және өңірдің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін заманауи қаржы құралдарын дамыту мәселесі талқыланды.Кездесуде Қостанай облысының әкімі тек биылғы жылдың бірінші тоқсанында өңіріміздің қаржы нарығында екінші деңгейлі банктердің экономика салаларына берген несиелік салымдары 119,1 млрд теңгені құрағанын жеткізді.Берілген несиелердің ең көп үлесі сауда саласына тиесілі – жалпы соманың 16,1%-і, өнеркәсіпке – 15,9%, құрылыс саласына – 2,7%. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға 30,4 млрд теңге несие берілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ке көп.«Облыстың банктік депозиттік базасы бір жыл ішінде 20,7%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Оның ішінде депозиттік нарықтың 80%-і халықтың салымдарына тиесілі. Депозиттерді долларландыру деңгейі 8,3%-ті құрап, 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайыздық үлеске төмендеді. Бұл теңгеге деген сенімнің артқанын көрсетеді» — деп атап өтті аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1202519?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп оқыту семинарын өткізді 15.04.2026
2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп оқыту семинарын өткізді.Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелеріне байланысты заңнама талаптары және қызметтік мінез-құлық нормалары түсіндірілді.Мемлекеттік мүлікті тиісінше пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілердің сеніп тапсырылған ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік жабдықты, көлікті және өзге де материалдық құралдарды тек қызметтік мақсаттарда пайдалану міндеті, сондай-ақ әкімшілік ресурстарды жеке мүдделерде пайдалануға жол бермеу қажеттігі атап өтілді.Жеке блокта мүдделер қақтығысы мәселелері, оның ықтимал алғышарттары мен алдын алу тетіктері қарастырылды. Осыған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оны уақтылы хабарлау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Семинар аясында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары қосымша түсіндірілді, оның ішінде іскерлік әдеп пен іскерлік қарым-қатынас нормаларын сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына нөлдік төзімділік қағидаты.Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге заңнамамен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттілігі еске салынды, оның ішінде темекі шегуге, ойын-сауық (құмар ойын) орындарына баруға тыйым салу, діни бейтараптық қағидатын сақтау, еңбек тәртібі мен жұмыс режимі талаптарын сақтау.Іс-шара қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастырудың, қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1201596?lang=kk
Өңір басымдығы — қуатты бизнес, тұрақты даму 15.04.2026
«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың өңірге жұмыс сапары аясында жергілікті кәсіпкерлікті дамыту перспективалары талқыланып, жетекші кәсіпорындарға бару жоспарланды. Бизнес өкілдерімен диалог, өңірлік кеңеспен кездесу және «Бір ауыл – бір өнім» көрмесін аралау секілді шаралар басты тезисті айқындап берді: Қостанай облысы Қазақстанның негізгі индустриялық-аграрлық аймақтарының бірі мәртебесін нықтап отыр.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір үшін ірі өндірістерді дамыту және шағын және орта бизнес үшін барынша қолайлы орта қалыптастыру бүгінгі күннің басым бағыттары екенін атап өтті.«Бүгінгі таңда Қостанай облысы – еліміздің тұрақты дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Облысымыз өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі жағынан республикада төртінші орында тұр. Аймағымыз – машина жасау орталығы, республика бойынша жалпы өндірістің 25%-і Қостанай облысына тиесілі. Өңіріміз ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп экспорттау және азық-түлік өндіру жағынан еліміз бойынша жетекші орында. Әрбір инвестициялық жоба тұрақты жұмыс орындарын ашумен және жергілікті инфрақұрылымды дамытумен ұштасуы маңызды. "Атамекен" ҰКП-мен өзара іс-қимыл кәсіпкерлерден жедел кері байланыс алуға мүмкіндік береді», — деді аймақ басшысы.Өз кезегінде Қанат Шарлапаев Ұлттық палатаның биылғы жылға арналған негізгі басымдықтарын белгіледі. Оның айтуынша, басты назар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және отандық бизнестің әлеуетін ашуға бағытталған.Палата төрағасы аймақтағы бірқатар жетекші кәсіпорындармен, ірі инвестициялық жобалармен танысты. Бизнес өкілдерімен кездесу барысында негізгі сұрақтар құрылыс, аграрлық сала, отандық өндірушілерді қолдау және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне қатысты болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1201335?lang=kk
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – жауапты міндет 15.04.2026
Аймақ әкімдігінде облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық тақырыбында отырыс өтті. 6 сәуірден бастап ресми түрде өрт қаупі кезеңі басталды, бұл кезең қазан айына дейін жалғасады.Қазіргі уақытта орман күзетінің кадрлық құрамы күшейтілді. Үш жыл бұрын 825 адам болған, қазір 1 242 адамға дейін немесе 51%-ке өсті. Орман мекемелерінің техникамен қамтамасыз етілуі 76%-тен 90%-ке дейін артты. Үш жыл ішінде 51 өрт сөндіру машинасы, 86 трактор, 36 шағын орман өртін сөндіру кешені және 65 автокөлік сатып алынды. Жыл сайын тәулік бойы бақылау жүргізетін камералардың саны артып келеді. Орман өртінің орташа аумағы 11,4 гектардан 4,6 гектарға дейін төмендеп, 2,5 есеге азайды.«Қазір жаңа өрт қаупі кезеңі басталып келеді. Мамыр айынан бастап дәстүрлі түрде ормандарға барушылар саны да артады. Орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын есте ұстаған жөн. Тәуекелді азайтып, өрттің туындауына жол бермеу – ортақ міндетіміз. Әрқайсымыздың үнемі үйде, көшеде, орманда өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтағанымыз маңызды», – деді аймақ басшысы.Жиында Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Назарали Селимов, облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Гүлжанат Керібаева, Әулиекөл ауданының әкім Жансұлтан Тәукенов, Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев өрт қаупі кезеңіне әзірлік жұмыстарына қатысты баяндама жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1201344?lang=kk