Enbekshi QazaQ

Ғылым

Белгілі жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылық кеші өтті 15.04.2025
Қостанай қаласындағы І.Омаров атындағы қазақ драма театрында белгілі жазушы Төлен Әбдіктің 75 жылдығына арналған әдеби-шығармашылық кеші өтті.Кездесуге танымал ақын-жазушылар, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Шараны облыстық «Qostanai'» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов жүргізіп отырды.Алдымен, облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өңір басшысының құттықтау хатын оқып берді. «Қаламыңыздан туған көркем шығармалар қазақ прозасын жаңа деңгейге көтерді. Сіздің әңгімелеріңіздің негізінде бірнеше фильм түсірілді, театр сахналарында спектакльдер қойылды. Көрермендердің ыстық ықыласына ие болу жазушының шын бақыты болса керек. Сіз адамгершілік қасиеттерді бәрінен биік қоясыз. Ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратып, оқырманға ой саласыз. Мерейтойыңызды туған жер төсінде қарсы алдыңыз. Бұл біз үшін ерекше мәртебе саналады», - делінген Архимед Мұхамбетовтің құттықтау хатында.Белгілі жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұхамедқали сахнаға көтеріліп, Төлен Әбдікұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтты.Басқосу қорытындысында Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов жерлес жазушыға ат мінгізіп, шапан жапты. Сондай-ақ, Төлен Әбдікұлына «Жанкелдин ауданының құрметті азаматы» белгісін тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/19155?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА «АГРОМАШХОЛДИНГ» АҚ ЭКСКЛЮЗИВТІ ӨНДІРІСТІК АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ 15.04.2025
Қазақстандық аграрийлерге белорустық ауыл шаруашылығы техникасының кең желісі қолжетімді болады. Қазіргі уақытта Минск қаласында мемлекет елбасшыларының қатысуымен, Белоруссия-Қазақстан бизнес-форумы өтуде. Одан әрі стратегиялық дамуға, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің көлемдерін арттыруға қатысты, «АгромашХолдинг» АҚ мен «Гомсельмаш» ААҚ арасындағы келісімге қол қою, Форумның түйінді сәттерінің бірі болып табылады. Келісім шеңберінде «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында «Гомсельмаш» ААҚ және оның аффилирленген құрылымдары техникасының модельдер қатарын өндіруде және жүзеге асыруда эксклюзивті құқыққа ие болады. Келісімнің эксклюзивтігі компаниялар 10 жылдық ынтымақтастықтан кейін өзара қарым-қатынастықтың сапалы жаңа форматына көшеді. Бұдан басқа, «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстандағы белорус техникасының бірден-бір өкілі бола отырып, серіктестер өзара қарым-қатынастарының стратегиясы қаржылық жағынан және өнім ретінде түгел ауысады.Бұл жағдайда келісімге қол қою Қазақстанда өндірілетін техника паркін молынан кеңейтуге, рынокқа жаңа өнімдер енгізу мен аграрийлерді уақытында қосалқы бөлшектермен және сапалы сервиспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Маусымдар қарсаңында тұрақты түрде аграрийлердің қолдарында барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы болу үшін, компания өндірісті жаңғыртуды, қазақстандық қамту үлесін 70 пайызға дейін арттыруды және сервистік-сату жүйесін кеңейтуді жоспарлайды. «АгромашХолдинг» АҚ – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және сату бойынша жетекші компания болып табылады. Қазіргі кезде компаниядағы қызметкерлер саны 500 адамнан артық. Гомсельмашпен ынтымақтастықта бола отырып, компания қазақстандық аграрийлерді сапалы және қолжетімді техникамен қамтамасыз етеді. Зауыттардың өзара қарым-қатынастарының тарихы 2007 жылдан басталады, яғни Агромашхолдинг өндірістік алаңында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының комбайндар паркінде елеулі үлес алатын, Essil астық жинайтын комбайндарын сериялық шығару ұйымдастырылған. Сатылған техниканың 50% бірлесіп шығарылған Essil комбайндарына келеді, ал осы жобаны іске асыру басынан бері 200 млн $ сомаға 3 000 бірліктен артық техника сатылды.Кеден Одағы мемлекеттерінің басшылары қабылданған шешімдер негізінде, ынтымақтастықты және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға көзделген жағдайларды жасайды. Кеден Одағы аясында екі компания арасындағы қарым-қатынастардың дамуы Халықаралық өнеркәсіптік кооперациясының айқын үлгісі болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/19059?lang=kk
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: APPLE ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ СЕРВИСТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АШТЫ 15.04.2025
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Apple компаниясының өкілдерімен сәтті келіссөздер жүргізді, соның нәтижесінде Қазақстанда денсаулық мониторингі үшін маңызды цифрлық сервистер қолжетімді болды.Бұған дейін бұл қызметтер Қазақстанда қолжетімсіз болды, бірақ АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания және Аустралия сияқты елдерде табысты жұмыс істеуде. Енді қазақстандық пайдаланушылар өз денсаулығын бақылау үшін осы озық технологияларды пайдалана алады.Apple Watch-та ЭКГ жазуApple Watch Series 6 және одан кейінгі моделдердің иелері енді электрокардиограмма (ЭКГ) жазу функциясын қолдана алады. ЭКГ-ны жеңілдету небәрі 30 секундты алады және жүрекшелер фибрилляциясының белгілерін — ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін жүрек ритмінің бұзылуын анықтауға көмектеседі. Деректер «Денсаулық» қосымшасында сақталады және одан әрі талдау үшін дәрігерге берілуі мүмкін.Ұйықтау кезіндегі апноэ туралы хабарламаApple Watch Series 9 және одан кейінгі нұсқаларына арналған жаңартумен ұйықтау кезіндегі апноэ эпизодтарын түсіретін мүмкіндік пайда болды. Бұл жағдай ұйықтау кезінде тыныс алудың уақытша тоқтауымен бірге жүреді, бұл созылмалы шаршауға және денсаулықтың басқа мәселелеріне әкелуі мүмкін. Енді пайдаланушылар түнде тыныс алудың бұзылуы туралы хабарлама алады.AirPods Pro-дағы жаңа функцияларAirPods Pro 2 және одан кейінгі моделдерді пайдаланушылар енді «Естуді тексеру» функциясын пайдалана алады. Бұл функция әртүрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстарды есту қабілетін бағалауға мүмкіндік береді, бұл мүмкін болатын есту проблемаларын ерте кезеңдерде анықтауға көмектеседі. Тест шамамен бес минутты алады және тыныш жағдайда өткізіледі. Нәтижелер iPhone немесе iPad құрылғысындағы «Денсаулық» қосымшасында сақталады, бұл динамиканы бақылауға және қажет болған жағдайда мамандарға хабарласуға мүмкіндік береді.Қосымша «Есту аппараты» функциясы қолжетімді болды, ол жеңіл және орташа есту қабілетінен айырылған адамдарға арналған. Ол AirPods арқылы ойналатын дыбысты пайдаланушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес бейімдейді, сөйлеу мен қоршаған дыбыстарды қабылдауды жақсартады. Функцияны дұрыстау есту скринингі нәтижелерінің немесе маманның жүктелген аудиограммасының негізінде жүзеге асырылады.Гаджеттердің бұл функциялары кез-келген ауруды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға негіз бола алмайтындығын ескеру маңызды. Олар денсаулық жағдайын бақылаудың көмекші құралы ретінде қызмет етеді және білікті медициналық мамандардың консультацияларын алмастырмайды.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін заманауи технологиялардың қолжетімділігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/968293?lang=kk
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Қадірлі отандастар!Ораза айт мейрамы құтты болсын!Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша.Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі.Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін.Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!Айт қабыл болсын, ағайын!t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/965883?lang=kk
СҚО-да донаттар шығаратын зауыт салынуда 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында  «Бейкертон» компаниясының бас директоры Марина Баяндина Петропавлда донаттар өндіру зауытын салу барысы туралы баяндады.Зауыттың құрылысы «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жалғасуда, қазір темірбетонды негіздер орнату жұмыстары аяқталуға жақын, сондай-ақ металл құрылымдарын орнату басталды. Жобаға 37 миллиард теңге инвестиция салынады, 380 жаңа жұмыс орны ашылады.«Бұл зауытта  толық автоматтандырылған екі желі іске қосылмақ. Толық қуатына шыққанда  жылына 15 мың тонна өнім өндіретін болады. Мемлекеттік органдар тарапынан жобаға толық қолдау көрсетілуде», – деді Марина Баяндина.Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов осы жобаның перспективалы екенін атап өтіп, мемлекет «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының субаймақтарына инженерлік инфрақұрылымды жеткізетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964060?lang=kk
СҚО жарты триллион теңге инвестиция тартты 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында инвестициялар тарту мәселесі қаралды. Өткен жылы өңір экономикасына 556 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның 420 миллиард теңгесі жеке инвесторлардың қаражаты.Биыл инвестиция тартуда басты назар өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобаларды іске асыруға аударылады. 87 миллиард теңге көлемінде 11 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда, бұл 1,1 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Олардың арасында кондитерлік өнімдер өндіретін зауыт, көтеру-тасымалдау жабдықтары мен көпір крандарын шығаратын зауыт, сондай-ақ ағаш өңдеу кәсіпорнын салу бар.Ауыл шаруашылығында 72 миллиард теңге көлемінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл – сүт фермалары, суару жобалары, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және басқа да маңызды бағыттар.Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов өңірдің инвестициялық әлеуетін толыққанды ашу үшін қажетті шараларды қабылдауды, негізгі салаларға бағытталған инвесторларды тарту бойынша кешенді стратегиялық жоспар әзірлеуді және қолдау шаралары бар перспективалы инвестициялық жобалар тізімін құруды тапсырды. Өңір басшысы аудан әкімдерін инвесторларды тарту бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізу керектігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964057?lang=kk
«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлтық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы және жергілікті атқарушы органдар «Еңбек жолы» конкурсынын өткізу бойынша  іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2025 жылы өткізу туралы хабарлайды.«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.Конкурсты өткізу мақсаттары:1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:1) Үздік еңбек әулеті.Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.3) Өндірістің үздік жас маманы.Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;2) жеке куәліктің көшірмесін;3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті  (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі жәнет.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).Осыған сәйкес, республикалық «Еңбек Жолы» конкурсына  белсенді ат салысуларыңызды сұраймыз.Нақты   ақпарат   пен  кеңесті Ақтөбе қаласы, Маресьев  көшесі,  101 мекен-жайында орналасқан Ақтөбе облысының жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 305 каб., тел.: 56-81-26,  басқарманың веб-сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/950448?lang=ru«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/963467?lang=kk
Шекара бойындағы ынтымақтастық – әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері 15.04.2025
Қостанайда осы тақырыппен әйелдер форумы өтті. Шараны Қостанай облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен ұйымдастырды. Форумның күн тәртібіне Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарының қазіргі байланыстарын нығайту және жаңа түрлерін қалыптастыру, шекаралас аумақтарда туризмді дамыту, шекаралас ауылдық аумақтардағы кәсіпкер-әйелдер арасындағы іскерлік байланысты кеңейту және басқа да өзекті мәселелер кірді. Жиынға Ресей Федерациясының Қорған, Орынбор, Челябі облыстарын, сондай-ақ еліміздің Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын танытатын мемлекеттік органдарының, квазимемлекеттік секторларының және екі елдің шекаралас аумақтарындағы іскерлік ортаның 250 өкілі қатысты.Форум жұмысына облыс әкімі А.Б.Мұхамбетов, Ұлттық комиссияның мүшелері, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Мәдениет және спорт министрліктерінің басшылары қатысты.Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко форумды аша отырып, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «шекаралас өңірлерде сыртқы саяси, экономикалық, мәдени және басқа да көптеген мәселелерді қоса алғанда, өмірлік маңызды мәселелер тоғысады, көршілер арасындағы және мемлекеттер арасындағы өзара қарым қатынастар нығайып, берік бола түседі» деген сөзін атап өтті.Қазір елімізде, ЕАЭҚ жұмысының шеңберінде Ресеймен шекаралас облыстардың қазақстандық кәсіпкерлерінің жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Көршілес елдер кәсіпкерлерінің экономикалық ынтымақтастығы олардың ұлттық экономикаларының дамуына қосымша серпін беруге және азаматтар өмірінің деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Бұл үдерісте 500 мың шағын және орта бизнес нысандарын басқарып отырған кәсіпкер-әйелдердің рөлі аз емес. Өз сөзінде облыс басшысы Архимед Мұхамбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай өңірі мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда айналымы 1 млрд АҚШ доллардан асқанын атап өтті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. «Облыс экономикасының дамуына шағын және орта бизнестегі кәсіпкер әйелдердің де қосар үлесі орасан. Өңірде 49 619 бизнес субъектісі тіркелген болса, соның 23 449-ын, яғни 47,3 пайызын нәзік жандылар басқарып отыр» - деді А.Мұхамбетов.Форум шеңберінде түрлі тақырыптарда сессиялар өткізілді. Қатысушылар бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктері мен болашағын талқыға салды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/13133?lang=kk
Қостанай мен Свердлов облыстарының алыс-берісі мен барыс-келісі нығая түспек 15.04.2025
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Свердлов облысына жұмыс сапарымен барды. Екатеринбургке атбасын тіреген Архимед Мұхамбетов Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашевпен кездесіп, екі өңірдің экономикалық байланысын нығайту жолдарын талқылады. Қазақстандық делегация құрамында облыс әкімдігі мен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері болды. «Свердлов облысы біз үшін стратегиялық тұрғыда жақын әріптесіміз саналады. Екі ел басшыларының достық қарым-қатынасының арқасында ішкі сауданың өсімі үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінгі кездесу қос тараптың экономикалық байланысын одан әрі жақсартады деген сенімдемін. Себебі, біз осында әлеуетті инвесторлар, кәсіпорын басшыларымен кездесіп, В2В форматында жиын өткіземіз. Қазір біз Қостанайда Индустриалды аймақтың құрылысын аяқтадық, сол себепті сіздердің облыстағы инвесторларға орын бөлуге мүмкіндігіміз бар. Олар өздерінің құрылғыларын біздің аймақта орнатып, кәсібін дамыта алады», - деді Қостанайоблысының басшысы.Архимед Мұхамбетов Тобыл-Торғай өңіріндегі автозауыттың даму қарқыны туралы сөз етті. Облыс басшысының айтуынша, былтыр Қостанайда 6 мың көлік нарыққа шығарылған. Енді биыл бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайтып, көлік санын 12 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Іс-сапар барысында белгілі болғандай, Свердлов облысының кәсіпкерлері қостанайлық «Jac» автокөлігіне сұраныс жасап отыр. Әсіресе, оларды көліктің S3 моделі айтарлықтай қызықтырған. Свердлов облысының губернаторы қазақстандық әріптесінің ұсыныстарын толықтай қолдады. «Біз Қазақстандағы облыстармен тығыз байланыстамыз. 2017 жылдың көрсеткішінде тауар айналымы бойынша Қазақстан алдыңғы қатардағы елдердің бірі. Ішкі сауданың көлемі 30%-ға өсіп, 1 млрд-тан астам АҚШ долларын құрады. Сіздің осында келуіңіз екі өңірдің әріптестік байланысын одан сайын нығайтады», - деді Евгений Куйвашев.Қостанай облысының әкімдігі мен Свердлов облысының басшылығы экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты келісімге қол қойды. Жиын соңында Архимед Мұхамбетов өтіп жатқан Әлем чемпионатында Ресей құрамасына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ол ресейлік әріптестерін Қазақстанда өтетін Астананың 20 жылдығын мерекелеу салтанатына шақырды.Свердлов облысына жасаған жұмыс сапары аясында Архимед Мұхамбетов сондай-ақ «Композит Групп» холдингі, «Сибеко», «Красногвардейск машина құрастыру зауыты», «Век» зауыты» АҚ және «Кейтеринбург» компаниясының басшыларымен кездесулер өткізді. Олардың қай-қайсысы да қазақстандық нарыққа, оның ішінде Қостанай облысымен қарым-қатынасты арттыруға мүдделі.Мәселен, «Кейтеринбург» компаниясының даму жөніндегі директоры Максим Лебедевтің айтуынша, Қазақстан жерінде, әсіресе Қостанай өңірінде жобаларды жүзеге асырып, инвестиция салуға қызығушылық артып отыр.«Ресей аумағында күніне 120 мың адамды сапалы азықпен тамақтаныдырып отырған «Кейтеринбург» осы қызметті Қазақстанда дамыта түсуге мүдделі. Ол дегеніміз біздің қызметте сіздің елдің азаматтары жұмысқа тартылып, жаңа жұмыс орны пайда болады деген сөз. Сондай-ақ салық түсімдері де Қазақстан бюджетіне үлесін қоспақ» - деп атап өтті ол.Жалпы еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын нығайту жолында бүгінде Қостанай облысы әкімідігі мен Ресейдің Свердлов, Челябі, Қорған, Орынбор, Омбы, Калуга облыстары және Татарстан Республикасымен арада жүйелі әріптестік жолға қолға қойылған. Әсіресе Қостанай өңірі кіретін Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарымен арадағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 1 млрд. АҚШ долларынан асып жығылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. Тауар айналымындағы облыстың экспорттық үлесі 52% болса, импорт 42%-ды құраған.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/12652?lang=kk
Таза Қазақстан: Тараздықтар "Денсаулық" саябағын қоқыстан тазартты 15.04.2025
Таразда Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күніне орай бірқатар саябақтар мен көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.Облыстық жастар ресурстық орталығының және “Жасыл ел” еріктілер жасағынан 50-ден аса жас жиналып, "Денсаулық" саябағындағы арық-атыздар мен жолдағы күл-қоқыстарды тазалады.Айта кетейік, Жамбылда наурыз-сәуір айларына жоспарланған 10,9 мың тал ағаштарын отырғызу, 17 мың м2 гүлзарлар мен 5,7 мың м2 көгалдар орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау, 2 781 шақырым көше жолдарын, 668 140 м2 саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 5,0 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/962266?lang=kk
⚜️Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады 15.04.2025
➤ Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды.➤ Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.– Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Бұл – біздің ата дәстүріміз. Шуақты көктем мерекесінде бүкіл дүние қайта жаңғырады. Күн мен түн теңеледі. Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастархан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қамқорлық көрсетеді. Ұлыстың ұлы күні биыл да қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы зор. Себебі біздің дініміз бен дәстүріміз – егіз. Қос қазынамыз халқымыздың бірегей болмысын айшықтай түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/962183?lang=kk
Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов БҚО-ның су тасқынына дайындығын тексерді 15.04.2025
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Үкімет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болып, өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Ол жергілікті атқарушы органдар мен төтенше қызмет өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, су тасқынының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талқылады.Ол ең алдымен, Орал қаласындағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады.Орал қаласы аумағынан 480-мыңнан астам текше метр қар, 55 148 текше метр еріген қар суы сорылды. Бұл жұмысты жүргізуге 300-ге жуық техника және 350-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Орал қаласын ықтимал су тасқынынан қорғау мақсатында жалпы саны – 12 тұрғызылған. Олардың ұзындығы - 11,4 км.Сонымен қатар, Премьер-Министрдің кеңесшісі Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі және Шыңғырлау аудандарының аумағын әуеден тікұшақ арқылы қарады.  Сырым ауданының аумағы арқылы ұшу кезінде Аралтөбе ауылының маңында су бұзған көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сырым ауданында Өлеңті өзенінің бойында 8,1 шақырым судан қорғау бөгеті тұрғызылған, оның ішінде 42 суды өткізу шлюзі бар.Бұдан соң, Премьер-Министрдің кеңесшісі Қаратөбе ауданы, Қоржын ауылы Жақсыбай өзенінің аумағын қарап өтті. Былтырғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Қоржын ауылында 90 үй салынған болатын. Бұдан соң Ералы Тоғжанов Қаратөбе ауданының орталығындағы Қалдығайты өзеніне барып, су тасқының алдын алуға бағытталған жұмыстармен танысты. Қар суының еруіне байланысты, Қалдығайты өзенінің суы көтеріліп, өз арнасы арқылы өтіп, жақын маңдағы жолды бұзған болатын. Осыған байланысты, 32 техника тартылып, төтенше жағдайлар қызметінің 60 маманы және 23 аумақтық қорғаныс қызметінің сарбаздары орын алған төтенше жағдайды жою жұмыстарын жүргізді. Олар өзен жағасын құм толтырылған қапшықтармен қорғау, суды бөгеу, жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде өзен бойында 3,7 км бөгет салынған. Ал, жалпы Қаратөбе ауданы бойынша 10,8 шақырым бөгет тұрғызылған.Осыдан кейін, Ералы Тоғжанов Шыңғырлау өзенінің бойымен ұшып, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарында атқаралып жатқан жұмыстармен танысты. Шыңғырлау ауданында –3,5 км бөгет, ал Бөрлі ауданындағы өзендер бойындағы елді мекендерде 40 км бөгет тұрғызылған. Сондай-ақ, Шыңғырлау өзенінде жалпы саны 9,5 мың шаршы метр мұз жарылған.Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны кезеңінде Батыс Қазақстан облысына келген уақытта Қаратөбе ауданыны4 тұрғындары Қалдығайты өзені арқылы өтетін 9 елді мекенді жалғайтын көпір салу мәселесін көтерген еді. Қазіргі уақытта көпірдің жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Осы ретте, ауыл ақсақалдарының алдында Ералы Тоғжанов аталған шешімге қолдау білдіретінін және тиісті министрлікке жүгініп, мәселені шешу бойынша жәрдемдесетінін жеткізді. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов жергілікті атқарушы органдар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жедел қабылдай отырып, жағдайды толық бақылап отырғанын атап өтті.Мамандардың мәліметінше, Батыс Қазақстан облысындағы өзендерде су деңгейі түскен. Ендігі кезекте Ералы Тоғжанов Ресей тарапымен трансшекаралық өзендердегі жағдайды бақылауда ұстап, күнделікті ақпарат алмасуды тапсырды.Жалпы алғанда, БҚО-да су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау үшін «Демеу Қазақстан қорының» және жергілікті бюджеттің қаражатымен 4,5 млрд теңгеге ұзындығы 143 км қорғаныс бөгеті орнатылды, 9 км су бұру каналы, 93 км арық салынды, 74 км магистральдық канал тазартылды. Облыс аумағынан 937,1 мың текше метр қар шығарылды.Өзендерде мониторингті жүргізу үшін облыста 29 гидробекет жұмыс жасауда.Сондай-ақ 32 мың адамды қабылдай алатын 317 уақытша орналастыру пункті дайын және малды қауіпсіз аймақтарға айдап апаруға арналған 195 орын бекітлді.Қазіргі танда БҚО-дағы барлық күш пен құралдар күшейтілген режимде, тәулік бойы кезекшілікте жұмыс атқаруда. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі                                        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/962093?lang=kk
СҚО әкімі өңірдегі тасқын жағдайы туралы айтты 15.04.2025
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сергеев су торабына барып, өңірдегі қазіргі тасқын жағдайы туралы басшылардың баяндамаларын тыңдады. Сергеев су қоймасынан асып төгілу қазір 35 см құрап отыр. Еске сала кетейік, былтыр рекордтық деңгей 425 см болған еді."Жалпы, өңірдегі жағдай тұрақты. Қардың қарқынды еруіне байланысты облыстық және аудандық жолдарда уақытша су тасулары орын алды, бірақ көлік қозғалысына шектеу қойылмады, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Әкімдіктер мен полиция тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Тасқын қаупі жоғары аймақтарға қосымша құтқарушылар мен арнайы техника жіберілді", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Облыста су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде. Су сорғызу жұмыстары жалғасуда, бөгеттерге бетон плиталар мен жамылғылар төсеу аяқталуда. Елді мекендер ішіндегі 2 мың құбыр тазартылды, ауыл маңындағы 500 км жер қаралатылды, 200 мың текше метр арықтар тазартылды, 119 мың қап дайындалды, 1,5 миллион текше метр қар шығарылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға Ұлттық ұлан академиясы, Қарағандылық ТЖМ әскери бөлімі және Петропавлдағы аумақтық қорғаныс әскери бөлімі жұмылдырылды. Тасқын жағдайы облыс басшылығының үнемі бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962003?lang=kk
Петропавлда 40 мотопомпа мен  30 ассенизаторлық машина су сору жұмыстарын жүргізуде 15.04.2025
Өңірде су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін облыс елді-мекендерінен 1,3 миллион текше метр қар шығарылды, оның ішінде 900 мыңы Петропавлға тиесілі. Қазір қалалық қызметтер суды сору жұмыстарына басымдық беруде, әсіресе Береке, Жұмысшы және Бірлік ықшам аудандарында.Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Бірлік» ықшам ауданындағы жағдайды тексеріп, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады және тұрғындармен әңгімелесті. Бұл ықшам ауданда су айдау үшін 20 мотопомпа және 10 ассенизаторлық машина жұмыс істеуде, сондай-ақ өртке қарсы қызметтің арнайы техникасы да тартылған. Су ағызу үшін арықтар қазылған, биыл нөсерлік кәріз жүйесі салынбақ. «Бірлік» ықшам ауданынан өтінімдер қабылдау үшін «Апельсин» дүкені маңында жедел штаб жұмыс істейді. Өтініштер бойынша бригадалар жедел түрде мекенжай бойынша шығып, су сору жүргізеді."Тасқын бойынша жағдайды бақылап, жедел әрекет ету үшін үнемі тексеруге шығып, елді-мекендерге барып тұрамын", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Жалпы қала бойынша су тасқынымен күресу үшін 40 мотопомпа және 30 ассенизаторлық машина тартылған.  Қажет болған жағдайда резервте мотопомпалар бар, биыл  қосымша 50 жаңа мотопомпа сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962001?lang=kk
Облыс әкімі «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттады 15.04.2025
Қостанайда жергілікті тауар өндіруші компаниялардың қатысуымен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтті. «Kostanay Plaza» сауда-ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған көрмеге түрлі тауар өндірушілердің нан, шұжық, сүт өнімдері және тоқыма мен зергерлік бұйымдары қойылды. Байқауға қатысуға жиыны 29 компаниядан өтініш түскен. Олар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік тұтыну тауары» сияқты үш аталымда сынға түсті.Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов байқау жеңімпаздарын марапаттады. Нәтижесінде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында «Гермес 4» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «МедиДез» ЖШС үздік деп танылса, «Халыққа арналған үздік тауар» жүлдесіне «Домбаев» ЖК, «Содалит» зергерлік компаниясы және «Triera KZ» ЖШС лайықты болды. Ал «Үздік тұтыну тауары» аталымында «ПИК» фирмасы, «Карагулин» ЖК мен «Аква-Арасан» ЖШС марапатталды. Аймақтық турдың жеңімпаздары республикалық байқауда бақ сынайтын болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/12005?lang=kk
Ақтау әуежайы «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енді 15.04.2025
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 14 наурыздағы қаулысымен еліміздің кейбір арнайы экономикалық аймақтардың қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заңнамалыққа сәйкес Ақтау әуежайы «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енді.Жаңа ережеде арнайы экономикалық аймақ Маңғыстау облысының аумағында, атап айтқанда, Ақтау қаласы, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының аумағында орналасқан.Бұл АЭА өңірдің жедел дамуын қамтамасыз ету, республиканың экономикасын әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жеделдету, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, жаңа өнім түрлерін шығару, инвестиция тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың заманауи әдістерін және шаруашылық жүргізу әдістерін енгізу, мультимодальды хабтарды, көлік пен логистиканы дамыту, өңірдің туристік әлеуетін арттыру, қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды құру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында құрылды.2027 жылдың соңына дейін әуежайды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Жобаның бірінші кезеңінде ұшу-қону жолағы мен перрон күрделі жөндеуден өтіп, қолданыстағы терминал жаңғыртылады және жаңа VIP-терминал салынады. Ал екінші кезеңде екінші ұшу-қону жолағы мен кеден қоймаларымен жабдықталған жаңа логистикалық орталық – мультимодальды транзиттік хаб іске қосылады.Жоба аясында 720 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жолаушылар ағыны жылына 2,5 миллион адамға дейін артады. Әуежай арқылы тасымалданатын жүк көлемі қазіргі 3 000 тоннадан 100 000 тоннаға дейін ұлғаяды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Маңғыстау облысының ішкі өңірлік өнімі 12 пайызға өсіп, жалпы көлемі 3 триллион теңгеге дейін жетеді деп күтілуде.Жоба толық жүзеге асқаннан кейін Ақтау халықаралық әуежайы арқылы келетін ішкі және халықаралық туристер саны жылына 600 мың адамға дейін жетеді деп жоспарланып отыр.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/961504?lang=kk
20 наурыз – "Ұлттық спорт күні" 15.04.2025
Ұлттық спорт күні қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігі саналатын күрес, көкпар, асық ату сияқты басқа да ұлттық спорт түрлерін насихаттауға арналады. Осы күні түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, мықтылар күш сынасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/961100?lang=kk
Қостанай маңындағы елді мекеннің 48 тұрғыны баспаналы болды 15.04.2025
Қала маңындағы Заречный кентінің 48 тұрғыны Конституция күнін жаңа баспаналарында қарсы алады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған баспаналардың кілттерін бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов табыс етті. Жергілікті атқарушы органдар соңғы үйлерді тапсыру арқылы аталмыш кенттің «Солтүстік» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің құрылысын толығымен аяқтады. «Біз төртқабатты 11 үй тұрғыздық. Олардың үшеуі - жалға беріледі, 8 - несиелік. Бүгін 48 пәтерлі соңғы үйді тапсырамыз. Олар жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға арналған. Бүгін 10 жетім бала жаңа үйлерінің табалдырығын аттады. Пәтер иелерінің қалғандары - әлеуметтік әлсіз топтар өкілдері мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Шағын ауданның құрылысына шамамен 2,2 млрд теңге жұмсалды», - деді Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Омарбек Қасымов. Жаңа баспана иелерін қоныстойларымен құттықтау үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те келді.«Республика үшін аса маңызды мемлекеттік мейрам - Конституция күні қарсаңында, сондай-ақ елорданың 20 жылдығына орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа үй пайдалануға беріліп отыр. Ең бастысы, облыста жыл сайын жаңа пәтерлер көптеп салынуда. Биылғы жылы ғана 300 мың шаршы метрден астам аумақты пайдалануға беретін боламыз. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, орташа есеппен 10 пайызға жоғары», - деді өңір басшысы.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/10797?lang=kk
Ұлттық киімнен рекорд орнатуға қатысушыларға автобустар тегін болмақ 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні — 22 наурызда Ақтауда өтетін «Best Fest Nauryz» ұлттық киім фестиваліне қатысушыларға автобустар тегін болмақ.Ұлттық киім фестивалін ұйымдастырушы Әсемгүл Адамбайдың айтуынша, фестиваль 22 наурыз күні сағат 9:00-де басталып, 12:00-ге дейін өтеді.Сондай-ақ қолында браслет белгісі бар барлық фестиваль қатысушысына қала, облыс аумағында қоғамдық автобустар тегін болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/960515?lang=kk
Altynsarin University – өңіріміздегі жоғары білімнің жаңа кезеңі 15.04.2025
Қостанай облысындағы жоғары білім жаңа деңгейге көтерілуде! Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Енді оқу орны Altynsarin University атауын иеленеді, бұл оның өңір мен елге білікті мамандар даярлаудағы маңызды рөлін айшықтайды.Студенттер үшін жаңа мүмкіндіктерЖаңа мәртебенің берілуі университетке үлкен перспективалар ашады. Енді болашақ мамандар тек педагогикалық бағыттарда ғана емес, сонымен қатар ақпараттық технологиялар, журналистика, экономика, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалар бойынша білім ала алады. Сондай-ақ, университетте магистратура бағдарламалары жүзеге асырылып, болашақта докторантура ашу мүмкіндігі пайда болады.Бұл Қостанай облысы мен еліміздің басқа өңірлерінің жастарына сапалы білім алу үшін үлкен мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламаларының кеңеюі сұранысқа ие мамандарды даярлауға және өңірдің дамуына үлес қосуға септігін тигізеді.Ғылыми әлеуетті нығайтуУниверситет мәртебесінің берілуі Altynsarin University үшін ғылыми қызметтің жаңа көкжиектерін ашады. Оқу орнында өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған зерттеу жобалары дамытылатын болады. Инновациялық технологияларды енгізуге, заманауи оқыту әдістерін дамытуға және экономиканың басым бағыттарына кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.Халықаралық ынтымақтастықТағы бір маңызды қадам – шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді серіктестік орнату. Бұл студенттер мен оқытушыларға халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға, жетекші білім ордаларында тағылымдамадан өтуге және озық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық, жаңа білім беру әдістері және халықаралық байланыстар Altynsarin University-дің қуатты ғылыми-білім беру орталығына айналуына ықпал етеді.Өңір үшін маңызыАрқалықта толыққанды университеттің құрылуы – Қостанай облысы үшін маңызды оқиға. Жаңа мәртебе өңіріміздегі жоғары білім, ғылым және экономика салаларының дамуына тың серпін береді. Университеттің заманауи білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулері және халықаралық байланыстары әртүрлі салаларда қажетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.Оқытушыларды, студенттерді және бүкіл Қостанай облысының тұрғындарын жоғары білім саласындағы осы маңызды қадаммен құттықтаймыз! Altynsarin University білім, инновация және болашақ мамандарды даярлау орталығына айналып, өңір мен елдің өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/960369?lang=kk