Enbekshi QazaQ

Ғылым

Қобда қазақ орта мектебін қайта жаңғырту жұмыстары оқу процесін едәуір жақсартқан 04.03.2025
Ауданға жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Қобда ауылында орналасқан қазақ орта мектебіне барды.Білім ордасы тірек мектептер қатарына жатады. 2008 жылы бой көтерген. Былтыр білім ошағына 98,3 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.Мектеп директоры Сания Срымованың айтуынша, облыстағы шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту бойынша пилоттық жоба аясында цифрлық технологияларды пайдалана отырып, аталған оқу орны заманауи әмбебап кабинеттермен жабдықталған. Қаражат «Қазақстан халқына»қорынан бөлінді. Бұл жаңғыртулар оқу процесін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Мектеп заманауи техникалық құралдармен жабдықталған 24 оқу кабинеті бар екі қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Оқушылар үшін арнайы шеберханалар – қыздарға арналған тігін сыныбы және ұлдарға арналған металл және ағаш өңдеу шеберханасы бар. Сонымен қатар, жасөспірімдерге ғылым саласындағы білімдері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін STEM зертханасын ашты. Заманауи технологиялардың арқасында мектепте робототехника оқытыла бастады. Сондай-ақ, мұнда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға сенсорлық кабинет ашылып, инклюзивті білім беру процесі енгізілді.Оқу кабинеттерін көріп шыққан облыс әкімі балалармен жасанды интеллектінің мүмкіндіктері туралы әңгімелесті. Мектеп жасындағы балалардың жасанды интеллект сияқты инновациялармен танысуы маңызды екенін, бұл оларға сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал ететінін айтып, ал, бұл үшін олар білім алып жатқан мектепте барлық мүмкіндіктер бар екенін жеткізді.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық мектептерде жаңа технологиялар енгізіліп, инфрақұрылым мейлінше жақсартылып жатыр. Білім алу үшін ең қолайлы жағдайлар жасалуда. Әсіресе ауылдық жерлерде оқу орындарын заманауи жабдықтау, олардың әлеуетін дамытуда шешуші рөл атқарады. Біз әр балаға сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып олардың толыққанды дамуына мол мүмкіндіктер беру үшін мектептерді жаңғыртуды әлі де жалғастырамыз», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948761
Облыс әкімі Қобдада азаматтарды қабылдады 04.03.2025
Өңір басшысының қабылдауына келген тұрғындар ауданның әлеуметтік инфрақұрылымы мен дамуына қатысты мәселелерді көтерді.Аймақ басшысына жеке сұрағымен келген төрт тұрғынның бірі - Светлана Ашенова. Ол аудан орталығында орналасқан «Шұғыла» балабақшасын басқа жерге көшіруге рұқсат сұрады. Ал, Нұрлыбек Кереймағанбетов аудан орталығында айналма жол салу мәселесін көтерді. Бұл көлік жүктемесін азайтып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ауданның инфрақұрылымын жақсартуға көмектесетіндігін алға тартты. Ауыл тұрғыны Мақсат Бисембаев Жиренқопа бағытында 6 ауылдық округ пен 6 елді мекенді қамтитын газ құбырын салу туралы ұсыныс білдіріп, көгілдір отын мәселесін қаузады. Ауылдарды газбен қамтамасыз ету жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайын едәуір жақсартатынын сөз етті.Облыс әкімі азаматтардың өтініштерін тыңдап, жауапты басқармаларға тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар аталған мәселелердің барлығы Қобда ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын іске асыру аясында қаралатынын айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948762
Төраға орынбасары Ұлытауда биыл жаңғыртылатын базарларға барды 04.03.2025
Базарларды жаңғырту жөніндегі Жол картасына сай биыл Ұлытау облысында 2 сауда базары жаңғыртудан өтеді. ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Жазқазған қаласындағы «Мерей» және «Нарық» базарларына барды.Сауда субъектілері сәуір-мамыр айынан бастап жаңарту жұмыстарына белсенді кірісуге ниетті. Қазір 2 базарда құжаттамалық жұмыстар мен ішкі бөлу жұмыстары жүріп жатыр. Ернұр Жәутікбаев базар иелері және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп жаңғырту жұмыстарын уақытылы аяқтауға кедергі келтіретін мәселелерді талқылады.«Жол картасына сәйкес елдегі барлық базарды жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін мерзімінде аяқталуы тиіс. Бұл туралы өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл жұмыс – бірінші кезекте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі екенін қайталап айтамыз. Дегенмен жергілікті әкімдік жаңғырту жұмыстарының белсенді жүруіне қолғабыс етуі керек», - деген Ернұр Жәутікбаев аталған базарлардағы туындаған инфрақұрылымдық мәселелерді шешуді әкімдікке тапсырды.Айта кету керек, Сауда заңнамасының талаптарына сай сауда базарлары бірнеше талаптарға сай келуі керек. Олардың ішінде ең маңыздылары – базардың өрт қауіпсіздік және санитарлық талаптарға сай болуы, тұтынушылардың онлай төлем жасауын қамтамасыз ету және өз аумағында көлік тұрағы болуы қажет. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сауда заңнамасы талаптарына сай келмейтін базар иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/948522
Қазақстан мен Өзбекстан цифрлық таңбалау саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ 04.03.2025
Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтың төрағалығымен өткен Қазақстан делегациясының Ташкентке жасаған сапары екі ел арасында цифрлық таңбалау және тауарларды қадағалау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болды. Делегация құрамында Қазақстанның Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», Қазақстанның Пивоварлар одағы және Қазақстанның Тауар таңбалаушы бірыңғай операторы «Цифрлық экономика дамуы орталығы» ЖШС өкілдері болды.Жұмыс сапарындағы маңызды шара - Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы Шерзод Қудбиевпен кездесу. Келіссөздер барысында тауар таңбалауы, тәжірибе алмасу және жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Әсіресе таптар цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтер арқылы тиімді салықтық әкімшіліктендіруге ерекше назар аударды.Қазақстан делегациясы Өзбекстанның Asl Belgisi тауар қадағалау жүйесінің жұмысымен де танысты. Бұл жүйе тауардың өндірушілер мен импорттаушылардан бастап, тікелей бөлшек саудаға дейінгі қозғалысының толық ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе салық органдарының қызметкерлері үшін әкімшіліктендіруді едәуір жеңілдетеді және тиімділігін арттырады.Сапар барысында делегация UzCarlsberg зауытына барды. Делегация мүшелері өндіріс процесінің әр кезеңіндегі таңбалау жабдықтарымен, заманауи автоматтандыру құралдарымен және өнімге Data Matrix форматындағы арнайы таңбалау кодын қою жүйесімен танысты.Сапардың нәтижесінде делегация екіжақты ынтымақтастықты нығайту және цифрлық технологиялар саласында тәжірибе алмасуды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді. Бұл тек елдер арасындағы сауда қарым-қатынасын жақсартып қана қоймай, сондай-ақ ұлттық бақылау жүйелерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/948539
Жетісу облысының әкімі Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті 04.03.2025
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Женишбек Асанкуловпен кездесті. Тараптар кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ресми делегацияны жылы қабылдаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өз сөзінде екі елдің арасындағы туыстық қарым-қатынасты тілге тиек ете келе, Жетісу облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталды.- Алатаудың арғы беті мен бергі бетін жайлаған туысқан қазақ-қырғыз халқының салт-дәстүрі де, көзқарастары да ортақ. Көрші елдермен достық қарым-қатынасты нығайтуға біз де мүдделіміз. Жетісу облысында қазіргі кезде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісі, жасыл энергитика, туризм, көлік-логистика салаларына басымдық беріледі, - деген өңір басшысы Алакөл мен Балқаш көлдерін дамытуға, шекаралық аймақтарды өркендетуге көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Өндіріс саласының әлеуетіне де тоқталып, қырғыз кәсіпкерлерінің бизнес жобалары болса, бірлесіп қарастыруға дайын екенін жеткізді.Өз кезегінде Қырғыз елінің ресми өкілі Женишбек Асанкулов келген сапарының мақсатына тоқталып, екі ел президенттерінің уағдаластығына байланысты өзара ынтымақтастықты дамытуда бірқатар ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, бизнес форумдарды бірлесіп өткізу, туристік бағыттарды дамыту, сол сияқты мәдениет және білім беру салаларында өзара тәжірибе алмасуы жайлы сөз етті. Соның ішінде Жетісу облысы мен Қырғыз Республикасының Нарын облысының арасында нақты жобаларды қолға алу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.Кездесу қорытындысында облыс басшысы Бейбіт Исабаев Бас консул тарапынан айтылған ұсыныс-тілектерді қолдайтынын және оларды бірлесіп атқаруға, нақты жобаларды қарастыруға дайын екенін жеткізді.   Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фототілші: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948690
Қобда ауданында екі бөгет жөндеуден өткізіліп, үшінші бөгетке су бұру арнасы салынды 04.03.2025
 Ауданға жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы «Батыс», «Сауқайың» және «Орал-Ойыл» бөгеттерінің жағдайын көрді.Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереевтің айтуынша, екі гидроқұрылысқа да жөндеу жұмыстарын «Авторитет құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізген.Бұдан бөлек, аталған құрылыс компаниясы ұзындығы 4,9 шақырымды құрайтын «Орал-Ойыл» бөгетінде су бұру арнасын салды. Үш жоба бойынша жүргізілген жұмыстарға жалпы көлемі 900 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Стратегиялық маңызды үш нысан да техникалық және авторлық бақылаудан өтеді.Жалпы ұзындығы 9,2 шақырым гидротехникалық құрылымдар көктемгі су тасқыны кезінде су ағындарын тиімді реттеуге мүмкіндік береді және аудан орталығын су басудан қорғайды.Бөгеттердің жай-күйін қарап шыққаннан кейін облыс әкімі су тасқыны кезеңінде олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін су бұру арналары мен бөгеттердің пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Аудан әкіміне елді мекендерді су тасқынынан қорғау және су бұруды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948606
Облыс әкімі Шэньси провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары кезінде Шэньси провинциясының басшысы Чжао Ганмен кездесті.Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, сауда-экономикалық серіктестікті дамыту, инвестиция тарту мәселелері сөз болды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация жасақтап, іссапармен келдік.Шэньсиде Қазақстанның Бас консулдығының жұмыс жасауы бұл провинцияның біз үшін маңызды екенін білдіреді. Бүгінде Қазақстан – Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Өзара тауар айналымы мен инвестициялар жыл сайын өсіп келеді.Қызылорда облысы Қытай инвесторларымен бірлесіп жұмыс істеуден мол тәжірибе жинақтаған өңір екенін атап өткім келеді.Мұнай-газ – өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі және облыс экономикасының негізі. Аталған саланың үлесі өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 48,7% - дан астамын құрайды және 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды.Мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологиялар біз үшін аса құнды. Барлық саладағы жетістіктерді, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, арнайы келдік.Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, қытайлық компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырамын. Біздің тараптан барлық қажетті жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер бар, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз», – деді Н.Нәлібаев.Өз кезегінде Чжао Ган мырза екі ел арасындағы байланысты нығайтып, инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Қытай – Қызылорда облысының ең ірі сауда серіктесі және өңірдің сыртқы сауда көлемінің шамамен 60%-ын құрайды, одан соң Ресей – 23,3% және Еуропа елдері – 8%. Қытайға негізінен мұнай өнімдері, майлы дақылдардың тұқымы, балық өнімдері және өңделмеген алюминий экспортталады. Импорттың негізгі позициялары – машиналар, жабдықтар, полимерлер және құрылыс материалдары.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған. Келіссөздер басқа қалаларда да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947421
Облыс әкімі Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Аймақ басшысы Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті. Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау мәселелері талқыланды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын отандық өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация іссапармен келдік. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы арқылы ғасырлар бойы дамып, бізді Батыс пен Шығысты жақындастыруға негіз болған тығыз сауда-экономикалық қатынастар біріктірді. Бүгінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы осы бағытты жандандырып қана қоймай, оның әлемдік аренадағы рөлін күшейтті. Сауда керуендері әлі де жаңа Жібек жолы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы өтіп, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін байланыстырады.Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологияларды, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, өзімізбен бірге облыстың инвестициялық әлеуеті туралы және 60 инвестициялық жобаның тизерін әкелдік. Біздің тараптан барлық жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер ұсынылады, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз»,– деді аймақ басшысы.Облыста 15 мұнай өндіруші компания жұмыс істейді, оның 8-і –қытайлық кәсіпорын. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен пайдалануға берілген және тұрақты жұмыс істейтін ірі индустриялық жобалар іске асырылуда.2018 жылдың желтоқсанында «Чайна Гежуба» компаниясымен бірлесіп, жалпы құны 137,8 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін зауыт іске қосылды. 2022 жылдың қазан айында «Чайна Гласс» компаниясының қатысуымен құны 90,4 млн. АҚШ. доллары, қуаттылығы жылына 197 мың тонна табақша шыны өндіретін Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты ашылды. Зауыт іске қосылғалы бері 31,4 млн. шаршы метрден астам, 76,7 млн. АҚШ. долларының өнімін өндірді. Оның 30%-ы ішкі нарыққа өткізіледі, ал 70%-ы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталады.Бүгінде шыны кластерін құруға және түрлі шыны бұйымдарын өндіруге бағытталған жаңа ілеспе жобалар шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Былтыр маусым айында жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін әйнек шығаратын жаңа желі іске қосылды. Одан бөлек, айна, шыңдалған шыны, автомобиль әйнегі мен шыны бөтелке өндірісі бойынша жобалар бар.Сондай-ақ, қуаттылығы 141 МВт-тық 4 күн және 1 жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947441
Қытайлық компаниялармен екіжақты келісімге қол қойылды 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында елшілікте бірнеше маңызды келісімге қол қойылды. «Саутс-Ойл» ЖШС мен Қытайдың «Carrie Technology Holding Limited» компаниясы арасында мұнай саласындағы ынтымақтастық, «Абзал және К» ТС мен «Hubei Yongxiang Food Processing Machine» компаниясы арасында күріш өндірісі саласындағы келісім және «Алтын орда» ЖШС мен «Jiangsu Hanpu Mechanical Technology» компаниясы арасында тұз өндіру саласындағы әріптестік орнатылды.Аймақ басшысы облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, Қытай компанияларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.«Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл және уран қоры мол. Тау-кен металлургия саласындағы ерекше назар аударатын жобалардың бірі «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру бойынша арнайы ұсынысымыз бар. Бүгінгі кездесуге компания директоры Асқар Тлеулин мырза да арнайы қатысуда. «Шалқия Цинк» жобасы бойынша жылына 4 миллион тонна кен өңдеу жоспарланған.Қазіргі уақытта жерасты жұмыстары басталды. Жобаға 309 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өндіріс осы жылдың II тоқсанында, ал байыту фабрикасы 2026 жылы іске қосылады. Оған дейін «Шалқия» кені еліміздегі басқа байыту фабрикаларында өңделетін болады.Қазір кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, ал фабриканы іске қосқаннан кейін 1500-ге артады. Бұл өз кезегінде аймақтың еңбек нарығына оң әсер етеді.Сіздерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Облыс әкімдігі тиісті жер телімін беруге, инженерлік-инфрақұрылым жеткізуге, өндірілген өнімді сату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Н.Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947720
Қарағандылық теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты 04.03.2025
Қарағандылық Әмір Омарханов Монастирдегі (Тунис) ITF санатындағы теннис турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды olympic.kz.Екінші айналымда ол италияндық Лука Констаньоланы (738 АТР) жеңді. Кездесу 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.Ширек финалда Әмір неміс Том Гентцпен (472 АТР) ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948067
Теміртауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды 04.03.2025
Теміртауда қазіргі заманғы техника және жабдықтармен жабдықталған жаңа өрт сөндіру депосы ашылды, бұл құтқарушыларға төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Онда 48 маман жұмыс істейтін болады.Депо ашу қажеттілігі бұрыннан бар. Қалалық өрт сөндіру бөлімінің жүктемесі үлкен. Жазғы кезеңде құтқарушылар шақыруларға тәулігіне 30–35 рет шығады. Мәселе облыс әкімдігінің қолдауымен шешілді. 1993 жылы салынған бұрынғы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді.Депоның ашылуына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов қатысты.– Қосымша қаражат депоны заманауи техникамен және жабдықтармен жарақтандыруға, сондай-ақ құтқарушылардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Біз ТЖ қызметінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуды жалғастырамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Төтенше жағдайлар министрі құтқарушыларға жаңа арнайы техниканың кілтін табыс етті. Депо паркі төрт автоцистернамен, жедел әрекет етуге арналған екі қызметтік автомобильмен, қайықпен, сондай-ақ заманауи автосатымен толықтырылды.– Теміртауда мұндай өрт сөндіру бөлімі болған емес. Көлемі, техникамен жабдықталуы, атқарылған жұмыстардың деңгейі мен сапасы тұрғысынан да мұнда құтқарушыларға жағдай жасалған, пәтерлер, жатақхана бар. Осының бәрі жедел әрекет етуге серпін беріп, қызметтеріміздің сапасын арттыруға тиіс, – деп атап өтті Шыңғыс Арынов. – Жаңа өрт сөндіру депосының ашылуы – қаланың, оның тұрғындарының және өнеркәсіптік кешеннің қауіпсіздігіне қосқан үлесі.Ғимаратты қайта жөндеу кезінде өрт сөндіру депосының қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған. Үшінші қабатта әкімшілік блок орналасқан.Бірінші және екінші қабаттар оқу сыныптарына, акт және тренажер залдарына, жуыну бөлмелеріне, асханаға берілген. Сондай-ақ, депо ғимаратында екі қызметтік пәтер бар, олар толық жабдықталған.Онда екі жас отбасы тұрады.– Енді барлық құтқарушылар бір жерде тұрады. Мұнда Теміртау ТЖ басқармасының қызметкерлері, өртке қарсы қызмет, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен құтқарушылары болады. Бұл барлық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Теміртау ТЖБ бастығының орынбасары Владислав Карушулаков.Жаңа өрт сөндіру депосы Теміртаудың шығыс және оңтүстік-батыс бөлігі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, соның ішінде көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлер, әлеуметтік маңызы бар нысандар, Qarmet болат департаменті және Шығыс аймағының өнеркәсіптік кәсіпорындары бар.Сондай-ақ, депоның орналасқан жерін ескере отырып, ол республикалық трассаға жақын орналасқан, қызметкерлер жолда қиын жағдайға тап болған адамдарға тез арада көмек көрсетуге бара алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948071
Қарағандыда қысқы Азия ойындарының жеңімпаздары марапатталды 04.03.2025
Қарағандылық биатлоншы Владислав Киреев Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында екі медаль жеңіп алды. Ол 10 шақырымдық спринтте жеңіске жетіп, жеке жарыста чемпион атанды. Ал квартет құрамында күміс алды. Алтын медаль жеңіп алған Қазақстанның ерлер құрамасының құрамында қарағандылық Александр Борисевич ойнады.Қарағанды облысының әкімдігінде Азия ойындарының чемпиондары мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.Олар ақшалай сертификаттармен марапатталды.Аймақ басшысы мен қарағандылықтардың атынан спортшыларды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей құттықтады.– Сіздер Қарағанды өңірінің спорттық дәстүрі мықты екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Сіздердің жетістіктеріңіз - өңірдің жақсы имиджі ғана емес, сонымен қатар ең алдымен өскелең ұрпақ үшін үлгі және спортпен айналысуға ынталандыру. Болашақта да біздің облысымызды, елімізді ұлықтауды жалғастырасыздар деп күтеміз, – деп атап өтті Әлібек Әлденей.Теміртау тумасы, Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Владислав Киреев биатлонмен 16 жыл айналысып келеді. Ол Раис Хайрутдиновтың жетекшілігімен жаттығады. Республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері және жеңімпазы. 2022 жылы Пекинде өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан.– Харбиндегі жеке жарыстарда жеребе тастау нәтижесінде соңғы болып өнер көрсететін болдым. Бұл тиімді позиция болды. Мәреге жеткен бетте құттықтай бастады. Бірақ толқуым ұзаққа созылды. Подиумға шыққаннан кейін ғана «жеңдім!» дегенге сене бастадым. Оның үстіне бұл күні Қазақстанда екі медаль болды, – деп бөлісті Владислав Киреев. – Астана әуежайында бізге салтанатты кездесу ұйымдастырылды. Бізді қолдағаны қуантады. Одан әрі нәтижелер тек өседі деп үміттенемін.Басты мақсат – 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысу. Алда биатлоннан Әлем кубогының үш кезеңі күтіп тұр – Чехия, Словения және Норвегияда. Алдағы халықаралық жарыстар 6 наурызда басталады.Александр Борисевич қарағандылық хоккейдің барлық жүйесінен өткен. Кезінде түрлі халықаралық турнирлерде Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғаған. Ұлттық құраманың құрамында ол алғаш рет өнер көрсетіп отырған жоқ және ұзақ уақыт тұрақтауға үміттенеді.– Қысқы Азия ойындарында бірінші орын алу міндетіміз болды, оны орындадық. Финалда жапондармен ауыр ойын болды, бірақ біз жеңдік. Бұған дейін турнир иелері - Қытай құрамасын жеңген болатынбыз. Мамыр айында Швеция мен Данияда хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Ұлттық құрамаға іріктеуден өтуге үміттенемін, – деді Александр Борисевич. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948083
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды 04.03.2025
Егембердиев Нартай Әлібекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.1990 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған.2013 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «орман шаруашылығы», 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2014 жылы «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ инженері болып бастаған.Әр жылдары «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директорының орынбасары, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы»-ның сарапшысы, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасы»-ның сарапшысы қызметтерін атқарған.2021 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасы»-ның бас сарапшысы лауазымында еңбек етіп келді.2023 жылғы мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/948503
Облыс әкімі Байзақ ауданындағы бірқатар нысанды аралады 04.03.2025
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында Сарыкемер ауылындағы кәріз суларын тазарту жүйесінің жұмысымен танысты.Мамандардың айтуынша, алдымен кәріз сулары сорғы станциясына түседі. Сүзгіден өтіп, тазарту қондырғыларына жіберіледі. Барлық сатыдан өткен соң, қолданыстағы суару арнасына құйылып, суармалы алқапты ылғалдандырылуға пайдаланылады. Қондырғының сыйымдылығы 550 м³ құрайды.Мұнда 3 оператор еңбек етеді.Облыс әкімі нысан жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Бұдан соң 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің сапасын тексерді. Бұл баспаналар ақпан айының басында ел игілігіне тапсырылған. Құрылыс жұмыстарын «Бином» ЖШС жүргізген. 5 қабатты қос үйдің жалпы ауданы 6 624 шаршы метр, мұнда 1-3 бөлмелі пәтерлер қарастырылған.Ербол Қарашөкеев баспана мәселесін шешу маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтіп, аудан әкімдігіне тұрғын үй құрылыстарының қарқынын бәсеңдетпеуді ескертті.Айта кетейік, Байзақ ауданында биыл 39,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде (2024 жылы- 38,7 мың ш.м.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/948565
Қазақстанда дәрігерлердің тапшылығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 19%-ға төмендеді 04.03.2025
2024 жылы дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға - 4 864-тен 3 954 маманға дейін қысқарды, ал орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7%-ға, 4 820-дан 4 505-ке дейін төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында.Ең тапшы мамандардың тізімінде терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар мен педиатрлар қалуда.Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын заңнамалық деңгейде бекіту мақсатында ауылда әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды. Бүгінгі таңда өткір тапшы мамандықтар бойынша 207 медицина қызметкеріне біржолғы төлемдер жүргізілді.Сонымен қатар, тұрақты жұмыс орнына келген 544 дәрігер, оның ішінде 2024 жылғы 226 түлек әлеуметтік қолдау шараларын алды.Медицина қызметкерлерін, оның шеңберінде 164 мың маманды құқықтық қорғау мақсатында кәсіби жауапкершілікті сақтандыру туралы Заң қабылданды.Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарды даярлауға квоталарды 1500-ден 2500 орынға дейін ұлғайтты және мамандарды өңірлер бойынша біркелкі бөлу үшін кадрларды есепке алудың ұлттық жүйесін (КЕЖ 2.0) енгізуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/948092
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай батырдың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті 04.03.2025
Облыс әкімі Қобда ауданына жұмыс сапары кезінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған жері «Әлия» ауылында болды.Әлия ауылы Ақтөбе қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан. Елді мекенде мыңнан астам тұрғын бар. 100 жылдық мерейтойға орай ауылдағы Мәдениет үйі жөндеуден өтті. Бұған облыстық бюджеттен 74,4 млн теңге бөлінді. Мәдени ошақтың есіктері жаңаланып, едені мен шатыры ауыстырылды, қабырғалар әктеліп, жаңа плиткалар төселді, бейнебақылау камералары орнатылды, көше жарығы қойылып, тротуарлары алынып, ауласы абаттандырылды.Ауылдық модельдік кітапхана да осы мәдени нысанның ішінде орналасқан. Халықтың бос уақытын тиімді өткізу үшін мұнда түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізіледі, театрландырылған қойылымдар ұсынылып, көрмелер ұйымдастырылады.Кітапханашы Кенжегүл Князова мерген қыздың 100 жылдығын мерекелеу аясында кітапханада батырға арналған еске алу кешін және өзге де танымдық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.Сондай-ақ, өңір басшысы Асхат Шахаров облыстық «Әлия» патриоттық тәрбие орталығында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты.Орталық 2005 жылы Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына орай ашылды. Мұнда батыр қыздың өмірі мен ауыл тарихына арналған жәдігерлер қойылған мұражай бар.Жөндеу барысында орталық ғимараты толығымен жаңғыртылды. Қасбеті жаңартылып, шатыры ауыстырылды, су және электрмен жабдықтау жүйесі ретке келтірілді, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Плиталар төселіп, жылыту қазандығы жаңаланды.Аймақ басшысы бұл орталықтың жастарға патриоттық тәрбие беруде және даңқты батыр қыз туралы құнды тарихты сақтап қалуда маңызы зор екенін атап өтті. Мәдени орда жас ұрпақ арасында азаматтық жауапкершілік пен олардың бойында патриотизмді тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948146
БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ 04.03.2025
Шымкентте көлік қозғалысын оңтайландыру және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар кептелістерді азайтуға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.– Атап айтқанда, бүгінде Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрықтағы бағыттар өзгерді. Бәйдібек би және Арғынбеков көшелері арқылы айналмалы жолға қосылатын автокөліктер 2 жолақтан да өтуге мүмкіншілік қарастырылып, жол таңбалары сызылды.– Назарбаев пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында жол қозғалысы бағыттарына өзгерістер енгізілді. Яғни, Шаяхметов көшесі арқылы Назарбаев даңғылына екі жолақтан оңға бұрылуға мүмкіншілік жасалып, жол белгісі орнатылды.– Арғынбеков – Назарбеков көшелерін жалғайтын «Рахима плаза» сауда үйі маңындағы көшемен екі бағытты көлік қозғалысы ұйымдастырылды.– Бәйтереков көшесінен Н.Назарбаев даңғылына солға бұрылуға қосымша секция орнатылды.– Шаяхметов көшесіндегі кептелісті азайту мақсатында Шаяхметов-Арғынбеков көшелерінің қиылысында қосымша секция орнату жоспарлануда. Шаяхметов көшесіне келе жатқан кезде сол жаққа бұрылуға арналған қосымша секция кептелістерді азайтуға және қозғалысты оңтайландыруға көмектеседі.Қала көшелеріндегі көлік ағынын реттеу, қозғалысты оңтайландыру және қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948060
Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды 04.03.2025
Бүгін ұлы ақын, өлең сөздің дүлділі Жамбыл Жабаевтың туғанына 179 жыл толып отыр. Осыған орай облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы тау тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Тағылымды шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ақын, ақындар, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, облыстық, қалалық ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қоғам белсенділері мен тараздықтар қатысып, тұлға рухына тағзым етті. Айта кетейік, бүгін бір ғасырдың куәсі болған Жыр Алыбының туған күніне орай «Баласағұн» ОКЗ-де дәстүрлі «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/948014
Қазақстандық тасымалдаушы Астанадан Самарқандқа тұрақты әуе рейстерін іске қосады 04.03.2025
QAZAQ AIR авиакомпаниясы Астанадан Самарқандқа Түркістан транзитімен тұрақты рейстер ашады. Бұл бағыт бойынша алғашқы ұшу 1 мамырға жоспарланған.Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері келесі кесте бойынша ұшады:- бейсенбі:IQ369 Астана 16:15 – Самарканд 20:00 (Түркістандағы түйісу 1 сағат);Самарқанд IQ510 21:00 – Астана 01:30 (Түркістандағы түйісу 50 мин.);жексенбі:IQ369 Астана 07:25 – Самарканд 11:00 (Түркістандағы түйісу 50 мин.);Самарқанд IQ510 12:00 – Астана 15:30 (Түркістандағы түйісу 40 мин.).Рейстер канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 өндірісінің жайлы және заманауи ұшақтарымен орындалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/946724
Қарағандыдағы Ten Qogam әлеуметтік бейімделу орталығы жұмысын қайта бастады 04.03.2025
Аз ғана үзілістен кейін Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы қызмет көрсете бастады. Әлеуметтік тапсырысты тағы да Qamqor Plus мүгедектер қоғамдық бірлестігі алды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар алдағы үш жыл бойы қажетті көмекті тегін ала береді дегенді білдіреді.Орталықтың негізгі мақсаты – Қарағандыда тұратын 18 жастан асқан мүгедектерге ақпараттық және ресурстық қолдау көрсету. Орталық үш жылдан бері мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам мен еңбек ортасына кірігуіне жағдай жасау үшін белсенді жұмыс істеп келеді. Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде: мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және психологиялық қолдау, заң көмегі.– Орталық бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді, – деп түсіндірді орталық басшысы Нияз Сүндеталиев. – Бұл жерге өзінің проблемасымен келген мүмкіндігі шектеулі адам шешім қабылдай алады. Біз жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімімен және басқармасымен, қалалық және облыстық әкімдіктермен, Еңбек ұтқырлығы орталығымен тікелей өзара іс-қимыл жасаймыз.Өмірдің түрлі аспектілері бойынша көмек алуға болатын бірыңғай кеңістік құру идеясы мүгедектігі бар адамдардың өмірін жеңілдету ниетінен туындады. Олардың бірі бола тұра, Нияз Сүндетәлиев мүгедектер үшін «қолжетімді» ортаның қаншалықты қол жетімсіз екенін сезінді.Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының пікірінше, мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін қоғамдық бірлестік көмек сұрап келгендермен жедел байланыста бола алады.– Бұл жоба мемлекеттік органдар мен мүгедектігі бар адамдардың сұраныстарын біріктіру және проблемаларды жедел шешу үшін көпір болып табылады, – деп есептейді Қарағанды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бақытнұр Талипова. – Болашақта бұл жоба бұдан да жақсы нәтижелер көрсетеді деп ойлаймын.Орталық жұмысының құрамдас бөлігінің бірі психологиялық көмек көрсету және қолдау көрсету. Психолог қатысушыларға олардың мықты жақтарын анықтауға, мансаптық жоспар әзірлеуге және жаңа жұмыс орнында жұмыс іздеуге немесе бейімделуге байланысты ішкі кедергілерді еңсеруге көмектесетін жеке кездесулер өткізеді.Ашылу күні орталықта кеңес алуға келгендерге психологиялық тренинг өткізілді.– Бізге ең бастысы қарым-қатынас жетіспейді. Көбісі төрт қабырғаға қамалып, үйінен ешқайда шықпайды, – дейді мүгедектігі бар қарағандылық Меруерт Смағұлова. – Мүгедектікке дейін мен әдеттегідей өмір сүріп, жұмыс істедім. Қазір де жұмыс істегім келеді, сондықтан осы жерге көмек сұрап келдім.Ten Qogam-ды үлгі етіп, Қарағанды облысының басқа қалалары мен аудандарында осындай орталықтар құрылады.Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы Қарағанды қаласы, Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығының ғимараты, Тәттімбет көшесі, 709, 5 кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/946884