Enbekshi QazaQ

Ғылым

№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН 18.05.2025
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, аурухананың А, Б және С корпустары мен жылу қазандығы, сондай-ақ, зертханасы күрделі жөндеуден өтуде.Бүгінде жөндеу жұмыстары тек Б корпусында жалғасып жатыр. Аурухананың басқа бөліктерінде жұмыс аяқталып, олар пайдалануға берілген.Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.«Шымкент келбеті»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988874?lang=kk
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА 18.05.2025
Бүгінде Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарға арналған бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.Бозарық шағынауданында 150 орынға лайықталған оңалту орталығының құрылысы басталды. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағынан қосымша 50 орындық ғимарат салынуда. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда.№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.Биыл 3-18 жас аралығындағы психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 150 орындық жаңа орталық ашу көзделіп отыр.18-35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған 50 орындық арнайы мекеме де биыл ашылады. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.Бұл бастамалар мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болары сөзсіз.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/990597?lang=kk
Қамқорлық – Жеңімпаздарға алғыс: Жеңіс мерейтойына орай ардагерлерге қолдау көрсетілді 12.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қостанай облысында ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр.Өңірде Ұлы Отан соғысының 10 қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ ардагерлерге теңестірілген 1949 адам тұрады. Олардың барлығы мерейтойлық жыл бойы әлеуметтік және медициналық қолдауға ие болуда.Жеңіс күніне орай соғысқа қатысушыларға 5 миллион теңгеден, фашистік концлагерь тұтқындарына – 100 мың теңгеден, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 50 мың теңгеден, қаза тапқан ардагерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.Бұл төлемдерге бюджеттен жалпы 164,7 миллион теңге бөлінді.Мамыр айының басынан бастап барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды – барлығы 1959 адам.Ардагерлерге ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі: соғысқа қатысушыларға – 39 320 теңге, теңестірілген санаттарға – 11 796 теңге.Санаторийлік-курорттық емдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 356 адамды сауықтыруға 108,7 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, санаторийді өз бетінше таңдаған азаматтардың шығындарын өтеуге 54,4 миллион теңге бағытталды.7 мамырда Қостанай облысынан делегация Астанада өткен Әскери парадқа қатысты. Делегация құрамына ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және еріп жүргендер кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/992623?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Қасымхан Алдабергеновті Жеңіс күнімен Мемлекет басшысының атынан құттықтап, мерейтойлық медаль табыс етті 12.05.2025
9 Мамыр — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ардагер Қасымхан Алдабергеновтің үйіне барып, арнайы құттықтады.Кездесу барысында өңір басшысы құрметті ардагерді келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап, көрсеткен ерлігі үшін терең ризашылығын білдірді. Қазақстан Республикасының Президенті атынан құттықтау хатын оқып беріп, мерейтойлық медаль табыстады.— Сіз – халқымыздың тірі шежіресісіз. Ерлігіңіз ұрпаққа шабыт береді әрі бейбіт өмір мен еркіндіктің қаншалықты қымбат екенін еске салады. Соғыстан кейін Сіз мәдениет, білім және әдебиет салаларының дамуына үлкен үлес қостыңыз. Сіздің өмір жолыңыз – Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі, – деді Құмар Ақсақалов.Қасымхан Алдабергенов соғыс жылдарында майдан даласында жауға қарсы шайқасып, елге Жеңіспен оралды. Бейбіт өмірде ол гуманитарлық салада белсенді еңбек етіп, жастарды шығармашылық, поэзия және қоғамдық жұмыс арқылы тәрбиеледі. Оның есімі Қостанай облысында ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде де кеңінен танымал.Кездесу соңында облыс әкімі ардагерге көрсеткен ерлігі үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық, ұзақ öмір тіледі. Сондай-ақ жас ұрпақ аға буынның ерлігі мен үлгісін ұмытпай, әрдайым қастерлейтініне сенім білдірді.Қостанай облысында Жеңіс күні аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаттар мен мерейтойлық медальдар табыстау жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/991712?lang=kk
Энергияға инвестиция: 2026 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері бойынша алты жоба жүзеге асырылады 11.05.2025
Қостанай облысында энергиямен қамту жүйесін дамыту стратегиялық маңызға ие. Дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) – жел, күн және газ энергиясына да ерекше көңіл бөлінуде.Соңғы жылдары өңірде бірқатар ірі жобалар сәтті іске асырылды. Мысалы, 2022 жылы Қостанай ауданында қуаты 50 МВт болатын «Жел Электрик» компаниясының жел электр станциясы іске қосылды. 2023 жылы Арқалық қаласында қуаты 48 МВт болатын тағы бір жел станциясы – «KazWindEnergy» жобасы жұмысын бастады.Алдағы екі жылда тағы алты ЖЭК нысанын салу жоспарланған. Бейімбет Майлин ауданында қуаты 22,6 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталады. Жобаның инвесторы – «Altyn Solar Energy» ЖШС жобалауды аяқтап, сараптама қорытындысын алды. Құрылыс мамыр айында басталып, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.Осы ауданда «ГПЭС «Варваринское» компаниясы қуаты 40 МВт болатын газ-поршеньді станция салатын болады. Бұл нысан 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.Арқалықта «Aspan Energo» компаниясы қуаты 50 МВт болатын жаңа жел электр станциясының құрылысын бастады. Бұл нысан 2026 жылғы 1 маусымда пайдалануға беріледі.Қостанай ауданында да екі ірі жоба қолға алынған. «Mars Wind» және «Jupiter Wind» компаниялары жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел станциясының құрылысын бастап кетті. Бұл нысандар 2026 жылдың соңында іске қосылады.Сонымен қатар, осы ауданда жалпы қуаты 1 ГВт болатын, 165 жел генераторынан тұратын ірі жел паркін салу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру бойынша тендерде жеңімпаз – «TuranWindEnergy» компаниясы.Барлық жобалар толық іске асқанда, өңірдегі ЖЭК-тен өндірілетін электр қуаты 10 есе артады – қазіргі 0,12 ГВт-тан 1,27 ГВт-қа дейін. Бұл Қостанай облысының энергетикалық дербестігін нығайтады, энергияны жеткізу кезіндегі шығындарды азайтады және жаңа жұмыс орындарын ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/991610?lang=kk
Қостанай облысында көктемгі егіс науқанына дайындық пен аграрлық сектордағы инвестициялық жобалар белсенді іске асырылуда 09.05.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік отырысында агроөнеркәсіптік кешеннің алдына қойылған маңызды міндеттер қаралды. Бұл міндеттер Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес айқындалған.Президент аграрлық сектор үшін нақты мақсаттарды белгіледі: ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есе арттыру, еңбек өнімділігін үш есе ұлғайту және астықты терең өңдеу бойынша әлемдегі алғашқы он елдің қатарына ену. Бұл өршіл мақсаттар жүйелі тәсілді және саладағы барлық қатысушылардың бірлескен жұмысын талап етеді.Егіс көлемін ұлғайту және топыраққа көңіл бөлуКөктемгі егіс науқанының маңызды бағыттарының бірі – егіс алқаптарын әртараптандыру. Биыл Қостанай облысында майлы дақылдардың егіс көлемі 691 мың гектардан 755 мың гектарға дейін ұлғаяды. Бұл шешім ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттырып, өңірдің экспорттық әлеуетін күшейтеді.Топырақтың құнарлылығын сақтау мен қалпына келтіруге айрықша назар аударылуда. 2025 жылы минералды тыңайтқыштарға берілетін субсидия көлемі 23%-ға артып, 10 млрд теңгені құрады.– Жерді жай ғана пайдалану жеткіліксіз – оған дұрыс күтім жасау қажет. Топырақ құнарлылығы – бұл әрбір аграрийдің құқығы емес, міндеті, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Тыңайтқыштарды уақытылы сатып алып, енгізу, жеңілдетілген дизель отынын жеткізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өткен жылы өңірде техниканы жаңарту көрсеткіші 6,1%-ды құрады. Биыл бұл көрсеткішті арттыру жоспарлануда.Аграрлық экономикаға инвестицияларАгроэкономиканы дамыту мақсатында өңірде 52,5 млрд теңге сомасына 36 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.Аталған жобалардың ішінде алты сүт-тауарлы ферманың құрылысы ерекше орын алады. Бұл — 2028 жылға дейін іске асырылатын, 30 МТФ-ны қамтитын ірі бағдарламаның бір бөлігі. Жоба өңірде сүтті өңдеу көлемін едәуір арттырып, ішкі және сыртқы нарықтардағы позицияны нығайтуға мүмкіндік береді.Тұрақты ауыл шаруашылығы – қауіпсіздіктің негізіАуыл шаруашылығының дамуы – бұл тек экономикалық емес, сонымен қатар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының негізі. Облыс әкімдігі аграрийлерді қолдауға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/990680?lang=kk
Солтүстіктің тыл ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды 08.05.2025
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тыл ардагерлерімен жылы әрі мағыналы кездесу өткізді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай оларға мерейтойлық медальдар табыс етілді — бұл соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен Жеңіске қосқан үлесі үшін құрмет белгісі. Ардагерлер сол ауыр кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті."Сіздердің төзімділіктеріңізге, рух күшіңізге және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңізге бас иеміз. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп келеміз. Сіздерге мың тағзым және мәңгілік алғыс!",- деп атап өтті өңір басшысы.Тыл ардагерлерінің еңбегі — бұл майдандағы ерлікпен тең. Соғыста жауынгерлер шайқасып жатқанда, балалар, жас жігіттер мен қыздарғ әйелдер егістікте, колхоздарда, зауыттарда, теміржолда тынымсыз еңбек етті. Күн-түн демей, тер төгіп, алғы шепті азық-түлік және қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп,  табандылықпен Жеңісті жақындатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/989625?lang=kk
Ермағанбет Бөлекпаев соғыс ардагерлерін келе жатқан Жеңістің мерейтойымен құттықтады 08.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, қоршаудағылар мен концлагерлер тұтқындарын мерекемен құттықтады.Жеңімпаздарды соғыс жылдарындағы әндерді орындаған үрмелі аспаптар оркестрі қарсы алды, ал Т. Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектептің тәрбиеленушілерінен құралған дәліз қонақтарды жабық дастарханға шығарып салды.Мұражай экспонаттары мен әскери жабдықтардың көрмесі де ұйымдастырылды.Бүгінде Қарағанды облысында 8 соғыс ардагері, 2634 тыл еңбеккері, 116 ардагердің жесірлері мен әйелдері, 29 концлагердің тұтқындары және 10 Ленинград қоршауында қалған адамдар тұрады.— Құрметті ардагерлер! Бұл жыл ерекше — Жеңістің 80 жылдығы. Сіздер Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқардыңыздар. Сіздердің өмірлік жолдарыңыз - жастарға үлгі, өткенмен болашақ арасындағы көпір. Біз сіздерге қарыздарымыз. Зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасыларыңызға бақыт тілеймін! — деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ардагерлерге, қоршаудағыларға, концлагерлер тұтқындарына және тыл еңбеккерлеріне алғыс ретінде «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік медальдары табыс етілді.Кездесуге қатысушылар соғыс жылдарын жылы сезіммен еске алды.100 жасар Григорий Петрович Степенко он сегізге толмаған кезде майданға шақырылған. Ауыр шайқастар болып, биыл Астанаға өңірден келген делегация құрамында Жеңіс шеруіне аттанады.— Мен тек бір нәрсені ғана қалаймын: қазіргі балалар соғыстың не екенін ешқашан білмеуі керек, — дейді ол күлімсіреп. — Өздеріңізді сүйіп, жерімізді сақтаңыздар!Анна Никоноровна Котова майданға шығу үшін әскери комиссариатқа үш рет барған. Кішкентай және нәзік қызды тіпті медсанбатқа алғысы келмеген, бірақ бойжеткеннің табандылығы үстем болды. 65-ші эвакуациялық госпитальдің құрамында ол Венаға дейін жетті.— Бас дәрігеріміздің бізге соғыстың аяқталғанын, жеңгенімізді айтқаны есімде. Досым екеуміз айқайлап, қуанғанбыз. Тіпті 80 жылдан кейін де бұл естелік қуаныш ұялатады, — деп еске алады ардагер. — Ал үйге біз 1946 жылы ғана оралдық. Баршаңызға денсаулық, бейбіт аспан тілеймін. Енді біздің еліміздің бірде-бір буыны соғыстың не екенін білмесін!Қару-жарақ канонадасы тыйылғанына 80 жыл болды, ал Виктор Семенович Абраменков әлі күнге дейін бәрін кешегідей есінде сақтауда. Соғыс басталғанда ол алты жаста болды және ол Смоленск облысында тұрған, онда соғыс бойы партизандар белсенді әрекет етті. Үрейге толы төрт жылда кішкентай баланың көрмегені жоқ!— Мен әлі күнге дейін кейде жарылғыш бомбаның дыбысын түсімде естимін. Ол соншалық қорқынышты болғанда, бір жерге жасырынғым келеді, — деп еске алады тыл еңбеккері. — Ал жеңісті жариялаған кезде анам жылады: біздің отбасымыздың бәрі де майданнан оралмады.Ардагерлерді құттықтау концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті орындаушылар мен ансамбльдер өз өнерлерін ортаға салды. Қарағанды музыкалық комедия театры мен Қ. Байжанов атындағы Концерт бірлестігінің әртістері соғыс жылдарындағы әндер шырқалған «На привале» әдеби-музыкалық қойылымын көрсетті. Ал ардагерлер таныс әуендерін тыңдап, бірге ән айтты.Соғыс жылдары Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды. Тек Қарағанды облысынан – 60 мың, оның 25 мыңы қайтып оралмаған.Суретті түсірген: Жангелді Әбдіғалым Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/989455?lang=kk
СҚО әкімі мен ТЖМ басшысы басқа өңірлерден келген құтқарушыларға алғыс білдірді 08.05.2025
Бүгін облыс халқы ерекше алғыспен басқа өңірлерден келген ТЖМ бөлімшелерін шығарып салды. Бұл рәсімге ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов,  құқық қорғау органдарының, әскери құрылымдардың басшылары мен жұртшылық қатысты. "Құтқарушылар күрделі су тасқыны кезеңінде көмекке келіп, өңіріміз үшін сенімді тірек болды. Олар тәулік бойы, тізеден мұздай суда тұрып, дауыл мен суыққа қарамастан, бөгеттерді бекітіп, ауылдар мен адамдарды сақтап қалды. Солтүстікқазақстандықтардың атынан әрбір құтқарушыға ризашылығымды білдіремін",- деп атап өтті облыс әкімі.Сондай-ақ, өңір басшысы жігіттердің ата-аналары бен отбасыларына шын жүректен алғыс айтты. Олардың тәрбиесі арқасында елімізде осындай батыл, рухы мықты, нағыз қорғаушылар өсіп шықты. Облыс әкімі кәсібилік, төзімділік пен адамгершіліктері үшін рақмет айтып, ақ жол тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/989027?lang=kk
Арқалық стратегиялық рөлін қайта қайтарып жатыр: көлік, білім, инфрақұрылым 08.05.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары аясында Арқалық қаласына барып, көлік, білім, мәдениет, экология және кәсіпкерлікті қолдау салаларындағы негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арқалықта маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі — әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында терминал салынып, ұшу-қону жолағы, рулеж жолы мен перрон қайта жаңғыртылуда. Жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайды. Костанай – Арқалық – Қостанай, Астана – Арқалық – Астана, Алматы – Арқалық – Алматы бағыттарында әуе рейстерін ашу жоспарланған. Бұл өңірдің көлік байланысын едәуір арттырып, төтенше жағдайларда логистикалық дайындықты күшейтеді. Қостанай облысы аумағы арқылы өтетін Жезқазған – Петропавл стратегиялық автожолының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ақмола облысының шекарасынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі учаске биыл толықтай нормативтік жағдайға келтіріледі. Ұлттық маңызы бар бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінен Астанаға дейінгі жолды 600 км-ге, ал Қостанай мен Петропавлға дейінгі жолды 450 км-ге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы байланысты жылдам әрі қауіпсіз етеді. Бұдан бөлек, биыл Арқалық қаласында және жақын орналасқан елді мекендерде 42 шақырым автожол мен 51 көше жөнделеді. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге бөлінді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Арқалықта 300 оқушыға арналған заманауи мектеп салынып, пайдалануға берілді. Мектеп STEM-зертханамен, робототехника кабинетімен, спорт алаңымен және демалыс аймағымен жабдықталған. Жобаның жалпы құны — 2,6 млрд теңге. 61 жұмыс орны ашылды, оның 39-ы — педагогикалық. Мектеп қаладағы оқушы орындарының тапшылығын толық жапты. Биыл 540 адамға дейін күнделікті қызмет көрсетуге арналған Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаға 1,2 млрд теңге бөлінді. Нысанды мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңартылған Мәдениет үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің маңызды орталығына айналады. Экологиялық тәрбие мен көгалдандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылы Арқалықта 5000-нан астам ағаш пен 10 000 гүл көшеті отырғызу жоспарланған. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қаланың экологиясы мен тазалығы — баршаға ортақ жауапкершілік, бұл бағытта белсенді жастар маңызды рөл атқарады. Қоршаған ортаға деген қамқорлық олар үшін өмір салтына айналып келеді. Сапар аясында Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесінің берілуі де маңызды оқиға болды. Жаңа мәртебе магистратура, болашақта докторантура бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Журналистика, ақпараттық технологиялар, экономика, ауыл шаруашылығы сияқты жаңа білім беру бағыттарын ашу жоспарланған. Студенттер саны 5000 адамға дейін өседі деп күтілуде. Бұл қаланың ғылыми және білім беру әлеуетін айтарлықтай арттырады. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Арқалықта 1% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беретін «Бизнес-Көмек» өңірлік бағдарламасы табысты жұмыс істеуде. Бүгінге дейін жалпы сомасы 506 млн теңге болатын 11 жоба мақұлданды, оның ішінде 425 млн теңгеге 9 несие берілді. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында асфальтбетон зауытының іске қосылуы және ұсақтау кешенінің орнатылуы бар. Бұл нысандар жол құрылысын арзандатып, инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сапар барысында Құмар Ақсақалов: «Арқалық – бұл енді жай ғана картадағы нүкте емес, болашақ өсімнің, ғылымның, өндіріс пен мәдениеттің орталығы. Біз қаланың дамуына жаңа негіз қалыптастырып жатырмыз. Бұл – нақты әрі сезілетін жаңғыру», — деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988753?lang=kk
Азық – түлік қауіпсіздігі - ұлттық әл-ауқаттың негізгі құрамдас бөлігі» мақаласы 08.05.2025
1. 2025 жылғы егіс науқаны. Ағымдағы жылы облыста көктемгі егіс алқабы 5,1 млн. га құрайды.Дәнді дақылдарды 4,2 млн. гектарға, майлы дақылдарды 755 мың гектарға егу жоспарлануда.Халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқаптарының қажетті көлемі, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы картоп - 5,5 мың га, қарақұмық – 21 мың га көзделген.Ағымдағы жылы егуге 818,8 мың га өңделген парлар бар. Күзгі топырақты өңдеу 1 млн. 342 мың гектар алқапта жүргізілді, қар ұстау 843,5 мың гектарға жүргізілді.Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқыммен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Егіс техникасы жұмысқа дайын. 514,2 мың тонна тұқым бар. Облыста көктемгі дала жұмыстарына 72,8 мың тонна дизель отыны бөлінді.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге отын 1 литрі 254 теңгеден сатылады (2024 жылы – 79,6 мың тонна, 1 литрі 250 теңгеден).Егіс науқанына 19,2 мың трактор, 22,2 мың сепкіш, 1,3 мың егіс кешені қатысады.Аграрлық несие корпорациясы арқылы жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары бойынша облысқа 84,1 млрд. теңге («Кең Дала», «Кең Дала 2» бағдарламалары), Азық – түлік келісім шарт корпорациясы бойынша - 7 млрд. 350 млн. теңге (форвардтық сатып алу) бөлінді.Техниканың, агрегаттардың болуы және тұқыммен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі және жеңілдікті қаржыландыру егіс науқанын оңтайлы мерзімде, 15-16 күн ішінде жүргізуге мүмкіндік береді.2. Ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету.Облыстың ішкі нарығы өз өндірісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерімен толығымен дерлік қамтамасыз етілген.Жергілікті өндіріс есебінен 10 атау бойынша қажеттілік толығымен жабылады: ұн, макарон өнімдері, нан, сиыр еті, сүт, жұмыртқа (тауық еті), картоп, күнбағыс майы, құс еті, қарақұмық жармасы.6 атау бойынша ішінара жергілікті өндіріс және сырттан әкелу есебінен - сары май, ашытылған сүт өнімдері, ірімшіктер мен сүзбе, сәбіз, қырыққабат, пияз. 3 атау бойынша тұз, қант және күріш басқа облыстардан әкелінеді немесе импортталады.2024 жылы 429 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімі өндірілді.  Өткен жылмен салыстырғанда жарма бойынша өнім өндірісінің өсуі 6,4 есеге (6,9 –дан 44,3 мың тоннаға дейін), қатты ірімшік өндірісінде – 34,6%–ға (107-ден 144 тоннаға дейін), ет консервілерінде - 27%-ға (744-тен 945 тоннаға дейін), өсімдік майында - 17,1%-ға (30,2-ден 35,4 мың тоннаға дейін), қоюландырылған сүт 5,7%-ға (2 106-дан 2 226 тоннаға дейін) байқалады.Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары 104,9 млрд. теңге сомасына азық-түлік өндірді (өсім 19,4%-ға). Азық-түліктің нақты көлем индексі  110,3% құрады.Ұн бойынша өндірістің 4,8%-ға (252,2 мың тоннадан 264,3 мың тоннаға дейін), өсімдік майы 49,6%-ға (7,6 мың тоннадан 11,4 мың тоннаға дейін), консервілер 14,4%-ға (278 мың тоннадан 318 тоннаға дейін), йогурттар 3,2%-ға (7,7 мың тоннадан 8 мың тоннаға дейін) балмұздақ 7,8% (410 тоннадан     442 тоннаға дейін) өсуі тіркелді.2024 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімінің импорты 397 млн. АҚШ долларын құрады (оның ішінде азық-түлік импорты 242 млн. АҚШ құрады).Сүт өнімдерін импорттық жеткізу 34%-ға, ет өнімдері 9%-ға, өсімдік майы 3%-ға, қант 6%-ға, дәнді дақылдар 29%-ға, жұмыртқа 80%-ға қысқарды.Статистика деректері бойынша 2024 жылы 645,7 млн. АҚШ долларынан астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды (оның ішінде 417,7 млн. АҚШ доллары өңдеу кәсіпорындарының өнімдері).Ауыл шаруашылығы өнімі экспортының негізгі үлесі бидай ұны 813,5 мың тоннаны, сүт өнімі 9,7 мың тоннаны, картоп 9,2 мың тоннаны, жарма 5,1 мың тоннаны, күнбағыс майы 7,5 мың тоннаны, ет 2,2 мың тоннаны, макарон өнімдері 3,2 мың тоннаны құрайды.Ағымдағы жылдың басынан бастап 56,1 млн. АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды,  бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 40%-ға артық (оның ішінде 32,4 млн. АҚШ долларына азық-түлік өнімі жөнелтілді).Агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімі 23,2 млн. АҚШ доллар сомасына импортталды. Сүт өнімдерін жеткізу 22%- а, ет өнімдері 6%-ға, дәнді дақылдар 95%-ға, жұмыртқа 75%-ға қысқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988755?lang=kk
Қостанайда бірқатар мемлекеттік қызметтерді онлайн-форматқа көшіруге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады 08.05.2025
Бұл бастаманы облыстың цифрландыру басқармасы алға тартты.Ведомство басшысы Азамат Кашиев қазіргі уақытта электрондық қызметтерге және цифрлық коммуникацияның оңайлатылған тәсілдеріне сұраныс жоғары екенін атап өтті.- Олардың сапасын жақсарту үшін ағымдағы жылы пилоттық жобалар іске қосылады — "еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру" және "тұрғын үй көмегін тағайындау"сияқты мемлекеттік қызметтер бойынша қағаздан онлайн-форматқа көшу. Ұшқыштың аумағы Қостанай қаласы болып белгіленді, - деді басқарма басшысы.ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірлескен бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2025 жылғы 12 мамырға дейін талқылануда.– Мысалы, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қостанай қаласында «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша 252 өтініш қағаз түрінде қабылданды. Алайда, оның 82-сі (32,5%) ұсынылған құжаттардың толық болмауына, ескі мәліметтердің берілуіне, өтініш нысанын дұрыс толтырмауға және басқа да себептерге байланысты кері қайтарылды. Пилоттық жобаны енгізу арқылы осындай техникалық себептермен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту азаяды деп күтілуде, – деді Азамат Кашиев.Сол секілді, «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру» қызметінен де оң нәтиже күтілуде. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында осы қызмет бойынша 457 өтініш қабылданған, оның ішінде 184-і түрлі себептермен мақұлданбаған.Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Бұл азаматтарға «eGov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ қызмет алуға мүмкіндік береді.Порталда мемлекеттік қызметтер өмірлік жағдайлар мен түрлі салалар бойынша топтастырылған: «Отбасын құру», «Бала туу», «Пәтер сатып алу», «Бизнесті тіркеу», «Баланы балабақшаға немесе мектепке орналастыру», «Ауырып қалдыңыз», «Жұмысқа орналасу», «Зейнетке шығу» және тағы басқалар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988761?lang=kk
Соғыс ардагері Сапар Дүйсеновке естелік тақта ашылды 08.05.2025
Бүгін Петропавлда СҚО-ның Құрметті азаматы, соғыс ардагері және прокуратура органдарының еңбек сіңірген қызметкері Сапар Дүйсенұлы Дүйсенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Рәсімге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен СҚО прокуроры Қайрат Әбдіханов, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагердің туған-туысқандары мен жұртшылық қатысты. Бұл шара Жеңістің 80 жылдығына арналып, оның мемлекет пен өңір алдындағы ерен еңбегін бағалаудың маңызды белгісі."Мемориалдық тақта оны халыққа және заңға адал қызмет еткен тұлға ретінде құрметтеудің және алғыстың символы. Сапар Дүйсенұлының өмір жолы мен Отанына қызметі жастарды адал және патриоттық қызметке тәрбиелей отырып, оларды болашақта елге қызмет етуге бағыт-бағдар береді", - деп жазды өңір басшысы.Сапар Дүйсенұлы майданда отанымызды абыроймен қорғап, ерлік пен төзімділік танытты. Соғыстан кейінгі жылдары ол елді қалпына келтіру мен дамытуға белсене қатысты. Сапар Дүйсенов тергеушіден бастап облыс прокурорының бірінші орынбасарына дейінгі жолды жүріп өтті, прокуратура органдарына саналы ғұмырын арнап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жас мамандарды тәрбиелеуге және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/988388?lang=kk
Шахтинск қаласының спортшы қыздары бокстан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды 08.05.2025
Шахтинск қаласында тұратын әпкелі-сіңлілі Аяулым мен Камилла Оспановалар Азия чемпионатынан Қазақстан қоржынына екі алтын медаль әкелді. 18 елдің жасөспірімдері арасында халықаралық біріншілік Амманда (Иордания) өтті. Оған 15–17 жас аралығындағы 400 спортшы қатысты.Аяулым 13 жаста, ол 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алса, Камила 16 жаста, 70 кг дейінгі салмақта бірінші орын алды.Қыздар чемпионатқа көптен бері мұқият дайындалып келеді. Олардың әкесі мен жаттықтырушысы Жеңіс Оспановтың айтуынша, жарысқа олар дайын болды.– Қарсыластарымыз өте күшті, жекпе-жектер – қызу болды. Ең мықты спортшылар Үндістан, Өзбекстан және Украина спортшылары болды. Бірақ біз осылай болатынын білдік, Камилла мен Аяулымның кіммен күресетінін білдік. Жеңіске сенімді болдық деуге болады, – дейді Жеңіс Оспанов.Екі бойжеткен де әкесі мен атақты қазақстандық спортшыларға қарап, бокспен әуестене бастаған. Аяулымға Фируза Шәріпова ең үлкен әсер қалдырған екен, оның жекпе-жегін бойжеткен 2017 жылы теледидардан көрген.– Ол «Экспо-2017» көрмесіндегі ұрыс болды. Сонда Аяулым: «Мен де осындай болғым келеді», – деді. Содан бері 7 жастан бастап ол жаттығады. Үлкен қызым Камилла боксқа сәл кешірек, 12 жасында келді. Әрине, қыздарды жаттықтыруда қиындықтар бар. Әдетте, жаттықтырушы ұрысса, балалар оған көп мән бермейді. Ал мұнда мен әкелері болғандықтан, олар ренжиді. Бірақ бізде ереже: мен үйде әкемін, ал сабақта - жаттықтырушымын. Әрине, оның да артықшылығы бар: менің қыздарым әрдайым бақылауда, әрдайым жанымда, – деп бөлісті Жеңіс Оспанов.Қазір қыздарға тынығу керек. Содан кейін олар Бахрейндегі Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындықты бастайды.Азия чемпионатында өнер көрсету жалпы Қазақстан құрамасы үшін табысты болды. Жалпыұлттық есепте біздің спортшылар 44 жүлде ұтып алып, бірінші орынды иеленді, оның ішінде 16 алтын, 15 күміс және 13 қола. Өзбекстан 42 марапатпен екінші орында, Үндістан көшбасшы үштікті 43 медальмен қорытындылады.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/988271?lang=kk
Облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 08.05.2025
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысының әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелердің бірі қаралды.             Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар мен, өңірде 2024 жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай қаражат бөлінуіне қарамастан жол-көлік құқық бұзушылықтарының өсуі байқалады.Өңір басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін, мүдделі органдарды тыңдап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды.Сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдерінің назарын көлік инфрақұрылымын құруға аударды.Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментіне облыстан Полиция департаментімен, Қостанай қаласының әкімдігімен бірлесіп, Облыс орталығының жол инфрақұрылымын жаңғыртудың 2025-2030 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988152?lang=kk
Ермек Маржықпаев СҚО-да жұмыс бабымен болды 08.05.2025
Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірдің негізгі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарымен танысты.«Петропавл электротехникалық зауыты» 4 жыл бұрын жұмысын бастап, осы уақыт ішінде 10 мың трансформатор өндірді. Биылғы жоспар — 8 мың дана. Қазіргі уақытта кәсіпорында 200 адам жақсы табыс алады.  Кәсіпорын құрғақ трансформаторлар өндірісін игеруді жоспарлап отыр.Жаңа «Маслодел» май экстракциялау зауыты қарқын алып келеді. Ол жылына 400 мың тонна майлы дақылдарды өңдейді. Жобаға 34 миллиард теңге инвестиция салынды, 220 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын қазақстандық нарықты күнбағыс майымен қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтады.«ЗИКСТО» зауыты жолаушылар вагондары мен платформаларын құрастыру үшін роботтандырылған технологияларды енгізуде. Бұл мақсатта жаңа өндірістік корпус салынып жатыр. Сондай-ақ, жартылай вагондар, мұнай өнімдеріне арналған цистерналар мен автокөлік тасымалдаушылар өндірісін игеру жоспарлануда.«Евразиан Милк» сүт зауыты өнім ассортиментін кеңейтіп, ірімшік, сары май және қышқыл сүт өнімдерін шығарады. Қазіргі уақытта қоюландырылған сүт өндіруге арналған жаңа желі орнатылуда. Кәсіпорынның дамуы нәтижесінде 200-ден астам жұмыс орны құрылды.«Қызылжар су» ЖШС су тазарту кешенінде Ермек Маржықпаевқа сумен жабдықтау саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бірінші көтергіш сорғы станциясының қайта жаңғыртылуы жүргізілуде. Еуропалық су астында жұмыс істей алатын жаңа агрегаттар орнатылды. Станция айналасындағы дамбаны нығайту үшін алғаш рет габиондық құрылымдар қолданылды, бұл бөгет тасқынға төтеп берді. Сондай-ақ, тұрақты электрмен жабдықтау үшін жер астымен кабель төселді. Бұл шаралар облыс орталығын үздіксіз сумен қамтамасыз етеді.Сапар барысында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, озық технологияларды енгізу және облыстың өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/988047?lang=kk
2025 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс 08.05.2025
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының басталғаны туралы хабарлама жасалды.Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі.Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.Лауреаттар атағы үш санатта:1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;2) ірі кәсіпкерлік субъектісі;.және төрт номнация бойынша беріледі:1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбек ақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.3) «Үздік ұжымдық шарт».Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі. Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.Гран-при-конкурстың ең жоғары наградасы, ол жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыру барысында барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.Үміткерлер конкусқа қатысуға үшін материалды бір данада тапсырады, олар:1) толтырылған өтінімді;2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпаратты;3) есепке қосымшаны (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).4) сауалнаманы қамтиды.Аудандар және қала жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдайды. Үміткерлер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес материалдарды қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдеп, жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.Конкурсқа катысуға:1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асырып жүрген;2) тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;3) жойылмаған еңбек заңнамасының бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы және басқа да төлемдері бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;4) қызметкерлермен ұжымдық-еңбек даулары жоқ;5) жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысу үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын акциялары бар;6) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;7) конкурсқа қатысуға берілген өтінімде дәйекті мәліметтер көрсетіп, сондай-ақ толық көлемде құжаттар ұсынған үміткерлер жіберіледі.Бизнес субъектілері әлеуметтік - еңбек қатынастарында өздерінің оң тәжірибесін көрсете отырып, қатысу үшін аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту органдарына жүгіне алады.Үміткерлер барлық қажетті материалдарды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ұсына алады.Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау мерзхімі 2025 жылғы 1 шілде күні аяқталады.  Солтүстік Қазақстан облысыәкімдігінің жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/988033?lang=kk
"Sensitive" бишілер театры қытайлық көрермендерді тәнті қылды 08.05.2025
Солтүстікқазақстандық "Sensitive" құлағы естімейтін бишілер театры Қытайдағы халықаралық байқау-фестивальда триумф жасады! Ұжым өз тарихында алғаш рет бірден үш Гран-при жеңіп алып, үш номинацияда үздік атанды: халықтық стильдегі би, заманауи хореография және оригиналды жанр."Бұл — зор жетістік, әр адамды шабыттандырып, мақтаныш сезіміне бөлейтін жеңіс! Жетекшісі Ольга Ростовщикова мен ұжымға жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер мен сарқылмас шабыт тілеймін!", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов. Байқауға Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария және Ресейден 700-ден астам қатысушы қатысты. Ерекше мақтаныш — Sensitive Қазақстан атынан қатысқан жалғыз ұжым болып, еліміздің абыройын жоғары деңгейде қорғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/987868?lang=kk
СҚО әкімі Тепличное ауылында жедел кеңес өткізді 08.05.2025
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тепличное ауылында өңіріміздегі су тасқыны жағдайына байланысты жедел кеңес өткізіп, басшылардың есебін тыңдады. Табиғаттың тосын мінезіне қарсы күресіміз жалғасуда. Тепличное ауылындағы бөгетті сақтау міндеті орындалды.Басты мақсат – азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау. Күні-түні бөгетті нығайту жұмыстарына облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан академиясы, 6637 әскери бөлімі, Азаматтық қорғау академиясы, басқа өңірлерден келген ТЖМ құтқарушылары, мемлекеттік қызметшілер, облысымыздың барлық аудандарынан өкілдер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Сүңгуірлер де тартылды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді көмек көрсетті. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындарға көмекті полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде. Тамақтану ұйымдастырылып, жедел жәрдем кезекшілік етті. Жалпы, 1,5 мыңнан астам адам мен қажетті техника жұмылдырылды. Елді мекенді су тасқынынан қорғауда көрсеткен баға жетпес көмектері үшін өңір басшысы әрқайсысына шын жүректен алғысын білдірді. "Су толықтай қайтқанға дейін күшейтілген режимдегі жұмыс жалғасады. Әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, инфрақұрылымды сақтау үшін әрі қарай да үйлесімді және жауапкершілікпен әрекет етуіміз қажет", - деп атап өтті облыс әкімі. Бүгін бүкіл ел Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде. Мемлекет басшысы бұл мерекенің ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызын әрдайым ерекше атап өтеді."Мерекелік күнге қарамастан, көптеген азаматтарымыз елді мекендерді қорғап, бөгеттерді бекітіп, өз жұмыстарын жалғастыруда. Жерлестеріміздің бірлігі, батырлығы мен жанқиярлығының арқасында біз кез келген қиындықтарды еңсеріп, ортақ мақсаттарға жетіп келеміз. Сіздерді Бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға сарқылмас күш-қуат, амандық пен бақ-береке тілеймін!", - деді СҚО әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/987862?lang=kk
Еңбек нарығының болашағы: Қарағанды облысында жұмысшы кадрлар тапшылығы қалай шешілмек 05.05.2025
Егер білім беру жүйесі біршама артта қалып отырса, болашақ технологияларымен жұмыс істей алатын мамандарды қалай даярлауға болады? Осы және басқа да сұрақтарға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен Қарағандыда өткен «Еңбек нарығының болашағы» форумына қатысушылар жауап іздеді. Билік, бизнес және білім беру өкілдері – алдағы жылдары өңір экономикасына кім және қалай жұмыс істейтініне тікелей байланысы бар барлық тұлғалар бас қосты.– Экономика өсуде, технологиялар өзгеруде, ал түлектер өндіріс талаптарына дайын емес, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Жаңа кәсіпорындарды іске қосу арқылы биыл 17 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Олар бос қалмау үшін біз қазірдің өзінде тиісті кадрларды даярлауымыз керек. Біздің міндетіміз – білім беру жүйесін нарықтың нақты сұраныстарымен үйлестіру.Жұмыспен қамту басқармасының мәліметінше, тек 2025 жылы өңірге кемінде 2017 білікті жұмысшы қажет болады. Ал 17 инвестициялық жоба аясында жаңа кәсіпорындарда қазірдің өзінде 2700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылған. Бұл міндетті жастар практикасынан бастап белсенді зейнеткерлерді қолдауға дейінгі жұмысқа орналастыру бағдарламалары шешуге бағытталған.Табысты кейстердің бірі – QazTehna зауыты. Іске қосылғаннан кейін кәсіпорын кадрлардың жетіспеушілігіне тап болды, бірақ екі жылдан кейін проблеманы толық шеше алды.– Бізге қажет мамандарды біреу даярлап береді деп күтуден еш пайда жоқ екенін түсіндік. Өзіміз қатысуымыз керек болды, – дейді корпоративтік университеттің басшысы Айдос Айтбаев. – Бізде 2030 жылға дейінгі стратегиялық меморандумға қол қойылды. Көлікті жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі мамандарды, сондай-ақ дәнекерлеушілерді оқытуға негізгі назар аударылады. Биыл Қарағанды көліктік-технологиялық колледжінің базасында сырлаушылар даярлайтын мақсатты топты іске қосамыз. Оқу бағдарламасын бірге әзірледік және ол бекітілді.Зауыт 160-тан астам мақсатты грантты іске асырып, облыстың төрт жетекші колледжімен – қарағандылық жоғары политехникалық, тау-кен индустриялық, көлік-технологиялық және Саран техникалық колледждерімен ынтымақтасады.Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын құруға тікелей қатысуда - индустриялық кеңестер арқылы олар өндіріс сұраныстарына сүйене отырып модульдер мен құзыреттерді қалыптастырады. Оған жауап ретінде колледждер жаңа, сұранысқа ие мамандықтарға лицензия дайындайды. Әлеуетті бағыттардың ішінде – автомобиль жасау, аддитивті технологиялар, гидротехникалық құрылыс, ақпараттық қауіпсіздік, полимерлер мен құбырлар өндірісі, графикалық және мультимедиялық дизайн.– Біздің колледж базасында «Автоматтандыру және өндіріс технологиясы» бағдарламасы іске қосылуда, – дейді Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің директоры Жанар Рахымова. – Олар ІТ-біліктілігі бар техникалардың жаңа буынының мамандары.Өңірдегі 52 колледждің 38-і дуальді оқыту жүйесіне көшті, онда студенттер тікелей кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді. Мансаптық даму орталығы құрылды, жаңа бағдарламалар енгізілуде және Қытаймен, Германиямен, Түркиямен, Финляндиямен және басқа да елдермен халықаралық тәжірибе алмасу жолға қойылды. Бұл түлектердің жұмысқа орналасу көкжиегін кеңейтеді.Форумның жеке тақырыбы – кәсіптік бағдар. Мамандықты ерте таңдау түлектің колледжде жылдар өткізбей, мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін арттырады. 1 қыркүйектен бастап өңірде Edumark электронды күнделігі негізінде кәсіптік бағдарлаудың жаңа жүйесі іске қосылады. Profiway платформасы жеке ұсынымдарды қалыптастыру үшін оқушылардың үлгерімі, қызығушылықтары мен белсенділігі туралы деректерді жинайтын болады.– Жүйе баланың жеке портретін жасап, қай бағытта даму керектігін айтып береді, – деп түсіндірді «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығының Profiway жобасының жетекшісі Айдана Ақынова.Қорытындылай келе, Ермағанбет Бөлекпаев аралық қорытындыларды шығарып, нәтижелерді көру үшін талқыланған бастамаларға қайта оралу қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/987748?lang=kk