Ғылым
Қарағанды облысының спортшылары Парижде көркем жүзуден алтын медальға ие болды 18.05.2025
Париждегі әртістік (синхронды) жүзуден Әлем кубогының бірінші кезеңінде Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Виктор Друзин жеке еркін бағдарламада алтын медаль жеңіп алды. Жарысқа 22 елден 167 спортшы қатысты.Қазақстандық спортшыдан кейін құрмет тұғырына грекиялық екі синхроншы – Мариос Критсас пен Стильянос Фускис шықты.World Aquatics әлем кубогы жыл сайын өткізіледі және үш кезең мен суперфиналды қамтиды. 2024 жылы бірінші рет Бейжіңде өтіп, онда теміртаулық жас әрі болашағы зор жүзгіш Виктор Друзин Анна Павлецовамен дуэтте күміс медаль жеңіп алды. Ал «еркін соло» бағдарламасында қола жүлдеге ие болды.Әлем кубогының екінші кезеңі Парижде өтті. Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің Теміртау бөлімінің оқушысы Виктор Друзин жеке орындауда күміс жүлдеге ие болды. Ал үшінші кезеңде Канадада алтын жеңіп алды. Және дуэтте қола медаль иеленді. Бұл Виктор Друзиннің ересек мансабы бойынша әлем чемпионатындағы ең жоғары үлгідегі алғашқы медалі болды.Қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасының құрамында командалық еркін бағдарламада да көзге түсті. Әлем кубогының бірінші кезеңінде олимпиадалық резервтің облыстық жүзу мектебінің оқушылары Анастасия Воронкова, Полина Мерзлякова және Милана Ашаханова өнер көрсетті. Осы жеңістен кейін қыздарымыз ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950066
«Алтын сапа – 2025» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды 18.05.2025
«Алтын сапа» Президенттік сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Ол отандық тауар өндірушілерге өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін беріледі. Байқауға заңды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады.«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында еске салып өткендей, сыйлық төрт номинация бойынша беріледі:«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;«Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;«Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».Бұдан басқа, «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары қарастырылған.Өтінімдер 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Электрондық түрде cabinet.altynsapa.kz сілтемесі бойынша беруге немесе жергілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.Ізденушілер сауалнама-декларацияны толтыруы, сондай-ақ кәсіпорынның тарихын, өнімнің немесе қызметтің негізгі түрлерін, негізгі өткізу нарықтарын сипаттай отырып, конкурсқа қатысушыға қысқаша шолу жасауы тиіс.Құжаттар пакетіне мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қоса беру қажет.«Атамекен» ҰКП сараптама тобы өтінімдер тізілімін қалыптастырады. Содан кейін қатысушыларды бағалау басталады. 40 финалист анықталғаннан кейін сарапшылар кәсіпорындарға барады. Нәтижесінде номинациялар мен санаттар бойынша 14 лауреат таңдалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950936
Қарқаралыда ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына орай майдангерлер туралы кітап жазылады 18.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына Қарқаралы ауданында майдангер-жерлестер туралы кітап дайындалуда. Батыр ата-бабалар туралы оқиғалар мұражай мұрағаттары мен ұрпақтарының әңгімелері бойынша естелік ретінде құрастырылмақ.Қарқаралы ауданынан соғысқа шақырылғандардың өмірбаянын жинау идеясы жергілікті тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерінде пайда болды. Отан үшін шайқасқан сарбаздардың тарихын жүйелеуді олар 2015 жылы – Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бастаған болатын.Қазір, 10 жылдан кейін, сол кезде жиналған материалды толықтырып, кітап түрінде басып шығару туралы шешім қабылдаған. Жоба бойынша музей қызметкерлерімен бірге белгілі өлкетанушы Саят Оспанов жұмыс істейді.– Бүгінгі таңда бізге 124 майдангер туралы әңгімелер келіп түсті. Бірақ біз тек ұрпақтың әңгімелерін ғана қабылдамай, әскери комиссариаттан құжаттарды, өмірбаяндарды, фотосуреттерді, басқа да айғақтарды ұсынуды сұраймыз. Біз үшін бұл кітапты басып шығару, ата-бабаларымызды еске алу өте маңызды, – дейді өлкетанушы.Материал жинау наурыз айының соңына дейін жалғасады. Кітапты мамыр айында – Жеңістің мерейтойына орай жариялау жоспарланған.Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің мәліметінше, 1941–1945 жылдар аралығында майданға 2178 адам аттанған. Олардың тек 737-сі ғана оралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950934
Қарағандыда «Отбасы және әйелдер» көшпелі әлеуметтік бюросы ұйымдастырылады 18.05.2025
Ертең, 5 наурызда Қарағандыда «Таир» сауда орталығына барған кезде мамандардан отбасылық-неке қатынастары бойынша заңгерлік кеңестер, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы және басқа да мәселелер бойынша тегін ақпарат алуға болады. Отбасы және әйелдер көшпелі әлеуметтік бюросын «Құқық» қоғамдық қоры құрған Отбасын ресурстық қолдау орталығы ұйымдастырады. Акция Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, прокуратура, әділет департаменті, полиция басқармасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, аудандық әкімдіктер, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері қатысады. Сондай-ақ, дағдарыс орталығы, Қарағанды облысының полиция департаменті жанындағы отбасыға көмек көрсету бірыңғай орталығы өкілдерінің қатысуы күтілуде.Мамандарға құқықтық және әлеуметтік салалардағы кеңестер, қиын отбасылық жағдайларды шешуде кеңестер алуға болады.Басталуы: 15:00.«Таир» сауда орталығының мекенжайы: Космонавтар көшесі, 1/291-құрылыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950617
Қарағанды облысында 6 наурызда шұғыл құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі 18.05.2025
Қарағанды облысында «Баршаның назарына!» белгісі бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында 6 наурызда сағат 11:00-де барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады.Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті сабырлық сақтауды және үрей мен дүрбелеңге бой бермеуді сұрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/951017
Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды 18.05.2025
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Шалқар Болатұлы Амантұров цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Шалқар Болатұлы 1982 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжін «Есептеу техникасы мен автоматтық жүйелерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету», Алматы экономика және статистика институтын «Қаржы және несие», Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы болып бастаған. 2006-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, басқарма бастығы, 2009-2013 жылдары ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының CERT қызметінің жетекші маманы, «Электрондық үкімет қауіпсіздігі мониторингі орталығы» бөлімінің жетекші инженері, 2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Эксплуатация басқармасы техникалық қолдау қызметінің басшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» ШЖҚ РМК Эксплуатация басқармасының Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, директоры, 2017-2018 жылдары Астана қаласындағы «Транстелеком» АҚ Орталық аппаратының «Желілерді жаңғырту және дамыту» бағытының басшысы, 2018-2019 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ның Архитектураны дамыту департаменті Цифрлық трансформация бөлімінің басшысы, 2019-2021 жылдары Астана қаласындағы «Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ Кірістерді цифрландыру, есепке алу және бақылау департаментінің директоры, 2021-2022 жылдары «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Жобаларды басқару департаментінің директоры, директорының орынбасары, 2022 жылы Астана қаласындағы «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарында жұмыс істеді. 2022 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласындағы «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/952599
Қарағанды облысында оқушылар арасында қазақ тілін үздік білетіндер анықталды 18.05.2025
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 7–11 (12) сынып оқушылары арасында өңірдің қазақ тілді және қазақ тілді емес мектептерінің 158 оқушысы қатысты. Олардың оны жеңімпаз атанды.Олимпиада бес пән бойынша өткізілді:1. «Бейнелеушілер».2. «Білгірлер бәйгесі».3. «Жас қаламгер».4. «Сөз шеберлері».5. «Әнші-бұлбұлдар».«Сөз шеберлері» номинациясында № 4 Теміртау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шұғыла Үсен (қазақ тобы) және Осакаров ауданы № 9 гимназиясының базасындағы тірек мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы Камила Доминова жеңімпаз атанды.«Жас қаламгер» санатында С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының он бірінші сынып оқушылары Аружан Бөкенова (қазақ тобы) мен Қарағанды № 2 лицейінің оқушысы Даная Корытникова үздік деп танылды.Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 11-сынып оқушысы Набисалық Ержанат (қазақ тобы) және № 1 «BILIM-INNOVATION» лицейінің тоғызыншы сынып оқушысы Саид Ибрагимов халық ауыз әдебиетін білетіндер арасында жеңімпаз атанды.Суретші-иллюстраторлар арасында ең үздіктер – Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушысы Азамат Мұратұлы (қазақ тобы) және Қарағанды қаласындағы № 1 гимназияның сегізінші сынып оқушысы София Тумаева.«Әнші-бұлбұлдар» номинациясында Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушысы Еркеназ Талғатова (қазақ тобы) және № 2 «BILIM-INNOVATION» лицейінің оныншы сынып оқушысы Мария Тен жеңіске жетті.Барлық жеңімпаздар биыл мамыр айында Астанада өтетін «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінде Қарағанды облысының атынан өнер көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/951809
Қостанай облысының Оперативтік штабы су тасқыны кезеңіне дайындықты үйлестіруде 18.05.2025
Қостанай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Оперативтік штабтың отырысы өтті. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, көктемгі су тасқынына дейін уақыт аз қалды, ал «Қазгидромет» болжамына сәйкес, биылғы көктем жылы және жауын-шашынды болады, бұл өз кезегінде су тасқыны қаупін күшейтеді.«Алдын ала болжам бойынша, көктем жылы және жауын-шашынды болады. Аймақтарда су тасқыны жағдайына толық дайындық әлі қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты, су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою бойынша шараларды үйлестіру үшін Оперативтік штаб құру туралы шешім қабылданды», – деді Құмар Ақсақалов.Оперативтік штабтың міндеттеріҚұрылған штаб азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша негізгі міндеттерді орындайды. Оның негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:• су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;• су тасқынына қарсы күреске қажетті күштер мен құралдарды орналастыру;• су тасқынына қарсы шаралардың орындалуын бақылау;• тұрғындарды өміріне және денсаулығына қауіп төнген жағдайда көшіруді ұйымдастыру;• зардап шеккен аудандардағы инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үйлерді қалпына келтіру;• су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.Дайындық жұмыстарын күшейту қажетОблыс әкімі су тасқыны кезеңіне дайындықты бүгіннен бастап күшейту қажет екенін атап өтті. Әрбір елді мекенде қар шығару, жолдарды кеңейту, су өткізу арналары мен су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуі тиіс. Су басу қаупі жоғары аудандарда ауыр техника мен мотопомпалар алдын ала орналастырылуы қажет.Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының да бұл жұмыстарға белсенді қатысуы қажет екенін айтты:«Агроқұрылымдардың басшылары сырт қалмауы тиіс. Халыққа жан-жақты көмек көрсетіп, қар тазалау жұмыстарын күшейту қажет, еріген судың алдын алу шараларын ертерек қолға алу маңызды».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/953286
Қарағандының Станиславский театрында актриса Ирина Егорованың мерейтойы атап өтіледі 18.05.2025
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрында 21 наурызда Ирина Егорованың мерейтойы «Баба Шанель» спектаклімен атап өтіледі. Актриса бұл күні өзінің 50 жылдығын және шығармашылық қызметінің басталғанына 30 жыл толуын атап өтеді.Николай Коляданың «Баба Шанель» спектаклінде Ирина Егорова басты кейіпкерлердің бірі – Тамара Ивановна рөлін сомдайды. Басталуы – 17:00.Станиславский театрында актриса 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Оның есебінде ересектердің спектакльдерінде 40-қа жуық және балалардың спектакльдерінде 30-ға жуық рөлдер бар.Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: (8-7212) 30-12-82.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/954208
Түпқараған ауданында 100 отбасыға арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді 18.05.2025
Бүгін, 12 наурызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында 100 отбасыға арналған тұрғын жайдың ашылу рәсіміне қатысты. Бұл пәтерлер әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне қолжетімді баспана ұсыну мақсатында салынған.Жалпы аумағы 2,6 гектарды құрайтын жаңа нысан екі қабатты жатақханадан тұрады. Мұнда бір және екі бөлмелі 100 пәтер қарастырылған. Оның 84-і бір бөлмелі, 16-сы екі бөлмелі. Сонымен қатар, жатақханада балалар ойын алаңы, спорт алаңы және автотұрақ бар.Облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, бұл игілікті істің жүзеге асуына демеушілік жасаған компанияға алғысын айтты.- Мемлекет басшысының шешімімен елімізде биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға, сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл жаңа жатақханада жас әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлерінің жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Осы іске мұрындық болған азаматтарға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта ауданды дамытуға қатысты жүйелі жоспарлар бар. Бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады, – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, аталған жоба NCOC компаниясының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/955324
Қарағанды облысында онкологиялық қызмет жаңа жабдықтармен толықтырылды 18.05.2025
Қарағанды облысында онкологиялық көмекті жақсарту жалғасуда. № 3 көпбейінді ауруханада (облыстық онкодиспансер) «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен сәулелік терапияның заманауи орталығы жабдықталды. Ол ең жаңа аппараттармен жабдықталған - желілік жылдамдатқыш және ісіктерді егжей-тегжейлі визуализациялауға мүмкіндік беретін компьютерлік томограф.Пациенттерде өмірлік маңызды терапияға қолжетімділік артты. Медициналық көмек кепілдендірілген көлемде тегін көрсетіледі.Жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. Жабдықтардың тұсаукесеріне «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов қатысты.– Өткен жылы біз еуропалық стандарттарға сай келетін химиотерапиялық орталық аштық. Онкологиялық қызметті жабдықтау одан әрі жалғасуда. «Қазақстан халқына» қоры арқылы өте жоғары деңгейдегі жабдықтар алынды. Біздің облыстың ғана емес, көрші Ұлытау облысының тұрғындарына да көмек көрсетілуде. 400-ге жуық адам жаңа аппаратта сәулелік терапия курсынан өтті. 600-ден астам адам компьютерлік томографтан тексерілді. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Біз «Қазақстан халқымен» тығыз байланыстамыз. Өздеріңіз білесіздер, бұл қор ел Президентінің бастамасымен құрылған және біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ләззат Шыңғысбаева Қарағанды облысындағы онкологиялық қызметті жарақтандырудың екінші кезеңі қаралып жатқанын хабарлады.Қосымша тағы бір жиынтық сатып алынуы мүмкін – желілік үдеткіш және компьютерлік томограф.– Екі облыстың пациенттері емделіп жатқанын ескерсек, жүктеме үлкен. Біз әр жабдықтың, тіпті заманауи жабдықтың да жобалық қуаты бар екенін түсінеміз. Сондықтан жарақтандырудың екінші кезеңін қарастырамыз. Жабдықтарды орнатудан басқа, персоналды оқыту жүріп жатыр. Бұл біздің қор қатысатын онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі үкіметтік жоспар. Жалпы, онкология қызметі жаңа деңгейге шығады деп үміттенеміз, – дейді Ләззат Шыңғысбаева.№ 3 көпсалалы аурухананың директоры Гамаль Тоқсамбаевтың айтуынша, жылына 1000-ға дейін пациент сәулелік терапия ала алады. Алдыңғы қатарлы әдістеме жанама әсерлерді азайтуға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.– Жабдықтар моральдық жағынан ескірген, физикалық жағынан тозған. Емделушілер сапалы көмек алу үшін шетелге кетеді. Ал қазір біз Еуропа, Америка клиникаларында тұрған аппараттарға ие болып отырмыз. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955131
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды 18.05.2025
2025 жылғы 3 наурыз – 5 сәуір аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді.Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18–27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес, орта мектеп, колледж немесе университет бітірген, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді.КР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарының әрі қарай кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң олар өз қалауы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқара алады.ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7-776-800-27-28 телефон нөміріне хабарласып, білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955053
Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғылау жұмыстары жүргізілуде 18.05.2025
Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Нұра өзенінде Бұқар жырау ауданының Ғ. Мұстафин атындағы кентінде мұз бұрғылана бастады. Бұл шара мұз кептелісі болмауы үшін қажет. Мұз бұрғылау мұз жүру кезінде өзендердің толып кетпеуіне мүмкіндік береді.Ғарыш мониторингінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда облыс аумағының 75% қар басқан.Өңірдің ірі су қоймаларынан – Самарқанд, Ынтымақ және Шерубай-Нұрадан секундына 10-нан 15 текше метрге дейінгі көлемде төгінділер жүргізілуде. Бұл өзен арналарын жуу және тасқын суларды қабылдау үшін бос сыйымдылық дайындауға қажет.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955930
Шаңырақ күні Ақтөбе периниталдық орталығында жаңа туған нәрестелерге бесіктер таратылды 18.05.2025
Шаңырақ күні жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігі аясында атап өтілді. Мереке отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Бұл күні облыстық перинаталдық орталықта «Бесік тарту» атты ерекше іс-шара өтті, онда он жаңа туған нәрестелерге ұлттық өрнектермен бедерленген бесіктер тарту етілді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев мереке қарсаңында нәрестелі болған аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Бүгін біз жылулыққа, қамқорлыққа және ежелгі дәстүрлерімізге құрметпен қарайтын ерекше күнді атап өтудеміз. «Бесік тарту» акциясы арқылы сәбиге қамқорлық жасап, оның денсаулығы мен әл-ауқатына ерекше маңыз беретін ұлттық құндылықтардың бірін жандандырдық десек артық етпес.Мемлекет басшысы өз сөзінде дәстүрлерімізді сақтау мен дамытудың, отбасылық құндылықтарды нығайтудың және ана мен баланы қолдаудың маңыздылығын үнемі алға тартады. Соның негізінде өмірде өз жолын енді ғана бастаған – жаңа туған нәрестелер мен олардың аналары басты назарда. Бесік - бұл жай ғана құрал емес, әр үйдегі, әр отбасындағы бейбітшілік, жайлылық пен амандықтың символы іспеттес. Балаларыңыз сау, бақытты және сүйіспеншілікке бөленіп өссін. Үйлеріңізден сәбидің күлкісі кетпесін, ал дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін», - деді Ерлан Сұлтангереев.Облыс бойынша Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Саида Сәдуақасова мен айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова да аналарға деген өз ізгі тілектерін жеткізді. Олар «Бесікке салу» дәстүрінің жай ғана салт емес, баланың денсаулығы мен ананың жан тыныштығына деген қамқорлықтың көрінісі екенін тілге тиек етті. Айта кету керек, облыста наурыздың 15-нен 16-сына қараған түні он бес бала дүниеге келді. Сәбилер мен аналардың денсаулығы қалыпты. Бақытты аналардың арасында 28 жастағы Айсара Қарамырза бар. Ол 16 наурызда таңғы сағат бесте үшінші сәбиін дүниеге әкелді.«Менің ұлым мен қызым бар, ал бүгін тағы бір батырдың анасы атандым. Екі үлкенім де бесікте өсті, өз басым оны дұрыс деп есептеймін. Бесікте жату сәби үшін өте ыңғайлы және жылы. Мұндай құнды сыйлық үшін алғысым шексіз», - деп қуанышымен бөлісті ол. Жас ана Інжу Жолдыбайқызы тұңғыш қызы Сафураны дүниеге әкелді. «Дәрігерлер мен акушерлерге рахмет, бәрі ойдағыдай өтті. Менің бірінші нәрестемнің дүниеге келуіне орай осындай сыйлық алу өте тамаша. Бұл қамқорлық пен қолдаудың көрінісі, мен бұл әдемі дәстүрдің біздің отбасымызда жалғасатынына қуаныштымын», - деді Інжу.Құттықтаулардан бөлек, жас аналарға денсаулық пен тәрбие тұрғысынан ежелгі дәстүрлердің пайдасы туралы кеңірек айтылды. Ұйымдастырушылар «Бесік тарту» халықтың бірлігін, жылуы мен қамқорлығын насихаттайтын игі дәстүрге айналатынына сенім білдірді. Шаңырақ күні мерекесі отбасы құндылықтарын, ата-баба мұрасын құрметтеуді және дәстүрлерге ұқыпты қараудың маңыздылығын тағы бір еске салды. Өйткені, берік шаңырақ - болашақ ұрпақ үшін мықты іргетас.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/957733
ШЫМКЕНТТЕ ӨТІП ЖАТҚАН "ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ 18.05.2025
Биыл Ұлы жеңіске - 80 жыл. Осыған орай Шымкентте өтіп жатқан "Ерлікке тағзым" акциясы аясында бірқатар тазалық іс-шаралары қолға алынды. Онда соғысқа қатысқан жауынгерлерге арнап орнатылған ескерткіштер жаны тазаланды.Солардың бірі қаланың Тәуке хан даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында орналасқан қазақтың батыр перзенті Бауыржан Момышұлының ескерткішінің маңайы тазартылып, ескерткіш жуылды.Оған шымкенттік белсенді жастар мен тазалыққа жауапты жұмысшылар қатысты.Бауыржан Момышұлы - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/980499?lang=kk
ТАЗА ҚАЛА - ЖАЙЛЫ ӨМІР: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 18.05.2025
2025 жылғы 23 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.Аталған іс-шараға аудан әкімдігі мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындардан құралған 150-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника тартылды.Акция барысында 5 ауланың шөбі орылып, 14 текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пен күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, санитарлық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.Қаратау ауданы әкімдігі алдағы уақытта да осындай экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/982083?lang=kk
ШЫМКЕНТТІ БІРГЕ ТАЗАРТАЙЫҚ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 18.05.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту, экологиялық білім мен мәдениетті дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.Шымкент қаласындағы 150 мектепте «Табиғатты аялайық» атты экологиялық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалық сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Экологияға қатысты білімдерін шығармашылық жобалар арқылы көрсетті. «ЖАС ЭКОЛОГТАР» тобы мүшелері өз ойларын суреттер, акциялар, экослеттер арқылы бейнелеп, табиғатты қорғауға қатысты белсенді ұстанымдарын танытты.«Табиғатты аялайық» атты жоба – экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама арқылы жас буын табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиеленіп, жасыл болашақтың кепілі бола алатынын көрсетті,-дейді мамандар.Айта кетейік, «Табиғатты аялайық» жобасы Шымкент қаласындағы барлық орта білім беру ұйымдарында тұрақты түрде өткізілуде. Экологиялық тәрбие беру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/983145?lang=kk
“КІТАП ОҚЫМАЙ ӨМІРДІ БІЛУ МҮМКІН ЕМЕС” 18.05.2025
Стористі емес, кітапты ашОсыдан он шақты күн бұрын Лаура Тастанбек әріптесімнің кішкентай оқушы қызын кітап оқуға үйреткенін көріп, балалық шағым есіме түсті. Менің анам мен апам(нағашы әжем бізбен тұратын) да кітапты дауыстап оқығанымды қалайтын. «Біз де тыңдаймыз, сенің де есіңде қалады», дейтін. Рас. Күрделілеу сөйлемдерді қайта оқимын, мамам мен апам жарыса түсіндіреді. Апам ғой, өміріндегі ұқсас сәттер есіне түсіп кетсе, «өз кітабын» ақтаратын... Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасын» осылай бір жылап, бір күліп отырып, бірнеше рет бірге оқығанбыз. Бұрыңғы жылдардың қиямет кезеңдеріндегі оқиғаларды еріксіз еске түсіретін «Құпия қойма» кітабын да талай қайталап оқыдық. Кітаптың қызығына батқанымызда апам жарықтықтың иіріп отырған ұршығы жайында қалатын. Ашаршылық жылдары, одан кейінгі қуғын-сүргін азабын ағасымен бірге тартқан кезін айтып беруші еді...Сіз жылайсыз, енді оқымаймын дейм. Оқи бер, енді жыламаймын деп қояды. Мені кітап оқысын дегені екен ғой...Ал, Шара Жиенқұлованың «Өнерім-өмірім» кітабы мамама қатты ұнайтын. Алғаш рет биші қыздың өмірі туралы повестің үзінділерін Жұлдыз журналынан оқыған екен. Кейіннен кітап болып шыққанда кітапханадан жаздырып алып бірге оқыдық(Сол 7 сыныпта биші болғым келіп, Мәдениет үйіндегі би үйірмесіне жазылғам. Бірақ екі ай ғана бардым). Кейіннен «Биші Шара» туралы фильмді көргенде, ол эпизодтарды мен бұрын көріп қойғандай мәз болып отырғаным есімде.Кітап оқу, оқыған шығарманы талдау - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Манат Әлиева апайымыздың сүйікті ісі еді. Раушан коммунист пен Шұғаның белгісін класста дауыстап кезекпен оқытатын. Сол әдіс дұрыс негізі! Алғашқыда тыңдағысы келмей, сөйлеп отыратын ұлдардың өзі бір кезде ұйып тыңдап, қоңырауға да шықпаушы еді.Бір кітап талай естелікті еске түсірді... Мектептерде кітап оқу, талдау немесе оқырмандар клубын жандандыру керек. Қаладағы кітапханаларда ондай клубтар бар. Жастар барады, 2-3 рет мен де бардым кездесуге. Бірақ сол әдемі сабақты мектепте қажеттілікке айналдырса деген ойым бар. Балалар бірге оқитын кітабын өздері таңдасын. Бастаса, жүйеленетіні анық. Бұған бірінші кезекте мұғалімі құмбыл болса, ұл-қыздар қызыға түсер еді. Ең маңыздысы, әрине, кітап оқу отбасында қалыптасса құба-құп. Бір емес бірнеше сағатын ұялы телефонға ысырап ететіндер сол уақыттың 40-60 минутын кітап оқуға қиса ұтылмас еді. Болмайтынды айтып...дерсіз. Дей беріңіз. Қараңызшы, мысалы, Исландия елінде әр 10-шы адам өмірінде бір кітап жазып шығарады екен (соңғы кезде кітап жазатындар бізде де көбейген). Ал халқының шамамен 93%-ы жылына кемінде бір кітап оқиды екен.Үндістандықтар жылына орта есеппен 16 кітап оқиды, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қытайда тұрғындар аптасына орта есеппен 8 сағат кітап оқиды екен. Күніне 1-1 жарым сағат деген сөз. Біздің де оқуға мүмкіндігіміз бар!Ұлттық кітап күні деп сәуірдің әдемі күнін белгіледік. Қалған күндері кітапты елемеуге болады деген сөз емес. Керісінше, жыл бойы өзіңізге дос болар кітапты оқып, қарап, осы күні есеп беретін күн сияқты. Әрі, бұл тек оқырмандарға емес, жазатын жандарға да шабыт сыйлайтын күн. Кешегі күні орталық қалаларда кітап көрме-жәрмеікелері ұйымдастырылды. Соны жылына бір рет емес, тоқсан сайын өткізсе де болады. Әлеуметтік желіге суретін салып, есеп беру үшін ғана емес. Оқырман ағылып келіп, жазушысын, ақынын, баспагерін іздейтіндей қылып. Кітап оқу марафондары да қызып жатса...Мемлекет елдегі кітапхана қорын толтыру үшін соңғы 10 жылда 10 миллионға жуық шығарманы басып, таратты. Енді сол шығармаларды оқып. оқуға баулу керек. Үйде, мектепте, барлық ортада.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/983150?lang=kk
ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ - ВОЛОДАРСКИЙ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ 18.05.2025
Қонаев даңғылы - Володарский көшелерінің қиылысы көлік қозғалысы үшін ашылды.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аясында Володарский көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында автомобиль жолы өткелінің құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты Володарский және Рашидов көшелері көлік қозғалысы үшін ашық екенін хабарлаймыз.2025 жылғы 2 мамырдан бастап жолдың ашылуына байланысты №6, №27, №57, №60, №84, №147 бағыттарындағы қоғамдық көлік маршруттары бұрынғы бағытымен қайта жүре бастайды.Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988646?lang=kk
ШЫМКЕНТ-ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ВЕЛОМАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ 18.05.2025
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында Шымкент-Ташкент веломарафонның ашылу салтанаты өтті. Жыл сайын көктемде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан велошеруге биыл еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен ҚР велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов сөз сөйлеп, веломарафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. — Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл үрдіс Шымкент қаласында да жалғасын тауып келеді. Бүгінде қала тұрғындарының бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасалып, қажетті инфрақұрылым желісі дамып келеді, — деген Сәрсен Абайұлы веломарафонға қатысушыларға ақ жол тіледі. Айта кетейік, Шымкент пен Ташкент қалаларының арақашықтығы 125 шақырымды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988801?lang=kk