Ғылым
Облыстық тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толды 11.09.2026
Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 15 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев, Жоғары аудиторлық палатасы жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті директорының орынбасары Ақбаян Әлімбаева, еліміздің барлық өңірінен келген тексеру комиссияларының төрағалары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы мемлекеттік аудит саласының бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында қаржы тәртібі мен бюджет қаражатының ашықтығы қоғам сенімінің негізі екенін айтып, қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қатаң тапсырып келеді. Әрбір теңге халықтың игілігіне бағытталып, тұрақты бақылауда болуы тиіс.Бүгінде мемлекеттік аудит органдары жазалаушы емес, бюджет қаражатын тиімді жоспарлауға ықпал етіп, тәуекелдерді алдын ала анықтап, әріптестік қызмет атқаруда. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы өңірде мемлекеттік ресурстардың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуына зор үлес қосып келеді.Мерейлі мерекеге орай салада қызмет атқарған ардагерлер мен мамандарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат тілеймін!» – деді облыс әкімі.Шарада бірқатар азамат Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.Мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев сөз сөйлеп, әріптестерін құттықтады. Өңірде мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 2025 жылы 2 трлн теңгеден асып, 2012 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Тексеру комиссиясы заң бұзушылықтарды анықтаумен қатар, оның алдын алуға басымдық береді. Әдістемелік және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде бюджеттік ұйымдардың қаржылық сауаттылығы артып, кемшіліктер азайған.Тексеру комиссиясының 15 жылдығы – өңірдің қаржылық бақылау жүйесінің дамуындағы маңызды белес. Осы уақыт ішінде комиссия кәсібилік пен жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп, ауқымды жұмыс атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1290493?lang=ru
Денисов ауданының жетістіктері 11.09.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Денисов ауданына барған жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, денсаулық сақтау салаларындағы және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Аймақ басшысы аудан халқымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.Денисов ауданында биыл дәнді және бұршақты дақылдардың егіс алқабы 233 мың гектарға жетті. Күзгі орақ науқанында 178,1 мың га немесе 76,2% өнім жиналды. Майлы дақылдар алқабы 46%-ке артты. 2023 жылмен салыстырғанда мал азығы дақылдары 8 мың га ұлғайып, 3 есеге, картоп пен көкөніс 436 га жетіп, 2,7 есеге өсті.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенге цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары енгізілуде. «Eurasia Farm Innovations» ЖШС 11 мың га аумақта смарт-егіншілік, топырақты жедел талдау және тыңайтқыштарды саралап енгізу технологияларын қолдануда. Жұмысшыларға жағдай жасау үшін жалпы құны 150 млн теңге болатын 7 заманауи капсулалық үй салынды.Ауданда соңғы 3 жылда 4,7 мың шаршы метр 70 пәтер – 5 көпқабатты және 1 екі пәтерлі тұрғын үй салынып, қайта жөнделді. Биыл 27 пәтер сатып алу жоспарлануда.Аудан орталығындағы 667,5 шаршы метрлік 21 пәтерден тұратын тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріледі.Перелески ауылында ашылған жаңа дәрігерлік амбулатория заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2,4 мың тұрғын аудан мен қалаларға бармай-ақ, медициналық көмек ала алады.«Таза Қазақстан» акциясы аясында 2,1 мыңнан астам көшет пен ағаш отырғызылды, 25 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, 43 саябақ пен сквер абаттандырылды. 800 мың шаршы метр аумақ тазартылды, 26 ескі ғимарат сүріліп, 32 заңсыз қоқыс орны жойылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1290499?lang=ru
Лисаков жастары «Таза Қазақстан» бастамасына қосылды 11.09.2026
Лисаков қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Таза аумақ - баршамызға ортақ міндет!» атты экоквест өтті. Іс-шара қаланың 11-шағынауданында ұйымдастырылып, оған 40-қа жуық жас қатысты.Квестің негізгі мақсаты - жастарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған қаланың тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.Қатысушылар командаларға бөлініп, тақырыптық станциялардан өтті. Олар экологияға қатысты сұрақтарға жауап беріп, қалдықтарды дұрыс сұрыптауға байланысты тапсырмаларды орындады, экологиялық белгілерді іздеп, табиғатқа ұқыпты қарау жөніндегі білімдерін көрсетті.Іс-шараның практикалық бөлігі аумақты тазалауға арналды. Жастар бірлесіп қоқыс жинап, бекітілген учаскелерді ретке келтірді. Осылайша қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, қаланы абаттандыруға нақты үлес қосты.«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымызға байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан жастарға табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын айтып қана қоймай, нақты іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беру біз үшін маңызды. Бүгін жастар өздерінің белсенділігі арқылы қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілікпен қарап, туған қаласының дамуы мен абаттандырылуына үлес қосуға дайын екенін көрсетті», – деді Лисаков қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Ділдә Хайрат.Квест барысында жауапты тұтыну және қалдықтарды дұрыс басқару мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Ойын форматында ұйымдастырылған тапсырмалар экологиялық тақырыптарды жастарға түсінікті әрі қызықты түрде жеткізуге мүмкіндік берді.Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді командалар мен қатысушылар анықталды. Жеңімпаздар мен белсенділік танытқан қатысушыларға ақшалай сертификаттар табысталды.«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, жас ұрпақтың бойында тұрақты экологиялық әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Квестің негізгі идеясы – қала тазалығына қамқорлық жасау әр адамның қарапайым күнделікті әрекетінен басталатынын көрсету.#ТазаҚазақстан Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1290374?lang=ru
Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады 10.09.2026
Мұндай шешім онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында қабылданды. Комиссияның Қазақстан тарапын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.Атап айтқанда, Мәскеу облысында АКРУС лак-бояу өнімдерін өндіретін кәсіпорын салу жөніндегі кооперациялық жоба сөз болды. Мұнда қолданыстағы аналогтармен салыстырғанда коррозия мен от әсерінен қорғау сипаттамалары жоғары лак-бояу материалдарын шығару жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру бес жылға есептелген және оның жұмысы биыл басталады.Жобаға Беларусьтің «Орион-ВК» ғылыми-өндірістік кәсіпорны, материалдар мен технологиялық жабдықтардың бір бөлігін жеткізуді қамтамасыз ететін қазақстандық «ASYL CONSTRUCTION» ЖШС және ресейлік «АКЗ покрытия» ЖШҚ қатысады.Тағы бір жаңа кооперациялық жоба Самара гипс комбинаты базасында жаңа араластыру желісін салуды көздейді. Жоба барысында құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісін жылына 75,5 мың тоннаға ұлғайту қарастырылған. Қазақстан тарапынан жобаға инженерлік және құрылыс қызметтерін көрсететін «Элита» ЖШС, ал Беларусь тарапынан «Ремеза» ЖАҚ қатысады. Осы жобаны іске асырудан түсетін салық түсімдері есебінен Қазақстан бюджеті үшін болжамды экономикалық тиімділік шамамен 180 млн теңгені құрамақ.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша кооперациялық жоба мақұлданды.ЕАЭО-дағы кооперациялық жобалар жобаны іске асыруға берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау есебінен төмендетілген мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру алады. Бұл жобалар технологиялық дамуға және өндірістің жаңа модельдерін қалыптастыруға, сондай-ақ экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге бағытталған. Кеңес отырысында аграрлық салаға қатысты бірқатар құжаттарға да түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістіктерін далалық апробациялау әдісіне өзгерістер енгізу туралы сөз болды. Бұдан бөлек, ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантинге жатқызылатын өнімдер мен объектілерге қойылатын Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Олар қызанақ, бұрыш және баклажан бейім келетін пепино мозаикасы вирусына қатысты карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды оңтайландыруға бағытталған.Елдегі карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету шартымен аталған өнімдерде осы вирустың болмауы туралы талапты алып тастау көзделіп отыр. Сондай-ақ ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға жататын карантинге қойылатын өнімдер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Бірыңғай талаптарда көзделген таңбасы болған жағдайда, ағаштан жасалған қаптама және бекіту материалдарына фитосанитариялық сертификатты міндетті түрде ресімдеу талабы жойылады.Бұл өзгерістер ЕАЭО елдерінің аумағында тиісті өнімдерді өндіру және саудалау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Кеңес отырысында Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне де өзгерістер қабылданды. Түзетулер 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді және тұтынушыларды өнім туралы дәйексіз ақпараттан қорғауға, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін ойыншықтардың айналымға шығарылуына жол бермеуді қарастырады.Тараптар сондай-ақ басқа да салалар мен Комиссияның қызметіне қатысты бірқатар өзге де рәсімдік мәселелерді талқылап, олар бойынша шешімдер қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1288962?lang=ru
Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» 11-саммитінде жаңа сауда дәліздерін дамыту жөніндегі өз көзқарасын таныстырды 10.09.2026
2026 жыл 9 қыркүйек, Гонконг. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев Гонконгте өткен «Бір белдеу, бір жол» 11-саммитіне қатысты. Саммит сауда, инвестиция және көлік байланысын дамыту мәселелері талқыланатын халықаралық маңызды алаңдардың бірі.Саммит аясында Сауда және интеграция министрі «Building Resilient Trade and Investment Frameworks in a Diverse Global Landscape» атты жоғары деңгейдегі Policy Dialogue сессиясында сөз сөйлеп, әлемдік экономиканың өзгеруі жағдайында тұрақты сауда және инвестициялық байланыстарды қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.Арман Шаккалиев «Бір белдеу, бір жол» бастамасының Қазақстан үшін тарихи маңызына ерекше тоқталды. 2013 жылы дәл Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Жібек жолының экономикалық белдеуін құру идеясын ұсынған болатын.Министрдің айтуынша, бүгінде бұл бастама дамудың жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Енді физикалық инфрақұрылыммен қатар цифрлық байланыс, трансшекаралық деректер алмасу және өзара үйлесімді цифрлық платформалардың маңызы артып келеді.2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 32,4 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,1%-ға өсті.Гонконгпен саудада да оң динамика байқалады. 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы 250,6 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге артты.Саммитте Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне де ерекше назар аударылды. Ел теміржол және автомобиль инфрақұрылымын, шекаралық өткізу бекеттерін, логистикалық орталықтарды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын – Орта дәлізді жүйелі түрде дамытып келеді.Қазір Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы өтетін теміржол жүк тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.Арман Шаккалиев атап өткендей, Қазақстанның мақсаты – транзит көлемін арттырумен ғана шектелмей, жаңа өндірістер мен инвестицияларға, сондай-ақ өңірлік жеткізу тізбектерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін толыққанды экономикалық дәліз құру.Осы ретте «қатты» және «жұмсақ» инфрақұрылымды қатар дамытуға басымдық беріліп отыр. Яғни көлік нысандарын дамыту цифрлық рәсімдерді енгізумен, стандарттарды үйлестірумен, кедендік және логистикалық процестерді жеңілдетумен қатар жүреді.Қазақстан сондай-ақ шетелдегі терминалдар желісін кеңейтіп, жүктерді рәсімдеу мен олардың қозғалысын бақылауды жеделдететін цифрлық шешімдерді енгізуде.Министр Гонконгпен ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті зор екенін атап өтті. Гонконг – әлемдегі жетекші қаржы және іскерлік орталықтардың бірі. Оның қаржылық тәжірибесін, Қазақстанның инвестициялық әлеуетін және Орталық Азияның өсіп келе жатқан нарығын біріктіру бірлескен жаңа жобаларды іске қосуға негіз бола алады.Жұмыс сапары аясында Арман Шаккалиев Гонконгтің Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен де кездесті.Тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтіп, Джон Лидің биыл маусым айында Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру мәселелерін талқылады.Гонконг әкімшілігінің басшысы Қазақстан басшылығына жылы лебізін жеткізіп, бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.Арман Шаккалиев Қазақстан мен Гонконгтің бірін-бірі толықтыратын артықшылықтары бар екенін атап өтті. Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды көлік-логистикалық буын ретіндегі орнын нығайтып келеді. Ал Гонконг қаржы, инвестиция, басқару және кәсіби сараптама салаларындағы мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.Кездесу барысында көлік және логистика, өнеркәсіп, тау-кен секторы, қаржы, цифрландыру және инвестиция салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қаралды.Министр Қазақстандағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтып, жаңа бағыттарды қалыптастыру тек транзит көлемін арттырумен шектелмеуі керектігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл үдеріс өнеркәсіптік кооперацияны дамытумен қатар жүруі тиіс.Қазақстан шетелдік серіктестердің қатысуымен жаңа өндірістер ашуға және өңірлік өндірістік-өткізу тізбектерін қалыптастыруға мүдделі.Өз кезегінде Джон Ли Гонконгтің нарықтарды байланыстыратын буын ғана емес, ірі жобаларды іске асыру кезінде инвесторларды, қаржы институттарын, технологиялық және кәсіби компанияларды біріктіретін кешенді серіктес бола алатынын атап өтті.Гонконг тарапы қазақстандық жобалар мен әлеуетті инвесторлар арасында тікелей байланыс орнатуға, оның ішінде тау-кен және өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін компанияларды тартуға дайын екенін білдірді.Кездесуде қаржылық ынтымақтастыққа да ерекше көңіл бөлінді. Тараптар Гонконг капиталын қазақстандық жобаларға тарту, қаржы институттарының өзара іс-қимылы, жаңа қаржы құралдарын дамыту және шикізат тауарлары саудасы саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Арман Шаккалиев «Қазақстан және Орталық Азия – Қытайдың құрлықтық бөлігі – Гонконг» форматындағы өзіндік үшжақты ынтымақтастықты дамытуды ұсынды. Бұл ретте Қазақстанның инфрақұрылымдық және ресурстық әлеуетін Қытайдың өндірістік мүмкіндіктерімен және Гонконгтің қаржылық әрі басқарушылық тәжірибесімен біріктіру көзделеді.Джон Ли бұл тәсілді қолдап, Қазақстанды Гонконг компанияларының Орталық Азия нарығына шығуы үшін ең перспективалы бағыттардың бірі ретінде атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша нақты жобаларды бірлесіп пысықтауды жалғастыру және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде ілгерілету туралы келісімге қол жеткізілді.Жұмыс сапарының қорытынды бөлімінде Арман Шаккалиев Гонконг пен Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі компанияларды бірлескен жобаларды іске асыру және Орталық Азия нарығына шығу үшін Қазақстанның мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырды.«Қазақстан серіктестікке ашық және бірлескен іс-қимылға дайын. Біздің міндетіміз – Еуразиядағы көлік байланысының артып келе жатқан мүмкіндіктерін жаңа өндірістерге, инвестицияларға және тұрақты сауда байланыстарына айналдыру», – деді Министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1288947?lang=ru
Алтынсарин ауданының шаруа қожалығы гектарынан 45 центнер өнім алып отыр 09.09.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Алтынсарин ауданына барды. Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Тұрғын үй бағдарламасының орындалуын, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді.Биыл Алтынсарин ауданында 260,2 мың га жерге егін егілді. Оның ішінде 112,7 мың га дәнді дақыл жиналды, бұл – 71,9%.«Снегирёв Ю.А.» шаруа қожалығы жыл сайын дәнді дақылдардан мол өнім алып келеді. Биыл минералды тыңайтқыштар қолданылған алқаптардан орта есеппен 45 ц/га өнім жинады. Ал Лариса Стороженко басқаратын «Айдала» ЖШС де жақсы нәтиже көрсетіп, биыл 30 ц/га өнім алды.Мемлекет басшысы: «Қолжетімді баспана – бұл арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деп атап өтті. Өткен жылы Алтынсарин ауданында 46 пәтер салынды. Биыл жалпы аумағы 3 840 шаршы метр болатын 32 үй салынады.Оның ішінде:- Обаган ауылында – 15 үй немесе 30 пәтер, жалпы аумағы 1 800 шаршы метр;- Большая Чураковка ауылында – 15 үй немесе 30 пәтер, жалпы аумағы 1 800 шаршы метр;- Силантьев ауылында – 2 үй немесе 4 пәтер, жалпы аумағы 240 шаршы метр.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жайлау» сауықтыру-ойын-сауық кешенінің иесі өз қаражатына инфрақұрылымды жаңартып, демалушыларға барынша қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлген. Жобаға 156 млн теңге инвестиция салынды.«Таза Қазақстан» – бұл тек тазалық сақтау мен аумақтарды жинастыру ғана емес. Ең бастысы – елді мекендерді абаттандырып, халыққа қолайлы жағдай жасау», – деді Құмар Ақсақалов.Аймақ басшысы аудан халқымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1288698?lang=ru
Алматыда ескі базар 7300 шаршы метрлі сауда үйіне айналды 09.09.2026
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Алматы қаласының халқы мен және бизнес өкілдерімен кездесіп, тұрғындарды жеке қабылдады. Вице-министр халық алдында есеп беріп, сауда саласында атқарылған жұмыстарған тоқталды.Биылғы жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласының ішкі саудасындағы тауар айналымының көлемі 12,3 трлн теңгені құрады. Саудадағы нақты көлем индексі 105,3%-ға жетіп, 103,9% деңгейіндегі жоспарлы көрсеткіштен асты. Алматы елдің ішкі саудасында 34% үлеске ие. Осылай елде сауда көрсеткіші бойынша бірінші орында. .2026 жылдың қаңтар–маусым айларында бөлшек сауда көлемі 3,6 трлн теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,6%-ды көрсетті. Бөлшек сауданың өңірдің жалпы сауда көлеміндегі үлесі 29,5%-ды құрайды.2026 жылдың алғашқы алты айында көтерме сауда көлемі 8,6 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 106,1%-ды құрады. Көтерме сауданың өңірдің жалпы сауда көлеміндегі үлесі 69,9%-ды құрайды.Сонымен қатар сауда саласындағы инвестициялық белсенділік артып келеді. 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында сауда саласына тартылған инвестиция көлемі 161,8 млрд теңгені құрады.Өңірдің сауда инфрақұрылымында 37 сауда базары жұмыс істейді, оның 31-і әмбебап, 6-ы мамандандырылған. Сондай-ақ 12 сауда желісі жұмыс істейді, оның ішінде 7 ірі сауда желісі бар: Magnum, Small, MyMart, Toimart, Metro, Interfood және Galmart.Бұдан бөлек, өңірде 4 457 «үй жанындағы» дүкен, 21 сауда-ойын-сауық орталығы, 29 сауда орталығы және 42 сауда үйі жұмыс істеп тұр.Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков қаладағы сауда базарларын модернизациялау жол картасына сай жаңғыртудан өткен сауда нысанына барды. Осыған дейін көп контейнерлі «Тиграухада» базары, толық жаңғыртудан өтіп, «Abai Plaza» сауда үйіне айналған.«4,5 млрд жеке инвестицияға базарымызды жаңғыртып, қазір оны 7300 шаршы метр сауда орталығына айналдырдық. Сауда үйімізде қазір 55 жалға алушы бар. Олардың 80 пайызы бұрынғы жалға алушыларымыз», - деді Азамат Шағытов «Тиграхауд» ЖШС бас директоры.Артынша вице-министр 1948 жылдан бері жұмыс істеп тұрған 80 жылға жуық тарихы «Бахус» зауытының жұмысын көрді. 12 түрлі өнім шығаратын зауыт, тек ішкі нарықтың сұранысына емес, алыс-жақын көрші елдерге де сату тізбегін ретке келтірген. Қазір зауыттың өнімдері Ресей, Моңғолия, Тайланд, Өзбекстан сияқты елдерге экспортталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1288568?lang=ru
Қазақстан мен Үндістан 122 млн долларлық келісімдерге қол қойды 09.09.2026
Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегі бизнес-форумы нақты нәтижелермен қорытындыланды. Форум барысында жалпы құны 122 млн АҚШ долларын құрайтын екі негіздемелік келісімге қол қойылды.Солардың бірі Қазақстанда Sonalika/Solis тракторларын құрастыру мен өндірісін кезең-кезеңімен жергіліктендіруге бағытталған. Келісім «SP BKM» ЖШС мен International Tractors Limited компаниясы арасында жасалды. Жоба аясында тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, құрастыру, өндірісті жергіліктендіру, тарату және кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселелері қамтылады. Келісімнің құны – 120 млн АҚШ доллары.Тағы бір келісім «SP BKM» ЖШС мен Big Bang Boom Solutions Private Limited компаниясы арасында қорғаныс технологиялары, ішкі қауіпсіздік және қосарлы мақсаттағы шешімдер саласында жасалды. Тараптар Қазақстанда өзара тиімді жобаларды бірлесіп анықтап, бағалап, іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.Қазақстандық делегацияны Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков бастап барды. Сапар аясында ол Тамилнад штатының Сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды ілгерілету министрі Селви С. Киртанамен және International Tractors Limited компаниясының атқарушы директоры Рахул Митталмен кездесті.Бизнес-форумға Қазақстан тарапынан 110-нан астам өкіл қатысты. Олардың қатарында еліміздің әр өңірінен келген 65-ке жуық компания бар. Олар машина жасау, агроөнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, денсаулық сақтау, құрылыс, мұнай-газ, жеңіл өнеркәсіп, IT және логистика салаларын таныстырды.Кездесулердің негізгі мақсаты – қазақстандық және үндістандық компаниялар арасындағы тікелей байланысты күшейтіп, сауда көлемін арттыру, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске қосу.Форумда өңірлер арасындағы байланысты дамытуға да басымдық берілді. Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының өкілдері өз өңірлерінің экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, үндістандық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын жобаларын ұсынды.«Қазақстан Үндістанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Біздің қарым-қатынастарымыздың әлеуетін толық пайдалану үшін өңірлер мен бизнес өкілдерінің арасындағы байланысты күшейту қажет. Сондықтан Қазақстан өңірлері мен Үндістан штаттары арасындағы тікелей әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз», – деді Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков.Үндістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында екі ел арасындағы тауар айналымы 315,4 млн АҚШ долларын құрады.Қазақстан Үндістанға экспорт көлемін ұлғайтып, жеткізілетін тауар түрлерін көбейтуді көздеп отыр. Қазіргі таңда экспортты шамамен 313 млн АҚШ долларына арттыруға мүмкіндік беретін 95-ке жуық тауар позициясы анықталды. Олардың қатарында металлургия, химия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс және машина жасау өнімдері бар.Кездесулер барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық та талқыланды. Қазақстан Үндістан тауарларын өз аумағы арқылы Орталық Азия, Қытай және Еуропа нарықтарына жеткізуді кеңейтуге мүдделі.Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, маңызды минералдар, өнеркәсіптік кооперация, фармацевтика, цифрландыру, жасанды интеллект, IT және энергетика салалары бірлескен жобалар үшін перспективалы бағыттар ретінде қарастырылды.Қазақстан үндістандық инвестициялар мен технологияларды тартып, елде жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға және өнімдерді жергіліктендіруге мүдделі. Осы мақсатта үндістандық компанияларға Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарда өндіріс ашу мүмкіндіктері таныстырылды. Қазір еліміздің 14 өңірінде 17 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Олар инвесторларға дайын инфрақұрылыммен қатар, салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынады.Жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация Ченнайдағы бірқатар өнеркәсіптік және инновациялық кәсіпорындарға барды. Олардың қатарында жүк, жолаушылар, құрылыс, тау-кен және арнайы техникаға арналған автоматты трансмиссиялар өндіретін Allison Transmission India Private Limited және дәрі-дәрмек өндіру мен жеткізуге маманданған Caplin Point Laboratories Limited фармацевтикалық компаниясы бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1288477?lang=ru
«Отбасы банк» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының директоры тағайындалды 08.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Онда «Отбасы банк» акционерлік қоғамы басқармасы басшысының бұйрығымен банктің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры лауазымына тағайындалған Жайшаев Руслан Асылбекұлы таныстырылды.Бұған дейін филиалды басқарған Әділжан Рахымжанұлы Сәулебаевқа өңірде атқарған қызметі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.Руслан Жайшаев 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетінде «Банк ісі», «Мирас» университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесін иеленген.Еңбек жолын 2003 жылы банк саласында қашықтан қызмет көрсету бөлімінің менеджері ретінде бастаған. 2006-2010 жылдары «Банк ЦентрКредит», «Қазкоммерцбанк», «Цеснабанк» акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалдарында, 2010-2016 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы және Жамбыл облыстық филиалдарында түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2016-2017 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры, 2017-2020 жылдары «Отбасы банк» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық және Шымкент қалалық филиалдары директорының орынбасары болған.2020 жылдан осы уақытқа дейін «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1287728?lang=ru
Өскеменде қияр бағасы екі есе арзандады 08.09.2026
Өскеменде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жалпы алғанда тұрақты деңгейде қалып отыр. Ал жекелеген өнімдер бойынша баға айтарлықтай төмендеген. Мәселен, қалада қияр бағасы 51%-ға түсіп, жыл басындағы деңгейден екі есе арзандады. Қызанақ та 45%-ға арзандаған.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы баға өзгерістеріне талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Өскемендегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға индексі 101,0%-ды құрады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен (101,4%) төмен.Бағаның төмендеуі әсіресе көкөніс өнімдерінен байқалады. Қияр мен қызанақтан бөлек, ақталған күріштің бағасы да жыл басынан бері 6,7%-ға төмендеген. Ал бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанының бағасы қаңтардағы деңгейде сақталып, индексі 100,0% болды.Сүйекті сиыр етінің құны жыл басынан бері іс жүзінде өзгерген жоқ, ол 100,7% деңгейінде бекітілді (өсім небәрі 0,7%). Тауық етінің бағасы да тұрақты — индекс 100,2%.Сонымен бірге жаңа өнімге көшу кезеңіне байланысты бірқатар көкөніс түрлерінің бағасында маусымдық өсім байқалады. Сәбіз 57,4%-ға, пияз 51,4%-ға, картоп 30,9%-ға қымбаттаған. Қой етінің бағасы 19,5%-ға, тартылған ет 9,1%-ға өскен. Сары майдың бағасы 3,2%-ға, қатты ірімшік 1,1%-ға артқан.Маусымдық өзгерістердің нарыққа әсерін азайту үшін өңірде азық-түлік қорын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жергілікті фермерлерден картоп, пияз, қырыққабат және сәбіздің жаңа өнімін тікелей сатып алу арқылы тұрақтандыру қорын толықтыру көзделген. Жиналған өнім күзгі-қысқы кезеңде нарықты қажетті тауарлармен қамтамасыз етіп, бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін пайдаланылады.Тұрғындардың өнімді делдалсыз әрі қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік беру үшін фермерлік жәрмеңкелер де тұрақты ұйымдастырылып келеді. Мұнда тауарлар дүкендердегі бағамен салыстырғанда 15–20%-ға төмен бағада ұсынылады. Жыл басынан бері облыста 421 жәрмеңке өткізілді.Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін сауда орындарындағы бақылау да күшейтілген. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15%-дық шекті сауда үстемесінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бақылау нәтижесінде талаптарды бұзған кәсіпкерлерге қатысты 75 әкімшілік шара қолданылды.Бұдан бөлек, өңірлік комиссияның жұмысы нәтижесінде тауар жеткізу тізбегінен 10-нан астам өнімсіз делдал шығарылды. Бұл өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы негізсіз үстемелерді қысқартуға және өнімнің түпкі бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1287431?lang=ru
Сүйінші хабар! 08.09.2026
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыс қашықтық – 300 шақырымдық жорықта Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жүйріктер командасы сапындағы жерлесіміз Есен Ахметті арнайы құттықтады.«Шабандоздар бірнеше күн аса төзімділік пен табандылықтың арқасында жоғары нәтиже көрсетті. талап ететін сайыс. Бұл жеңіс еліміздің мерейін асқақтатқан зор жетістік. Жеңісті жорық жалғасын тауып, көк байрағымыз биікте желбірей берсін!», – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.Құмар Ақсақалов шабандоздар мен бапкерлерге зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1287324?lang=ru
Алмас Жұмағали – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері! 08.09.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз күресінен +100 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болған жерлесіміз Алмас Жұмағалиді жоғары жетістігімен құттықтады.Алмас Жұмағали – ұлттық спортымызды дамытуға өз үлесін қосып, бозкілемде талай мәрте жеңіске жетіп жүрген балуан. «Қазақстан барысы» республикалық турниріне бірнеше рет қатысып, Қостанай облысының намысын қорғап келеді.«Бұл жолғы халықаралық аренадағы жүлде – спортшының табандылығы мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ бапкерлерінің, жерлестердің қолдауы және сенімінің жемісі. Алмасқа алдағы жарыстарда толағай табыс пен жеңістер тілеймін!», – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1287318?lang=ru
«Roca group» компаниясының өндірістік жобалары талқыланды 03.09.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының басшысы Даниэль Эрнандеспен кездесті. Кездесуде санитарлық-техникалық бұйымдар зауытын салу және компанияның өндірістік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Биыл тамыз айында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың облысқа жұмыс сапары кезінде жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін іске қосу жоспарланғаны айтылған болатын. Қазіргі таңда құрастыру цехын орналастыру үшін «Панабек» және «Көлік құрылыс компаниясы» серіктестіктерінің өндірістік ғимараттары ұсынылды.Сонымен қатар «Панабек» серіктестігі санитарлық-техникалық бұйымдарды өндіруге қажетті металл инсталляцияларын әзірлеп, компания өкілдеріне таныстырды. Өнім сапасы «Roca Group» компаниясының талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті кәсіпкерлермен өзара тиімді әріптестік орнату мүмкіндігі қарастырылады. Жоба аясында жергілікті қамтуды арттыруға және компания өнімдерін өңірдегі құрылыс нысандарында пайдалануға басымдық беріледі.Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарға, Президент саябағы аумағындағы бес және үш жұлдызды қонақүйлерге осы бұйымдар қолданылады.Облыс әкімдігі өңірдегі инвестициялық жобаларға және компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1285124?lang=ru
Төмендету коэффициентін қолдануды қайта қарау ұсынылды 02.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Aksa Energy Qyzylorda» серіктестігіне төмендету коэффициентін қолдану мәселесі талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында 240 МВт электр және 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу-электр орталығы салынды. Жобаға 215 млрд теңге инвестиция тартылып, нысан биыл толық пайдалануға берілді.Мамыр айында станцияда аттестаттау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 255 МВт электр қуаты расталды. Маусымның 23-інде «KEGOC» АҚ-ның 220 кВ электр желісіндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары барысында апатқа қарсы автоматика жүйесі іске қосылып, бу турбинасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта турбина дайындаушы зауытқа жіберіліп, қалпына келтірілуде.Осыған байланысты Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы тарапынан төмендету коэффициенті қолданылуда. Соңғы үш айда аталған төлемдер бойынша шамамен 1,8 млрд теңге көлеміндегі айырма қалыптасты.Технологиялық бұзушылық сыртқы факторлардың әсерінен орын алған. Осыған байланысты «Aksa Energy» жобасына төмендету коэффициентін қолдану мәселесін қайта қарау, сыртқы факторлардың әсерінен бұзушылық болған жағдайда осы коэффициентті қолдану тәртібін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру ұсынылды.Бұл шаралар энергетикалық нысанның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, инвестициялық жобаларды қолдау тетіктерін жетілдіруге және өңірдегі инвестициялық ахуалды қолайлы ете түсуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1284517?lang=ru
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы 72,6 млрд долларға жетті 02.09.2026
2025 жылы Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттермен тауар айналымы 72,6 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 67,7 млрд доллар болған.Қазақстанның ШЫҰ елдеріне экспорты 30,7 млрд долларды, ал импорт көлемі 41,8 млрд долларды құрады.Қазақстанның ШЫҰ елдерімен саудасындағы негізгі серіктестері – Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан. 2025 жылы Қытаймен тауар айналымы 34,2 млрд доллар, Ресеймен 27,4 млрд доллар, Өзбекстанмен 4,8 млрд доллар және Қырғызстанмен 2,2 млрд доллар болды.Қазақстаннан ШЫҰ елдеріне экспортталған негізгі тауарлардың қатарында уран, мыс кендері мен концентраттары, шикі мұнай, мыс және мыс катодтары, табиғи газ, бидай және ферроқорытпалар бар.2025 жылы бірқатар ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты өсті. Атап айтқанда, жануарларға арналған азық өнімдерінің экспорты 2,5 есеге артып, 614,9 млн долларға жетті. Күнбағыс майының экспорты 62,4%-ға өсіп, 633,7 млн долларды құрады. Бидай экспорты 17,1%-ға артып, 1,13 млрд долларға жетті. Арпа экспорты 22%-ға, бидай ұны 11,8%-ға, зығыр тұқымы 72,9%-ға өсті.ШЫҰ елдерінен Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлардың қатарында жеңіл автомобильдер, автомобиль кузовтары, табиғи газ, мұнай өнімдері, алтын, есептеу машиналары және автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер бар.Қазақстанның экспортында уран, мыс кені мен концентраттары, мұнай, мыс, табиғи газ және бидай негізгі позицияларды сақтап отыр. Сонымен қатар күнбағыс майы, жануарларға арналған азық, ұн, арпа және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша экспорт көлемінің өсуі қазақстандық өнімге сыртқы нарықтардағы сұраныстың бар екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1284124?lang=ru
Қостанайда еліміздегі ең ірі жабық аквапарк ашылды 01.09.2026
Мемлекет басшысы жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, заманауи инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың сапалы демалысын қамтамасыз етуге үнемі назар аударып келеді.Бүгін Қостанайда еліміздегі ең ірі жабық аквапарк ашылды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов заманауи кешеннің ашылуы – тұрғындардың отбасымен бірге демалып, уақытын қызықты өткізуге жасалған игі қадам екенін айтты.Аквапарктің жалпы аумағы екі есеге жуық ұлғайып, 9 мың шаршы метрден асты, ал су айдынының көлемі үш еседен астам артып, 1 мың шаршы метрден асты.Мұнда бір уақытта 500 адамға дейін демала алады. Аквапаркте бес бассейн, жеті су сырғанағы, оның ішінде үлкен сырғанақ, балалар аймағы, толқынды бассейн, джакузи және фуд-корт бар.«Аймағымызда спорттық және қоғамдық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Соңғы 3 жылда 30-дан астам спорт нысаны ашылды. Қостанайда Үстел теннисі орталығының және Триатлон-парктегі көпфункционалды стадионның құрылысы аяқталуға жақын. «Астана» шағын ауданында Спорт сарайы, «Береке» шағын ауданында және Триатлон-парк маңында 2 фитнес-орталық салынады. Жекпе-жек сарайы мен ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған спорт кешенін салу жоспарланған», – деді аймақ басшысы.2022 жылдан бері 21 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жыл сайын 1 млн-нан астам гүл егіледі. Өткен жылы 5 саябақ пен сквер ашылды.Қала маңында экопарк құрылуда. «Береке» шағын ауданында жаңа саябақ салу жоспарда. Көркемсурет галереясы, жаңа сауда-ойын-сауық және қонақүй кешендері бой көтереді. «Мұндай орындар көбірек болуы керек. Мұның барлығы тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Басты мақсат – жастардың Қостанайда қалып, еңбек етіп, отбасын құрып, болашағын осы жерде көруіне жағдай жасау», – деді Қостанай облысының әкімі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1283947?lang=ru
Қазақстанда азық-түлік инфляциясы 13,5%-дан 9,5%-ға дейін төмендеді 01.09.2026
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы тамызда Қазақстандағы айлық инфляция шілде айындағы деңгейде қалып, 0,6%-ды құрады. Бұл ретте жыл басынан бері алғаш рет азық-түлік бағасы төмендеді. Айлық дефляция 0,1%-ды құрады.Инфляцияның баяулауына Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет жүзеге асырып жатқан бағаны тұрақтандыру және ішкі нарықты жеткілікті көлемде тауармен қамтамасыз ету шаралары ықпал етуде.Тамыз айында бағаның төмендеуі негізінен маусымдық жеміс-көкөніс өнімдеріне қатысты болды. Бір айдың ішінде азық-түлік тауарларының 46 позициясы бойынша баға төмендеді. Арзандау негізгі тауар топтарының басым бөлігінде байқалды. Атап айтқанда, көкөністер мен бақша өнімдері, жемістер мен жидектер, ет және балық өнімдері, сүт өнімдері мен балалар тағамы, бакалея және қайта өңделген өнімдер, кондитерлік өнімдер, дайын тағамдар мен сусындар арзандады.Бағасы ең көп төмендеген өнім – баялды. Оның бағасы 15,4%-ға түсті. Картоп 12,3%-ға, тәтті бұрыш 11,9%-ға, қырыққабат 9,7%-ға, жүзім 8,0%-ға, пияз 7,7%-ға, киви 7,3%-ға және кәді 6,6%-ға арзандады. Сонымен қатар алма, сәбіз, лимон, қызылша, саңырауқұлақ, алмұрт және қияр бағасы да төмендеді.Жылдық көрсеткіш бойынша да оң динамика сақталып отыр. Азық-түлік инфляциясы 2025 жылғы желтоқсандағы 13,5%-дан 2026 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша 9,5%-ға дейін төмендеді.Бір жыл ішінде баялды бағасы 46,8%-ға, кәді 40,0%-ға, қияр 39,9%-ға, қызылша 13,8%-ға, қызанақ 13,6%-ға және алма 10,6%-ға арзандады. Сондай-ақ сарымсақ, мандарин, қырыққабат, банан, күріш, апельсин, гүлді қырыққабат және брокколи бағасы да төмендеді.Үкімет азық-түліктің түпкілікті бағасына әсер ететін факторларды азайту бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Өңірлерде азық-түлік нарықтарына зерттеу жүргізіліп, тауарлардың жеткізу тізбегі мен жалдау шарттары талдануда. Бұл ретте артық делдалдарды анықтауға ерекше көңіл бөлінуде.Көлік шығындарын азайту мақсатында азық-түлік өнімдерін теміржол арқылы тасымалдауға жеңілдікті тариф енгізілген. Бүгінде бұл мүмкіндікті 50-ден астам компания пайдаланды. Жалпы 38 мың тонна өнім тасымалданды.Отандық өндірушілерді қолдау бойынша да жұмыс жалғасуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін электр энергиясының тарифін 20%-ға төмендету қарастырылған. Бұл қолдау өндірушілердің өз өнімдерінің босату бағаларын ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелер қабылдауы жағдайында көрсетіледі.Тұрақтандыру қорларының жұмыс істеу тетігі де қайта қаралуда. Енді негізгі назар сатып алынған өнім көлемі мен бөлінген қаражаттың игерілуіне емес, қабылданған шаралардың өнімнің түпкілікті бағасына нақты әсеріне аударылады. Тұрақтандыру тетіктері әр тауар мен өңірдегі нақты жағдайды ескере отырып, нысаналы түрде қолданылатын болады.Сонымен қатар өнімдердің қозғалысына және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуына бақылау күшейтіледі.Сауда үстемелерінің белгіленген мөлшерін сақтау мәселесіне де ерекше назар аударылуда. 2026 жылдың 27 тамызындағы жағдай бойынша Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық департаменттері белгіленген 15%-дық сауда үстемесін асырғаны үшін 76 млн теңгеден астам сомаға 3 096 әкімшілік қаулы шығарды. Салыстыру үшін, 2025 жылдың бүкіл кезеңінде 2 913 қаулы шығарылған болатын. Осылайша, биылғы көрсеткіш өткен жылдағыдан 183 жағдайға немесе 6,3%-ға жоғары.Жыл басынан бері 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкелерде фермерлер өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға ұсынады. Жыл соңына дейін тағы шамамен 4 мың жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1283813?lang=ru
ЗАМАНАУИ ЭСКАЛАТОРЛАР МЕН ЛИФТЕР: ҚОСТАНАЙДА ТОЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ АШЫЛДЫ 31.08.2026
Қостанай облысы – пайдалануға берілген теміржол вокзалдарының саны бойынша республикада үздік үштікке кірдіҚостанай қаласында 50 жылдан астам тарихы бар теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Вокзал заманауи келбетке ие болып, инфрақұрылымы жаңартылды. Бүгін жаңартылған вокзал кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.«Қостанай облысы Мемлекет басшысының бүкіл ел бойынша теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын толық орындады. Жыл басынан бері облыста Аманқарағай, Құшмұрын, Железорудная, Арқалық және Тобыл станцияларындағы вокзалдар күрделі жөндеуден кейін қайта жұмысын бастады. Ал соңғы кезеңде Қостанай қаласындағы басты теміржол вокзалы жаңғыртылды», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.Қостанай қаласының теміржол вокзалы – қаланың көлік инфрақұрылымындағы негізгі нысандардың бірі. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 1,2 мың адамнан 2 мың адамға дейін артты. Вокзал Қостанайды облыстың ішкі аудандарымен, сондай-ақ республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік және батыс бағыттарымен теміржол қатынасымен қамтамасыз етеді.Қостанайдың теміржол қатынасының тарихы ғасырдан асады. Қолданыстағы үш қабатты вокзал ғимараты 1974 жылы салынған.Бүгінде, жарты ғасырдан астам уақыт өткен соң, вокзал жолаушылар инфрақұрылымының қауіпсіздігіне, жайлылығына және қолжетімділігіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, толық жаңартылды.Қайта жаңғырту барысында ғимараттың аумағы 7,3 мыңнан 8,5 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылды, яғни 1,1 мың шаршы метрге артты. Жоба аясында инженерлік жүйелер толық жаңғыртылып, заманауи жолаушылар эскалаторлары мен лифтер орнатылды.Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов атап өткендей, Қостанай облысы аяқталған және пайдалануға берілген теміржол вокзалдарының саны бойынша республикадағы үздік үштікке кіріп отыр.«Сонымен қатар жаңа теміржол желілері салынуда, желінің өткізу қабілеті арттырылып, жолаушылар жылжымалы құрамы жаңартылуда және заманауи цифрлық технологиялар енгізілуде. Бұл жобалардың барлығы теміржол көлігін азаматтар үшін одан әрі қауіпсіз, жайлы әрі қолжетімді етуге бағытталған», – деді Ж. Тайжанов.Вокзалға іргелес аумақты абаттандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Облыстық бюджет қаражаты есебінен вокзал алдындағы алаңға жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар барысында заманауи құрылыс материалдары, технологиялар мен жабдықтар пайдаланылды, олардың едәуір бөлігі Қазақстанда өндірілген.Осылайша, толық жаңартылған вокзал кешені – вокзал ғимараты мен вокзал алдындағы аумақ – қала мен облыстың заманауи көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналып, жолаушыларға қызмет көрсетудің неғұрлым жайлы, қауіпсіз және қолжетімді жағдайларын қамтамасыз етеді.Жобаны іске асыру Қостанай облысы әкімдігінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның, сондай-ақ жобалаушылардың, құрылысшылардың және техникалық мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесі болды.Жаңартылған вокзал Қостанай қаласының маңызды көлік тораптарының бірі ретіндегі өз қызметін жалғастырып, жолаушыларға жайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және өзінің ғасырдан астам тарихы арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1283219?lang=ru
Тамыз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының төмендеуімен аяқталды 31.08.2026
Соңғы аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) индексі 100,0%-ды құрады. Тамыз айының басынан бері бағалар 0,2%-ға төмендеді. Жыл басынан бері индекс 101,4%-ды құрады, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 107,9% болған.Осылайша, жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсуі ең төмен деңгейде қалып отыр және өткен жылғы көрсеткіштен 5 еседен астам төмен.Қазіргі оң динамикаға жаңа өнімнің маусымдық түсуі ықпал етуде. Көкөніс өнімдері бағасының төмендеуі жалпы индексті тұрақтандырып, жекелеген тауарлар бойынша бағаның өсуін өтеуге мүмкіндік беріп отыр.ӘМАТ бойынша оң динамика азық-түлік инфляциясынан да көрінеді. Жылдық мәнде оның деңгейі өткен жылғы желтоқсандағы 13,5%-дан шілде қорытындысы бойынша 10,1%-ға дейін төмендеді.Бұл ретте жұмыс маусымдық шаралармен ғана шектелмейді. Негізгі назар өнімдердің түпкілікті құнына тікелей әсер ететін факторларға: делдалдарға, нарықтарға, көлік шығындарына және өндірушілердің босату бағаларына аударылды.Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің тапсырмасы бойынша өңірлерде азық-түлік нарықтарына зерттеу жүргізілуде. Жеткізу тізбектері, жалдау шарттары және түпкілікті бағаның қалыптасуы талданады. Артық делдалдарды анықтауға ерекше назар аударылуда.Көлік шығындарын төмендету мақсатында азық-түлік өнімдерін теміржол арқылы тасымалдауға жеңілдікті тариф қолданылады. Бүгінгі таңда оны 50-ден астам компания пайдаланды, 38 мың тонна өнім тасымалданды.Отандық өндірушілермен жұмыс жалғасуда. ӘМАТ өндірушілері үшін электр энергиясына тарифті 20%-ға төмендету көзделген. Қолдау босату бағаларын ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелер қабылданған жағдайда көрсетіледі.Сонымен қатар тұрақтандыру қорларының жұмыс істеу тетігі қайта қаралуда. Тәсіл өнімді жай ғана сатып алуға және бөлінген қаражатты игеруге емес, нақты нәтижені – оның бағаға әсерін бағалауға бағытталатын болады.Осы мақсатта тұрақтандыру тетіктері нақты тауар мен өңірдегі жағдайға қарай нысаналы түрде қолданылатын болады. Сондай-ақ өнім қозғалысының қадағалануын және СПК арқылы бағытталатын қаражаттың тиімділігіне бақылауды күшейту жоспарлануда.Жыл соңына дейінгі жұмыс қол жеткізілген оң динамиканы сақтауға, азық-түлік өнімдерінің жеткілікті көлемін қамтамасыз етуге және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1282616?lang=ru
Құмар Ақсақалов: «Қостанай облысының тағы бір ерекшелігі – саябақтар мен скверлерінің көптігінде» 28.08.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов өңірдің қайраткерлерімен, қоғам белсенділерімен, кәсіпкерлерімен бірге Қостанайдағы Триатлон-парк пен қала маңындағы экопарктегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Мемлекет басшысы жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, заманауи инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың сапалы демалысын қамтамасыз етуге үнемі назар аударып келеді.Қостанайда Орталық саябақ, «Жеңіс» саябағы, «Ұлы дала» паркі, Триатлон-парк және бұрынғы Ауыл шаруашылығы институтының аумағында саябақтар салынды. Былтыр теміржол вокзалы маңында, Дулатов және Арыстанбеков көшелерінде, Қасымханов пен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Қонай шағын ауданында саябақтар ашылды.Аумағы 39 гектарды құрайтын Триатлон-парк қала тұрғындары арасында ең сұранысқа ие қоғамдық кеңістіктердің біріне айналды. Оның аумағында 16 спорттық және балалар алаңы жабдықталып, 38 кәсіби жаттығу құралы орнатылды. Қазіргі уақытта әкімшілік-тұрмыстық кешім ғимаратын, субұрқақты және кіреберіс тобын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратында 8 бөлме қарастырылған. Мұнда кафе орналастыру, гүлдер, кәдесыйлар, спорттық киімдер мен құрал-жабдықтар сату, сондай-ақ спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру және сату жоспарлануда. Сонымен қатар кофе, сусындар және балмұздақ сататын орындар жұмыс істейтін болады. Бұдан бөлек, ғимаратта учаскелік полиция пункті, оның ішінде жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға арналған қоғамдық дәретханалар қарастырылады. Аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, субұрқақ орнатылды, ғимараттың қасбетіне жарықтандыру жүйесі қойылды.Тобыл өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. «Шағала» жағажайын Триатлон-паркпен байланыстыратын бірыңғай жағалау аймағы құрылып, қала тұрғындары арасында ең танымал жағажай аумағы кеңейтіліп, жаңартылды. Ал жаяу жүргіншілерге арналған серуендеу аймағы 1 шақырымнан 2,5 шақырымға дейін ұлғайтылды.Қалаға жаңа инвесторлардың келуі және іскерлік белсенділіктің артуы заманауи қонақүй инфрақұрылымына деген қажеттілікті арттыруда. Қостанайда әлемге танымал екі қонақүй кешенінің құрылысы басталды. Олар – «Мэрриот» және «Новотель». Сондай-ақ, 150 нөмірге арналған «Холидей Инн» қонақүй кешенін салу жоспарланып отыр. Кешен құрамында конференц-зал және тамақтану аймағы болады. 140 жұмыс орны ашылады.Қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін тағы бір нысан – «Инвиктус» фитнес-клубы. Заманауи фитнес-клубтың құрылысы – спорт инфрақұрылымының жаңа нысанын ашумен ғана шектелмейді. Бұл – белсенді демалысқа, спортпен шұғылдануға және бос уақытты мазмұнды өткізуге арналған қосымша орын құру. 40 жұмыс орны ашылды. Мұнда премиум санаттағы заманауи жабдықтар орнатылады. Бір мезгілде 300 адамға дейін жаттығуға мүмкіндік болады.Қостанай облысының тағы бір ерекшелігі – саябақтар мен скверлерінің көптігінде екенін айтқан аймақ басшысы Ел Президентінің ірі қалалар мен облыс орталықтарының қала маңындағы аумақтарында экопарктер құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қостанай қаласының агломерациясында 43,8 гектар аумақта экопарк құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мұнда көлік тұрақтары, жүгіру және велосипед жолдары, футбол және волейбол алаңдары, орындықтар мен күркелер, балалар ойын алаңдары қарастырылған. Сондай-ақ автотұрақ және «Астана» тұрғын үй шағын ауданынан өтетін жерасты жаяу жүргіншілер өткелі салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1282256?lang=ru