Enbekshi QazaQ

Ғылым

Қызылордада Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің капсуласы салынды 28.08.2026
Бүгін Қызылордада Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің капсуласын салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Шарада аймақ басшысы Сыр елінің бас шаһарының дамуына серпін беретін жобаларға тоқталды. Соның бірі – Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы. «Астана» шағын ауданы мен Президент саябағын жалғайтын, қаламыздың жаңа сәулеттік келбетін айшықтайтын маңызды инфрақұрылымдық жоба Нұрлыбек Машбекұлының бастамасы болатын.«Жаңа көпір құрылысын тәжірибесі мол «Әлем Құрылыс» компаниясы жүргізеді. Ұзындығы – 319,4 метр, ені – 12 метр, жалпы құны 13 млрд теңгеге жуықтайды. Ені 3 метр жаяу жүргіншілер жолы және көпір бойында әрқайсысының ені бір жарым метр болатын екі веложолақ салынады.Биыл Қызылорда қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 38 млрд. теңгенің 23 жобасы іске асырылуда, 71 көше күрделі жөндеуден, қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Мәселен, «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы оңтүстік магистралды канал арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы толық біткенде, көлік қатынасы реттеледі. Торайғыров көшесінен «Қызылорда-Құмкөл» автожолына дейінгі Сағымбаев көшесіндегі қайта жаңғырту жұмыстары да аяқталуға жақын. Осылайша, жаңа көпір мен жаңартылған Сағымбаев көшесі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі мен Астана қаласынан келетін жолды түйістіретін үлкен әрі заманауи қақпаға айналады.Бұдан бөлек, Назарбаев даңғылы мен негізгі көшелер қайта жаңғыртылды. Тасбөгет кентіндегі Иманов, Бозғұл-1, Наурыз, Есенов көшелері кеңейді. Бұл игіліктер Президентіміз бен Үкіметтің қолдауының арқасында жүзеге асуда. Баршаңыздың ел дамуы, тұрғындарымыздың жайлы тұрмысы мен өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолындағы өрелі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, құрылыстың капсуласы салынды.Бүгінде өңірді дамытудағы ілкімді істер жүйелі жүзеге асырылуда.Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Президент саябағы жаңа кейіпке енді. Осы аумаққа келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін автожол және автотұрақ салынды.Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары да қарқын алды. Дария жағалауына екі жолақты жаяу жүргінші және велосипед жолдары түсуде.Бұдан бөлек, жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «Aй-Керім» оқу-сауықтыру орталығы ашылып, жерлестеріміздің қуанышы еселенді. Лагерь жанынан Ботаникалық бақ пайдалануға берілді. Бақ жасыл желектің бірегей түрлері өсетін, экологиялық мәдениеттің, білім берудің және ішкі туризмнің дамуына қызмет ететін, аймақ тұрғындары мен қонақтары жиі бас қосатын орынға айналды.Саябақты жалғайтын тоғыз қабатты 15 тұрғын үй кешені жақын арада пайдалануға беріледі. Тұрғын үй кешенінің жанынан бес жұлдызды және «Ибис» қонақ үйлері, 200 орындық перинаталдық орталық бой көтеріп келеді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президенттік кітапхана мен драма театрдың іргетасы қаланып, құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1281980?lang=ru
Сауда министрлігі бензин сапасын тексеруді жалғастыруда: тексеру зауыттан АЖҚС-ға дейінгі барлық кезеңді қамтиды 27.08.2026
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі азаматтардан келіп түскен өтініштерге байланысты автомобиль бензинінің сапасына зертханалық зерттеуді жалғастыруда.ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар мұнай-химия зауытында тікелей алынған бензиннің арбитраждық сынамаларын өндірушіден тәуелсіз зертханаға тапсырды. Sinoil, QazaqOil және Helios қоспалары қосылған отын үлгілері де жеке зерттелуде. Зерттеу нәтижелері бір апта ішінде белгілі болады.Қазіргі уақытта азаматтардың 12 өтініші қаралуда: 9-ы – Астана қаласынан, 1-еуі – Павлодардан және 2-еуі – Солтүстік Қазақстан облысынан.Сонымен қатар, 17 жанармай құю станциясында бақылау сатып алуы жүргізілді: 5-еуі – Алматы қаласында, 5-еуі – Алматы облысында, 6-ауы – Абай облысында және 1-еуі – Жамбыл облысында. Қазіргі уақытта алынған үлгілерге зертханалық сынақ жүргізілуде.Осылайша, жүргізіліп жатқан тексеру отын сапасын өндіріс кезеңінде ғана емес, оны тұтынушыға сатуға дейінгі кейінгі айналым кезеңдерінде де бағалауға мүмкіндік береді.Тексеру аясында сынамалар бүкіл жеткізу тізбегі бойынша, оның ішінде мұнай базаларында да алынады. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттар, мемлекеттік стандарттар және сынақ зертханалары бар.Автомобиль бензинінің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, заңнамада көзделген шаралар қабылданады. Оның ішінде талаптарға сәйкес келмейтін жанар-жағармай материалдарын сатуға тыйым салу және айналымнан алып қою шаралары қарастырылған.Сауда және интеграция министрлігі жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелері туралы хабардар етіп отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1281142?lang=ru
Сауда базарларын жаңғырту талаптарын орындамаған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды 26.08.2026
Қонаев қаласындағы «Алға» сауда базарында жаңғырту жұмыстарының басталмауына байланысты Қонаев қаласы әкімдігінің ресми хаты негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.Тексеру нәтижесінде жергілікті Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан сауда базарындағы 7 сауда субъектісінен заң бұзушылықтар анықтады. Аталған субъектілерге анықталған заң бұзушылықтарды 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жою туралы нұсқамалар берілген.Қабылданған әкімшілік шаралармен келіспеген «Market Giant» ЖШС Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданды. Бір айға созылған сот процесінің қорытындысы бойынша серіктестіктің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, Департаменттің қаулысы өз күшінде қалды.Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес серіктестіктің сот шешіміне апелляциялық тәртіппен шағымдану құқығы бар.Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Алматы облысында 60 сауда базары тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 9-ында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, республика бойынша 588 сауда базары тіркелген. Оның ішінде 366-сы әмбебап сауда базары.Қазіргі уақытта 189 сауда базары жаңғыртудан өтті, тағы 67 нысандағы жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қалған 110 сауда базары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келеді.Сауда базарларын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2021 жылға дейін 84 базар, 2021 жылы 4, 2022 жылы 33, 2023 жылы 19, 2024 жылы 16, 2025 жылы 33 сауда базары жаңғыртылды.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бекіткен Жол картасына сәйкес, 2025 жылы 100 сауда базарын жаңғырту жоспарланған болатын.Алайда жекелеген нысандарда құрылыс және ұйымдастыру жұмыстарының аяқталмауына байланысты жобаларды іске асыру мерзімдері қайта қаралды. Базарларын жаңғыртуды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау белгіленді.Осыған байланысты өңірлерде жаңартылған Жол карталары бекітіліп, жергілікті атқарушы органдар мен бейінді мемлекеттік органдар тарапынан жобалардың іске асырылу барысына бақылау күшейтілді.Бүгінде 33 сауда базарында жаңғырту жұмыстары толық аяқталды, тағы 58 нысанда жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Барлық жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.Сауда базарларын жаңғырту сауда инфрақұрылымын жаңартуға, заманауи сауда стандарттарын енгізуге, санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын арттыруға, қолма-қол ақшасыз төлемдерді кеңейтуге, сондай-ақ кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1280681?lang=ru
Атырау облысында қауіпті электр-тұрмыстық аспаптарды сату фактісі анықталды 26.08.2026
Атырау облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің қызметкерлері электр техникасын сату кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.Атырау қаласы тұрғынының өтініші шеңберінде қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін аяқ пен арқаға арналған электр массажерлерін сатып алу фактісі бойынша «AMANAT GROUP» жеке кәсіпкерінің сатушысына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.Тексеру іс-шараларының нәтижесінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді сату фактісі анықталды. Атап айтқанда, өнімде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбалау және пайдалану құжаттары болмаған, сондай-ақ өнімнің ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» және ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» техникалық регламенттеріне сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған.Анықталған бұзушылықтар бойынша құқық бұзушы 843 375 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сонымен қатар, құқық бұзушыға талаптарға сәйкес келмейтін өнімді сатуға тыйым салу туралы нұсқама берілді.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген өнімнің нарықта айналымда болуының қажетті шарты оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі және осы сәйкестіктің белгіленген тәртіппен расталуы болып табылады.Сәйкестікті бағалаудан өтпеген, техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген өнімді айналымға шығаруға, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз немесе Техникалық реттеу тізілімінде не Еуразиялық экономикалық одақтың берілген немесе қабылданған сәйкестікті бағалау құжаттарының бірыңғай тізілімдерінде осындай құжаттардың бар екендігі туралы мәліметтер болмаған жағдайда өнімді айналымға шығаруға тыйым салынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1280682?lang=ru
2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды 25.08.2026
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Аймақ басшысы 7 айдың қорытындысымен облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өскенін, барлық салада оң динамика қалыптасқанын атап өтті. «Дегенмен, тау-кен өнеркәсібінің 80 пайызға жуық үлесін құрайтын шикі мұнай өндіру жыл сайын төмендеуде. Өнеркәсіп саласындағы көрсеткіштерді орындаудың қосымша тетіктерін қарастыруымыз қажет. Бұл ретте жауапты басқарма қала, аудан әкімдіктерімен, жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, тиісті шара қабылдаңыздар. Құрылыс саласы бойынша Үкімет жеті айға бекіткен жоспар артығымен орындалды. Биыл мемлекеттік бюджеттен 106,5 млрд. теңге бөлініп, 140 жобаның құрылысы жүргізілуде. Бюджет есебінен және бюджеттен тыс салынып жатқан нысандардың айлық, тоқсандық, жылдық есебін толық ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, көлік және қоймалау көрсеткіші 16,4 пайызға артты.Үкімет бұл салаға 107 пайыз деңгейіндегі меже қойды. Жауапты басқарма көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде 2027-2029 жылдарға арналған өңірдің даму болжамын бекітуіміз керек. Облыстық басқармалар, қала, аудан әкімдіктері, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына арналған жоспарды 1 қазанға дейін әзірлеп, бекітуге ұсыныңыздар.Жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті арттыруға бағытталуы тиіс», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. Биыл аймақтағы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5 млрд 500 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, №1 және 2 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісі мен 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандыққа, негізгі және қосалқы қондырғыларға жөндеу жүргізілуде. Ал 7 млрд. 600 млн теңге 460 шақырым электр желілері мен 134 қосалқы станцияны жөндеуге бағытталды. Облыстағы 1 074 әлеуметтік нысанның дайындығы 98 пайыз. «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жұмыспен қамту басқармаларына қарасты ғимараттар жылу беру маусымына толық дайын болуы тиіс. Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Қажетті көмірдің көлемі 80 мың тонна, тұрғындар үшін 68 мың тонна, ал әлеуметтік нысандар үшін 12 мың тонна керек. Жауапты басқарма, қала және аудан әкімдіктері, көмір қорын белгіленген мерзімде толық жасақтауды тапсырамын», – деді аймақ басшысы. Мәжілісте оқушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ермахан Адрамановтың айтуынша, облыстағы 962 білім беру ұйымы жол желісіне жақын орналасқан. Осыған байланысты білім беру ұйымдарының маңына заманауи талаптарға сай жол белгілері мен жол таңбаларын орнату ұсынылды. Сонымен қатар жаңа оқу жылының басталуына байланысты көлік ағынының артуы ескеріліп, қала орталығындағы көшелерге қосымша жол қозғалысын реттейтін құрылғылар қою жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1279620?lang=ru
Ұлытауда облысында делдалдық схемаларды тексеру бойынша 32 комиссия отырысы өтті 24.08.2026
2026 жылдың басынан бері Ұлытау облысы әкімінің өкіміне сәйкес құрылған комиссия аясында азық-түлік бағаларының қалыптасу тізбегіндегі делдалдық схемаларды тексеру бойынша 32 комиссия отырысы өткізілді.Комиссия отырыстарының қорытындылары, Сауда комитетінің электрондық шот-фактураларға жүргізген ай сайынғы талдауы және жергілікті атқарушы органдардың мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15 пайыздық шекті сауда үстемесін асыру фактілері анықталды.Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес 94 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік шаралар қолданылды.Оның ішінде 3 кәсіпкерге профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Қалған 91 кәсіпкерге жалпы сомасы 2 млн 465 мың 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 1 млн 232 мың 625 теңге өндірілді.Баға жапсырмаларын рәсімдеу талаптары да бақылаудаЖергілікті атқарушы органдардың мониторингі барысында сауда нысандарында тауарларды баға жапсырмаларымен тиісті түрде рәсімдемеген 52 кәсіпкер анықталды.Аталған кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 2 млн 971 мың 275 теңге көлемінде айыппұл салынып, қысқартылған тәртіппен 1 млн 485 мың 637,50 теңге өндірілді.Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы С. Жұманғарин 2023 жылғы 30 наурызда бекіткен Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасына Ұлытау облысынан «Мерей» және «Нарық» атты 2 сауда базары енгізілген.Аталған сауда базарларында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты бақылауда.Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілудеДепартамент тарапынан кәсіпкерлер арасында сауда саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.«Атамекен» ҰКП алаңында дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылып, кәсіпкерлердің сұрақтары бойынша тиісті түсіндірулер беріледі.Сонымен қатар, отандық өнімді қолдау мақсатында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін өткізуге және оларды сауда орындарында орналастыруға қатысты кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде баға мониторингі жүргізіледіӘлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс аумағында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.Жәрмеңкелерде «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының тауарлары және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің ет пен сүт өнімдері тікелей саудаланып, халыққа нарықтық бағадан төмен немесе қолжетімді бағамен ұсынылады.Департамент қызметкерлері жәрмеңкелер барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мен ассортиментіне тұрақты мониторинг жүргізіп, анықталған жағдайлар бойынша тиісті талдау жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1278982?lang=ru
Ақтөбе облысында Ірі супермаркет желісі ретробонустың белгіленген шекті мөлшерін асырған 24.08.2026
Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруға және сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген бақылау барысында ірі супермаркет желісінің ретробонус бойынша белгіленген шекті мөлшерді асырғаны анықталды.Анықталған заң бұзушылыққа байланысты аталған кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-3-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде оған 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.Сауда үстемесін асыру фактілері анықталдыСонымен қатар, 2026 жылдың басынан бері Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемелерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізуде.Бақылау шаралары барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асып кетудің бірқатар фактісі анықталды. Нәтижесінде 137-ден астам кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшерінен асып кету деңгейі 20%-дан 270,9%-ға дейін жеткенЗаң бұзушылықтар көбінесе картоп, пияз, сәбіз, күріш, күнбағыс майы және басқа да бірінші кезектегі қажетті тауарларды сату кезінде анықталды.Анықталған фактілер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабының 1-бөлігіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.Бақылау және түсіндіру жұмыстары жалғасудаАқтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жалғастырады.Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау, ретробонус бойынша талаптарды орындау және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Сұрақтар туындаған жағдайда немесе консультация алу үшін азаматтар Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 54-46-49, 54-81-20, 54-81-26 телефондары арқылы немесе Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 25 мекенжайы бойынша жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1278856?lang=ru
Тобыл станциясындағы вокзал күрделі жаңғыртудан кейін қайта ашылды 22.08.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда 125 теміржол вокзалын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жоба жолаушылар инфрақұрылымын жаңартуға, жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.Жаңартылған вокзалдың ашылу рәсіміне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов қатысты.«Қостанай облысында алты теміржол вокзалын — Қостанай, Арқалық, Тобыл, Железорудный, Аманқарағай және Құсмұрын станцияларындағы нысандарды кешенді реконструкциялау жоспарланған болатын. Бұған дейін жаңғыртудан кейін Аманқарағай, Құсмұрын, Рудный және Арқалық вокзалдары пайдалануға берілді. Ендігі кезекте кешенді жаңғыртудан Тобыл станциясының вокзалы өтті. Бұл жұмыс өңірдегі көлік инфрақұрылымын жүйелі дамытуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған», — деді облыс әкімінің орынбасары.Тобыл вокзалының тарихы 80 жылдан асады. 1942 жылы салынған ғимарат ондаған жыл бойы Қостанай облысының теміржол желісіндегі маңызды нысандардың бірі болып келеді.Жаңғырту аясында вокзалдың ішкі және сыртқы инфрақұрылымы толық жаңартылды. Нысанның жалпы ауданы 420,8 шаршы метрді құрайды. Жүргізілген жұмыстар жолаушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, ғимараттың энергия тиімділігін арттыруға және нысанды азаматтардың түрлі санаттары үшін қолжетімді етуге бағытталды.Тобыл станциясы екі жолаушылар платформасына қызмет көрсетеді. Мұнда тәулігіне орта есеппен 235 жолаушыға қызмет көрсетіліп, 13 жұп жолаушылар пойызы қатынайды. Негізгі бағыттар қатарында Семей – Маңғыстау, Нұрлы жол – Атырау, Нұрлы жол – Орал, Қостанай – Алматы, Ақтөбе – Нұрлы жол және Қостанай – Арқалық бағыттары бар. Сонымен қатар қала маңы және өңірлік жолаушылар қатынасы қамтамасыз етіледі.Жаңғырту жұмыстары барысында вокзал маңы аумағы да абаттандырылып, жолаушыларға, жергілікті тұрғындар мен өңір қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырылды.Тобыл станциясы вокзалының жаңаруы — Қостанай облысының көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы кезекті маңызды қадам. Бұл ретте басты назар жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, заманауи талаптарға сай жағдай жасауға аударылып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1278439?lang=ru
В Костанае открылся самый крупный в Казахстане крытый аквапарк 22.08.2026
В Костанае состоялся технический запуск самого большого крытого аквапарка в Казахстане. Новый объект становится частью формирующейся туристической инфраструктуры региона и, как ожидается, даст новый импульс развитию внутреннего туризма.В церемонии открытия принял участие аким Костанайской области Кумар Аксакалов. По его словам, новый объект должен стать частью современной городской среды и расширить возможности для отдыха жителей региона.«Глава Государства постоянно уделяет внимание формированию комфортной городской среды, развитию современной инфраструктуры и обеспечению качественного отдыха граждан. Наша задача - создать условия, чтобы жители от детей и молодежи до старшего поколения могли качественно проводить свободное время, не выезжая за пределы региона», - сказал Кумар Аксакалов.Площадь двухэтажного комплекса превышает 9 тыс. кв. м, одновременно он сможет принимать до 500 посетителей. Для региона с продолжительным холодным сезоном принципиально, что объект будет работать круглый год. Для посетителей аквапарк начнет работу с сентября 2026 года.В центре комплекса - водная зона с семью бассейнами общей площадью около 1,5 тыс. кв. м. Здесь предусмотрены волновой бассейн с искусственными волнами, детская зона, «Акватоник» и водные аттракционы.«Осьминог» станет не только местом семейного отдыха, но и новой городской достопримечательностью, способной привлечь в Костанай гостей со всей страны и ближнего зарубежья. Объект должен стать одной из особенностей туристического предложения областного центра.Вместе с развитием туристической инфраструктуры в Костанае последовательно формируется современная и комфортная городская среда. Новыми точками притяжения  становятся триатлон парк, центральный сквер, парк на территории университета А.Байтұрсынұлы, благоустраиваются парки и скверы, создаются аллеи, прогулочные, спортивные и рекреационные зоны.Параллельно в Костанае формируется современная гостиничная инфраструктура. В городе будут построены гостиничные комплексы международных брендов Marriott, Novotel и Holiday Inn. Как отмечал глава региона, рост деловой активности и приход новых инвесторов повышают спрос на современные места размещения. В совокупности такие проекты расширяют возможности для отдыха, общения и самореализации молодых людей, создавая в регионе более комфортную среду для жизни и работы.«Наряду с развитием экономики, запуском новых фабрик и заводов необходимо создавать условия для комфортной жизни людей и содержательного семейного отдыха. В Костанайской области должно быть больше уникальных объектов, интересных как для жителей, так и для гостей региона. Одним из таких мест станет наш самый крупный в стране крытый аквапарк», – отметил аким области.Открытие «Осьминога» в этом смысле выходит за рамки одного объекта. Он дополняет туристическое предложение Костанайской области и создает новый повод для поездки в регион, укрепляя роль областного центра как точки притяжения для туристов из разных регионов страны.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1278425?lang=ru
33 ЖЫЛДАН КЕЙІН АРҚАЛЫҚТА АУА ҚАТЫНАСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ 22.08.2026
2026 жылғы 22 тамызда 33 жылдық үзілістен кейін Арқалық пен Астана арасында қайтадан тұрақты әуе рейстері жолға қойылды. Бүгін Астана – Арқалық – Астана бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсі орындалды.Әуе қатынасын қайта жандандыру Арқалық әуежайын қалпына келтіру мен жаңғыртудың арқасында мүмкін болды. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүргізілді.Жобаның басты міндеті – Арқалық қаласы мен маңайдағы аудандардың тұрғындары үшін қолайлы әрі қолжетімді әуе қатынасын қамтамасыз ету.Әуежайда жаңа жолаушылар терминалы, апаттық-құтқару станциясы, арнайы техникаға арналған гараж, бақылау-өткізу пункті және диспетчерлік мұнара салынды. Сондай-ақ ұшу-қону жолағы, рульдеу жолы мен перрон реконструкцияланды.Әуежай авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын алды. Қазақстанның AIP (Авиациялық ақпарат жинағында) аспаптар бойынша қонуға кіру схемалары жарияланды.Бүгінгі таңда жаңадан салынған әуежай барлық сертификаттау процедураларынан өтті. 3 тамызда әуежай №8/26 авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын алды. 18 тамызда «Қазаэронавигация» РМК-дан аэронавигациялық қызмет көрсетуші ретінде №21 сертификат алынды. 21 тамызда АРД сериялы №KZ01VKC00000389 аэродромның жарамдылық сертификаты берілді.Қазіргі уақытта Арқалық әуежайы CRJ200 үлгісіндегі өңірлік жолаушылар әуе кемелерін қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге дайын. Арқалық пен маңайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін үш бағыт қолжетімді:Астана – Арқалық – Астана;Алматы – Арқалық – Алматы;Қостанай – Арқалық – Қостанай.Конкурс қорытындысы бойынша тасымалдаушы болып SCAT авиакомпаниясы белгіленді. Мемлекеттік субсидиялаудың арқасында Астана мен Қостанайға билет құны 10 мың теңгені, ал Алматыға 25 мың теңгені құрайды.Жаңа бағыт Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарының, сондай-ақ Ақмола облысы Жарқайың ауданының тұрғындары үшін көлік қатынасын жақсартады.80 мыңнан астам адам елдің басқа өңірлеріне, соның ішінде медициналық, білім беру және мемлекеттік қызметтерді алу үшін тезірек жету мүмкіндігіне ие болады.Сонымен қатар жаңа бағыт Торғай өңірінің бизнесін дамытуға, инвестициялар тартуға және экономикасының өсуіне қосымша мүмкіндіктер туғызады. Жоба шеңберінде 136 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.Әуе бағытының ашылуы Астана әуежайында, ұшақ бортында және Арқалыққа ұшып келгеннен кейін ұйымдастырылған театрландырылған-музыкалық перформанспен сүйемелденді.Арқалықта алғашқы рейстің жолаушыларын әуенмен, әнмен және шашу шашып қарсы алды.33 жылдан кейін тұрақты рейстердің қайта оралуы Арқалық пен бүкіл Торғай өңірі үшін маңызды оқиға болды. Енді тұрғындарда елдің ірі қалаларымен қолайлы әуе қатынасы, ал өңірде бизнесті дамыту мен инвестиция тартудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1278388?lang=ru
«Жүйе біртіндеп сала үшін жұмыс құралына айналуда»: Қоғамдық кеңес отырысында сауда мәселелері талқыланды 22.08.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Министр Арман Шаккалиев пен Кеңес төрағасы Руслан Шаекиннің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.Іс-шараға ҚР СИМ басшылық құрамы, Қаржы министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастықтың басшылары қатысты.«Үй жанындағы дүкен» форматына мемлекеттік қолдау көрсету мәселесін талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшесі Марлен Смаилов жеке кәсіпкерлікті қолдау шараларын көрсету қағидаларын жетілдіру мәселесін көтерді. Қолданыстағы қағидаларда халыққа қолжетімді жерде орналасқан жұмыс істеп тұрған сауда нүктелерін сатып алуға берілетін кредиттерді субсидиялау мүмкіндігі қарастырылмаған.Қоғамдық кеңес Қағидаларға жұмыс істеп тұрған «үй жанындағы» дүкендерді сатып алуға берілетін кредиттерді субсидиялау және кепілдендіру мүмкіндігін енгізуді, сондай-ақ кәсіпкерлерге бір жоба аясында инвестициялық кредитті айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитпен қатар пайдалануға рұқсат беруді ұсынды.«Сауда – отандық өндірісті дамытудың маңызды ынталандырушысы. Сауда саласында шамамен 1,5 млн адам жұмыспен қамтылғанын, ал саланың өзі ЖІӨ құрылымында екінші орында тұрғанын үнемі айтып келемін. Сондықтан мемлекеттік қолдау – саламызды одан әрі дамыту, оның тиімділігін арттыру және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудың маңызды құралы», – деп атап өтті Арман Шаккалиев.Цифрландыру және Ұлттық тауарлар каталогының жұмыс істеуі мәселелері бойынша Саудаға жәрдемдесу қауымдастығының өкілі Нұрлан Нұрмағамбетов бұрын әкелінген өнімдер бойынша шетелдік өндірушілер туралы мәліметтерді алу кезінде импорттаушылар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің тап болып отырған мәселелерін айтты.Бизнестің қаржылық шығындарын, азық-түлікке жатпайтын тауарлар ассортиментінің қысқаруын және шамадан тыс әкімшілік жүктемені болдырмау мақсатында Кеңес 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең енгізуді ұсынды. Бастама бұрын әкелінген тауарларды ҰТК-да жеңілдетілген тәртіппен тіркеуді, 2027 жылға дейін қалдық тауарларға қатысты айыппұл санкцияларын қолданбауды және импорттаушы туралы деректерді көрсету құқығын уақытша сақтауды көздейді.«Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде мемлекеттік органдардың жұмысында нақты практикалық нәтиже беріп жатқан мәселелер туралы жиі айта бермейтінімізді атап өткім келеді. Ұлттық тауарлар каталогын енгізу – осындай мысалдардың бірі. Қоғамдық тамақтану саласы үшін бұл жеткізушілермен жұмыс істеуде ашықтықты, қадағалануды және тәртіпті арттырып, бизнес үшін тәуекелдерді азайтады. Әрине, енгізу үшін уақыт пен пысықтау қажет. Дегенмен жүйенің біртіндеп сала үшін жұмыс құралына айналып келе жатқаны маңызды. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға және ҰТК-ны дамытуға қатысып отырған барлық азаматтарға алғыс айтқым келеді», – деді қоғамдық тамақтану саласының төрайымы Вероника Даугалиева.Талқылауға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Атамекен» ҰКП және ҚР СИМ Тауарларды цифрлық трансформациялау және таңбалау департаментінің басшылығы қатысты.Ағынды суларды есепке алуды метрологиялық қамтамасыз ету мәселесі бойынша «Қазақстандық тіркеу» ӨРҰ өкілі Василий Михальченко қысымсыз ортадағы өлшеулердің нақты әдістемелерінің болмауына байланысты туындайтын мәселелерге назар аударды. Бұл су пайдаланушылар мен су арнасы ұйымдары арасында қаржылық дауларға алып келеді.Нәтижесінде ҚР Су кодексінің нормаларын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамамен үйлестіруді, қысымсыз жүйелер үшін өлшеулерді орындау әдістемелерін (ӨӘ) әзірлеуді және сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану қағидаларын өзектендіруді қамтитын шаралар кешені әзірленді.Талқылауға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «ҚазОрталықТКШ» АҚ, Қазақстан су қауымдастығының өкілдері және ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Бауыржан Қасымов қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1278383?lang=ru
Қазақстандағы электронды сауда үш жылда 50%-дан астам өсті 20.08.2026
Қазақстанда электронды сауда қарқынды дамып келеді. Үш жыл ішінде нарық көлемі 2023 жылғы 2,4 трлн теңгеден 2025 жылы 3,7 трлн теңгеге дейін өсіп, 50%-дан астам өсімді көрсетті. Сонымен қатар бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі онлайн-сауданың үлесі 12,7%-дан 14,3%-ға дейін артты.Нарықтың негізгі драйвері - маркетплейстер. Бүгінде олардың үлесіне бөлшек электронды сауданың жалпы көлемінің 86%-ы тиесілі. Kaspi.kz, OZON, Wildberries, Halyk Market, Forte Market және басқа да платформалар сауданың жаңа форматын қалыптастырды. Енді сатып алушы қажетті тауарға бірнеше рет басу арқылы қол жеткізсе, кәсіпкер үшін бүкіл ел бойынша миллиондаған әлеуетті клиентке тікелей шығуға мүмкіндік пайда болды.Тұтынушылардың сатып алу дағдылары да айтарлықтай өзгеріп келеді. Бүгінде онлайн арқылы тек электроника немесе киім-кешек қана сатып алынбайды. 2025 жылы маркетплейстердегі барлық сатылымның 17,1%-ын телефондар мен гаджеттер, 12,4%-ын киім, аяқ киім және спорт тауарлары, 12,1%-ын үй мен саяжайға арналған тауарлар, 10,3%-ын тұрмыстық техника, ал 7,4%-ын азық-түлік құрады. Бұл электрондық сауданың қазақстандықтардың күнделікті тұтыну мәдениетінің бір бөлігіне айналып келе жатқанын көрсетеді.Сонымен қатар тауарларды жеткізу тәсілдері де өзгеріп жатыр. Бұған дейін сатып алушы тапсырысын бірнеше күн күтуге дайын болса, бүгінде жекелеген тауар санаттары бойынша экспресс-жеткізу бір сағаттан аз уақытты алады. Азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын жылдам жеткізуді қамтамасыз ететін e-grocery бағыты да қарқынды дамуда. Тек 2025 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында бес Dark Store жобасы іске қосылды. Ал тапсырыстарды алуды одан әрі ыңғайлы ету үшін маркетплейстер 2 300 жаңа постамат орнатты.Электрондық сауда енді жай ғана тауар сатып алудың жаңа тәсілі емес. Бұл тұтынушылардың әдеттерін өзгертіп, бизнеске жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін, сауданы жылдам, қолжетімді әрі ыңғайлы ететін экономиканың толыққанды саласына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1277488?lang=ru
Қазақстан жылқы етін халықаралық стандартқа шығаруды көздейді 20.08.2026
19 тамызда Астанада ISO/TC 34/SC 6 «Ет, құс еті, балық, жұмыртқа және олардан жасалған өнімдер» техникалық комитетінің пленарлық отырысы аясында ет өнімдерінің сапасына арналған форум өтті.Іс-шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «ҚазСтандарт» РМК ұйымдастырды. Форум жұмысына ISO өкілдері, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, ғылыми ұйымдар мен салалық сарапшылар қатысты.Негізгі тақырыптардың бірі Қазақстанның халықаралық стандарттау жұмысына қатысуын кеңейту болды. Биыл еліміз ISO Кеңесінің сайлауына қатысып, халықаралық техникалық комитеттердегі қазақстандық сарапшылардың санын арттыруды көздеп отыр.Қазақстанның басты бастамасы – жылқы етінен дайындалатын өнімдерге арналған алғашқы халықаралық ISO стандартын әзірлеу туралы ұсыныс болды. Бүгінде бұл өнімдер санатына арналған бірыңғай халықаралық құжат жоқ. Соның салдарынан терминологияға, жіктеуге, таңбалауға және сапаны бағалауға қойылатын талаптарда айырмашылықтар туындап, экспортқа кедергі келтіруі мүмкін.Болашақ стандарттың негізіне ГОСТ 34921–2023 «Ұлттық жылқы етінен жасалған өнімдер. Техникалық шарттар» құжатын алу ұсынылды. Стандарт дәстүрлі өнімдерді – қазы, шұжық, жал, жая, сондай-ақ ысталған және шұжық өнімдерін қамтуы мүмкін.Қазақстан стандарт жобасын әзірлеу үшін халықаралық жұмыс тобын құрып, оған жетекшілік етуге және құжатты өндіруші елдермен одан әрі талқылауға дайын.ҚР СИМ ТРМК төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков Қазақстанның ISO Кеңесі сайлауына қатысуы халықаралық шешімдер қабылдау үдерістеріне белсенді араласуға және отандық экономиканың мүддесіне сай келетін бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Форум аясында Қазақстан мен Қытайдың стандарттау және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері де талқыланды. Оның ішінде бірлескен зерттеулер жүргізу, зертханааралық салыстырулар ұйымдастыру және сынақ жүргізу әдістерін жетілдіру мәселелері қаралды.Форум қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалды: жылқы етінен жасалған өнімдерге арналған ISO стандартын әзірлеу, қазақстандық сарапшылар мен бизнестің халықаралық стандарттау жұмыстарына қатысуын кеңейту, зертханалық базаны дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1277178?lang=ru
Дұрыс тамақтану үшін төлеген ақша дауға айналды: ШҚО-дағы 21 тұрғын 3,6 млн теңгесін қайтарып алады 19.08.2026
Шығыс Қазақстан тұрғындары денсаулығына көңіл бөліп, уақыт үнемдеп, тамақ дайындауды кәсіби мамандарға сеніп тапсырмақ болған. Олар жеке кәсіпкермен дұрыс тамақтану рационын жеткізу туралы келісімшарттар жасап, адал клиенттер ретінде қызмет ақысын толықтай алдын ала төлеген. Алайда кәсіпкер тамақты жеткізуді себепсіз тоқтатқан.Уәде етілген рациондар жеткізілмесе де, тұтынушылардың төлеп қойған ақшасын кәсіпкер қайтаруға асықпаған. Біреуге бұл сома аса үлкен болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ жапа шеккен адамдардың саны көбейгенде, мәселе жекелеген тұрмыстық дау емес, тұтынушылардың құқықтарын жаппай бұзуға фактісіне ұласады.Өңір тұрғындары көмек сұрап, жаппай ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Нәтижесінде бұл оқиғаға бір ғана наразы клиент емес, дәл осындай жағдайға тап болған бірден 21 тұтынушы қатысты.Департамент тұтынушылардың мүддесін қорғауға кірісті. Алдымен мәселені сотқа жеткізбей шешуге әрекет жасалған. Тұтынушылар кәсіпкердің өзіне тікелей жүгініп, Департамент кәсіпкерлік субъектісіне сотқа дейінгі талап та жолдады. Алайда бұл өтініштер де, ақшаны қайтару туралы талаптар да нәтиже бермеді. Осыдан кейін іс сотқа жетті.Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңы азаматтардың қызметтердің тиісті сапасын талап етуге құқылы екенін тікелей қарастырады. Ал қызмет тиісті деңгейде көрсетілмеген немесе орындаушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушы шартты бұзып, төлеген ақшасын қайтаруды талап ете алады. Сонымен қатар заңнама уәкілетті органға бірдей құқық бұзушылық оннан астам адамның құқықтарына қатысты болған жағдайда, тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда олардың саны 21 адам болды.Департамент зардап шеккен клиенттердің құқықтарын қорғауды және көрсетілмеген қызметтер үшін ақшаларын қайтаруды талап етіп, Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына ұжымдық талап-арыз берді. 2026 жылдың 16 шілдесінде сот Департаменттің талап-арызын қанағаттандырып, бұл іске нүкте қойды.Енді кәсіпкер 21 тұтынушыға көрсетілмеген қызметтердің ақшасын ғана емес, талаптарды орындау мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын да төлеуге міндетті. Негізгі материалдық залал 3 055 138 теңгені құрады, тағы 611 028 теңге тұрақсыздық айыбы ретінде өндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1276780?lang=ru
Қарағанды облысында азық-түлік бағасын қалыптастырудағы заң бұзушылықтар анықталды 19.08.2026
Қарағанды қаласындағы дүкендердің бірі күріштің келісін 205 теңгеден сатып алып, оны тұтынушыларға 556 теңгеден сатқан. Яғни тауарға 160%-дық сауда үстемесі қосылған. ҚР СИМ Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мемлекеттік бақылауы барысында бұл жағдай анықталып, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде күріштің бағасы 235 теңгеге дейін төмендетілді.Бұл – Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына жүргізілген бақылау кезінде анықталған жағдайлардың бірі ғана.Мәселен, қатты ірімшіктің сатып алу бағасы 3 353 теңге болғанымен, сауда желілеріне ол 5 517 теңгеден жеткізілген. Осылайша сауда үстемесі 64%-ды құраған. Тексеру нәтижесінде тауардың бағасы 3 855 теңгеге дейін төмендетіліп, айырмашылық 1 662 теңгені құрады.Қара шай бойынша да айтарлықтай айырмашылық анықталды. Сатып алу бағасы 472 теңге болған өнім 1 079 теңгеден сатылған. Сауда үстемесі 130%-ға жеткен. Әкімшілік жауапкершілік қолданылғаннан кейін оның бағасы 496 теңгеге дейін төмендетіліп, 583 теңгеге арзандады.Тауық фаршының бағасы да сәйкестендірілді. Әу баста кәсіпкер 1 655 теңгеге сатып алып, 45 пайызға дейін сауда үстемесін заңсыз арттырып, 2 400 теңгеден сатқан. Бақылау шараларынан кейін тауардың бағасы 1 903 теңгеге дейін төмендетілді.Жыл басынан бері Қарағанды облысында сауда саласындағы заңнаманың сақталуына қатысты 170 кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізіліп, оның 155-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Жауапкершілікке тартылғандардың қатарында сауда базарларында қызметін жүзеге асыратын 44 көтерме жеткізуші және 11 көтерме-бөлшек сауда дүкені бар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,6%-ға көп. 2025 жылы осы кезеңде 111 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал биыл салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.Бақылау шаралары барысында мәселе тек азық-түлікке белгіленетін сауда үстемесімен шектелген жоқ. Көтерме-бөлшек сауда базарларында сауда саласына қатысты 11 және салық заңнамасына қатысты 11 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан 2 жедел әрекет ету шарасы қабылданды.Тексеру кезінде бақылау-касса машиналарын қолдану, тауарларда баға белгілерінің болуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін сақтау, сондай-ақ тамақ өнімдерін таңбалау және өткізу талаптары қаралды. Анықталған бұзушылықтар жойылып, заңнама талаптарына сәйкестік қамтамасыз етілді.Жүргізілген бақылау нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша баға төмендетілді. Бұл ретте департаменттің жұмысы тек анықталған бұзушылықтарды жоюмен шектелмейді.Қарағанды облысында баға мониторингі, негізсіз делдалдық буындарды анықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыт Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1276768?lang=ru
Қостанай кейсі: Сауда департаменті әлеуметтік маңызы бар 20 тауардың бағасын төмендетті 19.08.2026
Қостанай облысында сөре мен кассадағы бағаның сәйкес келмеу фактісі анықталды. «А-Маркет» супермаркетінде шоколад плиткасы сөреде 445 теңге деп көрсетілген. Алайда кассада тауардың бағасы 460 теңге болған.Тексеру нәтижесінде сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс қысқартылған тәртіппен қаралып, 140 562,5 теңге көлемінде айыппұл салынды.Бұл – сауда орындарында бағаның дұрыс көрсетілуі қаншалықты маңызды екенін көрсететін мысал. ҚР СИМ Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жыл басынан бері 141 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан.Олардың 135-і «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағын, яғни сауда үстемесінің белгіленген мөлшерден асып кетуіне жол берген. Тағы 6 кәсіпкер сөрелерде баға белгілерінің болмауына байланысты жауапкершілікке тартылды.Мемлекеттік бақылау жұмысының нәтижесінде Департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендетті: картоп 235 тг/кг-нан 170 тг/кг-ға дейін немесе 38,2%, пияз 330 тг/кг-нан 200 тг/кг-ға дейін немесе 65%, қырыққабат 230 тг/кг-нан 195 тг/кг-ға дейін немесе 17,9%, сәбіз 420 тг-дан 360 тг/кг дейін немесе 16,7%, "Рава" қияры 1900 тг/кг-нан 1380 тг/кг-ға дейін немесе 37,7%, "Миринда" қияры 650 тг/кг-нан 550 тг / кг-ға дейін немесе 18,2%, қызанақ 1560 тг/кг-нан 1260 тг/кг-ға дейін немесе 23,8%, алма 850 тг/кг-нан 840 тг/кг-ға дейін немесе 1,2% - ға дейін, ұн бірінші сорт 165 тг/кг-нан 144 тг/кг-ға дейін немесе 14,6% - ға дейін, жұмыртқа с-1 65 тг/данадан 60 тг/данаға дейін немесе 8,3% - ға дейін, қант 530 тг/кг-нан 490 тг/кг-ға дейін немесе 8,2%, қарақұмық 370 тг/кг-нан 310 тг/кг-ға дейін немесе 19,4%, күріш 470 тг/кг-нан 460 тг/кг-ға дейін немесе 2,2%, рожки 450 тг/кг-нан 370 тг/кг-ға дейін немесе 21,6%, күнбағыс майы 799 тг/дана 776 тг/дана дейін немесе 3%, шай 1350 тг/дана 1265 тг/дана дейін немесе 6,7%, ірімшік 4655 тг/кг бастап 4490 тг/кг дейін немесе 3,7%, айран 1 кг 2,5% май 470 тг/дана дейін 380 немесе 23,7%, тауық еті 1241 тг/кг-нан 921 тг/кг-ға дейін немесе 34,7%.Департамент әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына сауда үстемесінің заңнамада белгіленген мөлшерден асып кетуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1276507?lang=ru
Мектептердегі орын тапшылығы 3 есеге азайды 18.08.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2026-2027 жаңа оқу жылына дайындық тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы білім мен жас ұрпаққа ерекше көңіл бөліп келеді. Облысымызда соңғы үш жылда 10 мектеп салынды, оның алтауы – «Келешек мектептері». Келешек мектептер әлемдік талаптарға сай толық жабдықталған. Ғылыми жобалар мен зерттеулерде жасанды интеллект пайдаланады.«Мектептердегі орын тапшылығы 7 500-ден 2 500-ге дейін 3 есеге азайды. Қалған 2,5 мың тапшылықты шешу үшін 2 мектеп салынады», – деді аймақ басшысы.2023 жылдан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Сапалы тамақтануды қамтамасыз ету үшін бірде-бір білім беру нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ асхана болмауы тиіс.«Мектепке жол» акциясын сапалы әрі ашық түрде өткізіп, көмекке мұқтаж балаларды толық қамтуды қамтамасыз ету қажет. Бизнес өкілдерін аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамын. Мұның барлығы балалардың жайлы білім алуына, жан-жақты дамуына және жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне жасалып отырған жағдай», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Соңғы екі жылда облыс экономикасының өсу қарқыны орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Бұл тек инвестиция тартудың, жаңа зауыттар мен фабрикаларды іске қосудың нәтижесі ғана емес, білікті мамандардың – білім беру ұйымдары түлектерінің де еңбегінің жемісі.Айта кетейік, қазіргі таңда жаңа өндірістердегі жұмысшылардың 50-70%-ін 35 жасқа дейінгі жастар құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1276174?lang=ru
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты жеті жылда екі есеге өсті 18.08.2026
Қазақстанның барлық әлем елдерімен шикізаттық емес тауарлар бойынша тауар айналымы 2026 жылдың  қаңтар–маусым айларының  қорытындысы бойынша $43,9 млрд-қа жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 7,6%-ға немесе $3,1 млрд-қа өсті. Бұл ретте экспорт айтарлықтай жоғары қарқын көрсетті. 2026 жылдың алғашқы алты айында қазақстандық кәсіпорындар сыртқы нарықтарға $15,2 млрд сомасына өңделген тауар жөнелтті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,6%-ға көп.2026 жылдың алғашқы алты айы Қазақстанның шикізаттық емес және өңделген тауарлар сыртқы саудасының өсуі жалғасқан кезекті кезең болды. Импорттың қалыпты өсуі аясында оң динамиканың негізгі көзі экспорт болды. Бір жыл ішінде экспорттық жеткізілімдер $2,3 млрд-қа өсіп, $12,9 млрд-тан $15,2 млрд-қа жетті, ал импорт 3%-ға, $27,9 млрд-тан $28,7 млрд-қа дейін өсті.Осылайша, 2026 жылдың қаңтар–маусымда шикізаттық емес және өңделген тауарлар экспорты импортқа қарағанда алты есеге жуық жылдам өсті. Сонымен қатар сауда балансының теріс сальдосы $14,9 млрд-тан $13,5 млрд-қа дейін қысқарып, $1,4 млрд-қа жақсарды.Әсіресе, соңғы 7 жылдағы динамика айқын көрінеді. 2019 жылдың қаңтар–маусымда шикізаттық емес және өңделген тауарлардың тауар айналымы $23,6 млрд,  ал экспорт $7,72 млрд болды. 2026 жылдың  қаңтар–маусымда бұл көрсеткіштер тиісінше $43,9 млрд және $15,2 млрд-қа жетті. Осылайша, 7 жыл ішінде тауар айналымы 1,9 есеге жуық, ал экспорт іс жүзінде екі есеге өсіп, шамамен 97%-ға артты. Бұл ретте $15,2 млрд көлеміндегі қазіргі экспорт көлемі осы жылдар ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.Жеткізілімдердің өсуі қазақстандық өнімнің бірден бірнеше ірі әрі перспективалы нарықтарға шығуының себібененболды. Ең елеулі өсім Түркия бойынша тіркелді: 2026 жылдың қаңтар–маусымда бұл елге экспорт екі есеге өсіп, $950 млн-нан $1,91 млрд-қа жетті. Осылайша, тек түрік бағыты бойынша Қазақстан қосымша шамамен $960 млн экспорттық түсім алды.Ұлыбритания бойынша одан да айқын динамика байқалды. Мәселен, экспорт 2,7 есеге өсіп, $248,9 млн-нан $671,8 млн-ға жетті. Қытайға жеткізілімдер 12,1%-ға өсіп, $3,67 млрд болды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен $400 млн қосымша экспортты қамтамасыз етті.Өзбекстан, Франция, Ауғанстан және Гонконг нарықтарында да айтарлықтай өсім байқалды. Өзбекстанға экспорт 23,5%-ға өсіп, $1,39 млрд-қа, Францияға 2,4 есеге өсіп, $385,4 млн-ға, Ауғанстанға 2,1 есеге өсіп, $344,9 млн-ға, ал Гонконгқа 2,9 есеге өсіп, $220 млн-ға жетті.Әсіресе маңыздысы, тек Түркия, Ұлыбритания және Қытай өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда шамамен $1,8 млрд қосымша экспортты қамтамасыз етті. Бұл жеткізілімдердің физикалық көлемінің өскенін ғана емес, қазақстандық компаниялардың ірі халықаралық нарықтардағы мүмкіндіктерінің кеңейгенін де көрсетеді.Бүгінде экспорттық себеттің негізін мыс және мыс катодтары  $2,84 млрд, уран  $1,51 млрд, ферроқорытпалар  $1,1 млрд, күміс  $781,3 млн, күнбағыс майы  $533 млн, жануарларға арналған азық өнімдері  $438 млн сияқты тауарлар құрайды.Өсу қарқындарының арақатынасы да маңызды нәтиже болып отыр. Экспорт 17,6%-ға артқан кезде, шикізаттық емес және өңделген тауарлар импорты небәрі 3%-ға өсті. Нәтижесінде экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық біртіндеп қысқарып, сауда балансы бір жыл ішінде $1,4 млрд-қа жақсарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1275987?lang=ru
Отандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында органикалық тыңайтқыштар өндірісіне жаңа ұлттық стандарт енгізіледі 18.08.2026
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ресми бекітілген «Органикалық тыңайтқыштар. Өнеркәсіптік өндіріске қойылатын жалпы техникалық талаптар» ҚР СТ стандарты қолданысқа енгізіледі. Құжат өндірушілер үшін бірыңғай ережелерді қалыптастырып, отандық өнімдердің жалпы сапасын арттыруға және елдегі органикалық егіншілік экожүйесін дамытуға негізгі бағыт-бағдар береді.Жаңа стандарт аясында мал шаруашылығы қалдықтарын, атап айтқанда мал қиын, құс саңғырығын, компосттарды, биогумусты және өзге де шикізат түрлерін өнеркәсіптік қайта өңдеу процестері жүйелі түрде регламенттелді.Құжатта биогаз қондырғыларынан алынатын дигестатты қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлініп, аэробты және вермикомпосттау, метантенктердегі анаэробты ферменттеу, сондай-ақ кептіру және түйіршіктеу процестері үшін нақты технологиялық нормалар бекітілді. Бұл отандық кәсіпорындарға өндірістік қуаттарды тиімді пайдаланып, халықаралық талаптарға сай жоғары сапалы тыңайтқыштар шығаруға мүмкіндік береді.Өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында стандартта қатаң ветеринариялық-санитариялық көрсеткіштер қарастырылған. Дайын органикалық тыңайтқыштарда патогенді микрофлораның, соның ішінде сальмонеллалардың және гельминт жұмыртқаларының болуына толықтай тыйым салынады.Сонымен қатар, қорғасын, кадмий, сынап және күшәла сияқты ауыр металдардың шекті рұқсат етілген концентрациялары мен өнімнің радиациялық фонына қойылатын талаптар гигиеналық нормативтерге сәйкестендірілді. Белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын өнімнің табиғи және жасанды радиациялық фоны да нормаланады. Құжат өндірістік алаңдарды, биореакторларды, вентиляция жүйелерін жабдықтауға және қоршаған ортаның ластануын болдырмауға қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі түсіндіреді. Бұдан бөлек, стандарт тыңайтқыштарды өлшеп-орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау тәртібін айқындайды.Құжатты әзірлеу «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің № 26 бұйрығы) нормаларын тікелей іске асыру шеңберінде орындалды. Бұл ретте экологиялық заңнаманың талаптары, өрт және санитариялық-гигиеналық қауіпсіздік нормалары ескерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1275715?lang=ru
Басты мақсат – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру! 14.08.2026
2026 жылдың 14–16 тамыз аралығында Лисаковск қаласындағы «Алый парус» демалыс базасында жастар мен еріктілер арасында Қостанай облыстық экологиялық слеті өткізіліп жатыр.Іс-шараны «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қоры Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық даму басқармасы» ММ қолдауымен «Таза Қазақстан» қағидаты аясында жүзеге асырылатын «EcoZhas» жобасы шеңберінде жастар мен еріктілер арасында экологиялық идеяларды ілгерілету» жобасы аясында ұйымдастырды.Слетке Қостанай облысының 18–35 жас аралығындағы 80-ге дейін белсенді жастары мен волонтерлік қоғамдастық өкілдері, оның ішінде облыстың аудандары мен қалаларындағы жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты.Слеттің негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық волонтерлікті, көшбасшылық құзыреттер мен жобалық ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ жастардың өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге қатысу деңгейін арттыру.Іс-шара слет қатысушыларына арналып ұйымдастырылған Эко кәсіпорындар мен ұйымдарды аралаумен басталды. Экскурсия барысында жас эковолонтерлер экокабинет, мемлекеттік питомник, жеке питомник, "Атамекен 4+", "АгроЭкоХаб" сияқты ұйымдарды аралады. Соңынан ұйымдасқан түрде слет болатын Лисаковск қаласының «Алый парус» демалыс базасына бет алды.Үш күндік бағдарлама аясында қатысушылар бірінші күні экологиялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметімен танысты, екінші күні білім беру тренингтері жоспарланған, сонымен қатар үшінші күні шеберлік сабақтары, командалық және жобалық жұмыстарға қатысу ұйымдастырылады.Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – экологиялық стратегиялар мен практикалық шешімдерді әзірлеуге үйрету. Қатысушылар командаларға бөлініп, өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді анықтайды, өздерінің стратегияларын осы үш күнде әзірлейді және оларды қорғайды.Білім беру бағдарламасы экологиялық волонтерлік, ұқыпты тұтыну, зооволонтерлік, қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану, көгалдандыру, жаңартылатын энергия көздері, экологиялық және климаттық жобалар, сондай-ақ экология мен волонтерлік саласындағы халықаралық тәжірибелер сияқты бағыттарды қамтиды.Спикерлер мен сарапшылар ретінде республикалық және өңірлік деңгейдегі мамандар бар – Окапова Асыл, Евженкова Людмила, Соловьева Ольга, Шадрина Динара, Генадий Ипатов, Жанбуршинов Азим, Жұмат Бауыржан Киікбайұлы және Татьяна Миронюк.Слет аясында командалық өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ қатысушылар арасындағы кәсіби және тұлғааралық байланыстарды нығайтуға бағытталған тимбилдингтер, спорттық және мәдени-демалыс іс-шаралары да ұйымдастырылады.Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар әзірлеген экологиялық стратегияларын таныстырады. Үздік стратегияны іске асыруға кемінде 1 000 000 теңге көлемінде қаржыландыру беріледі. Слеттің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.Іс-шараның үшінші күні «Нас тут не было!» экологиялық акциясымен қорытындыланады. Акция барысында қатысушылар аумақты тазалау жұмыстарын жүргізеді.Слетті өткізу Қостанай облысындағы жастардың экологиялық қозғалысын дамытуға, волонтерлік бастамаларды қолдауға және «Таза Қазақстан» қағидаттарына сәйкес жастардың өңірдің экологиялық күн тәртібін іске асыруға қатысуының практикалық тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1274627?lang=ru