Enbekshi QazaQ

Ғылым

Ақтөбе әуежайы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда 21.02.2025
 Өңір басшысының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде авиация саласын цифрлық трансформациялау және халықаралық әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қаралды.«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дастан Малиев жолаушылар ағынын арттыру, инновациялық шешімдерді енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.Оның сөзінше, жыл сайын Ақтөбе әуежайының жолаушылар ағыны орта есеппен 10%-ке артып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны іс жүзінде 1 млн-ға жетіп, 985 мың адамды құрады, ал өңделген жүк көлемі 11 мың тоннадан асты.Әуежай Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан, Шымкент, Стамбул, Анталья, Шарм-Эш-Шейх, Доха, Пхукетке тұрақты және маусымдық рейстерді қоса алғанда, 11 бағыт бойынша жолаушылардың саяхаттауына мүмкіндік бере отырып, негізгі қалалар және елдермен байланысты дамытуды жалғастыруда.Атап айтқанда, 2024 жылы Air Cairo және FlyArystan әуе компанияларының жаңа жиіліктерді қосуы арқасында Шарм-Эш-Шейхке рейстер саны артты. Келер жылы Антальяға аптасына 12 рейске дейін көбейту жоспарланып отыр.Сонымен қатар, биылғы жылдың 2 мамырынан бастап SCAT әуекомпаниясы Ақтөбеден Шымкентке аптасына 4 рет жиілікпен рейстер ашады, ал FlyArystan әуе компаниясы осы бағыттағы рейстерді 1 маусымнан бастап қайта бастайды. Барлығы Шымкентке аптасына 6 рейс қолжетімді болмақ.  «Ақтөбе әуежайы жүк ағынының өсуін қамтамасыз ету және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын белсенді түрде іске асыруда. Басым жобалардың қатарында отын кешенін жаңғырту, заманауи қойма инфрақұрылымын салу және объектінің аумағын қамтитын арнайы экономикалық аймақ құру бар. Бұл қадамдар әуежайдың маңызды жүк хабы ретіндегі позициясын нығайтуға және болашақ кеңейту үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Дастан Малиев.Қазіргі уақытта әуежайда ішкі рейстер жолаушыларына арналған цифрлық құжаттар сервисі жұмыс істейді, жолаушыларға жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін CUTE жүйесі орнатылды, сондай-ақ былтыр төлқұжат пен жеке куәліктерді оқу құрылғылары сатып алынды, соның арқасында жолаушыларды тіркеу процесі жеделдетілді. Жүктермен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында әуежай мұнай өнімдерінің қоймасын жаңғыртуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен бақылау аспаптарын енгізді. Жүк тасымалын рәсімдеу және сүйемелдеу үшін қазір E-Freight ақпараттық жүйесі пайдаланылады, ол жүк авиациялық тасымалдау процесін автоматтандырды және жүктерді өңдеуді жеделдетті.Отырғызу талондарын және «E-Gate» бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу әуежайдың 2025-2026 жылдарға арналған жоспарында бар. Бұл ұшатын және ұшып келетін жолаушыларды автоматты шекаралық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Облыс әкімі Ақтөбе халықаралық әуежайын өңірдің негізгі көлік торабы ретінде одан әрі дамытудың маңыздылығын алға тартты. Асхат Шахаров ел Президентінің тапсырмасымен Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайды халықаралық әуе торабына айналдыру қажеттігін атап өтті. Осы тапсырмаға байланысты әуежай аумағында логистикалық орталық құру және отын-жанармай құю станциясын ашу бойынша екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта ұшу-қону жолағы жабындысының сапасы мен пайдалану қауіпсіздігін жақсарту үшін ПАГ 18 тақтасы сатып алынды. Сондай-ақ, арнайы техника сатып алу жұмыстары жүргізілуде.«Халықаралық аренада әуежайды дамыту үшін бізге инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастырып, цифрландыру саласында жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу қажет. Әуежайдағы барлық процестер мүмкіндігінше автоматтандырылған және жолаушыларға ыңғайлы болуы маңызды. Біз жүк ағынының өсуіне, әсіресе жүк хабы жобасын іске асыру аясында заманауи жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ, әуежайды облыстың логистикалық инфрақұрылымының маңызды элементі ғана емес, сонымен қатар туристік тартымдылық орталығы ету үшін маршруттық желіні кеңейту, ішкі және халықаралық жаңа рейстерді ашу қажет», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/939716
Нұрдәулет Қилыбай: Аудандық ау­­ру­хананы қолданысқа беру ке­­зек күттірмейтін мәселе 21.02.2025
15 ақпан, сенбі күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының орталығында салынып жатқан 150 орындық көпсалалы жаңа аурухананың құрылыс жұмыстарымен танысты.Жұмыс барысында ғимараттың жалпы құрылысы мен жабдықтарды орналастыру жұмыстары талқыланды.Бүгінде медициналық орталықтың құрылыс жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтар толық жеткізіліп, оларды бөлмелерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, медициналық жабдықтар кезең-кезеңімен жеткізіліп бөлмелерге қондырылуда.Құрылыс алаңында 300-ден астам құрылысшы еңбек етуде. Мұнайлы ауданының орталығында салынып жатқан 3 қабатты аурухананың жалпы ауданы 28 500 шаршы метр, 6 корпустан тұрады.Нұрдәулет Қилыбай аудандық ау­­ру­хананы қолданысқа беру ке­­зек күттірмейтін мәселе екенін айтып, құрылыстың сапасына мән бере отырып, жұмысты тез арада аяқтауды тапсырды. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/939276
Маңғыстауда әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бастау алды 21.02.2025
Бүгін, 17 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен сайланған аудан, ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бастау алды.Іс-шараның ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов, «AMANAT» және елдегі өзге де саяси партиялардың өкілдері видеобайланыс арқылы қатысты.Әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес орындалып жатыр. Оқыту 17 модуль арқылы жүргізіледі. Нақтыласақ, жергілікті бюджетті тиімді пайдалану, мемлекеттік сатып алулар мен салық, коммуналдық меншікті басқару, экология мен қоршаған ортаны қорғау, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау, аймаққа инвестиция тарту, мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар, жасанды интеллект құралдарын қолдану, тиімді коммуникациялар және өзге де дағдыларды дамыту бойынша білім беріледі.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай кәсіби біліктілігін арттыруға келген әкімдерге сәттілік тілеп, алған білімі мен тәжірибесін өңірді өркендету жолына жұмсауды тапсырды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдердің біліктілігін арттыруды тапсырған болатын. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігін нығайтып, тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік береді. Республика деңгейінде өткізіліп жатқан жоба елдің дамуы мен өркендеуіне жол ашатыны анық. Сондықтан берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланыңыздар. Бұл өз кезегінде жергілікті басқаруда жаңа серпін әкеледі деген сенімдемін», - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, бағдарлама практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар, тренингтер, экономика, мемлекеттік басқару, құқықтану салалары бойынша сарапшылармен кездесу және оффлайн, онлайн форматта 240 академиялық сағат оқытуды қамтиды. Оқыту соңында әкімдер өңірлерді экономикалық дамытуға қатысты жобасын қорғайды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/939951
Теміртауда ірі бизнестің айналасында өнеркәсіптік кластер құрылуда 21.02.2025
Теміртауда ірі компаниялар мен шағын және орта бизнесті біріктіретін Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіптік кластер құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Qarmet креативті технологиялар орталығының алаңында «Өнеркәсіптік кластерді және ел ішіндегі құндылықтарды дамыту» бизнес-форумы өтіп, онда ішкі нарықты күшейту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, өндірістерді оқшаулау және ШОБ-ты ірі бизнес құрылымдарға біріктіру мәселелері талқыланды.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев форумның ашылуында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытудың маңыздылығын атап өтті.– Біздің облыс – үлкен мүмкіндіктер аумағы. Біз бизнестің өсуіне және инвестиция тартуға жағдай жасаудамыз. 2025 жылы 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз, оның 90%-ға жуығы – жеке меншік инвестициялар, – деді облыс әкімі. – Qarmet-пен бірге металлургиялық кластерді дамытуға, соның ішінде қалдықтарды қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлеміз. Компаниямен бірге мәселелерді жедел шешу үшін жобалық офис құратын боламыз. Ал біздің ең басты байлығымыз – адамдар. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз жаңа салалар үшін кадрларды белсенді дайындап жатырмыз. Қарағанды техникалық университетінің базасында өңірлік инновациялық-индустриялық хаб құрып жатырмыз.Qarmet индустриялық кластерді дамыта отырып, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге офтейк-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді шарттарды ұсынады. Облыс әкімдігі Qarmet-пен бірлесіп бастама аясында 20 мың шаршы метр дайын үй-жайға арналған шағын өнеркәсіптік аймақ құрады. Жаңа жұмыс орындары құрылады, сондай-ақ өндірістік тізбектер нығайтылады және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділік қысқарады.– Біз барлық өндірілген құндылықтар Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істейтіндей етіп жұмыс жасауымыз керек. Ол үшін бізде барлық ресурстар бар. Көптеген дамыған елдер осылай жұмыс істейді, – дейді Qarmet компаниясының бас директоры Вадим Басин. – Жергілікті атқарушы билік тарапынан әлеует пен қолдау бар.Өнеркәсіптік кластерді дамыту өндірістің өсуін ғана емес, сонымен қатар цифрлық шешімдерді енгізуді, өнімнің өзіндік құнын төмендетуді және бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын оңтайландыруды көздейді.– Форум – Qarmet сияқты бір ірі кәсіпорынның айналасында ШОБ ынталандыру және дамыту үшін маңызды сәт, – деп атап өтті ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан. – Министрлік ірі компаниялардың жергілікті жеткізушілермен өзара іс-қимылы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Біз бұл өнеркәсіптің тұрақты өсуінің кепілі екеніне сенімдіміз.Форумда Қарағанды облысының әкімдігі мен «Qarmet» АҚ арасында ел ішіндегі құндылықтарды дамыту бойынша меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өңірдегі шағын және орта бизнестің ұстанымын күшейтуге бағытталған бастамаларды қолдауға кепілдік береді.Сондай-ақ, Qarmet орналасқан басқа да қалаларда шағын өнеркәсіптік аймақтар құру жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939032
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жаңа басшысы тағайындалды 21.02.2025
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасын Айсұлу Ерниязова басқарды.Айсұлу Ерниязова еңбек жолын 2015 жылы әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі жетекші маманы болып бастаған, содан кейін сол жерде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі комитетті басқарған.Әр жылдары Алматы халықаралық бизнес университетінің жастар саясаты орталығының басшысы, «Алматы еріктілер лигасы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, Халықаралық білім корпорациясының әлеуметтік даму департаментінің директоры, Jas Otan (Астана) жастар қанаты төрағасының орынбасары болған.2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі болды.Осы уақытқа дейін Астанадағы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС директоры болып жұмыс істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939033
Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын Елнар Уахитов басқарады 21.02.2025
Елнар Уахитов Қарағанды облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.Елнар Уахитов еңбек жолын 2003 жылы «Қарағанды Жылу» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің маркетинг және сапа жөніндегі менеджері болып бастаған. Содан кейін «Қарағанды Тех Сервис» ЖШС директоры, «Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдігінің консультанты, Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасарының бас маман-кеңесшісі болып жұмыс істеді.Әр жылдары Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік және байланыс бөлімінің басшысы, Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.2017 жылдың қаңтарынан бастап осы күнге дейін Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939034
«Инвестиция орнына тариф»: Қарағанды ЖЭО-3-те биыл ескі қазандықты жаңарту жоспарланған 21.02.2025
Қарағанды ЖЭО-3-те биыл үш қазандық агрегаты мен екі турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Едәуiр сома 1977 жылы станция негiзi қаланғаннан бері жұмыс iстеп келе жатқан № 1 қазандықты жаңартуға көзделген. ЖЭО-1-де екі қазандық және бір турбина күрделі жөндеуден өтпек. Сондай-ақ, энергия көздерінде негізгі және қосалқы жабдықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.«Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы туралы «Қарағанды Энергоцентр» компаниясында айтылды.2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жылу және электр энергиясын өндіруге арналған жаңа тарифтер күшіне енді. Өзгерістерді тиісінше Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен ҚР Энергетика министрлігі бекітті.Өндірістік шығындардан басқа тарифтер күрделі жөндеулерге, инвестициялық бағдарлама бойынша жабдықтарды жаңғыртуға арналған шығыстарды қамтиды.– 2025 жылы жөндеу науқанының құны 23,8 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз етуге, экологиялық тазалықты жақсартуға және қуаттылық бойынша шектеулерді алып тастауға жұмсалады. Барлығы екі станцияда шамамен 26 бірлік жабдық жөндеумен қамтылады, – деп хабарлады «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС бас директоры Флюр Гарипов.Ол бұған дейін «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған ірі жобаларды еске салды. 2012 жылы ЖЭО-3 жаңа турбина іске қосылды, 2016 жылы жаңа энергоблок салынды. Жыл сайынғы күрделі жөндеулермен қатар бұл станцияның тозуын төмендетуге мүмкіндік берді.Компания басшысының айтуынша, соңғы бес жылда қызметкерлердің жалақысы 100%-ға өсті. ЖЭО-3-те 900 адам, ЖЭО-1-де 300 адам жұмыс істейді. Кадрлар тапшылығы мәселесін ЖЭО-3 базасында оқу орталығын ашу және өңірдің колледждерімен дуальді оқытуды дамыту арқылы шештік, деп атап өтті Флюр Гарипов.ЖЭО-3 директоры Константин Пятков ескі қазандықтың алдағы күрделі жөндеуі туралы толығырақ айтып берді.– Жөндеу жұмыстарының ең үлкен көлемі осы қазандық бойынша. Қазандықтарды үлгілік жөндеу кезеңділігі төрт жылды құрайды. Ал биыл аса күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазандықтың оттық камералары толығымен ауыстырылады – бұл шамамен 150 тонна металл. Сондай-ақ жылыту беті мен су экономайзері жаңартылады - бұл тағы 40 тоннаға жуық. Бұдан басқа, газ тазарту жабдықтарын қайта жаңарту көзделген. Екінші буын эмульгаторы үшінші буын жабдығына ауыстырылады. Бұл тазарту дәрежесін арттырады, сәйкесінше қоршаған ортаға шығарындыларды азайтады. Ал жалпы күрделі жөндеу нәтижесінде жабдықтардың сенімділігі, жұмыс тұрақтылығы артады, – деп түсіндірді ол.Спикерлер қажетті жабдықтарға шетелде тапсырыс берілетінін және оны жасау 90 күннен бастап жарты жылға дейін созылатынын айтты. Сондықтан барлық жөндеу науқанын бір жыл бұрын қалыптастырған. Биылғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін 2026 жылға арналған бағдарлама дайындалады.Бұдан басқа, энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін ЖЭО-3-те кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру басталды. 2028 жылға дейін жаңа энергоблок орнату жоспарлануда. Бұл станцияның электр қуатын 140 МВт және жылу қуатын 180 Гкал/сағ арттырады.– Барлық шарттарға қол қойылды: жобалау, жабдықтарды жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстары. Құрылыс үшін жер телімін дайындадық. Жобаны іске асыру нәтижесінде қосымша 55 жұмыс орны құрылады, – деді Флюр Гарипов.Сондай-ақ, 2027 жылдан бастап іске асырылатын турбиналық жабдықтарды жөндеу бағдарламасы әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939040
Қарағанды облысында кезекте тұрған 40 отбасы қоныс тойын тойлады 21.02.2025
Қарағанды облысының екі ауданының тұрғындары пәтер кілттерін алды. Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында он отбасы жаңа баспанаға ие болды, ал Абай ауданында кезекте тұрған 30 адам қоныс тойын тойлады.«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен Көкпекті ауылында екі пәтерлі бес үй салынды. Әр пәтер үш бөлмелі. Жалпы ауданы - 84 шаршы метр.Кілттерді халықтың әлеуметтік осал топтарынан төрт отбасы, төрт көп балалы отбасы және үйлері апатты деп танылған екі отбасы алды.Екатерина Ақтұқашева үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.– Пәтерлер өте жақсы: жылы, едендер тегіс, жөндеу де сапалы жасалған. Мен бәрі соншалықты заманауи болады деп ойламаған едім. Көшіп келіп, тұра беруге болады! Жеке бөлмедегі тәуліктік қазандық - бұл керемет ыңғайлы. Пәтерде шаң да, түтін де болмайды, – дейді Екатерина Ақтұқашева. – Әсіресе балаларым бақытты! Менің екі оқушы балам және екі жастағы кішкентай балам бар. Енді олардың жеке үлкен бөлмесі болады.Тағы бір қоныс иелері – Батима Наскейдің көп балалы жанұясы. Он жыл бойы Сарытөбе мектебінде медбике болып жұмыс істеді, содан кейін көп балалы ана ретінде зейнетке шыққан. Отбасында бес бала бар.– Тұрғын үйді ұзақ уақыт жалға алып тұрып келдік. Енді пәтер кілтін алдық, – дейді Батима Наскей. – Үй өте жақсы, кең. Жақын арада көшеміз. Көп балалы аналарға қолдау көрсеткені үшін рахмет – бұл мемлекет тарапынан үлкен көмек!Жыл бойы Бұқар жырау ауданында кезекте тұрған 100-ден астам адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.Сондай-ақ, Абай ауданының 30 тұрғыны жаңа пәтерлердің кілтін алды. Олардың арасында толық емес отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, қандастар мен зейнеткерлер бар. «Халық Билдинг» ЖШС салған жаңа бес қабатты үйдегі пәтерлерді Мемлекет басшысының бастамасымен жергілікті атқарушы органдар сатып алды. Үйде 12 бір бөлмелі, 8 екі бөлмелі және 10 үш бөлмелі пәтер бар.Кілттерді тапсыру барысында Абай әкімі Сәбит Оспанов дайын тұрғын үйді жеке құрылыс салушылардан сатып алу кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселесін шешуде айтарлықтай ілгерілеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.– Өмірлеріңізде жаңа тарау басталады, – деп құттықтады Сәбит Оспанов. – Сіздердің пәтерлеріңіз тек қабырға мен шатырға ғана емес, әрқашан жылы, қуаныш пен отбасылық игілік болатын нағыз жайлы ошаққа айналсын!Қоныс иелерінің арасында Ауғанстандағы соғыс ардагері Қайрат Борашев те бар.– Ардагерлер мен тұрмысы төмен адамдарға қамқорлық көрсетіп отырғаны өте қуанышты, – деді Қайрат Борашев. – Тамаша пәтер.Сонымен қатар, таяу арада Абайда өткен жылы құрылыс салушылардан сатып алынған тағы 10 жаңа пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр.Биыл құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы жалғасады. Абайда бұл жоба бойынша 90 отбасы, ал Топарда 40 отбасы пәтер алуы тиіс.2025 жылы Абайда 30а орамында бес қабатты кредиттік үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 80 пәтерлі үй 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы бойынша бюджет қаражаты есебінен салынуда. Пәтерлер кезекте тұрғандарға «Отбасы банк» тетіктері арқылы беріледі.Сондай-ақ, Абайда тағы бір бес қабатты үй мен екі пәтерлі бір қабатты үйлер салынып жатыр, Топарда екі көппәтерлі үй қалпына келтірілуде.Абай ауданының тұрғындарына пәтерлер кезек тәртібімен беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939475
Қарағанды мұражайында болашақ дизайнерлер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылады 21.02.2025
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы «Шығармашылық идеялар галереясы» көрмесіне шақырады. Келушілер болашақ дизайнерлер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері – Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенттері қандай бағытта жұмыс істеп жатқанын көреді.Көрменің ашылуы 19 ақпанда сағат 16:00 болады.– Бұл Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің дизайн және сәндік-қолданбалы өнер бөлімімен біздің алғашқы ынтымақтастығымыз емес. Оқу орны айтарлықтай жоғары деңгейде. Студенттер мен олардың оқытушыларының жүзге жуық жұмыстары ұсынылады. Өнердің түрлері мен жанрлары әр түрлі: кескіндеме, графика, дизайн-жобалар, хендмейд және т. б., – деді көрменің кураторы Айгүл Омарова.Көрме 2 наурызға дейін жалғасады.Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде оныншы жыл қатарынан сәндік-қолданбалы өнер шеберлері даярлануда. Студенттерге қыш өңдеу, былғарыдан, киізден бұйымдар жасауды үйретеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939504
Қазақстан-Иран бизнес форумында 92,8 млн АҚШ долларына 10 коммерциялық келісімге қол қойылды 21.02.2025
Өткен демалыс күндері Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда Қазақстан мен Иранның бизнес-форумы өтті. Оған 50-ден астам қазақстандық кәсіпкер мен 230 ирандық бизнес өкілі жиналды. Форум ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Иранның ауыл шаруашылығы министрі Голамрез Нури Гезельдженің төрағалығымен ұйымдастырылды. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық үшін елеулі әлеуетке ие екенін айтып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.Форум аясында B2B кездесулер, сондай-ақ келісімдерге қол қою рәсімі өтті. Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы барысында жалпы сомасы 92,8 млн АҚШ долларына 10 коммерциялық құжатқа қол қойылды, бұл Иран мен Қазақстан арасындағы сауда қатынастарын нығайтудағы маңызды қадам. Өз кезегінде Қазақстан Иран нарығына 250 млн доллар сомасына 75 өнім түрін жеткізуге дайын екенін білдірді.Жұмыс сапары аясында Арман Шаққалиев Иранның орталық мемлекеттік органдарының өкілдерімен, соның ішінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, шахталар және сауда министрлерімен, сондай-ақ жол және қала құрылысы министрімен келіссөздер жүргізді.Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Иранға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға үлкен мән беруді жалғастыруда. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 340 млн долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық. Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылатын ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылды. 2024 жылдың 12 айында Қазақстан мен Иран арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 219,8 млн долларды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,3%-ға артық. Қазақстан бидай, арпа, ұн және өсімдік майларын жеткізуді ұлғайтуға мүдделі. Иран дәстүрлі түрде Қазақстанның астық экспорты бойынша негізгі серіктестерінің бірі болып табылады және таяу жылдары Қазақстан астық экспортын ұлғайтуға ниетті.Иранның ауыл шаруашылығы министрі Голамреза Нури Гезельджемен кездесуде «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы« АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров Тегеранда Қазақстанның «QazTrade» тауарлар мен қызметтер экспортын ілгерілету жөніндегі ұлттық институтының серіктестік кеңсесін ашуды ұсынды. Бұл кеңсе қазақстандық кәсіпкерлерге жаңа серіктестер табуға және Иран нарығында өнімді тиімді жылжытуға мүмкіндік береді.«QazTrade» екіжақты сауда қатынастарын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде және қазірдің өзінде Иранда үш табысты сауда-экономикалық миссияны ұйымдастырды. Олар - 2021 жылы (11-12 қазан), 2022 жылы (21-22 ақпан) және 2023 жылы (24-26 сәуір) өткен сауда экономикалық миссиялар. Осы миссиялардың қорытындысы бойынша маңызды келісімшарттарға қол қойылды: 2021 жылы 16 қазақстандық тауар өндіруші 5 млн АҚШ долларынан астам сомаға келісімге қол қойды, 2022 жылы 14 млн АҚШ долларынан астам сомаға келісімге қол қойған 15 компания қатысты, 2023 жылы 20 компания 60,4 млн АҚШ доллары сомасына экспорттық келісімшарттарға қол қойды.Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстанның сауда министрі Иранның 100 ірі кәсіпкерін қамтитын «Корафарин» кәсіпкерлер кеңесімен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, сондай - ақ химия өнеркәсібінен тоқыма және орман өнеркәсібіне дейінгі әртүрлі салалардағы тауарлар өндірісі мен сұранысына қатысты мәселелер талқыланды.Арман Шаққалиевтің жұмыс сапары Каспий өңірі елдерінің сауда-өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы ынтымақтастығын дамытуға арналған үшінші Каспий экономикалық форумының пленарлық сессиясына қатысуымен жалғасуда. Министр өтпелі тарифтерді белгілеу, жүктерді декларациялау, бірыңғай IT-шешімдерді қолдану және транзиттік жүктерді шығару мәселелерін талқылай отырып, ТМТ дәлізі шеңберінде бірлескен жұмысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Арман Шаққалиев Қазақстанның транзиттік және экспорттық мүмкіндіктері көрші елдердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктеріне де байланысты екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/939797
Көкөніс қорын пайдалану және апта сайынғы жәрмеңкелер: Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жиналыс өткізді 21.02.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша кеңес өткізді.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы қаңтар айында Қазақстандағы жылдық инфляция деңгейі 8,9%-ды құрады. Баға динамикасына азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер әсер етті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық өсімі 8,4%-ға, ал қызмет көрсету бағасы 13,8%-ға көтерілді.Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, соңғы аптада ӘМАТ бағасының индексі 0,3%-ға, жыл басынан бері 2,2%-ға өсті. Бұл көкөністердің маусымдық қымбаттауына (қырыққабат, сәбіз, пияз) байланысты. Сондай-ақ сиыр еті (1,2%) мен күнбағыс майы (1,1%) бағасының өскені тіркелді. Жыл басынан бастап 11 ақпан аралығында ең жоғары өсімі Ұлытау (4,8%), Ақтөбе (3,8%) және Шығыс Қазақстан (2,7%) облыстарында байқалды.Бағаны реттеу мақсатында аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдерді саудаға шығару жалғастып жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, жалпы қалыптасқан 156,9 мың тонна қордан тек 45,4 мың тонна көкөніс сатылды. Кейбір облыстарда көкөністі сату қарқыны белгіленген көлемнен төмен, бұл бағаның өсуіне әкелуде. Мәселен, Абай облысында 2,8 мың тонна картоптың тек 486 тоннасы ғана сатылып, нәтижесінде баға 24,2%-ға қымбаттаған. Кейбір өңірлерде сәбіз, қырыққабат және пияз бағасына қатысты осындай жағдай байқалады.Сондай-ақ ол әкімдіктердің мәліметінше, қаңтардың соңында қосалқы шаруашылықтардағы қорды есепке алмағанда, картоп қоры 327 мың тоннаны құрағанын айтты. Ал, 23 қаңтар мен 14 ақпан аралығында халықтың тұтыну көрсеткіші 73,5 мың тонна көлемінде болды. «Жеке қосалқы шаруашылықты есептемегенде, 253,5 мың тонна картоп қоры 2025 жылдың ерте пісетін өнімін алғанға дейін халықтың ішкі қажеттілігін толық жабуға мүмкіндік береді», — деді Ербол Тасжүреков.Серік Жұманғарин кеңеске қатысушылардың назарын азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды жеделдету қажеттігіне аударды. Негізгі мақсат – тұрақтандыру қорларынан өнімдерді жедел шығару және өңірлер мен мегаполистерде апта сайынғы жәрмеңкелерді өткізу.«Бағаның ауытқуы мен сатудағы қандай болмасын шектеулерді болдырмау үшін тұрақтандыру пункттеріндегі өнім бағасындағы айырмашылықты жою қажет. Сондай-ақ коммуналдық базарлар мен сауда желілерімен тығыз жұмыс істеу керек. Ақпан-наурыз айларында тұрақтандыру қорларындағы өнімдерді сату және сәуір айында жаңа көкөністерді жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігі мен сауда және интеграция министрлігінің маусымаралық кезеңде әлеуметтік азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау үшін өңірлермен бірлесіп шешетін басты міндеттері», — деп түйіндеді Серік Жұманғарин. Дереккөз: https://primeminister.kz/news/kokonis-koryn-paydalanu-zhane-apta-sayyngy-zharmenkeler-serik-zhumangarin-aleumettik-manyzy-bar-azyk-tulik-bagasyn-turaktandyru-boyynsha-zhinalys-otkizdi-29700 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/939933
"Берекеде" биыл жайлы мектеп ашылады 21.02.2025
«Береке» шағын ауданы заманауи әлеуметтік инфрақұрылымның орталығына айналуда. Мұнда жаңа арнайы мектеп, балабақша және спорт кешені ашылды. Енді бұл нысандардың қатарына 600 орындық жайлы мектеп қосылады. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Берекедегі» жайлы мектептің құрылыс алаңында болып, жұмыстардың сапасын тексерді. Қазір қасбетті қаптау, ішкі инженерлік желілерді монтаждау және едендерді құю жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы инженерлік желілер тартылған, ал нысанның өзі осы жазда пайдалануға беріледі. "Жаңа оқу жылында аудан оқушылары кең, заманауи және ыңғайлы білім ордасының есігін ашады. Мұнда физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша жаңа үлгідегі оқу кабинеттері, сондай-ақ STEM-зертхана, робототехника, интерактивті тақталар, шеберханалар және кең спорт залдары болады", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. Осындай заманауи білім беру ортасы былтыр «Орман» шағын ауданында ашылған жайлы мектепте де сәтті іске асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/939698
Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Нұрлыбаев: Ақтөбенің денсаулық сақтау саласы халыққа медициналық көмек көрсетудің өңірлік көшбасшысына айналады 21.02.2025
 Ақтөбеге жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев келді. Ол әріптестерімен бірге биыл жаңа туған нәрестелерге хирургия орталығын ашу жоспарланып отырған облыстық перинаталдық орталықты аралап шықты. Кеңейтілген көшпелі алқа барысында вице-министр 2024 жылдың қорытындыларымен танысты, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің бір жылға арналған дамыту перспективаларын айқындады. Облыстың бас дәрігері Ерлан Сұлтангереев өңірде ана мен бала өлімін болдырмау бағытындағы жұмыстарды айтты. «Аталған мәселені шешу жолдары анықталды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: отбасылардың гравидаралды даярлығын күшейту, алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мамандар мен көпсалалы стационарлар арасындағы кәсіби байланысты нығайту, тар шеңберлі мамандардың біліктілігін арттыру», - деді басқарма басшысы.Ерлан Сұлтангереев сондай-ақ өңірдің медициналық мекемелерінде, әсіресе ауылда кадр тапшылығын атап өтті. Әлеуметтік қолдау шараларының арқасында 100-ге жуық маман облыстың шалғай ауылдарына жұмыс істеп жүр, оның 25-і - тар шеңберлі. Алқа барысында өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы туралы «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалы директоры Нұрбол Тымпиев баяндамасын оқыды, проблемалық мәселелер мен медициналық көмек көрсету өтініштерін МФБКД басшысы Әлия Латыпова қозғады, өңірдегі эпидемияға қарсы шаралар туралы СЭБД басшысы Райхан Қойшанова айтып берді.Алқа қорытындысы бойынша денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Ақтөбе бүкіл Батыс Қазақстан халқына медициналық көмек көрсетудің өңірлік көшбасшысы болатынын атап өтті.  Сондай-ақ, ол ақтөбелік әріптестерімен бірге қол жеткізілмеген негізгі индикаторларға талдау жүргізді.Оның сөзінше, өңірге тар шеңберлі кадрларды даярлау үшін резидентураға атаулы гранттар бөлінеді. Сондай-ақ Ақтөбеде сүйек кемігін трансплантациялаудан онкогематологияның Өңірлік орталығын құру және телемедицинаны дамыту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/939133
ҚАРАТАУДА 14 ОРЫНҒА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚ САЛЫНАДЫ 21.02.2025
Ағымдағы жылы Қаратау ауданының су басу қаупі анықталған елді мекендерінде тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ирригациялық арықтар салу жұмыстары бастау алады.Бұл жоба, әсіресе, жаңбырлы кезеңдерде су басу мәселесін шешуге, инфрақұрылымның жұмысын жақсартуға, сондай-ақ аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.Арықтарды салу жұмыстардың негізгі мақсаты - жергілікті тұрғындар мен қала инфрақұрылымын су тасқынынан қорғау. Жобаның аясында ирригациялық арықтар әр түрлі ұзындықта салынатын болады. Мәселен, «Сайрам» тұрғын алабының Иіржар көшесі бойынша 260 метр арық құрылысымен қамтылады.Ал, «Мәртөбе» тұрғын алабындағы Жібек жолы көшесіне (авто жуу бекеті тұсы), «Мирас» шағынауданында Өркениет және Ажарлы көшелеріне 370 метрге арық салу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, «Сайрам» тұрғын алабының Тағылым көшесі (бұрынғы Абай көшесі) мен Өрікзар көшелерінде 700 метрге жуық арық салынуы көзделіп отыр. Мұнымен қоса, «Сайрам» тұрғын алабындағы №139 мектепке баратын негізгі көше де осы жоспарға кіріп, 200 метрге ирригациялық арық салу қолға алынады.Тұрғын алаптағы атауы жоқ көшелерде 1700 метрге арықтың құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Сареми көшесінің 500 метрі де осы ауқымды жобаның бір бөлігіне айналады.Ал, «Шапағат» шағынауданындағы Шапағат көшесі бойында 50 метрлік арық салу қарастырылған. «Қайтпас» шағынауданының Академиктер қалашығының 100 метрі мен «Нұрсәт» шағынауданындағы №135 А, Б, В үйлерінің жанына 350 метр арық салынуы жоспарлануда.«Нұрсәт» шағынауданындағы Балалар ауруханасының көшесі мен «Таскен» тұрғын алабындағы Бақдәулет көшесіне 400 метр арық салу жұмыстары да бар. Ал, Таскен т.а. Байкент көшесі 100 метр ұзындыққа дейін арықталады.Сондай-ақ, «Қайтпас» шағынауданындағы Қаһарман көшесіне құдықша орнату үшін 20 метр құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.Бұл ауқымды жоба Қаратау ауданында су тасқынының алдын алу бойынша маңызды шара болып табылады. Ирригациялық арықтар салу тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлы жағдайлар жасай отырып, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен үлес қосады.Жоба аяқталғаннан кейін су басу қаупі төмендеп, аудан тұрғындары үшін қауіпсіз және ыңғайлы өмір сүру ортасы қалыптасады.Сондай-ақ, бұл жұмыстар ауданның инфрақұрылымын жақсарту және аумақты дамыту бағытында атқарылып жатқан маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/939023
ЖОСПАР 2025: ШЫМКЕНТТЕ 22 ТҰРҒЫН ҮЙ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТЕДІ 21.02.2025
Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында қала аумағындағы 22 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда: Әл-Фараби ауданы бойынша 15, Тұран ауданы бойынша - 6, Еңбекші ауданында - 1 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіледі.Айта кетейік, былтыр қаладағы 15 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде атқарылуда.Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады. Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-іШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938993
ЖОСПАР 2025: ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР ТОЛЫҚ АСФАЛЬТТЕЛЕДІ 21.02.2025
Ауданда ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғылдар мен өткелдер бар. 365 көше - асфальт, 25 көше -тас жол. Жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда биыл 25 көшеге асфальт салынатын болады.Қала тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде 344 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріледі.Қазіргі таңда аудан аумағындағы 390 көшенің 314-і жарықтандырылған. Биыл 76 көшеге жарықшам бағаналары орнатылып, жыл қортындысымен жарықтандыру көрсеткіші 100%-ды құрайды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938994
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ 21.02.2025
Қаламызға жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр негізгі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалармен танысты. Сапардың мақсаты – қалалық ортаны жақсартуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды бағалау.Нысандардың бірі 2024 жылы қайта жаңартылған Шымкент теміржол вокзалы болды. Оның ауданы екі есеге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6000 жолаушыға дейін өсті. Жобаға инвестиция 1,1 млрд теңгені құрады.Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары 500 балаға арналған №2 Оқушылар сарайының қызметімен танысты. Мұнда оқушылар ғылым, өнер және спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Жалпы құны 254 млн теңге болатын жобаны іске асыру қаланың білім беру инфрақұрылымын жетілдірудің жарқын үлгісі болды.Сондай-ақ делегация сенімгерлік басқаруға берілген және 250 мың адамды электр қуатымен қамтамасыз ететін «Бозарық» қосалқы стансасының жұмысымен танысты.Әрі қарай Роман Скляр «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты. Ірі инвестициялық жоба аймақты жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге және 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Инвестициялардың жалпы көлемі $650 млн, ал жоспарланған өндірістік қуаты жылына 155 мың тонна өнімді құрайды.Абаттандыру мәселесі, атап айтқанда, «Шымсити» саябағының құрылысы және 2 мың орындық «Tulip Hall» конгресс-холлының ашылуы мәселелері қаралды.Сонымен қатар Роман Скляр халықаралық деңгейдегі логистикалық орталық – «НМИ‑Юг» ЖШС көкөніс қоймасының жұмысымен танысты. Нысан әуежай мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы жанында орналасқан. Жүктерді жедел өңдеуге арналған Cross Docking жүйесі бар орталық ауыл шаруашылығы ішкі және сыртқы нарыққа жеткізуді едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар өңірді қосымша 100 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған, инвестиция көлемі 27 млрд теңгені құрайтын «Кока‑Cola Алматы Боттлерс» БК ЖШС зауыты да қаралды.Жұмыс сапарының тағы бір пункті - Шымкент әуежайының жаңа терминалы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың желтоқсанында ашылды. а/к жобасын іске асыруға SCAT 24 миллиард теңге инвестициялады.2024 жылы Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 12%-ға, құрылыс көлемі 27%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 42%-ға артты. Тартылған инвестиция көлемі 9%-ға ұлғайып, 78,2 млрд теңгені құрайтын ірі 12 жоба іске асырылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар қаланың индустриалды аймақтарында жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 293 жоба іске асырылды. Бұл қолайлы инвестициялық ахуалды құру және қайта өңдеу өнеркәсібінде ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқасында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.Премьер‑министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр аталған жобаларды іске асыру қарқынын жоғары бағалап, олардың Шымкент пен жалпы өңірдің әлеуметтік‑экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар қалалық ортаны жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938996
Қопа ауылында жаңа спорт кешені ашылды 21.02.2025
Қопа ауылында жұрт асыға күткен жаңа ангар типті спорт кешені есігін айқара ашты.Кешеннің салтанатты ашылуына арналған шара ауыл ақсақалының батасымен басталды. Ақжаулықты аналар дәстүрге сай шашу шашып, қонақтарға бауырсақ таратты. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Ауыл жастары енді спорттың түр-түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.Жаңа кешеннің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жиналған жұртшылықты құттықтады.«Аудан спортының болашағы – бүгінгі жастарымыздың қолында. Біз Қопа ауылынан болашақ чемпиондар шығып, ауданымыздың ғана емес, тұтас еліміздің намысын халықаралық додаларда қорғайтынына кәміл сенеміз.Бүгінгі қуанышты күнде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін», – деді аудан басшысы.Жаңа спорт кешені заманауи талаптарға сай салынып, толық жабдықталған. Мұнда баскетбол, волейбол, күрес, шағын футбол алаңдары мен жаттығу залдары қарастырылған. Сондай-ақ, кешен аумағында футбол алаңы мен воркаут аймағы орнатылып, барлық спорттық құрал-жабдықтар жаңартылыпты.Спортшылар волейбол, футбол және күрес алаңдарында алғашқы жаттығуларын бастап кеткен.Спорт кешенінің ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары, аудан әкімі және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпытов қатысып, өзінің құттықтау тілегін жеткізді.Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, желтоқсанда толық аяқталды. Жобаның жалпы құны - 452,8 миллион теңге. Тапсырыс беруші – аудандық құрылыс бөлімі, бас мердігер – «АймарСтройСервис» ЖШС, ал техникалық қадағалаушы – «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС.Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да өз кезегінде алғыстарын білдірді. Ауыл ақсақалы Жолдас Нұрымқанов мен Бәдегүл Бұзаубаева ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын айтып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ, спорт кешенінің жаттықтырушысы Ұлықбек Қалиолла жаңа нысан жасөспірімдер мен спортсүйер қауым үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938995
Мемлекеттің қолдауы Қарағанды облысында бизнесті дамытуға қалай көмектесуде 21.02.2025
Қарағанды облысында өткен жылы жергілікті бюджеттен 1276 жаңа бизнес-жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ жұмыс істеп жатқан компаниялар да мемлекеттік қолдауға ие болды. «Кәсіпкер» бағдарламасы мен Кәсіпкерлікті дамытудың 2021—2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының арқасында ортопедиялық матрас және бөлме аралық есік шығаратын кәсіпорындар өндірісті кеңейтіп қана қоймай, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды жолға қойды.2016 жылы құрылған «Фламинго KZ» ЖШС ортопедиялық матрастар шығарады. Компанияда өндірістің толық циклі – ортопедиялық серіппелі блокты дайындаудан бастап дайын өнімді орауға дейінгі процесс қамтылған. Жетекші өндірушілердің сапалы материалдарын пайдалану көптеген импорттық аналогтардан кем түспейтін өнім жасауға мүмкіндік берді. Бүгінде фабрикада 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Жыл сайын кәсіпорынның салықтық аударымдары ұлғаюда. «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша алынған қаражат компанияға өндірісті кеңейтуге, жаңа жабдықтар сатып алуға және өнімділікті арттыруға көмектесті.– Біздің мақсатымыз – өңірде ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша танымал бренд болу, – дейді «Фламинго KZ» ЖШС сату бөлімінің бастығы Екатерина Нұрахметова. – Мемлекеттік қолдау бізге тұрақты дамуға көмектеседі.İsmail Doors – ірі тапсырыстарды орындауға дайын, өңірдегі бөлмеаралық есік шығаратын санаулы компаниялардың бірі. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 10–12 мың есік. Бөлме аралық есіктер сертификатталған материалдардан жасалады. Компанияда 20 адам жұмыс істейді. Бизнесті кеңейтуге және құрал-жабдықтар сатып алуға кәсіпорын 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша қолдауға ие болды.Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарскаяның айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдау – бұл экономиканың болашағына салынатын инвестиция. 2024 жылы облыстық бюджеттен 1276 жаңа жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ бұрын қабылданған міндеттемелерді субсидиялау жалғасуда.– Біз бизнестің іскерлік белсенділігінің артқанын көріп отырмыз. Өңір экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 43,2% құрайды, – дейді Ирина Любарская. – Қолдаудың маңызды шараларының бірі бөлшек салық мөлшерлемесін екі есеге – 4%-дан 2%-ға дейін төмендету болды, бұл салық төлеушілер санын 20 есе, ал салық түсімдерінің сомасын 250 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді.Өңiрдегi шағын және орта бизнестi дамытудың басым бағыттары өңдеушi және туристiк салалар болып қалып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/937246
Балқаштағы жылыжайда алғаш рет қызғалдақтар гүлдеді 21.02.2025
Балқаш жылыжайында алдағы мерекелерге орай қызғалдақтар жайқалды. Әзірге гүлдер көп емес, бірақ сұраныс болса, олар жыл бойы өсіріледі.Балқаш жылыжайының иесі Нариман Сәрсембаев қызғалдақтарды тәжірибе ретінде отырғызғанын айтады. Әдетте оның жылыжайында қияр, қызанақ, тәтті бұрыш және аскөк өседі.– Қызғалдақтар – біз үшін жаңа бағыт. Ассортиментті әртараптандыруды шештік. Әрине, Саран мен Қарағандыдағы жылыжай иелерімен кеңесіп, көп нәрсені зерттеуге тура келді. Гүлдерді өзім гаражда тамыр жайғызып өсірдім. Ол жерде гүлдер үшін ең қолайлы температура болды. Қазір жылыжайда да температураны ұстап отырмыз. Қызғалдақтарға + 12 градус керек, бірақ бір қиыны сол жылыжайда қызанақ та бар, ал оларға жылу керек. Нәтижесінде + 14 температураны ұстап отырмыз. Бірінші партияда қараңғылықты дұрыс таңдауда аздап қателестік. Бірақ енді өзіміздің қателіктерімізді түсіндік, оларды түзетеміз, – деді Нариман Сәрсембаев.Қазір жылыжайда жеті мың қызғалдақ өседі. Егер гүлдерге сұраныс жоғары болса, онда олар тұрақты негізде өсірмек. Мұны кәсіпкер қажетті температураны ұстап тұру оңай болатын үй-жайда жасауды жоспарлап отыр.Балқаш жылыжайы 2500 шаршы метрді алып жатыр. Онда гидропоника сияқты ауыл шаруашылығының инновациялық тәсілдері қолданылады. Қызғалдақтар да осылай өсіріледі.– Әрине, біз кеңеюді қалаймыз. Бірақ мұның бәрі күрделі және үлкен инвестицияларды қажет етеді. Бізге субсидиялар өте көмектесер еді. Тағы бір проблема – кадр тапшылығы. Сауатты жас маман-аграршылар аз, – дейді Нариман Сәрсембаев.Осы қиындықтарға қарамастан, Балқаш жылыжайында аскөк пен көкөністің жақсы өнімін жинау жалғасуда.Қызметкерлер жас мамандармен бөлісе алатындай білім мен тәжірибе жинақтайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/937415