Ғылым
«Актриса болу – орасан зор еңбек»: Қарағандыдағы кездесуде Меруерт Өтекешова кинода ойнауды армандайтын қыздарға тәлім берді 21.02.2025
Қарағандыда аты аңызға айналған «Қыз Жібек» киноэпосына арналған «Қыз Жібек: рецепт любви и успеха» деректі фильмі көрсетілді. Тұсаукесер республикамызда басталған Қазақ киносы күндері аясында «Сарыжайлау» кинотеатрында өтті. Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова келді.Сұлтан-Ахмет Қожықовтың «Қыз-Жібек» фильмінің 50 жылдығына арналған деректі фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Бұл 1972 жылы шыққан киноэпостың неге ұлттық мәдениеттің інжу-маржаны болып қалатыны туралы ой толғауы.Белгілі қоғам қайраткерлері, драматургтер, киносыншылар өз пікірлерін білдіреді. «Қыз-Жібек» фильмінде Жібектің көңіліне үміттенген Бекежанның рөлін сомдаған қазақ киносының шебері Асанәлі Әшімов естеліктерімен бөліседі.Бұған дейін тұсаукесер Алматыда, ҚР Ұлттық кітапханасында өткен болатын.– Мен сіздерге, Қарағандыға келгеніме қуаныштымын. Қала керемет, әдемі, мәдениеті бай. Қазір, премьераның алдында Сәкен Сейфуллин атындағы театрда кездестік. Мен үшін бұл деректі фильмді көрсету үлкен оқиға, – дейді түсірілімнің бастамашысы және фильмнің продюсері Меруерт Өтекешова.Мұндай жобаның идеясы актрисаның жұбайы Құман Тастамбековтың көзі тірісінде пайда болған, ол «Қыз Жібек» фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған. Меруерт Өтекешова қазақ классикасын мәңгі есте қалдыру, оны болашақ ұрпаққа мәдени мұра ретінде қалдыру маңызды деп санайды. Ол аңызға айналған киноэпостан әлі күнге дейін режиссерлік жұмысты, актерлік шеберлікті, операторлық өнерді үйренуге болатындығына сенімді.Қарағандыдағы премьераға келгендер арасында жастардың қатары қалың.Жібек рөлі Меруерттің актер мамандығына жол ашқаны белгілі. Ол кезде ол 16 жаста еді, оныншы сынып оқушысы байқауға қатысуға бел буып, өмірінде алғаш рет түсірілім алаңына шыққан екен.Сұхбат барысында танымал кино және театр актрисасы рөлге ие болу және атақты болу үмітімен кастингке баратын қыздар туралы сұраққа жауап берді.– Өздеріңіз білесіздер, ештеңе оңай келмейді. Киноға түсемін, экранға шығамын деген – олай емес. Актриса болу – орасан зор еңбек. Егер таланты болса, ол жарып шығады. Егер болмаса, бір рет сәті түсуі мүмкін, ал одан кейін ештеңе дамымайды. Бірінші және басты рөлім оңай болды деп ойламасын. Мен ешкімге айтқан емеспін, айтпаймын да. Қазір Астанадағы өнер институтында сабақ беремін. Ал мені ешкім үйреткен жоқ. Бір ішкі түйсік болды, соның арқасында әріптестерімді, режиссерді, операторды сезіндім. Ал ішкі монолог керектігін, дайындалу қажет дегенді, мен білген жоқпын. Қазір біз оны төрт жыл бойы үйретеміз: біреулерге жетеді, біреулерге жетпейді. Қайталап айтамын: орасан еңбек пен жан тылсымы - кез келген мамандықта қажет нәрсе, – деді Меруерт Өтекешова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/937629
Қарағанды тау-кен индустриялық колледжінде дәнекерлеушілерге арналған кабинет жаңартылды 21.02.2025
Қарағанды тау-кен-индустриялық колледжінде KAZFITTING компаниясының қолдауымен дәнекерлеу ісі бойынша сабақтарға арналған арнайы пәндер кабинеті ашылды. Серіктестер күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаз сатып алып, барлық көрнекі құралдарды толығымен жаңартты. Енді студенттерге мамандық игеру ыңғайлы әрі оңай.2024 жылдың қыркүйегінде колледж «KAZFITTING» ЖШС-мен келісім жасасты, соның арқасында студенттер кәсіпорынға барып, өндіріспен танысып, тәжірибеден өте алады.КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Олег Кастальский кәсіпорындарды қолдау – оқытудың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Колледж білім береді, ал тәжірибе оларды бекітуге және нақты жұмысқа дайындалуға көмектеседі.– Бизнес пен білім берудің өзара іс-қимылы – жас мамандардың табысты мансабының кепілі, – деп санайды Олег Кастальский. – Мұндай жобалар бізге өндіріспен байланыс орнатуға және оқытуды барынша өнімді етуге көмектеседі.Бизнес үшін де бұл тиімді: компанияға жұмысқа дайын мамандар қажет. KAZFITTING бақылау-өлшеу құрылғылары және автоматиканы жөндеу және қызмет көрсету бойынша электр газ дәнекерлеушілер, электр жабдықтарын монтаждаушылар және слесарьлар қажет екенін айтады. Өндірістік процестермен таныс колледж түлектері бірден жұмыс табады.Мұндай ынтымақтастықтан қос тарап та ұтады: колледж материалдық-техникалық базаны жаңарту мүмкіндігіне ие болады, студенттер – сұранысқа ие мамандықты игереді, ал кәсіпорындар – даярланған мамандармен қамтылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/937932
Қарағанды облысында жол бойындағы тростық тосқауылдар сыналды 21.02.2025
Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар Астана – Карағанды (KAZ01) тас жолының қар басу қаупі жоғары учаскелерінің бірінде жол қоршауының инновациялық түрі, яғни тростық тосқауылдардың аралық сынағы өтіп, сәтті аяқталды. Аталған сынақтар Теміртау қаласының маңында орналасқан ұзындығы 500 метрді құрайтын тәжірибелік-эксперименттік учаскеде жүргізілді. Аталған тростық жабдық Қарағанды қаласының бағытындағы жолдың бойында, нақтылап айтқанда жолақтарды бөліп тұратын белдеуде және жолдың оң жақ жиегінде орнатылды. Сынақтардың нәтижесінде бұл құрылғы ауа райының қолайсыз жағдайында (боран кезінде) жоғары тиімділікті көрсетті.Тростық қоршаулар дәстүрлі металл кедергілерден қарағанда айтарлықтай артықшылықтарға ие. Әсіресе қалың қар мен қатты жел жағдайларында өте тиімді. Олар қардың тростар арқылы еркін өтуіне мүмкіндік береді. Бұл оның бөлу жолақтары мен жолдың жиектерінде жиналуына жол бермейді. Сондай-ақ мұндай қоршаулар жолдарды механикалық тазалау шығындарын азайтуға ықпал етеді. Сөз етілген қоршау түрлері АҚШ, Жапония және Еуропада экономикалық тиімділігіне байланысты белсенді түрде қолданылады.Жоба ҚазжолҒЗИ мамандарының ғылыми-техникалық жетекшілігімен жүзеге асырылып жатыр. Олар әртүрлі ауа райы және пайдалану жағдайларында тростық қоршаулардың тиімділігіне екі жылдық мониторинг жүргізбек. Тәжірибе оң нәтиже берген жағдайда, тростық қоршаулар қар басу қаупі жоғары учаскелерде дәстүрлі металл кедергілерге балама бола алады. Аталған қоршаулар қыс мезгілінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді деп күтілуде.ҚР Көлік министрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/938020
Саран әкімі: «Біз сенімді инфрақұрылым құру үшін жұмыс істеп жатырмыз» 21.02.2025
Биыл Саранда ТКШ жаңғырту жалғасады. Қала белсенді дамып келеді: тұрғын үйлер қалпына келтірілуде, жаңа нысандар ашылуда. Сәйкесінше инфрақұрылым осы өзгерістерге сай келуі тиіс.Өткен жылы Саранның ТКШ саласында қандай жұмыстар атқарылғаны және осы жылы не жасалатыны туралы Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтып берді.Өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді, ал 2025 жылы қаланы бұдан да маңызды өзгерістер күтіп тұр.– Біздің негізгі міндетіміз – қаланың барлық өмірлік маңызды жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жылумен жабдықтау мәселесі ерекше бақылауда, – деп атап өтті Саран әкімі Дарын Бұлқайыр.Бүгінгі таңда 113 көппәтерлі үй орталық қазандықтан, тағы 160 үй жергілікті қазандықтардан жылытылады. Биыл орталық жылу жүйесіне 57 үй мен 27 әлеуметтік нысан қосылады. Жұмыстар үйлердің дайындығына және ішкі құбырларға байланысты кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.Қалада су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасады. Өткен жылы 28 км магистральді және 20 км орамішілік желілер салынды. Угольный кентінде жұмыстар аяқталды, ал басқа аудандарда әлі де жалғасады. 2025 жылы үйлер жаңа желілерге қосылуы тиіс.Бұдан басқа, көлемі 10 мың текше метр болатын екінші су көтергіште резервуар салынуда.– Ол ауыз су қорын құруға және сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті әкім.РТИ ауданындағы үйлерді қалпына келтіруге байланысты сумен жабдықтаудың, су бұрудың, резервуардың және көтергіш сорғы станциясының магистральдық желілерін салуға ЖСҚ әзірлеу басталды.Сондай-ақ, Саранда электр желілері жаңғыртылуда: қала балансына 9 фидер мен 52 км иесіз желілер берілді. Биыл фидерлерді ауыстыру, кабель қимасын ұлғайту және жарықтандырудың жаңа тіректерін орнату жоспарланған. Ақтаста да электр желілерін жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба аяқталады. Бұл жұмыстардың барлығы электр энергиясын беру сапасын жақсартуға тиіс.Кәріз желілері де назардан тыс қалмады – 35,5 км қайта құру жоспарланған. Жұмыстар үш кезеңде жүргізілетін болады.– Қала өсуде, жаңа нысандар пайда болуда, желілер жүктемені көтеруге тиіс. Біз сенімді инфрақұрылым құру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деп атап өтті Дарын Бұлқайыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/937994
Қарағандылық параатлеттер Біріккен Араб Әмірліктерінен бес медальмен оралды 21.02.2025
Дубайда (БАӘ) Fazza World Para Athletics Grand Prix 2025 әлемдік Гран-при сериясы аясында әлемнің ең мықты ерекше жеңіл атлетшілерінің сайысы аяқталды. Қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасының құрамында сегіз медальдің бесеуін жеңіп алды.Ядро лақтыруда 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Дастан Мұқашбеков үздік атанды.Жүз метрге жүгіруден Руфат Хабибуллин үшінші орынды иеленді. Бірақ өткен маусымда ол өзін найза лақтыруда сынап көрді. Жаңа спорт түрінен нәтижесі – әлемдік Гран-при сериясының күміс медаліне ие болды.Игорь Хлыстов жүз метрге жүгіруден екінші орын алды.Ал бесінші жүлдені Бекжан Бөлкетай жеңіп алды – ұзындыққа секіруден күміс жүлдегер атанды.Параатлеттерді Сергей Безгачев жаттықтырады.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/938221
Қарағандылық зейнеткерлерді тегін спортпен шұғылдануға шақырады 21.02.2025
Қарағандыда қарттарға арналған Ұзақ өмір сүру орталығының қосымша учаскесі ашылады. Олар стретчинг, би, тыныс алу гимнастикасы және тренажер залына тегін бара алады.Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаңа учаскесі Ермеков көшесі, 46/2 мекенжайы бойынша 3 наурызда жұмыс істей бастайды. Онда жаттығу залы, спортпен айналысуға және іс-шараларға арналған залдар, үстел ойындары бар. Сондай-ақ орталықта психолог пен заңгердің кеңесін алуға болады.Мұндай учаскені құру бастамасы Қарағанды белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлеріне тиесілі.– Біз қарттарға барлығы 27 қызмет түрін көрсетеміз. Мұның бәрі тегін. Қазір бұл қызметтерге фитнес орталығы да қосылады. Ол толық жабдықталған, штат та жоғары педагогикалық білімі бар жаттықтырушылармен жасақталған, – дейді Белсенді өмір сүру орталығы директорының орынбасары Мария Құсайынова.Орталыққа келуге өтініштерді зейнеткерлер қазірден бастап бере алады. Ол үшін зейнетақы куәлігін, 027у нысаны бойынша амбулаториялық картадан үзінді көшірмені, психоневрологиялық диспансерден анықтама мен флюорографияны қамтитын құжаттар топтамасын жинау қажет.1 наурызға дейін құжаттарды мына мекен-жайға жеткізу қажет: Қарағанды Орталық саябағы, 157 квартал, 106 учаске, Sport Line фитнес-клубы. Клуб сағат 09:00-18:00, түскі үзіліс сағат 13:00–14:00 аралығында жұмыс істейді.3 наурыздан кейін құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ермеков көшесі, 46/2, Persona клубы. Жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.Қосымша ақпаратты (8-7212) 41-42-36 және 50-52-38 нөмірлері бойынша алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/938421
Қарағандыда қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформалары талқыланды 21.02.2025
Қарағандылық бизнесмендер ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековпен кездесуде салық реформаларына қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын білдірді. Пікірталас екі сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақыт аралығында түрлі салалар мен қызмет көрсету саласының 19 өкілі баяндама жасады. Ашық диалогта кәсіпкерлер өз ұстанымдарын білдірді.Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда Астанада бизнеспен кездесу барысында Үкіметке ҚҚС мөлшерлемесі бойынша мәселені қосымша пысықтауды тапсырған болатын. Жұмыс топтары жергілікті жерлердегі бизнес-қоғамдастықпен салықтық реформаларды талқылау үшін өңірлерге барады.Сараланған тәсілді енгізу мәселесі талқыланды.– Жалпы ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу ұсынылады, ал ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді салықтан толық босату жоспарланып отыр. Бірқатар салалар үшін аралық мөлшерлемені 10%-ға енгізу ұсынылды – деді Дәурен Темірбеков.Сондай-ақ, ҚҚС бойынша қолданыстағы есепке қою шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылады.Ал кәсіпкерлер нөлдік ҚҚС қолдануды кеңейту қажет деп есептейді.– Бүгін мен ет өңдеу саласының, агроөнеркәсіп кешеніндегі маңызды сегменттің мүддесін білдіремін. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ҚҚС-тан босатылған, ал ет өңдеу кәсіпорындары өндірістік тізбектің қисынды жалғасы болып табылғанымен, әзірге жоқ. Тең жағдай жасауды ұсынамын. Бұл шешім салықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ет өнімдерінің тұрақты бағасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді кәсіпкер Денис Дедов.Теміртаулық республикалық қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Марина Бошель B2B-бизнеске қатысты мәселелерді көтерді.Түрлі салалар қозғалды: тұрғын үй құрылысы, заң және бухгалтерлік қызметтер, сауда және т. б.Өңірлік кеңес мүшесі Николай Абт көлеңкелі экономикамен күреске, жекелеген салаларды монополиясыздандыруға, мемлекеттік активтерді жекешелендіруге және ірі шикізат компаниялары үшін салық жеңілдіктерін қайта қарауға назар аударуды ұсынды. Ол экономика мен бизнес үшін ықтимал тәуекелдерге егжей-тегжейлі талдау жасады.Кездесуге қатысушылар экономиканы дамыту мен жұмыс орындарын көбейтуді қамтамасыз ететін шағын және орта бизнестің мүдделерін ескеруге шақырды. Барлық ұсыныстар «Атамекен» ҰКП арқылы қаржы министрлігіне жіберіледі.– Жақсы диалог болды. Көптеген ұсыныстар айтылды. Бәрін жазып алдық, әрине, талқылаймыз. Біз өңірлерді аралаймыз, ұсыныстардың бір бөлігі ұқсас. Жаңа салық кодексінде ескерілген сұрақтар да қойылды. Жұмыс жалғасады, соның ішінде Парламент алаңында да, – деп қорытындылады сөзін Дәурен Темірбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/938592
Қарғалы су қоймасында демалыс аймағы мен ойын-сауық саябағы салынады 21.02.2025
Жобаның жалпы құны – шамамен 4 миллиард теңге. Болашақта 200-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Облыс әкімі Қарғалы ауданына жұмыс сапары аясында су қоймасында болып, туристік аймақты дамыту жобасымен танысты.«Samet International» ЖШС-нің «Qargaly Eco Resort» жобасы тұрғын үй және ойын-сауық объектілерін, мейрамханаларды, спорт және ойын алаңдарын, сондай-ақ жайлы демалу үшін түрлі инфрақұрылымдық объектілерді қамтитын экологиялық таза курорттық аймақ құруды көздеп отыр.Компания жобаны өз қаражаты есебінен іске асырмақ. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 2022 жылы су қоймасының аумағында 29,2 млн теңгеге электр беру желісі жүргізілді.Жазда мұнда 8 және 4 орындық екі демалыс үйі жұмыс істей бастады, олардың жанында пирстер мен үш контейнер орналастырылған. Жоба су қоймасы аумағында туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстаннан да, шетелден де туристерді тартуға ықпал ететін жаңа объектілерді одан әрі кеңейтуді және құруды септігін тигізбек.«Біз алдағы су тасқынына дайындық аясында Қарғалы су қоймасының жай-күйін қарап шықтық. Бүгінде ол 200 миллион текше метрге толды. Көктемде тағы 150 миллион текше метр су келеді деп күтілуде. Біз жағдайды мұқият қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Сонымен қатар, су қоймасының айналасын абаттандыру жоспарлануда. Мұнда жергілікті тұрғындар мен туристер үшін бірегей демалыс орнын құрмақпыз.Қарғалы ауданындағы табиғат өте керемет және біз мұнда туризмді белсенді дамытамыз. Жолдарды ретке келтіріп, ұялы байланысты жақсартамыз. Біз ауданда туристік саланы дамыту бойынша өз идеяларын ұсынған кәсіпкерлермен кездестік және оларды міндетті түрде қолдаймыз. Туризмнің дамуы Қарғалы ауданының өсуі мен өркендеуі үшін жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдімін», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938903
ЖОСПАР-2025: ШЫМКЕНТТЕ 59 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖӨНДЕЛЕДІ 21.02.2025
Биыл Шымкент қаласының басты көшелерінде орналасқан 59 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстар көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңартып, бірыңғай сәулеттік келбет қалыптастыруға бағытталуда.Қазіргі таңда техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Техникалық зерттеу нәтижелері бойынша жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің тізімі анықталды. Атап айтқанда:1. Әл-Фараби ауданында – 20 көппәтерлі тұрғын үй2. Еңбекші ауданында – 8 көппәтерлі тұрғын үй3. Тұран ауданында – 31 көппәтерлі тұрғын үй.Осы тізімге енген үйлерге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938710
Қарғалының шаруалары мемлекеттік қолдаулар тетіктерін тиімді пайдалануда 21.02.2025
Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылында «Қуаныш» шаруа қожалығы әулиекөл сиырының тұқымын өсірумен айналысады.Қарғалы ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қос-Естек ауылында болды. Ол әулиекөл ірі қара малының тұқымын өсірумен табысты айналысып жатқан «Қуаныш» фермерлік шаруашылығына барды.2023 жылы шаруашылық 100 бас аналық ірі қара мал мен 4 өндіруші бұқаны сатып алып, екінші жылы жоғары нәтижеге қол жеткізген, бүгін малдың 85% төлдеген. Қазір фермерлер мал басын 500 аналыққа жеткізіп, Қазақстан аумағында малды сату мақсатында тұқымның көбеюін дамытуды жоспарлауда. «Қуаныш» ФҚ зоотехнигі Арман Илюповтің айтуынша, әулиекөл тұқымы өңірдің климатына жақсы бейімделген және күтімі қиындықтар туғызбайды.Шаруашылық сонымен қатар өсімдік шаруашылығымен айналысады, өзін-өзі жеммен қамтамасыз етеді. 2024 жылы 1118 гектар жерге бидай, арпа және сұлы еккен.Облыс әкімі шаруашылық жұмысының тыныс-тіршілігімен танысып, қожалық басшылығымен одан әрі дамыту жоспарларын талқылап, фермерлерді мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай бастамалар өңірдегі экономикалық жағдайды жақсартуға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға көмектесетінін алға тартты.Содан кейін аймақ басшысы Қос-Естек ауылында орналасқан «Моя семья» наубайханасына барды.Оны тоғыз бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Наталья Роде ашқан. Балалармен бірге олар 700-ге дейін нан және басқа да нан өнімдерін пісіріп, ауылдарға жеткізеді.«2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында төрт миллион теңге көлемінде грантқа ие болдым. Осы ақшаға жабдықтар мен пештер сатып алдым. Бастапқыда нанды үйде пісірдім, қыздарым көмектесті, ал ұлдар нан тасымалдаумен айналысты. Нан-тоқаш өнімдері сұранысқа ие бола бастады және біз кәсіпті кеңейтіп, наубайхана салуды жөнінде шешім қабылдадық. 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қамыр илейтін құрал-жабдық, қалып және тоңазытқыш сатып алу үшін 1,3 миллион теңге көлемінде несие алдық. Біз бұл несиені тезірек жауып, ол отбасылық бизнесіміздің дамуына оң әсер етті», - деді Наталья өз ісі туралы.Енді кәсіпкер мемлекеттік қолдау бағдарламасы арқылы нан тасымалдау үшін көлік сатып алуды жоспарлап отыр.«Ауылдағы отбасылық бизнес - бұл тұрақтылық пен өсудің кепілі. Мұнымен тоқтамай, әрі қарай дамыңыздар. Балаларыңыз сізге көмектесіп жатыр - бұл дәстүр мен сабақтастықты сақтаудың маңызды қадамы. Нанға деген қажеттілік әрқашан болады. Табысқа жетудің барлық негіздері жолға қойылған», - деп әкім кәсіпкерге табыс тіледі.Бұдан әрі облыс әкімі Велиховка ауылында болып, Юрий Барановтың басшылығымен 1999 жылдан бері дамып келе жатқан жергілікті фермерлік шаруашылықтың қызметімен танысты.«Велиховка» ШҚ өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік алқаптарының ауданы – 4 405 га, шабындық – 536 га, тағы 1 968 га жайылымға бөлінген. Мал басының саны 400-ге жуық. Былтырғы жылы 4 297 га дәнді дақылдар егілді, 228 га жемшөпке бөлінді.Шаруашылық заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталған. Бүгінгі таңда фермада 30 адам жұмыс істейді, олар кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.«Ауыл шаруашылығын дамытып қана қоймай, бүкіл аймақтың өркендеуіне ықпал ететін жұмыс орындарын құратын фермерлерге қолдау көрсету маңызды. Біз бизнесті кеңейтуге, жабдықты жаңартуға және еңбек жағдайларын жақсартуға көмектесетін бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз орнықты дамуға қол жеткізе аламыз, ауылдық жерлердегі өмірді жақсарта аламыз және келер ұрпақ үшін табысты болашақты қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938754
Бадамшада «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Балапан» балабақшасы жөнделді 21.02.2025
Ғимаратты жөндеу 2024 жылы аяқталған, оны «Бабэк Құрылыс» ЖШС компаниясы жүзеге асырды. Жұмыс құны – 176,6 млн теңге. Күрделі жөндеу және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи өрт дабылы жүйесі орнатылған, электрмен жабдықтау ретке келтіріліп, балабақша аумағы абаттандырылды, балалар карусельдері мен ойын алаңдары қойылды.Қарғалы ауданына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Бадамшадағы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделген мектепке дейінгі мекемеге барды. Әкім атқарылған жұмыстарды бағамдап, балалардың тұрғын жағдайларымен танысты.«Балапан» мектепке дейінгі мекемесінің директоры Жанат Биманбаева сәбилердің жайлы және қауіпсіз ортала тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Қазір балабақшаға 82 бала келеді, штат 29 қызметкерден тұрады, оның ішінде 13 тәрбиеші мен әдіскер бар. Аудан орталығында балабақша кезегінде екі жасқа дейінгі 31 бала тұр.Балабақшада балалардың көркемдік дамуына арналған кабинет, ойын бөлмелері, музыка залы, медициналық кабинет жаңартылды. Ас блогында тоңазытқыш камералары бар заманауи ас үй жабдықтары орнатылған. Балабақша ғимаратында мұғалімдердің жұмысына ыңғайлы болу үшін Wi-Fi бар.«Біз балалар үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін ауылдарда инфрақұрылымды белсенді қолдауды және дамытуды жалғастырамыз. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, әр бала үшін тең мүмкіндіктер бағытындағы маңызды қадам. Әр баланың әлеуетін ашуға көмектесетін сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет. Балалардың психикалық дамуына ерекше назар аудару керек. Қажет болса, біз Монтессори сияқты мамандандырылған кабинеттерді немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін түзету кабинеттерін ашамыз. Бұл әр балаға жалпы дағдыларды дамытып қана қоймай, жеке ерекшеліктеріне қарамастан үйлесімді дамуға көмектеседі», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938826
Қарғалы ауданының ауруханасына жапсарлас ғимарат салынады 21.02.2025
Қарғалы ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі орталық ауруханаға барып, диагностикалық бөлімшені орналастыру үшін салынатын қосымша жобамен танысты.Аудандық аурухананың бас дәрігері Берік Жаржанов бұл нысан пациенттерге қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартуға және диагностика мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.Аурухана 1955 жылы салынған. Оның жанында 54 төсек-орынға шақталған стационар жұмыс істейді. Сондай-ақ, бір ауысымда 150 науқасқа қызмет көрсететін емхана бар. Ауруханаға 6 дәрігерлік амбулатория және ауданның 9 медициналық пункті бекітілген. Аурухана ұжымы 162 адамды құрайды.«Қарғалы ауданы қарқынды дамуда. Мұнда жаңа үйлер салынуда, халық саны артып келеді. Жапсарлас нысанды салу және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту - бұл процестің маңызды қадамы. Аудан тұрғындары сапалы медициналық қызмет алуы үшін біз денсаулық сақтау жұмыстарын қолдап, жақсартуды жалғастырамыз», - деді облыс әкімі.Өңір басшысы ауруханаға қосымша құрылыс салу жобасын қаржыландыру мәселесі облыстық мәслихат сессиясында қаралатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938841
АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ 11-ШІ ҚАЙТА ҚАРАЛҒАН АУРУЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖІКТЕМЕСІ ҰСЫНЫЛДЫ 20.02.2025
Алғаш рет мемлекеттік тілде 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесі (АХЖ-11) ұсынылды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ресми түрде қазақ тіліндегі нұсқасын қамтитын 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесінің (АХЖ-11) жаңартылған нұсқасын ұсынды.Бұл медициналық деректердің дәлдігін, егжей-тегжейін және үйлесімділігін арттыруға ықпал ететін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Қазіргі уақытта әлемнің 132 елі АХЖ-11 енгізу бойынша жұмыс істеуде, бұл ретте қазақ тілі АХЖ-11 ресми аударылған 11-ші тілге айналды. Бұған дейін ағылшын, испан, орыс, өзбек және басқа да бірнеше тілдердегі нұсқалары шыққан.АХЖ-11 аурулар мен денсаулыққа қатысты мәселелерді жіктеу мен кодтаудың жаһандық стандартын білдіреді. Құжатта жарақаттардың, аурулардың және өлім себептерінің шамамен 55 000 бірегей коды бар. Ол медициналық құжаттаманы жүргізуді стандарттауға, аурулардың нақты есебін қамтамасыз етуге және ұлттық және халықаралық деңгейде деректермен алмасуды жеңілдетуге мүмкіндік береді.«АХЖ-11 қазақ тіліндегі нұсқасы статистика мен сырқаттанушылықты талдау процесін жақсартуға, эпидемиологиялық ақпаратты жинауға және есепке алуға мүмкіндік береді, бастапқы буындағы медициналық-санитариялық көмекті жақсартуға ықпал етеді, профилактика және емдеу мәселелерін сапалы реттеуге жәрдемдеседі, медициналық деректерді елде және шетелде бірдей түсіндіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында АХЖ-11 мақұлдағаннан кейін, 2019 жылдың мамырында ДДҰ-ға мүше елдердің алдыңғы нұсқадан (АХЖ-10) кезең-кезеңімен көшу процесін бастады. Қазақстанда қазақ тіліне аудару жобасы 2023 жылы Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен медицина университеттерінің белсенді қатысуымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен басталды. Бұл үдерісте ДДҰ сарапшылары техникалық қолдау көрсетті.«Қазақ тілін АХЖ-11-ге қосу - Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, медициналық құжаттама мен статистикалық мәліметтердің сапасын арттырады. Бұл денсаулық жағдайын талдауға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуды стратегиялық жоспарлауға көмектесетініне сенімдімін»,-деп атап өтті ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі доктор Skender Syla.АХЖ-11 туралы қосымша ақпаратты ДДҰ-ның: https://www.who.int/standards/classifications/classification-of-diseases ресми парағынан табуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/938338
ВИЦЕ-МИНИСТР Е. НҰРЛЫБАЕВ АҚТӨБЕДЕГІ ӨҢІРЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ АЛҚАСЫНА ҚАТЫСТЫ 20.02.2025
Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Ақтөбе облысының медициналық ұйымдарына барып, өңірлік денсаулық сақтау басқармасы алқасының кеңейтілген отырысына қатысты.Жұмыс сапары шеңберінде Ержан Нұрлыбаев биылғы жылы жаңа туған нәрестелер хирургиясы орталығы мен №3 қалалық емхананы ашу жоспарланған облыстық перинаталдық орталыққа барды.Сапардың шеңберінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.Бұл құжат медицина кадрларын даярлау, практикалық медицина және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына инновацияларды бірлесіп енгізуге бағытталған.Сондай-ақ, вице-министр Марата Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығы бөлімшелерінің жұмысымен танысты және жоғары оқу орнының ұжымымен кездесу өткізді.Кеңейтілген алқа барысында вице-министр өңірлік денсаулық сақтау қызметінің 2024 жылғы қорытындыларымен танысты, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі міндеттерді белгіледі.«Біз ана мен бала денсаулығын сақтауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл Ақтөбе отбасыларын гравидаралды даярлықпен қамтуды кеңейту, МСАК мамандары мен көпбейінді стационарлардың арасындағы кәсіби байланысты нығайту, арнайы бейінді мамандардың біліктілігін арттыру», - деп атап өтті Ақтөбе облысы ДСБ басшысы Ерлан Сұлтангереев.Алқа барысында ауылдық жерлерде кадрлармен жеткіліксіз қамтылу мәселелері көтерілді. Медицина мамандары әлеуметтік қолдау шараларының арқасында ауылдық жерлерде 100-ге жуық маман, оның 25-і арнайы бейін маманы жұмысқа орналастырылды.Алқаның қорытындысы бойынша Ержан Нұрлыбаев ақтөбелік әріптестерімен бірлесіп өңірлік денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелеріне талдау жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/938751
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ АШЫЛДЫ 20.02.2025
Атырау облысы Құрманғазы ауданының Кудряшово ауылында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Әбдалиевтің қатысуымен жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылды.Жаңа медициналық нысан мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынды.2 мыңға жуық жергілікті тұрғынға қызмет көрсететін салынған ФАП ыңғайлы жағдайда медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Медициналық ұйым штатында пациенттерді 1 дәрігер және 5 орта буын медицина маманы қабылдайды.Жаңа нысан сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қосылған, сондай-ақ медициналық жабдықтармен толық жарақтандырылған, физиотерапия, вакцинациялау кабинеттері, дәріхана пункті бар.Ұлттық жобаның шеңберінде Атырау облысында 18 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған, оның 13-і пайдалануға берілген.Өңірде ауылдық елді мекендерді білікті медицина кадрларымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін ауылдық медициналық ұйымдарға жұмыс істеуге келген мамандар үшін 10 миллион теңгеге дейін біржолғы көтерме төлем енгізілді.Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жаңа ФАП ашу ауыл халқының денсаулығын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/938798
РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ: ӨНЕРКӘСІП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘЛЕУМЕТТІК САЛА 20.02.2025
Рудный қаласында Қостанай облысының әкімі Кумар Аксакаловтың төрағалығымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өтті. Кеңеске мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бизнес, білім беру мекемелері мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.Кеңес барысында қаланың негізгі даму бағыттары, соның ішінде өнеркәсіп секторын жаңғырту, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, тұрғын үй құрылысы, қаланы абаттандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ медициналық және білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту мәселелері қаралды.«Рудный – бұл тек қуатты өнеркәсіптік орталық қана емес, сонымен қатар тұрғындарға жайлы әрі ыңғайлы болуы тиіс қала. Өндіріс, инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау және спортқа салынған инвестициялар – тұрақты дамудың кепілі. Барлық негізгі жобалар менің жеке бақылауымда», – деді Кумар Аксакалов.ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУРудный облыстың стратегиялық индустриялық орталығы болып қала береді, және оның дамуы қазіргі заманғы технологияларды енгізу мен жаңа өндірістерді ашусыз мүмкін емес.Ірі инвестициялық жобалардың бірі – ыстық брикеттелген темір (ГБЖ) өндіріс зауытының құрылысы. Жобаның құны 920 миллиард теңгені құрайды, жоспарланған қуаттылығы – жылына 4 миллион тонна. MIDREX технологиясын енгізу көмірқышқыл газының шығарындыларын 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба аясында 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады, ал жыл сайынғы салық түсімдері 32 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғаннан кейін өңірдегі шикізатты қайта өңдеу көлемі 2,2 есе артады.2025 жылы сұйытылған табиғи газ (СПГ) өндіріс зауытының құрылысы басталады. Бұл жоба кәсіпорындар мен көлікті экологиялық және қолжетімді отынмен қамтамасыз етеді. Жобаның құны – 14 миллиард теңге, жоспарланған қуаттылығы – жылына 50 мың тонна газ. 60 жаңа жұмыс орны құрылады.Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде. Бұл болашақта кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз етеді.КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ2025 жылы Қостанай – Рудный автожолын қайта жаңарту жобасы басталады. Жөндеу жұмыстарының ұзындығы 31 шақырымды құрайды, жобаны іске асыруға 6,6 миллиард теңге бөлінді. 25 шақырым жол бөлігіне жарықтандыру орнатылып, жылдамдықты бақылау камералары орнатылады.Қаланың көлік желісін жаңғырту аясында жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайтын 47 көшені жөндеу жоспарланған, оның ішінде Горняков көшесін қайта жаңарту жұмыстары аяқталады.Қоғамдық көлік паркін жаңарту жалғасуда. 2025 жылы 37 жаңа автобус сатып алынады, бұл қалалық автопарктің 50%-ын жаңартуға және маршруттар арасындағы интервалды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа 860 миллион теңге бөлінді.ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ САУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ2024 жылы Рудныйда 45 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5%-ға көп. Соңғы екі жылда тұрғын үй кезегі 9,3%-ға қысқарды.Жаңа тұрғын үйлердің салынуымен қатар, ескі ғимараттарды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 21 мың шаршы метр болатын 9 көпқабатты үй қалпына келтірілді, 16 мың шаршы метрді құрайтын 4 жаңа үй салынды. Қазіргі уақытта 7 үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде (4-уі Рудныйда, 3-уі Қашар кентінде), сондай-ақ тағы 10 жаңа үйдің құрылысы жоспарланған.2025 жылы 9 көпқабатты үйдің қасбеттері мен шатырларын жөндеуге 700 миллион теңге бөлінді.Сондай-ақ, ескі үйлердегі лифт жабдықтарын жаңарту жалғасуда. Соңғы екі жылда 17 жаңа лифт орнатылды, ал 2025 жылы тағы 15 лифт ауыстырылады, бұл мақсатқа 262 миллион теңге қарастырылған.Қаланың абаттандыру бағдарламасы аясында аулалар көгалдандырылып, орындықтар мен жарықтандыру жүйелері орнатылады, балалар және спорт алаңдары салынады.Қалада ірі сауда-ойын-сауық орталығының (СОО) болмауына байланысты, облыс әкімі Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенкоға бұл мәселені зерттеуді, ықтимал құрылыс орындарын анықтауды және жобаны жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту жөнінде жұмыс жүргізуді тапсырды.БІЛІМ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ СПОРТ2025 жылы 900 және 1200 орындық екі жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған Оқушылар сарайын салу жобасы қарастырылуда.Рудный индустриалды институты университет мәртебесін алып, студенттер саны 6%-ға артты. Университет базасында оқу зертханалары мен Жастар ресурстық орталығын орналастыру үшін аяқталмаған ғимаратты қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылуда.Денсаулық сақтау саласында жеке инвестициялар есебінен жаңа емхана салынып жатыр. Ол күніне 250 адамға дейін медициналық қызмет көрсетеді.Қалада екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, сондай-ақ қалалық стадионның жобасы әзірленуде.Кәсіби спортты дамыту жалғасуда: «Горняк» хоккей клубы мен «Аят» футзал клубы ұлттық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, олардың тәрбиеленушілері Қазақстан құрамасына шақырылуда.ЭНЕРГЕТИКАӨңірде үш жел электр станциясы, бір күн электр станциясы және бір газ-поршенді станциядан тұратын бес жаңа электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Рудныйда қуаты 1 ГВт болатын ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталады. 165 жел генераторы орнатылады, ал инвестициялар көлемі 580 миллиард теңгені құрайды. Жоба облыстағы электр энергиясын өндіру көлемін 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді.ҚОРЫТЫНДЫРудный қаласын кешенді дамыту халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңа бизнес пен жастар үшін мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Барлық жобалар облыс әкімінің жеке бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/941319
Республикалық командалық айтыста Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанды 19.02.2025
Қызылордадағы "Өнер орталығында" облыс әкімінің қолдауымен өткен «Адал еңбек – ел ырысы» атты Қызылорда және Алматы облысы ақындарының республикалық командалық айтысы қорытындыланды.«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай еңбек құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған өнер додасында айтыскерлер түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы бойынша, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрларында сынға түсті.Түре айтыста алматылық Жәмәли Айбын мен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан сөз бәсекесін қыздырды.Дәстүрлі ән жанрында Бейсенбек Төлеубай мен Ұлжан Ағлақова әуелете ән шырқаса, термешілер Ербақ Құрметжанұлы мен Күнсұлу Түрікпен текті өнердің төресін танытты.Қайым айтыста Мұхтар Ниязов қарсыласқа қиын ұйқас ұсынып, сөзден тосылмаған қос жүйрік елдің шынайы ықыласына бөленді.Аламан айтыс шамамен 6 сағатқа созылды. Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанып, республикалық командалық айтыстың ақтық кезеңіне жолдама алды.Сыр еліндегі өнер бәйгесінің көрігін қыздырған екі команданың мүшелеріне де қаржылай сыйлық табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940036
Аймақ басшысы Шығармашылық- инновациялық орталықтың құрылысымен танысты 19.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы Шығармашылық-инновациялық орталықтың құрылысымен танысты. Орталықты «Bi Global» серіктестігі салуда. Жалпы ауданы 3820,43 шаршы метрлік ғимараттың бас жобалаушысы «TEHNIKALIQ BAQILAU» , техникалық қадағалаушысы «Алатау Сапа Құрылыс» серіктестіктері.Орталықта балаларға спорттық сауықтыру, көркем - эстетикалық, ғылыми-техникалық, тарихи-өлкетану бағыттарында қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек, волейбол, баскетбол, футбол, воркаут алаңдары, соңғы үлгідегі бассейн қарастырылған. Сондай-ақ, мұнда оқушылардың білімін жетілдіріп, ғылыми жұмыстармен айналысуына мүмкіндік болады. Қаланың көлік қозғалысы қарқынды көшелерінің біріндегі құрылыс алаңында сәулетті ғимарат бой көтеретін күн жақын. Орталықты межелі мерзімде табыстау үшін жұмыс жүргізілуде.Айта кетейік, өңірде құрылыс жұмыстары республикалық орта көрсеткіштен 41 пайызға жоғары. Аймақта жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Өткен жылы 69 жаңа ғимарат салынды, оның 25-і білім, 16-сы денсаулық сақтау, 11-і мәдениет, 17-сі спорт саласына тиесілі.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 21 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 5 білім ордасы пайдалануға берілді, 5 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынды.Облыстың барлық ауылындағы денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық көлік алынып, жедел жәрдем мәселесі толық шешілді. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4,8 млрд. теңге қаржы бөлді. Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды.Мұнан бөлек, 1 млрд. 100 млн. теңгеге скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешендер алынып, бүгінде ауыл тұрғындарына үздіксіз медициналық қызмет көрсетуде. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 млрд. теңгеге жуық қаржыға облыс орталығы мен аудандарда жаңа ғимараттар, парктер, ойын алаңдары салынып, мемлекет теңгеріміне өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940041
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды 19.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесті. Басқосуда аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.Балалардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ оқу процесін цифрлық құралдармен, қазіргі заманғы білім беру технологияларымен қамтамасыз етеді. Өңірде ұлттық жоба аясында 6900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2700 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді.Айта кетейік, өткен жылы аймақта 6 мектеп, ал 5 білім ордасына қосымша ғимарат салынып, Арал ауданы Тоқабай ауылындағы, Шиелі кентіндегі және осы ауданның Жансейіт ауылындағы апатты мектептердің мәселесі шешілді. Тағы 8 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды. Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты алдағы уақытта іске қосылады.Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940044
Костанай облысы – машина жасау орталығы: Қазақстандағы алғашқы автокомпоненттер шығаратын зауыт салынуда 18.02.2025
Костанай облысы Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмасын жүзеге асырып, үш негізгі экономикалық бағыт бойынша дамып келеді: машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Өңірдің басым бағыттарының бірі – автомобиль жасау мен автокомпоненттер өндірісін қамтитын машина жасау саласын дамыту.Машина жасау: өндірісті кеңейтуБүгінде Қостанай облысында төрт ірі машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді, олар жеңіл, жүк және ауыл шаруашылығы техникасын шығарады. Айта кету керек, төртінші зауыт 2024 жылдың күзіне қарай іске қосылды. Өңірдің өнеркәсіптік дамуы аясында 2025 жылдың соңына дейін тағы екі жаңа зауыт ашу жоспарланған:● KIA автомобиль зауыты – жылына 70 000 автокөлік өндіру қуатымен, 1 500 жаңа жұмыс орнын ашады;● Жүк көліктеріне арналған басты беріліс қораптары зауыты – 550 жаңа жұмыс орнын құрады.Қосымша, 2026 жылдың басында автокомпоненттер шығаратын тағы бір зауыттың ашылуы күтілуде. Бұл кәсіпорын өңірдің автокөлік өндірісі кешеніндегі жетінші зауыт болмақ және қазақстандық автомобиль зауыттарын қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді.Автокомпоненттер зауыты: өндірісті жергіліктендіруАвтокомпоненттерді жергіліктендіру орталығын салу – импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірдің машина жасау кластерін нығайтуға бағытталған. Жоба жүзеге асқаннан кейін қазақстандық автомобиль зауыттарына отандық компоненттерді жеткізу қамтамасыз етіледі.Жобаның негізгі көрсеткіштері:● Инвестиция көлемі – 17,8 млрд теңге;● Жаңа жұмыс орындары – 800;● Өндірістік қуаты – жылына 60 000 компонент;● Өндірістік аумақ – шамамен 30 000 м².Қандай бөлшектер өндіріледі?Жаңа кәсіпорында бұған дейін шетелден әкелінген мынадай компоненттер шығарылатын болады:● Орындықтар;● Глушительдер;● Бамперлер, айналар, пластиктен жасалған кузов элементтері;● Электр сымдары;● Интерьер және экстерьер бөлшектері;● Автокөлік бояулары мен герметиктері.Жұмыс орындары және кадрлық әлеуетБүгінгі таңда өңірдің машина жасау саласында 5 053 адам жұмыс істейді, ал жаңа зауыттардың іске қосылуымен бұл көрсеткіш 7 500-ден асады. Автомобиль жасау, металлургия және автоматтандыру салаларында мамандарды белсенді түрде даярлау жүріп жатыр, бұл кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Автокомпоненттер зауытының іске қосылуы Қазақстанда автомобиль өндірісінің толық циклын құру жолындағы маңызды қадам болмақ.«Бұл жоба қазақстандық автозауыттарды отандық компоненттермен қамтамасыз ететін елдегі алғашқы толыққанды машина жасау кластерінің негізін қалады», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/939984