Ғылым
Саран қаласы салық түсімдерін шоғырландыра бастады 01.02.2025
Қарағанды облысындағы Саран қаласының экономиканы әртараптандыру жөніндегі табысты тәжірибесі үлгі ретінде мысалға келтірілді. Бұрынғы моноқала айтарлықтай салық түсімдерін жинай бастады. Бұл индустриялық аймақты дамытудың арқасында мүмкін болды.– Қалалар мен аудандар әкімдері бейінді басқармалармен бірлесіп, салық салу базасын ұлғайту, бизнесті дамыту, жаңа инвестициялар тарту және инфрақұрылымдағы алшақтықтарды азайту үшін ұдайы жұмыс істеуі қажет. Мысалы, Саран қаласындағы жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістерді қолдау есебінен экономика толығымен әртараптандырылған. Өткен жылы мемлекеттік бюджетке 21,4 млрд теңге салық пен төлем түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке – 7,2 млрд, жергілікті бюджетке – 14,2 млрд, оның жартысы негізгі проблемаларды шешуге қала бюджетіне түсті, – деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының қойған тапсырмаларын іске асыруды талқылау бойынша өңір активінің кеңесінде.Ол облыста өсу нүктелерінің бірі Теміртау маңында металлургиялық кластер құру болатынын атап өтті. ШОБ-тің жаңа жобаларын мемлекеттік қолдау, оның ішінде жергілікті бюджеттен субсидиялау қарастырылған.Ал «Сарыарқа» АЭА-да кремний кластерін құруға болады.Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ шағын өнеркәсіптік аймақтарды дамыту туралы айтты. Бұл жергілікті тауар өндірушілер өз цехтарын жеңілдікті шарттармен орналастыра алатын алаң. Биыл Қарағандыда екі және Саранда бір шағын өнеркәсіптік аймақ ашу жоспарлануда. Теміртауда - «Кармет Сервис» базасында және Шахтинскіде – ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған синтетикалық жуғыш заттар зауытының базасында осындай алаңдар құру пысықталуда.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев басқа қалалар мен аудандарда да шағын өнеркәсіп аймақтарын құру және тоқтап тұрған өндірістерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928287
Ермағанбет Бөлекпаев: «Монополистер тұрғындарға ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндіруі тиіс» 01.02.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев монополистерге тұтынушылар алдында есеп беру қажеттігін еске салды. Тұрғындар «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасының іске асырылуы туралы хабардар болуы тиіс.– Уәкілетті органдармен желілерді жаңғырту, оған «ұзақ ақша» деп аталатын жеке қаражатты тарту бойынша нақты ұсыныстарды қарастыруды және беруді сұраймын. Сондай-ақ, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасына қатаң бақылау жүргізіңіздер. Монополистер тұрғындарға қаражатты қайда бағыттайтынын түсіндіруі тиіс. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті мұны бақылауы қажет. Тарифтер көтерілуде, бірақ біз барлығымыз оң өзгерістерді көруіміз керек, – деді Ермағанбет Бөлекпаев Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыруды талқылау жөніндегі өңір активінің кеңесінде.Биыл қалалар мен аудандарда орталықтандырылған сумен жабдықтауға 100 пайыз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті ол.Сондай-ақ, инженерлік желілердің тозуын азайту жұмыстары жалғасады.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов биыл 81,1 км су құбыры желісін салу және қайта жаңарту жоспарланып отырғанын баяндады. Тұрғындары аз елді мекендерде 25 блок су орнатылуы тиіс.Бұдан басқа, 2025 жылға арналған жоспарда 85 шақырымнан астам электр беру желілерін реконструкциялау, жаңғырту және күрделі құрылыс көзделген.Жылумен жабдықтауды жақсарту үшін 24,5 км желіні қайта құру және салу жоспарлануда. Жобалар бюджет қаражатына және инвестициялық бағдарламалар есебінен іске асырылады. Бұдан басқа, 68 км жылу желісін ағымдағы жөндеу көзделген. Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында қазандық салу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928289
Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Бах және Равель шығармаларын орындайды 01.02.2025
Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 2 ақпанда сағат 12:00 фортепиано музыкасының концертіне шақырады. «Шалқыма» концерт залында Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Бах пен Равельдің тамаша шығармаларын орындайды.Бағдарламада № 1 d-moll Иоганн Себастьян Бах фортепианоға арналған концерт пен Морис Равельдің № 1 G-dur оркестріне арналған концерт бар.Солистер – Нұргүл Төлеуова (Алматы) және Мақпал Кабден (Париж).Пианиношы Макпал Кабден Қытайда дүниеге келген. А. Корто атындағы Париж жоғары музыка мектебінің аспирантурасын белгілі педагог және орындаушы Гигла Кацарава сыныбында бітірген. Көптеген беделді конкурстардың лауреаты. Табысты концерттік қызмет жүргізуде.Дирижерлік пультте – халықаралық конкурстардың лауреаты композитор Әбілқайыр Сағымбаев.41-13-14, 41-22-36 телефондары бойынша анықтама алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928292
Қарағандыда салынып жатқан рұқсат құжаттары бар тұрғын үй кешендерінің тізімі 01.02.2025
Бүгінгі таңда Қарағандыда 57 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның ішінде 48 – барлық рұқсат құжаттары бар, 4 КТҮК-де құжаттардың толық пакеті бар, бірақ құрылыс жұмыстары тоқтатылды, 3-еуінде рұқсаты жоқ және 2-еуінде ұзақ құрылыс.Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін барлық рұқсат құжаттары бар салынып жатқан үйлердің тізімі.Алайда салынып жатқан КТҮ тізбесінде пайдалануға берілген, әкімдік беретін үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендері жоқ.Сонымен қатар, үлескерлердің қаражатын тарту үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативтері (ТҮҚК) құрылады, бұл заңмен тыйым салынбаған, бірақ КТҮ құрылысының аяқталу мерзімдері туралы 100% кепілдік бермейді. Мұндай «Жилой фонд» ТҮҚК (барлық нысандар) және «Comfortniy Gorod» («Новый Город-2» ТК, «Новый Город-3» ТК, «Британский Комфортный Квартал» ТК) құрылыс компанияларында құрылған.Құрметті қарағандылықтар жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын өте мұқият болыңыз. Үлестік құрылыс туралы қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер жарамсыз болып табылады. Оларға алдын ала брондау шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын беру шарты жатады.Барлық толық ақпаратты Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан, сондай-ақ Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінен (42-11-76, 42-12-65) білуге болады.Құрылыс салушылардың назарына – Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнамасында тиісті рұқсатсыз үлескерлердің қаражатын тартуға тыйым салынады, бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928674
Балқашта техникалық селеннің бірінші партиясы жөнелтілді 01.02.2025
Балқашта «Қазақмыс прогресс» кәсіпорны СТ-1 маркалы техникалық селен шығарды. Бірінші партия – 100 тонна өнім жөнелтілді. Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік мақсатта вакуумдық дистилляцияның бірегей әдісі қолданылды. Технологияны Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Металлургия және байыту институтының ғалымдары әзірледі. Бірегей қондырғы әлемдік түсті металдар нарығының талаптарына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Әдіс реагенттерді пайдаланбай селенді тазартудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді, бұл процесті экологиялық қауіпсіз етеді."Бүгінгі таңда селен күн батареялары, көшіру аппараттары, шыны, керамика өндірісінде, сондай-ақ медицина мен химия өнеркәсібінде қолданылады. Балқашта жаңа өндірісті іске қосу Қазақстан мен Қазақмыстың әлемдік түсті металдар нарығындағы экономикалық позицияларын нығайту үшін жаңа көкжиектер ашады", – делінген хабарламада.Балқаш өнеркәсіптік алаңында 2020 жылы бағалы металдарды өндіру кезінде ілеспе өнім ретінде шығарылатын қара селенді тазарту жобасын іске асыру басталды. 2022 жылы жаңа өндірістік учаске іске қосылды, ал 2023 жылы ол өнеркәсіптік тұрғыда пайдаланыла бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928680
Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзендегі жаңа зауыттың құрылыс барысымен танысты 01.02.2025
Бүгін, 30 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласында салынып жатқан сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыттың құрылысымен танысты.Аумағы 12 гектарды құрайтын аталмыш жоба 2024 жылы өңір басшысының бастамасымен қаладағы №1 өндірістік аймақта іргетасы қаланған болатын.Зауыт құрылысын «Қаскор Инжиниринг» ЖШС жүргізуде. Бұл кәсіпорын мұнай-газ саласы мен химиялық өндіріс үшін қажетті жабдықтарды шығаратын өңірдегі жетекші машина жасау компанияларының бірі.Құрылыс алаңында қазіргі таңда металл конструкцияларды монтаждау 75%-ға аяқталған. Учаске бастығы Жеңіс Тұқаевтың айтуынша, нысанның шатыры мен қасбеті жабылып, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, қазандық пен қосалқы станцияның құрылысы қатар жүріп жатыр.Қазіргі таңда құрылыс алаңына 126 адам жұмылдырылған. Жабдықтарды орнату 20 ақпанда басталып, наурыз айының соңына дейін ғимараттың контуры толығымен жабылмақ.Облыс әкімі құрылыс жұмыстарына қажетті барлық шараларды қабылдап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Айта кетейік, Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын өндіретін зауыт салу жұмыссыздық мәселесін шешуге және қаладағы өндіріске қажетті жабдықтарды жергілікті жерде өндіру тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзенге сапары барысында шаруа қожалығы иелерімен кездесіп ауылшаруашылығы саласындағы және жалпы елдік мәселелерді талқылады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/928721
Маңғыстау облысының әкімі мәслихаттың кезектен тыс сессиясында маңызды ұсыныстар айтты 01.02.2025
30 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Жиында облыс басшысы бірқатар маңызды мәселелерді көтерді, оның ішінде Түркияға 100 студентті тегін тағылымдамадан өткізу, медицина қызметкерлерін шетелде біліктілігін арттыру курстарына жіберу және коммуналдық қызметтерді бәсекелестік ортадан шығарып, жергілікті әкімдіктер теңгеріміне беру ұсыныстарын айтты.Сессия барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыста 280 дәрігер жетіспейді. Кадр тапшылығының негізгі себептері – шақырылған мамандарға ұсынылатын әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі, білікті дәрігерлердің аздығы.- Қазіргі уақытта «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында мамандарға 100 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы мен бюджеттік несие ұсынылады. 2024 жылы облыстық грант бойынша 198 орын бөлінді. Сондай-ақ өңірге 24 білікті дәрігер шақыртылып, облыстағы 33 маманға пәтер немесе жатақхана жалдануда. Ақтау қаласына келген дәрігерлерге 3 миллион теңге, Жаңаөзен қаласына келген дәрігерлерге 5 миллион теңге және аудандарға келген дәрігерлерге 8,5 миллион теңге қолдау көрсету ретінде ұсынылып отыр, – деді Бекболат Ізбасаров.Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдің дамуына бағытталған бірқатар бастамаларды атап өтті.- Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Президент Маңғыстау өңірінде инфрақұрылымды дамыту мен туризмді ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.Сонымен қатар, Түркияда туризм бағыты бойынша 100 студентті тегін тағылымдамадан өткізуді және дәрігерлердің біліктілігін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қаладағы коммуналдық қызметтерді, атап айтқанда көше тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын бәсекелестік ортадан алып, Ақтау қаласы әкімдігінің теңгеріміне беру қарастырылуда.Өңірге білікті медицина мамандарын тарту үшін сіздер ұсынған қаржыландыруды ұлғайту керек шығар, баспана салып беру мәселесін де қарауымыз керек.Атқарылатын жұмыстар көп, алда үлкен жобалар күтіп тұр. Осы жауапты істе өздеріңізбен бірге ынтымақ бірлікте жұмыс атқарамыз деп ойлаймын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/928725
Алматыдағы сауда желілері отандық өнімге басымдық береді 01.02.2025
Бүгінде Алматыдағы ірі сауда желілерінде көкөніс қоры жеткілікті мөлшерде ұсынылған. Себебі өнімді қазақстандық фермерлерден тікелей сатып алып отыр. Қаланың бір сауда желісінің қоймасында 500 тоннадан астам көкөніс сақталса, ал осы желінің бір дүкенінде 7,5 тонна өнім бар.Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қаладағы ірі сауда желілерін аралап, сауда субъектілерінің өкілдерімен кездесті. Дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесін арттыру мәселесі талқыланды. Министр Алматыдағы сауда желілерінің жалпы ассортиментінің елеулі бөлігін қазақстандық өнімдер құрайтынын атап өтті. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар, әсіресе сүт өнімдері, жоғары үлеске ие. Мысалы, Алматы дүкендеріндегі сүт өнімдерінің 97%-ы Қазақстанда өндірілген.«Біз қазақстандық фермерлермен және өндірушілермен тығыз жұмыс істейміз, олардың өнімдерін сауда желілерімізге жеткізуге күш салып жатырмыз. Ірі сауда желілеріндегі көкөністердің барлығы қазақстандық фермерлердің өнімі. Сондай-ақ, құс еті мен өсімдік майы сияқты басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдердің үлесін арттыру маңызды қадам болып табылады», – деді министр.Отандық өндірушілерді одан әрі қолдау мақсатында министр бірқатар бекітілген міндеттемелер туралы айтты. Атап айтқанда, «Қазақстанда жасалған» деген арнайы белгілердің болуы міндеттелген. Сонымен қатар, ішкі сауданы қолдау функциясының заңнамалық түрде Сауда министрлігіне берілуі отандық өндірушілерге үлкен мүмкіндік болып отыр. Бұл шара мемлекеттік қолдау алған сауда объектілеріне сөре кеңістігін 20%-ға арттыруды міндеттейді. Енді дүкен сөрелерінің кемінде 50%-ы қазақстандық азық-түлік өнімдерімен, ал кемінде 20%-ы тұрмыстық тауарлармен толтырылуы тиіс. Бұл тауарлар тұтынушылар үшін көрнекі әрі қолжетімді жерлерге орналастырылуы керек.«Тұтынушыларды алдауға жол бермеу үшін біз тауарлардың сапасы мен орналасуына қойылатын талаптарды күшейттік. Мысалы, тауарлар дұрыс көршілестік қағидаты бойынша орналастырылуы тиіс: сүт өнімдері сүт сусындарымен, ал май – майдың балама түрімен қатар тұрмауы қажет», – деп қосты Арман Шаққалиев.Министр, сондай-ақ, Алматыдағы сауда орталықтарында отандық өндірушілердің тауар көрмелерін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл шара тұтынушылардың сапалы әрі қолжетімді қазақстандық өнімдерге деген сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматыда 11 ірі сауда желісі және 3500-ден астам шағын дүкен жұмыс істейді. Осы бастамалар жергілікті өндірушілердің өнімдерінің дүкен сөрелерінде кеңінен ұсынылуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/928141
САЙРАМ СУ ЖАҒАЛАУЫНДА СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 01.02.2025
Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ.Базарбаев, Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә.Оңғар және жауапты мекеме қызметкерлері Сайрам су өзені жағалауындағы үйлерді су басу қаупін алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді. Атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар бекітіліп, алдағы жоспарлар пысықталды.Сонымен қатар Базарқақпа тұрғын алабы, Қарсақбай көшесіндегі Сайрам су өзенінің жағалауын абаттандыру мәселелері талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/927313
ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА 01.02.2025
Елімізде оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы көптеген жас маманның алғашқы еңбек жолын бастауына сеп болуда. Шымкентте былтыр 7 166 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы еңбекақысы субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алса, оның ішінде 2 456 жолдама «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі.Мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Динара Ахимбаева. Ол Петропавл қаласындағы жоғары оқу орнында «Тәрбиеші» мамандығы бойынша білім алып, өткен жылдың тамызында Еңбек мобильділігі орталығына жұмыс іздеп жүгінген. Нәтижесінде, «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы «Бес Арыс» балабақшасына жолдама алған. Қазіргі уақытта балабақшада мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жетілдіруде.– Балалармен жұмыс істегенді ұнатамын. Әр баланың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан осы мамандықты таңдап, білім алдым. Жұмыс іздеу барысында Еңбек мобильділігі орталығына жүгінгенімде, мамандар «Жастар практикасы» бағдарламасын түсіндіріп, осы балабақшаға жолдама берді. Өзім таңдаған мамандық бойынша тәжірибе жинақтап жатқаныма және осындағы тәжірибелі тәрбиешілермен әріптес болғаныма өте қуаныштымын. Оқу орнын аяқтаған жас түлектерді мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға шақырамын, – дейді Д.Ахимбаева.Жыл басынан бері қалада 793 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа жолдама алды. Оның 89-ы «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі. Сонымен қатар, 15 адам «Әлеуметтік жұмыс» орындарына, 634 тұрғын «Қоғамдық жұмыс» орындарына, 55 тұрғын зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасына жолданды.Сонымен қатар, бос жұмыс орындарына 1 364 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осы ретте, еңбек нарығындағы жағдайға сәйкес 2024 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болса, 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1%-ды құрады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/927312
Жетісулықтар ақын Жұматай Жақыпбаевқа арналған әдеби-сазды кеш өткізді 01.02.2025
Бүгін жыр қағаны атанған ақын Жұматай Жақыпбаевтың 80 жылдығына орай Талдықорғандағы Д. Рақышев атындағы филармонияда «Жыр жұлдызы Жұматай» атты әдеби-сазды кеш өтті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық филармония ғимаратының фойесінде С.Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапхана ақынның өлең жинақтарынан, оның шығармашылығы туралы жазылған зерттеу кітаптарынан және ақынның әр кезеңдегі фотосуреттерінен көрме қойды.Әдеби-сазды кеш Б. Римова атындағы драма театры актерларының орындауында шайыр өлеңдерінен қойылған прологпен ашылды.Рухани шарада облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов көпшілікке тілегін жеткізді:- Биыл - ұлт поэзиясында өзіндік орны бар қазақтың көрнекті ақыны Жұматай Жақыпбаевтың мерейлі жылы. Жұматай ақынның жерлесіміз болғаны - біз үшін мақтаныш. Қазақ барда ақынның рухы асқақтай береді, - деді Д. Есдәулетов.Аталған әдеби кешті ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Жұматай Әміреев жүргізді.Алматыдан арнайы келген ақындар Әбубәкір Қайран, Сайлаубай Тойлыбаев, Маралтай Райымбекұлы, Бақыт Беделхан, сол сияқты жетісулық қаламгерлер Әміре Әрін, Жомарт Игіман сахнада Жұматай шығармашылығына қатысты ой-пікірлерін білдіріп, өлең оқыды. Жыр қағанының көзін көріп, жанында жүрген аға буын ақындар естеліктерін айтты. Осы кеште Д. Рақышев атындағы облыстық филармония әншілерінің орындауында ақынның сөзіне жазылған "Айыбым болса кеше гөр", "О, Ләйлә" әндері, сонымен қатар басқа да концерттік нөмірлер көпшілікке ұсынылды. Атап өтсек, ақынның мерейтойы биылғы қаңтардан облыстың әрбір аудан-қаласында өткізіле бастады.Еске салсақ, Жұматай Жақыпбаев 1945 жылы Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында туған. «Саратан» (1979 ж.), «Ләйлә» (1981 ж.), «Шұғынық-гүл төркіні» (1988 ж.) және басқа да жыр жинақтарының авторы. Және соңына бірнеше күй шығарып қалдырған. Көзі тірісінде Жақыпбаевтың маңайына топтасқан әдеби ортаның аты аңызға айналып, «Жұматайдың қағанаты» деген атпен қазақ әдебиетінің тарихында қалды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттерді түсірген: Жұмабай МұсабековАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/928222
Қостанай облысында алимент төлемеуге қарсы күрес: прокуратура шаралары 01.02.2025
Қостанай облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстана отырып, ата-аналардың алименттерді уақытылы төлеуін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларға талдау жүргізді.Өңірде соңғы үш жылда сотталған қасақана борышкерлердің саны екі есеге артты. 2024 жылы прокуратураның үйлестіруімен 96,3 млн теңге сомаға алимент төлемегені үшін 61 ата – ана сотталды, оның ішінде 6 адам бас бостандығынан айырылды.Мысалы, бір азамат 4 жыл ішінде ұлына алимент төлемей, қарыз сомасы 4,4 млн теңгені құраған. Федоров ауданының прокуроры сотқа дейінгі тергеу бастап, сот үкімімен борышкерге бір жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды.Қылмыстық жауаптылықтан басқа әкімшілік жазалау шаралары қолданылады. Барлығы 327 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 122-сі әкімшілік айыппұлға, 205-і қамауға алынды.Борышкерлер сонымен қатар елден тыс жерлерге шығу, лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды алу және пайдалану, өз мүлкіне билік ету құқығымен уақытша шектеледі.Жұмысқа орналасқысы келетіндерге және алимент төлеуді дұрыс төлегісі келетіндерге жұмыспен қамту органдары арқылы көмек көрсетіледі. 360-тан астам борышкер жұмысқа орналастырылды, бұл балаларды ай сайынғы алимент төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Қадағалау актілері бойынша Қостанай облысының прокуратурасы 275 кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғап, 286,4 млн теңгеге берешекті өтеуге қол жеткізді. 85 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның біреуі әрекетсіздіктің жүйелілігі үшін мемлекеттік лицензиясынан айырылды.Алиментті уақытылы төлеу - бұл ата-ананың міндеті және баланың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызды қадам. #Зәң_және_ТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/928168
Қостанай – Қазақстанның кондитерлік астанасы: «Кондитерлік астана» жаңа кешенінің құрылысы басталды 01.02.2025
Қостанайда «Баян Сұлу» АҚ-ның жаңа өндірістік кешені – «Кондитерлік астана» жобасының алғашқы тасын қалау рәсімі өтті. Бұл жоба отандық өнеркәсіптің дамуына серпін беріп қана қоймай, Мемлекет басшысының алдағы үш жыл ішінде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын іске асырудың маңызды кезеңі болмақ.Биік мақсаттар: импортқа тәуелділікті азайту және технологиялық дамуЖаңа кешеннің өндірістік қуаты жылына 16 мың тонна өнімді құрайды. Бұл отандық өндірушінің ұннан жасалатын кондитерлік өнімдер нарығында, оның ішінде тоқаш пен бисквит сегменттерінде көшбасшылық орын алуына мүмкіндік береді. Кәсіпорында заманауи технологиялар қолданылады, олар ауыл шаруашылығы шикізатынан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтамасыз етеді.Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өз сөзінде атап өтті:"Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, оның ішінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу деңгейін үш жыл ішінде 70%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Осындай ауқымды жобалардың іске асырылуымен біз негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті азайтып, отандық шикізатты тереңдетіп өңдеу деңгейін көтеріп, өңірдің экспорттық әлеуетін арттыра аламыз. Бұл жоба – бизнестің және мемлекеттік қолдаудың үйлесімді жұмысының нақты көрінісі", – деді ол.Кәсіпорын өкілдері кешеннің іске қосылуы отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті:"Біздің мақсатымыз – тек ішкі нарықты қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық нарықтағы орнын нығайту. Жаңа фабрикадағы инновациялық өндіріс желілері өнімнің әлемдік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Біз **«Кондитерлік астана» тек Қостанай облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы болатынына сенімдіміз»" – деп атап өтті «Баян Сұлу» АҚ президенті Тимур Садыков.Ұрпақтар сабақтастығы: ардагер пікіріЖаңа кешеннің құрылысының басталуына орай өткен салтанатты шарада 40 жылдан астам осы салада қызмет еткен зейнеткер Алла Лайконина сөз сөйледі. Ол қарапайым жұмысшыдан кәмпит цехының басшысына дейінгі жолды жүріп өтті. Оның пікірі компанияның дамуы мен саладағы өзгерістердің маңыздылығын көрсетті."Мен бұл салада бүкіл ғұмырымды өткіздім. Соңғы жылдары өнеркәсіптің қалай дамып келе жатқанын, жаңа технологиялар мен жобалардың іске асырылып жатқанын ерекше байқаймын. Жаңа зауыттың ашылуы – бұл жай ғана өндірістік қадам емес, біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың айқын дәлелі. Мемлекеттің біздің саланың дамуына ерекше көңіл бөліп отырғаны – үлкен қуаныш. Бұл мен үшін зор мақтаныш, өйткені Қостанай Қазақстанның нағыз кондитерлік астанасына айналып келеді", – деді ол.Жаңа өндірістік кешен 260 жаңа жұмыс орнын ашады, бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Жоба аясында кәсіпорын заманауи жабдықтармен жұмыс істейтін жоғары білікті мамандарды даярлауды көздеп отыр.Қостанай – кондитерлік өнеркәсіптің орталығыБүгінгі таңда Қазақстанның отандық өндірушілері 300-ден астам түрлі кондитерлік өнім шығарады, оның 55%-ы ішкі нарықта сатылса, 45%-ы экспортқа жіберіледі. Жаңа кешеннің іске қосылуы компанияның ішкі нарықтағы көшбасшылық ұстанымын нығайтуға және экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.Жалпы құны 14 миллиард теңгеден асатын бұл жоба жеке инвестицияларды тарту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады."Мемлекеттік қолдау үшін алғысымыз шексіз. Бұл жоба Қостанай облысында бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалғанының дәлелі. «Кондитерлік астана» бүкіл сала үшін жаңа дәуірдің бастамасы болады және Қостанайды Қазақстанның кондитерлік астанасына айналдырады деп сенеміз", – деп қорытындылады кәсіпорын өкілі.ҚорытындыЖаңа кешеннің құрылысы – ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ұлттық стратегияларды жүзеге асырудағы маңызды қадам. Қостанай облысы өнеркәсіптік даму орталығы ретіндегі орнын одан әрі нығайтып, бизнестің және мемлекеттің табысты серіктестігін көрсетіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/928173
Қостанай облысының әкімі құрылыс барысын тексерді: өңір Президенттің халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындайды 01.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй салу кезінде оның халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуге және құрылыс сапасына ерекше көңіл бөлуге бірнеше рет баса назар аударған болатын.Осы тапсырмаларды орындау аясында Қостанай облысының әкімі Кумар Ақсақалов өңірдегі ірі құрылыс нысандарын аралап шықты. Ол «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарындағы, сондай-ақ «Береке» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс қарқынын тексерді. Мұнда мемлекеттік бағдарламалар аясында қолжетімді тұрғын үйлер салынып жатыр.**«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз тек жаңа тұрғын үйлер ғана емес, сонымен бірге қолайлы қала ортасын қалыптастырып жатырмыз. Тұрғын үйлер тек қолжетімді ғана емес, жоғары сапа стандарттарына сәйкес болуы керек, ал жаңа шағын аудандардың инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай болуы қажет.Бүгін мен негізгі нысандардағы құрылыс барысымен танысып, құрылыс компанияларының өкілдерімен кездестім. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын тексердік. Өңіріміз тұрғын үй құрылысы бойынша жақсы қарқын көрсетіп отыр, ал 2025 жылы бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз»,** – деп атап өтті облыс әкімі Кумар Ақсақалов.Құрылыс көлемінің өсуі және жаңа сапа стандарттарыҚұрылыс саласының дамуы өңір экономикасына айтарлықтай әсер етуде. 2024 жылы Қостанай облысында орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 315,3 млрд теңгені құрады, ал нақты көлем индексі 2023 жылғы деңгейден 124,9%-ға жетті. Бұл өңірдегі құрылыс жұмыстарының шамамен 25%-ға артқанын көрсетеді, бұл республикадағы ең жоғары өсім көрсеткіштерінің бірі.Сонымен қатар, 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4,8%-ға артық. Осы көрсеткіштің нәтижесінде 5000-нан астам отбасы баспаналы болды.Тұрғын үй құрылысы кезінде жергілікті өндірістегі құрылыс материалдарын қолдануға ерекше назар аударылады. Бұл құрылыс шығындарын төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті кәсіпорындардың дамуына ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.2024 жылы Қостанай облысында құрылыс материалдарын өндіру көлемі 51,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға жоғары. Оның ішінде:кірпіш өндірісі 22,1%-ға артты,бетон бұйымдары 6,7%-ға көбейді,цемент-бетон плиталарының өндірісі 15,8%-ға өсті.Бұл көрсеткіштер құрылыс саласының қарқынды дамып жатқанын және сапалы құрылыс материалдарына сұраныстың артып отырғанын көрсетеді.«Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарының құрылыс барысыҚостанай ауданында ауқымды тұрғын үй жобасы – «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарының құрылысы жалғасуда. Мұнда 154 көпқабатты үй салынып, нәтижесінде 60 мың адам баспанамен қамтамасыз етіледі.Қазіргі таңда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, олардың пайдалануға берілуі 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Сонымен қатар, 7 он алты қабатты, 14 тоғыз қабатты және 13 бес қабатты тұрғын үйдің жобалау жұмыстары жүргізілуде.Жаңа шағын аудандар қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі:Мектептер мен балабақшаларМедициналық мекемелерСауда және ойын-сауық орталықтарыСпорт нысандары мен саябақтарКең жолдар, велосипед жолдары, «ақылды» аялдамалар мен бейнебақылау жүйелері«Біз жай ғана тұрғын үйлер салып жатқан жоқпыз, біз толыққанды инфрақұрылымы бар заманауи тұрғын үй кешендерін құрудамыз. Бұл кешенді тәсіл мыңдаған отбасы үшін жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді облыс әкімі.2025 жылға арналған жоспарлар2025 жылы өңірде жаңа тұрғын үй жобалары жүзеге асырылады:500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі,Әлеуметтік осал топтарға арналған 1000 жалдамалы пәтер сатып алынады,«Отбасы банк» арқылы 5,5 млрд теңгеге 253 пәтер сатылады.ҚорытындыҚостанай облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда.Өңір Президенттің халықты қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындайды.Жаңа инфрақұрылым дамып, халықтың өмір сүру сапасы артуда.2025 жылы құрылыс жұмыстары жалғасады, ал тұрғын үймен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.«Біздің басты мақсатымыз – халық үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», – деп қорытындылады облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/928143
Қарағандылықтарды камералық музыка кешіне шақырады 01.02.2025
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры камералық музыка кешін дайындауда. Өнер сүйер қауым серенадаларды тамашалай алады. Бағдарламада ұлы композиторлар Вольфганг Амадей Моцарт, Эдвард Эльгар және Петр Чайковскийдің шығармалары орындалады.Концерт 14 ақпанда қызыл зал сахнасында өтеді. Басталуы 18:30.Дирижерлік пультте халықаралық конкурстардың лауреаты – Қарағандыға Ташкенттен келген дарынды жас музыкант Руслан Бекмаев болады."Моцарт серенадасы сіздерге үйлесімге қаныққан классикалық дыбыстың жеңілдігі мен қуанышын сыйлайды. Эльгардың лирикалық серенадасы сіздердің алдарыңызда нәзік меланхолия мен аристократиялық нәзіктік әлемін ашады. Ал кешті Чайковскийдің ұлы серенадасы аяқтайды, онда жарқын көңіл-күй мен жігерлендіретін қуат шынайы сиқырлы музыкалық желіге ұласады", – деп театрдың өкілдері музыкалық оқиғаны өткізіп алмауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927381
Саранда әжелер мектебінде балаларды тәрбиелеуге және өмірлік даналыққа үйретеді 01.02.2025
Саран мектептерінде ерекше жоба – «Әжелер мектебі» іске қосылды. Аға буын өз білімі мен тәжірибесін балалармен бөліседі.«Әжелер мектебі» – Саран қаласының білім беру бөлімінің жобасы. Ол әрбір қалалық мектепте жұмыс істейді. Оқу орындарының әкiмшiлiгi мен қамқоршылық кеңесi он оқушының әжесін iрiктейдi. Оқу жылы барысында жобаға қатысушылар балалармен кездеседі және олармен шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер, дәрістер және т. б. өткізеді.Әрбір отырыста нақты тақырып талқыланады.– Дәрістер немесе кездесу тақырыбы жобаға қатысушыға байланысты: біреулер балаларға өлеңдер жазуды үйретеді, біреулер өздерінің отбасылық және жеке тәжірибелерінен қызықты оқиғалар айтады, мысалы, мықты отбасын құру, мамандықты қалай таңдау, балаларды қалай тәрбиелеу туралы баяндап береді. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері балаларға киізден кәдесыйлар жасауды үйретті, – деп түсіндірді Саран әкімдігінің баспасөз хатшысы Думан Әлімжанов.Сондай-ақ, «Әжелер мектебі» жобасы бойынша интерактивті танымдық ойындар өткізіледі. Кездесулердің бірінде мектеп оқушыларының әжелері түрлі ұлттардың дәстүрлі киімдері туралы әңгімелеп, түрлі тілдерде әндер шырқады.Кездесулер Саран мектептерінде тұрақты түрде өткізіледі. Әжелердің оқушылармен талқылайтын іс-шаралар жоспары бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927436
Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды 01.02.2025
Бұқар жырау ауданында дарынды әнші, композитор, халық ақыны Доскей Әлімбаевтың есімі берілген ауылда жаңа Мәдениет үйі ашылды. Биыл Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткерінің туғанына 175 жыл толады.Доскей ауылының тұрғындары Мәдениет үйін салуды көптен бері өтініп келеді. Жаңа ғимаратта 200 орындық көрермендер залы, үйірмелерге арналған бөлмелер бар. Мұнда тек балалар ғана емес, белсенді зейнеткерлер де өз өнерлерін ортаға салады. Домбыра, би және т. б. үйірмелері жұмыс істейтін болады. Мәдениет үйі «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша салынған.– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – оның рухани келбеті. Бұл екі құндылық – біздің өркениетіміздің негізі және ұлттық сананың көрінісі" деп атап өткен болатын. Шынында да, қазақ халқының бірегей рухы оның өнері мен мәдени мұрасынан көрінеді, – деді Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын.Аудан басшысы жаңа Мәдениет үйі үшін сегіз домбыра мен баян сатып алуға сертификаттар табыс етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927526
Кәсіби бағдарлау балабақшадан басталады: Қарағанды облысында болашақ мамандықтардың негізі қалануда 01.02.2025
Қарағанды облысында кәсіптік бағдарлау ерте жастан басталуы тиіс деп есептейді. Дәл осы мектепке дейінгі жылдары болашақ мамандықтардың негізі қаланады және баланың белгілі бір бағыттарға қызығушылығы пайда болады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "балаларды ерте кәсіптік бағдарлау ерекше маңызға ие болып отыр. Өскелең ұрпақ болашақ мамандық таңдауға саналы түрде қарауы тиіс... " деп бірнеше рет атап өткен болатын.Біздің әрқайсымыз бала кезімізде дәрігер немесе мұғалім болуды армандаймыз, ал жас өткен сайын бағдарлар өзгерді. Балаға болашақ мамандығын анықтауға көмектесу үшін оған түрлі салаларда өзін мүмкіндігінше ерте сынап көруге мүмкіндік беру маңызды. Осындай тәсілді Шахтинск қаласындағы «Салтанат» балабақшасы қолданады, онда 2021 жылдан бастап «Ерекше ғылым» жобасы іске асырылуда.– Сабақтар ойын түрінде өтеді. Балаларға эксперимент арқылы және қолжетімді тілмен жаңбыр қайдан келетінін, температура не екенін, компастың қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді, – дейді «Салтанат» бөбекжай-бақшасының директоры Ирина Обердерфер. – Балалар химия, биология, физика, инженерлер мен зерттеушілер сияқты бағыттарда өздерін ғалым ретінде сынай алады, бұл болашақ мамандық таңдаудың алғашқы қадамы болуы мүмкін.2024 жылдан бастап бұл жоба Қарағанды облысының білім беруді дамыту жол картасының «Қызығушылық танытқандарға арналған ерекше ғылым» бағдарламасының бір бөлігі болды. Жобаға өңірдің 22 мектепке дейінгі ұйымы қосылды, ал «Салтанат» педагогтары шеберлік сабақтарын өткізіп, әріптестерін оқыта бастады.Бағдарламаның ерекшелігі – сабақтастық: мектептермен ынтымақтастық ғылымды тереңдетіп оқытуға біртіндеп көшуге ықпал етеді, ал Шахтинск технологиялық колледжімен өзара іс-қимыл болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.Мектепке дейінгі балалар мен техникалық мамандарды даярлайтын оқу орны қалай байланысты? Колледж оқытушылары «ТехноМалыш: Болашақ инженерлерге арналған радиоконструкторлар» жобасын жүргізуде. Студенттермен бірге арнайы балалар радиоконструкторлары әзірленді.– Бұл жиынтықтар 5–6 жастағы балаларға электроника мен ойын түрінде бағдарламалау негіздерін меңгеруге көмектеседі. Балалар радиоқабылдағыштар сияқты қарапайым электронды құрылғыларды жинай алады және есейген сайын күрделі жобаларға, мысалы, шамдарға, сигнализацияға және ақылды үйдің макетіне көшеді, – деп түсіндірді «Электроника» құзыреттілік орталығының бас сарапшысы, колледждегі арнайы пәндер оқытушысы Михаил Правосудов.Бұдан басқа, колледж оқытушылары тәрбиешілерге арналған бояу кітапшасы мен әдістемелік ұсынымдар жасауды жоспарлап отыр.– Жобаның басты мақсаты – ерте жастан балалардың техникалық дағдыларын дамыту, техникалық ойлау қабілетін қалыптастыру және оларды заманауи технологиялармен таныстыру, – дейді колледж директорының орынбасары Валентина Тарасова. – Статистика бойынша, балалардың 26% техникалық ойлау қабілетіне ие. Болашақта мүмкіндігінше көп техникалық маман алу үшін бізге бұл қабілеттерді ерте кезеңде дамыту маңызды.Колледжде екі құзырет орталығы – «Электроника» және «Компьютерлік ойындарды 3D-модельдеу», сондай-ақ студенттік конструкторлық бюро жұмыс істейді. Мұнда 8–9 сынып оқушылары үшін білім беру ортасын құруды қоса алғанда, техникалық шығармашылық пен инновацияларды дамытуға бағытталған жобалар іске асырылуда.– Біз "Мектеп-колледж-ЖОО-жұмыс беруші" үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін құрып жатырмыз, – дейді Валентина Тарасова. – Биыл қорытынды жасап, қорытындылау кезеңін жоспарлап отырмыз.Сондай-ақ колледжде жобалармен алмасу үшін веб-платформа және бағдарламалау, электроника және 3D-модельдеу бойынша интерактивті құралдар әзірленуде.Бұл бастамалардың барлығы ортақ мақсат – жоғары технологиялар мен инженерия саласында жұмыс істейтін болашақ мамандарды даярлау болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927718
Қарағандыда суретші Вениамин Шамшиннің жеке көрмесі өтеді 01.02.2025
Қарағандыда суретші Вениамин Шамшиннің жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда оның жұбайының жеке коллекциясынан суреттер ұсынылады.Вениамин Шамшин – 50-ші жылдардан бері Қарағандыда өмір сүрген суретші. Ол социалистік реализм жанрында сурет салған. Оның портфолиосында композициялар, портреттер мен тұрмыстық сюжеттер бар.Олардың ішінен көрмені ұйымдастырушылар замандастарының әдеттегі портреттерін қызықты деп санайды.– Вениамин Шамшиннің үлкен жеке көрмесін ұйымдастыру – оның жұбайының арманы болатын. Көзі тірісінде ол өте белсенді болған, көрмелері жиі ұйымдастырылып тұратын, бірақ ол қайтыс болғаннан кейін 2004 жылы ауқымды экспозициялар болған жоқ. Біз суретшінің жесірімен кездесіп, көрме алдындағы жұмыстарды тамашаладық. Әрине, олардың барлығы жоғары бағаланатын дүниелер, – деді көрме өтетін «Алтын ғасыр» галереясының жетекшісі Бибігүл Исполова.Кәсіби көрермен үшін Вениамин Шамшиннің жұмыстары портрет өнері бойынша тамаша оқу материалы болады. Басқалары үшін бұл экспозиция – классикалық бейнелеу өнерін түсінуді кеңейтуге мүмкіндік береді.Көрме 1–13 ақпан аралығында Комиссаров көшесі, 35а мекен-жайы бойынша «Алтын ғасыр» галереясында өтеді. Кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927758
Қарағандыда болашақ мемлекеттік қызметкерлерді даярлайтын жастар клубы жұмыс істей бастады 01.02.2025
Мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірген қарағандылық студенттерге бейресми жағдайда мемлекеттік басқару, әкімшілендіру және медиа сауаттылық негіздері оқытылады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында «Елге қызмет» жастар клубы ашылды.Қатысушылар мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге ниет білдірген қарағандылық ЖОО-ның белсенді студенттері қатарынан іріктелді. Клубта мемлекеттік басқару және әкімшілік, заңнама, экология және т.б. бағыттар бойынша бірнеше топ құрылды. Әр бағыт бойынша арнайы дәрістер мен семинарлар өткізілетін болады. Сондай-ақ, клубта барлық қатысушылар оқып-үйренуі тиіс жалпы пәндер қарастырылған, олар – медиа сауаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, тұлғаны дамыту, мемлекеттік басқару негіздері және т. б.Сабақтар әр жұма сайын өткізіледі. Бір курс алты айға есептелген.– Біз жастар үшін бейресми, жайлы жағдай жасағымыз келеді. Былайша айтқанда - шенеуніктік тәсілсіз. Себебі мемлекеттік мекемелердегі көпшілікті дәл осы жайт қорқытады. Біз, керісінше, клуб мүшелерімен шай ішіп, әркімге өз пікірін білдіруге, идеяларды талқылауға мүмкіндік бере аламыз, – дейді клуб жетекшісі Ернар Рақышев.Қазір клуб мүшелерінің алғашқы тобын жинақтау аяқталуға жақын. Екінші лектің басталу күні - осы жылдың қыркүйек айы. Клубқа қатысуға өтінімді WhatsApp +7-771-527- 06-27 нөміріне немесе Instagram @elgeqyzmet _ jastary жеке хабарламаларына жазу арқылы беруге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927838