Enbekshi QazaQ

Ғылым

Маңғыстау облысында үздік мектеп ұжымына 3 лауазымдық жалақы мен қызметтік автокөлік беріледі 24.01.2025
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде білім сапасын арттыру мақсатында жыл сайын “Үздік мектеп ұжымы” рейтингін өткізуді тапсырды.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде білім сапасын арттыруға ерекше назар аударып келеді. Соның аясында облысымызда заман талабына сай Жайлы мектептер салынып жатыр. Енді сол мектептердегі білім деңгейін көтеру мақсатында жыл сайын рейтинг жасап, «Табысты мектеп» жобасын іске қосуды ұйғардық. Біз ұстаздар мен оқушылардың ынтасы мен жігерін арттыруды, шығармашылық қабілеттерін ашуды мақсат тұтып отырмыз, - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Жобаның мақсаты - білім беру ұйымдарындағы үздік іс-тәжірибелерді насихаттау және мектептердің жетістіктерін анықтау, мектепаралық бәсекелестікті дамыту."Табысты мектеп" жобасы оқу жылының көрсеткіштері негізінде қорытындыланады.Көрсеткіштері жоғары үздік мектептерге:- 1 орынға - мектеп директорына қызметтік автокөлік беріледі және мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 3 лауазымдық жалақымен марапатталады;- 2 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады;- 3 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 1 лауазымдық жалақымен марапатталады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/923210
Өңірдің көлік-логистика саласы қарқынды дамып келеді 24.01.2025
2024 жылы Ақтөбе облысында автомобиль көлігі қызметтерін 70 млн-нан астам жолаушы пайдаланған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 114%-ға жоғары көрсеткіш. Автомобиль көлігі өткен жылы жүк тасымалында да жетекші орынға ие болды. Жыл қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен 36 млн тоннадан астам жүк тасымалданған. Мұндай деректерді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр мәлімдеді.Басқарма басшысының айтуынша, көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.«Мемлекет басшысының көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өткен жылы облыста бірқатар шаралар атқарылды. Қазіргі таңда облыс бойынша 66 автобус бағыты ұйымдастырылып, қызмет етуде. Оның ішінде – 47 қалалық, 12 облысішілік, 2 облысаралық, 5 халықаралық маршруттар. Жолаушыларды қалааралық облысішілік тұрақты тасымалдау 12 бағыт бойынша жүзеге асырылады. 2024 жылы мамыр айында Ақтөбе – Шұбарқұдық, маусым айында Ақтөбе-Кенкияк, тамыз айында Ақтөбе – Бадамша бағыттарына автобус қозғалысы ұйымдастырылды. Әлеуметтік маңызы бар 8 облысішілік бағыт бойынша автобус тасымалдарын субсидиялауға 341,1 млн. теңге бөлініп, 331,6 млн. теңге игерілді» - деді Айбек Қайыр.Өңірдің көлік-логистика саласының бір тетігі – темір жол. Басқарма басшысының мәліметінше, 2024 жылы облыста теміржол көлігінің қызметтерін 1749,5 мың адам пайдаланып, темір жол көлігімен 37 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Атап өту керек, өткен жылы «Ақтөбе-Шалқар» әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыты ұйымдастырылды. Пойыз 7 вагоннан тұрады. Қатынау жиілігі – аптаның 1,3,5,6,7-күндері. Аталмыш бағыт тасымалдаушысының шығындарын субсидиялау үшін 2024 жылы облыстық бюджеттен 433,2 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда бұл пойыздағы билет құны облыстық бюджеттен субсидиялау нәтижесінде осы бағыттағы басқа жолаушылар тасымалдайтын поездарға қарағанда 55%-ға арзан. Бұл – Шалқар және Мұғалжар ауданының тұрғындарына тиімді жағдай жасау үшін жүзеге асырылған жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/923634
ШЫМКЕНТ ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН КЕЛГЕН ПАЦИЕНТТЕРГЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨМЕК ҰСЫНА ОТЫРЫП, МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОЗЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛУДА 23.01.2025
Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға айналып келеді. Өткен, 2024 жылы шет елден мегаполиске 100-ден аса адам ем іздеп келген.Шекара асып Шымкентке ем іздеп келгендердің басым бөлігіне №2 қалалық ауруханада күрделі нейрохирургиялық операциялар жасалды. Науқастар Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Швейцариядан келгендер. Аталған ауруханада Ресей және басқа да елдерден келіп, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды. Барлық операциялар ерекше күрделі санатқа жатады және тәжірибелі дәрігерлердің жоғары кәсібилігі мен шеберлігінің арқасында сәтті аяқталды.Сондай-ақ №1 қалалық ауруханада Қытай, Өзбекстан, Ресейден келген науқастарға күрделі ота жасалып, емдеу-диагностикалық тексерулері жасалған. Жалпы №1 ауруханаға еліміздің өзге қалаларынан келген 500-ге жуық науқасқа ем жүргізілді.Шымкент қаласындағы диагностикалық орталық медициналық туризмді амбулаториялық-емханадлық деңгейде жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды кәсіби бейінді мамандардың қолдануы арқылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетумен дамытып келеді. Мекеме Орталық Азия, Еуропа, Ресей, АҚШ елдерінен келген науқастарға денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды және халықаралық зертханалық ИСО СТ РК 15-189 стандарттарын ендіру жолымен сапалы қызмет көрсетуде. 2024 жылы мекемеде 50-дан астам шетел азаматтарына консультативтік-диагностикалық атап айтқанда, зертханалық, радиологиялық, эндоскопиялық қызметтер көрсетілді.Жыл сайын шетелдерден консультативтік-диагностикалық қызметтерге жүгінетін азаматтар саны 10-15 адамға артып отыр.Диагностикалық орталық медициналық қызмет көрсетуде заманауи жоғарытехнологиялық МРТ, КТ, видеоэндоскопиялық және премиум класты ультрадыбыстық аппараттар секілді медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.Сондай-ақ «Шымкент жүрек орталығы» шетелдік серіктестерімен ынтымақтастық және медициналық туризм саласында белсенді жұмыс істеп жатыр. 2024 жылы емдеу мекемесінде АҚШ, Ресей, Ауғанстан, Тәжікістан елінен келген азаматтарға жоғары технологиялық оталар жасалған.Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/923410
ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫН ЖАҢҒЫРТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА АЛТЫ ОТБАСЫНА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕР БЕРІЛДІ 23.01.2025
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру болып табылады.Бүгін қала әкімі Нұрлыбаев көшесінде тұратын тағы алты отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Пәтерлер «Green City» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Қала тұрғындарын қоныс тойларымен құттықтаған қала басшысы бұл шаралар қаланың көркейіп, тұрғындардың жағдайын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Айта кету керек, тозығы жеткен тұрғын үй иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Тұрғын үй дайын күйінде беріледі. Осылайша, өткен жылы қолға алынған шағын ауданды жаңғырту тұжырымдамасы тұрғын үй қорын жаңартудың заңды жалғасы болды. Нәтижесінде 14 отбасы тұрмыстық жағдайын жақсартты.Еске салайық, Көксай шағын ауданын дамыту тұжырымдамасы аясында аумақты кезең-кезеңімен абаттандыру, сондай-ақ аудан әкімдігінің ғимараттары мен басқа да бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу жоспарланған.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/923509
1 келісі — 130 теңге: «Тараз» ӘКК арқылы 80 тоннадан астам картоп арзан бағамен сатылуда 23.01.2025
Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша «Тараз» ӘКК, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірлескен күш-жігерімен жүйелі негізде кешенді жұмыс жүргізілуде.Тұрақтандыру қоры халықты қол жетімді көкөністермен қамтамасыз ете отырып, жыл бойы тауарлық интервенция жүргізеді.Қазіргі уақытта әлеуметтік дүкендерде картоп жеткілікті мөлшерде және нарықтық бағадан төмен.Маусымаралық кезеңде 3 050 тонна картопқа форвардтық келісімшарттар дер кезінде жасалды.Тараз қаласының аумағындағы сауда нүктелеріне 800 тонна картопқа тауарлық интервенция жүргізу бойынша тапсырма берілді.Тараз қаласындағы әлеуметтік дүкендерге, 64 сауда орнына барлығы 82,8 тонна картоп белгіленген бағамен килограммы 130 теңгеден жеткізілді. Оның ішінде «Вкусная Корзинка», «Нұрислам», «Фиркан» дүкендері бар.– Әлеуметтік базардан картоп, пияз, жұмыртқа және басқа да өнімдерді қолжетімді бағамен сатып аламыз, — дейді Тараз қаласының тұрғыны Бибіхадиша Отарова.– Картоп 130 теңгеден, сәбіз 90 теңгеден – әлеуметтік дүкенде сізге қажет тауарды үнемі төмен бағада таба аласыз, — деп атап өтті Нұрсұлтан Батырбаев.– «Тараз» ӘКК бізге көкөністерді тұрақты түрде жеткізеді. Жақында 1 килограмы 130 теңге болатын картоп алдық. Тұрғындар тауардың сапасына риза, — дейді әлеуметтік дүкеннің сатушысы Асыл Жалынбет.Мұнда күніне әр сатушыдан 3-4 қап картоп сатып алынады.Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне заңда белгіленген сауда үстемесінің асып кету фактілері бойынша кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Базарларда және өзге де сауда нүктелерінде картоп 300 теңгеден жоғары саудалануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/923081
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасымен кездесті 23.01.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті.«Аймақта 4 еншілес ірі кәсіпорын – «Байкен-U», «Хорасан-U», «Семізбай-U», «РУ-6» серіктестіктері уран өндірумен айналысады. Бұған дейін де өзіңізбен бірнеше рет кездесіп, бірқатар мәселені талқылаған болатынбыз.Атап айтқанда, аймақтағы уран өндіруші компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселесін көтерген едік. Бірлесіп атқарылған жұмыс нәтижесінде оң шешімін тапты. «ҚазАтомӨнеркәсіп» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында бірқатар ауқымды жұмыс атқаруда. Уран өндіруші компаниялар өткен жылы 751,3 млн. теңге салық төлеген. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймын», – деді Н.Нәлібаев.Басқосуда Мейіржан Юсупов екіжақты әріптестік одан әрі нығая түсетінін айтып, алдағы жоспарларын бөлісті.Сонымен қатар, кездесуде Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы арқылы көпір салу, 13 шақырымға дейінгі жолды жөндеу мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/921447
Бюджетті нақтылау: Жетісу облысында қаражат әлеуметтік жобаларға бағытталатын болады 23.01.2025
Жетісу облысында облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс XXV сессиясы өтіп, онда 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірдегі экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі жұмыс жоспарына қатысты бірқатар мәселелер қаралды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылау бойынша облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов баяндама жасады.Аталып өткендей, 2024 жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтарын өңір халқының өмір сүру сапасын жақсарту үшін басым әлеуметтік жобаларға бағыттау туралы шешім қабылданды. Олардың ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алу, тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық желілер, жолдарды жөндеу, бұл ретте облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыс орталығын дамыту мен абаттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қабылданатын шаралар бірінші кезекте инфрақұрылымды жаңғыртуға және жайлы қалалық орта құруға бағытталатын болады.Облыс орталығын дамыту жоспарлары туралы толығырақ қала әкімі Ернат Бәзіл баяндады. Оның айтуынша, жаңа шағынаудандарда тұрғын үй салу, жолдарды жөндеу, жылу желілерін қайта жөндеу және жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасады. Қаланың ескі шағынаудандарының архитектуралық келбетін жаңартуға, үйлердің шатыры мен қасбетін қайта жаңартудан бастап, аула аумақтарына дейін назар аударылатын болады. Оның үстіне Талдықорғанды жаңа саябақтар мен скверлер көріктендіріп, арық желілері де жөнделеді.Сессияны қорытындылай келе, облыс әкімі Бейбіт Исабаев 2024 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, жалпы экономикалық дамуды жақсартуға мүмкіндік беретінін, бұл кешенді түрде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Айта кетерлік жайт, депутаттар нақтылаушы сұрақтар қойып және өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар енгізе отырып, облыстың басты қаржылық құжатына енгізілген өзгерістерді қолдады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фототілші: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/922694
Тапсырмалардың орындалуына асқан жауапкершілікпен қарау керек 23.01.2025
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тұрақтандыру қорындағы картоп, басқа да азық-түлік өнімдерінің көлемі, «Арт-спорт» бағдарламасының өңірде іске асырылуы талқыланған мәжіліс өтті. Оған селекторлық режимде қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшылары қатысты.Жиында аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуына асқан жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті.«Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармалары, «Байқоңыр» ӘКК, қала және аудан әкімдері, азық-түлік, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына шұғыл арада мониторинг жүргізіңіздер. Әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарды қатаң бақылауға алыңыздар. Бағаны негізсіз өсіруді, алыпсатарлықты болдырмау үшін қадағалауды күшейтіңіздер.Екінші мәселеге қатысты, прокуратура органдарының ұсынымдары бойынша бюджет қаржысын заңсыз иемденген өнім берушілерден қаражатты бюджетке өндіру жеделдетілсін. Заң бұзушылықтарға жол беріп, талаптарды орындамаған өнім берушілермен келісім-шартты біржақты бұзу керек.Облыстық экономика және қаржы, мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармалары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері бірлесіп, ауылдық жердегі клубтарды қалалық және аудандық мәдениет бөлімдеріне берудің тиімділігін зерттеп, ұсыныстар енгізсін», - деді Н.Нәлібаев.Басқосуда «Арт-спорт» бағдарламасына бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына жүргізілген тексеру туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов баяндады.Мемлекеттік тапсырысқа бөлінген бюджет қаржысының тиімді, мақсатты жұмсалуын қадағалау үшін құзырлы органдар арнайы жұмысшы тобын құрып, тексеру жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/922828
Қарағанды облысының ҰОС ардагері 101 жасқа толды 23.01.2025
Бүгін 101-ші туған күнін Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Никаноровна Котова атап өтеді. Жергілікті билік оны осы күнмен құттықтады.Анна Котова өзінің қартайғанына қарамастан, бір орында отырмауға тырысады. Оның есте сақтау қабілеті керемет және ол өзінің жауынгерлік жастығын жиі еске алады.Анна Котова Воронеж облысында дүниеге келген. Соғыс басталған кезде ол сыныптастарының үлгісімен майданға ерікті болуды сұрай бастады, бірақ әскер қатарынан бірнеше рет осындай жас қызды әскерге шақырудан бас тартты. Бірақ Аннаның табандылығы мен табандылығы маңызды рөл атқарды: 1943 жылы ол 2-ші Украина майданының 065-ші эвакуациялық ауруханасына медбике болып тағайындалды. Мұнда ол соғыс аяқталғаннан кейін де жаралылардың өмірін сақтап қалуға көмектесті: қыз 1946 жылдың маусымында, оның бір бөлігі Венгрияда орналасқан кезде ғана демобилизацияланды. Ол 1943 жылдың 13 мамырынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 2-ші Украина майданының құрамында бо қимылдарына қатысты. Анна Никаноровна Курск шайқасы ерекше есте қалды.Анна Котова II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін", "Украинаның фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 60 жыл" медальдарымен, "санитарлық қызметтің үздігі" әскери белгісімен және басқа да мерейтойлық ордендермен және медальдармен марапатталған.Демобилизациядан кейін және лайықты демалысқа шыққанға дейін Анна Котова Осакаров ауданының денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/921817
ШЫМКЕНТТЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА 23.01.2025
Шымкентте толассыз жауып жатқан қардың салдарын жою және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қар тазалау жұмысты ерекше бақылауға алынды. Шымкент қаласы әкімі аппараты арнайы ситуациялық орталықта қала көшелеріндегі техникалардың жұмысын бейнебақылау камералары арқылы бақылап отыр.Қала көшелерінде орнатылған бейнебақылау камераларынан техникалардың қай жерде жұмыс істеп жатқанын және қай көшенің тазартылмағанын бір мезетте көруге болады. Бұл жауапты мамандарға қар тазалау жұмысын жедел үйлестіріп, қажет болған жағдайда шұғыл шешім қабылдауға және тазалау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан арнайы мониторинг тобы әр техниканың бағытын GPS қондырғылары арқылы қадағалап, мұз қату қаупі бар аймақтарға жедел бригадалар жіберуде.Қар тазалау жұмысы ең алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандар аумағында (аурухана, мектеп, балабақша), жаяу жүргіншілер жолы мен бірінші деңгейдегі негізгі магистральді көшелерде жүргізіледі. Барлық көшеге инертті материалдар себіліп, толық қар күреу жұмысы аяқталған соң ғана жол жиегіндегі жиналған қар шығарылады. Басты басымдық –магистральді көшелерді тазарту.Жалпы қала көшелерін қардан тазалау жұмыстарына мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 189 арнайы техника мен 2000-ға жуық қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда көше бойларында инертті материал себу, қарды тазалау және жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Жаяу жүргіншілер жолында көктайғақтың алдын алу мақсатында бес аудан бойынша 40-қа жуық шағын трактор жұмыс істеп жатыр. Ал техника сыймайтын көшелер мен қиылыстарды коммуналдық қызметкерлер тазартуда.Инертті материалдар қоры:Құм: 24 800 м³Тұз: 13 200 тоннаБарлық коммуналдық сала қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/922905
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ - ТАТУЛЫҚ КЕПІЛІ 23.01.2025
Биыл Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен бірліктің нығаюында ерекше орын алатын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде, Ассамблеяның институционалдық әлеуетін нығайту мәселесіне арнайы тоқталып, Ұйымның мемлекеттік органдармен, Парламентпен және мәслихаттармен қарым-қатынасын жақсарта түсу керек екенін атап өткен болатын. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жетекшілеріне мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне және реформаларды ілгерілету ісіне белсене қатысу, этно-әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және ондай оқиғалардың алдын алуға баса мән беру, Ассамблеяны әлеуметтік тұтастық пен отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде нығайту міндеттерін жүктеді. – Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын, – деген Қасым-Жомарт Тоқаев. Бірлік пен ынтымақ мемлекет саясатының түпкі мақсаты. Осы орайда қаламыздағы «Достық үйінде» қала әкімінің орынбасары, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен ҚХА қалалық кеңесінің маңызды отырысы өтті. Этносаралық қарым-қатынастар жайын қаузап, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын талқылайтын іс-шараға қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, белсенділері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, басқарма басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, жоғары оқу орындарының ректорлары қатысып, кеңестің күн тәртібіне қойған өзекті мәселелерді талқылады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған бекітілген іс-шараларды қала аумағында ұйымдастыру мен өткізу жоспары талқыланып, ұсыныстар қабылданды. - Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – бізге жүктелген ең басты міндет. Осы тұрғыда биылғы өткелі отырған 30 жылдықты қалалық Ассамблея мүшелері, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар, этно-мәдени бірлестіктер, Қоғамдық келісім мекемесі мен аудан әкімдері, салалық басқармалар мен оқу орындары осы жоспарда белгіленген іс-шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастыруы тиіс. Мақсат тек ұйымдастырып, өткізу емес, әрбір іс-шараның мазмұнын ашып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің маңызын ашуға бағытталуы керек, - деді Сәрсен Абайұлы. Күн тәртібінде ҚХА республикалық құрамына Шымкент қалалық Ассамблеясы атынан ұсынылатын үміткерлердің тізімі қаралып, бекітілді. Сонымен қатар, қалалық ҚХА құрамына өзгертулер енгізіліп, кеңес мүшелері ұйымның құрылымына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша шешім қабылданды. Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу комиссиясын қайта қаралып, комиссия құрамына енгізілетін өзгерістер ұсынылды. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасу, шешім қабылдау және дауысқа салу рәсімі жүзеге асырылды. Корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Пан Ассамблеяның 30 жылдығына межелеген жоспарларымен бөлісіп, әрбір бастамаға белсенді араласатындықтарын жеткізе келе, 30 игі істер челленджін өткізу идеясын ортаға салды. Идея көпшіліктің көңілінен шығып, Сәрсен Абайұлынан да қолдау тапты. Бұл шара Шымкент қаласындағы этносаралық келісімді нығайту және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін күшейту жолындағы маңызды қадам болмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бейбітшілік пен бірліктің жарқын көрінісі. Шымкент қаласының ҚХА бұл мерейтойды лайықты деңгейде атап өту үшін барлық күш-жігерін жұмсап, айрықша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, Ассамблеяның 30 жылдығын мерекелеу аясында елімізде және шетелде кемінде 1,5 млн адамды қамти отырып, түрлі форматтағы 150-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/922913
Облыс әкімі кен орнының басшысымен кездесті 23.01.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Семізбай U» уран кен орнының бас директоры Біржан Сатанов және орынбасары Қайрат Утяповпен кездесті. Кездесуде аймақтың экономикалық дамуы, әлеуметтік бағдарламалар, экология және әкімдікпен серіктестік мәселелері талқыланды.Тараптар салық түсімдерін арттыру, өндірістік тиімділікті көтеру, жұмысқа орналастыру және оқуға гранттар беру, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық әсерді азайту жөніндегі жоспарларды қарастырды.Әсіресе, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.«Семізбай-U» серіктестігі 2006 жылы Ақмола облысындағы уран кен орнын игеру үшін құрылған. Құрылтайшылары – «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК», Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited компаниялары. Құрамына Ақмола облысындағы «Семізбай» кен орны, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Семізбай» филиалы, Қызылорда облысындағы «Иіркөл» кен орны кіреді. Негізгі қызметі – уран өндіру және өңдеу, уран құрамды рудалардан өнім дайындау және сату.«Иiркөл» кен орны 1971 жылы ашылып, 1975-1985 жылдары бұрғылау арқылы барлау жүргізілген. КСРО Мемлекеттік қорлар комиссиясы уран қорының көлемін 29 541 тонна деп бекіткен. Кен орны 2008 жылы пайдалануға беріліп, 2010 жылы жобалық қуаттылығы 700 тоннаға жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/921011
Қостанай облысында цифрлық экожүйені дамыту және жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері талқыланды 23.01.2025
2025 жылдың 20 қаңтарында Қостанай облысының Әкімі Құмар Ақсақалов ПЕН IT саласының көшбасшылары арасында кездесу өтті.Аймақ басшысы АТАП өткендей, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп келеді, сонымен бірге экономикалық дамудың және еңбек өнімділігінің артуының жаңа перспективалары пайда болуда."Жасанды интеллект-бұл жай ғана инновация емес, бүкіл салалар мен экономиканың тиімділігін арттыра алатын қуатты құрал. Соңғы жылдары Қазақстанда ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ деген қызығушылықтың белсенді өсуі байқалды. Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша ел Үкіметі тиісті инфрақұрылым мен экожүйені дамыту бойынша шаралар қабылдауда, ал біздің өңір шетте қалмауы керек", - деп Атап өтті Қостанай облысының Әкімі.Осы іс - шара барысында біздің өңір үшін өзекті және маңызды мәселелер-2024 жылғы цифрландыруды дамыту нәтижелері, одан әрі перспективалар, сондай-ақ өңірде жасанды интеллектті енгізу мәселелері талқыланды.Қазақстандық Ақпараттық Технологиялар Және Инновациялар Қауымдастығының Президенті Ирина Юрьевна Сулименко ӨТКЕН 2024 жылы ЕО елдеріне АТ қызметтерін экспорттау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндады.Күн тәртібінде аймақ экономикасына оң әсер ететін бастамалар мен стартаптар да қаралды. Қостанай облысының тумасы Ержан Мұратұлы Қаратаев қазақстанның жасанды интеллектті пайдаланудағы Жапондық кәсіпорындармен өзара іс-қимылының болашағы туралы айтты. Қазіргі уақытта Ол Жапонияда тұрады және жұмыс істейді.Қостанай Хабының аймақтық менеджері Дамир Дулатұлы Мнайдаров жұмыс нәтижелерімен және болашаққа жоспарларымен бөлісті. Компания стартап-мәдениеттер мен IT-қауымдастықтарды белсенді түрде насихаттайды, сонымен қатар жас таланттардың дамуына үлкен мүмкіндіктер береді.Қостанай облысы-ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған және инновациялық технологияларды енгізу үшін үлкен әлеуеті бар аймақ. Алдағы уақытта кездесу барысында ұсынылған бастамалар алдағы жұмыстарда ескерілетін болады.Іс-шараны қорытындылай келе, Құмар Ақсақалов біздің өңірде жасанды интеллектті енгізу экономикалық дамуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және негізгі салаларды жаңғыртуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Бұл мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, білім беру мекемелерінің және БҮКІЛ АТ қауымдастығының үйлестірілген жұмысын талап етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/921074
Мопедтерді тіркеу: не білу қажет 23.01.2025
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Оларды пайдалану үшін: полицияда тіркелу; А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі; техникалық тексеру; азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады. Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін); мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары. Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек. Дереккөз: ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Мопедтерді тіркеу: не білу қажетАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/921147
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 23.01.2025
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер қаралды.Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары А. Бейсенбаев құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған құқықбұзушылықтың алдын алу үшін жәбірленуші қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5189 тұлғаға қатысты «қорғау нұсқамасы» шығарылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында құқықбұзушылық жасауы мүмкін 39 құқықбұзушыға қатысты қосымша шектеу шарлары қолданылып, 20 тұлға әкімшілік қамауға алынған, 19-ы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының міндетін атқарушы А.Ахметов эпидемиологиялық жағдай және метапневмовирустың таралуының алдын алу шараларымен бөлісті. Қалада былтыр бірқатар инфекциялық және паразитарлық аурулардың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты болды. Ғ.Әбдімәжитұлы бұл ретте профилактикалық шараларды күшейтіп, білім беру ұйымдары асханаларындағы санитарлық ақуалды да қатаң бақылауға алуды тапсырды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбеков те медициналық ұйымдардың нәтижелі жұмыстарын баяндады. Қала басшысы жауаптыларға халық денсаулығын жақсарту шараларын сапалы атқарып, ең алдымен есепте тұрған науқастарды медициналық препараттармен мерзімінде қамтуды тапсырды.   Сонымен қатар жиын барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және «Шымкент-қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жұмыстары да қорытындыланды. Қала әкімі сала басшыларына халыққа қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс тиімділігін арттыруда бірқатар тапсырмалар берді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921292
Мәртөк және Кеңсахара ауылдарының тұрғындарына коммуналдық тұрғын үйлердің кілттері табысталды 23.01.2025
Мәртөк ауданында Мәртөк ауылында орналасқан 39 екі пәтерлі жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Аталған жоба 2020 жылы «ҚазПромСтройГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен басталған болатын.Аудан әкімі Медет Ысқақов қатысқан салтанатты іс-шарада тұрғын үй кезегінде тұрған төрт санаттағы азаматтарға 86 тұрғын үйдің кілті табысталды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға – 25 пәтер, жетім балаларға – 15 пәтер, әлеуметтік осал топтарға – 32 пәтер, ал мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне – 14 пәтер берілді.Сонымен қатар, Кеңсахара ауылында 2024 жылы басталған 4 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы да биыл толығымен аяқталды.Бұл үйлердің құрылысы кезінде барлық қажетті жұмыстар орындалды: терезелер мен есіктер орнатылып, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелері жүргізілді. Үй ішіндегі коммуникациялар мен жылыту жүйелері толық іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/923233
ТЖМ құтқарушылары 61 шетел азаматын құтқарып, эвакуациялады 23.01.2025
Бүгін таңертең Әйтеке би ауданы "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" республикалық маңызы бар а/ж 114 шықырымында "Тәжікстан Республикасы – РФ Челябинск қ." бағыты бойынша жолаушылар автобусы бұзыдып қалды.ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан Т.Жүргенов ауылының жылыту пунктіне 61 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.Эвакуацияланғандардың көпшілігі, Тәжікстан Республикасының азаматтары және Ресей Федерациясының 1 азаматы болып табылады. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/923242
Тазалық тұрғындардың күнделікті өмір салтына айналуы керек 23.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті, онда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын іске асыру, IT-экспортты дамыту мәселелері қаралды.Оған селекторлық режимде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. ҚР Үкіметінің отырысынан кейін өңір басшысының төрағалығымен өткен кеңесте мәселелер талқыланып, қалалар, аудандар әкімдеріне және сала басшыларына тапсырмалар берілді.Облыс әкімі атап өткендей, Мемлекет басшысы өз Жолдауларында барлық салаларда цифрлық трансформацияның маңыздылығын үнемі атап өтеді. 2025 жылы жасанды интеллектке баса назар аударылады. Азаматтар оны пайдалану тетіктерін енгізу жөнінде нақты шаралар қабылдау қажет. Дайын қызметтерді халықтың тез игеруіне мүмкіндік беру. Жасанды интеллект тақырыбын білім беру олимпиадаларына және басқа да іс-шараларға қосу қажет. Біздің аймақтың технопарктерінде жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуден басқа, оның мүмкіндіктерін пайдалану үшін халықты оқыту және насихаттау қажет.Қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру, туған жерді абаттандыру тұрғындардың күнделікті әдетіне, өмір салтына айналуы керек. "Таза Қазақстан" порталының басты мақсаты-халықпен жылдам және ашық кері байланыс. Келіп түскен ескертулерге, шағымдар мен ұсыныстарға уақтылы жауап беру қажет.Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында халықтың санитарлық тазалығы, абаттандырылуы, жайлы тұруы үшін жағдай жасалуда. Тұрғындар, жастар ұйымдары мен кәсіпорын қызметкерлері бағдарламаны қолдап, оған белсенді қатысты. Елді мекендердегі скверлер мен саябақтар, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіптік, кәсіпкерлік қызмет объектілері, аулалар мен көшелер қоқыстан тазартылды. Бұл жұмыстарға 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Өңірді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акция аясындағы іс-шаралар республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандырылды. Жұмысты одан әрі жалғастыру үшін экологиялық мәдениетті дамытудың 2029 жылға дейінгі өңірлік жоспары бекітілді. Жыл сайын ауылдарды дамытуға бағытталған "Үлгілі елді мекен" конкурсы өткізіледі. Соңғы екі жылда үздік елді мекендерге 48 бірлік арнайы техника табысталды. 2024 жылы коммуналдық мекемелерге 106 бірлік арнайы техника сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/922819
«Үйде отырғым келмейді – көмегім тигенін қалаймын»: Қарағанды облысында зейнеткерлерге жұмыс табуға көмектесуде 23.01.2025
Жыл басынан бері Қарағанды облысында «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылды. Бұл – өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың бастамасы. Оның жеке қабылдауына егде жастағы адамдар жиі шағымданып, жұмыс таба алмай жатады. Бағдарлама сұранысқа ие. Бір айдан аз уақыт аралығында жүзге жуық адам жұмысқа орналастырылды.Бағдарлама облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Оның ерекшелігі – өз командасына зейнеткерді қабылдаған жұмыс берушілерге оның жалақысының жартысы субсидияланады, бірақ бір ең төменгі жалақыдан артық емес (2025 жылы – 85 мың теңге). Алайде бұл шектеудің өзінде де зейнетақының өсімі жаман емес, себебі жұмыс беруші де осынша қосады.Алғашқылардың бірі болып зейнеткер мұғалімдерді қабылдап алған жекеменшік білім беру орталықтары болды.Дәрия Нұрекина 44 жыл ауылдық мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Сегіз жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан. Шет ауданының Ақжал ауылынан балаларымен бірге қалаға көшіп келді.– Үйде отырғым келмейді, көмегім тигенін қалаймын. Инстаграмнан осындай бағдарлама туралы хабарламаны көріп, байқап көруге шешім қабылдадым. Мансап орталығына бардым. 8 қаңтардан бастап осында, даму орталығында жұмыс істеймін. Балалармен айналысамын, олардың мектепке дайындалуына көмектесемін. Бәрі ұнайды: сүйікті жұмысым, орталық үйдің жанында – жаяу келемін, – дейді Дәрия Нұрекина.Орталықтың әкімшісі Аида Өтеуованың айтуынша, күн сайын оларға 50-ге дейін бала келеді. Көптеген ата-аналар жасы егде, тәжірибесі бар педагогтарды қалайды, сондықтан жаңа пайдалы қызметкер тапқандарына қуанышты. «Алтын жас» бағдарламасы бойынша ақпан айынан бастап орталыққа тағы бір зейнеткер – университеттің бұрынғы оқытушысы жұмысқа келеді. Ол балаларға ағылшын тілін үйретеді.Ләззат Асылбекова 40 жылдан астам Қарқаралы ауданының Томар ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Өткен жылы зейнетке шығып, Қарағандыға көшкен. Қаңтар айында бағдарлама бойынша Оңтүстік-Шығыстағы жаңа көпқабатты үйлердің бірінде ашылған жаңа шағын орталыққа орналасты. Күн сайын жұмысқа Майқұдықтан келеді.– Бағдарламаны құрғандарға рахмет! Зейнеткерлер үшін бұл жақсы қолдау. Балаларды жақсы көремін. Денсаулығым жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Реті болса, үйде отырмаңыздар! Төрт қабырғаға қамалып отыра берсеңіздер, тез қартайып кетесіздер. Ал бұл жерде өзімді қажет сезінемін, баршаға пайдасы бар: біз өз тәжірибемізді жастарға береміз, ал олардан жаңа нәрсе үйренуге болады, – деп Ләззат Асылбекова құрдастарын бағдарламаға қатысуға шақырады.Зейнеткер қосымша табысын жинап, Қазақстанды аралағысы келеді.– Егде жастағы адамдарды ресми жұмысқа орналастыру үшін «Алтын жас» арнайы бағдарламасы әзірленді. Ол зейнеткерлікке шыққан, бірақ күш-қуаты мол және табысын арттырғысы келетін өңір тұрғындарына арналған. Қарағанды облысында 180 мыңнан астам зейнеткер тұрады, – дейді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы Нұржан Сыздықов. – Бүгінгі таңда бағдарламаға қатысуға 146 жұмыс беруші ниет білдірді. Жұмысқа 96 адам жіберілді. Негізінен олар бастауыш сынып мұғалімдері, бухгалтерлер, менеджерлер, күзетшілер. Мамандықтар бойынша ешқандай шектеу жоқ, түрлі мамандықтар бойынша жұмыс таба аламыз.Биыл «Алтын жас» бағдарламасы бойынша 400 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, ал келесі жылдары олардың саны артатын болады.Бағдарламаға қатысуға өтінімдер барлық қалалар мен аудандардың Мансап орталықтарында қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922555