Enbekshi QazaQ

Ғылым

«Ерекше бақ»: Теміртау тарихи-өлкетану музейі Юрий Варыгиннің көрмесінің ашылуына шақырады 15.01.2025
«Қарағанды» фотоклубы биыл алғашқы көрме ұйымдастырды. Онда әйгілі қарағандылық фотошебер Юрий Варыгиннің абстракционизм және субреализм стиліндегі жұмыстары ұсынылады. Ашылу салтанаты 16 қаңтарда сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында өтеді. Кіру тегін. Авторлық фотокөрме «Ерекше бақ» деп аталды. "Қалайша ойлау және талдау, армандау, қиялдау, шығармашылықпен айналысу арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтпауға болады? Біздің керемет планетамызды қалай сақтап қалуға болады? Бұл мәселелердің барлығы көпшілікті алаңдатады. Олар фотокөрменің авторы Юрий Варыгинді де толғандырып отыр", – делінген аннотацияда. Экспозиция 5 ақпанға дейін жалғасады. Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы келесі мекен-жайда орналасқан: Металлургтер даңғылы, 28/4.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918304
Қызылорда облысында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда 15.01.2025
Бағдарламаның маңыздылығы аудандық, ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары мен студенттер арасында кеңінен насихатталуда. Мысалы, Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінде аудан студенттері үшін «Туған жерімізді таза ұстайық!» атты экологиялық сағат ұйымдастырылды. Оқу орнының директоры Бауыржан Сейдулланың айтуынша, мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор.Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылдан бастап «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда. Оған Қармақшы ауданының жастары да белсене қатысуда. Біздің жігіттер мен қыздарымыз қоғамдық орындарды қоқыстан тазалап, ардагерлердің ауласын жинауға көмектеседі, ағаштар отырғызады. Бағдарлама арқылы біз жас ұрпаққа экологиялық мәдениет, туған жерімізге деген жауапкершілікті қалыптастырудамыз”- деп атап өтті колледж директоры С.Сейдулла.Бүгін Қармақшы аудандық мектептерде де «Экология балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауы өтуде. Ең үздік жұмыстар мектеп көрмелерінде ұсынылады.«Мұндай іс-шаралар балаларда табиғатқа деген қамқорлық, еңбекқорлық, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді» - дейді Т.Комекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің директоры Гүлзира Еркебаева – «Балалар сыныптарды жинауға, қоқысты тазалауға және мектеп ауласында ағаштар отырғызуға қуана қатысады. Экологиялық тәрбиеге бағытталған ашық сабақтар мен сынып сағаттары біздің балалармен жұмыс істеуде маңызды бағыттардың бірі болып табылады». Бүгін «Біз - таза аймақ үшін» бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының орталығында да орталық алаң мен «Тағзым» аллеясын санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оған мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысуда. Сонымен қатар, Жалағаш кентінде «Ардагерлерді ардақтайық» кезекті акциясын жастар ресурстық орталығының белсенділері ұйымдастырды.«Біз үшін ауыл тұрғындарына, оның ішінде тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге, жалғызбасты қарттарға көмек көрсету дәстүрге айналды, Біз олардың аулаларын қоқыстардан тазартамыз, ағаштарды ағартамыз, үйлерін тазалаймыз. Ақсақалдар әрдайым біздің жақсы істерімізге алғысын айтып, ақ баталарын береді. Бұл біз үшін ең жоғары марапат. Өйткені, «Таза Қазақстан» - бұл біздің көшелеріміз бен аулаларымыздың тазалығы ғана емес, ең алдымен бұл біздің жүрегіміз бен іс-әрекеттеріміздің тазалығы мен мейірімділігі» - дейді орталық басшысы Асхат Ахметжанов.Айта кету керек, облыс бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы басталғаннан бері облыстың 730 000-ға жуық тұрғыны қатысты. 27 000 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 505 сквер мен саябақ, 225 тарихи мәдениет ескерткішінің аумағы, 791 әлеуметтік нысан, 4596 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су нысаны, 47 451 аула мен көше тазартылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/917385
«Медициналық көмекті алысқа бармай, ауылдан аламыз»: БҚО-да кезекті дәрігерлік амбулатория ашылды 15.01.2025
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы іске қосылған "ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында Жаңақала ауданы Мастексай ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 449 шаршы метрді құрайтын медициналық мекеме тәулігіне 35 адамға дейін қабылдай алады.Мұнда қабылдау бөлмесі, физиотерапия бөлмесі, жаттығу залы, емдеу бөлмесі, вакцинация бөлмесі, жеке қорғаныс құралдарын ауыстыратын бөлмелер, оқшаулау бөлмесі, акушерлер бөлмесі және дәріхана орналасқан. Сондай-ақ, дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.Медициналық нысанның ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтады."Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің ауылдарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында облыста 2023 жылдан бастап 36 нысан іске қосылды. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың әл – ауқатын арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс", - деп атап өтті Нариман Төреғалиев. Ауыл тұрғындары өз кезегінде мемлекет атқарған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. "Біздің ауылда заманауи жабдықтармен жабдықталған дәрігерлік амбулатория ашылғанына қуаныштымыз. Енді медициналық көмекті алысқа бармай-ақ ауылдан алуға болады. Бұл біздің Президентіміздің ауыл тұрғындарына, қарапайым халыққа көрсетіп отырған қолдауы", - деді Денсаулық сақтау ардагері Райса Дүйсенғалиева.Дәрігерлік амбулатория халықтың денсаулығын нығайтуда және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуде маңызды буын болады. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/917412
Жамбыл облысында жүзеге асатын ЖЭС (1 ГВт) жобасына 1,4 миллиард доллар инвестиция салынады 15.01.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабиге жұмыс сапары аясында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесу өткізді, - деп хабарлайды akorda.kz сайты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Masdar компаниясы арасындағы серіктестік жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Президент компания өкілдерімен бірге Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысын жүзеге асыруға қатысты келісімдерге қол жеткізілгенін айтты. Аталған ірі жобаға 1,4 миллиард доллар инвестиция салынады. Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи компанияның құрылыс жұмыстары бойынша жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ жоба аясында жел турбиналарының өндірісіне жергілікті өнімдерді қолдануға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Рамахи Masdar компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейте отырып, жаңартылатын энергетика және цифрландыру салаларындағы маңызды жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/918322
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады 15.01.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады.Бұл жолы 16 тұрғын білім, денсаулық сақтау, спорт, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары салаларына қатысты мәселелерін көтерді.Ербол Қарашөкеев барлық өтініш-тілекке нақты жауап беріп, түйткілді мәселелердің түйінін тарқатудың заңды жолдарын ұсынды.Жауапты тұлғаларға өзекті сауалдарды егжей-тегжейлі зерделеуді, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.Айта кетейік, өңір басшысы 2024 жылы 35 жеке қабылдау өткізіп, 480 азаматтың мәселесіне құлақ түрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/918598
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПІКІРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ЕСКЕРІЛУІ ҚАЖЕТ 15.01.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралау барысында «Ақтас» тұрғын алабындағы қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орнына барды. Жануарларға жасалған жағдаймен танысып, жауапты тұлғаларға жүйелі түрде бақылау жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету мен тамақтану мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін ескертті.Әрі қарай қала көшелерін, қоғамдық орындарды және аулаларды жаяу аралады. Атап айтқанда, Рашидов, Володарский, Қабанбай батыр, Төле би, Адырбеков, Диваев, Қазыбек би көшелерін, Қонаев және Тәуке хан даңғылын, «Қошқар-ата» өзені жағалауын, Диваев көшесіндегі гүлзарды және «Ордабасы» алаңын тексерді.Тексеру нәтижесінде аудан әкімдіктері мен бірқатар басқарма басшыларына көшелердің санитарлық жағдайына мониторинг жұмысын күшейтуді және істен шыққан жарықшамдарды дер кезінде ауыстыруды тапсырды. Қала басшысы барлық кемшіліктер жақын арада жойылуы тиіс екенін ескертті.«Қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуы керек және бұл ретте тұрғындардың пікірі мен ұсыныстары ескерілуі қажет»-деді, қала басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/918394
Қостанайда екі жаңа мектеп ашылды: қолжетімді және сапалы білімге маңызды қадам 15.01.2025
Бүгін Қостанай қаласында «Береке» және «Әуежай» шағынаудандарында екі заманауи мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл білім беру мекемелері Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының бір бөлігіне айналды.Жоба әрбір балаға ыңғайлы және заманауи білім беру жағдайын жасауға бағытталған. Өткен жылы Қостанай облысында 1200 орындық екі мектеп салынса, 2025 жылы 4500 орындық тағы жеті жаңа оқу орны өз есігін ашады.Әлемдік стандарттарға сай білім беруБүгін ашылған мектептер қазіргі заманғы білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді. Олар интерактивті тақталармен, STEAM-зертханаларымен және мамандандырылған кабинеттермен жабдықталған. Бұл оқушылар мен мұғалімдерге озық технологияларды қолдануға, виртуалды тәжірибелер жүргізуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік береді.Әрбір мекеме ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға бейімделген. Сондай-ақ хореография және спорт залдары, коворкинг-аймақтар мен шығармашылыққа арналған алаңдар балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.Шағынаудандар өсіп келеді – балаларға жағдай жақсаруда«Береке» шағынауданында 20 мыңнан астам адам, ал «Әуежай» шағынауданында 15 мыңнан астам тұрғын бар, оның ішінде шамамен 5 мыңы – балалар. Бұл мектептер осы аудандардағы белсенді дамып келе жатқан инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналады. Мұнда балабақшалар мен басқа да әлеуметтік нысандар салынуда.Білім – өңір дамуының негізіТобыл-Торғай өңірі – Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатов сынды ұлы ағартушылардың мекені. Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы және Міржақып Дулатовтың 140 жылдығы аталып өтіп жатқан жылы жаңа мектептердің ашылуы ерекше маңызға ие.Болашақ – жас ұрпақтың қолында«Жаңа мектептердің ашылуы – өңіріміздің және еліміздің болашағына жасалған инвестиция. Оқушыларымыздың ұлы тұлғалардың дәстүрін жалғастырып, ғылым мен мәдениетте жоғары жетістіктерге жетіп, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатынына сенемін», – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Осындай маңызды әлеуметтік бастамалар Қостанай облысының жоғары білім беру стандарттары бар өңір ретінде мәртебесін нығайтуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/918597
Электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды 15.01.2025
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында электрондық сауда нарығын дамыту мәселесі қаралды. Мәселені талқылау барысында Асхат Шахаров отандық өнімді әлемдік нарықта ілгерілету үшін қосымша табыс көзі ретінде электрондық сауданы пайдалану қажеттігін атап өтті.Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, облыста 36 мыңнан астам ШОБ субъектісі тіркелген. Оның ішінде 4726 кәсіпкерлік субъектісі интернет желісімен тапсырыс беру арқылы бөлшек саудамен айналысады.Кәсіпкерлер өз бизнестерін кеңейту үшін интернет-дүкендер мен әлеуметтік медиа сияқты әртүрлі платформаларды белсенді пайдаланады. Көптеген туристік агенттіктер мен қонақ үйлер өз қызметтерін онлайн платформалар арқылы да ұсынады. Тұрғындар қажетті тауарларға қолжетімді баға және маркетплейстер арқылы кең көлемде тапсырыс бере алады.Халық арасында ең танымал интернет-дүкендер мен маркетплейстер: Kaspi, Wildberries, Ozon және тағы да басқалары.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық коммерцияның (маркетплейстерді қоса алғанда) үлесі 12,7% құрады. Ақтөбе облысында электрондық коммерция көлемі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 7,9 млрд теңгеге жетті (Қазақстан бойынша 6-орын). Болжам бойынша, 2024 жылы бұл көрсеткіш 9,0 млрд теңгені құраған.ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, отандық маркетплейстердің ұсыныстарын ескере отырып, электрондық коммерция кәсіпкерлерін оқыту курстарын іске қосты. Былтырғы жылы 9 оқыту семинары өткізілді, оның 7 онлайн-форматта.«Қазпошта» АҚ АОФ директоры Динара Хасанғалиева атап өткендей, «Қазпошта» Қазақстанның барлық аумағында тауарларға халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, инфрақұрылымдық алаң ретінде электрондық сауданы дамытуға ықпал етеді.«Біз компанияның экожүйесін дамытып жатырмыз, Keden, Keruen қызметтері іскерлік серіктестікті дамытудың негізгі қызметтерінің біріне айналды. Бүгінде АҚШ, Германия, ҚХР, Оңтүстік Кореяның әлемдік электрондық алаңдарында тапсырыс берген клиенттер өз тауарларын Қазақстанда көрсетілген мекенжайға дейін ала алады. Qazpost Keruen сервисін жетілдіру және Ұлыбритания, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдерді қосу жоспарлануда», - деді Динара Хасанғалиева.Облыс әкімі сауда саласындағы процестерді цифрландыруды жеделдетуді және озық IT-шешімдерді енгізуді, отандық онлайн-дүкендерді дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. Ол үшін төлем жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және курьерлік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917967
Биыл Талдысайда 60 орындық мектеп салынады 15.01.2025
Алға ауданына сапары барысында облыс әкімі Асхат Шахаров бұл жаңалықты Талдысай ауылының тұрғындарына жеткізді. Өңір басшысы ауылда бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.Ол алдымен ауылдық медпункт жұмысымен танысты. Жазда мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмсалған қаржы 30,2 млн теңгені құрайды. Шатыры мен терезелері ауыстырылып, едені қайта қалпына келтірілді, қасбеті боялды. Медициналық пункт күніне 30 келушіні қабылдауға қауқарлы.Сондай-ақ, өңір басшысы Талдысайда жұмыс істеп тұрған бастауыш мектепте болды. Оқу орны 80 орынға шақталған, бүгінде 34 оқушы білім алады. Мектепте компьютерлік сынып, кітапхана, психолог кабинеті, спортзал және буфет бар. Ғимарат 1975 жылы бой көтерген, апатты деп танылған.«Біздің мектеп ескі және ұзақ уақыттан бері жаңартуды қажет етіп тұр. Мен 1991 жылдан бері бұл мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Көптеген әріптестерім сияқты, мен де барлық заманауи стандарттарға жауап беретін заманауи, жайлы мектепте сабақ беруді армандаймын. Үш жыл бұрын жаңа мектеп салынатыны туралы айтылды. Әрине, біз қатты қуандық. Бірақ әзірге бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Бүгінгі таңда заманауи техникалармен жабдықталған көптеген жаңа мектептер ашылуда, және біз оқушылар үшін одан да жақсы әрі сапалы білім беру кеңістігін құрсақ дейміз», - деді Балжан Бүркіталина.Мұғалімдерді тыңдағаннан кейін, облыс әкімі Асхат Шахаров биыл Талдысайда 60 орындық жаңа мектептің құрылысы басталатыны туралы жаңалықпен қуантты.«Кез-келген ауыл үшін мектептің болуы – ең маңызды мәселе. Биыл мұнда 60 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады. Ол заман талабына сай келетін оқу кабинеттерімен, спортзалмен, акт залы және медициналық пунктпен жабдықталады, бұл балаларды оқыту процесін жеңілдетеді.Қазір облыста 25 мектеп салынып жатыр, оның ішінде 14 білім беру орны «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы аясында бой көтеруде. Жаңа мектептерді іске қосу оқушылардың оқуына қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етіп қана қоймай, үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге және апатты жағдайдағы ғимараттар мәселесін жоюға септігін тигізеді», - деп атап өтті әкім.Өңір басшысы 68 түтіні бар Талдысай ауылының дамығанын атап өтті. Ауылдағы жолдар жақсы жағдайда. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен ауыл тұрғындары өз істерімен айналысуға мүмкіндік алды, бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Ауылдың өмірі мен дамуына белсенді қатысып жүрген тұрғындарға алғысын білдірген облыс әкімі оларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың жалғаса беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/918500
Алғада жаңа жобамен салынған балабақша жұмыс істейді 15.01.2025
Алға қаласында әкім қаңтар айының басында ашылған «Сафия» балабақшасында болды. Мектепке дейінгі мекеме жеке қаражат есебінен салынған. Ғимарат – 250 орындық. Қазір 108 бала тәрбиеленуде. Балабақшада тоғыз ойын бөлмесі, балаларға арналған жатын және жуынатын бөлмелер бар. Әр топқа жеке-жеке кіреберіс жасалған, бұл ата-аналарға өте ыңғайлы. Сондай-ақ, ас үй мен киім жуатын орын қарастырылған.Өңір басшысы әр топтың балаларды тәрбиелеудегі шарттарымен танысып, бүлдіршіндерге жасалған жағдайды бағамдады.«Балалардың жайлы және қауіпсіз жағдайда өсуі маңызды. Бұл негізгі басымдылық және мұндай жобалар балалар өсіп, дами алатын ортаны құруға көмектеседі, ал ата-аналар олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне сенімді болады. Осы балабақшаны салу жобасын басқа аудандарда да пайдалануға болады деп ойлаймын», - деді әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/918570
Алға аудандық ауруханасына компьютерлік томограф сатып алынды, жақында «ФЛЮКАР» және маммограф құрылғысы жеткізілмек 15.01.2025
Өңір басшысы Асхат Шахаров Алға аудандық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Ауруханада жылыту жүйесі, терезелер, есіктер, еден жабыны толығымен ауыстырылып, шатыр жұмыстары жүргізілді.Бас дәрігер Әлібек Қуашов 1975 жылы салынған аурухана күніне 500 келушіге есептелгенін айтты. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 71 төсек-орын бар. Науқастар күндізгі стационарда 90 төсек-орындық ем ала алады. Мұнда 70 дәрігер және 273 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Емдеу мекемесіне 1 ФАП, Алға ауданының 19 амбулаториясы бекітілген. 2024 жылы ас блогы мен шаруашылық корпусының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген.Облыс әкімі аяқталған жөндеуден кейін аурухананы қарап, пациенттер үшін жасалған жағдайлармен танысты. Ол халыққа, әсіресе ауылдық жерлерде сапалы және қолжетімді көмек көрсету үшін медициналық мекемелерді жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.«Аудандық ауруханада 187 млн. теңгеге компьютерлік томограф орнатылды. Жақында мұнда жаңа жылжымалы флюрография кешені және маммограф құрылғылар жеткізіледі. Біз жергілікті бюджет арқылы аудандардағы медициналық мекемелердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары әрқашан ауылдық денсаулық сақтау саласының сауалдарын қолдайды», - деді А.Шахаров.Өз кезегінде аурухана қызметкерлері жергілікті билік органдарының ауылдық денсаулық сақтау саласына көңіл бөлгені үшін алғыстарын білдірді.«Ауруханада өте жақсы жөндеу жүргізілді, ас блогы мен шаруашылық блогы да жөнделді. Осындай жақсы бастамалар тек аудан орталығында ғана емес. Жақында шалғай ауылдарда екі медициналық пункт ашылды, дәрігерлік амбулатория салынуда. Айта кету керек, ауданның санитарлық көлік паркі 100%-ға жаңартылып, жедел жәрдем қызметінің жұмысын жақсартты», - деді эпидемиолог-дәрігер Әмет Нәбиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/918592
Облыс әкімі Асхат Шахаров Алғада жаңа баспаналы болған тұрғындардың қуанышымен бөлісті 15.01.2025
Алға ауданына жұмыс сапары барысында Асхат Шахаров жылдың басында жаңа баспанаға қол жеткізген алғалықтармен кездесті.Алға қаласындағы 19 үш бөлмелі пәтердің кілтін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезегінде тұрған отбасылар алды. Жаңа қоныс иелері тұратын №22 үй Алға қаласындағы Есет батыр көшесінде орналасқан. Ол республикалық және облыстық бюджеттер есебінен қайта жаңартылды. Жұмысты «Н.Мұратбаев» ЖК жүргізді.«Ел Президентінің тапсырмасы бойынша мұқтаж азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асырудың арқасында біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз. Алға ауданында әлеуметтік қолдау және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері басым міндеттер қатарында қалып отыр. Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік санаттарына ерекше көңіл бөлінеді», - деді әкім.Жаңа баспана иелері Асхат Шахаровпен кездесу барысында берілген тұрғын үйлер жайлы әрі жылы екендерін айтып, алғыстарын білдірді.«Мен сегіз бала тәрбиелеп отырмын. Мемлекеттік қызметшімін. Осы уақытқа дейін отбасыммен бірге берілген қызметтік тұрғын үйде тұрып келдік. Енді міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, үш бөлмелі жарық және кең пәтеріміз бар. Біз қазір жайлы жағдайда өмір сүруге мүмкіндігіміз бар екеніне өте қуаныштымыз», - дейді «Алтын алқа» алқа иегері Гүлшат Нұрымбетова.Облыс әкімі Алға тұрғындарына ел Президенті қойған азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған барлық тапсырмалары мемлекеттік бағдарламалар аясында шешілетінін тағы да еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/918596
Перинаталдық орталық соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен толықты 15.01.2025
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығы соңғы үлгідегі, жоғары сапалы медициналық құрылғылармен – гипотермия аппараты, өкпені жасанды желдету құрылғысы және жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатормен толықты.Сәбидің жетілуіне мүмкіндік беретін медициналық жабдықтар Маңғыстау облыстық әкімдігінің және «DUNGA OPERATING GMBH» компаниясының қолдауымен алынды. Құрылғыны табыстауға облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров, демеуші компанияның бас директоры Нұржан Әбдірахманов және көпбейінді аурухананың директоры Руслан Бекібаев қатысты.Перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімі меңгерушісі, неонатолог-дәрігер Умид Рашидовтың айтуынша, гипотермия аппараты ауыр асфиксиямен туған сәбидің өмірін құтқарып, бас-ми ісігінің алдын алу үшін қажет. Аппарат жаңа туған нәрестенің дене қызуын қалыпты жағдайда ұстап тұруға көмектеседі. Содан кейін баланы біртіндеп жылытады. Бала ағзасындағы метаболизмді өзгертуге, миды глюкозамен қамтамасыз ете отырып, орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қайтымсыз зақымданулардан қорғауға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек медициналық орталықта шала туған нәрестелерге арналған 8 инкубатор сатып алынды. Мұнда шала туған нәрестелер салмақ қосқанға дейін жата алады. Барлығы автоматты түрде жұмыс істейді, яғни, ылғалдылығы, температурасы сақталып, балаға қажетті жағдай жасайды.Айта кетсек, перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімі былтыр ақпанда ашылған. Бөлімше 6 нәрестеге арналған. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде 8 нәресте ем алып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/918068
Маңғыстау облысының полициясы 2024 жылды қорытындылады 15.01.2025
Маңғыстау облысында полиция органдарының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша жиын өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев, облыс прокуроры Айдос Майлыбаев қатысты. Жиын барысында ішкі істер органдарының негізгі жетістіктері мен 2025 жылы назар аударуды қажет ететін мәселелер талқыланды.Аймақта бір жылда 3176 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Ұрлық, тонау, бұзақылық және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар сияқты қылмыстардың деңгейі едәуір төмендеген.Облыстағы криминогендік және қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып отыр, полицияның жұмысы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған.Заңсыз айналымнан 126 килограмм есірткі тәркіленіп, 768 граффити-жазба жойылды, есірткі саудасына байланысты 610 интернет-ресурс бұғатталды. Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 1016 жүргізушіні ұстады.Жыл қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы қылмыстарды ашу деңгейі бойынша Қазақстан өңірлерінің арасында бірінші орынға ие болды.Маңғыстау облыстық департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов 2025 жылды Ішкі істер министрі Ержан Саденов алдын алу жылы деп жариялағанын атап өтіп, есірткіге қарсы күреске, алаяқтықпен күреске, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, ұрлық пен басқа да мүліктік қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударуға бірқатар тапсырма берді.Жиын соңында мінсіз қызметімен көзге түскен полиция қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрінің, облыс әкімі мен прокурорының және полиция департаменті бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.2024 жылдың жедел-қызметтік қызметінің қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижеге көрсеткен Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығына қызметтік автокөлік табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/918069
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда 15.01.2025
15 қаңтарда Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Маңғыстау энергетика колледжінде Ақтау қалалық Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық экология департаментінің өкілдері студенттермен кездесу өткізді.Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті дамыту, өңірдің табиғи байлығын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, экологияның ағымдағы жағдайы туралы хабардар ету және оларды қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық қызметке тарту.Іс-шараға Маңғыстау энергетика колледжінің 60-тан астам студенті, соның ішінде облыстың жас экоактивистері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өңірдегі негізгі экологиялық сын-қатерлер, оларды шешу жолдары және табиғатты қорғауға жеке үлестің маңыздылығы туралы ақпарат алды.Маңғыстау облыстық экология департаментінің экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Есенқос Әділбаев:– Жастар – еліміздің болашағы және экологиялық мәселелерді шешу міндеті дәл соларға жүктеледі. Мұндай кездесулер тек экологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жеке жауапкершілікті тәрбиелеуге де ықпал етеді.Біз бүгінгі шара көптеген жас адамдарды өңірдегі экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға ынталандыратын бастама болады деп үміттенеміз. Бірлескен күш-жігерімізбен Маңғыстауды одан әрі таза және экологиялық қауіпсіз аймаққа айналдыра аламыз, - деп атап өтті.Сондай-ақ, студенттер кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Шараға қатысушылардың бірі:– Өңірдегі экологияны жақсарту үшін біз не істей алатынымызды білу өте пайдалы болды. Мұндай кездесулер әрекет етуге және айналамыздағы табиғатты қорғауға шабыттандырады, - деді.Іс-шара жылы әрі продуктивті атмосферада өтіп, жастардың экологиялық жауапкершілікке деген ұмтылысын нығайтты.Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жаңаөзен қаласы мен облыстың 5 ауданында жастар мен жергілікті экологтардың кездесулері ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/918078
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ҮШІН СЫНАҚ РЕТІНДЕ 15.01.2025
Сыбайлас жемқорлық - бұл адамзат ғасырлар бойы бастан кешкен сынақ. Бүгінгі таңда жаһандану жағдайында оның салдары ерекше байқалады, өйткені сыбайлас жемқорлық қоғамның дамуына кедергі келтіреді, билік институттарына деген сенімді төмендетеді және экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Мемлекет бұл құбылыстың алдын алуға, заңнаманы жетілдіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға баса назар аудара отырып, оны жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда адами факторды азайту үшін цифрлық технологиялар белсенді қолданылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы мемлекеттік қызметтердің 93% - дан астамы электрондық форматта қолжетімді, ал қашықтықтан мониторинг жүргізу тетіктері бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Әкімшілік кедергілер, абыройсыздықтың барлық түрлері бопсалау немесе лауазымдық өкілеттіктерден асып кету ретінде қабылданады. Біздің міндетіміз-азаматтардың қазіргі күтулеріне сәйкес келетін Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ыңғайлы және ашық жүйесін дамыту. Мұндай кешенді шаралар қызметтерді алу кезінде тікелей өзара іс-қимылды болдырмау, тәуекелдерді азайту үшін жағдайлар жасайды және нәтижесінде азаматтарға қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға мүмкіндік береді.Мемлекеттік қызметшілердің ротациясы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тағы бір құралы болды. Бұл тетік құқық бұзушылық тәуекелдерін азайтып қана қоймай, мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыра отырып, кәсіби күйіп қалудың алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін басшылардың саяси жауапкершілігі енгізілді. 2024 жылы қызметшілерді басқа саяси лауазымға тағайындау оларды бұрынғы жұмыс орнында қарамағындағыларға сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін отставкаға кету міндетінен босатпайтын өзгеріс енгізілді.Мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейту мақсатында бюджетті игеру кезінде «ақшаны бояу» тетігін енгізу жөніндегі жобаны іске асыру және масштабтау жүзеге асырылады. Бұл тетік «цифрлық теңге» платформасында іске асырылады және қаражатты жұмсау кезінде ашықтықты қамтамасыз етудің және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың маңызды құралы болып табылады. Бұл бюджеттік ақшаны бөлуден бастап толық игеруге дейінгі барлық кезеңдерде пайдалануды бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір теңге бірегей цифрлық белгіні алады, бұл ұрлау мүмкіндігін болдырмайды және бюджетті ұтымды пайдалануға ықпал етеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі элементі заңнаманы жетілдіру болып қала береді. Соңғы жылдары Қазақстанда қатаң нормалар енгізілді: мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтарға тыйым салу, жалпыға бірдей декларациялау арқылы қаржылық бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін санкцияларды қатаңдату. Осындай қылмыстары үшін сотталғандарға мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салынады, ал сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтардың өздері қомақты сыйақы алады. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтардың еңбек құқықтарын негізсіз жұмыстан босатудан қорғау бойынша шаралар қабылданды. Жаңа шаралардың қатарында ойын мекемелеріне баруға және мемлекеттік қызметкерлер үшін құмар ойындарға қатысуға тыйым салу бар. Бұл шаралар мемлекетке деген сенімді арттырады және азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күреске ынталандырады.Алдын алу маңызды рөл атқарады. Облыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне белсенді талдау жүргізілуде. 2024 жылы 600-ден астам құқықтық және ұйымдастырушылық тәуекелдер, сондай-ақ 80 мүдделер қақтығысы жойылды. Ашықтық пен қатаң бақылаудың арқасында бұл өзгерістер Мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысының бір бөлігіне айналды.Маңызды жетістіктердің бірі қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды. Қостанай облысындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы БАҚ, әлеуметтік желілер, азаматтармен ашық кездесулер мен іс-шаралар арқылы іске асырылады. «Халық заңгері» сияқты акциялар үнемі өткізіліп тұрады, онда тұрғындар заңгерлік қолдау мен кеңес алады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормалары және Әдеп кодексі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған тұрақты іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік органдардың басшыларымен тікелей эфирлер ұйымдастырылады, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтарды ақпараттандыру мәселелері талқыланады. Жас кезінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін жастармен жұмыс істеуге көңіл бөлеміз. Жыл сайын мыңдаған студенттер мен мектеп оқушыларын қамтитын «Парасаттылық сағаты» сияқты акциялар өткізіледі. Оқу бағдарламаларына адалдық пен әділеттілікке арналған тақырыптар кіреді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектесетін еріктілер қозғалыстары белсенді дамып келеді.Менің төрағалығыммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарында, құқық қорғау органдары мен жұртшылықтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа аса осал салалардағы мәселелер мен проблемалар қаралады.Болашақта цифрлық технологияларды пайдалануды кеңейту, процестердің ашықтығын арттыру және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды нығайту жоспарлануда.Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» қағидаты біздің елімізді сыбайлас жемқорлықтан азат өркендеген мемлекет ретінде көруге ұмтылатын облысымыздың барлық тұрғындары үшін негізгі бағдар болатынына сенімдімін.Қостанай облысының әкімі Құмар АқсақаловАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/918055
«Шырға тарту»: Қарағанды облысында ең жүйрік тазы күшігі таңдалды 15.01.2025
Қарағанды облысында дәстүрлі «Шырға тарту» жарысы басталды. Қазақы тазы тұқымының ең жылдам және епті күшіктері таңдалды.Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында итбегілер өз тазыларының өнерін көрсетіп, қайсысы жүйрік екенін анықтау үшін жиналды.Жарыс 8 айдан 11 айға дейінгі 27 тазылар үшін алғашқы дода болды. Иттер Қарағанды облысының аудандарынан ғана емес, Павлодар облысының Баянауыл ауданынан да келді.Жарысты ұйымдастырушылардың бірі Бекзат Мұстафин 10 жылдан астам уақыт бойы осы тұқымды иттерді өсірумен айналысып келеді.– Қазақ тазысы – шыдамдылығы жағынан теңдесі жоқ ең төзімді және ең жақсы аңшы ит, – деп санайды Бекзат Мұстафин. – Тазыларға сенуге болады, олар сенімді дос. Ол аңшының жанында таңертеңнен кешке дейін шаршамай еріп жүре береді.Ботақара ауылының әкімі Жанат Қабкеновтың айтуынша, жарыстың басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту және қазақ тазысының бірегей қасиеттерін дәріптеу.Жарыс 1,2 шақырым қашықтықта өтті. Ең жүйрік тазы қарағандылық Сары болды. Оның иесі – Бақытжан Жұмажанов. Екінші орын Баймырза ауылынан келген Зузуға бұйырды. Қожайыны – Нұрдәулет Мырзақанов. Ал теміртаулық Зара тазы қоржынына қола медаль салды. Итбегісі – Қазыбек Бажиров.Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта Нұра ауданының Нұра ауылында осындай жаңа жарыстар өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918158
Қарағанды облысының ҚХА қамқорлығымен жас ғалымдар клубы құрылады 15.01.2025
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін айтулы жыл. Бірегей азаматтық институтқа 30 жыл толады. Қарағанды облысында ҚХА қызметін дәріптеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бастамалардың бірі өңірдегі ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жанынан Жас ғалымдар клубын құру болмақ.— Бұл клуб білім алмасу, ғылыми бастамаларды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау үшін тұғырнамаға айналады. Біз жоғары оқу орындарының ғалымдарымен кездесетін боламыз. Әркім өзінің ғылыми мүддесі бойынша жұмыс істейтін болады, бірақ ҚХА тақырыбына жақынырақ: ғылыми-практикалық қызмет мәселелері, этномәдени бірлестіктердегі атмосфераны зерттеу, — деді Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский Достық үйінде өткен отырыста.Ол клубтың ережесін таныстырып, оның міндеттері мен жоспарлары туралы айтып берді.«Жастар ассамблеясы» РҚБ басшысы Тимур Жұмырбаев жастарды ғылыми және қоғамдық қызметке тартудың маңыздылығын, сондай-ақ жас ғалымдардың өңір мен жалпы елдің дамуындағы рөлін атап өтті. Ол жас мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау ҚХА жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.ҚХА-ның 30 жылдығына орай Қарағанды облысында республикалық ақсақалдар кеңесі, меценаттар форумы, қайырымдылық акциялары жоспарланған.Үкіметтің қаулысымен «Бейбітшілік пен келісім жолындағы 30 жыл» ҚХА мерейтойын өткізу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918173
«Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдануда 15.01.2025
Қазақстанда Ұлттық кітап күніне орайластырылған «Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.Ол 10 номинация бойынша өтеді:1) Балаларға арналған үздік кітап;2) Үздік комикс;3) Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;4) Детектив жанрындағы үздік кітап;5) Сатира жанрындағы үздік кітап;6) Үздік иллюстрациялық кітап;7) Үздік аударма кітабы;8) Фантастика жанрындағы үздік кітап;9) Үздік баспа;10) «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.Байқауға қатысуға соңғы 2 жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Өтінімдер 2025 жылдың 15 қаңтарынан 1 сәуіріне дейін қабылданады.Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: + 7-775-897-7-88, +7-727-397-61-15.Байқауды Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына ықпал ету, үздік кітап авторларын анықтау, аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен 23 сәуірде атап өтілетін жаңа мереке – Ұлттық кітап күні бекітілді.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918178
Облыс әкімі нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты 15.01.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады.Алдымен 2023 жылы Индустрияландыру картасына енгізілген нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің құрылыс барысымен танысты. Жоба бастамашысы «Қызылорда Нан» серіктестігі, 3,8 млрд теңгеге аумағы 6166 шаршы метр нысан салынуда.Кондитерлік цехта нан-тоқаш өнімдерінің 100-ден астам түрінен, жылына 2520 тонна кондитерлік өнім дайындалады. Ал, макаронның 15-тен астам түрінен 1152 тонна өнім шығару жоспарланған.Кешен толық іске қосылғанда 67 адам жұмыспен қамтылады.Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы жолаушы вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы «Цифрлық депо» кешенінің жұмысымен танысты. Бұл жоба да Индустрияландыру картасына енгізіліп, құрылыс толығымен аяқталған. Ресейден 54 жабдық жеткізіліп, жақын күндері пайдалануға беріледі.Облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап шыққан аймақ басшысы кешендер ұзақ уақыт қызмет етуі, халыққа пайдалы, өнімдері сұранысқа сай болуы үшін сәулетті, сапалы етіп салу керектігін ескертті.Айта кетейік, облыста алдағы бесжылдықта 1,9 трлн теңгенің 86 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Өткен жылы 37 млрд.теңгенің 21 жобасы іске қосылды. Оның ішіндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Қорқыт ата әуежайының» жаңа терминалы пайдалануға берілді. «Орда Гласс» серіктестігінің шыны зауыты айналасында энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылды. Одан бөлек, минералды ұнтақ өндірісі, асфальтбетон зауыты, газоблок, шлакоблок, металл өңдеу, 4 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы, құрт өндірісі, балық өңдеу, 5 күріш ақтау зауыты, жүгері өндірісі, тамшылатып суару әдісімен орман питомнигін ұйымдастыру жобалары бар.Биылға 286,8 млрд.теңгеге бағаланған 24 жоба жоспарланған. Түркиялық «Акса Энерджи» компаниясының қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Орталық екінші жартыжылдықта іске қосылады.Сондай-ақ, жыл соңына дейін жылдық қуаттылығы 720 мың шаршы метр болатын айна өндірісі, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ жасайтын, жылына 90 млн.дана керамикалық кірпіш шығаратын өндірістер, жолаушылар вагондарын жөңдеу және техникалық қызмет көрсету кешені ел игілігіне айналады. Қуаттылығы 141,2 МВтболатын 4 күн және 1 жел-электр станциясы да биыл пайдалануға беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/917915