Enbekshi QazaQ

Ғылым

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткіш-бюстіне гүл шоқтарын қойды 14.01.2025
Бүгін Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күніне арналған еске алу шарасы өтті.Жастар, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер, тұрғындар Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Шернияз көшесінде орналасқан батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойды, Әлияның ерлігін еске алып, тағзым етті.Бұл күн – ел тарихында батырлықтың, отансүйгіштіктің, қайсар рухтың мәңгілік белгісі ретінде сақталып келеді.Жиынға қатысушылар Әлия Молдағұлованың Отан қорғау жолындағы ерлігі – бүгінгі және келер ұрпаққа ұлы өнеге екенін атап өтті. Батыр қыздың есімі қазақ халқының жадында мәңгі сақталады.Бұл шара ел жастарына батырдың рухани мұрасын ұлықтау және ұрпақ бойында патриотизм сезімін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917767
Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады 14.01.2025
Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендердың қызметін қайта қарау бастамасын көтерді.Атап айтқанда, ведомство басшысы Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынады. Бұдан басқа, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарлануда.Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болды.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15046 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917487
Электрондық сауда инфрақұрылымын дамыту үшін Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады 14.01.2025
Үкімет отырысында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова электронды сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін республикада заманауи қойма кешендерінің желісі дамып жатқанын атап өтті.Ол халықаралық серіктестермен бірлесіп жалпы ауданы 85 мың шаршы метрден асатын Алматы, Ақтөбе және Алматы және Түркістан облыстарында мультимодальды қоймалар салу жоспарланып отырғанын хабарлады.«Инвестиция көлемі шамамен $100 млн-ды құрайды. Бұл инфрақұрылым ішкі нарыққа да, трансшекаралық сауданы дамытуға да негіз болады», — деп атап өтті Әсел Жанасова.Источник: https://t.me/KZgovernment/15050 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917521
Электрондық сауданы дамыту салықтық түсімдерді 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді — «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы 14.01.2025
«Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Денис Степанцев Үкімет отырысында Қазақстанда электрондық сауданы дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.Атап айтқанда, ол келесі шараларды ұсынды:ШОБ үшін тауарларды әкелуді оңайлату:Жалпы мөлшерлемені 15-22%-ға дейін төмендету.Кедендік рәсімдерді оңайлату:Сертификаттау процесін толық цифрландыру және кедендік құжат айналымын жеңілдету.Тауарларды ресімдеу мерзімдерін қысқарту.Жергілікті маркетплейстерді кедендік жүйелермен біріктіру:Сауданы жеделдету және арзандату үшін процестерді автоматтандыру.Шетелдік алаңдардан сатып алынатын тауарларды міндетті сертификаттауды енгізу:Бұл өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және тұтынушылар үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.Шетелдік платформаларда сатып алынатын тауарларға баж салығын енгізу:Бұл қадам отандық бизнес пен шетелдік бәсекелестер үшін тең жағдай жасайды.Спикер бұл шаралар салық түсімдерін 2 есеге – 2025 жылға қарай 626 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, төрт жыл ішінде 500 мың жұмыс орнын ашуға, нарықтың ашықтығын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15051 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917529
Электрондық сауданы дамыту 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді 14.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды.Электрондық сауда – әлемдік экономиканың маңызды сегменті. Тек 2024 жылы 2,7 млрд-тан астам адам тауарларды онлайн сатып алған. Сатылымдардың жалпы сомасы шамамен $6,3 трлн-ға жетті.Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша елімізде өткен жыл қорытындысы бойынша электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 14,5%-ға жетті. Сала 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал еңбек өнімділігінің өсуі дүкендер мен нарықтық сатылымдарға қарағанда 30%-дан асып кетті.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15052 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917542
Олжас Бектенов онлайн сауда туралы: өнім сапасының басымдығы, зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғау 14.01.2025
Электрондық сауда нарығының дамуын ескере отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болған өндірушілер үшін де қауіпті азайту қажеттігіне назар аударды.«Біздегі нарықтың ауқымды бөлігін шетелдік интернет-алаңдар алып жатыр. Оларды отандық тауарлар экспортын арттыру үшін тиімді пайдалануға болады. Екінші жағынан, тұтынушылардың құқықтары мен зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға байланысты мәселе туындайды.Шетелдік алаңдар түгілі, отандық маркетплейстер де сапаға кепілдік бере алмайды. Өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат көбінесе көрсетілмейді.Бұл – сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болатын өндірушілер үшін де қауіпті», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне бірқатар тапсырма берілді:Базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар әзірлеу;Әділет және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, ақпан айының соңына дейін тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірлеу:«Бұл жұмысты өнімнің сапасына, зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға басымдық бере отырып жүргізу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов;Биыл наурыз айының соңына дейін отандық бизнес-қоғамдастық ұсыныстарын және мүдделі мемлекеттік органдармен және «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығымен бірлесіп маркетплейстермен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, электрондық коммерцияны дамытуды мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу;мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін ел ішінде де, халықаралық деңгейде де тауарларды жеткізудің тиімді тізбегін қалыптастыру;цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сауда министрліктерінің алдына ұлттық пошта операторы – «Қазпоштаның» даму жоспарын әзірлеу міндеті қойылды.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15053 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917551
Жетісу облысында 30 көп балалы отбасы жаңа қоныс қуанышына кенелді 14.01.2025
Жетісу облысында талдықорғандық 30 көп балалы отбасы «Береке» коттедж қалашығынан жаңа үйлердің кілтіне ие болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Еске салсақ, облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес өткен жылдан бастап «Береке» коттедж қалашығындағы құрылыс сапасына байланысты өзекті мәселелерді шешу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Ондағы құрылысы аяқталмаған және сапасында кемшіліктері барларын қоса алғанда проблемалық 204 коттедж болған. Ескертулер түзетілгеннен кейін 25 коттедж өткен жылдың соңында кезекте тұрған азаматтарға тапсырылды. Бүгін тағы 30 отбасыға үй кілттері табысталды. Тағы 42-сін бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 107-сі кезең-кезеңімен енгізіледі. Жалпы биыл коттедж қалашығының құрылысын толығымен аяқтау тапсырылған.Тұрғын үйге ие болғандардың бірі, 7 баланың анасы Махаббат Түсіпбекова:- Менің отбасым үшін жаңа жыл жағымды әрі маңызды жаңалықпен басталды. Көптен күткен жеке баспанамызға ие болып жатырмыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаларыңызға алғысымды білдіремін. Өйткені төл шаңырағыңның болғаны - аса маңызды. Әр үйде, әр отбасында қуаныш пен шаттық көбейе берсін, - деді.Айта кетейік, жалпы Жетісу облысында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің барлық шаралары қабылдануда. Мәселен, өткен жылы өңірде тұрғын үй салу және сатып алу есебінен 2 708 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Облыс орталығына келсек, өткен жылы кезекте тұрғандар қатарынан 1283 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, биыл тағы 1400-ден астам отбасын қамту жоспарлануда.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фототілші: Дмитрий Ерофеев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/917429
Бейбіт Исабаев соғыс ардагерін 101 жасқа толуымен құттықтады 14.01.2025
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагері, ардагер-педагог, талдықорғандық Ысқақ Құсайыновты 101 жасқа толуымен құттықтады. Ақсақал Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өзінің ғасырдан асқан белесін өткеруде. Айта кетейік, бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының көзі тірі үш ардагері тұрады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бейбіт Исабаев дәстүр бойынша ардагердің иығына шапан жауып, өзінің құттықтау хатын табыс етті. Ардагерге тілегін білдіріп:- Облыста қан майданда алғы шепте болған үш майдангер ақсақалымыз бар. Солардың ішінде үлкені Ысқақ ата үшеуінің алды болып 101-ге келіп отыр. Ысқақ ата, келген жасыңыз құтты болсын. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіледі. Осы мерейтойда қатардан қалмай, орден-медальдарыңызды тағып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, сапта тұрасыз деп сенеміз, - деді өңір басшысы.Мұнан соң ақсақалға Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық ұйымының төрағасы Мұхтар Алтынбаевтың құттықтау хатын Жетісу облысындағы осы ұйымның төрағасы Рахым Қырқабақов тапсырды. Майдангер қарияға көрсетіліп жатқан құрметке ризашылығын білдірген ардагердің қызы Гүлсімхан Мырзаханова:- Әкем бір үйдегі он алты баладан жалғыз өзі тірі қалып, он бес жасынан еңбекке араласқан. Әкесінен жастай жетім қалған соң анасына қолғабыс етіп жұмыс істеген. Соғыстың да қиындығын көрді. Мұғалім болды. Кейін 95 жасына дейін де алма ағаштарын баптады, бақша екті, немерелеріне деп жеміс-жидек өсіріп беріп отыратын. Сол еңбегінің, сергектігінің арқасы шығар, бүгін, міне, жүз бір жасқа келіп отыр. Осы жасында сыйлап, үлкен құрмет көрсетіп жатқандарыңызға көп рахмет. Әкемнің көрген бейнетін бермей, зейнетін берсін бәріңізге. Сіздер де бала-шағаларыңыздың қызығын көріп, елге қызмет ете беріңіздер, - деді ол.Өз кезегінде елімізге бейбітшілік тілеп, батасын берген Ысқақ ақсақал:Ескі заман келмеске кетті, жаңа заман туды. Жаңа дәуірде еңбектерің жемісті, істерің сәтті болсын! Денсаулықтарың зор болсын, ұрпақтарымыз өсіп-өніп, арман-мақсаттарына жетсін, - деді.Ысқақ Құсайынов Алакөл ауданының Көлбай ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Он сегіз жасында өз еркімен соғысқа аттанды. 1942 жылы Украина майданында атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Ал 1943-1945 жылдары Тынық мұхитындағы Амур әскери-теңіз флотының «Зенит» дивизиясында болып, жауға қарсы шайқаста ауыр жарақаттанды. Ерлік істері үшін оған «Әскери-теңіз флотының үздігі» атағы берілді. Мұнан соң Совет-Жапон соғысына қатысты. Лепсідегі педагогикалық училищеге оқуға түсіп, оны аяқтаған соң кейінгі 40 жыл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Жуков медалімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен және басқа да марапаттармен наградталды.Халық ағарту ісінің озық қызметкері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы, мектеп пәндерінің бірқатар әдістемелік оқу құралдарының авторы.Оның қызы мен немересі ардагердің жолын жалғап, білім беру саласында қызмет етуде. Бүгінде ардагердің 9 немересі, 31 шөбересі, 5 шөпшегі бар.Атап өтсек, 2023 жылы Ысқақ Құсайыновқа облыс орталығының жаңа шағын ауданынан бір бөлмелі пәтердің кілті берілген болатын.Жалпы 2025 жылы Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге – жалпы саны 3 218 адамға біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге 393,8 млн. теңге бөлінді. Соның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан 3 ардагердің әрқайсысына 2 млн. теңгеден 6 млн. теңге қарастырылған. Сондай-ақ жылына бір рет ҰОС ардагерлері санаторий-курорттық тегін еммен қамтылады, оған қоса ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарға жұмсалатын шығындар өтеледі.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фотограф: Жеңіс ЫсқабайСонымен бірге бірқатар фотолар соғыс ардагерінің отбасылық фотоархивінен алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/917510
№46 бағытқа жаңа автобус-гармошкалар шығады 14.01.2025
14 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары №46 бағытта қатынайтын жаңа автобус-гармошкаларды пайдалана алады. Бұл заманауи көліктер жолаушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін сатып алынды. Qala Trans ЖШС эксплуатация бастығы Әлібек Асаманов азаматтардан қоғамдық көлікте тазалық сақтауды және автобустардың мүлкін ұқыпты ұстауды сұрады.«Барлық жолаушылардан осы автобустарға ұқыпты қарап, орындықтардың артына сурет салмай, автобустарда түкірмей, ақпараттық жапсырмаларды жұлып алмауды сұраймыз. Бұл автобустар тұрғындарымыздың ыңғайлы және жайлы жүруі үшін сатып алынды. Азаматтарды қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қаламыздағы көлікті бірге ыңғайлы әрі заманауи етіп жасайық», - деді Ә. Асаманов.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917219
Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға 3,2 трлн теңге жұмсады 14.01.2025
Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азаматтар 3,2 трлн теңге жұмсады. Мұндай деректерді электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралған Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев келтірді.Атап айтқанда, ведомство басшысы 2020 жылдан бастап еліміздегі электрондық сауда көлемі бес есеге ұлғайғанын хабарлады. Алайда, бұл әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. Десе де, жастар санының көптігін, финтехтің дамуын, интернеттің қолжетімділігін және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуын ескере келгенде, Қазақстанда интернет-сауданы дамытудың жоғары әлеуеті бар.2029 жылға қарай электрондық сауда көрсеткішін үш есеге ұлғайту және оны 9,3 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланы ілгерілету үшін Үкімет онлайн-коммерцияны дамыту жоспарын қабылдады. Ол электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді, еліміздің барлық өңірлерінде электрондық сауданы оқыту курстарын іске қосуды, кәсіпкерлер үшін электрондық саудада мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын енгізуді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917195
Электрондық сауданың дамуы Қазақстанның Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады - «Қазпочта» АҚ 14.01.2025
Үкімет отырысында «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова электрондық коммерцияның қарқынды өсуі Қазақстан үшін бірегей мүмкіндіктер терезесін ашатынын айтты.Ол бұл өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытуға және Қазақстанның Орталық Азияның логистикалық хабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.«Бұл жердегі Қазпоштаның негізгі рөлі – электрондық коммерция нарығы үшін сенімді инфрақұрылымды қамтамасыз ету», — деп атап өтті Әсел Жанасова.Спикер 2029 жылға қарай бір адамға шаққандағы сәлемдемелер саны дамыған елдер деңгейіне – қазіргі бес сәлемдемеден жылына 27 сәлемдемеге дейін көбейетінін айтты. Бұл жергілікті ойыншылардың да, трансшекаралық сауданың да өсуіне ықпал етеді, оның үлесі 19%-ға жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917382
КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ 14.01.2025
«Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық өскелең ұрпағының да болашағын қамдай алмақ» дейді дана халқымыз. Бүгін қаламыздың төрінде көрнекті қоғам қайраткері, еліміздің мақтанышы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Ғасырда бір туатын арда азаматты ұлықтауға Димекеңнің көзін көрген қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен қала тұрғындары жиналды. Тіпті оңтүстік өңірдің шалғай аудандарынан да тау тұлғаның ізгілікті істері мен шарапатын көрген қариялар да ортадан табылды.Шара барысында ширек ғасыр ел басқарған тұлға жайлы жылы естеліктер мен лебіздер төгілді.-Ол кісінің жарқын бейнесі, қажымас қайраты ұрпақ жадында мәңгі сақталарына сенімдіміз. Дінмұмамед Қонаев ел үшін өлшеусіз еңбек еткен ерен тұлға десек, артық айтпағанымыз болар. Дінмұхаммед Ахметұлы билік тізгінін ұстаған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Осы еңбегінің өзі үлкен ерлік. Халқына адал қызмет еткен қайраткер деп айта аламын. Дара тұлғаның ізгі жолы жастарға үлгі болып, жастар арасында насихатталуы керек, - деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болып Бахадыр Нарымбетов. Салтанатты шарадан кейін қазақ халқының ардақты перзенті Дінмұхамед Қонаевтың рухына тағзым етіліп, құран бағышталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/916750
ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР МЕН НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ 14.01.2025
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Қаратау ауданында орналасқан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің оқу-өндірістік базасы мен оқу корпусының жұмысымен танысты. Колледж басшылығы білікті маман даярлау мен ауыл шаруашылығы саласында инновациялық жобаларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.Әкім оқу орнының әлеуетімен танысу барысында түлектерді жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға Шымкентте шетелдік инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларға отандық ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын енгізу мәселесін қарастыруды және қамтамасыз етуді тапсырды.Сондай-ақ, “Dala Fruit” ЖШС-нің қызметімен танысты. Компания жоғары технологияларды пайдалана отырып, алма өсіру, сақтау және сатумен айналысады. Сондай-ақ бақ шаруашылығы саласындағы әлемдік озық тәжірибені қолданады. Бұл тәжірибе Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін үлгі бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/916763
ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ 14.01.2025
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Ажар Сағандықова этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу барысында жастардың ұлттық кодты жоғалтпау мәселесі басты назарда болды. Төрағалар ұлттық құндылықтарды сақтау, әр этностың дәстүрлерін насихаттау және жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Олар қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы білімді арттыру, сондай-ақ түрлі этностар арасындағы түсіністік пен бірлікті нығайту қажеттігін атап өтті.Келесі әңгіме барысында ұлтаралық байланыс пен татулық мәселелері де көтерілді. Төрағалар Қазақстандағы этносаралық келісімнің маңызына тоқталып, елімізде тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне құрметпен қарауы керектігін айтты.Сонымен қатар, жұмыс істейтін азаматтардың жалақысын көтеру мәселесі де қозғалды. Олар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек қатынастарын реттеу бойынша ұсыныстарын білдірді.Кездесу соңында депутат этномәдени бірлестіктерінің жұмысын қолдайтынын, ұлттық келісімді сақтау жолында бірлесе жұмыс істейтінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/916768
СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛГЕН ОРТАЛЫҚ СУ-СПОРТ КЕШЕНІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ 14.01.2025
Шымкент қаласы әкімдігі заңсыз берілген жер телімдері мен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Өткен жылдың соңында “Орталық су-спорт кешені” МКҚК сенімгерлік басқарудан мемлекет меншігіне қайтарылды.2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен “Орталық су-спорт кешені” МКҚК сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген. Нысанның нарықтық құны 1 млрд 213 млн 700 мың теңгені құрады. Электронды сауда нәтижесінде жеңімпаз атанған “GRAND TRUST” ЖШС-мен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасалды. Келісімшартқа сәйкес, сенімгерлік басқарушы нысанға 500 млн теңге инвестиция салып, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға тиіс болған.Алайда келісімшарт талаптары орындалмады. Басқарушы компанияның міндеттерін адал орындамауы салдарынан бүгінде ғимарат пайдалануға жарамсыз күйге түсті. Қабырғалары жарылған, кейбір еден жабындары опырылған. Алдын ала тексеру барысында кешеннің қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіні және оны пайдалану азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні анықталды.“GRAND TRUST” ЖШС директоры Садықов Ақнұр Смаилұлының басшылығымен сенімгерлік басқарушы компания жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отырды. 2018-2024 жылдар аралығында ғимаратты ұстау және су спорты түрлері бойынша спортшыларды даярлау үшін 1 млрд 218 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Сонымен қатар, 2021-2024 жылдар аралығында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру аясында Орталық су-спорт кешенінде жұмыс істеген “Су спорты түрлері орталығы” ЖШС жалпы сомасы 335 миллион теңге көлемінде қаражат алған.Бұған қоса, компанияның бюджетке салықтық міндеттемелер бойынша 111 млн теңгеден астам қарызы және сот шешіміне сәйкес шамамен 179 млн теңге қарызы бар. Осыған байланысты Шымкент қаласы әкімдігі “GRAND TRUST” ЖШС-мен жасалған сенімгерлік басқару келісімшартын бұзу туралы талап арыз берді. Арыз Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотымен қанағаттандырылды. Айта кету керек, тексерулердің қорытындысы бойынша барлық материалдар жағдайды талдау және құқықтық бағалау үшін тиісті органдарға беріледі.Қала әкімінің тапсырмасы бойынша биыл “Орталық су-спорт кешеніне” күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, мегаполис басшысы сенімгерлік басқаруға берілген барлық нысандарға жан-жақты тексеру жүргізуді және мүмкін бұзушылықтарды анықтауды тапсырды.Қала басшысы алдағы уақытта мемлекеттік меншік нысандарына қатысты немқұрайлы қатынасты болдырмау үшін сенімгерлік басқару шарттарының сақталуын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Мұндай жағдайлар тек қалалық бюджетке зиян келтіріп қана қоймай, тұрғындардың сенімі мен қаланың беделіне нұқсан келтіреді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/916805
Маңғыстау облысында жайлы мектеп ашылды 13.01.2025
Бүгін, 13 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 33-шағын ауданындағы No33 орта мектептің ашылу салтанаты өтті. өтті.Жаңа мектеп 66 заманауи кабинеттермен жабдықталған, оның ішінде STEM зертханалары, керамика кабинеттері, көрнекі дизайн және хореография сыныптары.Қазір мектепте 825 оқушы бар. Балаларға 68 мұғалім сабақ береді, оның ішінде 7 мұғалім ауысымдық кестемен жұмыс істейді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін қазіргі заман талабына сай сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог, психолог кабинеттері бар.Рәсімге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғам қайраткерлері қатысты. , мемлекеттік білім беру ұйымдарының, мердігерлердің және ата-аналардың өкілдері. Жиналғандарды аймақ басшысының атынан аббат Өрісбаев жаңа білім нысанының ашылуымен құттықтады.- Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асуда. . Балалардың сапалы білім алуы үшін мектептер заманауи және жайлы болуы керек. Бұл біздің болашағымыздың кепілі. Елбасы атап өткендей, орта білім сапасын арттыру – ұлттық болашағымыз үшін маңызды қадам. Осындай мектептердің пайдалануға беріліп жатқанына қуаныштымыз. Өскелең ұрпаққа білім жолында толағай табыс тілеймін», - деді аббат Өрісбаев.Айта кетейік, биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында Маңғыстау облысы аумағында 13 мектеп пайдалануға берілмек. Ақтау қаласының 17, 19 және 33-ші аудандарында, сондай-ақ Хазар ауылында 4500 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталды. Батыр, Мұнайлы ауданы.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/916796
Облыс әкімі еңбек ардагерлерін құттықтады 13.01.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еңбек ардагерлері Хұсейін Әмір-Темір, Сәдуақас Аңсат және Мұхит Әбдікәрімовті мерейтойымен құттықтады.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда: «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Нағыз еңбек адамы бұл – істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс», – деген болатын.Біз, елдік істе адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырдық.Бүгін Н.Бекежанов атындағы өнер ордасындағы жарты ғасырға жуық қызметімен қоғам құрметіне кенелген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Хұсейін Жүсіпұлы Әмір-Темір ағамыздың мерейлі 85 жасқа, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы және республикалық «Тіл сақшысы» ақпараттық-танымдық газетінің бас редакторы, мемлекеттік тіліміздің жанашыры, Қармақшы ауданы мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері Сәдуақас Аңсат ағамыздың 80 жасқа және Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхит Әбдікәрімов ағамыздың мерейлі 70 жасқа толуына орай арнайы бас қосудамыз.Құрметті ел ағалары, мерейтойларыңыз құтты болсын! Сыр жұртшылығы сіздердің қазақ театр өнерінің өркендеуіне, ана тіліміздің жаңғыруына қосқан елеулі еңбектеріңізді құрметтейді. Абыздық асқақ мерейге, кемеңгерлік кезеңге жетіп, ел ағасы ретінде халықты бірлікке шақырып, туған елдің тұғырын нықтауға бағытталған өрелі істеріңіз кейінгі ұрпаққа әрдайым өнеге болып қала береді!Сіздерді бүгінгі мерейлі жастарыңызбен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Тойларыңыз тойға ұлассын!», – деді аймақ басшысы.Жиында мерейтой иелеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, халқымыздың игі дәстүріне сай сый-сияпат көрсетілді.Сонымен қатар, Рауан Кенжеханұлы Сәдуақас Аңсатты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгімен марапаттады.Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Бақберген Досмамбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Алмасбек Алматов, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев құттықтау лебіздерін жеткізді.Жиын соңында мерейтой иелері көрсетілген құрметке алғысын айтты. Сыр еліндегі әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани жетістіктерді атап өтіп, игілікті істердің жалғасын табуына тілектестік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/916928
«Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» республикалық шығармашылық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда 13.01.2025
Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.Байқауға қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары тақырыбында пейзаж, натюрморт және сюжеттік картина жанрында жұмыстарын ұсынған кәсіби суретшілер қатыса алады.Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.Марапаттау рәсімі және іріктелген туындылар көрмесінің ашылуы 2025 жылдың 12 наурызында өтеді.Барлық қосымша сұрақтар бойынша 8 (7172) 919 035, 919 036 (ішкі: 366, 643) телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.Байқау мен ережелер туралы толық ақпаратты Министрліктің сайтынан біле аласыз.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі«Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» республикалық шығармашылық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасудаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/916825
Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы тағайындалды 13.01.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ішкі істер органдарындағы кадрлық өзгеріске орай актив өтті. Оған Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сарсенов, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері, басқарма, департамент, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары мен ардагерлер қатысты.2023 жылдың мамыр айынан Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы Ішкі істер министрінің бұйрығымен құрметті зейнет демалысына шықты.Жиында аймақ басшысы Қызылорда облыстық полиция департаментінің жаңа бастығы Ергешов Серік Жүрсінбайұлын таныстырды.«Мемлекет басшысы «Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет» деп атап өткен болатын.Полиция органдарының жұмысын күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық қорғау саласында пәрменді шаралар қабылдау басшылық құрамның нәтижелі іс-қимылына тікелей байланысты.Ішкі істер органдары – қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі. Әсіресе, сақшылардың кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды әрі мәртебелі.Бізге қоғам тыныштығын күзетіп, қиын жағдайда шұғыл әрі батыл шешім қабылдап, қызметтік парызын адал атқара алатын полиция қызметкерлері керек. Құқық қорғау органдарының жұмысын жүйелі әрі оңтайлы ету үшін әкімдік тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Жауапкершілігі зор, күрделі салада Серік Жүрсінбайұлының білімі мен біліктілігі, кәсібилігі, пайымды басшылығы, жинақтаған мол тәжірибесі жетеді деп санаймыз», – деді Н.Нәлібаев.Мәжілісте Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов жаңа басшының еңбек жолына тоқталып, қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай, басқа да сала ардагерлері өз құттықтауларын жеткізді.Серік Жүрсінбайұлы Ергешов 1979 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылдан ішкі істер органдарында бастаған. Ұзақ жылдар бойы ОҚО ІІД Шымкент қаласының ішкі істер басқармасында түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2019 жылдан Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары қызметінде болды.Айта кетейік, 2022-2024 жылдар аралығында полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 8 млрд.теңгеге жуық қаражат бөлінді. Биылдың өзінде 3 млрд. теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Қылмысты уақытылы ашу және жедел әрекет ету үшін бейнебақылау камералары желісін көбейтуге мүмкіндік жасалды. Облыстың жеті ауданына 539 бейнебақылау, 49 жылдамдық өлшегіш камерасы орнатылды. Республикада алғашқы болып Қызылорда облысындағы барлық ауданда полиция бөлімдерінің Жедел басқару орталықтары іске қосылды. Бұл орталықтар ұсақ құқық бұзушылықтан бастап ауыр қылмыстардың ізін анықтауға және сақшылардың жұмысын оңтайлы етуге жол ашты.Соңғы 3 жылда департаментке жаңа үлгідегі 128 автокөлік табысталды. Биыл 52 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/916908
Темір ауданында балабақша ашылды 13.01.2025
250 орындық балаға арналған білім беру орны жеке кәсіпкердің қаржысына салынып, бүгін пайдалануға беріліп отыр.Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде заманауи үлгідегі жеке «Мейірім» бөбекжай-балабақшасы ашылды. Екіқабатты нысанды халық игілігіне беруге жеке кәсіпкер, «Мейірім-жүрек» ЖШС өкілі Өмірбай Жайлышев қолғабыс етті.Ғимараттың жалпы аумағы 2300 шаршы метрді құрайды. Топ саны - 10. Барлық бөлме заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Балабақшада тұз шахтасы, оттегі коктейлі бар.Сонымен қатар, барлық топта бейнебақылау камералары қондырылған.Кәсіпкер сөзінше, мекеме алдағы уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жұмыс істеуге ынталы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/916569